Бет сүйектері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Бет сүйектері

Бет сүйектеріне алты жұп, үш тақ сүйектер кіреді. Жұп сүйектер: жоғарғы жақ, мұрын, көз-жас, бет, тандай және төменгі мұрын кеңсірігі.

Беттің тақ сүйектері: төменгі жақ, желбезек және тіл асты сүйегі.

Жоғарғы жақ (верхняя челюсть, maxilla) . Жоғарғы жақтың денесі және төрт өсіндісі бар (20-сурет) . Денесі төрт беттен тұрады. Олар: алдыңғы, артқы немесе самай асты, көз шарасына, мұрынға қараған беттері. Жоғарғы жақтың алдыңғы бетінде көз шарасының гесігі және оның тіс ойығы бар. Самай асты бетінде жоғарғы жақтың денесі білінеді. Мұрын бетінде гаймар қуысының жолы, маңдай, тандай, бет (шықшыт) .

20-сурет. Жоғарғы жақ (Ішкі беті) .

  1. Маңдай өсіндісі.
  2. Көз-жас сайы.
  3. Альвеола өсіндісі.
  4. Гаймар қуысы.
  5. Тандай өсіндісі.

6. Тістер.

Альвеолда сегіз тіс кіріп тұратын шұңқырлар бар. Таңдай өсіндісінен қатты таңдай пайда болады, ал мандай өсіндісі маңдай сүйегімен, бет шығыңқысы бет сүйегі өсіндісімен қосылады.

Таңдай сүйегі (небная кость, оs palatinum) перпендикуляр, горизонталь орналасқан екі сүйек табақшасынан пайда болған. Тандайдың перпендикуляр сүйегі мұрынның бүйірдегі қабырғасының құрылысына қатынасады.

Таңдайдың горизонталь сүйегі қатты тандайдың артқы бөлігін құрайды

Жоғарғы жақтың таңдай шығыңқысы мен қатты тандайдың горизонталь табақша сүйегі бірігіп тұрады. Олар бірікпей қалса тума ақау - "жырық" пайда болады.

Бет сүйегі (скуловая кость, os zugomaticus) адамның бетіне пішін береді. Сүйектің: самай, көз шарасына қараған және шеткі үш беті бар. Бет сүйегінің шығыңқысы самай сүйегінің бет шығыңқысымен қосылып, бет доғасып құрайды.

Көзжас сүйегі (слезная кость, os lacrimale) көз шарасының ішкі бетінде орналасқан кішкене сүйек. Онда жас сайы мен сүйектің қыры бар. Бұл сүйек - көз жас, мұрын өзегі мен жас қабы шұңқырының құрылысына қатынасады.

Мұрын сүйегі (носовая косгь, os nasale) . Төрт бұрышты табақша сүйек, одан мұрынның қыры пайда болады.

Желбезек (сошник, vomer) мұрын қуысының құрылысында қатынасады.

Төменгі кеңсірік (нижняя носовая раковина, соncha nasalisinferior) жінішке имек сүйек. Ол мұрынның бүйірдегі қабырғасында, жоғарғы және ортаңғы кеңсіріктерден төменде салбырап тұрады.

Төменгі жақ (нижняя челіосгь, mandibula) бас қаңқасындағы жалғыз қозғалатын сүйек. Оның денесі мен жұп өсіндісі бар. Денесінің алдынғы бетіңде төменгі иек бар. Оның айналасыңда төменгі иек тесігі орналасқан Төменгі жақтың ішкі бетінде иек қыры мен жақ-тіл асты тесігі өтеді.

Төменгі жақтың әрбір шығынқы екі тармаққа бөлінеді. Алдыңғысы - тәждік, артқысы айдаршықты. Айдаршықтың басы, мойны бар. Басы самай сүйегіне буын арқылы бекиді

Тіласты сүйегі (подъязычная кость, os hyoideum) доғаша, денесі мен үлкен және кіші екі жұп мүйіздері бар.

Бас қаңқасының бірігуі

Бастың сүйектері жіктер арқылы біріккен. Жік болып бірігудің бірнеше түрлері бар:

1) Қабыршықты жік (самай мен төбе сүйегінің қабыршық бөліктерінің бірігуі) ;

2) Жазық жіктер арқылы бірігу, бет сүйектерінің бірігуі;

3) Тіс терізді жіктер. Тіс тәрізді жіктердің бірнеше түрі бар. Олар: тәжді, бұл маңдай мен төбе сүйегінің арасыңда;

- сагитал (екі төбе сүйегінің арасындағы жік) ;

- ламбдоға ұқсас (шүйде және төбе сүйектерінің арасыңдағы жік) . Ересек адамдар мен қарттардың жіктері сүйектеніп кетеді.

Самай - төменгі жақ буыны (вишчно-нижнечелссгаой сустав, articulation temporomandibularis) жұп, пішіні айдаршықты күрделі буын. Ол төменгі жақтың айдаршықты тармағы мен самай буын шұңқырының арасыңда орналасқан. Буынның ішінде буын дискісі бар. Буын қапшығы латераль жалғамамен бекітілген. Осы буынның көмегімен төменгі жақ түрлі қимылға келеді.

Бүтін бас қанқасы

Ми сауыты екі бөлімнен тұрады. Жоғарғысы - қақпағы, төменгісі - иегізі. Ми сауьггының қақпағы төбе, маңдай, шүйде және самай сүйектерінің қабыршықты бөлігінен пайда болады.

Бұл сүйектердің барлығы жазық сүйектер. Олардың аралығында сүйектің борпылдақ ұлпасы бар. Олар тығыз екі сүйек қабатынан тұрады. Ішкі қабаты мынадай өте жұқа болады. Бас жарақат алғаңда оның сырты бүтін болғанымен осы жұқа қабық жарылуы немесе сынуы мүмкін. Бас негізінің ішкі және сыртқы беті бар (21-суреттер) . Ішкі бетінде; алдыңғы, артқы және ортадағы бас шұңқырлары бар. Алдыңғы ми шұңқырында үлкен мидың маңдай бөлігі, орталық ми шұңқырында үлкен мидың самай бөлігі орналасқан. Алдыңғы ми шұңқырындағы торша сүйектің тесіктері мұрын қуысымен жалғасады. Бұл тесіктер арқылы мұрын қуысынан ми сауьггына иіс сезу жүйкелері өтеді. Орталық ми шұңқыры көз шарасымен көру өзегі арқылы жалғасады. Көру өзегі арқылы көз шарасына көру жүйкесі, көз иргериясы, венасы шығады. Бас мидың көзді қозғаушы жүйкесі (111 жұп), шығыршықты жүйке (IV жұп), алып қашушы жүйке (VI жұп) және үштік жүйкенің көз тармағы ми сауытынан жоғарғы көз саңлауы арқылы шығады.

21-сурет. Ми сауытының негізі (ішкі беті) . 1. Алдыңғы ми шұңқыры. 2. Әтеш айдаршығы. 3. Тор табақша. 4. Көру тесігі. 5. Түрік ершігі. 6. Домалақ тесік. 7. Түрік ершігінің арқасы. 8. Сопақ тесік. 9. Ішкі есту тесігі. 10. Мойынтұрық тесігі. 11. Тіл асты жүйкесінің тесігі. 12. Ылди. 13. Ішкі шүйде шоқысы. 14. Ішкі шүйде қыры. 15. Үлкен шүйде тесігі. 16. Артқы ми шұңқыры. 17. Ортадағы ми шұңқыры.

"Түрік ерінің" екі бүйірінен ішкі ұйқы артериясының сайлары өтеді. Сына сүйегінің домалақ тесігінен үштік жүйкенің тармағы, ал сопақша тесіктен төменгі жақ жүйкесі шығады.

Бас негізінің ішкі беті горизонталь кесіпдісі алдынан артқа қарап бағытталған торша сүйектің горизонталь табақшасын, көру жүйкесі өтетін жолдың тесігін, жоғарғы көз саңлауын, "түрік ер тоқымын", дөңгелек, сопақ, қылқанды тесіктерді, самай сүйегі пирамидасының артындағы ішкі есіту тесігін, мойынтұрық және үлкен шүйде тесіктерің тіл асты жүйке тесігін көруге болады.

Бас негізінің сыртқы бетінде хоаналар (мұрын қуысының тесіктері), сына сүйектің қанатшасы, есіту түтігінің сыртқы тесігі, бізшесі, біземізік тесігі, емізікшесі және шүйде сүйегінің айдаршықтары көрініп тұрады.

Көз шарасында (глазииңа, оrbita) көз алмасы орналасқан. Оның кіреберісі мен т-рт қабырғасы бар. Көз шарасының жоғарғы қабырғасы маңдай сүйегінің кәз шарасы бөлігімен, сына сүйектің кішкене қанатының бірігуінен пайда болған. Төменгі қабырғасы бет сүйегі мен жоғарғы жақ сүйегінен, ішкісі көз жас сүйегі мен торша сүйектің көз пластинкасынан, сыртқы қабырғасы бет сүйегі мен сына сүйектің үлкен қанаттарының пайда болған. Латераль және төменгі қабырғаларының бұрышында көздің төменгі саңылауы орналасқан. Көздің төменгі саңылауы қанаттандай шұңқырына өтеді. Көздің жоғарғы саңылауы мен көру тесігі бастың ортадағы шұңқырына ашылады. Көз жас өзегі мұрынға ашылады.

Мұрын қуысы (полость носа, cavum nasi) бет сүйектерінің орталығы, тыныс жүйесінің басталатын жері, онда иіс сезу мүшелері орналасқан. Мұрын қуысының екі бүйірінде көз шарасы, жоғарғы жақтың гаймар қуысы орналасқан. Мұрын қуысы желбезек және тор іспетті сүйектің перпепдикуляр табақшасы арқылы оң жене сол бөлікке бөлінген. Мұрын қуысының төменгі қабырғасы, тандай сүйегінен, жоғарғы қабырғасы маңдай және торша сүйектен құралған. Қуыстың бүйірдегі қабырғасы мұрын сүйегінен, жоғарғы жақтың мұрын шығыңқысынан, көз жас сүйегінің, торша сүйектің лабиринтінен және тандайдың перпендикуляр табақшасынаң, сыиа сүйегі қанатшасының медиаль табақшасымен, төменгі кеңсіріктің қосылуынан пайда болган.

Мұрын қуысының бүйірдегі қабырғасынан жоғарғы, ортадағы және төменгі кеңсірік салбырап тұрады. Олардың әрқайсының астынан жоғарғы, ортадағы, төменгі мұрын жолдары өтеді. Мұрын жолдарына ауа қуыстарының өзегі ашылады. Жоғарғы мұрын жолына сына және торша сүйектердің ауа қуыстарының артқы өзектері ашылады.

Ортадағы мұрын жолына жоғарғы жақтың, маңдай және сына сүйектердің ауа қуыстарының өзегі ашылады.

Төменгі мұрын жолына көз жас безінің өзегі ашылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас қаңқасы туралы жалпы түсінік
Бас сүйектері
Тірек-қимыл жүйесінің анатомиясы, физиологиясы мен гигиенасы. Жас ерекшеліктері
Жақ сүйектері
Қанқа сүйектерінің жастық ерекшеліктері
Бас сүйек қаңқасы
Көкірек қуысының сүйектері
Қабырға
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz