Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің коэффиценті


КІРІСПЕ
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін барлық дамыған елдер қолданатын және жол құрылысының барлық стандарттарына жауап беретін жылдамдық автомагистральдарының құрылыс реконструкцияларын жүзеге асыруға кірісті.
Жол қатынасын ұйымдастыру жоспарының мақсаты-көлік артериясын соғу, бұл процесс көрші мемлекеттерде жалғасын табуы тиіс және халықаралық ішкішаруашылық тауарларын тасымалдауда үлкен артықшылыққа ие болуы керек.
Бұл біздің мемлекетіміздің экономикасын дамытуда маңызды орынды иеленеді, сондықтан да бұл жалпы мемлекеттік мақсат болып табылады.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев атап өткендей: Республикамызда көлік жүйесінің кең торабы құрылған, ол ішкі және сыртқы жүк және жолаушылар тасымалдау қызметін жүзеге асырады, жақын және алыс шетелдермен экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Алайда, автомобиль көлігінің халық шаруашылығындағы ролі қаншама жоғары болғанымен, оның екінші кері жағы бар екенін де ескеруге тура келеді. Автомобиль XIX ғасырдың аяғында пайда болып, бірте бірте адам өміріне қауіп туғыза бастады. 1896 жылы автомобиль алғашқы рет адамды соқты, ал 1899 жылы осындай оқиға адам өлімімен аяқталды. Сонан бері автомобиль апаты жыл сайын артып баруда, ал соңғы жылдары өте күрт өсіп кетті. Деректерге сүйенсек, әлемде автомобиль апатынан қаза болғандардың саны, инфекциялық аурулардан өлгендер санынан әлдеқашан асып кеткен. АҚШ-та автомобиль жолдарында опат болғандар саны (2млн. адамнан аса), ондағы барлық соғыста опат болғандардан (600 мың) бірнеше есе көп. Дүние жүзінде автомобиль апатынан жылына 300 мың адам өледі және 8 млн. адам түрлі деңгейде жарақат алады. Сондықтан, жол көлік оқиғасын азайту мәселесі - бүкіл адамзаттың алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі болып саналады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі - бұл көпжақты, күрделі және қажетті мәселе. Автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі қазір бүкіл адамзатты толғандырады. Қазір онымен әлемнің барлық мемлекеттері мен көптеген халықаралық ұйымдар айналысады. Бірақ, бұған қарамастан жол - көлік оқиғалары (ЖКО) әлі де өсіп баруда, сонымен қатар адам құрбандарының саны да өсуде. Одан да басқа зақымданған көліктердің, жойылған немесе қираған жүктердің, ғимараттардың саны да өсіп отыр [3] .
Жол-көлік оқиғалары санына көптеген себептер әсер етеді, бірақ солардың ең негізгісі себептерінің бірі қала мен жолдардағы қозғалыс қарқындылығы болып табылады.
Автомобиль қауіптілігі жоғарғы құрал болып табылады. Бүкіл әлемде жол-көлік оқиғалары салдарынан жыл сайын жүздеген, мыңдаған адамдар өмірімен қоштасып және миллиондаған адамдар әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алып жатыр. Мұнан мемлекет экономикасына да орасан зор зиян келіп жатыр.
Жол қозғалысындағы ең басты фактор жүргізуші болып табылады және қауіпті жағдайларда жол оқиғасының болу - болмауы тек қана соның біліміне, ептілігіне, реакциясына, дағдысына және шеберлігіне тәуелді.
Осы қасиеттердің арқасында біздің елімізде автомобиль көлігі экономика дамуында үлкен роль атқарады. Автомобиль және автобустармен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау Қазақстан республикасының ІІМ мәліметтері бойынша жыл сайын 1, 3 есеге өсіп отырады. Алайда автомобиль көлігінің дамуы экономика дамуында үлкен роль алғанына қарамастан, автомобилизация процесі мен байланысты бірқатар кемшіліктер де бар. Автомобилизация процесімен байланысты теріс факторлар қатарына жол-көлік жағдайлары мен оның салдары жатады. Бұл салдар көбіне адам өлімімен, жарақаттануымен, көлік құралдарының жүктердің, басқа да жол ғимараттарының бұзылуына байланысты материалдық шығындармен, мүгедектікпен, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар төленуімен және т. б. сипатталады.
Жоспар бойынша қисық радиустардың 400-500 м-ден кем болмауы жол-көлік жағдайларының санын тез арттырады. Қисық бойынша автомобильдің қозғалыс режимін зерттеу 500 минималды радиус екендігін көрсетті, бұл кездегі қозғалыс шарты тура қозғалыс шартынан практикалық тұрғыда ерекшеленбейді. Ал кіші радиустарда қисықтағы қозғалыс жылдамдығы төмендейді, жүргізушілер қозғалыс траекториясын өзгерту үшін қисықты кесуге ұмтылыс жасай бастайды.
Статистикаға жүгінсек, жыл сайын болатын жол-көлік оқиғаларының 70 - 75%-і жүргізушілердің қателігінен және олардың жол қозғалысының ережесін бұзуларының салдарынан жүз береді екен, ал жол-көлік апаттарының 15-18% қисық радиустар әсерінен орын алады [3] .
Магистраль жолдарының қисық учаскелеріндегі автомобильдердің қозғалыс режимі мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар отандық және шетел ғалымдары еңбек етті: В. Ф. Бабков, А. К. Бирюля, А. П. Васильев, В. Н. Иванов, Т. В. Канава, және т. б .
Аталған дипломдық жобада магистраль жолдарының қисық учаскелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мәселелері зерттеледі, яғни Тараз-Жуалы автожолының асуларындағы жол қозғалысын ұйымдастыру.
1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН НЕГІЗДЕУ
1. 1 Автомобильдендіру денгейінің артуы
Әлемдік автомобильдер өндірісінің дамуы мен еліміз тұрғындарының тұрмыстық және материалдық жағдайларының өсуі қалалар мен елді мекендеріндегі қозғалыс қарқындылықтарының ұлғаюларына мүмкіндік жасайды. Ал, өз кезегіндегі қала көшелері мен жолдардың жүктелу деңгейінің өсуі жол қозғалысын ұйымдастыру қызметтерінің алдына күрделі мәселелер қояды. Ол мәселелер мен проблемаларды шешу жол-көпір құрылысының салынуы мен қаладағы күрделі жол-көше жүйелерінің қиын бөліктерін қайта құру дәрежесінің жеткіліксіз денгейі салдарынан қиындай түседі де, жалпы түрде автомобиль көлігінің жұмыс тиімділігін төмендетеді. Жол қозғалысын ұйымдастыру процесінің күрделі диалектикалық қарама-қайшылықтары біріншіден, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдықтарын арттыру қажеттілігімен, ал екіншіден оның қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты болады [3] .
Қазақстан экологиялық дамуы жаңа магистральды жолдарды салуды және бар жолдарды қайта жобалауды талап етеді. Қала шеті аймақтарда екі жолақты жолдардың жалпы жолдар ұзындығының 80 %-ті үлесін құрайды. Ал қала ішінде басқа қатынасты байқауға болады, бұл жерде көп жолақты жолдардың саны екі жолақты жолдардан әлде-қайда жоғары. Барлығына белгілідей, көп жолақты жолдардағы қозғалыс шиеленістігі өте жоғары, әрбір жүргізуші басқа автомобильдер жүргізушілерімен санаспастан өзіне ыңғайлы жол жағдайын таңдайды. Сонымен бірге, автомобильдердің түрлі маркаларының динамикалық сапасының түрлілігі ортаға шығады. Қаншалықты қозғалыс қарқындылығы жоғары болған сайын, жаңа автомобильдердің өзара әсері жоғарылай түседі. Қозғалысты ұйымдастыру бойынша іс -шараларды жасау кезінде жолдың геометриялық элементтерін ескеру қажет. Осыған байланысты жол жағдайларын зерттеу көп жолақты автомобиль жолдарының қиылыстарында жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру ролі өте зор [2] .
Ескеруге қажетті мәселе, бұл көпжолақты автомобиль жолдарының жол жағдайлары екіжолақты автомобиль жолдарынан мәнді түрде өзгеше. Бұл өзгешелік барлығынан бұрын келесілер бойынша байқалады:
- бөлгіш жолақтың болуы;
- өту бөлігінің үлкен ені;
- жол қозғалысына қатысушылардың барлығына ақпаратты беру қиындығы;
- қиылыстар мен түйіспелердің үлкен геометрикалық өлшемдері;
- жол қозғалысын ұйымдастыру сұлбасының қиындығы;
- көліктік және жаяу жүргіншілердің ағынының көп санды қозғалыс траекториясының қиылыстары;
Автомобильдендіру деңгейі түсінігіне автокөлік құралдары паркінің даму дәрежесін, тұрғындардың жеке меншіктегі автомобильдермен қамтамасыз ету деңгейінің артуы және осылармен байланысты, автомобиль көлігінің әлуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қатысуын сипаттайтын процестерді жатқызу қабылданған.
1. 2 Тараз-Жуалы автожолында орын алған жол көлік оқиғаларының талдамасы
Қарастырып отырған Тараз-Жуалы автожолынының жалпы ұзындығы 58 км, жолдың орташа ені 12 метр. Тараз-Жуалы автожолының бойында Жамбыл облысының бір ауданының орталығы және екі ауданның ауылдары орналсқан. Атап айтқанда, Жамбыл облысы аумағында Жуалы ауданының орталығы Б. Момышұлы және Жуалы мен Жамбыл аудандарының ауылдары: Нұрлыкент (Бурнооктябрск), Айша бибі [1] .
Тараз-Жуалы автожолының бойындағы аудан орталықтары арқылы өтетін учаскелеріндегі қиылыстар бағдаршамдармен реттелген. Б. Момышұлы ауылында 1 бағдаршаммен реттелетін қиылыс бар.
Жоспардағы қисықтар 10-12% жағдайда жол көлік жағдайларының орын алатын жері болып табылады, радиустар неғұрлым азайған сайын, соғұрлым апат саны көбейеді. Қисық учаскелерде орын алатын жол - көлік жағдайларын сараптау қауіпті учаскелерді анықтап, апаттық жағдайға әсер ететін жол шарттарының деңгейін анықтауға жәрдемдеседі.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі АТС құрылымының қауіпсіздігімен, жол жағдайымен жүргізушілердің мамандану дәрежесі мен тәртібі арқылы анықталады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін жол-көлік жағдайына соқтырған әрбір себептің үлесін білу қажет. Сонымен қатар жол-көлік жағдайына әсер ететін нақты және жеке себептерді, олардың арасындағы байланысты білу қажет. Мысалы жол-көлік жағдайларына әсер еткен профиль мен жол жоспарының арасында жол жамылғысының жағдайы мен жүргізушілер шеберлігінің арасындағы байланыс және т. б.
Қазіргі уақытта жол-көлік жағдайларын есепке алатын жалпы мемлекеттік жүйе қызмет етеді. Жамбыл облысының барлық жол торабында бұл қызметті облыстық бас басқарма және жол полиция басқармасы жүзеге асырады. Бұдан басқа жол-көлік жағдайлары туралы мәліметтер жол ұйымдары мен автокөлік кәсіпорындарымен жиналып, сарапталады. Әрбір жағдай орын алғанда арнайы тіркеу карточкасы толтырылады.
Мемлекеттік тіркеуге тек адам өлімі мен қозғалысқа қатысушылардың жарақаттануына соқтырған жол-көлік жағдайлары ғана тіркеледі. Жолдарды зерттеу кезінде барлық жол-көлік жағдайлары есепке алынады, бұл кезде облыс бойынша жол полиция басқармасының мәліметтеріне аса көңіл бөлінеді, апат түрі бойынша тіркеу карточкалары сарапталады
Зардап шеккендер туралы келесі мәліметтер жиналады: жасы, мамандығы, орташа еңбек ақысы, зардап түрі (жеңіл дене жарақаты, ауыр дене жарақаты, өлім) .
Жол учаскелерін қарау кезінде ең ауыр жол-көлік жағдайлары орын алған жерлер туралы келесі мәліметтер жиналады: жоспардың сипаттамасы мен автомобиль жолдарының профильдері туралы сипаттама (көлденең тік, жоспар бойынша қисық, трасса бұрылысының бұрышы қисық ұзындығы, вираждың барлығы, көтеріліс немесе түсу кезіндегі еңіс көтерілістің созылуы және т. с. с. ) ; өту бөлігі мен жол жағасының ені; қисықтағы немесе соған жақын аймақтағы өту бөлігінің ені; қарсы автомобильдің көріну қашықтығы; қиылыстардың барлығы; темір жол өтулерінің барлығы; автобус аялдамаларының немесе автотұрақ аймағының барлығы; тұрғын пунктілерінің барлығы; қаралатын жол учаскесінің инженерлік жабдықталуы туралы мәлімет; жамылғы жағдайы; өту бөлігіне жақын орналасқан кедергілердің барлығы және т. б.
Жол-көлік жағдайларының тәулік бойынша бөлінуін сараптауға үлкен көңіл бөлініп тәуліктің қараңғы уақытында орын алатын апат жағдайларының саны мен себептері анықталады. Бұл көбіне жолдың көріну шарттары нашарлағанда орын алады.
Жол-көлік жағдайларын сараптау нәтижесінде олардың апта күндері, айлар бойынша бөлінуіне графиктер құрылады. Мұндай графиктер апат жағдайларының ең көп болатын кезеңін анықтауға мүмкіндік береді. Апат орындары сызықты графикте шартты белгілер көмегімен көрсетіледі.
В. Ф. Бабковтың мәліметтері бойынша жалпы қисық учаскелерде орын алатын апат жағдайларының әртүрлі апат түрлеріне орташа қатынасы келесі 1. 1-суретте көсетілген.
1-соқтығысу; 2- аударылу; 3- кедергіні соғу; 4- жаяу жүргіншіні соғу; 5-тоқтап тұрған көлік құралын соғу; 6- велосипедшіні соғу; 7- ат арбаларды соғу; 8- жануарларды соғу; 9- басқа да жағдай түрлері.
Сурет 1. 1 - Жалпы қисық учаскелерде орын алатын апат жағдайларының әртүрлі апат түрлеріне орташа қатынасы.
Қисық радиустарының қозғалыс қауіпсіздігіне әсері практикалық тұрғыда өту бөлігінің еніне тәуелді емес. Бұл әртүрлі енді қисық жолдарда орын алған апат санымен дәлелденеді. Бұл мән 600м радиусты екі сызықты қозғалыс жолында орын алған апат санының қатынасымен анықталады. 1. 1 және 1. 2 кестелерде қисық радиусты жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің коэффициентері мен мүмкін боларлық апаттар сандары келтірлген [3] .
Кесте 1. 1
Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің коэффиценті
әртүрлі деңгейлі қиылысулар
мен
>600
600-300
300-200
<200
1, 0
1, 52
1, 72
2, 15
1, 01
1, 72
2, 15
4, 50
1, 18
1, 60
2, 04
0, 75
1, 12
1, 50
1, 93
4, 16
1, 00
1, 43
2, 80
Кесте 1. 2
Қисық радиусты жолдардағы мүмкін боларлық апаттар сандары
Жол - көлік оқиғаларының есепке алынуы мен талдамасын жолды қадағалау қызметі жүргізеді. Есепке алуға бейім аумақшалар мен көшелерде болған әрі көлік құралдарының, жүктердің, жолдар мен жол құрылыстарының қирауына әкеп соққан және кісі өліміне немесе дене жарақаттарына септігін тигізетін барлық әсерлер жол - көлік оқиғаларына жатқызылады.
Жол-көлік оқиғасы - бұл механикалық көліктердің қозғалысы барысында пайда болатын және де одан адамдардың өлімі немесе дене жарақатына не көліктердің, жүктердің, жолдардың, жол және басқа құрылыстардың немесе басқа мүліктердің зақымдануына әкеліп соқтыратын оқиға. Әр жол - көлік апаты кездейсоқ оқиға болып табылады. Бірақ соған қарамастан жол - көлік апаты туралы жиналған мәліметтерді статистикалық талдау нәтижесінде олардың пайда болу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қозғалысты ұйымдастырумен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мақсатымен жасалған ЖКО-ны талдау негізгі үш бағытта жүреді:
1. Берілген ауданда немесе көлік жүйесінде апаттылық күйін бағалау және қозғалысты ұйымдастыру бойынша іс - шаралармен байланысты себебін анықтау;
2. Жол - көлік апатының пайда болу себептерін анықтау және оларды жою бойынша іс - шаралар жасауды қарастыру;
3. Жол - көлік апаты ең көп жиналған жол орындарын және учаскелерін (апаттылық ошақтарын) көрсету.
Осы бағыттарға сәйкесінше талдаудың үш әдісі болады: сандық, сапалық және топографиялық. ЖКО материалдарын талдауды ЖКО есепке алу ережелеріне сәйкес жасайды.
Тараз-Жуалы автожолында 2010-2012 жылдардағы орын алған ЖКО-ның талдамасы 1. 3-кестеде көрсетілген [1, 2] .
Кесте 1. 3
2010 - 2012 жылдардағы ЖКО - ның талдамасы
2010
жыл
2011
жыл
2012
жыл
Тараз-Жуалы автожолындағы болған ЖКО-ның жылдар бойынша үлестірудің гистограммасы 1. 2-суретте көрсетілген.
Сурет 1. 2 - 2010 - 2012 жылдардағы ЖКО-ның жылдар бойынша үлестірудің гистограммасы
Жол - көлік оқиғалары күзде және қыста ең көп мәнге ие болған. Жылдың бұл мезгілінде жаңбырлы ауа райының болуымен, күннің қысқаруымен, жол төсемінің лайлануымен немесе ылғалдалуымен түсіндіріледі. Жол төсемінің ілініс қасиеттерінің сапаларының төмендеуі автомобильдің тежеу жолын бірнеше есе арттырады, қиралану қаупі пайда болады. Мұның барлығын жүргізушілер мен жүргіншілер дұрыс ескере бермейді, сондықтан да бұл кезде ЖКО-ның саны жылдың жазғы кезеңімен салыстырғанда көбірек болған.
Қыстағы қозғалыс, негізінен, жасанды жарықтандыру кезеңінде өтеді. Жүргізушілердің қозғалуына олардың қалың киімдері кедергі жасайды. Жол төсеміндегі қар қозғалысты қиындатады, ал мұздың қатуы тежелу жолын күрт арттырып, қиралаудың үлкен қаупін тудырады. Мұның барлығы қозғалыс жылдамдығын төмендетуді және автомобильді басқару кезіндегі шапшаңдықты арттыруды талап етеді.
Тараз-Жуалы автожолындағы болған ЖКО-ның айлар бойынша үлестіру талдамасы 1. 4 - кестеде көрсетілген [1, 2] .
Кесте 1. 4
2010-2012 жылдардағы айлар бойынша алынған ЖКО-ның талдамасы
Тараз-Жуалы автожолындағы болған ЖКО-ның жыл айлары бойынша үлестірудің гистограммасы 1. 3-суретте көрсетілген.
Сурет 1. 3 - ЖКО-ның жылдың айлары бойынша үлестірудің гистограммасы
ЖКО-ың есепке алу және талдау үшін оларды сипатынан тәуелді келесі апта күндері бойынша талдау жасаймыз. Оның талдамасы 1. 5-ші кестеде және үлестіру гистограммасы 1. 4-ші суретте көрсетілген [1, 2] .
Жасалынған талдамадан ЖКО-ның ең көп болатын аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері ЖКО жиі болатындығын көре аламыз.
Кесте 1. 5
Апта күндері бойынша ЖКО - ның үлестірілуі
Сурет 1. 4 - 2010 - 2012 жылдардағы апта күндері бойынша ЖКО талдамасы
Тараз-Жуалы автожолындағы болған ЖКО - ның тәулік сағаттары бойынша талдамасы 1. 6 кестеде келтірілген [1, 2] .
Кесте 1. 6
Тәулік сағаттары бойынша ЖКО - ның талдамасы
1. 5 - суретте Тараз-Жуалы автожолындағы соңғы 3 жылдарда орын алған ЖКО-ын тәулік уақыттары бойынша үлестірудің гистрограммасы берілген.
Сурет 1. 5 - ЖКО-ның тәулік мезгілдері бойынша үлестірудің гистрограммасы
2010-2012 жылдардағы ЖКО-ның тәулік мерзімдері бойынша талдамасы уақыттың ең қауіпті кезеңдері 09 00 - 12 00 сағат және 18 00 - 24 00 сағат екендігі және осы уақыттарда ЖКО-ның ең көп болатындығын көрсетеді. Бұл - уақыттың осы кезеңдігіндегі қозғалыс қарқындылығының өсуімен және сол сағаттардағы жарықтандыру жеткіліксіз болғандықтан қауіптің артуымен байланысты. Мысалы, бұл кезеңдердегі ЖКО-ның ең жоғарғы пайызы жүргізушілерді соғудың үлесіне тиеді, өйткені жүргіншілер ағыны ішінде көп жағдайларда мектеп жасындағы балалар зәбір шегеді. Сондай - ақ ЖКО-ның көп болатын түрі - көлік құралдарының өзара қақтығысулары болып табылады. Кейде көлік құралдарының жүргізушілері өзге көлік құралдарын олардың жылдамдығы мен арақашықтығын ескермей- ақ басып озу мақсатында қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып қалу сияқты себептерден де ЖКО жүз береді. Көбінесе жүргізушілер ЖҚЕ-нің қарапайым ережелерін сақтамайды. Бұл түнгі уақытта кедергі болатын заттарға дейінгі қашықтықтарды дәл анықтаумен байланысты болады.
1. 3 Тараз-Жуалы автожолындағы қисық жолдардың орналасу кескіні
Біздің Республикамыз арқылы керуен жолдары өткен болатын, олар жолдар салудың тарихи негізі болып табылады. Тар, еңкіш және көптеген қиылысулары бар жолдар үлкен кедергілер тудырады.
Жоспар бойынша алынған қисық учаскелердің орналасуын зерттеу кезінде кіші радиусты және үлкен бұрыштық бұрылыстары бар қисық учаскелер жол қозғалысына қатысушыларға үлкен қауіптілік тудыратыны анықталды. Мұның негізгі себебі көптеген тұрғындар пунктілері бұл жерде қазіргі жылдамдық автомобиль жолдары жүргізілгенге дейін соғылған болатын.
Тараз-Жуалы автожолын соғу кезінде құрылысшылар бөлек зоналар арасындағы байланыс қашықтығын барынша жақындату мақсатында жолдарды мүмкіндігінше тік сызықты бағытта орнатуға тырысты. Алайда кейбір учаскелеріндегі жолдар барлық қозғалыс қауіпсіздігінің шарттарына жауап бермейді; барлық кемшіліктер мен қауіпті учаскелер төменде диаграммаларда көрсетілген. Зерттелген учаскелердің барлық бөлігінде құрылыстар, үйлер, жақын өскен ағаштар т. с. с кездеседі.
Зерттеу жүргізу кезінде және Тараз-Жуалы автожолының учаскелеріндегі автомобиль жолдарының «паспортымен» танысу барысында қисық учаскелердің орналасуы қарастырылды.
Тараз-Жуалы автожолының қисық учаскелеріне жататындар:
- Тараз-Жуалы автожолынының 30 километріндегі Күйік асуы, қисық учаскенің жалпы ұзындығы 7385 м [1] .
Қисық учаскелер арасындағы қашықтық радиус және бұрылыс бұрышы туралы қалған мәліметтер диаграмада келтірілген. 1. 6-суретте қисық учаскелер арасындағы қашықтық көрсетілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz