Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.15 – 06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қара мал желінсауының физиотерапиясын жетілдіру

5В120100 мамандығы - Ветеринарлық медицина

Шымкент, 2016 ж.

Ф.7.15 - 07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі C. Е.Тулеметова
а.ғ.к

_____2017 ж

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі С.Е.Тулеметова
а.ғ.к
____________2017 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Сиыр желінсауының тиімді емдерін қолдану

5В120100мамандығы – Ветеринарлық медицина

Орындаған:
Адилаева Гауһар
Ғылыми жетекшісі:
Ильясов Б.К.
в.ғ.д., профессор

Шымкент, 2017ж.

Ф.7.15- 08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

___________________________________ _______________факультеті
(факультет атауы)
___________________________________ __________________кафедрасы

Мамандығы__________________________ _________________
(мамандықтың аталуы мен шифрі)

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі
____________________
(каф. меңгерушісі А.Т.Ә.)
_________2016 ж.
дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға

ТАПСЫРМА №___

Студент ___________________________________ ___________________
(Т.А.Ә.)
(тобының)

Жұмыстың (жобаның) тақырыбы___________________________ ______

Университет бойынша_____________ж. № _____бұйрығымен бекітілген

Жұмысты (жобаны) анықтау мерзімі____________________________ __

Жұмысты (жобаны) орындауға берілген мәліметтер________________

Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Қара мал желінсауының физиотерапиясын
жетілдіру. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, өзіндік
зерттеулерден құралған. Дипломдық жұмыста өзіндік зерттеулерге талдау
жасалған,еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі, қоршаған ортаны
қорғау, экономика бойынша бөлім, бизнес жоспарлау, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі, қосымшалар қарастырылған. Дипломдық жұмыстың аяғында
қорытынды және өндіріске ұсынулар жазылған.

МАЗМҰНЫ

Дипломдық жұмыста кездесетін қысқартылған
сөздер ... ... ... ... ... ... ... . ...6
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...9
1. ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..9
1.1 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Гипогалактия және
агалактия ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Желінсау түрлерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
1.4 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары және қызметінің бұзылуы..17
2 ӨЗІНДІК
ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..29
2.1 Өзіндік зертеулердің материалдары және
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 ЖЕЛІНСАУДЫ БАЛАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.3 ЖЕЛІНСАУДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ӘДІСПЕН АНЫҚТАУ ... ... ... ...32
2.4 Сүт шаруашылығындағы сапалы өнім алудың және желінсаудың
алдыналу шараларының қазіргі прогрессивтік технологиясы ... ... ... .35
2.5 ШАРУАШЫЛЫҚҚА
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..38
3. Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..39
4. Қоршаған ортаны қорғау бойынша
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 50
5. Экономика бойынша
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.57
6.Бизнес-
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 64
Қортынды және
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...68
Түйін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 69
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 72

Дипломдық жұмыста кездесетін қысқартылған сөздер

АСД – Дороговтың антисептик стимуляторы
АСД – 2 - Дороговтың антисептик стимуляторы, 2 фракциясы
ӘБ - әлемдік бірлік
әб - әсер бірлік
ТБ – тышқан бірлігі
ФСГ – фолликулстимульдеуші гормон
СБП – сутті бақылау пластинкасы

Анықтамалар

Анамнез – ветеринарлық практикада ауру малға балау жасау мақсатында
жануардың ұстауы мен азықтануы, аурудың дамуы туралы мәліметтер жинау.
Галактогендік жол –сүт бездеріне патогендік микробтардың желіннің үрпі
арқылы түсуі.
Гематогендік жол – сүт бездеріне патогендік микробтардың қанмен келіп
түсуі.
Желінсау - механикалық, химиялық, температуралық және биологиялық
факторларының әсерінен болатын сүт бездерінің қабынуы.
Жасырын желінсау – клиникалық белгілері білінбей немесе өте әлсіз
білінетін сүт бездерінің қабынуы және сүт түзілуі мен сапасының төмендеуі
Желінсау жіктелуі – А.П. Студенцовтың жіктеуі сәйкес аналық жануарларда
желінсаудың алты клиникалық формасы және бір асқыну бар, өтуі бойынша
желінсау – жіті және созылмалы болады.
Желінсау этиологиясы – сүт бездерінің қабынуына алып келетін зиянды
биологиялық, химиялық, температуралық және механикалық фаторлар жиынтығы.
Лимфагендік жол – сүт бездеріне патогендік микробтардың лимфамен келіп
түсуі.
Моцион (серуендету) – аурудың алдын алу мақсатында жануарларға серуендету
ұйымдастыру.
Новокаиндік тежеулер – жануарларорганизмінде жіті формада өтіп жатқан
қабыну үрдістерінде новокаин ерітіндісін жүйке жүйесінің қызметін
қалыптастыру үшін пайдаланатын ветеринарлық тәжірибеде кең тараған
патогенетикалық емдеу әдісі.
Окситоцин – физиологиялық жағдайда аналық жануардың жатыры мен сүт
бездерінің миоэпителийінің жиырылуын қамтамасыз ететін гормон.
Патогенетикалық емдеу – малдәрігерлік практикада жиі қабынудың жіті
формасында пайдаланатын организмде өтіп жатқан патологиялық процесстердің
өту механизмін бәсеңдетуге бағытталған емдеу тәсілдері, соның ішінде
новокаиндік тежеулер.
Симптоматикалық емдеу – патологиялық үрдістердің клиникалық белгілерін
жоюға бағытталған емдеу әдістері.
Сервис кезең – туғаннан ұрықтанғанға дейінгі кезең
Туғаннан кейінгі кезең – туудан кейін жыныс органдарының инволюциясы
болғанға дейінгі кезең
Этиотроптық емдеу – қабыну үрдістерінің себептерін жоюға бағытталған емдеу
әдістері (антибиотиктік, сульфанильамидтік емдеулер)

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары малшаруашылығы қайта
жаңғырып, жаңадан көптеген сүт өндіретін шаруашылықтар ашылып, сонымен
қатар бұрынғы шаруашылықтар жаңадан дами бастады. Асылтұқым мал қсіріп
өнім беретін шаруашылықтарға ҚР өкіметі 25-30 пайыздық датациалық көмек
беруде.
Бүгінгі таңда малшаруашылығында сүт өнімділігін арттырудын негізгі
жолдарының бірі – сауынды сиырлардың сүттілігін көбейту. Бірақта бірден бір
кедергі факторларының бірі сиырдың желін безінің қабынуы, жарақаттануы,
қабынбай өтетін ауруларын дер кезінде анықтап, емдеу және алдын алу
шараларын жүргізбеуден, сонымен қатар малды дұрыс бағып күтпеу.
Республика бойынша көптеген шаруашылықтарда сүт өндіру өндірістік
жолға қойыла басталды, атап атсақ Родина, Адал, Фудмастер, Астана -
өнім, П3 Алматы, Байсерке-АГРО, тағы басқалар. Көптеген
шаруашылықтарда алдыңғы технология қолданып, барлық жұмыстар
автоматтандырылған және механикаландырылған.
Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге карайтын болсақ, технологиялық
процесстің орындалу кезінде ветеринарлық – санитарлық талаптар орындалмай
желін безі қабынып, сүт өнімінің сапасы төмендейтіні белгілі.
Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып дипломдық жұмыстың мақсаты– “Сүт
өндіретін шаруашылықтарда сиырдың желінсауын балау және алдыналу”.
Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді алдық:
1. Ташкенбай шаруашылығы бойынша желінсаудың таралуын анықтау.
2. Сүт зауытына тапсырылатын сүт сынамаларына зерттеу жүргізу.
3. Желінсаудың сүттің ветеринарлық – санитарлық сапасына әсер етуін
анықтау және емдеу әдісін жетілдіру.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Желінсауға шалдыққан сиырлардың әртүрлі
физиотерапивтік әдістерін қолданып, оның ішінен оң нәтиже алынған әдістерді
ветеринарияда қолдану.

Негізгі бөлім

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары

Желіннің сірлі ісінуі бұл ауру буаздықтың соңғы айларында
байқалады, ол қанның сұйық бөлімінің тері астындағы үлпілдек ұлпаға
жиналып, желіннің ісінуі.
Себептері. Желіннің сірлі ісінуі жоғары өнім беретін сиырларда жиі
кездеседі, олардың буаз кезінде шырынды азықтармен, жем-шөптермен
тамақтандырып, серуенге шығармағанда байқалады. Буаз малдың туар алдында
желініне қан қарқынды келіп, төлдің қысымынан қан тамырлары сығылып, қан
қайта алмай турып қалады. Қан тамырларының сығылу нәтижесінде капилляр-
тамырларының қабырғасынан қанның сұйык бөлігі тері асты үлпілдек ұлпасына
жиналып қалады [1,2,3,4,5]
Көріністері. Желіннің ісіну кезінде малдың жүруі қиындайды.
Желіннің көлемі шамадан тыс үлкейеді, артқы бөлімдері алдынғы бөлімдерінен
бірнеше есе үлкен болады. Кейбір кезде құрсақ қабырғасының төменгі жағыда
ісіп кетеді. Желін емшектері іспейді сондықтан олар қысқа сияқты көрінеді.
Желін терісінің іскен жерлері қалың, ылғал, суық, иленген қамыр тәрізді
және басқан кезде ауырсынбайды, саусақтардың ұшымен басып көргенде,
жайымен қайта қалпына келетін шұңқырлар пайда болады.
Әдетте ісік туғаннан кейін 10-12 күн де тарап кетеді, кейбір
кезде аталған уақыттан асып кетіп созылмалы түрге айналады. Ісіктің
созылмалы кезінде желіннің қабынған жерлері дәнекер ұлпаның пайда болуына
байланысты тығыздалып-қатайып кетеді. Аурудың асқынған кезінде, малдың сүті
төмендеп, жойылып кетеді. Егер ісінген желін жарақаттанса, инфекция кіріп
флегмонаға айналады.[6]
Кейбір мамандардың тәсілі бойынша ісікті емдегенде
желіннің терісін 2 см тереңдікпен тіледі, осыдан соң ісік тез арада тарап,
жарасы асқынусыз жазылып кетеді.
Алдын алу. Жоғары өнім беретін сиырлардың сірлі желінсауының
алдыналу үшін, буаз кезінде күнделікті серуендетіп, төлдеуіне 2 апта
қалғанда, рационындағы шырышты азықпен, жемді азайтады.

Желін гиперемиясы Желін гиперемиясы мал төлдегеннен кейін
байқалады және желін безіне артериялық қанның көп мөлшерде келуімен
сипатталады, кейбір жағдайда сүттке қан араласуыда мүмкін. Бұл ауру
көбінесе жоғары өнімді малда кездеседі [7]
Көріністері. Желін терісі қызарған, тығыз, жергілікті
температурасы көтерінкі. Сүттің түсі қызғылт, кейбір кезде қан араласқан,
әдетте бір емшегінен сауылған сүтте қан көбірек болады, сүт машинасымен
сүтті тартып қаймағын айырғанда сепаратордың қабырғасында қызғыл түсті
клегейлі қабат түзіледі.
Егер сүтті стақанға құйып бірнеше сағатқа қалдырса, стақан түбіне
эритроциттер қабаттанып шөгеді, қабаттың қалындығы желіннің гиперемия
дәрежесіне тікелей байланысты болады.
Көріністері. Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген,
қатайған және ауыршаң жерлері байқалады. Желіннің зақымданған жағынан
сүтпен бірге ұйыған қан сауылып шығады. Ірі қан тамырлары жарылғанда желін
төңірегінде гематома пайда болады [8]
.
Алдыналу. Желін жарақаттарының алдыналудың негізгі бағыттары:
малдың жайылымын кесілген ағаштан, бұтақтардан, тікендерден тазартады,
сүзеген сиырлардың, бұқалардың мүйізін кесу, желін жарақатына әкеп соғатын
тағыда басқа себептерді жою керек.

Желін жарасы. Желін жарасы мал бір-бірімен сүзіскенде, қоршаудан
секіргенде, бұтақтармен тікеннің арасынан жүргенде пайда болады.
Көріністері. Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген,
қатайған, ауыршаң жерлерін байқауға болады. Желіннің зақымдалған бөлімінен
қан араласқан сүт шығады. Желін жарасы бетінде және тереңінде деп екіге
бөлінеді. Беттік жара желіннің терісін және тері астындағы клетчатканы
зақымдайды. Бұл жаралардың өзіндік ерекшеліктері болмайды, басқа жеріндегі
жараларға тән көріністер байқалады олар: жарақат жерінің ажырап туруы,
қансыруы, ісінуі тағыда басқа белгілі көріністері байқалады.
Терең жарада безді ұлпа, цистерна қабырғасы, сүт жолдары
зақымдалып, қан араласқан сүт шығады, бұл құбылыс жараның тез жазылуына
кедергі жасайды, соның нәтижесінде сүт түтігі (свищ) пайда болып, сөл
арқылы желін безінің ұлпасына микроорганизмдер еніп, сүт безі қабынадыда,
зақымданған бөлімнің сүт өнімділігі төмендеп, мүлдем жойылып кетеді [9,10]

Желін фурункулезі (шиқан)

Желін фурункулезі – ол желіннің терісі және тері астындағы
клетчаткасының іріндеп зақымдануы, сиырларда көбнесе көктем - жаз
айларында кездеседі. Ауру бір табындағы сиырлар арасында жиі кездеседі.
Желін фурункулезінің қоздырғыштары стрептококтар және
стафилококтар. Фурункулезге әкеп соқтыратын себептер: сиырларды
антисанитарлық жағдайда ұстау және сауыншылардың, малшылардың қолының
терісіндегі ірінді жарақаттар[11]
Көріністері. Желін үрпісінің терісінде тығыз, ауыршаң, күрең-
қызыл түсті көлемі бұршақ және жаңғақ тәрізді келетін ісіктер пайда
болады. 5-10 күн өткен соң ісіктің беті жарылып қанды ірінді сұйық ағады,
сауған кезде ауыршаң болады.
Алдын алу шаралары. Желіннің фурункулезін алдын алудың бірден-
бір кепілі сауыншының өзіндік тазалық гигиенасы. Мал ұстайтын қораның
тазалығын және жылылығын, құрғақтығын қамтамасыз ету. Желін үрпісінің
аурулары және аномалиялары

Желін үрпісінің терісінің жарылып кетуі. Бұл ауру көбінесе жаз
айларында кездеседі, өйткені ылғалданған желін терісін жел қағадыда кеуіп,
жарылып кетеді. Зақымданған жерлері ісініп, ауыршаң және ыстық болады. Сауу
кезінде мал өте ауырсынады, сүттің құрамы өзгермейді.
Желін үрпісінің зақымданған жерлерін борлы вазелинмен немесе 1-
2% кокаин, 4-5% новокаин қосылған цинк жағындысын жағады. Алғашқы кезде
желін үрпісін сауу алдында жағындымен жағады, одан кейін сауылғаннан кейін
жаққан нәтижелі [12]
Желін терісіндегі сүйелдер – көбінесе жас сиырларда кездеседі
және саууға кедергі жасайды. Жіңішке түбті сүйелдерді түбінен жіппен тартып
байлап тастағаннан кейін, ол өз бетінше түсіп қалады, ал түбі қалың
сүйелдерді күніне 2-3 үш рет 10% салицил жағындысын жағып, немесе ляпис
қарындашымен күйдіреді, бұл кезде айналасындағы терісіне зақым келтірмеген
дұрыс.
А.П.Студенцовтың мәліметі бойынша сиырға 30 г күйдірілген
магнезийді, немесе мышьяктың фовлер ертіндісін күніне 2 реттен 5 граммнан
бергенде 10-15 күнде сүйелдер кеуіп, жойылып кетеді.
Қиын сауылу кезінде желін үрпісінің арнасының тарылуынан, сүттің
өтуі қиындайды. Әртүрлі қабыну процесстерінің салдарынан осындай ақау
туындайды.
Сүт тастары – созылмалы желінсау кезінде іріген сүттегі извест
тұздарының тұнып-шөгуінен пайда болады, олардың кіші көлемділері сүтпен
шығадыда үлкен көлемділері желін үрпісінің арнасын бітеп тастайды. Көлемі
үлкен сүт тастарын емшек үрпісі арқылы поташтың 1% ертіндісін жіберіп
ерітеді де сауыншының саусақтарымен қысылып – езіліп сауып шығаруға болады,
кейбір кезде тастарды алып шығару үшін емшек үрпісін тіледі, одан кейін
арнасына катетр енгізіп түйінді тігіс салып тігіп тастайды, тігінді
жазылған соң бірақ алады [13,14]

1.2 Гипогалактия және агалактия.

Гипогалактия дегеніміз сүт өнімінің төмендеп кетуі, ал
агалактия сүттің мүлдем болмай қалуы – сүт безінде ешқандай ауру
белгілері білінбей қызметінің төмендеуі. Агалактия және гипогалактияның
физиологиялық және патологиялық түрлері болады.
Физиологиялық гипогалактия және агалактия малды суалтар алдында,
саууын тоқтатқаннан кейін пайда болады.
Жоғары өнім беретін малды уақытында суалтпай организмнің
қажуынан, дұрыс азықтандармау салдарынан, минералды ашығуынан, созылмалы
аурулардан, кейбір гормоналды препараттардың шамадан тыс көп мөлшерде
егудін салдарынан (мысалы айтатын болсақ синэстрол, буаз биенің қан сары
суы (ББҚС), буаз биенің гонодотропиндері) мал организмі патологиялық
гипоагалактияға ұшырайды[15,16]
Патологиялық гипогалактияның және агалактияның емделуі және
алдыналу шаралары себептерін жоюға негізделген.
Бірінші тума құнажындардың рефлекторлық гипогалактиясы кезінде
сауар алдында күре тамыры арқылы 10-20 ә.б. окситоцин жіберген дұрыс. Егер
гипогалактия желіннің гипофункциясына байланысты болса, ауырған малға
құнарлы көк-шөп беріп, екі күн қатарынан 3-4 л уыз ішкізген дұрыс. Сонымен
қатар күре тамыры арқылы сауар алдында 10-20 ә.б. окситоцин егіп, желінді
күніне 2-3 рет сылап-сипаған жөн[17]
Желінсау – дегеніміз желіннің қабынуы және ауру туғызатын
себептерге қарсы организмінің жауап беруі. Желінсау желін безіндегі
ұлпаларда және секретіндегі патологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл
ауру малшаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, малдың сүт өнімділігі
төмендеп, сүттің санитарлық, технологиялық тағамдық сапасы бұзылады және
сиырларды уақытынан бұрын шаруашылық істен шығаруға тура келеді.
Желінсаудың себептері – желінсау қоршаған ортаның қолайсыз
әсерінен болады. Желінсауды тудыратын нақты және жиі кездесетін себептерді
атап айтатын болсақ олар: індет аурулары, организмнің улануы, әртүрлі
жарақаттар, сауу ережелерінің бұзылуы және сауу аппараттарының дұрыс
пайдаланбауы.
Желінсаудың тікелей себептерінен басқа осы ауруға әкеп
соқтыратын жағдайларды да айтуға болады: азықтандыру ережелерінің бұзылуы,
сиырлардың қорасының антисанитарлық жағдайы, желіннің суыққа урынуы,
малдың гиподинамиясы, организмнің төзімділігінің төмендеуінен желін безіне
микробтардың еніп дамуы[18]
Микроорганизмдердің дамуы немесе қабыну процессінің асқынуы
желінсауға әкеп соқтырады.
Желінсау кезінде желіннен көбінесе стафилакокктарды және
стрептококктарды таза күйінде ажыратып алуға болады, ал басқа
микроорганизмдер, соның ішінде ішек таяқшалары сирек кездеседі.
Желін безіне микроорганизмдер көбнесе үш жол арқылы түседі:
галактогендік - емшек үрпісі арнасы арқылы, лимфагендік – желін безінің
терісінің жарақаты арқылы, гемотогендік жол – қан тамырлары арқылы, басқа
органдар, жыныс мүшелерінен қабыну эксудаты желінге түсуі мүмкін, мысалы
(эндометриттер, гастроэнтериттер). Желінсауға әкеп соқтыратын себептердің
ішінде мал организмінің жеке ерекшеліктерінде атап өтуге болады:
емшектерінің және желіннің пішіні мен көлемі, малдың тұқымы, генетикалық
статусы, желінсауға әкеп соқтыратын факторлардың бірі ата - анасы арқылы
беріледі [19,20,21]
Желінсау лактация кезінде де, сауылған кездеде және тұғаннан
кейінгі кезеңде де жиі кездеседі. Суалтқан кезде сиырды саууды тоқтату,
төлдер алдындағы және суалу кезіндегі сүт безінін ұлпаларының өзгеруі
организмнің төзімділігін төмендетіп, соның салдарынан бұрыңғы жасырын өтіп
жатқан қабыну процесстері асқынып індетке шалдығып жіті желінсаумен
ауруы әбден мүмкін. Мал төлдегеннен кейін организмнің улануынан желіннің
ісінуінен және көптеген туғаннан кейінгі аурулардың салдарынан
желінсаудың дамуы мүмкін[22,23]

1.3 Желінсау түрлерінің жіктелуі

Профессор А.П.Студенцовтың кестесі бойынша қабыну процессінің
сипатына қарай желінсаудың келесі клиникалық түрлері кездеседі:


- серозды (сірлі)
- қатаралды а) сүт жалдарымен және цистерналардың катары
б) альвеолалар катары

- фибронозды
- ірінді а) ірінді – катаралды
б) желін абцесі
в) желін флегмонасы

- геморрагиялық
- тәнді(белгілі бір аурулардың салдарынан)
а) желін аусылы
б) желін туберкулезі
в) желін актиномикозы
- асқынған түрлері : а) желін индурациясы
б) желін гангренасы

Қабынудың бір түрі екіншісіне айналып аралас болуы мүмкін
(серозды-катаралды, серозды-фибринозды және тағы басқалары). Өту уақытына
байланысты жіті және созылмалы желінсауға бөлінеді. Желінсау клиникалық
белгісіз жасырын өтуі мүмкін, немесе безді ұлпаның атрофиясымен
аяқталады, кейде сүт безінің индурациясына, немесе гангренасына әкеп
соғады. Жасырын желінсауды анықтау үшін арнайы зерттеу әдістерін қолданады.
Жасырын желінсау клиникалық түрге айналып, соның салдарынан
гипогалактиямен, кейде сүт безінің атрофиясына ұшырап толық агалактияға
әкеп соғады[24,25]

Сарысулы желінсау
Сарысулы желінсау сүттің желінінде тұрып қалуымен белсенді
гиперемиямен, сарысудың айналадағы тканьдерге сіңуімен сипатталады.
Себебі: сарысулы желінсау көбінесе туғаннан кейін алғашқы екі аптада тұрып
қалудан болған ісінуден кейін, шуы түспей қалғанда, жатырдың атониясымен
субинволюциясынан кейін және де жыныс органдарының жіті қабынуы асқынуы
салдарынан болады.
Клиникалық белгілері және анықтауы: Аурудың басында желіннің бір немесе
бірнеше бөліктері аздап ауырсынады, ісінеді.
Жалпы (малдың) жағдайы жақсы, тәбеті, дене қызуы, тамыр соғысы,
тынысы қалыпты жағдайда. Содан кейін зақымданған бөлігі әркелкі тығызданып,
көлемі үлкейеді, ыстығы көтеріледі, терісі қызарады, тырсиып тұрады. Малдар
қатты ауырсынғандықтан тіпті артқы аяқтарынан ақсап қалады. Желінсаудың
даму дәрежесіне орай желін үсті лимфа түйіндері қалпында қалады немесе
ауырсынып, көлемі үлкейеді. Желіннің бір бөлігі, жартысы, тіпті түгелімен
зақымдануы мүмкін. Сарысулы желінсау кезінде желіннің көлемі тек желін
тканьдерінде сары судың сіңуінен ғана емес, сүттің тоқтап қалуынан да
үлкейеді. Желіннің көлемі үлкейген сайын тығыздана беріп ақыры тастай болып
қатып қалады. Сары сулы желінсауды оның басқа түрлерінен ажырататын ең
басты белгісі – сүттің көлемі мен сапасының өзгеруі. Ауырған бөлігін сүті
қалыпқа қарағанда 80%-ке азаяды. Малдың жалпы сүт өнімділігі 10-30%
төмендеп, ауырған бөлігінің сүті сұйылып көкшіл тартады[26]
Катаралды желінсау
Катаралды желінсаудың сарысудан айырмашылығы қабыну процессіне
цистернамен сүт жолдары, кілегей қабығы мен альвеол эпителий торшалары
ұшырайды.
Егер қабыну процессі цистернамен сүт жолдары кілегей қабықтары
тарапынан байқалса, онда цистерна мен сүт жолдары катары деп атайды. Ал
альвеолдар катары болса, онда альвеолдар эпителиі зақымданады.
Себебі: катаралды мастит көбінесе машинамен және қолмен сауу процессінің
дұрыс болмауынан туындайды. Дұрыс сауылмаса цистернасында, сүт жолдарында,
үрпіде көптеген ұсақ жарақаттар пайда болады. Әсіресе саусақтармен қысып
сауғанда, сауым аппаратының стакандарын мөлшерден тыс ұстағанда, вакум
жоғары болғанда, сауым стакандарының серпімділігі төмендесе, үрпі кілегей
қабығыны сыртқа аударып зақым келтіреді. Маңызы себептерінің бірі сиырды,
әсіресе желінді лас ұстау.
Сиырларды сауу алдында желін дұрыс жуылып сүртілмесе, лас жерде тұрса
іріңді микрофлораның дамуы арта түседі. Егер малдың жалпы жағдайы
нашарласа, желіндегі кәдімгі микрофлора патогендікке айналып кетуге
әкеледі[27]
Бұған сиырды шала сауу, уақытында саумау, сүттің сауылуын тежеу және
тағы басқа себептер жатады. Катаралды желінсау желіннің бір немесе бірнеше
бөліктерінде сауын кезеңінің, әр кезінде де, суалтқанда, суалу кезеңінде де
кездесе береді. Әйтсе де сиыр бұзаулағаннан кейінгі алғашқы екі-үш аптада
жиі кездеседі. Егер желінсауды суалтудың алғашқы күндерінде анықтай алмаса,
суалу кезінде ол жасырын созылмалы түріне айналып кетеді. Ал суала
бастағанда ол асқынып, клиникалық желінсауға айналады.
Клиникалық белгілермен анықтау.
Сүт цистернасы мен жолдары қабынды ма, әлде альвеолдар қабынды ма,
осыған байланысты клиникалық белгілері де әр түрлі байқалады.
Цистерна және сүт жолдары катарында қабыну процесі цистернамен ірі
сүт жолдары тканьдерінде өрбиді.
Сондықтан зақымданған бөлігі төменгі жағынан, емшектің түбінен
ісінеді. Зақымданған жердің емшектері үлкейіп кетеді.
Олардың тканьдері ісініп, қызарып, ісіп жайылып бүкіл цистернаны,
әсіресе емшек жақты алып, көлемін тарылтады. Бұл өзгерістерді сауынды
бақылағанда және емшектерді мұқият сипағанда анықтауға болады.
Сүт цистернасының ісігі қайткенде де үрпіні тарылтады.
Желін цистернасын тұрып қалған сүттен түтікшесі арқылы тазартып көру,
қабыну процесін асқындырып желінсауды сарысулы-катаралдыдан, іріңді-
катаралдыға айналдырып, цистерна және үрпі кілегей қабықтарындағы қабынуды
одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін[28]
Егер қабыну процессі желін жүйесінің сүт шығаратын бөлімін
қамтыса, ауыр клиникалық белгілер байқалады.
Альвеолдар және ұсақ сүт жолдары катарында малдың жалпы күйі
нашарлайды. Дене қызуы 40-41° дейін көтеріліп, тыныс алуы мен тамыр соғысы
жиілейді, тәбеті нашарлайды.
Ал цистерна мен сүт жолдары катарында бұл өзгерістер мүлдем
байқалмайды[29]
Онда дене қызуы, тыныс алуы, тамыр соғысы сәл ғана өзгереді немесе
қалыпты жағдайда қала береді.
Альвеолдар мен сүт жолдарында сүт және қабыну секретінің кенет тоқтап
қалуынан желіннің зақымданған бөлігі күрт жайыла ісініп кетеді. Соның
салдарынан желін қатқылданып ауырсынады.қатқылдану әр түрлі, кейде желіннің
ішінен зақымданған бөлігінің жалпы сүттілігі 20-25% азаяды, сүті іріп,
айранға ұқсап кетеді. Егер қабыну сүт жолдарымен цистернасында ғана болса,
онда өзгерген секрет сауымның тек басында ғана бөлінеді. Ал альвеолдардың
сүті қалыпты болады, ондағы болар-болмас өзгерісті тек лабораториялық
жолмен анықтауға болады.
Бір бөліктің немесе альвеолдардың қатары болса, желіннің бүкіл секреті
сұрғылт немесе ақшыл сары болады.
Секрет сарысудан, іртіктен, кезейін түйіршіктеріне, клетка
элементтерінен, ткань жұлмаларынан тұрады. Кейде бүкіл секрет қаймақ
тәрізді бір түсті болады, тұндырғанда аздап сары су пайда болады[30]

Іріңді желінсау
Іріңнің бөлінуімен сипатталатын желінсауды іріңді желінсау деп атайды.
Іріңді желінсау іріңді-катаралды, желін абсцессі, флегмонасы деп
бөлінеді.
Іріңді-катаралды желінсау
Іріңді-катаралды желінсауға цистерна, сүт жолдары, кілегей қабығы,
альвеолдар аппараты ұшырайды.
Себебі: іріңді-катаралды желінсау. Катаралды желінсаудың асқынуы болып
табылады. әдетте ол қабыну процессінің қосымша іріңді микрофлорамен
зарарлануынан болады. Кейде үрпіге және цистернаға катетр салып
тітіркенгендіктен де іріңді процестің өршуі мүмкін.
Зарарлану лас жағдайда жұмыс істегеннен немесе зарарсызданбаған
ерітінділер қолдануынан болады. Желін цистернасынан сүт үлгісін катетрмен
дұрыс алмағаннан да болуы мүмкін. Егер зақымданбаған желін бөліктерін,
іріңді қабынған бөліктерден кейін қолды жумай сауса, ауру әрі қарай жұғып
кетуі ықтимал.
Катаралды желінсаудың асқынуынан емес, катаралды-іріңді желінсау
өздігінен бұрыннан ауырып жүрген сиырлардан микроорганизмдер түскенде
дамиды[31]
Клиникалық белгілері мен анықтауы.
Жіті іріңді-катаралды желінсау айқын клиникалық белгілерімен
сипатталады. Малдың жалпы күйі, тәбеті, күйіс қайыруы нашарлайды. Дене
қызуы 40-41° дейін көтеріледі. Зақымданған жағынан сиырдың аяғы ақсауы
мүмкін.
Желіннің ауырған бөлігі ісінеді, ауырсынады, ұстағанда ыстық
көрінеді.
Желіннің терісі тырсиып тұрады, қызарған, ісінген. Емшек ісінген
көлемі ұлғайған, ауырсынады, тырсиып тұрады.
Желін үсті лимфа түйіндерінің көлемі үлкейген, ауырсынады. Қабыну
процессі неғұрлым ауыр болса, белгілері соғұрлым айқын болады.
Ауырған бөліктен шырышты – іріңді жалқаяқ сауылады. Ол қою, қаймақ
тәрізді болып келеді. Бірақта желінсау ішек таяқшасының әсерінен болса,
жалқаяқ сұйық, қызғылтым-сарғыш реңді болады. Стафилококк салдарынан болған
жалқаяқ қою ақ немесе ақшыл-сарғылт болады. Кейде жалқаяққа өлеттенген
ткань түйіршіктері де араласып жүреді.
Іріңді-шырышты желінсаудың бір өзгешелігі сауым алғаннан кейін көлемі
мүлдем кішіреймейді, себебі альвеолдар мен сүт жолдары қою тұтқыр жалқаяққа
толып қалған.
Ауырмаған бөліктерінің жалпы сүттілігі үштен бірге немесе төрттен
бірге азаяды, сапасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.

Желін абсцесстері
Себебі: желін абсцессі іріңді-катаральды желінсау кезінде кейбір сүт
жолдарының тығындалып қалу салдарынан асқыну ретінде пайда болады. Шығу
жолдары бітеліп қалған соң ірің ошақтары дамиды. Кейде абсцесстер басқа
органдарға пиемия ошақтарынан метастаз арқылы тарайды.
Тікелей желін абсцесі жарақаттар, кесілген жара, гематома,
лимфоэкстравазат арқылы ұлпа зақымданғанда онда ірің тудыратын инфекция
түсуінен пайда болады[32]
Клиникалық белгілері мен анықтауы: Желін абсцессі біреу немесе жиі бірнешеу
болуы мүмкін. Абсцесс бірнешеу болса желіннің көлемі үлкейген бөлігінде,
жоғарғы бетінде де, тереңдігінде де бүлкілдеп, ыстық, ауырсынатын ісіктер
пайда болады. Пісіп жетілген абсцесстер сүт жолдарына немесе желіннің
үстіндегі бетіне ашылып, іріңді свищтер пайда болады. Абсцесс кезінде
сиырдың жалпы сүттілігі 15-30% кемиді.
Абсцесс бірнешеу болғанда малдың жалпы күйі нашарлайды. Дене қызуы
41° дейін төмендейді, күйісі бұзылады.
Кейінірек, процесс созылмалыға айналғанда, малдың жалпы күйі, тәбеті
жақсарады, күйісі түзеледі, температурасы қалпына келеді.
Желіннің зақымданған бөлігінің көлемі кішірейіп, қатқылданады, іріңді-
шырышты жалқаяқтың көлемі азаяды.

Желін флегмонасы
Флегмона деп желін тері асты және аралық желіннің жіті жайылмалы
кейде некрозға апарып соғатын іріңді қабынуын атайды.
Себебі:Желін флегмонасы өздігінен тері, паренхима зақымданғанда іріңді
тудыратын немесе аноэробты инфекция түсу салдарынан болады.
Одан басқа флегмонды қабыну абсцесстен, сарысулы желінсаудан асқынуы
мүмкін, кейде басқа органдарда септикалық ошақтар болса, метастаз арқылы
берілуі мүмкін.
Клиникалық белгілері: Желіннің зақымданған бөлігі, жартысының көлемі өте
тез ұлғаяды, консистенсиясы қатаяды, кейде тастай болып қалады, ауырсынады,
ыстығы көтеріледі[33]
Тері астынан қызарып, білейленіп лимфа тамырлары көрініп тұрады.
Лимфа бездері үлкейеді, ауырсынады, ыстығы көтеріледі.
Ауырсынуы қатты болғаны соншалықты, сиырлар аяғы баса алмай қалады.
Оларда сепсиске тән жалпы симптомакомплес дамиды.
Тәбеті жоқ, дене қызуы 40-41° дейін көтеріледі. Кейде, ауру жағында
сүті қалыпты, тек екінші-үшінші күндері сүті сұйылып, іртіктеніп кетеді.
Зақымданған бөлігінен көбінесе сұрғылт түсті азғана сұйық бөлінеді.

1.4 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары және қызметінің бұзылуы
Желіннің сірлі ісінуі – бұл ауру буаздықтың соңғы айларында
байқалады, ол қаннын сүйық бөлімінің тері астындағы үлпілдек ұлпаға
жиналып, желіннің ісінуі.
Себептері. Желіннің сірлі ісінуі жоғары өнім беретін сиырларда
жиі кездеседі, олардын буаз кезінде шырынды азықтармен, жем-шөптермен
тамақтандырып, серуенге шығармағанда байқалады. Буаз малдың туар алдында
желініне қан қарқынды келіп,төлдің қысымынан қан тамырлары сығылып, қан
қайта алмай турып қалады. Қан тамырларының сығылу нәтижесінде капилляр-
тамырларының қабырғасынан қанның сүйык бөлігі тері асты үлпілдек ұлпасына
жиналып қалады.
Көріністері. Желіннің ісіну кезінде малдың жүруі қиындайды.
Желіннің көлемі шамадан тыс үлкейеді, артқы бөлімдері алдынғы бөлімдерінен
бірнеше есе үлкен болады. Кейбір кезде құрсақ қабырғасының төменгі жағыда
ісіп кетеді. Желін емшектері іспейді сондықтан олар қысқа сияқты көрінеді.
Желін терісінің іскен жерлері қалың, ылғал, суық, иленген қамыр тәрізді
және басқан кезде ауырсынбайды, саусақтардын ұшымен басып көргенде,
жайымен қайта қалпына келетін шұнқырлар пайда болады.
Әдетте ісіқ тұғаннан кейін 10-12 күн де тарап кетеді, кейбір
кезде аталған уақыттан асып кетіп созылмалы түрге айналады. Ісіқтің
созылмалы кезінде желіннің қабынған жерлері дәнекер ұлпаның пайда болуына
байланысты тығыздалып-қатайып кетеді. Аурудың асқынған кезінде, малдың сүті
төмендеп,жойылып кетеді. Егер ісінген желін жарақаттанса, инфекция кіріп
флегмонаға айналады.
Алдын алу. Жоғары өнім беретін сиырлардын сірлі желінсауының
алдыналу үшін,буаз кезінде күнделікті серуендетіп, төлдеуіне 2 апта
қалғанда, рационындағы шырышты азықпен, жемді азайтады.

Желін гиперемиясы Желін гиперемиясы мал төлдегеннен кейін байқалады және
желін безіне артериялық қанның көп мөлшерде келуімен сипатталады, кейбір
жағдайда сүттке қан араласуыда мүмкін. Бұл ауру көбнесе жоғары өнімді малда
кездеседі.
Көріністері. Желін терісі қызарған, тығыз, жергілікті
температурасы көтерінкі. Сүттің түсі қызғылт, кейбір кезде қан араласқан,
әдетте бір емшегінен сауылған сүтте қан көбірек болады, сүт машинасымен
сүтті тартып қаймағын айырғанда сепаратордың қабырғасында қызғыл түсті
клегейлі қабат түзіледі.
Егер сүтті стақанға құйып бірнеше сағатқа қалдырса, стақан түбіне
эритроциттер қабаттанып шөгеді, қабаттың қалындығы желіннің гиперемия
дәрежесіне тікелей байланысты болады.
Желіннің зақымдануы
Мал қоршаудан, бұталардан, кесілген ағаштардан секіріп өткенде
желіні зақымданады, сонымен қатар желінді, басқа мал мүйзімен сүзгенде,
желінге тас, таяқ, темір зат, темір, тікенек сым т.б. тиіп зақымдайды.
Көріністері. Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген,
қатайған және ауыршан жерлері байқалады. Желіннің зақымданған жағынан
сүтпен бірге ұйыған қан сауылып шығады. Ірі қан тамырлары жарылғанда желін
төнірегінде гематома пайда болады.
Алдыналу. Желін жарақаттарының алдыналудың негізгі бағыттары:
малдың жайылымын кесілген ағаштан, бұтақтардан, тікендерден тазартады,
сүзеген сиырлардың, бұқалардың мүйзін кесу, желін жарақатына әкеп соғатын
тағыда басқа себептерді жою керек.
Желін жарасы. Желін жарасы мал бір-бірімен сүзіскенде, қоршаудан
секіргенде, бұтақтармен тікеннін арасынан жүргенде пайда болады.
Көріністері. Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген,
қатайған, ауыршан жерлерін байқауға болады. Желіннің зақымдалған бөлімінен
қан араласқан сүт шығады. Желін жарасы бетінде және тереңінде деп екіге
бөлінеді. Беттік жара желіннің терісін және тері астындағы клетчатканы
зақымдайды. Бұл жаралардың өзіндік ерекшеліктері болмайды, басқа жеріндегі
жараларға тән көріністер байқалады олар: жарақат жерінің ажырап туруы,
қансыруы, ісінуі тағыда басқа белгілі көріністері байқалады.
Терең жарада безді ұлпа, цистерна қабырғасы, сүт жолдары
зақымдалып, қан араласқан сүт шығады, бұл құбылыс жараның тез жазылуына
кедергі жасайды, соның нәтижесінде сүт түтігі (свиц) пайда болып, сөл
арқылы желін безінін ұлпасына микроорганизмдер еніп, сүт безі қабынадыда,
зақымданған бөлімнің сүт өнімділігі төмендеп, мүлдем жойылып кетеді[34]

Желін карбункулезі
Желін карбункулезі – ол желіннің терісі және тері астындағы
клетчаткасының іріндеп зақымдануы, сиырларда көбнесе көктем - жаз
айларында кездеседі. Ауру бір табындағы сиырлар арасында жиі кездеседі.
Желін карбункулезінің қоздырғыштары стрептококтар және
стафилококтар. карбункулезге әкеп соқтыратын себептер: сиырларды
антисанитарлық жағдайда ұстау және сауыншылардың, малшылардын қолының
терісіндегі ірінді жарақаттар.
Көріністері. Желін үрпісінің терісінде тығыз, ауыршан, күрең-
қызыл түсті көлемі бұршақ және жаңғақ тәрізді келетін ісіктер пайда
болады. 5-10 күн өткен соң ісіктің беті жарылып қанды ірінді сұйық ағады,
сауған кезде ауыршан болады.
Симптоматикалық бедеулік –ұрғашы және еркек малдың уақытша
ұрықтанбай,ұрықтандыралмай қалуы.Сонымен қатар әртүрлі аурулардың яғни,
жұғатын, жұқпайтын аурулардың әсерінен де болады.
Еркек және ұрғашы малдың бедеу қалу себептерінің бір қатары-малды
дұрыс азықтандырмау, ас қорту жүйесінің, тыныс алу жүйесінің, қан тамыр-
жүрек қызметтерінің бұзылу салдарынан да болады.Осындай ауруларға
ұшырағанда дене қызуының көтерілуі, қан құрамының өзгеру, зат алмасудың
бұзылуы бедеулікке ұшыраудың бірден – бір нышаны (белгісі).
1950ж И.В. Заянчовский нышанды бедеулік жұмыршақ жарақаты мен
перикардиттен десе, Г.В. Зверева мен Ф.Я, Сизенко (1958), Е.Ф. Кочетов
(аусыл) ауруынан екендігін байқады. Сиырлардың нышанды бедеулігі олардың
гинекологиялық ауруына яғни, жатыр, ұрық жолы, ұрық безі мен қынап ауру
салдарынан болатыны дәлелденген.
Ғылыми әдебиеттегі авторлардың айтуы бойынша гинекологиялық
аурулардың таралуы әртүрлі болады. Орта есеппен шаруашылықтағы бедеу сиыр,
таналар санының 10-15 пайызы гинекологиялық аурулар салдарынан болатыны
мәлім[35]
Патологиялық процесстің сиырлардың жыныс ағзасында орын алуы, дамуы
ұрық безінің міндетін бұзады және ұрық жолы мен жатырдың клегей құрамы
өзгертеді және осы ағзалар ішіндегі рН және олардың өту жолының
қызтеттері бұзылады.

Сиырлар мен таналар гинекологиялық ауруға ұшырағанда олардың төл беру
қабілетінің бұзылуы төмендегі себептерге байланысты:
1. жыныстық циклдың бұзылуы – анафродизия (жыныстық циклдың болмауы),
толықсыздығы (анэстралды және ановуляторлы жыныстық цикл),
нимфоманияның да кездесуінен болады;
2. жатыр мен ұрық жолдарындағы шырыштың жабысқақтығы әсерінен жыныс
клеткаларының қимылы шектеледі;
3. жыныс мүшелерінің жекелеген бөліктеріндегі аталық жыныс клеткаларының
өлуі жасушалардың ыдырауына, улы бактерияның, улы спермилер мен
қабыну экссудатының жиналуына әкеп соғады;
4. ұрық клеткасының , немесе зиготанның құруы;
5. зиготанның жатыр қуысына ене алмауы ұрық жолының тарылуынан, немесе
жабылап қалуынан болады.
Бедеуліктің түрлерін анықтау
Бедеуліктің себебі мен түрін анықтау үшін мал дәрігері барлық
шаруашылық-іс шаралардың ұйымдастыру, жүргізу әдістерін, тәсілін зерттеп
барып бедеулікті анықтауға кірісу керек. Бұл мәсәленің шешімін табу
үшін, шаруашылықты ұйымдастыру зоотехникалық – ветеринарлық бағытта мал
дәрігері, шаруашылық зоотехнигінің жұмыстары жандануы қажет.
Мәселенің кең ауқымдығын білген мал дәрігері ірі қара мал
шаруашылығына байланысты жемдеу, оның құрамы, гендік мәселесі мен ірі
қараны көбейту жолдарын жоғары деңгейде білуі шарт[36]

Шаруашылықта ұйымдастыру- зерттеу жұмыстарын жүргізу

Жем дайындайтын базамен, малдың жағдайымен, соған қарай жемдеу жолымен,
таналардың жас ерекшелігіне қарай ұрықтандыратын бұқалардың жағдайымен
толық танысу. Жемге химиялық зерттеу жүргізу, оларды азық құнарын
жоғарлату үшін қолдану;
1. Жоспар бойынша ветеринарлық іс-шараларды дер кезінде өткізу керек
2. Барлық ірі қара малы тұратын қора, кешендерінің зоотехниқалық,
ветеринарлық тазалығынын жағдайы;
3. Сиыр, таналарды ұрықтандыруды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу:
кешендердің жағдайына, жабдықталуына, құрал-саймандарына, олардың
қолданылуына, штат құрамына баса назар аудару керек;
4. Мал отарының аурудан сақтығы – жұқпалы, жұқпайтын, инвазиалық
аурулардың алдыналуға байланысты;
5. Зоотехникалық және ветеринарлық есеп жүргізуді дұрыс жолға қою;
6.Мал шаруашылығы фермасының штаты: меңгеруші, бригадир, сауыншы,
бұзаушы, малшы, тазалық маманы және мамандар – мал дәрігері, фельдшер,
зоотехник, олардың жұмыс өтімі (стаж) еңбекақысына көңіл аудару қажет.

Барлық ірі қараны төмендегі топқа бөледі:
1. Ұрықтанған (қашқан) сиырлар мен таналар;
2. Бұзаулағаннан кейінгі кезеңдегілер (3-4 апта)
3.Бедеулер: олардың ішінде жасанды бағыттағы бедеулікті және
бұзаулағаннан кейінгі бір ай ішінде ұрықтанбаған, сонымен бірге 15-17
айға жеткен таналарды бөліп көрсету керек.
Сиырлар мен таналардың гинекологиялық зерттеуден өткізудің әдіс – тәсілі
Гинекологиялық зерттеу кезінде тек вагиналды, немесе ректалды
зерттеулермен шектелуге болмайды. Тәжірибенің көрсетуіне қарасан, диагноз
қою, мал өнімділігінің бұзылу себебін анықтауға жоғарыда атаған
зерттеулер жеткіліксіз деп саналады[37,38,39]
1973ж Эберт әріптесімен 114 сиырға ректалды-тік ішек арқылы зерттеу
жүргізгенде жыныс жүйелерінен ешқандай өзгеріс байқамайды; сойылғаннан
кейін, тек үш сиырдан ғана бедеуліктің себебі анықталады. Ал аспаптар
арқылы зерттегенде сиырлардың жыныс мүшелерінің қабынғанын анықтайды.
Оны ректалды зерттеу кезіне анықтау мүмкін емес еді. Сондықтанда
авторлар гинекологиялық зерттеудің қынап арқылы,тікішек арқылы
зерттеумен шектелмеуінің керектігін айтады.
Қазіргі таңда гинекологиялық зерттеуге кешенді клиникалық және
зертханалық бағыттағы әдіс тәсілдер кіреді.
Сиырлар мен таналардың көбеюі ағзаларындағы ауруды анықтауға анамнез
статистикалық мәліметтер клиникалық, зертханалық зерттеу, тексеру, вагинал
шырышын, эксудатын, қаның, зәрін тексеру кіреді.
Анамнез жинау алдында ауру малдың журналдағы жазба бойынша, немесе
күтуші маманның айтуымен тіркеу жүргізеді. Бұл жерде малдың тегін,
жасын, шаруашылық кешеніндегі бағылу мерзімі де есептеледі.
Анамнезге сиыр мен тана жөніндегі төмендегі мәліметтер кіреді:
А) мал дәрігерге жүгіну себебі;
Б) аурудың пайда болу мерзімі, жалпы жағдайының өзгеру себебі,
қоңдылығы, сауылуы мен сүт сапасы; малды кімнің емдегендігі, қандай дәрі –
дәрмектің қолданылғандығы және оның нәтижесі;
В) буаздылық пен бұзаулаудың жиілігі;
Г) жыныстық циклдың бет алысы, соңғы ұрықтану мезгілі
Бұндай анамнезді бағалағанда есте болатын нәрсе ол бір жақтылық
пікір. Басқа жағынан қарағанда бұл тексеру мал маманын нақтылай малдың
ағзаларын тексеруге бағытайды.
Тексеру дене қызуын өлшеуден басталады, пульсті тексереді, тамыр
соғуын, жараның жазылуын, жүрек, тыныс алу, ас қорыту жүйесін
тексереді[40]
Көбею ағзасын тексеру сыртқы жыныс ағзасынан құйрық түбінен,
сауырынан басталады.
Бұл үшін вульва арқылы жыныс байланысын құйрық түбіндегі қатқан
қабықты және құйымшақ дөңі және жалпы сауырдың құрылысына қарай
анықтайды.
Ішкі зерттеу жүргізу үшін екі қолды бірдей пайдаланады: сол қолды –
вагиналды, ал оң қолды ректалды зерттеуге дайындау керек. Тырнақты алып,
тегістеу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу және таза сүлгімен сүрту
керек.
Қолды тік ішекке салар алдында терісіне тазаланған вазелин, немесе
ланолин жағылады.
Зерттеу жүргізерде бір реттік полиэтиленді ,немесе резина қолғап
киерде, гелді қолданарда жылы суға салып, сабындау керек.
Ішкі зеттеу жыныс ағзаларының жекелеген бөлшектерінің жағдайын
анықтап, аурудың нақты себебін анық қоюға көмектеседі.
Сол қолдың саусақтарымен вульваны ашады және қынаптың шырышты
қабығының жағдайын анықтайды түсін тармақша шырышын, экссудатын, қан
ұйуын, жарасын анықтайды. Содан кейін қынап креберісіне вагиналды айнаны
салады. Айнаны алдын ала қайнаған сумен , немесе арнайы сұйықтықпен
тазалайды.Айнаны еңгізерде малдың қабылдау әсеріне қоңіл бөлу керек.
Сосын шырышты қабатты, жатыр мойны бөлігін тексереді[41]
Сау сиырдың қынабы және қынап креберісі шырышта қабаты күлгін
қызыл, немесе ашық күлгін түшті, жалтыраған, шырышты мөлдір қабатпен
қапталған.Кейде күлгін қызыл түсті қабыну салдарынан деп есептеуге
болады. Мойының бөлігі сарғыш түске ұқсайды, ал неше рет бұзаулаған
сиырдыкі қырыққабатты көзге еслестеді. Ал арналары жабық, жатыр мойының
вагиналды бөлігі жуандау ,немесе ісінген сияқты, қатпаларлы,
экссудаттар болса қабынудың әсерінен болады.
Жатыр қабынғандығын білу үшін тампон жасап, жатыр мойны үшін сүрту
керек; жана экссудаттың жоқтығы жатыр қабынуының болмағанының дәлелі.
Жатыр мойнын тиянақты тексеру үшін оны қынап креберісінен арнайы
қышқышпен корнцанг салу керек. Шырыш, немесе экссудат тазаланған
түтікке жинайды, немесе тампон қойылып таза түтікке салады. Егер жатыр
мойны арнасы шырышты тығынмен жабық болса буаздықтын белгісі, бірден
вагинальді зерттеуді тоқтатып, буаздықты ректалды тәсілмен анықтайды[42]

Клиникалық зерттгенде,немесе тік ішек арқылы тексеруді сол қолмен
сиырдың құйрығын сол жаққа қарай ығыстырып, дайын оң қолдың
саусақтарын конусті түрде, абайлап тік ішекке кіргізеді, сосын
саусақтарды түзулеп сфинктерді ашқанда тік ішекке ауа кіреді де сиырда
дефекация актісі пайда болады. Жәйлап қолды әрі қарай жылжытып оңға,
солға, қарай жанбас қуысы түбін ұстап көреді. Осылайша жатыр мойнын
тез табады. Ол конус түрінде валик дм 2-3см тығыз болады. Жатыр
мойындағы ішкі, сыртқы саңлауларын дәл анықтауға болады. Қолды жатыр
мойны арқылы әрі қарай алға жылжытады, оның жұмсақ денесінің
ұзындығы 3 см деп есептейді. Сол мезгілде жатырдың еке тармағынан ұстап,
оның көлемін және жиырлу қабілетің анықталады. әрі қарай оң мүйізді,
аналық ұрық безін , сосын сол мүйізді сол ұрық безін ұстап
байқайды.Содан кейін жатырға жеңіл ғана уқалау (массаж) жасалады. Егер
қол астында жатыр жиырлып-тартылатын болса, оны жан-жағынан ұстап,
мөлшерін анықтайды.
Жатырды ұстап- көру, ұстап тікішек арқылы зерттеуді мал тынышталғанда
және малдың қалыпты жағдайда тұрған кезінде жасау керек[43,44]
Көптеген бедеу сиырдың жатыры мен ұрық безі жанбас қуысына
орналасқан, мүйіз аралық желобы жақсы байқалады, жатыр тармақтары
симетриялы, тегіс тіпті көлемі мен түрі бірдей. Тек көп бұзаулаған
сиырдың мүйізі ішке қарай жамбас қуысына түседі.
Ұстау кезінде жатыр тез жиырылып, тартылады. Сөйтіп жарты шар сияқты
күйге еңеді, екіге бөлінген іскетбес. Төлдің қимылы жылдам, түрі мен
өлшемі жағдайына қарай әр түрлі. Жатыр қуысындағы фолликулардың түрлі
мөлшерлерін және сары денені анықтауға болады. Кейде ұрық безінің жоғары
жағы теп-тегіс болады. Сиырдың ұрық жолдарын ереже бойынша ұқалауға
болмайды. Сиыр мен таналарға маман ректалды зерттеу жүргізгенде, ол
буаздықты 1-3 айлығында жоюға мәжбүр болады. Кейде оданда кеш буаздықты
жоюға тура келеді. Зерттеу уақытында маман ұрықтандырудың нәтижесін
тексереді. Тәжірибе жасаушылардың айтуынша бұл кезеңде зерттеу жүргізу
маманнан өте үлкен тәжірибелікті талап етеді.
Ең бірінші 3 айда жатырдың ыңғайлығы , буаздықтын үлкен, өлшемі,
жатырдың орнықтылығына негізделген. Жатырдағы зародыш нәзік қол тигізу
оның серігімен бірге түсіп қалуына әкеп соғады.
Бірінші айда буаздық кезінде жатыр мойны жанбас қуысында болады ал,
жатыр мүйізі әл ғана құрсаққа қарай түседі. Ұрық орнының тармағы біраз
бостау ал, ай соңында зерттеуші маман флюктуацияны байқайды, мүйізшелер
сезілмейді ,немесе сәл ғана байқалады.
Екінші айда буаздық кезінде жатыр мойны жаңбасқа қарай орналасады
жатыр мүйізшесі мен ұрық безі құрсаққа түседі. Ұстап көру кезінде
буаз мүйізше анық көрінеді. Ол бос тармаққа қарағанда екі есе үлкен.
Олар бәсең жиырылды, немесе білінбейді. Мүйізшілер арасындағы арналар
тегістеледі, бірақ ұстауға болады. Ұрық безінде сары денені ұстап көруге
болады.
Үшінші айда жатыр буаздығының көлемінің үлкендігі адам басындай болады
және көбіктен тұрады. Ол әрен сезіледі, қыртыс қолға білінбейді. Алақанмен
жылжып жүрген зародышты сезуге болады. Әсіресе осы айдың аяғында.
Үшінші айда жатыр буаздығы зәрге толған қуықтай болады. Сондықтан да
оған диагнозды қою үшін жатыр мойны мен жатыр мойнының краниалды бөлігін
табу керек.
Төртінші айлықта жатыр мойны жанбастын кіреберісінде және біршама
құрсаққа түседі. Төл жатқан тармағы бос тармақтан 5-есе үлкендеү және
бостау, мүйізше аралық қыртыс түгелінен тегістеледі.Ұстап көру кезінде
жатыр жұп-жұқа қапшықты көзге елестетеді.Пайда болған бұзауды,төлді ұстап
көруге болады және карункулдары орман ,немесе боб жанғағындай болады.
4айдан бастап, жатыр ортасындағы артерияда, мүйізше тарапынан соғуы
басталады.Артерияны ұстап көру кезінде, жалпақ жатырдың тиісті жағының
байланысынан байқалады. Осы кезде саусаққа жуандығы 7-10 мм. тамыр түседі
және одан қанның өтуіде жақсы сезіледі.
5 айлық буаздықта жатыр мойны құрсақ кіреберісінде болады. Жатыр
қүрсаққа тереңірек түседі және 5-ші айдың аяғында құрсақта жатады. Жатыр
қабырғасын ұстағанда, үлкендігі 2*5-3*6 см. көлемінде каранкулдар жақсы
сезіледі. Төлдің жатырда екенің байқамайсыңда. Жатыр ортасындағы артерия
ызылы. 4 айға қарағанда 5 айда өте жақсы білінеді.
6 айлық буаздықта жатыр мойынмен толығымен құрсаққа түседі. Төл
құрсақ түбінде жатады, ұстап көруге қол жетпейді. Карункулдар тауық
жұмыртқасындай болады және бос болады, жатыр қабырғасы қатты жиырылған,
флюктуация тіпті білінбейді. Жатырдың ортаңғы артериясының диаметрі 12 мм
және қатты ызыңдайды.
7 айлық буаздықта жатыр мен мойны құрсақта болады. Жатырдың жоғары
жағынан карункулдар жақсы сезіледі, дөңді салмақ білдіреді.Көптеген
жануарларда төлдің кейбір бөліктерін ұстап көру арқылы сезуге болады. Екі
орталық артерия дм.15 мм –ге жеткенде ызыңды таза сезуге болады. Кей кезде
жатырдың артқы артериясының ызының ұрық орны жағынан сезуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желін жарасы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Қой мен ешкілердің желінсауын анықтау және емдеу шаралары
Желін безінің аурулары
Сауылатын сиырдың желін ауруын диагностикалау
Қанның азотсыз органикалық және бейорганикалық қосылыстары
Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы
Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Ойық жара ауруларының патогенезі
Пәндер