Құрама поездарды тазалау


Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Шымкент жол бөлімшесінің Манкент станциясының өткізу қабілетін бағалап, станция жұмыстарын басқаруда компьютерлік және желілік техниканы қолдану жобасы».
Студенттің аты-жөні: Колдибаев Э. М. ЗСМ-12-2кс тобы
Дипломдық жұмыс жетекшісі: т. ғ. к., аға оқытушы Сарсенов Х. А.
Жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша дипломдық жұмыстың станцияның мәліметтері негізінде, станция жұмысының техникалық-пайдалану сипаттамасы қарастырылып, станция жұмыстарын шұғыл жоспарлау және басқару технологиясы жетілдірілді.
Сонымен бірге, станция техникалық бөлімінің және диспетчерлік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жасалынды және де, станцияға келген құрамдарды өңдеуден өткізу бойынша іс-шаралар қарастырылды.
Жергілікті жұмыстарды ұйымдастыруда тиімділігі жоғары іс-шаралар қолданылды, жылжымалы құрамды коммерциялық байқаудан өткізу технологиясы талқыланды.
Дипломдық жұмыстың сегізінші және тоғызыншы бөлімдерінде тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша туындаған барлық мәселелер шешімін тапты.
Қортындылай келе техника-экономикалық көрсеткіштер анықталынып, іс-шаралардың тиімділігі анықталынды.
Дипломдық жұмыс 100 беттен, 10 суреттен, 11 кестеден, 69 формуладан тұрады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі саны 19.
2. 1 Пойыз және вагондармен жұмыс жасау ақпараты
2. 2 Станцияның пойыз және жүк жұмыстарын жедел жоспарлау
22
23
3 Техникалық бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және диспетчерлік басшылық
3. 1 Диспетчерлік басшылық
3. 2 Техникалық бөлімнің жұмысын басқару
3. 3 Станция паркіндегі вагондардың орналасуы және оларды есепке алу тәртібі
25
25
26
28
4 Өңдеуге келіп түсетін пойыздарды өңдеу технологиясы
4. 1 Станцияға келген пойыздарды өңдеу
4. 2 Пойыз құрамаларын тарату және құру бойынша маневрлік жұмыстар
4. 3 Құрылған пойыз құрамаларын жүруге дайындау
32
32
34
35
5Жергілікті жұмысты ұйымдастыру
5. 1 Жергілікті жұмыстарға басшылық және олардың сипаттамасы
5. 2 №18 жол жүк алаңының жұмысын ұйымдастыру және олардың сипаттамасы
5. 3 №19 жол контейнерлік алаңының жұмысын ұйымдастыру және олардың сипаттама
5. 4 Тауарлы бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
38
38
41
41
42
9 Экономикалық бөлім
10 Бизнес жоспарлау бөлімі
71
91
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
МЕСТ 20231- 83 -Жүк контейнерлері. Терминдер және анықтамалар.
МЕСТ 12. 1. 019-79- Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық тәсілдермен қорғау құралдары.
ГОСТ 12. 1. 005-88 Жұмыс аумағындағы ауа, жалпы санитарлы - гигиеналық талап ету .
ГОСТ 30595-97 Услуги транспортные. Грузовые перевозки. Номенклатура показателей качества.
ГОСТ Р 53076-2008 Рельсовый транспорт. Требования к прочности кузовов железнодорожного подвижного состава допустимых выбросов вредных веществ промышленными предприятиями.
ГОСТ 14192-96 Маркировка грузов .
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы № 266-II .
Темір жолмен жүк тасымалдау ережесі 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығы.
Анықтамалар
Мультимодальді тасымалдау - жүктерді тасымалдау барысында тасымалдау құралы ретінде бір емес бірнеше тасымалдау құралын бір сәтте қолдану мүмкіндігі және де логистикалық жеткізіп беру жүйесін де қолдануды мультимоделдық тасымалдау деп атайды.
Вагон комплексі - негізінде жүк және жолаушылар вагондарын жөндеу және күту немесе вагондық өндіріс немесе техникалық бөлімдерден тұратын деполар жүйесі.
Бағыттың өткізу қабілеттіліг і - 1 күннің немесе 1 сағаттың ішінде пойыздардың максималды санын өткізуге мүмкіндігі.
Вагонның жұмсышы паркі - тасымалдауға қолданатын вагондар саны.
Контейнер
(ағылшын тілінде container - тауар салатын ыдыс, сауыт,
жүк орындарын ірілендіруге (арттыруға) және жылжымалы құрамның барлық түрінің жүктерді сақтау үшін уақытша қойма ретінде пайдалануға арналған.
Магистральді жолдар - Қазақстан Республикасының аймақтарымен және басқа мемлекеттермен қатынасты қамтамасыз ететін темір жол желілері.
Контейнер пункті - бұл станса аумағының контейнерлер тиелетін, және оларды ауыстыру үшін арналған орын болып есептеледі.
Тиелген жүк - данасын бір-бірлеп санамай, ақтара тиеуді және лақтырып түсіретін жүк.
Таралық жүк - бөшкелерде, қораптарда, қаптарда тасымалданатын жүк.
Шартты белгілер мен қысқартулар
- зиянды шығарылымдардың жиынтық және меншікті мөлшері;
l тұ - жолдың толық ұзындығы;
l пұ - жолдың пайдалы ұзындығы
t гр - вагондардың жүк операцияларында тұруы;
t под - вагондарды беру уақыты.
ҚТО - қоршаған табиғи орта;
ПГ - пайдаланылған газ.
ҚР - Қазақстан Республикасы;
КҚ - көлік құралдары;
ТНЛ- натурлық қағаз;
ТБАЖ - тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
ТБП - техникалық байқау пункті;
ЖЖАЖ - жөнелтілімдерді жедел басқарудың ағымдағы автоматталған
жүйесі;
ЖЕО - жолды есептеу орталығы;
ТО - технологиялық орталық;
СП - сұрыптау паркi;
ДАО - дөңесті автоматты орталықтандыру;
ЖАР - жылдамдығын автоматты реттеу жүйесі;
ТЖАБ - тарату жылдамдығын автоматты белгілеу жүйесі
ДЛТ - дөңестік локомотивті телебасқару;
КТҚ - коммерциялық тексеру қосын;
ЗЗ - зиянды заттар;
КЖЭК - көлік жүйесінің экологиялық коэффициенті;
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі, стансада тасымал жұмысының технологиясын жетілдіру жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор, қазіргі таңда стансаларда келген пойыздарды өңдеу, құрастыру, техникалық байқау, сұрыптау және техникалық қызмет көрсету жұмыстары орындалуда бөлімдер арасында автоматты ақпарат алмасу жүйесі, стансаның өткізгіштік қабілеттігін жоғарлатады. Стансада операцияларды орындау барысында күтулер мен ақаулардың туындауын алдын алады.
Ғылыми жаңашылдығы , орындалған жұмыстың ғылыми жаңалығы, стансалар арасында бос вагондарды жүрісін төмендету барысын да енгізілген вагон ағындарын автоматты басқару жүйелері қарастырылған. Бос вагондардың саны, уақыты, жылжу маршруты жайлы ақпараттар жинақталып диспетчерлік орталыққа беріліп отырады. Осы ақпараттар негізінде бос вагондардың жүрісін төмендете отырып, вагондардың тез арада пайдалану қарастырылады.
Практикалық қажеттілігі , бұл жүйе бос вагондар жүрісін қысқарта отырып, тасымалдар көлемін арттырады, сонымен қатар, шұғыл тасымал жұмысын ұйымдастыруда тиімді әсерін тигізеді.
Стансаларда тиеу-түсіру түндыру, қабылдау, жөнелту парктерінің жүктілігін төмендетеді. Жылжымалы құрамдардың қозғалыс кестесінің дәлдігін арттырып, қозғалыс жағдайын реттейді.
Зерттеу мақсаты , қазіргі таңда стансаларда, соның ішінде Манкент стансасында ақпарат алмасу жүйесінің жоқтығынан, қабылдау, құрастыру, сұрыптау жөнелту парктерінде атқарылатын операциялар ұзақтыға жоғары, реттілігі төмен, дәлдік денгейі төмен. Сол, себептен Манкент стансасының қабылдау паркі, жөнелту паркі, сұрыптау паркіндегі жүктелген вагондар мен бос вагондар ағыны зерттеу, олардың маршруттары, бос жүріс қашықтықтарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері , зерттеулер нәтижесінде, бос вагондар жайлы ақпараттардың кеш келу себептері, парктердің жүктілік себептері, тиімсіз жүрістің негізгі себептерін анықтау.
Зертту нысандары , стансаның қабылдау, жөнелту, сұрыптау, және тұндыру бөлімшелеріндегі вагондар құрамын зерттеп, бос вагондардың қозғалысын қысқарту, тиімділігін арттыру. Вагон агындарын басқаратын диспетчерлік бөлімнің ақпараттық ағындарын зерттеп, анық емес ақпараттардың туындау себептерін анықтау.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері , бос вагондарды шұғыл пйдалануды ұйымдастырудың теориясын және тәжірибесін таңдау, таңдалған теориялық әдістерді пайдалану, вагон ағындардың ұйымдастырылу әдістемесін анықтау, қажетті жағдайда қайта құру, бос вагон ағындарын қайта құруда жаңа технологиялық принциптерді пайдалану, вагондарды қалыптастыруда шұғыл аналитикалық әдістерді қолдану, сұрыптау жұмыс технологиясын қалыптастыруды жаңа электронды дабылберу әдістерін пайдалану.
1 Станция жұмысының техникалық және пайдалану сипаттамасы
Манкент станциясы жұмыс сипатына қарай жүк станциясы болып табылады, жұмыс көлеміне 3-кластық станцияға жатады. Станция оралықтандырылған маршруттық -релелік сигнализациямен қамтамасыз етілген.
Станция маңайындағы аралық және байланыстың негізгі құралдары, поездардың қозғалысын ұйымдастыру.
а) тақ бағытта:
Манкент -Қызылсай екі жолдық 1-жолда тақ санды жолаушылар және жүк поездар үшін бір бағыттық автоблокировка бар,
2-жолда жұп санды жолаушылар және жүк поездар үшін бір бағыттық автоблокировка бар.
б) жұп бағытта:
Манкент-Сергиевка екі жолдық, 1- жолда тақ санды жолаушылар және жүк поездар үшін бір бағыттық автоблокировка бар,
2-жолда жұп санды жолаушылар және жүк поездар үшін бір бағыттық автоблокировка бар.
Жол ведомості:
Ескерту :
1. қауіпті жүктері бар 1(ВМ) класты поездарды және вагондардың жанындағы, төмендегі, жоғардағы көлемі аз заттары бар барлық поездарды 1-2 басты негізгі жолдармен және 4-5қабылдау-жөнелту жолдармен өткізуге рұқсат беріледі.
2. №6, 8 станция жолдарында және М-26, М-28 маневрлік бағдаршамдардан 50м кейін жұп жолдары электрленген .
3. Шартты вагондардың сыйымдылығы есептеу тартқыштың түріне байланысты:
ВЛ-80с электровоздың тартқыш (3 секциялық ) тепловоздың 1, 17 бастапқы ұзындығымен салыстырғанда 49, 14м
4 № 1, 2, 4-жолдардың сыйымдылығы 4-осьтік вагондардың шартты көрсеткіштер бойынша (1-жолаушы вагонның ұзындығы -24, 5м)
Кірме жолдардың тізімі
Станцияға 8-кірме жолдар қосылады. Олар: ЖШС «Сарсен-Али», ПО «Сельмаш», 2-ПО «Сельмаш», ЖШС LPG-Оңтүстік, ЖШС «Марат», ЖШС «Гелиос», ЖК «Утембаев», ДПКС карьері.
Байланыс құралдары : Бағыттар мен сигналдың ЭЦ постындағы кезекшінің басқаруындағы орталықтандырылған электрлік сигнализациясына қосылған.
ЭЦ-пост төмендегі байланыс құралдармен жабдықталған:
-поездің дистпечерлік байланыс:
-поездің стансияаралық байланыс құралдарымен Сергиевка, Кызылсай станцияларымен жалғастырылған. Станция кезекшісі, Станцияның пост кезекшісі, ЭЦ-механикінің тікелей ішкі станциялық байланыс .
-поездық радиобайланыс.
-телефондық, радиолық және дауыстық байланыс.
Манкент станциясы мына операцияларды жүргізеді:
-транзиттік поездарды өткізу
-құралмалы және жіберілетін поездарды тарату және құрастыру
-жолаушылар, қаламаңындағы, жүк поездарын, топтық вагондарды қабылдау, жөнелту, өткізу.
-жалпы және жалпы емес кірме жолдарға вагондарды беру және алу.
-белгіленген нүктелерге жіберілетін поездарға жол құжаттарын әзірлеу .
Осы техникалық процесті дайындау кезінде 2014 жылғы құжаттар пайдаланылған:
-тәулігіне орташа 12, 0 вагон түсіріледі;
-тәулігіне орташа 3 вагон тиеледі;
-бір жүк вагонның түсіру уақыт -37, 9сағ.
1. 2 Жергілікті вагондармен жұмыс технологиясы
Манкент станциясында тиеу, жүкті түсіру, жүк фронттарына вагондарды беру және оларды шығатын жолға жіберу болып табылады.
Станцияда тәулігіне орташа 3 вагон тиеледі, 12 вагон түсіріледі.
Барлық тасымалдау құжаттары товар кеңсесінде жасалады . затты тиеу және түсіруді жүкті қабылдап өткізуші бақылайды.
Вагондарлы тасымалдау құжаттары бойынша іріктеу, оларды беру және алу, ауыстыру жұмыстарын оперативті басқару станция кезекшісінің міндетінде.
Түсірушіге тиісті вагондар құрама поездармен бірге болады, ол көбінесе жеке болады.
Станция вагондарды жүкті тиеу үшін негізінен босатылған вагондар есебінен беріледі. Тиеуге арналған вагондардың жарамдылығын тексеруші анықтайды.
Вагондарды коммерциялық тұрғыдан анықтауды жүкті қабылдап-өткізуші басқарады.
Вагондардың техникалық тексеруге жататындығы және техникалық дайындығы ВУ-14 кітапшасында көрсетіліп, станция кезекшісімен тексерушінің қолдары қойылады.
Вагондардың коммерциялық тексеру кезінде оның коммерциялық кемшіліктері анықталып, жүктің және жолдың қауіпсіздігі ескеріледі, вагондардың пломбылары тексеріліп, олардың бақылау белгілеріне сәйкестігі анықталады.
Станцияда бір маневрлі локомотив жұмыс істейді, ол құрама вагондармен жұмыс істейді, жергілікті вагондарды алып бару орындарына іріктейді, вагондардың жүк фронтарына алып бару және алу жұмыстарын атқарады.
Вагондарды беру және алу жұмыстары маневрлі локомотивті тиімді әрі уақытылы пайдалану негізінде жүргізіледі.
Вагондарды алу жұмыстарын станция кезекшінің тапсырмасымен вагондарды құрастырушы жүргізеді
Құрама поездарды тазалау
Түсіруге келген тиеуші вагондар, тиеуге арналған бос вагондар Манкент станциясына құрама поездармен келеді, сонан -соң маневрлі локомотивтермен және құрамалы поездармен бөлінеді, жүкті тиеу-түсіру, операциясынан кейін бұл вагондар маневрлі поездың жолдардан шығарылмалы жолдарға апарылады. Поездарға тіркелінген вагондар тобы 3-жолға шығарылып, техникалық және коммерциялық тұрғыдан уақытында тексерілуі тиіс.
Вагондар коммерциялық қателіктермен табылған жағдайда, вагондар құжатсыз немесе құжатсыз вагондар болса, жүкті қабылдап-өткізуші жалпы формадан акт жасайды және коммерциялық акт жасау үшін рапорт береді.
Тексерушіден вагондардың тексерілгендігі, жүкті қабылдап-өткізушіден вагондардың коммерциялық тексерілгендігі туралы есептерін алған соң, станция кезекшісі вагондарды құрастырушыға вагондармен маневрлі жұмыстарды жүргізуге тапсырма береді. Өздеріне тиісті вагондарын коммерциялық тексерілуі кірме жолдарда жасалады.
Жүк қабылдап-өткізуші вагондардың топтарын жазып алып және оған натуралдық қағаз толтырып, тасымалдау құжаттарын дайындайды.
Натуралдық қағаз вагондар топтары үшін 2-көшірме де болады:
1-көшірме инкасаторлық сөмкеде тасымалдау құжаттарымен поездың машинистіне беріледі де одан кейін Шымкент станциясындағы АСОУП-ға мәлімет ретінде беріледі.
2- көшірме станцияның құжаттарында болады.
Манкент станциясына келетін вагон топтары туралы поезд дистпечерінен алған мәліметтер негізінде және көршілес станцияның кезекшісінен поездың жүргені кеткені туралы мәліметті алған соң, станция кезекшісі құрастырушыларға және жүкті қабылдап-өткізушіге поездардың нөмірі, қабылдау жолы туралы мәлімет беріп, тиісті тапсырмалар береді.
Жүкті қабылдап-өткізуші локомотив бригадасынан тасымалдау құжаттары бар сөмкені алып, сөмкедегі пломбанын бүтіндігін тексереді, пломбыдағы соңғы станцияны анықтайды.
Сөмкені пломбасыз ал, ан жағдайда, пломбасы бұзылғанда немесе пломбасы үзілгенде бұл туралы машинистің қатынасуымен жалпы формадағы акт жасап, бұл туралы станция бастығына және тасымалдау бөлімшенің жүк бөліміне ескертеді, Жалпы формадағы акт 3-дана да жасалады, оның біреуі тексерілуі үшін Шымкент тасымалдау бөлімшесіне жіберіледі, екіншісі поезды құрастырған станцияға, үшіншісі станцияның құжаттарында сақталады
Жүк құжаттарын алғаннан кейін жүкті қабылдап-өткізуші жергілікті вагондардың құжаттарын алып, оларды натурлы қағаз бойынша салыстырып келген поездың натурлы қағазымен салыстырады . Сонан-соң поезға келіп ағытылуға тиісті вагондардың нөмірлерін жазады, станцияда қабылдаған шартты белгілерді бормен жазады. Қызмет бөлмесіне қайтып келіп, жүк қабылдап -өткізуші поездың натуралды қағазына өзгертпелер енгізіп, белгілер жасап, ағытылған және жалғатылған вагондардың станцияның мөрімен қойылған.
Вагондар топтарына вагондардың поездар орналасуы құжаттарды реттейді
Натурлық қағаздағы мәліметтерді жүкті қабылдап-өткізуші станция кезекшісіне береді, соның негізінде станция кезекшісі ДУ-2 формадағы журналды толтырып, поезд диспетчеріне мына мәліметтерді беред: Алып барушы немесе құрамалы поездардың нөмірлері, жүру уақыты, вагондардың құрамы, осьтердің саны, салмағы.
Құжаттар белгіленген тәртіппен жинақталады, пакет инкасаторлықсөмкеге салынып, арнаулы пломбирлы қысқышпен қорғасын аломба салынады, ал локомотив бригадасына тапсыру туралы кітапта алып баратын немесе құрама поездың нөмірі, машинистің фамилиясы көрсетіледі.
Поездың соның білдіретін сигналды приборларды бекіту және шешу тексерушінің міндеті. Тіркелетін және ағытылатын вагон топтарының техникалық жөндеуін тексеруші атқарады. Бұл жерде тексеруші вагондар шанағының сыртқы бүтіндігін тексереді, букстың автосцепкалардың, автотормоздың жағдайын қарайды, локомотив бригадасымен бірге автотормозды қосып көреді. Мұнан кейін тексеруші автотормоздың жағдайы туралы ВУ-45 анықталмалы формасын толтырады.
Поезд құрамының немесе вагондар тобының техникалық дайындығы ВУ-14 кітабында көрсетіліп, тексерушінің қолы қойылады және станция кезекшісінің қолымен куәләндырылады.
Тасымалдау құжаттары салынған инкасаторлық сөмкені жүкті қабылдап-өткізуші пломбылап, поездың машинистіне немесе оның көмекшісіне өткізіп, өткізу кітапшасына қол қойдырады.
1. 3 Маневрлік жұмыстарын ұйымдастыру
Станцияның жолдарында маневрлік жұмыстар станция кезекшісінің рұқсатымен жүргізіледі, маневрлі локомотивтің маневрлі қозғалысын құрастырушы басқарады және маневр басқарушысы.
Станцияда ТЭМ-2 сериялы бір локомотив жұмыс істейді, бұл Манкент станциясына тіркелген, ол поездық радио байланыспен жабдықталған және станция кезекшісімен екі жақты радио байланыспен, сондай-ақ поезды құрастырушылармен жылжымалы «Моторола» және «Транспорт» радиобайланысы бар.
Маневрлі локомотивтер мына жұмыстарда істейді:
-өтпелі поездарға техникалық немесе коммерциялық ақауларға қарай вагондарды тіркеу немесе ажырату;
-вагондардың кірме жолдарына жіберілу үшін іріктеледі;
-жүк түсіру операцияларынан кейін вагондарды алу;
-вагон топтарының жөнелтуге дайындау;
Маневр бригадасының құрамына кіреді:
-локомотив машинисті;
-машинистің көмекшісі;
-поездарды құрастырушы.
Станция кезекшісі құрастырушыға маневр жұмыстарын жүргізуді жеке тапсырады немесе радиобайланыспен, әрбір байланыс сайын тапсырманы алғандағы туралы жауабын тыңдайды. өз кезеңінде құрастырушы маневр жұмыстары туралы жұмыс жоспарын, локомотив бригадасына қабылдайды.
Маневрлік жұмыстар бормен белгіленген маневрде толық жүргізіледі.
Тәртіп бойынша маневрлік жұмыстар станция территориясында жүргізіледі, сыртқы жолдарға шығарылмайды. Маневрлік локомотивтер перегон бағыттарында жүреді, бүкіл құрамның автотормоздары тексеріліп, іске қосылу қажет.
Вагондарды жіберуге арналған вагондарды таңдау кез-келген бос жолда жүргізіледі. Құрастырушы маневрлік жұмыстарды ұйымдастырғанда жылжымалы құрамалар белгіленген таяқшадан аспауы тиіс.
Маневрлі құрамның вагондар бағытымен алға жүргенде құрастырушы маневрлі құрамына басқарып жүреді, ол бастапқы вагонның арнаулы бағытында тұрады немесе жолдардың арасымен, жолдық шетімен алда жүріп отырады, бұл уақытта жылдамдық сағатына 5-шақырымнан аспауы керек.
Жолдарда тоқтап тұрған вагондар станцияның ТРА 3. 10. 1 нормасына сәйкес тормозды башмактарға бекітілуі қажет. Вагондарды тормаоздың бөлшектерді бекіту немесе ажырату жұмыстарын құрастырушы жүргізеді, құрастырушы машинистке ажырату тапсырмасын тек қана тормозды башмактарды бекіткеннен кейін ғана береді. Станцияға келген вагондардың тазалау жұмыстарынан кейін, құраструшы вагондарды жаңа топтарға беріп, жаңа топтарға бөліп бор белгісіне сәйкес кірме жолдарға бөледі.
Станцияға жүк тиеуге-түсіруге келген барлық вагондар, жүкті алушыға немесе жүкті тиеушіге жүкті қабылдап -өткізуші арқылы тапсырылып, ВУ-14 формасындағы кітапшаға жазылады. Мұнда әрбір вагонның техникалық және коммерциялық жағдайлары көрсетіледі.
Жүкті алушы (жүк жөнелтуші ) вагондарды қабылдаған да оның техникалық жағдайын ВУ-14 кітапшасына көрсетіп қол қояды. Жүк тиеу операциясынан кейін, кірме жолдардан қабылдау, ВУ-14 кітапшасына тіркеліп, төмендегенше жүзеге асады:
-жүкті қабылдап-өткізуші вагондардың босатылғандығын тексереді, реквизиттің шешілуін, есіктің, люктің борттарының жабылуын тексереді, штурвалдық дұрыстығын, есік роликтерін, вагонның еден мен шанақтың, цистерналардың ағызуын тетіктерін, бұрандалардың барлығын вагондар санының мазуттан тазартылуын тексереді, ескі бор белгілерінің қалпына келтіреді.
-тексеруші вагондардың жүргізілуі бөліктерін тексереді, сцепление қондырғыларын, ауа магистральдарын қарайды.
ВУ-14 кітапшасында әрбір вагонның тұсына оның техникалық жағдайы көрсетеледі. Вагондардың қабылдануы туралы белгілі жүкті қабылдап-өткізуші, поездарды құрастырушылар ВУ-14 кітапшасында көрсетеліп, қолдарын қояды.
Вагондар бұзылған жағдайда, қалдықтары қалып жаңа реквизиттер мен вагондардың техникалық қалыпқа келмеген жағдайда, вагон толық жөнделгенге дейін алушының жауапкершілгінде қалдырылады, кінәлі, ВУ-25 формасында көрсетілген ақауларға кінәлі жақтан қолы қойылуы тиіс.
ВУ-14 кітапшасының жүргізу жүкті қабылдап-өткізушіге жүктеледі.
Поездың құрастырушысына кірме жолдардан және поезд құрамына және тазаланбаған техникалық жағдайда сай емес вагондарды қосуға тыйым салынады.
2 Станция жұмыстарын жедел басқару
Теміржол станциясының Ережесіне сәйкес станция жұмысы поездардың қозғалыс графиктеріне және айлық техникалық жоспарлардың құрылуына негізделеді, онда қабылдау, аттандыру және қайта өңдеу мөлшері көрсетіледі: поездар мен вагондар, жүктеу және түсіру, вагондардың қолданылу нормасы.
Станцияның өндірістік және шаруашылық қызметінің басшылығы жұмыстардың тәуліктік және ауысымдық жоспарын жасайды және олардың орындалуын бақылайды, поездардың қозғалыс қауіпсіздігі мен маневрлік жұмыстарды және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, техникалық құралдарды станция басшысы және оның бекітілген міндеттері бойынша тағайындалған орынбасарлары, инженерлер мен басқа да қызметтік тұлғалар пайдаланады.
Бірегейлік негізінде тасымалдау бөлімінің директорымен тағайындалатын станция басшысы станция жұмысын басқарады және барлық мәселелердің орындалуына жауап береді. Станция басшысы тасымалдау бөлімінің директорына бағынады.
Станция басшысы міндетті:
1. Станция жұмысының технологиялық процесіне және басқа да нормативтік құжаттамаларға сәйкес, соның ішінде ең алдымен теміржол станциясының ережесінің негізінде станциядағы жұмысты барлық техникалық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыру, өзінің өндірістік тәжірибесі мен басқа да станциялардағы темір жол жүйелерін ұтымды пайдалану.
2. Жұмысшылармен және басқа да қызметкерлермен біріге отырып, техникалық құралдардың жағдайын поездардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтайтындай етіп қамтамасыз ету, ҚР темір жолдарының техникалық эксплуатациялық ережелерін, бұйрықтар мен нұсқауларды мүлтіксіз сақтау.
3. Станция жұмыстарының поездық және жүктік жоспарларын, осы мәселе бойынша бөлімше бастықтарының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz