Техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарының мерзімділігін жұмыс жағдайына келтіру


Кіріспе
Автомобиль көлiгi қалалардағы, сондай-ақ ауылдық жерлердегi тұрғындар үшiн де зор маңызға ие болады. Ол халықтық экономикалық және мәдени тұрмыстық өмiрiн көтеруi қала мен ауыл арасындағы әлеуметтiк-техникалық, экономкалық және мәдени дамуындағы қарама-қайшылықтарды аластатуға, орталық облыстар, елiмiздiң шалғай жатқан аудандарындағы тұрғындардың өмiрiндегi жағдайларды теңестiруге септiгiн тигiзедi. Автомобиль көлiгiнiң басты мiндетi халық шаруашылығы мен тұрғындардың жүктердi материалдық және еңбек қорларының мүмкiн боларлық ең төменгi шығындарын пайдалана отырып тасымалдаудағы қажеттiлiгiн сапалы уақытылы қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселенi шешу жалпы пайдаланудағы автомобиль көлiгiн пайдалануды, жүк және тауар айналымдарын арттыруды, материалдық-техникалық негiздi бекiтудi жеке көлiк құралдарын iрi автокөлiк кәсiпорындарда шоғырландыру, жылжымалы тiзбектiң техникалық баптауы мен жөндеуiн жақсартуды талап етедi.
Қазіргі уақытта автомобиль көлігі біркелкі көлік жүйесінде жетекші орындардың бірін алып отыр және республикамызда өндірістің барлық салаларына қызмет атқаруда. Осы сәтте автомобиль көлігінің үлесіне барлық көліктер тасымалдайтын жүктердің 80%-ға жуығы және 70%-дан аса жолаушылар тасымалы тиіп отыр [1] .
Автомобиль көлігі халық шаруашылығының жаңа саласы - автомобиль өнеркәсібінің - даму нәтижесінде құралған, ол қазіргі заманда отандық машинасалуда негізгі бөліктерінің бірі болып табылады.
Автомобиль көлігінде 2010 жылға дейінгі кезеңде экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттары автомобиль құралдарын пайдалану тиімділігін, бірінші кезекте тіркемелер мен жартылай тіркемелерді кең қолдану есебінен, жоғарылату өндіріссіз бос тұруларды, автомобильдердің бос жүрістерін, тиімсіз тасымалдарды қысқарту, орталықтандырылған тасымалдауларды дамыту мен жетілдіру, жалпы пайдаланатын автомобиль көлігін алдымен дамытуды қамтамасыз ету болып табылады [1] .
Жолаушылар тасымалдауында «Тұрғындарға көліктің барлық түрімен қызмет етуді жақсарту», тасымалдаудың ыңғайлығына талаптарды ескеру, қызмет ету мәдениетін жоғарылату ескерілген. Қазіргі жағдайда осы мәселелерді шешу кезінде, бүтін сала сияқты, жеке технологиялық процестердің де қорларды пайдалануды интенсифтендіруге, модернизациялау мен техникалық қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық прогрестің, есептеу техникасының жетістіктерін жан-жақты пайдалануға, жеке мен ұжымдық еңбектер нәтижелеріндегі қызметкерлердің жоғары қызығушылығын қамтамасыз ету кезінде басқарудың математикалық әдістерінің экономикасына негізгі күш түседі.
Автомобиль көлігінде ең маңызды мәселелердің бірі өндірістік-техникалық базаны тиімді пайдалану мен рационалды үлестіру және де дұрыстап дамыту болып табылады. Оның дұрыс дамымағаны (қағида бойынша, парктың өсу ырғағынан қалып кету) негізгі қордың басты бөлігінің - жылжымалы тізбектің - төмен сенімділігінен берілістің қысқаруына алып келеді.
Техникалық пайдалану автомобиль көлiгi жүйесiнiң бiрыңғай түрi болып табылады. Автомобиль көлiгiнiң алдында тұрған маңызды мәселелердiң бiрi автомобильдердiң пайдалану сенiмдiлiгiн арттыру және оны ұстауға кететiн шығындарды төмендету болып табылады.
Дегенмен, автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізілуде. Бұл мәселені шешу бір жағынан сенімділігі жоғары автомобиль-дерді шығару, ал екінші жағынан автомобильдерді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын төмендету, автобустардың жөндеу аралық жүрісін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. Нұсқалған шарттарға қосымша жылжымалы тізбекті ақаусыз күйде демеуге қажетті өндірістік негізді құруды, өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта АЖТК-дағы өндірістік процесстерді механикаландыру деңгейі салыстырмалы түрде шамалы ғана, жұмыстардың түрлері бойынша 50 пайызға жуық шаманы құрайды. Техникалық баптау мен жөндеуінің пайдалану процессі өндірісті одан әрі автоматтандыру және механикаландыру еңбек өнімділігін және жөндеу сапасын арттыруға қажетті технологиялық аспаптар мен жабдықтарды қолдануды қарастыруда. Дипломдық жобаның таңдалған тақырыбынан шыға отырып, техникалық баптау тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру және ТҚ-дың технологиялық процесін механикаландыру АЖТК-дағы жекеленген мәселелердің бірі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.
1. дипломдық жоба тақырыбын негіздеу
1. 1 Кәсіпорынның қысқаша даму тарихы және өндірістік шаруашылық қызметі
1961 жылы қаңтар айында облыстық сауда басқармасы автокөлік шаруашылық базасында 40-автомобиль (ГАЗ-51, ЗИС-150, ЗИС-5 маркалы) және 35-атты арбалы жылжымалы құрам болды. Жамбыл автотрест қарамағына қарасты Ташкент көшесі бойында орналасқан №6 сауда базасы болып құрылды. Сөйтіп автобаза басқа да АТП есебінен әр түрлі маркалармен толықтырылып кеңейе түсті, сол жылы сәуір айында жылжымалы құрам саны 120-ға жетті.
Осы жылдың аяғында жылжымалы құрам саны 50-бензовозбен және 60 жаңа автомобильмен (ГАЗ-51) толықтырылып жылжымалы құрам саны 220-ға жетті. 1961 жылы қаңтар айында барлық қалалық ПАЗ-651, ПАЗ-651 маркалы автобустар (100-ге жуық) сауда базасы қарамағында беріліп, №6 сауда базасы №1 автокомбинат болып аты өзгертілді. Осы уақытта жаңа проект бойынша бас өндіріс корпусы тұрғызылды. Парктегі жылжымалы құрам саны 380-ге өсті. 1971 жылдың көктемінде жер аумағы аздығынан түнгі тұрақтануды қамтамасыз ете алмауына байланысты автокомбинатқа №3 ауыр автотрест автобаза территориясы берілді. 1976 жылдың көктемінде автомобиль саны 512-ге жетіп, техникалық қызмет, яғни аяғында жөндеу жұмыстары автокомбинат қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Осыған байланысты жөндеу жұмыстарын жетілдіру жөнінен шешім қабылданды. Коллективтің творчествовалық ізденістері мен инженерлік нақты да тұжырымды істері нәтижелі болды [2] .
Цех жұмыстары: вульканизаторлық, токарлық және т. б. цех жұмыстары 1977 жылы қайта жаңартылды. Қозғалтқыш бұзылымы жөндеу жұмыстарын тексеретін арнайы пост ұйымдастырылып оған қажетті 19 дана құрал жабдықтармен жабдықталған.
№1 автокомбинаты 1981 жылы екіге бөлінеді. Барлық жүк машиналары АТП-2 кәсіпорнына берілді. 277-дана автобус №3 автобус паркіне берілді.
«ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС паркі Бурульск көшесінде қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (1. 1-сурет) . Автобаза территориясында негізгі өндіріс корпусынан басқа асхана, азық түлік қоймасы, диспечерлік ғимарат, техникалық бақылау пункті және бассейн орналасқан.
Жалпы барлық маршрут қашықтықтығы 353, 5 км. Қаланың ішкі және сыртқы аймақтарында 16 маршрут ұйымдастырылған. Оның қала ішінде 9-маршрут, қашықтығы 121, 5 км, қала сыртында қатынайтын маршрут саны 7, қашықтығы 232 км.
Желіде әртүрлі маркалы автобустар қызмет етеді. Әрбір маршрутта екі бағытта да көрсетілген аялдама аттары мен қозғалыс схемасы, маршрут ұзақтығы, қозғалыстың басталуы мен аяқталуы көрсетілген.
«ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС кәсіпорынын Президент басқарады. Президенттен кейін, вице президент, пайдалану жөніндегі орынбасары, жол қозғалысын қауіпсіздендіру бөлімі, экономикалық жоспарлау бөлімдерімен басқарылады [2] .
1) қабылдау бөлімі; 2) жеке транспорт тұрақтамасы; 3) қозғалтқышты жуу бөлімі; 4) кір жуу; 5) обкатка бөлімі; 6) орталық қойма; 7) агрегаттық участік; 8) пневмоцилиндр жөндеу участігі; 9) ; 10) газ апаратурасын жөндеу участігі; 11) ағаш ұста участігі; 12) айналым қоймасы; 13) өндірістік корпус; 14) административтік ғимарат; 15) асхана; 16) азық түлік қоймасы; 17) шинамонтаждау участігі; 18) ТҚ-1 аймағы; 19) бояу бөлімі; 20) темір ұста участігі; 21) қаңылтыр участігі; 22) пісіру участігі; 23) диспечер; 24) гүлбағы; 25) жуу; 26) бассейн; 27) мұнай шаруашылығы; 28) автобустардың тұрақтануға арналған территориясы.
Сурет 1. 1 - «ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС- ның бас жоспары
Кесте 1. 1
Паркінің қызмет етіп жатқан автобус бағыттарының мінездемесі
Қала сыртындағы бағыттар: 1) Тараз - Көктал; 2) Тараз - Бурыл; 3) Тараз - Гродикова; 4) Тараз - Түркісіб.
1. 2 «ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС-ның структуралық құрамы
Автобазада 123 әр түрлі маркалы автобустар бар. Парктің үлкен бөлігі ПАЗ және FAWCa маркалы автобустардан құралған. Паркінің автобустар тізімі 1. 2-кестеде көрсетілген. Автобустардың үлкен бөлігі 2006-жылдары шыққан. Автобустардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық. ТҚ пен жөндеу жұмыстары жақсы орындалмауының әсерінен жол бойында кездейсоқ бұзылымдар кездеседі, көп автобустардың ішкі салондары жолаушы тасымалдауға жарамды. Қазір техникалық жағдайына қарамастан автобустар маршрутқа жіберуде, өйткені қала бойынша автобустар жетісткілікті. Соңғы 4-5 жыл ішінде бірнеше жаңа автобустар шығарылған [2] .
Талдау көрсеткіші бойынша жылдан-жылға автобустар саны көбеюде. Ескі автобустардың тозуы мен жеке бетке автобустардың сатылуына туындап отыр. Қазіргі уақытта жолға шығатын барлық автобустар жеке бетке арендаға берілген. Осыған байланысты автобустарға ТҚ пен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражатты жүргізушілер өз есебінен төлеуде.
Кесте 1. 2
«ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС-ның жылжымалы құрам тізімі
Кесте 1. 2. Жалғасы
ТҚ-1, ТҚ-2 және де жөндеу-қызмет жасау жұмыстарын орындау мерзімі бақыланады немесе жүргізушінің өзіндік тексерілуімен атқарылады. 1. 3 . . . 1, 5 кестеде көлік құралдардың техникалық мінездемелері көрсетілген [3] .
Кесте 1. 3
Автобустардың техникалық мінездемелері
Кесте 1. 4
Жеңіл автомобильдердің техникалық мінездемелері
Кесте 1. 5
Жүк автомобильдердің техникалық мінездемелері
1. 2-суретте автобус паркінің структуралық құрылымы көрсетілген. Парк бойынша мұнда ең көп FAWCa 6602 маркалы 38 немесе 28% автобус әрі қарай ПАЗ-3205 маркалы автобус олардың саны 33 немесе 25%, одан кейін ПАЗ-4234 маркалы 15 автобус немесе 11, 0% және т. б.
Автобус паркінің соңғы бес жол бойы автомобильдердің динамикалық өзгерісі 1. 4-суретте көрсетілген. Осы жерде байқалып тұрғызғандай ең көп автобус сандар 2006, 1999, 2004, 2005, мысалы 2006 шыққан жылы 52 немесе 39, 0% -автобус және т. б. автобустар, графикте көрсетілген график нәтижесінде пайдалану мерзімі 7 жылдан бері автобустардың мөлшері 91, 0% құрайды және пайдалану мерзімі 10 жылдан асқандардың мөлшері 8, 2% құрады [3] . Осыған байланысты қорытынды, автобустардың техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді.
Сурет 1. 2 - Автобус паркінің структуралық құрылымы
Сурет 1. 3 - Соңғы бес жыл бойы автокөліктердің өзгерісі
1. 3 Автобустарға ТҚ және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды талдау
«ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС-ның ТҚ және жұмыстарын ұйымдастыру жағдайын қарастырғандағы кемшіліктер, автобустарды ТҚ жөндеу жұмыстары сапасыз орындалуда.
Ауысымнан кейін автобустар жуу тазалығынан өтпейді. өлшемін қою және бекіту жұмыстары жүргізілмейді. Бөлшектердің сынуы мен бұзылымы кезінде жүргізуші соған байланысты жөндеу қызмет жасау участкесіне жеткізеді. Онда бұзылымына байланысты өлшемін қою, қысу және т. б. жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорында автобустарға ТҚ және жөндеу жоспары жасалмаған, сонымен қатар ТҚ-1 және ТҚ-2 жұмыстарын жүргізу графигі құрылмаған.
Өндірістік ғимараттардың техникалық жағдайы, жабдықтары мен құрал саймандары қанағаттанарлықсыз. Негізгі өндірістік бөлімшелер автобус паркінің барлық территориясына орналасқан. Бұл жөнделетін объектілергі өнімсіз технологиялық маршрут қозғалысына себеп болады. Мысалы автобус қозғалтқышы өндірістік корпуста жөнделеді, ал оларға обкатка жасау территорияның келесі аяғына жеткізуді қажет етеді. 1. 6-кестеде паркінің жөндеу технологиялық жабдықтары келтірілген [3] .
Кесте 1. 6
Негізгі жөндеу- технологиялық жабдықтар тізімі
Құрал саймандар жеткіліксіз. Барлық участкелер қажетті жөндеу-технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген. Мысалы ТҚ-1 және ТҚ-2 технологиялық жөндеу аймағында арнайы жабдықтар жоқ. Сондықтан да автобустарға ТҚ және жөндеу опреациясы тек қана кездейсоқ бұзылымда ғана жөндеумен шектелуде. Ал жұмыс орындарында тиісті қажетті саймандар жоқ, және жинауға технологиялық карта көрсетілмеген.
Кәсіпорында жөндеудің әр-түрлі әдістер қолдануда. Желінген бөлшектерді қалпына келтіру жұмыстары негізгі басқа ұйымдардың көмегімен немесе арнайы жөндеу кәсіпорындарында орындалады. Автобустарды жөндеу үшін өндірістік корпусы ғимаратында орналасқан ағынды жөндеу аймағына кіргізеді (1. 6-сурет) .
Онда бұзылымды агрегаттары алынып қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі қажет жағдайда ауыстырылады. Қажет жаңа ауыстырылатын бөлшектердің жетіспеуінен желінген бөлшектерді қайта қалпына келтіру де, автобустарға ТҚ және жөндеу технологиялық процесін ұйымдастыру кезінде кәсіпорын едәуір қиындықтар көруде. Сонымен қатар көптеген қондырғылар жетіспеуде.
1) мотор участогі; 2) бақылау шұңқыры; 3) токарлау; 4) агрегат участогі; 5) карбюраторлы; 6) электротехника участогі; 7) аккумуляторлы; 8) АЖ-аймағы; 9) мыстау участогі; 10) гидроагрегат жөндеу участогі; 11) қойма; 12) ТҚ-2 аймағы.
Сурет 1. 4- Өндірістік ғимарат жоспары
1. 4 Техника-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
Пайдаланылған парк автобустарының негізгі техника экономикалық көрсеткіштері 1. 7-кестеде көрсетілген [3] .
Соңғы 4-жылда жаңа автобустар саны баяу өсуде. Осыдан қалалық жолаушыларға қызмет ету маршруттары жекеменшік кәсіпорындармен орындалуда. Бұл үлкен конкуренция туғызуда. Осыған байланысты кәсіпорын автобустар санын арттыру қажет. Сонымен бірге автобустардың біраз бөлігі тозған және әрі қарай пайдалануға тиімсіз болуда.
Бұл тығырықтан шығу жолы міндетті түрде автомобильдерге ТҚ және жөндеуін ұйымдастыруын жетілдіру қажет, қуатты жөндеу қызымет жасау базасын тұрғызу, және де шамаға қарай паркті жаңа автобустармен толықтыру өндіріс участкаларын жаңартуды ұйымдастыру.
Кесте 1. 7
Автобус паркінің технико-экономикалық көрсеткіштері
1. 5 Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттері
Біздің жүргізген талдау нәтижесінде Тараз қаласы «ӘулиеАтаТрансПасс» ЖШС-ның өндірістік шаруашылығына келесі қорытынды тұжырым жасауға болады.
1. Кәсіпорында жылжымалы құрамға ТҚ және жөндеуде жоспарлы ескерту жүйелерінің ережелері сақталмаған.
2. Автобустарға ТҚ, Д-1 және жөндеу жұмыстарын өткізу және алдын-ала жоспарлау жұмысы жүргізілмеген.
3. Өндіріс участіктері, соның ішінде ағымдағы жөндеу аймағы қажетті технологиялық жабдықтармен жабдықталмаған.
4. Автобустарға ТҚ-1, ТҚ-2 және ағымды жөндеу технологиялық процесі жүргізілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz