Қазақ тілі фонетикасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Сүлейман Демирел атындағы университет

СӨЖ
Тақырыбы:Радловтың қазақ тілі дыбыстарының зерттеуі

Орындаған: Ақтөре Арипбжанов
Туркменбаева Айшолан
Тойғанбек Ақмарал
Ахметова Айзада
Тексерген:Бота Хасенқызы
Алматы 2018ж

І. КІРІСПЕ
ІІ.НЕІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақ тілі фонетикасы.
2.2. Жалпы қазақ грамматикасында үлкен рөл атқаратын ғалымдар.
2.3. В.В.Радловтың қазақ тіліне қосқан үлестері мен еңбектері.
2.4.В.В.Радловтың қазақ тарихында алатын орны.
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІV.ӘДЕБИЕТТЕР

Фонетика (грекше рһоnеtiкоs-дыбыстық) - дыбыс туралы iлiм, тiлдiң дыбыс жүйесiн зерттейтiн тiл бiлiмiнiң бiр саласы. Оның қарастыратын мәселелерiне мыналар жатады: тiл дыбыстарының пайда болуы, олардың түрлерi, iштей жiктелуi, сөз iшiнде бiрiне - бiрi ықпал етiп, үйлесiп, үндесiп, тiркесiп тұрудың тетiгi, буын, екпiн, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия сынды тағы басқа дыбысталуға қатысты мәселелер.
Сонымен, фонетиканың зерттейтiндерi - тiлдiң барлық жағдайларына және қызметiнде көрiнетiн дыбыстық құрамдары мен тәсiлдерi және тiлдiң дыбысталу түрi мен жазба түрiнiң арасындағы байланыстар. Ол лингвистикағылымының арнаулы саласы бола отырып, тiлдiң лексикасымен де, грамматикасымен де байланысып жатады. Бұлай болатындығы фонетикалық құбылыстар мен процестер әрдайым сөздердiң iшiнде болады, ал сөздерграмматикамен әрқашанда қарым-қатынаста болады.
Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болыа келедi.
Сипаттамалы фонетика тiлдiң өмiр сүрiп тұрған дәуiрiндегi дыбыстық жүйесiн қарастырады. Дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тiркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпiн орфоэпия мәселесi осысаланың обьектiсi болып табылады. Бiр сөзбен айтқанды фонетикалар жүйесiн, олардың iшкi өзара байланыстарын белгiлеп айқындайды. Оны ғылыми тiлде синхрониялық немесе статикалық деп атайды.
Тарихи фонетика тiлдiң дыбыс жүйесiн тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлерi, олардың дамуы, тарихи өзгерiстер, буын, екпiн мәселелерi әр дәуiрдегi жазба ескерткiштер материалдары бойынша айқындалады. Оған бүгiнде тереңнен зерттелiп жатқан Орхон-Енисей ескерткiштерiн жатқызуға болады. Сол ескерткiштер бойынша қалыптасқан тiлiмiз болғандықтан тарих оларды елеусiз қалдырмайды.

Тiлдiң дыбыс жүйесiн қазiргi және тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тiлдердiң фонетикасын да ескеру қажет. Мұның өзi дыбыстардың өзгеруiн, айқындауға мүмкiндiк бередi. Туыс тiлдердiң дыбыс жүйесiн салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгiлерiн айқындау салыстырмалы фонетиканың мiндетiне жатады. Тарихи жiне салыстырмалы фонетика бiр-бiрiмен тығыз байланысты болып, бiрге қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тiлдердiң дыбыстық жүйесiн салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетика деп аталады. Түркi тiлдерiн зерттеудiң жаңа кезеңi В.В. Радлов еңбектерiнен басталды. Қалай айтқанда да Радлов, Ильминский, Мелоранский және басқалардың қазақ тiлi жөнiнiдегi түсiнiк, пiкiрлерiне, сөздердi жазуларында кездесетiн кемшiлiк, қайшылықтарға кешiрiммен қарап, қазiргi қазақ тiлi фонетикасына пайдалы тұстарын тани бiлсек болғаны.
ХХ ғасырдың басында академик Штернберг қазіргі заманның бас түркологі, түркі және Орта Азия халықтарының тілі туралы ғылымның Колумбы деп бағалаған Василий Васильевич Радлов түркология ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Түркі тектес халықтардың тілі мен фольклоры, тарихы мен этнографиясы жөнінде өлшеусіз мұра қалдырды.
Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгелм) 1837 жылы 5 қаңтарда Берлинде полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келіп, 1918 жылы 12 мамырда Петербургте қайтыс болған. 1854 жылы гимназияны бітіргеннен кейін Берлин университетінің философия факультетіне оқуға түседі. Университет қабырғасында оқып жүріп араб, парсы, түрік, татар, моңғол, маньчжур, қытай және т.б. тілдерді үйренеді. 1858 жылы жолдамаман Барнауылға жұмысқа келеді.
В.В. Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңі - Алтай кезеңі (1859-1871 жж.). Бұл кезеңде Батыс Сібір, Қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты.
Екінші кезеңі - Қазан кезеңі (1871-1884 жж.). Бұл жылдары В.В Радлов негізінен педагогикалық, әкімшілік қызметтермен айналысады. 1872 жылы ол Қазан губерниясындағы татар, башқұрт, қазақ мектептеріне инспектор болып тағайындалады. Осы жылы оның Образцы народной литературы... атты еңбегінің 4 томы жарық көреді. Ал 1883 жылы Батыс Сібірдің энциклопедиясы деген баға алған Сібірден (екеуі де неміс тілінде) атты екі еңбегі баспадан шығады.
В.В. Радловтың ең өнімді және көп еңбек тудырған тұсы өмірінің үшінші кезеңі - Петербургтегі кезі (1884-1918 жж.). Ол 1884 жылы Азия халықтарының тарихы мен көне дәуірі бойынша академик болып сайланады.
В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналған-ды. Оның 1-кітабы (1886) - алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы (1868) - шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы (1870) - қазақ; 4-кітабы (1872) - барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.
Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері халық өлеңдері (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөз, өтірік өлең), Ертегілер, Батырлар жыры (Ер Көкше, Ер Тарғын, Сайын батыр) болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған .
В.В. Радлов қазақ жеріне сапарын 1862 жылы бастайды. Ол шығыс Қазақстанда, Іле өңірінде болып, Ыстықкөлге жетеді. Осы экспедицияның негізінде қазақ тілі мен әдебиетіне ғана емес, тарихына, археологиясына да байланысты көп материалдар жинайды. 1868 жылы ол қазақ даласына арнайы үлкен экспедиция ұйымдастырып, сахараны жаз бойы аралап, Сырдария облысына дейін барады. Зеравшан алқабында болады. 1869 жылдың жазын ғалым қазақ даласында өткізген. Бұл жылы Қапалдан поштабайлардың жолымен Алтын Емел пикетіне жетеді де, Тегерек арқылы Түргенге келеді. Ол жерде жергілікті қазақтармен кездесіп, мол тілдік материал жинайды. Қайтадан Алтын Емел арқылы Верный қаласына келеді. Верныйдан Қастек шатқалы арқылы Шу алқабында, Тоқмақ қаласына барады. Осы жерде қазақы үй тіктіріп, бір айда тілге, ауыз әдебиетіне этнографияға байланысты бай деректер жинаған. В.В. Радлов Ыстықкөлге жетеді. Онан Ақсуға, Верныйға соғып, қайтадан Барнауылға қайтады. Осы уақытта В.В. Радловтың Краткий отчет о поездке в Семиреченскую область на Ыссык-куль летом 1869 г. еңбегі жазылды, онда ол: Халықтың бай эпикалық поэзиясы мені ұлан асыр олжаға кенелтті. Бұл тек лингвистер үшін ғана емес, халық поэзиясын зерттеушілер үшін де аса бағалы материал болып есептеледі,- деп жазады .
Терістік Алтайдан Орал өзеніне, Омбыдан Зеравшан өлкесінің батыс аймағына ұлан ғайыр даланы өздері қазақ деп, орыстар мен басқа батыс елдері қателесетін киргиз немесе киргиз-кайсак деп атайтын халық мекендейтіндігін айта келіп, В.В. Радлов алғашқылардың бірі болып қазақ халқын өз атымен атайды. В.В. Радлов халықтық шағармалардың рухы таза, ойы анық, тілі көркем деп есептейді. Кітаби өлеңдерінің сөз оралымдарында исламның, кітаби тілдің әсері сезілетінін айта келіп, бұл кітаби өлеңдерді мен қазақ тілінің табиғатына жат грамматикалық формалары мен сөздерден сақтана отырып, сауатсыз қазақтардың көмегімен көшірдім, араб және парсы тілдерінен енген сөздерді қолжазбада өте дұрыс жазғанына қарамастан, сол қарапайым халықтың ауызша айту формасында беруге тырыстым. Осылайша бұл жазбалар түпнұсқадағыға қарағанда әлдеқайда қазақы сипат алды.
Өмірін Орта Азия халықтарының тілі мен әдебиетін зерттеуге арнаған әлемге әйгілі ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпеевпен, Марабай ақынмен кездеседі. Қазақ, Ноғай әдебиетін зерттеп, Едіге, Шора батыр, Қобыланды, Орақ-Мамай жырларын, Жиренше шешеннің әңгімелерін, Шалкиіз, Доспамбет сияқты ақындардың өлеңдерін жазып алады. Қазақ, өзбек, ноғай, қыпшақ, қырғыз, якут, қарақалпақ тілдерін зерттейді.
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын алғаш зерттеген ғалым - В.В.Радлов. Ғалым ең бірінші болып Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы деген атпен түркі тілдерінің алғашқы, салыстырмалы фонетикасын жазған.
В.В. Радлов қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың тіркесу, әрі өзгеру заңдылықтарын, сингармонизм заңын және екпін категориясын түркі тілдерінің материалдарымен салыстыра жазды. В.В. Радлов дауысты, дауыссыз дыбыстарды акустика-артикуляция жағынан төмендегідей етіп жіктейді.
Дауысты дыбыстардың 9 түрін \ а,ә,е,о,ө,і,у,ұ,ү\ және дауыссыздыбыстардың 20 түрін \ ғ,қ,к,т,п,с,ш,ж,д,в,с,з,б,г,м,ң,р,и \ атайды.
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстарды жуан \а,о,ұ,ы\, жіңішке\і,е,ә,ү,ө\, еріндік \ө,і,ү,у\, езулік \ы,і,ө,а\ дыбыстарға жіктейді.
Дауыссыз дыбыстарды қатаң \ғ,қ,т,п,с,ш\, ұяң \б,ж,д,в,с,з\, үнді\н,ң,м,р,л\, жуан және аралық немесе жарты дауысты \у,й\ деп жіктейді.
В.В. Радлов л дыбысын өзге дауыстылардан бөліп жуан-жіңішке айтылады деп қараған. Дифтонг, трифтонг дыбыстар бар екендігін айтады. Түркі тілдеріндегі екпін сөздің соңында келетінін көрсеткен. Ғалым дауыстылардың сингорманизміне айрықша мән береді. Ерін үндестігі, тіл үндестігі бар деген пікірді дәлелдейді.
Қ. Жұбановқа дейінгі ғалымдардың еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жіктелуі, дыбыстардың бір-біріне әсері мектеп оқулығының дәрежесінде ғана қаралып келгені жоғарыдағы шолудан байқалады.
Фонетиканы жоғары оқу орындарындағы студенттерге оқылатын ғылыми курс дәрежесінде жеткізе зерттеген Қ. Жұбанов екені даусыз. Профессор Қ.Жұбановтың өзі де анық айтқан: ... бұл уақытқа дейінгі қазақ тілін зерттеудің бәрі де тйіп-қашты зерттеулер, терең қарамаған, үстірт қана,көрініп, сорайып тұрған мүйістерін ғана қамтыған нәрселер. Грамматикалардың бәрі - мектеп грамматикалары ғана. Олай болса, қазақ тілін зерттеу жұмысы әлі күнге дейін ғылым жолына салынбаған, ғылым сатысына көтерілмеген.
Міне, қазақ тіл білімінің зерттелу жайы осындай кезеңде Қ. Жұбановтың Қазақ тілінің ғылыми көрінісі жөнінен лекциялар атты журналдың 7-8нөмірінен бастап шыға бастады. Оған Қ. Жұбанов бұл еңбегін қазақтың алғашқы жоғарғы оқу орны КазПИ-де 5 жыл бойына оқыған лекцияларының негізінде шығарған. Ол кезде жоғарғы оқу орнына арналған қазақ тілінен бірде-бір оқулық жоқ еді. Осындай жағдайда ғалымның бұл еңбегі студенттер, мамандар үшін өте қажет еді, сондықтан да ол сол заманда үлкен қызмет атқарды. Екінші жағынан бұл еңбек жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми курсқа арналған оқулықтарға апаратын алғашқы адым еді. Өкінішке орай заманының ағымы автор еңбегін баспадан толық шығаруға мүмкіндік бермеді.Сонымен бірге шығып үлгерген бөлімдерінің өзінің көпшілікке кең тарауына тосқауыл жасалып, ғалымның ғылыми пікірінің өріс алуына мүмкіндік болмады.Қазақ тіл білімінің оқырман қауымы ғалым еңбегімен 1966 жылғы екінші басылым арқылы танысты.
Қ. Жұбанов еңбегінің ішінен тақырыбымызға қатысты мәселелер туралы тоқталсақ, олар лекциялар ретінде жарияланып үлгерген. Онда фонетикаға кіріспе ретіндегі жалпы мәселелер сөз болған. Бұл мәселелер мектепке арналған Қазақ тілінің грамматикасында берілген. Профессор Қ. Жұбанов мектеп грамматикасының көлемінде дыбыстардың жіктелуін, үндестік заңын баяндаған. Дауысты дыбыстарды топтастыруда Қ. Жұбановтың өзіндік ерекшелігі бар. Ол өзіне дейінгі зерттеушілердің дауысты дыбыстарды топтастыруынан орын алмаған дифтонг дауыстыларды қосып, үш топқа бөлген. Олар: ашық, келте, қосынды дауыстылар. Сонымен бірге дауыстыларды жуан, жіңішке депbrтоптастырған, бұлай топтастыру бұрынғы ғалымдарда да болғаны айтылады.Бірақ онда кейбір ауытқулар кездесіп отырды. Мысалы, В.В. Радлов 4 жуан дауысты дыбысты ғана көрсеткен: а,о,ұ,ы; 5 жіңішке дауысты дыбысты атаған:ә,е,і,ү,ө.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. В. Радлов тұңғыш рет түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті. Түркі тілдері фонетикасының сан алуан мәселелері, лингвистиканың сол кездегі компаративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В.Радловтың Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме бола - ды. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.
Қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, о, ö, у, і, и, ü), консонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, дауыссыздарды қатаң (q, k, t, р, s, š), ұяң (γ, g, d, b, z, ž), үнді (n, m, η, r, l, Ι) және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-артикуляциялың топқа жіктеген. В. Радлов ұсынған мына екі мәселені мақұлдай алмаймыз: оның бірі -- w, j дыбыстарын аралық дыбыстар деп сонор дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема (сөз мағынасын ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі тәжірибе фонетикасының берген мәліметіне қарағанда түркі тілдерінде оның ішінде қазақ тілінде w (у), j (й) дыбыстары акустика-артикуля - циялық табиғаты бойынша сонор немесе үнді дыбыстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылардың ыңғайына қарай әр түрлі вариантта айтыла береді. Мәселен, ал, ел, ол сөздерін алайық, мұнда л соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан (ал), бірде жіңішке (ел), бірде ерінмен (ол) айтылып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай бір ғана фонеманы құрай алады. Фонема сөзде әлденеше фонетикалық-комбинаторлық вариантта кездесе береді. Демек, В. Радлов л сонорының фонематикалық қасиетін теріс түсінген.
В. Радлов Фонетикасын сөз еткенімізде мына үш мәселе есте болуы қажет: оның бірі -- екпін мәселесі, екінші мәселе -- дыбыстардың дистрибуциясы, үшіншісі -- түркі тілдерінің үндестік заңы. В. Радлов көп буынды сөздерде сөз аяғына түсетін негізгі екпінн басқа көмекші екпіндердің болатынын, көмекші екпіннің фонетикалық табиғаты үнді (музыкалық) екпін екенін айтады. Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстардың, дистрибуциялық ережелеріне едәуір көңіл аударып, дыбыс тіркесімдері жайында біраз мәлімет берген.
В. Радлов түркі тілдерінде сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап (палаталды -- езу, лабиалды -- ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр деп қорытады.
П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне - тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тарауында дыбыстардың артикуляциясы (жасалуы), дыбыстардың комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану жайы, үндестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Дауыстылардың протеза, элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ мәлімет беред.
П. М. Ме - лиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп қазақ во - кализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, ы, і, о, ö, у, ÿ), консонан - тизм саласы жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, p, л, к, г, ч, 1, қ, ғ, ң, й, ǐ-дж) құралатынын атап өтеді. Дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң деп жіктеп, графикаға қатысын да анықтайды. Қу, ту, би сөздерінде айтылатын у, и дыбыстарын естілуіне қарай созылыңқы дыбыстар деп таниды. П.М. Мелиоранский, В. Радлов айтқан пікірді қуаттай отырып л сонорының жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын дербес фонема деп түсінеді. Тіл ортасы к, г және тіл арты қ, ғ дыбыстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
Буын. Зерттелуі және түрлері
Қазіргі қазақ фонетикасы жайлы
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Интонацияның маңызы
Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
Орфография
Дыбыс үндестігі
Пәндер