Өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері


Кіріспе
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын техникалық жарамды жағдайда ұстап тұру үшін жұмсалатын еңбек және материалдық шығындары автомобиль көлігіндегі жалпы шығындардың едәуір көп бөлігін құрайды. Техникалық ақаулар салдарынан көлік құралдарының бос тұруы мемлекеттің, халық шаруашылығының мақсаты үшін көптеген материалдық шығындар келтіреді. Осы шығындарды азайту автомобиль көлігі саласындағы қызметкерлердің маңызды міндеті болып табылады.
Кез-келген мемлекеттің көлік жүйесінде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебі, мемлекеттің барлық өндірістік және экономикалық салаларында тасымалдануға тиісті жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлігіне дейін осы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Ал өз кезегінде автомобиль транспортының негізгі міндеті халық шаруашылығы мен мемлекет тұрғындарының тасымалдауға деген мұқтаждықтарын дер кезінде әрі сапалы, әрі тез және арзан қамтамасыз ету болып табылады. Автомобиль көлігі басқа көлік түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін ең ыңғайлы және тиімді көлік түрі болып табылады. Автомобиль көлігінің тиімді және үнемді жұмысы жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп салалы автомобиль паркін дұрыс әрі оңтайлы пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұл материалдық және еңбек шығындарды өз кезегінде өндірістік процесстерді кең көлемде механикаландыру және автоматтандыру, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру арқылы азайтуға болады. Бұл проблема бірінші жағынан, автомобиль жасау кәсіпорындарының сенімділігі жоғары және жаңа технологиямен автомобильдер шығару, ал екінші жағынан, автомобильдерді техникалық пайдаланудың тәсілдерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының еңбек көлемін азайту, автомобильдердің жөндеу аралықтарындағы жүретін жол көлемін ұлғайту арқылы шешуге болады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегилық бағыттарында Республикамыздың көліктік-коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағыттарды орындауда осы саладағы жас мамандардың орны ерекше болмақ.
Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кіріу болып қала береді және көліктің негiзгi мiндетi халық шаруашылығы мен тұрғындардың тасымалдауға деген сұраныстарын өз уақытында, сапалы әрi толық қанағаттандыру, оның жұмысының экономикалық тиiмдiлiгiн және бәсекелестiк мүмкiншiлiктерiн арттыру болып табылады. Кез-келген мемлекеттiң көлік жүйесiнде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебi, мемлекеттiң барлық өндiрiстiк және экономикалық салаларындағы тасымалдануға тиiстi жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлiгiне дейiнгi көлемi осы автомобиль көлігінің жылжымалы құралдары көмегiмен тасымалданады. Автомобиль көлігі, басқа көлік түрлерiмен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшiн ең ыңғайлы және тиiмдi көлік түрi болып есептеледi.
Өнеркәсiп өндiрiсi, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы, сауда-саттық салалары бүгiнгi таңда автомобильдердi кеңiнен пайдаланбай жұмыс iстей алмайды. Автомобильдермен тасымалдаусыз көліктің басқа түрлерi өз бетiнше жұмыс жасай алмайды, өйткенi жүктер мен жолаушыларды темiр жол бекеттерiне, су және әуе порттарына жеткiзiп салу тек қана автомобильдермен iске асырылады. Сонымен қатар, автомобильдер тек қана халық шаруашылығы мақсаттарына ғана емес, тұрғындардың жеке мақсаттарына да кең көлемде пайдаланылуда. Соның салдарынан елiмiзде автомобиль көлігі жылжымалы құрамының саны жылдан-жылға еселей арту үстiнде.
- «Нұр-Қуаныш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мекемесінің сипаттамасы.
Шымкент қаласындағы «Нұр-Қуаныш» ЖШС жолаушыларды тасымалдау автотранспорт кәсіпорны ( бұдан ары қарай «Нұр-Қуаныш» ЖШС) жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша және Шымкент қаласы бойынша, ауданаралық және аудан ішілік, қала ішілік белгіленген бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Негізгі жұмыс бағыты Шымкент қаласы бағыттары. Бұл бағыттар бойынша жүктерді тасымалдауға арналған жүк автомобильдері мен шағын жүк автомобильдері халыққа қызмет көрсетеді.
