Қалқансерік бездер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Эндокринді бездердің физиологиясының жасқа сай ерекшеліктеріне талдау

Орындаған:______________
Тексерген:______________
Алматы 2018

Жоспары:

I. Кіріспе. Эндокриндік бездер физиологиясы
II. Негізгі бөлім:
1. Гипофиз
2. Қалқанша без
3. Қалқансерік бездер
4. Ұйқы безі
5. Бүйректүсті бездері
6. Жыныс бездері
7. Домалақ без - эпифиз
III. Бездердің жас ерекшеліктеріне байланысты болатын өзгерістер.
IV. Қорытынды
V. Пайдалаынлған әдебиеттер

Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездердің өнімдерін гормон(грек.гормо - іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің қызметін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі.
Ішкі секрециялық бездерге: гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айрлы (тимус) без, бүйрекүсті бездері, қарын асты безінің (ұйқы безі) Лангерганс аралшықтары, жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі сыртқы және ішкі секрециялық бездердің де қызметін атқарады.
Гормон - өте белсенді химиялық зат. Гормондардың қасиеттері:
- олар өте белсенді, өте аз мөлшерде де әсер ете алады (микрограмм, нанограмм);
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің гормоны оның қызметін атқара алмайды
- ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді.
Гормондар химиялық құрамына қарай: белок, полипептид, липидтер және стереойдтарға жатады.
Әрбір ішкі секрециялық без тек нақты гормон өндіреді.Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек.гипо- аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (гипер - артық, жоғары) байқалады. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.
Гипофиз.Бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Жаңа туған сәбидің гипофизінің салмағы 10-15 мг, 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі, жасөспірімдерде ересектердікіндей 50-65 мг болады.
Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы және ортаңғы бөлігін аденогипофиз, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атйды. Алдыңғы бөлігі 75%, ортаңғы - 1-2%, артқы - 18-23% құрайды.
Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) - белоктың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудің алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу горомонының мөлшері өте көп (60 ммкгмл), 3 айда 16 ммкгмл, ересек балаларда 10,8 ммкгмл, ал ержеткенде 0,55 ммкгмл болады.
1945 ж. бұл гормонды Еванс пен Ли Симпсон тек малдың безінен тапқан, ал 1948 ж. жануарлардың, 1956-1968 жылдары адамның безінен тапқан.
СТГ гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып кетеді) алыптық, ал гипосекрециясында баланың бойы қысқа ергежейлік байқалады.
Жыныстық жетілуден кейін СТГ көбейіп кетсе акромегалия байқалады, яғни адамның бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады.
Тиреотропин (ТТГ)қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.
Адренокортикотропин (АКТГ)бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының горомондары глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар)жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.
Меланотропин (МТГ)адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі.
Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында - қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді).
Эпифиз - пішіні домалақ. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде ұзындығы 3мм ені 2,5 мм қалыңдығы 2 мм. 4 жасқа дейін өсіп көлемі артады да одан әрі клеткалары кішірейіп қарапайымдалады. 8 жастан кейін тығыздалып қызметі тоқтайды. Эпифиз безінің гормондары жыныс безінің гормондарын тежейтіндігі анықталған. Эпифизде 3 гормон өндіріледі:
1. Меланин - теріні түссіздендіреді;
2. Контргиопоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді;
3. Гломерулокортикотропин - бүйрекүсті безінің қызметін тежейді.
Қалқанша безі. Сыңар мүше, аты 1956 жылдан белгілі. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г., 6 айда 2 г., 1 жаста 3 г., 3-4 ж. 7 г., 5-6 ж, 10 г., 16-20 ж. 25г. болады. Ересек адамдарда 35-37 г.
Бұл бездің қызметі ұрық кезден басталады, 3 гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин.
Қалқанша безінің құрамында йод көп болады, тироксиннің құрамында 65% йод болады. Организмге йод жетіспегенде (гипосекрециясында) эндемиялы зоб ауруы пайда болады.
Кальцитонин қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады.
Қалқанша безінің гиперсекрециясында Базед ауруы байқалады. Науқастың көзі шарасынан шығады, қалқанша безі өседі, зат алмасу күшейіп, ұйқы бұзылып, тез шаршайды, бала жылауық, ашуланшақ болады. Гипосекрецияда - миксидема, шірішті ісік пайда болады. Науқастың тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса кретинизмге шалдығады: жыныс мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.
Гипосекреция кемшілігі 2 түрлі болады:
1. Туа болған, қалқанша безі болмай, не нашар дамыған болса;
2. Жүре пайда болған. Гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе пайда болады.
Қалқан серік бездеріқалқанша безінің артқы жағында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады.
Салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жасөспірімдерде қалақансерік бездері қызғылттау, кейін сарғыш болады, қартайғанда қоңыр болады. Қалқансерік безінде паратгормон деп аталатын гормон өндіріледі.
Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Бұл гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады.Гиперсекрециясында - фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да гиперкальцемия (сүйектер деформацияға ұшырайды) байқалады.
Бүйрек үсті бездері - қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында орналасқан, салмағы 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г., милы қабаты 1,2 - 2,4 г.
Егер жануарлардың екі безін сылып алып тастаса жануарлар 1 аптаның ішінде өліп қалады. Милы қабатты қалдырып қыртысты қабатын сылып алып тастаса да жануарлар өліп қалады. Ал милы қабатты алып тастап қыртысты қабатты қалдырса өзгеріссіз ұзақ өмір сүре береді. Себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар кейбір ірі қантамырларының бойында, ганглияларында кездеседі.
Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді.
Кортикостеройдтар қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді:
1) глюкокортикоидтар;
2) минералокортикоидтар;
3) адренокортикоидтар.
Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпалардың, белоктың ыдырауы күшейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Осы әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы азайып, өсуі нашарлайды.
Канадалық ғалым Г.Селье алғаш бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге қаурт жағдайда өте қажет екенін көрсетті. Ол адамның қатты күйзеліс кезіндегі тітіркендіргіштерді стрессор деп атады (ағыл. стресс - қатты күйзелу, абыржу). Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормоны азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.
Глюкокортиоидтардың қабынуға аллергияға қарсы тұру қабілетін арттыруға маңызы ерекше.
Минералокортикоидтар - тер, сілекей бездерінде су мен тұздардың алмасуын реттейді.
Адренокортикоидтар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Бірақ жыныс бездерінің гормондарына қарағанда әлсіздеу.
Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі: адреналин және норадреналин.
Адреналин жүректің жұмысын күшейтіп соғу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гормондардың әсері
Эндокриндік бездер физиологиясы
Ішкі сөлініс бездер жүйесі
Бездер мен гормондар
Гормондар – организмнің өсуі мен дамуының реттеушілері
Гипоталамус - гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі туралы ақпарат
Гуморальдық қызметінің реттелуі. Жас ерекшеліктері
Бүйрек үсті бездің без заты
Гормондар және адаптациялық процесстер
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Пәндер