Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Автобус-сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 5
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..

2. Автобус-сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 12
өндірісті
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..

3. Автобус-сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 19
қозғалтқыштарды сынау бөлімшесін
жобалау ... ... ... ... ... ... ..

4. Қоршаған ортаны қорғау 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
.

5. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз 34
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 43
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .









Кіріспе

Кез-келген мемлекеттің транспорт жүйесінде автомобиль транспорты
ерекше орын алады. Себебі, мемлекеттің барлық өндірістік және экономикалық
салаларында тасымалдануға тиісті жүктер мен жолаушылардың төрттен үш
бөлігіне дейін осы автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Ал өз кезегінде
автомобиль транспортының негізгі міндеті халық шаруашылығы мен мемлекет
тұрғындарының тасымалдауға деген мұқтаждықтарын дер кезінде әрі сапалы, әрі
тез және арзан қамтамасыз ету болып табылады. Автомобиль транспорты басқа
транспорт түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін ең ыңғайлы
және тиімді транспорт түрі болып табылады. Автомобиль транспортының тиімді
және үнемді жұмысы жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан
тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп салалы автомобиль
паркін дұрыс әрі оңтайлы пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Автомобиль транспортының жылжымалы құрамын техникалық жарамды жағдайда
ұстап тұру үшін жұмсалатын еңбек және материалдық шығындары автомобиль
транспортындағы жалпы шығындардың едәуір көп бөлігін құрайды. Техникалық
ақаулар салдарынан транспорт құралдарының бос тұруы мемлекеттің, халық
шаруашылығының мақсаты үшін көптеген материалдық шығындар келтіреді. Осы
шығындарды азайту автомобиль транспорты саласындағы қызметкерлердің
маңызды міндеті болып табылады.
Бұл материалдық және еңбек шығындарды өз кезегінде өндірістік
процесстерді кең көлемде механикаландыру және автоматтандыру, сонымен қатар
өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру арқылы азайтуға болады. Бұл
проблема бірінші жағынан, автомобиль жасау кәсіпорындарының сенімділігі
жоғары және жаңа технологиямен автомобильдер шығару, ал екінші жағынан,
автомобильдерді техникалық пайдаланудың тәсілдерін жетілдіру, еңбек
өнімділігін арттыру, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу
жұмыстарының еңбек көлемін азайту, автомобильдердің жөндеу аралықтарындағы
жүретін жол көлемін ұлғайту арқылы шешуге болады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан – 2030 экономикалық және
әлеуметтік дамуының стратегилық бағыттарында Республикамыздың транспорттық-
коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл
бағыттарды орындауда осы саладағы жас мамандардың орны ерекше болмақ.
Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық
көлік жүйесіне кіріу болып қала береді және көліктің негiзгi мiндетi халық
шаруашылығы мен тұрғындардың тасымалдауға деген сұраныстарын өз уақытында,
сапалы әрi толық қанағаттандыру, оның жұмысының экономикалық тиiмдiлiгiн
және бәсекелестiк мүмкiншiлiктерiн арттыру болып табылады. Кез-келген
мемлекеттiң көлік жүйесiнде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебi,
мемлекеттiң барлық өндiрiстiк және экономикалық салаларындағы тасымалдануға
тиiстi жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлiгiне дейiнгi көлемi осы
автомобиль көлігінің жылжымалы құралдары көмегiмен тасымалданады.
Автомобиль көлігі, басқа көлік түрлерiмен салыстырғанда жақын маңға
тасымалдау үшiн ең ыңғайлы және тиiмдi көлік түрi болып есептеледi.

1. Автобус-сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сипаттамасы

1. Автотранспорт мекемесінің сипаттамасы.

Шымкент қаласындағы Автобус-сервис жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі мекемесі жолаушылар тасымалдаумен айналысады.
Кәсіпорын орта және Оңтүстік климаттық аймақтарда орта және кіші
сиымдылығы бар автобустарды кешенді қызмет ету үшін арналған. Автобустардың
күту аймағы жабық, кәсіпорынның негізгі өндірістік аймақтары арасында ішкі
транспорттық баланс қамтамасыз етілген.
Жеке ғимаратта ТҚК-1, ТҚК-2, АЖ, Д-1, Д-2, күту аймағы, шинамонтажды
учаске және басқа цехтар қарастырылған. Өндірістік ғимарат калонналар
сеткасы бар құрастырылған темір бетонды элементтерден жасалған, биіктігі
6,5м.
Бас жоспар бойынша бірқатар көрсеткіштер:
АТК ауданы, га – 5,0
Құрылыстар, м2 не га – 1,6
Парк жобалауға берілген тапсырма негізінде жасалған (20 сәуір 1985 жылы
Қазақ ССР-і автомобиль транспорты министрлігі тапсырмасы негізінде). Бұл
жоба жаңа нормативті құжаттардың шығуымен, канализация, жылу және электр
қамтамасыз етудің жаңа техникалық шарттарына байланысты, ескі типті жобаны
ауыстыру үшін жасалған. Өндірістік ғимаратта ескірген технологиялық
жабдықтар жаңасына ауыстырылған.
Автотранспорт кәсіпорыны Шымкент қаласының солтүстік шығысында
орналасқан. Жанында “Қайнар” сауда орталығы орналасқан. Шымкент
метеростанциясы берілгені бойынша және СНиП 2.01.01-82 бойынша құрылыс
ауданы ІV-Г климаттық ауданға жатады. Климат сыртқы сыртқы ауаның жылдық
және тәуліктік температуралары тез құбылмалы континентальды климатқа
жатады. Ең суық периодтық орташа температурасы - 60 С, максимум
температура +440 С.
Қала жүйесінен келетін 99,74м3тәулік шығыны бар су қамтамасыз етілген.
Қуаты 2189,87 квт болатын электрмен қамтамасыз ету ПС 110356 квт –
пен 2 кабельді желі арқылы іске асырылады.
Телефондандыру және радиоландыру қалалық тораптардан жүргізіледі.

Кесте 1.1. - Парктің тізімдік саны, қаңтар 2011ж.

№ Жылжымалы құрам түрі, маркасы Барлығы, Соның ішінде
бірлік
КЖ дейін КЖ кейін
1 ПАЗ-3205 31 10 21
2 ЛАЗ-695 Н 8 - 8
3 SETRA 10 - 10
4 SHAOLIN 11 11 -
5 ГАЗ-32203 14 14 -
Шаруашылық машиналар
6 ГАЗ-31029 2 1 1
7 УАЗ-452 1 1 -
8 ГАЗ-52 2 1 1
9 ЗИЛ-131 3 3 -
10 МАЗ-500 2 2 -
11 ЗИЛ (автокран) 1 1 -
12 КрАЗ-25661 1 1 -
13 НЗАС 1 1 -
14 ГАЗ-53 1 1 -
Барлық парк бойынша 88 47 41

Пайдалану жағдайы категориясы - ІІІ

Кесте 1.2. - Автобус-сервис ЖШС АТК құрамындағы ғимараттар мен құрылғылар

№ Ғимараттың аталуы және орнату Жоспардағы өлшем, м2
1 2 3
1 Өндірістік ғимарат 120х30
2 Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат 16х14
3 Бақылап өткізу пункті 18х18
4 Автомобильді жуу учаскесі 36х12
1 2 3
5 Пайдаланылған суды қайта өңдеу учаскесі 12х24
6 Электр станциясы 4х4
7 Орталық жылу пункті 9х12

Кесте 1.3.- Техникалық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштері

№ Көрсеткіштердің аталуы Белгілену Мәні
1 Техникалық дайындық 0,9
коэффициенті
2 Жалпы жай күрделі жөндеу, күн Дк 20
3 Жалпы жай техникалық қызмет ДТО,ТР 4
көрсету және ағымдағы жөндеу
4 Техникалық қызмет көрсету және 2
ағымдағы жөндеу 1000 шақырым
жүріс, күн
5 ТҚК және АЖ-ге кететін 3423806
шығындар, теңге
а) жалпы
б) жұмысшылар жалақысы, теңге 7200000
в) қосалқы бөлшектер, теңге 1265626
г) материалдар, теңге 3865413

Кесте 1.4.- 2010 жылдың аяғындағы негізгі қор құны

№ Көрсеткіштердің аталуы Мәні
1 Негізгі қаржының жалпы құны (жылжымалы 68000000
құрамның құнынсыз), теңге
2 Негізгі қаржының бір автомобильге келетін 150000
құны

Автобус-сервис ЖШС АТК-ның транспорттық жұмысының негізгі
көрсеткіштері

№ Көрсеткіштердің аталуы Белгіленуі Өлшем Мәні
бірлігі
1 Шығару коэффициенті - 0,9
2 Тасымалдау көлемі Q Жолаушы 23100
3 Жолаушылар айналымы P 25083
4 Нарядта болған орташа уақыт TН Сағ. 12,5
5 Бір автомобильдің орташа тәуліктік lCC Км 150
жүрісі
6 Парктің бір жылғы жалпы жүрісі L2 Км 27900
7 Парктің жұмыс уақыты Дж Күн 365
8 Табыс-климаттық аудан - -


1.2. Қозғалтқыштарды сынау аймағының сипаттамасы
Қозғалтқыштарды сынау аймағы автомобильдер мен Қозғалтқыштарды сынаудың
күрделі жөндеуге дейінгі болатын бұзылуларды және тағайындалған
нормативтермен қамтамасыз ету үшін жүрістерді болдырмауға негізделген.
Ағымдағы жөндеудің сипаттамалық жұмыстары: ажырату, жинау, слесарлы,
пісіру, ақау, бояу, бөлшектермен Қозғалтқыштарды сынауды ауыстыру болып
табылады.
Ағымдағы жөнделген Қозғалтқыштарды сынау мен жүріс түйіндерінің
келесі техникалық қызмет көрсетуге дейін жақсы жұмыс істеп тұруын
қамтамасыз етуі тиіс. Ағымдағы жөндеу учаскесінде 5 күндік жұмыс уақытымен
8 сағат ұзақтылықпен жұмыс істейді. Ағымдағы жөндеу аймағында өртті
сөндіруге қарсы жәшік және екі тақта орнатылған. Технологиялық жабдық
негізінен ағымдағы жөндеу көлемі және техникалық қауіпсіздік жағынан
істелген жұмыстарымен сипатталады.
Ағымдағы жөндеуді ұйымдастырудағы және жүргізу технологиясы жұмыстарындағы
кемшіліктер.
Ағымдағы жөндеу бекеттері автомобильдің бнлгілі бір түрлеріне ағымдағы
жөндеу жүргізуге мамандандырылған. Бекеттік технологиялық карталар әртүрлі
автомобильдердің түрлеріне арналған, жұмыс орындауға қажет операциялар және
техникалық шарттардан бөлек информациялардың еңбекқуаттары туралы қажетті
мағлұматтар жоқ.
Берілген өндірістің үздіксіз жұмыстың көбінесе өнімділігіне, сапасына және
ағымдағы жөндеу аймағының жұмыстарын ұйымдастыруға тәуелді болады. Бұл үшін
жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдырмауға тырысу қажет, осы аймақ
жұмыстарының технологиясымен ұйымдастыруды жүзеге ауыстыру қажет,
технологиялық және экономикалық жағынан тиімдірек автотранспорт
кәсіпорнының есеп-жоспарлы шешімдерін қолдану керек.
Берілген өндіріс сапалы және үздіксіз жұмыс істеуі үшін, техникалық
қызмет көрсету бойынша бағдарлама дұрыс орындалу үшін және қозғалыстағы
құрылымның ағымды жөндеуіне өндірістің дайындау комплексіне жаңартулар
енгізу керек.
Бұл комплекстік ең негізгі бөлігі айнымалы Қозғалтқыштарды сынаудың,
тораптардың және бөлшектердің қосалқы түрлерінің болуы, олар жөндеу
учаскелерінің және автотранспорт кәсіпорны толығымен қалыпты жұмысын
қамтамасыз ету қабілеттілігі. Бұл сұрақ учаскедегі жұмысты ұйымдастыру,
олардың техникалық жарқырауы, қойма шаруашылығын ұйымдастыру,
Қозғалтқыштарды сынау мен тораптардың ақауына байланысты сұрақтарды шешу
сияқты факторлармен тығыз байланысты. Осы сұрақтардың қалай шешілуіне
байланысты біз мынадай көрсеткіштердің өзгеруін аламыз, автомобильдің
техникалық дайындық коэффициенті, желідегі автомобильдердің шығару
коэффициенті сияқты. Осыған орай жалпы жүрістің, жүк айналымының немесе
барлық автотранспорт кәсіпорынының толығымен жұмыс өнімділігін айтуға
болады.
Автотранспорт мекемесіндегі кез-келген цехты ,бөлімді немесе учаскені
жобалық жағынан дайындау кезінде атқарылатын жұмыстар технологиясына және
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру талаптарына сәйкес белгіленген обьектіде
таңдап алынған технологиялық және көмекші жабдықтарды оңтайлы әрі тиімді
орналастыру іске асырылу тиіс.
Қозғалтқыштар автомобильдердің ең ауыр, жөндеуі күрделі тораптарына
жатады және де ағымдағы жөндеу аймағымен орнатылған байланыс
Қозғалтқыштарды сынау цехын мүмкіндігінше ағымдағы жөндеу аймағы
бекеттеріне жақын орналастыру мүмкіндігін тудырады.
Қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмыс режимі ағымдағы жөндеу жұмыстарын
ұтымды ұйымдастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмыс режимі

1.Бір жыл ішіндегі жұмыс күндері саны -
Др.г. = 253 күн.
2.Тәулік ішіндегі ауысымдар саны
- с = 1.
3.Жұмыс ауысымының ұзақтығы -
Тсм = 8,2 сағ.
4. Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесінің жұмыс уақыты
- Т = 7 сағ.
Автобус-сервис ЖШС Қозғалтқыштарды сынау аймағында 1 слесарь жұмыс
істейді. Цехта атқарылатын тиісті жұмысты орындауға қажетті технологиялық
жабдықтар мен құрал-саймандар бар , бірақ олар жеткіліксіз. Жалпы алғанда
қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмысымен танысу барысында мынадай
кемшіліктер анықталды :
- технологиялық операциялардың операциялардың механизациялау деңгейі
төмен, қозғалтқыштарды жөндеуге, ажыратып-жинауға, жуып-тазалауға
арналған арнайы жабдықтар өте аз ;
- автомобильдердің қозғалтқыштарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын
шығындер көлемі нормативтік көрсеткіштерден жоғары ;

2. Автобус-сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірісті
ұйымдастыру

2.1. ТҚК мен АЖ өндірісін басқаруды ұйымдастыру.
Автотранспорт кәсіпорындарында техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен
ағымдағы жөндеудің (АЖ) технологиялық процесі мен оның ұйымдастырылуы
өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті жұмыс бекеттері мен жұмыс
орындарының санымен, әрбір қызмет түрінің технологиялық ерекшелітерімен,
барлық жұмыс көлемін мамандануына және механикаландырылуына байланысты
үлестірілу мүмкіншіліктеріне қарай анықталады.
Төмендегі 2.1-суретте АТК – дағы технологиялық процесс схемасы
келтірілді. ТҚК мен АЖ аймағына автомобильдер жуу-тазалау аймағынан кейін
жіберіледі.

2.1-сурет. АТК технологиялық процесі схемасы
Автомобильдер жуу-тазалау жұмыстарынан кейін техникалық жағдайын
бағалау үшін дигностикалаудан өткізіледі. ТҚК мен АЖ жұмыстары қажеттілікке
байланысты орындалады
Автотранспорт кәсіпорындарында жылжымалы құрамға ТҚК мен АЖ келесі
әдістері қолданылады: мамандандырылған бригадалар әдісі; кешенді бригадалар
әдісі; агрегаттық-учаскелік әдіс; опреациялық-бекеттік; агрегаттық-аймақтық
және т.б.
Мамандандырылған бригадалар әдісі ұйымдастыруының мәні – бұл әрбір ТҚК
мен АЖ түрін жұмысшылардың мамандандырылған бригадалары орындайды. КҚК, 1-
ТҚК, 2-ТҚК және Қозғалтқыштарды сынау жөндеумен айналысатын жеке бригадалар
арнайы мамандығы бар, белгілі жұмыс көлемін ғана істейтін жұмысшылардан
тұрады Жұмыстарды мұндай ұйымдастыру кезінде әрбір учаске мен аймақтың
біртектілігі мен мақстаы сақталады, жұмысшыларды басқару мен ұйымдастыру
жеңілдейді, Алайда бұл әдістің кемшілігі ТҚК сапасының төмен болуы және
автомобильдерді әрбір бригадаға тасымалдау уақты шығынын айтуға болады.
Кешенді бригадалар әдісі 1-ТҚК, 2-ТҚК және АЖ жеке бір автомобильдер
тобына орындайтын бөлімшелердің ұйымдастырылуымен сипатталады. Бұл
жағдайда тек КҚК мен Қозғалтқыштарды сынауды жөндеу жұмыстары ғана
орталықтандырылға түрде орындалады. Кешенді бригадалар берілген жұмыс
түрлерін орындай алатын әртүрлі мамандығы бар орындаушылармен жабдықталады.
Бұл әдістің кемшілігі жұмыс сапасының төмен болуы және автомобильдерге
ағын түрінде қызмет көрсету мүмкіндігінің болмауы, жөндеу жұмыстарының
көлемінің артуы болып табылады.
Агрегаттық-учаскелік әдіс барлық жөндеу жұмыстары өндірістік
бөлімшелерге бөлінумен сипатталады. Әрбір өндірістік учаске автомобильдің
жеке Қозғалтқыштарды сынауы мен тораптарын жөндеуге мамндандырылады, олар
өздерінің учаскежегі жұмыстардың сапасына толық жауап береді.
Автобус-сервис ЖШС АТК-да агрегаттық-учаскелік әдіс тиімді болып
саналады. Автомобильдер санының аз болуы, қосалқы бөлшектер шығынын тиімді
қолдану мүмкіндігі, ТҚК мен АЖ өндірістік бағдарламасының төмен болуы осы
әдісті таңдауға негіз бола алады.
2.2-сурет. Агрегаттық-учаскелік әдіс кезіндегі ТҚК мен АЖ өндірісін
ұйымдастыру схемасы
Технологиялық бөлімдегі есептеу мәліметтері бойынша 1-ТҚК мен 2-ТҚК
тәуліктік бағдарламасына сәйкес ТҚК орындау үшін әмбебап бекеттерде
ұйымдастыруды таңдаймыз. Әмбебап бекеттер жылжымалы құрам түріне
байланысты тұйықтық және өтпелі түрінде жасауға болады.
Автотранспорт кәсіпорындарындағы ТҚК мен АЖ жұмыстарының сапасы еңбек
өнімділігін арттыруға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, экономикалық
көрсеткіштерді жоғарылатуға әсер етеді. Сапаны арттыру үшін ТҚК мен АЖ
өндірісін дұрыс ұйымдастыру мен жүргізудің маңызы зор. 2.3-суретте ТҚК мен
АЖ сапасын басқару үлгісін келтірдік .

2.3-сурет. АТК-дағы ТҚК мен АЖ сапасын басқару схемасы
2.2. Техникалық қызмет көрсету мен диагностикалау кешені жұмысын
ұйымдастыру

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу тиімділігін
арттыру үшін оларға қызмет көрсеткенге дейін және көрсеткеннен кейін
техникалық жағдайлары туралы жеке ақпараттар алу қажет. Бұл кезде талап
етілетін ақпараттарды алу үшін Қозғалтқыштарды сынау мен механизмдерді
бөлшектемей және көп еңбек шығындарынсыз орындалуы қажет. Техникалық
қызмет көрсету кезінде жабық және жаңадан басталып келе жатқан тоқтап
қалулар туралы ақпараттар алу алдын-ала немесе кеш жөндеулерді болдырмау
үшін маңызы зор.
Автомобильдерді диагностикалау ТҚК мен жөндеу жүйесінің бір элементі
болып табылады. Автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау эәрбір жеке
алынған автомобыильдің техникалық жағдайы туралы бірыңғай, дұрыс
ақпараттармен теқникалық қызмет көрсету мен жөндеу процесін қаматамасыз
етеді. Осыған сәйкес АТК-да диагностикалауды ұйымдастыру ТҚК мен АЖ
процестерін ұйымдастырумен бірге орындалады.
Автмобильдердің техникалық жағдайын жолда бақылау орнатылған
диагностикалау приборларымен орындалады; күнделікті қызмет көрсету кезінде
бақылаулар тексеруі арқылы қамтамасыз етіледі; 1-ТҚК кезінде негізінен
автомобиль қозғалыс қауіпсіздігін қаматамасыз ететін механизмдеріне Д-1
жалпы диагностикалау кешенімен қаматамасыз етіледі; 2-ТҚК және АЖ алдында
Қозғалтқыштарды сынау мен механизмдерге тереңдетілген диагностикалау Д-2
орындалса, аынықталған ақауларды жойғаннан кейін диагностикалау кешенін
қолданады. Бұл жағдайда реттеу және жөндеу жұмыстарының сапасын аралық және
қорытынды тексеруді қамтамасыз ету үшін, автомобильді қосымша орын
ауыстырып жүрмес үшін, оны ТҚК мен жөндеу операцияларымен бірге орындайды.
Жалпы автотранспорт кәсіпорындарында диагностикалау автомобильдің
техникалық жағдайы мен ТҚК мен АЖ технологиялық процесстерін басқару үшін
қажетті жеке ақпараттарды алу мен өңдеудің адам-машина жүйесі болып
табылады.
Автмобильге ТҚК қажеттілігі кезінде диагностикалау кешені арқылы
анықталған техникалық жағдай туралы бастапқы ақпараттармен ТҚК бригадасы
слесарларын қаматамасыз етеді. Сонымен бірге бұл ақпараттар бір мезгілде
автотранспорт кәсіпорнының өндіріті басқару орталығына ТҚК мен жөндеу,
өндірісті дайындау туралы шешім қабылдау үшін, сондай-ақ орындалған жұмысты
бақылау және тіркеу үшін беріледі (2.4-сурет).

2.4-сурет. АТК-да ТҚК мен АЖ басқару үшін диагностикалауды қолдану кескіні.

ТҚК кезіндегі диагностикалау жұмыстары автомобильдің, оның
Қозғалтқыштарды сынауы мен мен тораптарының бөлшектемей техникалық жағдайын
анықтаға арналады. ТҚК кезінде диагностикалау жұмыстары автобустар үшін
жалпы жұмыс көлеменің 5-9 процентін құрайды.
Д-1 жалпы автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеін
Қозғалтқыштарды сынау мен механизмдерінің (тежегіштерді, басқару
механизмін, басқару доңғалақтарының орантылуын, жарықтандыру приборларын)
техникалық дағдайын, қалдық газдардың улылық деңгейін және отын үнемділікті
диагностикалаға арналған. Бұл кезде тек автомобильді пайдалануға
жарамдылығын анықтаумен (шұғыл-диагностика), немесе негізгі ақауларды
анықтау және реттеу жұмыстарын орындаумен шетелуі мүмкін. Шұғыл диагностика
бақылау-тексеру пунктінде автомобиль желіге шығу алдында немесе кейі
орындалады, ал Д-1 1-ТҚК алдында орындалады.
Д-2 автомобильдің тарту-экономикалық көрсеткіштері бойынша
диагностикалау үшін және оның негізгі Қозғалтқыштарды сынауы, жүйелері мен
механизмдерінің ақауларын анықтау үшін қолданылады. Д-2 негізінен 2-ТҚК
алдында жөндеу жұмыстарын дайындау және оның ТҚК кезінде бос тұру уақытын
азайту үшін орындалады. 2-ТҚК кезінде Д-2 бірге бір мезгілде технологиялық
қажет реттеу жұмыстары да орындалады.

3. Автобус-сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
қозғалтқыштарды сынау бөлімшесін жобалау

Қозғалтқыштарды жөндеумен айналысатын слесарьдың негізгі міндеттері
қатарына жөндеуден шыққан қозғалтқыштарды суық және ыстықтай жүргізу,
оларды сынау, бақылау және байқалған кемшіліктерді жою жатады.
Кривошипті шатунды механизмнің жекелеген бөлшектерін ауыстырумен
тікелей байланысты болған, ағымдағы жөндеуден шыққан қозғалтқыштар суық
және ыстықтай жүргізуге жатады. Қажет болған жағдайларда оларға бақылау
жүргізіледі.

10.11

3.1-сурет. Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесі.
1- Қозғалтқыштарды қою тақтасы; 2-қозғалтқыштар бөлшектерін
орналастыру тақтасы; 3-қозғалтқышты орнатуға арналған қондырғы; 4-
қозғалтқыштарды бақылауға арналған стенд; 5-аспаптар жәшігі; 6-
слесарь верстагы; 7-қоқыстар жәшігі; 8- кран – балка ; 9- шкаф ; 10-
қолжуғыш; 11-айна; 12- қол кептіргіш; 13- қозғалтқыштарды сынау
стенді.

Қозғалтқыштарды сынау аймағының жалпы ауданы сол бөлімшеде
орналасатын жабдықтардың нақты ауданымен анықталады, бұл ретте ауыстыру
коэффициентінің шамасы 4,0 тең болады. Қозғалтқыштарды жөндеумен
айналысатын слесарьдың жұмыс режимі бір ауысымды болып келеді.

Жұмыс орнының жабдықталуы
3.1.-кесте
Технологиялық жабдықтар

№ Атауы Түрі Өлшемдері ммСаны
Қозғалтқыштарды сынау стенді. КИ-2139 1560х934х 1
1180
Қозғалтқыштарды суыту қондырғысы - - 1
Қозғалтқыштарға май жеткізу қондырғысы - - 1
Жанармай қондырғысы - - 1
Пайдаланылған газдарды алып кеу - - 1
қондырғысы
Қозғалтқыштарды стендпен байланыстыру - Ø 50 , Е=3502
білігі

3.2-кесте
Технологиялық құралдар
№ Атауы Түрі Саны
1. Тахометр ИО-1Д 1
2. Стетоскоп КИ-1154.00 1
3. Секундомер СМ-60 1
4. Әмбебап компрессометр КИ-861-00 1
5. Компрессометр 179 1
6. Қозғалтқыштарды көтергіштер ПИМ-483 1
7. Қозғалтқыш білігін қолмен айналдыру білігі ПИМ-1468-21011
8. Пневматикалық кілт бұрағыш ГПМ - 14 1
9. Гайкалық кілттер ГОСТ – 1
2869-62
10. Динамометр 131 М 1
11. Кілттер 23361 1
12. Динамометрлік кілт ПТ-484-20 1
13. Тұтандыру білтесінің кілті - 1
14. Шприц, 0,245 л - 1
15. Слесар балғасы ГоСТ 5423-54 1
16. Мыс басты балға - 1
17. Отвертка 150х0,5 - 1
18. Отвертка 200х1 - 1
19. Бородок -- 1
20. Тескіш - 2
21. Кемпір ауыз - 2
22. Белгілер жинағы - 1
23. Лупа - 2
24. Жылжымалы шам - 1
25. Лом - 1
26. Сырлау щеткасы - 1

3.3-кесте
Ұйымдастыру жабдықтары

№ Атауы Түрі Өлшемдері Саны
мм
1. Слесарь верстагы СД – 3701-04 1250х800 3
2. Стеллаж ОРГ-1468-05-230А 1400х500 2
3. Сүрту материалдарын салғыш жәшікОРГ-1468-07-090А 800х400 1
4. Қоқыстар жәшігі ОРГ-1468-07-090А 800х400 1
5. Аспаптар стеллажы ОРГ-1468-05-280 1400х500 1
6. Шкаф ОРГ-1468-07-010А 500х400 2
7. Жуу ванннасы ОМ- 13116 1250х620 1
8. Орындық - Ø 400 3

4. Қоршаған ортаны қорғау

4.1. Көлік нысандарына қызмет көрсету мен жөндеу кезіндегі қоршаған
ортаны ластаушы көздер

Көлік құралдарының жұмысқа қабілеттілігін қайта келтіру кезінде жуу-
тазалау, бақылау-реттеу, қатыру, көтеру-тасымалдау, ажырату-жинау,
слесарлық-механикалық, ұсталық, мыстау, дәнекерлеу, майлау, бояу және т.б.
жұмыстар орындалады. Олар қызмет көрсету аймақтары мен ағымдағы жөндеу
бекеттеріндегі ауа атмосферасын, суды және топырақты зиянды заттармен
ластаумен, энергия ресурстарының, пайдалану және конструкциялық
материалдардың шығынымен, көлік құралдарының автомобиль тұрақтары мен
қызмет көрсету аймақтары арасындағы жүрістері кезіндегі зиянды заттармен
ластануымен тығыз байланысты.
Аталған процестер регламенттік жұмыстардың өткізу кезеңдерімен, көлік
құралдарының конструкцияларының сенімділік деңгейімен, қолданылатын құрал-
жабдықтардың түрлерімен, жөндеуге қажетті құрал-саймандар мен
материалдардың шығынымен анықталады. 5.1-кестеде автокөлік мекемелері мен
техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі өндірістік бөлімшелерінде
бөлінетін зиянды заттардың түрлері келтірілген.
Көлік мекемелерінің мамандандырылған бөлімшелеріндегі зиянды заттар
шығарылымдары мен энергия шығындары, осы белгілі бір бөлімшедегі немесе
жалпы автокөлік мекемесіндегі энергияны қолданудың немесе j зиянды затының
бір жыл ішіндегі жалпы көлемдерінің, осы бөлімшелерде қызмет көрсетілетін
автокөлік құралдары топтарының орташа жылдық жүрілген жолдарына, қатынасын
білдіреді.
Автокөлік мекемесінің өз қызметін атқаруы барысында су ресурстарын,
көлік құралдарының бөлшектері мен тораптарының беттерін, синтетикалық жуу
құралдарымен, сілтілік және қышқылдық ерітінділермен, формальдегидпен,
майлармен, скипидармен тазалау мен майсыздандаыру нәтижелеріндегі, қатты
қалдықтармен және мұнай өнімдерімен, ластау қарқынды түрде жүреді.

4.1-кесте. Мамандандырылған бөлімшелерде көлік құралдарының жұмысқа
қабілеттігін қайта қалпына келтіру кезінде бөлінетін зиянды заттардың
түрлері
Бөлімше Бөлінетін зиянды заттар
Аккумуляторлық Күкірт қышқылының буы, күкірт қос тотығы, қорғасын
қосылысы, аэрозольдер
Механикалық Шаңдар, аэрозольдер
Дәнекерлеу Марганец пен кремний қосылыстары, хром тотығы,
фторлы сутегі, азот тотығы, көміртек тотығы
Ұсталық-жылу Көміртегі тотығы, азот тотығы, күкірт тотығы,
циандық және хлорлы сутегі, аммиак, май булары,
аэрозольдер, сілтілер, тұздар, күйелер, шаңдар
Мыстық Кремний қосылытары, уайт-спирт, қош иісті
көмірсутегілері, сілтілер, кальциленген сода,
фосфат, синтамид, синтопол, сульфанол, қышқылдар
(азот, фосфор, тұз, күкірт), сульфаттар,
Сырлау аэрозольдер, хлорид
Бояу аэрозольдері, толуол, ксилол, сольвент,
хлоро-бензол, дихлорэтан, спирт, толтырғыш
ингибиторлар, қабыршақ түзуші заттар

Су ресурстарының ластануының жоғары дәрежеде болуы, ең алдымен,
күнделікті техникалық қызмет көрсету регламентіне кіретін, көлік
құралдарын, сондай ақ жөндеу процесін жүзеге асыру барысындағы бөлшектер
мен агрегаттарын жуумен байланысты (4.2-кесте).
4.2-кесте. Автомобильдерді жуу кезіндегі лас заттардың шығуы, кг1 рет
жууға шаққанда
Косметикалық жуу Толық жуу
Жылжымалы құрам
ластау жыл ішіндегі ластау жыл ішіндегі
массасы жуу саны массасы жуу саны
Жеңіл автомобильдер 0,7 40 1,5 15
Жүк автомобильдері 1,1 25 2,3 10
Автобустар 1,4 85 3,1 10

Жуу құралдарының пайдаланылған ерітінділері құрамында 5 гл шамасына
дейінгі мұнай өнімдері мен қалқыма заттар, 0,1 гл-ге дейінгі құрамдағы
беттік белсенді заттар, 20 гл дейінгі сілтілі электролиттер кездеседі,
яғни бұл ерітінділердегі зиянды қоспалардың концентрациялары санитарлы
норманың талаптарынан 40-90 мың есе жоғары болады.
Бөлшектерді қалпына келтіру және олардың жұмысшы беттеріне белгіленген
физикалық-химиялық қасиеттерді беру үшін, гальваникалық процестер, соның
ішінде бөлшектердің беттеріне күкірт қышқылы ерітінділеріндегі мысты,
мырышты, темірді, хромды, кадмийді тұндырудың электролиздік әдісі
пайдаланылады. Сондықтан ағынды сулардың құрамында қышқылдар, сілтілер,
хром қосылыстары, мыс, никель, мырыш, кадмий тұздары кездеседі.
Аккумуляторлық батареяларды, суыту сұйықтықтарын, қозғалтқыш майларын
мезгілімен ауыстырып отырудың қажеттіліктері, кейбір жағдайларда, осы
пайдалану материалдарының жер бетіне үлкен мөлшерде төгілуіне және сулардың
мұнай өнімдерімен, қышқыл ерітінділерімен және басқа да заттармен
ластануына алып келеді.
Автокөлік құралдарын қыздыру, олардың мекеме ішіндегі қозғалыстары
кезіндегі атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы, осы нысаннан қоршаған
ортаға шығарылатын барлық ластаушы заттардың шығарылымдарының 95% артық
шамасын құрайды. Ауа атмосферасына, с ортасына шығарылатын зиянды заттардың
меншікті шығарылымдары, сондай-ақ автомобильдерді жөндеу мен оларға
техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі, сонымен қатар көлік құралдарының
мекеме ішіндегі қозғалысы кезіндегі энергия шығындары мен суды пайдалану
көлемдері,4.3-кестеде келтірілген.

4.2 Көліктік ластанулардың адам организміне әсері
Көліктік шығарылымдардың адамдарға тигізетін зардаптарын бағалау
барысында ластаушы заттардың (немесе әсер етудің басқа да техногендік
факторларының: шудың, электромагниттік толқындардың және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қозғалтқыштарды сынау аймағының сипаттамасы
ОРИОН ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
ЖШС Вега автокөлік кәсіпорнының тасымалдау және өндірістік жұмысына талда
Қозғалтқыштар цехындағы технологиялық жабдықтар
Көпұлтты корпорациялар машина жасайтын, электронды инженерлік салада мамандандырылған Еуропадағы әйгілі швейцар - швед АВВ компаниясы
General Electric - өнеркәсіп пен цифрлық технологиялар бойынша әлемдік көшбасшы
Қозғалтқыш жинақтау
Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі
Агротехнология мен машиналар
ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖЕТЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Пәндер