Кәсіпорын орта және Оңтүстік климаттық аймақтарда орта және кіші сиымдылығы бар автобустарды кешенді қызмет ету үшін арналған. Автобустардың күту аймағы жабық, кәсіпорынның негізгі өндірістік аймақтары арасында ішкі транспорттық баланс қамтамасыз етілген.
Жеке ғимаратта ТҚК-1, ТҚК-2, АЖ, Д-1, Д-2, күту аймағы, шинамонтажды учаске және басқа цехтар қарастырылған. Өндірістік ғимарат калонналар сеткасы бар құрастырылған темір бетонды элементтерден жасалған, биіктігі 6, 5м.
Бас жоспар бойынша бірқатар көрсеткіштер:
АТК ауданы, га - 5, 66
Құрылыстар, га - 2, 6
Парк жобалауға берілген тапсырма негізінде жасалған (26 мамыр 1980 жылы Қазақ ССР-і автомобиль транспорты министрлігі тапсырмасы негізінде) . Бұл жоба жаңа нормативті құжаттардың шығуымен, канализация, жылу және электр қамтамасыз етудің жаңа техникалық шарттарына байланысты, ескі типті жобаны ауыстыру үшін жасалған. Өндірістік ғимаратта ескірген технологиялық жабдықтар жаңасына ауыстырылған.
Автотранспорт кәсіпорыны Шымкент қаласының оңтүстік батысында орналасқан. Жанында “Шериф авто” сауда орталығы орналасқан. Шымкент метеростанциясы берілгені бойынша және СНиП 2. 01. 01-82 бойынша құрылыс ауданы ІV-Г климаттық ауданға жатады. Климат сыртқы сыртқы ауаның жылдық және тәуліктік температуралары тез құбылмалы континентальды климатқа жатады. Ең суық периодтық орташа температурасы - 6 0 С, максимум температура +44 0 С.
Қала жүйесінен келетін 99, 74м 3 /тәулік шығыны бар су қамтамасыз етілген.
Қуаты 2189, 87 квт болатын электрмен қамтамасыз ету ПС 110/35/6 квт - пен 2 кабельді желі арқылы іске асырылады.
Телефондандыру және радиоландыру қалалық тораптардан жүргізіледі.
Кесте 1. 1. - Парктің тізімдік саны, қаңтар 2011 ж.
Пайдалану жағдайы категориясы - ІІІ
Кесте 1. 2. - «Нұр-Қуаныш» ЖШС АТК құрамындағы ғимараттар мен құрылғылар
Кесте 1. 3. - Техникалық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштері


ТҚК және АЖ-ге кететін шығындар, теңге
а) жалпы
Кесте 1. 4. - 2010 жылдың аяғындағы негізгі қор құны
«Нұр-Қуаныш» ЖШС АТК-ның транспорттық жұмысының негізгі көрсеткіштері


- Ағымдағы жөндеу аймағы сипаттамасы
Ағымдағы жөндеу аймағы автомобильдер мен агрегаттардың күрделі жөндеуге дейінгі болатын бұзылуларды және тағайындалған нормативтермен қамтамасыз ету үшін жүрістерді болдырмауға негізделген. Ағымдағы жөндеудің сипаттамалық жұмыстары: ажырату, жинау, слесарлы, пісіру, ақау, бояу, бөлшектермен агрегаттарды ауыстыру болып табылады.
Ағымдағы жөнделген агрегаттар мен жүріс түйіндерінің келесі техникалық қызмет көрсетуге дейін жақсы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуі тиіс. Ағымдағы жөндеу учаскесінде 5 күндік жұмыс уақытымен 8 сағат ұзақтылықпен жұмыс істейді. Ағымдағы жөндеу аймағында өртті сөндіруге қарсы жәшік және екі тақта орнатылған. Технологиялық жабдық негізінен ағымдағы жөндеу көлемі және техникалық қауіпсіздік жағынан істелген жұмыстарымен сипатталады.
Ағымдағы жөндеуді ұйымдастырудағы және жүргізу технологиясы жұмыстарындағы кемшіліктер.
Ағымдағы жөндеу бекеттері автомобильдің бнлгілі бір түрлеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге мамандандырылған. Бекеттік технологиялық карталар әртүрлі автомобильдердің түрлеріне арналған, жұмыс орындауға қажет операциялар және техникалық шарттардан бөлек информациялардың еңбекқуаттары туралы қажетті мағлұматтар жоқ.
Берілген өндірістің үздіксіз жұмыстың көбінесе өнімділігіне, сапасына және ағымдағы жөндеу аймағының жұмыстарын ұйымдастыруға тәуелді болады. Бұл үшін жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдырмауға тырысу қажет, осы аймақ жұмыстарының технологиясымен ұйымдастыруды жүзеге ауыстыру қажет, технологиялық және экономикалық жағынан тиімдірек автотранспорт кәсіпорнының есеп-жоспарлы шешімдерін қолдану керек.
Берілген өндіріс сапалы және үздіксіз жұмыс істеуі үшін, техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама дұрыс орындалу үшін және қозғалыстағы құрылымның ағымды жөндеуіне өндірістің дайындау комплексіне жаңартулар енгізу керек.
Бұл комплекстік ең негізгі бөлігі айнымалы агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің қосалқы түрлерінің болуы, олар жөндеу учаскелерінің және автотранспорт кәсіпорны толығымен қалыпты жұмысын қамтамасыз ету қабілеттілігі. Бұл сұрақ учаскедегі жұмысты ұйымдастыру, олардың техникалық жарқырауы, қойма шаруашылығын ұйымдастыру, агрегаттар мен тораптардың ақауына байланысты сұрақтарды шешу сияқты факторлармен тығыз байланысты. Осы сұрақтардың қалай шешілуіне байланысты біз мынадай көрсеткіштердің өзгеруін аламыз, автомобильдің техникалық дайындық коэффициенті, желідегі автомобильдердің шығару коэффициенті сияқты. Осыған орай жалпы жүрістің, жүк айналымының немесе барлық автотранспорт кәсіпорынының толығымен жұмыс өнімділігін айтуға болады.
Автотранспорт мекемесіндегі кез-келген цехты, бөлімді немесе учаскені жобалық жағынан дайындау кезінде атқарылатын жұмыстар технологиясына және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру талаптарына сәйкес белгіленген обьектіде таңдап алынған технологиялық және көмекші жабдықтарды оңтайлы әрі тиімді орналастыру іске асырылу тиіс.
Агрегаттар автомобильдердің ең ауыр, жөндеуі күрделі тораптарына жатады және де ағымдағы жөндеу аймағымен орнатылған байланыс агрегаттар цехын мүмкіндігінше ағымдағы жөндеу аймағы бекеттеріне жақын орналастыру мүмкіндігін тудырады.
Ұсталық-рессорлық бөлімшесінің жұмыс режимі ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Ұсталық-рессорлық бөлімшесінің жұмыс режимі
1. Бір жыл ішіндегі жұмыс күндері саны - Д р. г. = 253 күн.
2. Тәулік ішіндегі ауысымдар саны - с = 1.
3. Жұмыс ауысымының ұзақтығы - Т см = 8, 2 сағ.
4. Агрегаттар бөлімшесінің жұмыс уақыты - Т = 7 сағ.
«Нұр-Қуаныш» ЖШС ұсталық-рессорлық бөлімшесінде 4 слесарь жұмыс істейді. Оларды мамандық бойынша біліктіліктері әртүрлі. Цехта атқарылатын тиісті жұмысты орындауға қажетті технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Жалпы алғанда агрегаттар бөлімшесінің жұмысымен танысу барысында мынадай кемшіліктер анықталды :
- технологиялық операциялардың операциялардың механизациялау деңгейі төмен, агрегаттарды жөндеуге, ажыратып-жинауға, жуып-тазалауға арналған арнайы жабдықтар өте аз ;
- автомобильдердің агрегаттарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындер көлемі нормативтік көрсеткіштерден жоғары ;
2. «Нұр-Қуаныш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірісті ұйымдастыру
2. 1. Өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдері
Автомобиль көлігі саласында cоңғы көптеген жылдар бойы негізгі назар өндірісті ұйымдастыру мен жөндеу жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыруға бөлініп келген болатын. Ал өндірісті басқару мәселелеріне қажетті назар бөлінбей келген. Бұл ең алдымен автокөлік кәсіпорындарының аз өлшемдеріне және мекемелердің өндірістік-техникалық базасының жеткіліксіздігіне байланысты болып келген. Өндірісті ұйымдастырудың негізгі тәсілдеріне мыналар жатады:
- мамандандырылған бригадалар тәсілі;
- кешенді бригадалар тәсілі;
- агрегаттық-бөлімшелік тәсіл;
- агрегаттық-аймақтық тәсіл.
Мамандандырылған бригадалар тәсілі өлшемдері салыстырмалы түрде кіші болып келетін автокөлік мекемелерінде қолданылады және техникалық әсер ету түрлері бойынша мамандандырылатын бригадалар құруды талап етеді. Әрбір бригадаға жұмыс көлеміне байланысты жөндеу жұмысшыларының саны мен еңбек ақы қоры жоспарланады.
Өндіріс мамандандырылған бригадалар тәсілімен ұйымдастырылған кезде, жұмысшылардың бір тобы (бригадасы) бірінші техникалық қызмет көрсетумен, екіншісі екінші техникалық қызмет көрсетумен айналысса, үшіншісі автомобильдерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын көрсетеді, ал төртіншісі автомобильдерден шешіліп алынған агрегаттарды жөндеумен айналысады. Мамандандырылған бригада, белгіленген техникалық әсер ету бойынша жұмыстар кешенін орындау үшін қажетті әртүрлі мамандықтағы және әртүрлі білікті жөндеу жұмысшыларынан құрылады. Бұл ретте мамандандырылған бригада, автокөлік мекемесіндегі барлық автомобильдер бойынша, өздеріне бекітіліп берілген техникалық әсер ету жұмыстарымен айналысады.
Бригадаларды техникалық әсер ету түрлері бойынша мамандандыру жөндеу жұмысшыларының еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді және техникалық қызмет көрсетудің технологиялық процесін ұйымдастырудың ағындық тәсілін қолданудың алғы шарттарын тудырады.
Бірақ та, өндірісті ұйымдастырудың мұндай тәсілі кезінде қандай да бір агрегаттың немесе тораптың белгіленген мерзімнен бұрын істен шығуы орын алған жағдайда кінәлі адамды анықтау тіпті мүмкін емес, себебі бір жұмысшы агрегатты майлаумен айналысса, екіншісі сол агрегат бойынша қатыру жұмыстарын орындаған, ал үшінші жұмысшы реттеу жұмыстарымен айналысса, төртіншісі сол агрегатты автомобильде тұрған орнында жөндеген, ал бесінші жұмысшы автомобильден шешіліп алынған агрегатты жөндеген.
Кешенді бригадалар тәсілі қолданылған жағдайда автокөлік мекемесіндегі автомобильдердің белгілі бір тобына (мысалы карбюраторлы қозғалтқышты автомобильдерге, дизельді қозғалтқышты автомобильдерге, тіркемелер мен жартылай тіркемелерге) белгілі бір кешенді бригада бекітіледі де, олар бірінші техникалық қызмет көрсетумен, екінші техникалық қызмет көрсетумен және ағымдағы жөндеумен айналысады.
Кешенді бригада құрамына, осы бригадаға бекітіліп берілген жұмыстарды орындау үшін қажетті, жөндеушілер, реттеушілер, майлаушылар, электршілер, жинаушы жұмысшылар және басқа да мамандықтағы жұмысшылар кіреді.
Өндірісті кешенді бригадалар тәсілімен ұйымдастырған жағдайда техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына деген жауапкершілікті анықтау мүмкіндігі сақталмағандықтан, мамандандырылған бригадалар тәсіліне тән кемшіліктер мұнда да орын алады. Сонымен қатар өндірісті кешенді бригадалар тәсілімен ұйымдастырған жағдайда, әдетте, әрбір бригаданың өзінің жұмыс орындары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бекеттері, өздерінің құрал-жабдықтары мен аспаптары, айналымдағы агрегаттар мен қосалқы бөлшектер қоры болғандықтан, автокөлік мекемесінің материалдық құралдары шашырап кетеді, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен оларды ағымдағы жөндеу жұмыстарын басқару қиындайды.
Өндірісті мұндай тәсілмен ұйымдастыру кезінде, кешенді бригадалар белгілі бір автомобильдер тобына бекітілгендіктен, әртүрлі кешенді бригадалар құрамындағы жекелеген орындаушылардың жұмыспен қамтамасыз етілуін реттеуде қиындықтар орын алады. Кейбір кездерде белгілі бір кешенді бригаданың жұмысшылары өздеріне бекітіліп берілген жұмыстарды өз мезгілінде орындап үлгере алмай жатқанда, келесі бір кешенді бригаданың жұмысшыларының жұмыссыз бос қарап тұру оқиғалары орын алуы мүмкін. Сонымен бірге, бұл ретте алдыңғы бригаданың қызмет көрсететін автомобильдері өз кезектерін күтіп көп уақыт бос тұрып қалғандығына қарамастан, екінші бригаданың жұмысшылары оларға қызмет көрсетпейді, олар тек қана өздеріне бекітіліп берілген автомобильдердің ғана желіге жұмысқа шығуын қамтамасыз етуі керек.
Агрегаттық-бөлімшелік тәсіл кезінде автокөлік мекемесіндегі барлық жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстары автокөлік мекемесіндегі барлық автомобильдердің бір немесе бірнеше агрегаттары (тораптары, механизмдері және жүйелері) бойынша барлық техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жауап беретін өндірістік бөлімшелер арасында бөлінеді. Жұмыстарды осындай тәсілмен ұйымдастыру кезінде өндірістік бөлімшеге бекітіліп берілген агрегаттар, тораптар, механизмдер және жүйелерге көрсетілген техникалық қызмет көрсету мен оларға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына деген материалдық және моральдық жауапкершілік толық сақталады және оны оңай анықтауға болады.
Өндірістік бөлімшенің жұмыстарының нәтижелері тиісті агрегаттардың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген орташа мерзімдерімен және де бөлімшеге бекітіліп берілген агрегаттардың техникалық ақаулары салдарынан бос тұру шамасы бойынша анықталады.
Агрегаттық-бөлімшелік тәсіл кезінде жоғарыда қарастырылған жұмыстарды ұйымдастырудың бригадалық тәсілдеріне тән кемшіліктердің кездеспейтіндігіне қарамастан, бұл тәсілге тән өзіндік кемшін тұстары да бар екендігін атап өту керек.
Жұмыстарды ұйымдастырудың агрегаттық-бөлімшелік тәсілі қолданылған жағдайларда орын алатын өндірістің орталықсыздандырылуы салдарынан, өндірісті шұғыл басқару қиындайды. Белгілі бір нақты автомобиль бойынша жөндеу жұмыстарының барысы туралы нақты мәліметтердің, ақпараттардың болмауы салдарынан өндірістік алаңдар (қызмет көрсету және жөндеу бекеттері), материалдық және еңбек ресурстары ұтымды пайдаланылмайды. Мысалы, бір мезгілде бірнеше агрегаттары, тораптары мен жүйелерінен ақаулар байқалған автомобильге қызмет көрсету кезінде ол автомобильдің әртүрлі өндірістік бөлімшелердегі мамандандырылған бекеттер арасында қозғалып, орын ауыстырып отыруы шарт болғандықтан, автомобильге техникалық қызмет көрсету мен оны жөндеу уақыты ұзарады. Сонымен қатар, бір автомобиль маңында көптеген жұмысшылар өз жұмыстарын орындау үшін жиналып тұрса, екінші бір автомобиль қызмет көрсетусіз, ұзақ уақыт бос тұрады.
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге келіп түсуші автомобильдерді өндірістік бөлімшелер бойынша таратып бөлу, бір автомобиль бойынша жалпы жөндеу жұмыстарының аяқталу уақытын жоспарлауға мүмкіндік бермейді.
Агрегаттық-аймақтық тәсіл кезінде техникалық қызмет өндірісті ұйымдастырудың агрегаттық-бөлімшелік тәсілінің принциптері бойынша құрылады. Бірақ бұл ретте, жөндеу жұмысшыларының негізгі бригадаларының саны екінші техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің мамандандырылған аймақтарының санына сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz