Мақта шаруашылығы


Мазмұны
- Өнімнің тағайындалу аймағы және сипаттамасы
- Өндірістің технологиялық сұлбасы
- Өнімді өндірудің технологиялық процесінің жазбасы
- Өлшеу құралдарының метрологиялық мінездемелері және оларды нормалау
- Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
- Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
- Өнім сапасын квалиметриялық бағалау
- Өнім сапасын бақылаудағы статистикалық әдістер
- Өнім сапасын басқару
- Стандарттардың, метрологиялық ережелердің нормаларының талаптарын сақтау үшін мемлекеттік қадағалау
- Өнімді сынау, жабдықты сынау
- Өнімді сертификаттау, сапа жүйесін сертификаттау
- Нормативті құжаттаманы әзірлеу
- Тіршілік қауіпсіздігі
- Қоршаған ортаны қорғау
- Экономикалық бөлім
Кіріспе
Мақта халық шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Халық шаруашылығында мақта немесе одан шыққан өнімді пайдаланбайтын ешбір сала жоқ. Шитті мақтаны алғашқы өңдеу нәтижесінде мақта талшығын алу жылдан - жылға дами түседі. Бұл нәтижені ары қарай дамыту үшін мақта тазалау өндірісіне жаңа технологияларды енгізу қажет. Осыған тікелей байланысты деп технологиялық процесті атасақ болады. Себебі, технологиялық процесті жетілдіру зауыттың жалпы жұмысын жетілдірумен тікелей байланысты.
Мақта тазалау зауыттары, дайындау орындары арқылы мақтаның өсу барысын бақылап отырады және дайындау орындарында қабылдау, сақтау, өз уақытында мақта тазалау зауыттарына жеткізуді де басқарып отырады.
Мақта тазалау зауыттары арнайы технологиялық жабдықтармен, цех ішіндегі және арасындағы шитті мақта дайын өнімді тасу транспортымен, талшық, линт, талшық шығындарын нығыздау үшін гидронығыздағыш және де басқа да құрылғылармен жабдықталаған.
Әрбір мақта тазалау зауыттардың жабдықты өңдеуді қамтамасыздандыру үшін өзінің өңдеу - механикалық базасы болады.
Мақта тазалау зауытының үлкен шикізат базасы болатын болса ( бір жылдық мақта көлемі 26000 т/жыл көп болса), онда зауыт сыртында мақта дайындау пунктері болады, ал егер одан кем болса, онда зауыт ішіндегі дайындау орындарымен шектеледі.
Мақта тазалау зауыттарын жобалауда өндірістік ауданшаларды тиімді және рационалды пайдалануға көңіл бөлу керек.
Транспорттық жолын қысқарту, құрылыс жұмыстарын қысқарту жалпы зауыт тиімділігін арттырады.
Жеке тапсырмаға сәйкес линтерлер классификациясы үшін басты өңделетін өнім ретінде шитті мақтаның физика - механикалық қасиетін оқып үйрену қажет болады, өйткені үлкен қиыншылықпен, ауыр еңбекпен өсірілген дақылдардың табиғи қасиетін төмендетпестен сапалы өңдеп алу мәселесі инженер - технолог мамандығына үлкен жауапкершілікті талап етеді
КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
Ауыл Асық - Ата
Аудан Мақтаарал
Облыс Оңтүстік Қазақстан
Республика Қазақстан
Мекен жайы 708650, Асық - Ата ауылы,
Абулқасимов көш 17
АҚ «Ақ - Алтын» кәсіпорыны Асық - Ата ауылының оңтүстік шығыс жағында ораналасқан. Кәсіпорын айналасында шығыс, оңтүстік шығыс, оңтүстік батыс және батыс жағынан мақта өсетін егістерден тұратын егіншаруашылығымен қоршалған. Солтүстік батыс жағынанн кәсіпорын өндірістік алаңшасынан 100-150 метр қашықтықта жеке сектор тұрғын құрылыстары орналасқан. Кәсіпорынның солтүстік шығыс және солтүстік жағында асхана орналасқан және бірнеше жеке сектор тұрғын үйлері бар. Ең жақын тұрғын үйге дейінгі қашықтық 150-200 метр, ал атмосфераны ластау көзінен тұрғын үйлерге дейінгі қашықтық 250 - 300 метр.
Ақ - Алтын дайындау пунктілері жеке өндірістің алаңшаларда орналасқан.
Мақта зауытының негізгі іскерлігі болып мақта шикізатын өңдеу және төмендегі өнімдерді алу есептеледі.
- Мақта талшық
- Шиттер
- Линт
- Шелуха
5. Пух
Осылардың ішіндегі ең негізгі өнім - талшық болып табылады, ол тігін және жеңіл өнеркәсібінде кеңінен қоланысқа ие. Өзінің іскерлік ету мерзімдері ішінде кәсіпорын талшықтың шығарылу көлемі ұлғайтып келеді. Егер 1967 жылы талшықтарды шығару көлемі 8000 тонна құраса, ал 2002 жылы ол 23000 тонна көлемге дейін жетті. Өнімнің сапасы халықаралық стандарттар талаптарына сай және әлемдік нарфықта бәсекеге қабілетті болып табылады.
Зауытты құру және дамыту шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Бірінші периодта зауыт құрылысы салынып және бірінші рет реконструкциялау жүргізілген. Екінші периодта зауыттың техникалық жабдыталуы орындалды. Үшінші периодта барлық күштер зауыт коллективінің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге жұмсалды. Осы уақыттта ААҚ «Ақ - Алтын» жқсы техникалық базаға, тұрақты кадрлық потенциалға, нарықта дайын өнімнің жақсы рейтингіне ие. Кәсіпорында 700 дей адам жұмыс атқарады.
1 Өнімнің тағайындалу аймағы және сипаттамасы
Джинирлеуден кейін мақта шитінде талшықты материал қалады. Оның мөлшері шитті мақтаның өндірістік сортына байланысты болады. Орта талшықты сорттарда қысқа талшықтың мөлшері шит массасының 11-16% - ін құрайды. Мақта шитінде қалған қысқа талшықтың шамасы 1- 1, 5 мм - ден 25 - 26 мм дейін болады.
Линт пен делинт тоқыма, химиялық өнеркәсіптерге маңызды да бағалы шикізат болып табылады. Линтті мақта шитінен механикалық жолмен ажырату екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - линтті екі рет ажырату. Екінші - делинтті ажырату.
Линтерлеу мәшинелері мақта шитінен линтті техникалық жолмен ажырату болып, яғни шит пен линтті бөлуге болады. Соңғы кезде 5 ЛП линтерінің құрылымы ойлап шығарылған. Бұл жабдық бұрынғы шығарылған жабдықтарға қарағанда артықшылығы елерліктей. Линт бойынша өнімділігі 400 кг/мин жетеді, ал шит бойынша өнімділігі 1500 кг/мин дейін жетеді.
Линтер герметизацияланған, қоректендіргіш - тазалағышпен жабдықталған. Бұл линтерде шиттерді тазалау мүмкіндігі бар. Жұмысшы камерасында аралар кіруінің тереңдігі қарастырылған. Қопсытқыш жылдамдығы 500 айн/мин дейін асырылған. Оның нәтижесінде линт алу өнімділігі 10 - 15% асты. Шит беруді реттеу импульсті вариатор көмегімен іске асырылады. Линтер жабдығының осы көрсеткіштері үлкен сенімді алады және өндіріске кең таралған түрде енгізілуде.
Шиттің линтерлеуден кейін талшықсыздандырылуы қаншама көп болса, оның сапасы соншама жоғары болады. Бұл шиттен май алу дәрежесін көбейтіп, егуге арналған шиттің сапасын да көтереді. Тағы шиттің толық талшықсыздандырылуы көп факторларға байланысты. Талшықсыздандыруды жоғарылатудың бірнеше жолдары бар:
- шиттің линтердің жұмыс камерасында болу уақытын көбейту;
- шит білігінің жылдамдығын асыру;
- аралардың бұрыштық жылдамдығын асыру.
Талшықсыздандырудың шамасын жоғарылатудың бұл жолдары нәтижеде шиттің зақымдалуына алып келеді. Осыған байланысты басқа іс - шаралар қолдану керек. Шет елдерде линтерлеу мәшинелерін жетілдіру жұмыстары Америка Құрама Штаттарында жүргізіледі: Бұл жерде “Мурей”, “Люммус” фирмаларын линтерлеу қондырғыларын дамыту жұмыстарын алып барады. Бұл қондырғыларда орнатылған жабдықтардың қуат сыйымдылығы өте жоғары.
Мақта иіру өндірісінің соңғы өнімі болып кресты орамада цилиндрлік бобиналар түрінде алынатын біржіпті иірім жіп есептеледі.
Иірім жіп - бір - бірімен үйкеліс күші және бұралу күшімен бекітілген, ұзындығы бойынша таралған талшықтардан тұратын шексіз ұзын дене болып табылады.
Иірім жіп - карднды, гребенкалы және аппаратты болып бөлінеді.
Инелі түтілген иірім жіп - бөгде қоспалардан шляпалы кардо түтуші машинада біржола тазартылатын орта талшықты мақталардан өңделеді. Карданды иірім жіп ең таралған болып табылады. Оны көптеген маталарды және трикотажды бұйымдарды өңдеу үшін пайдаланады.
Гребенкалы иірім жіп - жұқа талшықты мақтадан өңделеді. Иіру өндірісі машиналар тізбегінде гребенкалы иірім жіптерді алуда шляпалы түту машинасынан басқа таспадағы талшық тазалығын және бірқалыптылығын жоғарылататын гребетүтуші машина пайдаланылады. Олардан шифон, вуаль, вольта, батист, поплин, репс және т. б., сонымен қатар тігіс жіптері дайындалады.
Аппаратты иірім жіп - төмен сорттағы мақталарды қоса отырып иіру өндірісі қалдықды талшықтарынан жасалады. Осы иірім жіпті алу үшін арналған өндіріс тізбегі үшін екітүімді аппарат пайдаланылады. Аппаратты иірім жіп борпылдақтығымен, мамықтығымен және төмен беріктігімен ерекшеленеді. Оны негізінен киімдік, жиһаздық - декоративті маталар және одеалолар жасау үшін қолданады.
Арналуы бойынша иірім келесідей бөлінеді:
- негізгі;
- маталар жасау үшін мойыншалық;
- трикотажды бұйымдар алу үшін трикотажды;
- сөтілмелі материалдар үшін арналған;
- тігіс жіптерін дайынду үшін арналған;
- кілемдік бұйымдар жасауға арналған.
Негіздік иірім жіп - матада жолақ бойында ораналасады, ал мойыншалық иірім жіп - көлденең бағытта орналасады. Негіздік иірім жіп жоғары беріктікке және серпімділікке ие болуы қажет, себебі ол тоқу процесінде көпретті қайталанатын күштер әсеріне ұшырайды және осы күштер әсеріне үзілусіз шыдас беруі қажет. Сондықтан негіздік иірім жіп сапасы жағынан жоғары және мойыншалық иірім жіппен салыстырғанда жоғары бұралушылыққа ие болуы қажет.
Трикотажды бұйымдарды трикотажды машиналарда өңдейді, мұнда иірім жіптер үлкен күштер әсеріне ұшырымайды. Бірақ ол белгілі бір беріктік пен серпімділікке ие болуы қажет. Күшті бұралған иірім жіп өру процесінде керу бәсеңдеген кезде трикотажда түйіндер түзуі мүмкін, және машинада инелердің сынуына алып келеді немесе өзі үзіліп кетуі мүмкін. Трикотажды бұйым негіздік жіп секілді сызықты тығыздыққа ие болады.
1. 1 Е ліміздің тоқыма өнеркәсібінің ағымдағы жағдайын бағалау
Тоқыма өнеркәсібі табиғи, жасанды және синтетикалық талшықтарды иірім жіптерге және маталарға өңдеумен айналысатын жеңіл өнеркәсіп топтарын құрайды. Мемлекеттік классификаторға сай Қазақстан Республикасының тоқыма өндірісі экономикалық іскерліктің 3 түрінде көрсетілуі қажет.
Кесте 1 - Қазақстан Республикасы тоқыма өнеркәсібі сферасындағы экономикалық іскерлік түрлері
Кесте 2 - ҚР тоқыма өнеркәсібінің өнімдері негізгі түрлерінің өндірісі
2005 жыл қаңтар - тамыз
Табиғи тоқыма талшықтардың өндірісі. Қазақстандағы табиғи талшықтар өндірісінің көлемі 2005 жылы 138665 тонна құрады (кесте 2. 1) . табиғи талшықтар өндірісі құрылымында 95, 7 пайызы мақта талшығының үлесіне, 4, 3 пайыз - жүннен жасалған талшықтар үлесіне тиесілі. Өндірілетін мақта талшығының 94, 6 пайызы экспортқа шығарылады, ал 5, 4 пайызы маталар дайындау үшін қолданылатын иірім жіптерге өңделеді.
Кесте 3 - 2005ж ҚР тоқыма талшықтарын өндіру, экспортқа шығару және импорты
Мақта талшығы. Табиғи тоқыма талшщықтары ішінде мақта талшығы Қазақстан Республикасында өндірілуі бойынша ең үлкен топты құрайды.
2006 жылы мақта - талшығының табиғи тоқыма талшықтары өндірісіндегі көлемі 95, 7 пайыз құрады, немесе 132, 6 мың тонна. 2002 жылмен салыстырғанда мақта талшығының өндірісінің көлемі 2005 жылы 3, 4 пайызға төмендеді.
Мақта талшығы өндірісімен 19 кәсіпорын айналысады, олардың ішінде ең ірілері болып: ЖШС «Нимекс» қуаты 80 мың тонна/жыл (Шымкент қаласы) ; ААҚ «Мырзакент», «Ютекс», қуаты 60 мың тонна (Шымкент қаласы) есептеледі.
Мақта түтуші зауыттардың 2006 жылдың соңындағы жалпы өндіріс қуаты 392, 5 тонна құрады. Орташа жылдық қуатты пайдалану есептік жылда 33, 8% құрады.
Мақтаның орташа 1200 дол/тонна бағасы бойынша
Орта 470 долл/тонна бағасы бойынша 2005 жылы Қазақстан 389, 3 тонна түтілмеген мақта - талшықты орта азиялық бекеттік баға бойынша 1, 2 долл/кг экспорттады. Негізгі экспорттар Түркіменстанға (70 пайыз), Тәжікстанға (12 пайыз), Ресейге (13 пайыз) және Қырғызстанға (5 пайыз) жасалды. Қазақстан дық мақта әлемдік классификацияға тіркелмеген және өзбекстандық деп аталады. Сапаның эталондық стандарты бойынша келесілерге жатады: «Бірінші юрт», «Бірінші жақсы» Өзбекстанда, стандарт - 2 Түркменстанда, «Первый сорт» ТМД басқа елдерінде.
Табиғи талшықтардан жасалатын тоқыма иірім жіптер нарығы
Табиғи талшықтардан жасалатын тоқыма иірім жіптердің көлемі Қазақстанда 2005 жылы 4165 тонна құрады (кесте 5) .
Кесте 4 - 2003 жылғы ҚР тьоқыма иірім жіптерінің экспорты және импорты және өндірілу көлемі
Иірім жіптердің 99 пайызы табиғи талшықтар (мақта) негізінде жасалады.
Қазақстан Республикасында өндірілетін табиғи талшықтардан жасалған иірім жіптердің 17, 9% мөлшері экспортқа шығарылады, 82, 1 пайызы маталар, трикотажды бұйымдар, кілемдер және басқа да тоқыма маталар өндірісінде пайдаланылады.
- Технологиялық процесс
Мақтаның түрі, өндірістік сорты, теру ( жинау ) түрі, ластану және ылғалдылығына байланысты мақта алдын - ала өңдеу технологиялық процесіне қойылатын талап - мүмкіндігі барынша еңбек, шикізат, қуат шығындарын азайтып, жоғары сапалы өнім алу. Осыған байланысты мақта тазалау зауытының технологиялық схемасы түрлі алғашқы физика - механикалық және технологиялық сипаттамалы шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік беру керек.
Бұл үшін:
а) қабылданған шитті мақта қалыпты кондициялы немесе технологиялық ылғалдылыққа жеткізіледі;
ә) жоғары сапалы талшықтар нормасына сай шитті мақта ірі және майда ластауыштардан, тағы да бөтен заттардан тазаланады;
б) джинирлеу кезінде ұзын талшықтар шиттерден толық алынып, ластауыш қоспалардан тазаланады;
в) джинирлеуден соң, шиттерде қалған қысқа талшық ( линт және делинт ) толық алынады;
г) талшық, линт, делинт және талшықты қалдықтарды сақтау, тасымалдауға ыңғайлы және өртке қауіпсіз будаларға престеледі;
д) егуге арналған шиттер тазаланып, сортталып, зарарсыздандырылып сақтауға қойылады, техникалық шиттер ары қарай өңдеу үшін керекті дәрежеге жеткізіленеді.
Жоғарыда көрсетілген технологиялық операциялар мақта тазалау зауытының мынадай негізгі цехтерінде немесе бөлімшелерінде жүргізіледі:
Шитті мақтаны жиналып тұрған маядан (1) РБА бунт бұзғышы (2) көмегімен пневмотасымалдау жүйесіне (3) жеткізіледі. Мұнда шитті мақтаны ауыр қоспадан тазалайтын ЧТП (4) құрылғысынан өтіп, яғни тас, темір және т. б. ауыр қоспаларды тазалайды, ары қарай кептіргішке (7) бағыт алады.
Пневмотасымалдау жүйесінде ауа ағымынан ажыратқыш СС - 15 сепараторы (5) көмегімен шитті мақта кептіргішке түседі. Кептіргіште белгілі бір ылғалдылыққа дейін шитті мақта кептіріліп ары қарай майда ластауыштардан тазалағыштар 6А - 12М1 (9) жабдығына бағытталады. Кептірілген шитті мақта пневмотасымалдау жүйесінде ауа ағымынан ажыратқыш СС - 15 сепараторымен (5) 6А - 12 М1 майда ластауыштардан тазалағышқа келіп түседі. Мұнда белгілі ластылық деңгейіне жеткен соң шитті мақта пневмотасымалдау жүйесімен ірі қиқым - қоқыстан тазалағыштар “Мехнат” (12) жабдығына сепаратор СС - 15 арқылы келіп түседі. Мұнда шитті мақта нормадағы ластылық деңгейіне жеткен соң, келесі процесс джинирлеу процесіне пневмотасымалдау жүйесімен шитті мақта келіп түседі. Джинирлеу процесі джин (4) жабдығына өтеді. Шитті мақта мұнда мақта талшығы мен шитке ажыратылып, мақта талшығы ары қарай пневмотасымалдау арқылы мақта талшығы тазаланады да КВ - 3М конденсоры (15) арқылы алдын - ала нығыздалады. Нығыздалған талшық роликті тасымалдағыш көмегімен жабық қоймаларға жеткізіледі. Джинирлеу процесімен шығатын екінші өнім шит бұрандалы конвейер немесе элеватор көмегімен келесі процесс линтерлеуге (16) бағытталады. Шит джинирлеу процесі кезінде әртүрлі қиқым - қоқыспен ластанады. Сондықтан линтерлеуге дейін шит тазалағыштар қиқым - қоқыстан тазаланады. Линтерлеу (16) бірнеше рет өткізілуі мүмкін. Егер шит техникалық болса, онда линтерлеуден үш - төрт рет өтеді, ал егіндік болса, онда екі рет өтіп ары қарай шит өңделуге жіберіледі, яғни мамықтан ажыратылады және химиялық өңдеуден өтіп қоймаға жіберіледі. Ал линтерлеудегі негізгі өнім линт пен делинт пневмотасымалдау арқылы нығыздалуға жеткізіледі. Техникалық шит линтерлеуден шығып (20) қоймаға немесе май шығару өндірісіне жіберіледі.
2. 1 Технологиялық процес негізгі сатылары
Мақтаны өңдеу процесі бірнеше негізгі процестерден тұрады. Бұлар:
- Мақтаны қабылдау және сақтау;
- Мақтаны алдын - ала тазалау және кептіру;
- Мақтадан талшық және шит алу;
- Талшықты өңдеу;
- Шитті өңдеу.
Мақтаны қабылдау және сақтау
Шитті мақтаны зауытқа автотранспортпен жеткізеді. Арнайы автотаразыға тартылған кезде шитті мақта тексеріледі. Тексеру кезінде мақтаның ылғалдылығы, шаңдалғандығы нәтижеде оның сорты анықталады. Мақта сақтау өте маңызды операциялардың бірі. Жоғары ылғалдылықтағы мақта өзін - өзі қыздыруға келтіреді. Бұл мақтаның сапасын төмендетеді. Жоғары ылғалдылыққа қарсы мынадай шаралар қолданылады; вентиляция, тоннель жасау; кептіру.
Мақта маяларын жауын - шашыннан сақтау үшін маяларды брезенттермен жабады.
Сақтау кезінде мақтаның температурасынан ылғалдылығына дейін үздіксіз бақылау жүргізіледі.
Мақтаны алдын - ала тазалау және кептіру
Ашық немесе жабық қоймалардағы мақта кептіру цехына пневмотранспорт арқылы беріледі.
Құбыр арқылы тасымалданатын мақта арнайы тас ұстағыштан өтеді.
Тас ұстағыштарда мақтаның ішіндегі тастар және басқа ауыр бөтен заттар ұсталады.
Тас ұстағыштың жұмыс істеу принципі - пневмотранспорт құбырымен тасымалданатын мақта арнайы жылжымайтын бетке соғылып өзінің жылдамдығын жояды. Бұл кезде ауыр заттар өз салмағымен төмен түсіп арнайы камерада жиналады. Ал жеңіл мақта ауамен бірге ары қарай тасымалданады. Бұл жерде қырғышты сепаратор (СС - 15) орналасады. Сепараторда шитті мақта ауадан ажыратылады. Ал ауа циклонға беріліп, бұл жерде шаңнан тазаланады. Ауадағы шаңның қалдықтары шаң жинағыш камерада тұнады. Тазартылған ауа атмосфераға шығарып тасталады. Сепаратордың камерасындағы мақта кептіру барабанына беріледі. Барабанның ішінде арнайы қалақшалар бар. Қалақшалар барабан айналған кезде шитті мақтаны жоғары көтереді. Жоғарыдан түскен кезде шитті мақта кептіру агентімен әсерлеседі. Осының нәтижесінде шитті мақта кептіріледі. Ал кептіру агенті ретінде газ немесе керосинді жаққан кезде пайда болатын ыстық ауалар қолданылады. Агент желдеткіш көмегімен кептіру барабанына беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz