Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының шығу тарихы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕІ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі C. Е.Тулеметова
а.ғ.к
_____2017 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жануарлардың контагиозды эктималық жарасын профессор Б.К.Ильясов
әдісімен емдеу
120100 мамандығы –Ветеринарлық медицина
Орындаған:
Әкім Ерболат
Ғылыми жетекшісі:
Ильясов Б.К
в.ғ.д, профессор
Шымкент-2017
Аннотация
Қойдың контагиозды күлдіреуіктенген дерматиті және оның емін жетілдіру
тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс 98 беттен тұрады.Бұл дипломдық жұмыста
кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеу нысаны мен әдістері, зерттеу
нәтижелері және оны талдау,тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау,экология бөлімі,бизнес жоспар,қорытынды және ұсыныстар,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 2 кесте қарастырылған.
Кіріспе бөлімінде жұғынды эктима ауруының алдын алғанда,экономикаға
сонымен қатар,халықты азықпен және шикізатпен қамтамасыз етуде ең маңыздң
фактор болып табылатындығы жайында айтылған.
Зерттеу нәтижелері бөлімінде жұғымды эктиманы диагностикалауда
заманауи экспресс әдістердің маңызы және жұғымды эктимамен күресуде
зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтау, ауруға қарсы өазіргі заманғы емдік
профилактикалық шараларды ұйымдастыру жөнінде айтылды.
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .8
2. Өзiндiк зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.1 Зерттеу материалдары мен
әдiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
24
2.2. Зерттеулер жүргізілген өлкелер және аурудың таралуы ... ...
... ... ... ... ... ..28
2.3 Жұғымтал эктимадан шаруашылықтарға келетін экономикалық шығынды
есептеу
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . ... ... ...29
2.4 Жұғымтал эктималық жараны хирургиялық әдіспен, ветшунгарин майымен
дәстүрлі препараттармен салыстырмалы емдеу ... ... ... ... .. ... ... ... ..
... ... ... ... . 35
III Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...49
3.1 Бас жұмыстағы орналасқан цехтың ғимараттарымен, құрылыстың көлемдік
жоспарлық
шешімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..50
3.2 Өндірістік санитария бойынша
шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..50
3.3 Өнеркәсіптік
газқағарлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .52
3.4 Санитарлы-техникалық шаралар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.4.1 Зертханалық
желдетілу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...53
3.4.2
Жарықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.4.3 Шудан, дірілден және ультра дыбыстан
қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
3.5 Жабдықтарды пайдалану және монтаждау кезіндегі техника
қауіпсіздігі...57
3.6 Өртке қарсы
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...58
3.7 Электр тогынан қорғану
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
IV Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
4.1 Шекті- мүмкіндікті тастамаларды (ШМТ)
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
V Экономика бойынша бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 66
5.1 Ветеринарлық іс-шаралардың тиімділігін экомомикалық
негіздеу ... ... ... .66
5.2 Мал ауруларынан және өлімінен келтірілетін экономикалық зиянды
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
5.3 Жеке шаруашылықтағы экономикалық зиянды
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ...67
5.4 Ауруларды жою барысында алдын алынған зиянды
есептеу ... ... ... ... ... ...70
5.5 Ауру малдардың алдын алу және емдеу барысындағы алдын
алынған зиянды
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .71
VI Бизнес-
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 73
6.1 Кәсіпорынның
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 73
6.2 Өнімнің

... ... ... ... ... ...74
6.3 Маркетинг
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .74
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...80
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Белгілер мен қысқартулар
Ғылыми – зерттеу жұмыстарында төмендегідей өлшемдер және
қысқартулар қолданылды:
ҚР- Қазақстан Республикасы
мм – миллиметр
% – пайыз
С – градус
т.б. – тағы басқалары
см – сантиметр
мл – миллилитр см³
нм – нанометр
мин минут
сағ сағат
л литр
г грам
АШМ Ауылшаруашылық министрлігі
Мг миллиграмм
Мкм микрометр
Анықтамалар
Стоматит –ауыз қуысының кілегей қабығының қабынуы
Контагиозды күлдіреуіктенген дерматит –инфекциялық пустулезді стоматит
Пустулалар-күлдіреуіктер
Серологиялық диагностика -бұл қанда, сүтте, зәрде лептоспирозға қарсы
антидененің табылуы болып табылады.
ИФА иммуноферментті- бағалануы барлық ғалымдардың жиагностикалық
жұмыстарында Кең қолданылап келеді. Алғаш рет лептоспироз диагнозын ИФА
арқылы 1974 жылы Tripathe et Mansson анықтаған.
Биологиялық сынама зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою
Гипериммундық қан сарысуы реакцияға оң нәтиже беретін реакция.
Анемия қан аздық
Толық гемагглютинация реакциясы оң нәтиже беретін қан сарысуы.
Интоксикация денені уландыру
Стрильді иммунитет ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып
иммунитет қалыптасуы
Иммунитет организмнің ішкі ортасының түрақтылығын бөгде заттардан, оның
ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті.
Дезинфекция оның баламасы залалсыздандыру, яғни жұқпайтын ету
Дезинсекция сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою
Дератизация кемірушілерді (тышқандарды,атжалмандарды) жою
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер жасалынды:
ГОСТ 1.5 –93 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар
жүйесі
ГОСТ 2.105 – 95 Конструкторлық құжаттар жүйесі
ГОСТ 7.1 – 84 Кітапхана және ақпараттар стандарттарының жүйесі
Библиографиялық құжаттардың жазылуы. Жалпы
талаптар, құжаттардың толтырылу ережелері.
ГОСТ 8.417 – 81 Мемлекеттік өлшемдер стандарты, физикалық
өлшемдер бірлігі
ГОСТ 15.011 – 82 Патенттік іздестіру жүйесінің стандарты
ТШ ОСЧ 25–6 дистиленген су
МРТШ 42-102-63 әртүрлі қайшылар
ТШ 46-22-549-08 Термостат ТЭС –1
МЕМСТ ЗИЯ – 77 Тұз қышқылы
ТШ 480 11–10–73 шыныға жазатын карандаш
МСТ 2404 Зертханалық таразы, 200г дейін өлшейтін
МЕМСТ 2766-51 Негізгі фуксин
МЕМСТ 5962-67 96° этил спирті
МСТ 6824 Глицерин
ГОСТ 9327- 60 Қағазды шығару стандарты және оның форматтары.
МЕМСТ 20292-74 Өлшем колбалары 100,200 және 1000мл
МСТ 21241 Пинцеттер
МСТ 23932 Спиртовка
ТШ 6-09-3803-82 фуксин (қышқыл) – Рубин С
Ю 33-23-394-ТО Микроскоп биолам Р-11
МЕМСТ 20292-74Е Шыны түтікшелер
МЕМСТ 25336-82Е Әртүрлі зертханалық шыны ыдыстар және
құралдар
МЕМСТ 9284-75 Төсеніш шыны
МЕМСТ 120626–66 фильтрлі қағаз
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ел басының алға қойған мақсаты - әлемдегі
алдыңғы қатардағы 50 мемлекеттердің қатарына қосылуда, мал шаруашылығын
жедел өркендетіп, одан алынатын сапалы өнімдерді көбейту осы күннің өзекті
мәселесі.
Осыған орай мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде мал, құс және
басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізге қажетті азық-түлік,
өндіріске керекті шикізаттар алу, жануарларды тиімді пайдалану –
бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен
айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын
шоғырландыру, қора-жай күтімдерін, оның зоогигиеналық–санитарлық
жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық
ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік
ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін,
тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны
белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу
және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір
пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да
дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан
болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық
тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды.
Қойдың жүні – еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан
жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе
қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон
тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға
бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.
Міне, осыған орай елбасының жолдауы мен алға қойған мақсатында, мал
шаруашылығы мен қожалықтарын жедел өркендетуге және одан алынатын өнімдерді
көбейтуге мән берілетіндігі баса көрсетілген. Бірақ, қой басын және одан
алынатын өнімді көбейтіп, сапасын жақсарту ісіне, малдың кейбір инфекциялық
аурулары кеселін тигізуде. Атап айтсақ, қойдың жұғымтал эктимасы,
экономикалық шығынға ұшыратуда. Аталған аурудың ең басты қауіптілігі,
онымен жаңа туған төлдер ауырады. Аурудың салдарынан төлдер өсуін тоқтатып,
салмағын жоғалтып, мезгілінде емдемесе, тіпті өлім-жітімге ұшыратады. Індет
ошағында ауруға шалдыққан саулықтардың желіні зақымданып, сүт беру
қабілетінен айырылып, бірнеше қозылар жетімдікке ұшырап, сүт іздеп басқа
саулықтардың желініне жабысып, оларға ауру жұқтырады. Осыған орай қой
шаруашылықтары халыққа қажетті жүн, тері және етті барынша өндіре алмай
экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Сонымен бірге елімізде қой басының өсуі
де азаяды.
Жұғымтал эктиманың таралуына келсек, бұл індетті ауру ТМД елдерінің қой
шаруашылықтарына кеңінен таралған. Атап айтсақ, аурудың тұрақты ошақтанған,
жыл сайын өршуі Ресейдің, Молдавияның, Украинаның, Арменияның,
Әзербайжанның, Грузияның, Дағыстанның, Қырғызстанның әртүрлі аймақтарында
орын алған. Отандық ғалымдардың осы ауру жөніндегі зерттеулері, тек 1963
жылдан басталған. Қазақстан ғалымдары алғашқы болып ауруды індетті
пустулезді дерматит деген атпен жариялады. Кейінгі жылдары еліміздің,
негізінен Алматы облысының аудандарында жұғымтал эктиманың иммундеу
шаралары зерттеліп, ауруға қарсы вакцина дайындалды. Жұғымтал эктиманың
еліміздің әртүрлі аймақтарындағы індеттік ақуалы жөніндегі ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүйелі емес және індеттік ақуал ашылмаған, Алматы облысынан басқа
Жамбыл, бұрынғы Талдықорған, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында
өндірісте істейтін малдәрігерлері жұғымтал эктиманы қой шаруашылықтарында
кездестірсе де, осыған ұқсас басқа ауруларға шатастырылып балаулаған.
Атап айтсақ, көбінесе ел ішінде “қара сүйел”, “дерматит” немесе
статистикалық ветеринариялық есепте некробактериозға кіргізілген. Осыған
орай аурудың індеттік ақуалын әртүрлі өлкелерде зерттеп, онымен күрес
шараларын жүргізу қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі.
Біз, өз жұмысымызда негізінен Алматы облысының (негізінен Жетісу
өңірінің бұрынғы Талдықорған облысы) аймағындағы қой шаруашылықтарындағы
жұғымтал эктиманың індеттік үрдісінің себептері мен дамуын (өршуін) -
малдың тұқымына, жасына, індеттің инфекция тудыратын көзіне байланыстылығын
анықтау болды. Сонымен бірге жұғымтал эктиманың басқа сау малдарға жұғуында
жабайы қос тұяқты күйіс қайырушылардың ролін бақылау болды. Әрі еліміздегі
әртүрлі өлкелердің табиғи географиялық климаттық ерекшеліктеріне байланысты
(солтүстік, батыс өлкелерін) аурудың өршіп-өнуін қарастырдық. Өз
зерттеулеріміздің нәтижесіне байланысты аурумен күрес шараларының тиімді
жолдарын іздестірдік. Жалпы профилактикалық шаралармен бірге, саулықтарға
иммунизация жасаудың тиімді әдістерін қарастырдық. Жас жаңа туылған қозылар
ауруға шалдыққанда, иммунизациялаудан оң нәтиже болмағандықтан, аурумен
күресте –эктима жарасын хирургиялық әдіспен – жаңа, арзан, қоры мол
препараттарды қолданып емдеуді шешу және оны өндіріске ендіру – басты
мәселелердің бірі болды. Біз, зертханалық жануарлардың іріңді өліеттенген
жараларына эксперименттік талдау жасап, жаңа препараттардың ішінен,
жергілікті Көксу тау-кен орнынан алынатын минерал-шунгитті сыннан өткіздік.
Аталған препаратпен қойдың эктима жарасын хирургиялық әдіспен емдеп,
өндіріске ұсындық.
Жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан мал шаруашылығындағы әртүрлі
тұқымдас қой топтарының арасындағы кейбір індеттік факторларды, аурудың
таралуын, энзоотияның өсіп-өшуін зерттеп, осыдан алынған мәліметтерге
байланысты, ауруға қарсы тиімді күрес шараларын ғылыми және практикалық
тұрғыдан дәйектеу.
I.Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
1.1. Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының шығу тарихы
Жұғымтал эктима (Есthima contagiosa) – инфекциялық пусулезді стоматит,
індетті стоматит, престоматит болыпта аталады. Аурудың негізгі мінездемесі-
ауыздың кілейгейлі қабықтары, ерін және сирақтың терілерін сүйел басып
қабыршақтануы және желін мен жыныс мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін,
кең тараған, жіті өтетін жұғымтал вирусты ауру [1].
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасы ойылымды дерматит, жұғымтал ойылымды
стоматит немесе ауыз қуысының кілегейлі қабығында, еріннің терісінде сүйел,
көпіршіктенген – ойылымдармен мінезделетін вирустық ауру [2].
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының қоздырғышы вирус, ауыз қуысының
кілегейлі қабығында, ерін терісінде, аяқта, желінде, жыныс мүшесінде
сүйелденген көпіршік, кейіннен қабыршықтанатын патологиялық үрдіспен
сыйпатталатын және жіті өтетін инфекциялық ауру [3,4,5,6].
Ғылыми әдебиеттердегі деректер бойынша аурудың клиникалық белгілері
туралы алғашқы жазба мәліметті Англияда 1787ж. Стиб берген [7,8,9,10].
Гутира мен Марек ауырған малдан В.Necrobacterum микробын бөліп алды да,
содан бері бұл ауруды барлық жерде некробактериоз ретінде қабылдап келді
[11].
1921 жылы Францияда Эйно жұғымтал эктиманың нағыз қоздырушы вирусын
бөліп алып, одан вакцина даярлады.
Француз ғалымдары Aynaud алғашқылардың бірі болып жоғарыда аталған
ауруды қойдың жұғымтал пустулезді стоматиті екенін және оның қоздыруышысын
эксперименталдық әдіспен вирус екенін дәлелдеді. Кейіннен басқа авторларда,
ашылған аурудың бүкіл дүние жүзінде таралғанын жариялаған [12,13,14].
Бұл аурудың шығуы Грецияда, Индокитайда, Италияда, Англияда,
Бельгияда, Германияда, Жаңа Зеландияда, Болгарияда, Венгрияда,
Португалияда, Индияда, Монголияда және т.б мемлекеттерде тіркелген
[15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25].
ТМД елдерінде қойдың жұғымтал эктимасы ұзақ уақыт бойы
некробактериозбен шатастырылып, басқа аттармен белгілі болды [26].
Алғашқы болып 1935 жылы А.Мольс Батыс Сібірде қойдың ауруының жеке
қоздырушысы, желін сүйелі десе, Солтүстік Кавказда өліеттендіруші бактерия
емес, сүзбелі вирус екендігін жариялады [27].
1937 жылы Арменияда қойдың ерніндегі сүйелдің қоздырушысы, сүзбелі
вирус екендігін жарияланды [28].
Кейінірек қойдың жұғымтал эктимасы дара вирусты ауру ретінде Украинада
(1960), Молдавияда (1961), Азербайджанда (1967,1968), Қазақстанда (1963-
1974), Қырғызстанда (1965-1968), Белоруссияда (1966), Грузияда (1968),
Бурятияда (1971) тіркелген [29,30,31,32,33, 34].
Қазақстан ғалымдары негізінен аурудың алдын алуға вакцина
дайындаумен және жұғымтал эктимаға диагноз қойған [35,36,37,38,39,40,41].
Жоғарыда аталған жұғымтал эктиманың ұқсас мәселелері Ресей, Қырғызстан және
Азербайджан ғалымдарымен де шешілген [42,43,44,45,46, 47,48,49,50,51,52].
Қой мен ешкінің жұғымтал эктимасының таралуын, балауын және
вакцинопрофилактикасын басқа да ТМД елдерінің ғалымдары жүргізген
[53,54,55,56,57,58].
1.2 Аурудың этиологиялық деректері
Жұғымтал эктиманың қоздырушысы шешек вирусы тұқымдастарына жатады,
құрамында ДНК бар, үлкендігі 250 нм, ірі вирус, микроскопта көру үшін
препаратты Морозов әдісімен даярлайды [57,58].
Жұғындыны Пашен бойынша бояғанда, немесе оны Морозов бойынша
күмістендірумен зерттегенде вибриондар дөңгеленген көріністе болып, сырт
пішіні ұсақ кокктарға ұқсайды. Вирустың мөлшері кейде 274 х 163 нм
аралығында болатындығы жарияланған [59,60,61].
Көптеген зерттеушілердің анықтамасында жұғымтал эктиманың қоздырушысы
вирустың сүйел тобына жатады [62,63,64].
Электрондық микроскоппен зерттеулерде элементарлық дене қыйырылған
ұштары бар, қысқа таяқшаға ұқсайтындығын жариялаған [65,66,67]. Вирустың
өзіндік қабақшасы 10-11 диагональды орналасқан жіпшік тәрізді көріністе
болып, әртүрлі авторлардың зерттеу нәтижесінде, вирустың мөлшері 70-110
ангстерм аралығында, вирустың ішкі құрылымының көрінісі нуклеин қышқылымен
субстанция құрып пішіні S әріпіне ұқсас жарқыраған [68,69,70,71,72].
Электрондық микроскопияда, эктиманың вибриондары овальды пішінде, 150-
290 нм мөлшерде болып, капсула қабырғасы 10-11 параллельді филоментердің
көлденең жазықтығында орналасқан. Сонымен бірге, кейбір бос нуклеойдсызда
капсула көрінген. Осыған байланысты бұндай құбылыс тек Қазақстандық
штаммаларға тәнді деп автор қорытындылаған [73].
Қоздырғыш Беркефельд пілтесімен қиып сүзілсе, Шамберлан арқылы L2
қоздырғыштың кейбір штаммаларын алғашқы және қорытылатын торшааралық
ұлпаларда өсіруге болады. Бірақта осының әсерінен қоздырғыш тез өзгеріске
түсіп, вируленттік және иммуногендік қасиеттерін өзгертеді [74,75,76].
Жұғымтал эктиманың вирусы терінің мүшелік культурасында бірнеше
пассаждан соң, көбінесе сүйек кемігінің культурасында өсіп, имундік
қасиетінің жарғылауын анықтаған [77,78].
Вирус культураішкілік торшада өсіп-өнеді. Культураішкілік торша
көбейгенде вирустың цитопатогендік әсері байқалады. Ішкіплазмалық дене
пайда болып, пішіні өзгеріп, вакуолизацияға ұшырап және торша шығынға
ұшырайды [79,80].
Жұғымтал эктима вирусының тауық эмбрионында өспегені жөнінде деректер
бар [81,82].
Шетел ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде жұғымтал эктиманың
вирусын тауық эмбрионында өсіруге болатындығы жарияланған [83,84,85,86].
Вирустың тауық эмбрионында өте жақсы өсетіндігінде көптеген
зерттеушілер дәлелдеген. Сонымен бірге өсірілген вируспен экспериментальдық
әдіспен аурудың жұғатындығын анықтаған [87,88,89,90,91,92].
Жоғарыда аталған авторлардың вирусты өсіру жөніндегі деректерінің әр
түрлігі олардың қолданылған штаммаларына байланысты болуы мүмкін
[93,94,95,96,97].
Жұғымтал эктимаға әр түрлі жануарлардың шалдығатындағы жөнінде
бақылаулар және зерттеулер дүниежүзінің көптеген елдерінде жарияланған
[98,99,100,101,102,103,104,105,106] .
Жұғымтал эктиманың вирусына қой және ешкіден басқа жасанды
залалсыздандыру мөтеліне қоян жататынын көптеген зерттеуші ғалымдар
жариялаған [82,107,108,109].
Маймылды жасанды залалдандыруға болатындығын дәлелденген [110,111].
Жұғымтал эктимамен адамда ауырады [112,113,114].
Кейбір зерттеушілер аталған инфекцияны жасанды түрде жылқыға жұқтырғаны
мәлім [111], жұғымтал эктимамен табиғи жағдайда Гималай турларының
ауырғандығы белгілі. Бұғымен тау текесенің ауруға шалдығуы да тіркелген
[115].
Бұл ауруды теңіз шошқасына және тағы басқа жануарларға жасанды әдіспен
жұқтырудан теріс нәтиже алған зерттеушілерде жеткілікті [32,81,89].
Жұғымтал эктимаға түйенің шалдығатындығын алғашқы рет Алматы
зооветинститутының ғалымдары анықтаған [35].
Жұғымтал эктимаға зертханалық және басқада жануарлардың тікелей
залалдандыру арқылы бақылаулар жүргізіліп оң нәтиже алынған. Осымен бірге
көптеген шетелдік ғалымдар жұғымтал эктимамен табиғи жағдайда ауырып, індет
ошақтарының пайда болатынын анықтаған [116,117,118,119,120,121,122].
Жұғымтал эктиманың вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді. Құрғақ
сүйелді қабыршақты рефрижераторда сақтағанда 22 жыл, ал бөлме
температурасында 15 жылдан артық тіршілігі сақталған [116].
Аурудың қоздырғышы ылғалды ортада +64 2 минуттың ішінде өлсе, +60-та 5
минутта, ал + 56-та 30 минут аралығында жойылады. Ол дистилденген суда 24
сағатта белсенділігін жойса, кепкен тері қабыршығында бөлме
температурасында 15 жыл тірі қалған [123].
Инфекцияланған жайылымдарда вирус айлар бойы өзінің белсенділігін
жоймайды [94,95,123], ал мал қораларында 3 жылдан артық сақталған
[124,125]. Төменгі температурада мұздатып қатыру вирусқа қатты әсер
етпейді.
Кейбір авторлардың деректері бойынша бөлме температурасындағы
қабыршақтағы вирус 20 жылға дейін сақталады [126,127,128].
Құрғақ ыстықтың әсері [100°-110°] вирустың белсенділігін 3 сағатта, ал
200°-10 минутта инактивацияға ұшыраған.
Дезинфекциялық заттардың ішінен, вирусқа мықты әсер етіп жойатын 1-2%
формалин. Күшейтілген NaOH, KOH қышқылының ерітініділері 10-20%, жаңа
сөндірілген әк, кальций гипохлориді (2-5% белсенді хлоры бар) оның
белсенділігін толықтай жояды [126].
Кейбір авторлардың айтуынша, ұсақталмаған патматериалды (тері
қабыршағы) залалсыздандыруға ең жақсы әсер беретін препарат ысытылған NaOH
мен KOH 4% ерітінділері. Оның себебі басқа препараттар тері қабыршаққа еніп
сіңуі қиын болатындықтан [129,130,131].
Жұғымтал эктима вирусының сыртқы ортада сақталуынан Европа елдерінің
қой фирмаларында ауру кеңінен етек алғанын келтіруге болады.
Великобритания фермерлерінің қой шаруашылықтарында қойдың тұяғы әртүрлі
себептерден – тас жолмен айдаудан, батпақты, ылғалды жерде ұстап бағудан,
бөгде заттардан жарақаттанудан, тұяқ мезгілінде кесілмегенде қоздырғыштар
түсіп жануарлар ақсап, қоңдылығы төмендеген. Этиологиялық себебін
тексергенде Fusobacterium necroforum, Bacteroides nodosus, аусыл вирусы
және осымен бірге эктима вирусының қосарланып қатысуы анықталған [133].
Францияның фермасында бағылған 44 қойдың және 74 қозының арасынан
тұмсығы және құлақ жанында жаңадан ісік пайда болған. Зерттеу барысында
папилома екендігі анықталған. Аталған ісікпен сақа қойлар ауырмай, тек 42
бас қозы [57%] папиломаға ұшыраған. Аурудың этиологиясын анықтағанда
зақымданған эпидермисте эктима вирусының қатысқаны тіркелген.[134]
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының вирусының сыртқы ортада
төзімділігінен ауру басқада континенттерде тіркелгені белгілі.
Суданда қой және ешкінің жұғымтал эктимасының өршуі 1980 жылы жаңбыр
жауатын кезеңнен соң басталған. Барлық мал басының 85% ауырып, оның 15%
өлген. Төлдерде ауру зілді өтіп бір жұма ішінде өлім-жітімге ұшыраған.
Төлдердің ауыз қуысының кілегейлі қабығы, ерін терісі, тілі ойылып,
өліеттеніп қабыршақтанған. Сақа қойларда ауру зылсіз өтіп, желін терісі
зақымданған. Ауыз қуысының кілегейлі қабатынан бөлінген эктима вирусы 20°С
3 жыл сақталса, хлорформға сезмтал, РН-4,0-9,0 уыттылығы жоймаған [135].
Қорыта келгенде, дүниежүзінің көптеген қой және ешкі шаруашылықтарында
жұғымтал эктиманың кеңінен етек алуы, оның қоздырушысы – эктима вирусына
байланыстылығы дәлелденген.
1.3 Індеттік деректері және клиникалық белгілері
Табиғи жағдайда жұғымтал этимамен ең бастысы қой мен ешкі ауруға
шалдығады. Кейбір күйіс қайыратын жануарлардың (бұғы, тауешкісі) ауруға
шалдығуы сирек кездеседі. Көптеген зерттеушілердің айтуынша аталған ауруға
негізінен жас малдар бейім келеді [12,35,36].
Жұғымтал эктимаға ересек қойлар сиректеу шалдығатындығын көптеген
авторлар жариялаған [12,37,38,125,136].
Ошақты жұғымтал эктимамен залалданған ересек қойлар аурудан айыққан соң
мүлдем шалдықпайды. Оның себебін көптеген зерттеушілер, олардың вируспен
сыртқы ортадан реиммунизациалануынан немесе малдың жас кезінде
ауырғандығынан. Жұғымтал эктима ошағындағы қойларда ауруға қарсы жастық
иммунитеттің пайда болатындығын, бұл процестің спонтандық инфекциялануымен
және вакцинацияға байланысты еместігін дәлелдеген.
Ауырудың бұрыннан жұғымтал эктимадан таза шаруашылықта пайда болуы,
оған ауырған және ауырып жазылған малды әкелуге байланысты, немесе сау
малды вируспен ластанған қора-жай мен жайылымдарға орналастырудан болады.
[137,138,139,140].
Аурудан тазартылмаған шаруашылықтарда мал көбінесе көктем, жаз, күз
айларында ауруға шалдығады [141,142].
ТМД елдерінің мал шаруашылығында жұғымтал эктима жылдың кез келген
айларында кездеседі. Мысалы, Азербайджанда, Дагестанда, Қырғызстанда,
Бурятияда малдың ауруға шалдығуы жиі жағдайда көктем-жаз айларында, қозыны
енесінен бөлген мезгілде кездеседі [32,47,87].
Дегенмен, Қырғыстанның кейбір аймақтары мен Украинада жұғымтал эктима
күз-қыс айларында орын алған [29,47].
Алғашқы болып Қазақстанда жұғымтал эктиманы 1963 жылы К.Н. Бучнев
қызметкерлерімен анықтаған. Авторлардың зерттеу нәтижелерінде аталған
инфекция елімізде кеңінен жайылып, әсіресе Алматы, Қостанай, Оңтүстік
Қазақстан, Қызылорда облыстарында тіркелген. Аталған инфекцияның ұшқындауы
Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.
Жұғымтал эктима Республиканың оңтүстік аймақтарында осы күнге дейін
кеңінен тараған [142].
Жамбыл облысының шаруашылықтарында қойдың жұғымтал эктимаға ұшырап,
оған қарсы Г.И.Лопатниковтың дайындаған вирусвакцинасын сыналғаны
жарияланған. Автордың айтуынша жұғымтал эктима қой шаруашылықтарына үлкен
экономикалық зиян әкелген [143].
Жоғарыда аталаған өлкелердің мал шаруашылықтары мен қожалықтарында бұл
ауруды сүйел немесе қара сүйел, ал славян халықтары оны бородавка деп
атаған. Осымен бірге жұғымтал эктиманың қарқынды етек алуы Жетісу өңірінде
бұрынғы Талдықорған облысында тіркелген. [144,145,146].
Адамның жұғымтал стоматиті (паравакцина, сауыншы түйіні, жалған вакцина
және т.б.) ауырған малды күтіп бағуға қатысы бар адамдарға, олармен
жақындағанда жұғады. Вирус тері зақымданған кезде организмге енеді,
инкубациялық кезеңі 4 тәулік. Ауырған адамның дене қызуы көтеріліп, ауыз
қуысының кілегейлі қабығында және теріде дақтар пайда болады. Аурудың алдын
алу үшін қолды жуып және дезинфекциялайды [132].
Негізгі инфекция көзі болып ауырған, немесе ауырып жазылған малдардың
денесіндегі қатпарланған тері астылық қабыршақтанған бөлінген вирустар.
Олар мал қораларын, жайылымдар мен бүкіл айналасындағы мекен жайды
ластайды. Көптеген ғылыми әдебиеттердегі деректерде инфекция
микрожарақаттанған теріден өтіп мал организміне жайылады. Жаңа туған
қозыларды тіс жарылу мезгіліне ауру туындаса, ересек жастағы төлдерде олар
жайылымға шыққанда тікенек шөптермен бас аумағының терісінің
жарақаттануынан инфекцияға шалдығады [73,147,148,149].
Кейбір авторлардың зерттеуінде малды қатты мұздатып қатқан жайылымдарға
шығарғанда, теріде микрожарақат болып инфекцияланғаннан соң ауруға
шалдығады [150,151,152,153].
Тұрақты жұғымтал эктиманың ошағында ауырған қой басының саны әр жылы
бірдей емес. әсіресе құрғақ ылғал су түскен қуаңқы жылдары, ауырған мал
басының саны көбейіп, аурудың жайылуы кеңінен тіркелген [153,154].
Жұғымтал эктиманың өтуі малдың жасымен бірге, оның күтіміне байланысты.
Ересек қойлар тез ауырып зілсіз өтсе, керісінше жас төлдердің ауруы зілді
өтіп ұзаққа созылады [45,87].
Жұғымтал эктима зілді өткенде мал жүдеп, қоңы төмендеп, өсуі тоқталып,
жүнін жоғалтады. Малдың жалпы күтімі төмендеп, азығы ойдағыдай болмаса
ауруға шалдыққан төлдердің өлімі 15-18% [143,144].
Шетелдік және отандық зерттеушілердің деректері бойынша, жануарлар
ағзасына енген вирус эктиманың торшаларға өзінің енген жерінде
репродукцияланады. Осының нәтижесінде жергілікті қатаң шектелген
зақымданулар басталады [155,156,157].
Осыған байланысты жұғымтал эктиманың иммунитеті анық торшалық
болғандықтан, жоғарыдағы айтылғанды, малды иммундегенде ескерген жөн. Яғни
вакцинаны патологиялық өзгерістер болатын ұлпаларға (қозының аузының
кілегейлі қабығына және еріннің терісіне) енгізуге болатындығы жарияланған
[158,159].
Эпителиялық торшаларда вирустың дистрофикалық өзгерістері түзіліп
вакуализацияланады, колликвакцияланады және цитоплазманың ретикулярлық
дистрофиясы болады. Жұғымтал эктимаға эпидермистің өзгеруі өте беткейлік
қабаттан басталып, оның астындағы терең қабаттарға бағытталады, осыдан
пайда болған ұсақ камерлі көпіршіктердің көлемі ұсақ келеді [160].
Дегенеративті түзілулермен бірге, аурудың басталуынан бастап, қабыну
процессі тері қан тамырларының гиперемиясымен, тері эксудатпен
инфильтрацияланады.
Сонымен қатар, күшті пролиферация байқалып, эпителиялық торшаларда,
кератоз және паракератоз басталады. Көптеген қатпарланған қабықшалар
түзіліп көбейеді. Олардың пайда болуы эпидермистің жоғарғы қабатынан
басталып, беті эксудатпен жабылады [17,160,161].
Екіншілік микрофлораның енуінен (стрепто-стафилококктар, некробактериоз
қоздырушылары және т.б.) тері қабыршағының астында іріңді өліеттенген ошақ
пайда болады. Осындай патологиялық ошақтар ішкі ағзалар мен буын
қапшықтарында пайда болуы мүмкін.
Тері және ауыз қуысының кілегей қабығында инфекциялық процестің дамуын
төмендегідей сатыдан: 1-ші сатысы гиперемия; 2-шісі папула; 3-ші везикула;
4-ші пустула; және 5-ші тері қабыршағының пайда болу сатысы Жекелеген
авторлардың [161] пікірінше жоғарыдай сатыға бөлу дұрыс емес, себебі
көпіршіктену барлық сатыға тән болатындығын өзі дәлелдеген. Г.И.Лопатников
жұғымтал эктиманың дамуын барлығы 3 сатыға бөлгенді жөн санайды: 1-ші
гиперемия –папула; 2-ші везикула-пустула және 3-ші тері қабыршағының пайда
болуы сатысы [136,162].
Қойда жұғымтал эктиманың инкубациялық кезеңі 2-12 тәулік аралағында
өтеді.
Еріндегі түрі кезінде ернінде, әдетте езуінде, әртүрлі қызыл дақтар,
гиперемия пайда болады, олардың ортасында түйіндер, одан кейін ұсақ
везикулалар және пустулалар пайда болады. Пустулалар жарылады және кебеді.
Олардың орнында сүйелге ұқсас сұрғылт қабыршықтар пайда болады. Жануар
организмінде жалпы өзгерістер білінбейді, бірақ қондылығын жоғалтады.
Зілсіз аурудың барысында 2-4 аптадан соң, патологиялық қабыршақтар
сыдырылып түседі және тері қайтадан бұрынғы қалпына келеді.
Еріндегі зілді түрінде екіншілік микрофлорамен асқынулар болып,
ұлпалардың терең іріңді өліеттену өзгерістерінің пайда болуына әкеп соғады.
Көптеген авторлардың айтуы бойынша, ауыз қуысының (пустулезді стоматит)
кілегейлі қабығының зақымдануын жеке өзіндік стоматит ауруы деп қарастырады
[71,163,164].
Бұл түріндегі ауруда ауыз қуысының кілегей қабығында ішкі жоғарғы тіс
бетінде, тілде, ұртта, жұмсақ таңдайда гиперемия ошағы кездеседі, содан
соң, ақшылдау көпіршіктерге айналады. Көпіршіктер жарылады және олардың
орнына ақшыл-қызыл төмпешіктелген эррозия түзіліп, малина жемісінің түсіне
сәйкес келеді. Осының нәтижесінде ұлпалар азықтан жарақаттанғанда, сол
жерге басқа екіншілік микрофлораның енуінен зақымдалған жерде ойық жаралар
пайда болып, оның үсті жағымсыз иісті ұлпа жыртындылармен жабылады. Осымен
бірге алқым бездері және жоғарғы лимфалық түйіндер ісінеді. Көптеген
жануарларда денесінің температурасы жоғарылайды [62,165,166,167,168].
Жұғымтал эктиманың тұяқ түрінде көптеген авторлар жарияланған.
Аурудың бұл түрінде инфекциялық процесс терінің тұяқ аралық саңылаулар
аймағына жайылады. Сонымен қатар, бұл зақымдалған жерлерде папул, везикул,
пустулалар түзіліп, ойық жараларға айналып, іші іріңді эксудатқа толып беті
қабыршықтанады. Аурудың ауыр түрінде екіншілік инфекцияның әсерінен,
асқынған процесс аша тұяққа жайылып, тері астылық ұлпаларды зақымдайды. Бұл
жағдайда мүйізді капсуланың астында іріңді өліеттенген процестің жағымсыз
иісті іріңге толады [169,170,171,172]. Сирек жағдайда ірің буындарға және
сүйекке дейін жайылып кетуі мүмкін. Жануарларда қатты ақсау байқалады. Олар
ұзақ уақыт жата береді, қоңдылығын жоғалтады. Кейбір жағдайда мүйізді тұяқ
түседі. Онда бұл ауру ұзақ уақытқа созылып, кейде жарты жылдан артыққа
дейін созылуы мүмкін [173].
Ауру зілсіз бағытта дамығанда, аяқ аумағындағы тұсамыс, топай
буындарында бірен-саран ғана түйіршіктер пайда болып, патпроцесс зілді
еріндегі түрі сияқты өтеді және мал бірнеше аптаның ішінде жазылып кетеді.
Эктиманың генитальды түрі де кездеседі [45,51,115].
Авторлардың айтуы бойынша аурудың бұл түрі сирек кездеседі, негізінен
ересек малдарда болады. Аурудың генитальды түрінде инфекциялық процесс
желіннің терісін, үрпісін локализациялайды, ал еркек малдарда ұмасы мен
жыныс мүшесін шектеп зақымдайды. Саулықта терісі және сарпайы ісініп,
күнтимесі, қынаптың кілегей қабықтарының терісін де және кілегей қабықтарды
зақымдайды.
Жұғымтал эктимаға ұшыраған қошқардың ауруларыда біршама зетрттелген
[29]. Олардың зерттеулері бойынша ауру қошқардың күпегінің терісі іскен,
оларда пустулалар мен қабыршақтар түзілген, бірақ күпек қапшығында
өзгерістер байқалмаған. Несеп бөлу процессі де бұзылмаған. Дагестан
ғалымдары [138] саулықтардың 5-33% желіні мен үрпісі зақымдалғанын
бақылаған. Бұл отардағы ауру қозыларда жұғымтал эктиманың стоматиттік түрі
тіркелген болатын. Патпроцестің жайылуы әртүрлі болды. Кейбір саулықтарда
желіні мен үрпісінде түгелдей қызыл дақтар, көпіршіктер және қабыршықтар
пайда болса, басқаларында зақымдану тек тері үрпісінде жайылған [174,175].
Желін терісінің және үрпісінің зақымдануы автордың зерттеулері бойынша
маститке айнлып, сонымен бірге көп жағдайда сүт өнімділігін толығымен
жоғалтуына әкелуі мүмкін.
Қынаптың зақымдануынан жыныс еріндерінің ісінгенін, домбыққанын,
қынаптың кілегей қабығында жара түзіліп, одан кілегейлі немсе іріңді
экссудаттар ағады [176].
Америка ғалымдарының зерттеулері бойынша аурудың атиптік түрінде
жұғымтал эктимаға ұқсастық патпроцесс жануарлардың құйрығында, санында,
сирағында, шынтақ буынында, қолтығында және тағы басқа жерлерінде
зақымданулар болып шектеледі [177,178].
Эктиманың аралас түрінде жануардың бір мезгілде әртүрлі дене бөлігінің
терісін және кілегейлі қабықтарының зақымданып, патологиялық процесстің
шектелетіндігін зерттеушілер жариялаған.
Қостанай облысының мал шаруашылықтарында қой және ешкі жұғымтал
эктимаға қыс айларында ұшыраған.
Ауру аралас түрде өтіп, оның еріндік түрінен бас аумағының ұлпаларынан
тұяқ қуысының ұлпасына жұғып, патологиялық үрдіс туындайтынын анықтаған
[146,179].
Қой және ешкінің жұғымтал эктимасының індеттік деректерін Америка және
Европа елдерінің мал қожалықтарынан да келтіруге болады.
Америка фермерлерінің қой шаруашылықтарында 8-75 күндік қозылардың
өлімі – туылған ақаулардан, ателектаздан, тууындағы жарақаттан, емшекті
соралмауынан, қабырғалары сынып, бас аумағының ісуінен, энтериттен,
бронхопневмониядан болған. Ал, 1-1,5 айлық қозылардың өлімінің тағы қосымша
себебі жұғымтал эктима болған [180].
Канада мемлекетінде қой және ешкінің жұғымтал эктимасының клиникалық
бейнеленуі негізінен тұмсық ерін аумағының зақымдалуымен өтеді. Сақа қойлар
мен ешкіде желін терісі (емшектері) зақымданады. Ересек Нуби тектес
ешкілерде бас, мойын, төс және бүйір аумағының зақымданатыны анықталған.
Жұғымтал эктимаға диагноз электрондық микроскопиямен зерттеліп және
биосынама қойылған [181].
Великобританияда 6-12 айлық шотландық қойларды серологиялық әдіспен
жұғымтал эктимаға зерттеуден теріс нәтиже алынған. Құрсақ аймағының терісін
қырып, 24 сағаттан соң, теріні инемен жарақаттап, табиғи ауырған қойдың
қабыршақ патоматериалы жағылған. Аурудың қоздырғышының өсіп-өнетін орны жүн
фоликуласының түбіндегі торшалар екендігі анықталған. Торшалық реакция
терінің эпидермисі және емізікше қабатында өліеттенумен жалпы дерматитпен
сыйпатталған [182].
Америка фермерлері қойдың маститінен өнім азайып, мал ерте есептен
шығарылып, кейде өлім-жітімнен экономикалық шығынға душар болған. Маститпен
6% қой ауырып, 15-58% сүт өнімі кеміген. Маститпен ауырған қойлардың желін
терісін және емшегін зерханалық тексеруде эктима вирусының барлығы
тіркеліп, маститтің себеттерінің бірі – жұғымтал эктима екендігі
дәлелденген [183].
Қырғызстанда жұғымтал эктима қой және ешкі арасында елдің әртүрлі
аймақтарында кеңінен таралған. Негізінен еріндік, желіндік түрлері жиі
кездеседі. Әсіресе 2-4 айлық қозыларда патологиялық үрдіс секундарлық
инфекциямен асқынады. Олар грамм оң және грамм теріс-коктар, шірікті
микроорганизмдер, ішек таяқшасы, некробактериоз таяқшасы және тағы
басқалары. ДжангиДжол кеншарында жұғымтал эктима бұзаутазбен асқынған [44].
Францияда қойдың стафилококктық дерматиті аз зерттелген. 1987 жылы 3
бас қойды стафилококктық дерматит – малдың бас аумағында және басқада жүні
жоқ жерлерінде іріңдеген ойық зақымданулар қабыршақпен жабылған түрінде
бейнеленген. Кейіннен, 2 бас қойдың бас аумағы және тұяғы зақымданып,
жұғымтал эктиманың клиникалық белгілері көрінген. Зертханалық зерттеулерде
стафилокок штаммалары және эктима вирусының барлығы анықталған [184].
Танзанияда сауылатын ешкілердің ішінен жұғымтал эктиманың кенеттен
өршуі басталған. Ауруға зерттелген 279 малдың 40 басында (14,34%) –
еріннің, қызыл иектің ұлпаларында сүйелденген қабыршақтар пайда болған.
Әсіресе осындай патологиялық үрдіске 2,5-4,5 айлық лақтар шалдыққан. Осымен
бірге, сауыншылардың қолдары жоғарыда көрсетілгендей патологиялық процесске
ұшыраған [121].
Солтүстік Ирактың 1257 бас ешкі фермасынан, 5 қожалықтағы 4-6 айлық
малдар клиникалық зерттеуден өткен. Оның 692 (55,05%) басы жұғымтал
эктимаға шалдыққан. Ауруға шалдығу көрсеткіші 33,33% -66,66% аралығында
болып, зерттеу уақытында 35(5,05%) ешкі өлген. Ешкілердің ерні, тісі, қызыл
иегі, мұрын қуысының кілегейлі қабығы, ені, тұяқаралық қуысы жұғымтал
эктимаға патологиялық үрдіспен бейнеленген. Өлген төлде жоғарыда аталған
ұлпалар мен мүшелерде ойық өліеттенген – көпіршіктенген жарақаттар
табылған. Осымен бірге өңеште, қарыналдында, өкпеде, бауырда абцестер
тіркелген [184].
Инфекцияның Пашмине шаруашылығында 1984-1986 жылдары ешкінің жұғымтал
эктимасы етек алған. Ауру көрсеткіші 22,39% болып, соңғы екі жылы 9,73 және
11,24%-аралығында болып, малдың өлімі тіркелген. Ауруға 15 күннен 3 айға
дейінгі төлдер шалдығып, тұмсығында, ернінде, мұрнында, кейде тілде
жұғымтал эктимаға тәнді патологиялық үрдіс байқалған.
Аурудың клиникалық белгілері 2-3 жұмада дамып, кейіннен жұғымтал эктима
зілсіз өткен [185].
1.4 Аурудың патолого-анатомиялық өзгерістері
Қой және ешкінің індетті пустуллезді дерматиттің патоморфологиясы әлі
толық зерттелмеген. Әдебиеттегі жазылған ақпарат тек терідегі өзгерістер
туралы мәліметтер береді [57]. Өлген малдағы ішкі өзгерістер аурудың түріне
және клиникалық белгілеріне қарай байқалады [58,89]
Еріндегі түрінде қатты қабыршақтану еріннің терісінде және бастың беткі
аумағында байқалады. Малдың аяғы зақымданғанда жоғарыдағы өзгерістер
тұяқаралық саңлауларда, топай, тұсамыс және одан жоғарғы буындарының
аумағына жайылады. Егер патологиялық процесс ауыз қуысында пайда болса,
ойық жаралар мен іріңді өліеттенулер ерінің ішкі бетінде, ұртта, тілде,
таңдайда, жұтқыншақта және көмекейде пайда болғаны байқалады. Өлексені ашып
зерттегенде ойық жара мен эрозия өңештің кілегей қабықтарында қосалқы
қарында, жұмыршақ және ішектер күлдіреп ойылады [186,187]. Көптеген
жануарларда екіншілік микрофлораның әсерінен қабыну және іріңді өліеттену
ошақтары серозды қабықтарда, паренхиматозды мүшелерде және буын
қабыршықтарында кездеседі. Бұндай өзгерістер өкпеде, бауырда, сирек
жағдайда үрпінің паренхимасында және серозды ққабықтарда кездеседі. Кейбір
жекеленген авторлардың пікірінше [17,19] бауырда, сүт безінде іріңді-
өліеттену ошақтардың пайда болуы, жұғымтал эктиманың вирусының әсерінен
басталады. Біріншілік зақымдау әсерінен, екіншілік микрофлорамен ластану
бүкіл патологиялық үрдісті жалғастырады.
Кейбір авторлардың деректері бойынша, қойдың пустулезді дерматитінде,
ауру қойларда отит кездесіп, оның патоморфологиясы жарияланған [188].
Пустулезді дерматитке ұшыраған қойлар басын бір жақ жанына ұстайды.
Осындай клиникалық белгілер есту аппаратының жұмысы бұзылғанда кездесетінін
ескеріп, автор өлген және лажсыздан сойылған 46 бас малға эксперимент
жасаған. Өлекселердің 11 самай сүйегінің дабыл қуысында кілегейлі
консистенциялы сұр-жасыл немесе сұрғылт-сары түсті эксудатпен толған.
Ортаңғы құлақтың кілегейлі қабығы домбыққан. Тоғыз ауру жануарлардың бір
жақ самай сүйегіндегі патологиялық процесс бар да, ал біреуіндегі екі жақ
самай сүйегінен табылған.
Бес ауру қойдың есту апаратындағы патологиялық өзгерістерді
зерттегенде, олардың ішінен үшеуінің ортаңғы құлағының кілегейлі қабағы
қызарған, әрі екеуінің дабыл қуысы серозды-іріңді эксудатпен толған.
Тамырлардың эндотелиальды торшалары созылып, түлеп кейбіреуі сыртқа шыққан.
Периваскулярлы аймақтарды гистиоцитралы миолоидты торшалардан тұратын
инфильтрат жиналған. Эпителиялды қабатта осы торшалық элементтер мен қатар
лейкоциттер инфильтрацияланған.
Ортаңғы құлақтың эпителиі қалыпты, тек бір қабаттан тұратын жалпақ
эпителий, көп қабатталып олардың торшасының саны 20-ға жеткен.
Пролиферацияланған эпителиалды торшалардың пішіні үлкен домалақ немесе
сопақша, олардың ядросы боялғанда ашық түсті жерлерде қабаттасып бітіп
кеткен. Көп жерлерде эпителий торшалық инфильтрациямен қатар, эпителий
ішілік нейтрофильді торшалармен толған, көбіктерді көруге болады.
Эпителийдің қабықтары түлеп, олар экссудатқа араласқан.
Дабыл қуысын құрайтын сүйекті пластинкалардың тамырлары
гиперемияланған, ал сүйекті пластинкалардың өткізгіш түтікшелерге өтетін
жерлері шұқырланып, жойылып дабыл қуысы кеңейген.
Ортаңғы құлақтың кілегейлі қабығы мен сыртқы өткізгіште гиперемия
байқалады, ол жерде гистиоциттер мен миолоидты торшалар жиналған,
жекеленген лейкоциттер эндотелиалді қабықтың астына жиналған.
Бір қойдың тамырлық реакциясы лимфа тамырлары мен қан тамырларының
кернеуімен, эритроциттердің периваскулярлы аймаққа шығуымен және ортаңғы
құлақтың кілегейлі қабығында жиналумен сипатталған.
Эритроциттердің ішінде лейкоциттерде де кездеседі. Кейбір қан
тамырларының маңайында гистиоциттердің пролеферациясын көруге болады.
Кілегейлі қабықтың эндотелиалды торшалары ісінген, ал кейбіреуі сыртқы есту
жолдарында қан тамырлар қанға толып, дерма лейкоциттермен
инфильтрацияланған.
Дабыл жарғағы қалыңдаған. Есту аппаратының сыртқы өткізгіш жолдарының
жылтыр эпителийі қалыңдаған, оның айдаршақтары дәнекер ұлпамен терең
көмкерілген, эпителиалды торшалар арасында нейтрофилді лейкоциттерді көруге
болады. Дәнекер ұлпа қатары көбейген, олардың арасында алқызыл сұйықтықпен
торшасы инфильтрат жиналған. Тамырлар кеңейіп қанға толған.
Дабыл кеңістігінен жарғаққа қарай экссудат жиналып, кейбір аймақтарда
эпителий түлеп (қабыршақтанып) онда эпителий жоғалып кеткен.
Дабыл кеңістігіндей экссудат түсі алқызыл, құрамында қызыл
денешіктермен араласқан лейкоциттер, қабыршақтанған, түлеген эпителийлер
бар [189]. Есту сүйектерімен ортаңғы құлақтың кілегейлі қабығы домбығып,
кей жерлерін көруге болады. Қан тамырларында эпителиоциттермен қатар
нейтрофильді лейкоциттер мен лимфоциттер кездеседі. Тамырлардың
эндотелиалді торшаларға созылып, түлеп кейбірі сыртқа шыққан.
Периваскулярлы аймақтарда гистиоцитарлы торшалардан тұратын инфильтрат
жиналған. Эпителиалды қабатта осы торшалық элементтермен қатар лейкоциттер
мен лимфоциттер кездеседі [189,190].
Испанияда жұғымтал эктимаға ұшыраған 6 бас, 1-3 айлық жастағы лақтардың
өлексесін зерттеген. Патологоанатомиялық өзгерістер ұртта және қызыл иекте
орналасқан. Аталған ұлпалардың эпителисінде дегенерация болып, көпіршікті
пстулездік дерматит екіншілік микрофлорамен асқынғандығын тіркеген [121].
1.5 Аурудың диагнозы
Қазақстан Республикасының ветеринария департаментінің ауылшаруашылық
Министрлігі бекіткен уақытша нұсқау шешімі бойынша қой мен ешкінің жұғымтал
эктимасында диагнозды аурудың эпизоотологиялық, клиникалық белгілеріне,
сонымен қатар зертханалық зерттеулерге патологиялық материалдардың сараптау
қорытындысына байланысты. Зертханаға жаңадан пайда болған патолгиялық
ошақтардан алынған құрғақ, консервантсыз қабыршақ кесегін фиксирленбеген
жағындыларды жібереді. Жағындыны Пашен және Морозов бояуларымен бояғаннан
кейін, жарық микроскопта зерттеп, элементарлық денені іздейді. Қозыларға
биологиялық сынама қою үшін құрғақ тері қабыршақтар қолданады. Биопроба қою
алдында зертханаға әкелінген құрғақ тері қабыршағы таза фосфорлы табақшада
ұсатылған ұнтаққа дейін уатылады да, 1:10 қатынасында физиологиялық
ерітіндімен езіліп, оған мөлшерлі пеницилин және стрептомицин қосылады.
Осылай езілген суспензияны 37 –градуста 30 минуттан 2 сағатқа дейін бөлме
температурасында ұстайды. Осыдан кейін оны зертханалық жануарларды
залалдандыруға қолданылады. Жануарларды биосынамалау үшін суспензияны әдейі
жыртылған теріге жағады. Суспензияда жұғымтал эктиманың вирусы болса,
жануарларда 3-5 тәуліктен соң осы ауруға тәнді көріністер байқалады. Осымен
бірге Алматы малдәрігерлік институттарының ғалымдары ашқан (38) электронды
микроскопия әдісімен жұғымтал эктиманың экспресс-диагностикасын қоюға
болады. Кешенді тексеруде жұғымтал эктиманың болуына кейбір иммунологиялық
реакцияларды қолдануға болады. Атап айтсақ кейбір зерттеушілер қойдың
жұғымтал эктимасын анықтауға комплемент байланыстыру реакциясын қолданып оң
нәтиже алған [57,65,133,134,135,191].
Кейбір зерттеушілер жұғымтал эктиманың диагнозына зертханалық-
серологиялық реакциясын қолданып көңіл толарлықтай нәтижелер алған.
Преципитация реакциясын агар гелінде қойып оң нәтиже алғандарда жеткілікті
[192,193,194,195].
Дегенмен жоғарыда келтірілген реакция – тестілері жұғымтал эктиманың
диагнозына қолданылып өндіріске енгізілмеген.
Австралияның фермаларынан ет комбинатына қой әкеліп, клиникалық тексеру
барысында, жануарлардың тілінде аусылдағы сияқты патологиялық үрдіс
байқаған. Зертханалық тексеруде аусылға теріс нәтиже алынған. Әкелінген
45қойдың жартысынан көбінің тілі зақымданған, 5 бастың ерні, бір қойдың
тұяқ қуысы іріңдеген. Авторлардың ойынша, қойдың жұғымтал эктимасында
тілдің зақымдануы болып осыны дифференциялдық диагнозда ескергенді жөн
санайды [122].
1.6 Жұғымтал эктимамен күрес шаралары
Қазақстан Республикасының ветеринария департаменті және ауыл
шаруашылығы Министрлігі бекіткен уақытша нұсқаудың ережелері бойынша қой
және ешкінің жұғымтал пустулезды стоматитінің күрес шараларын жүргізудің
негізі болады. Шаруашылықтар мен қой қожалықтарын жұғымтал эктиманың
инфекциясынан қорғау үшін, осы аурудан сауықтырылмаған немесе індет ошағы
бар шаруашылықтардан қой мен ешкіні әкеліге тиым салу. Осымен бірге
көптеген зерттеушілердің [196,197,198,199,201] ұсынысы бұрын ауырып
жазылған қой мен ешкі клиникалық белгілері жоқ болсада, көп уақыт бойы
инфекция тасымалдаушы болып ауру жұқтыруы мүмкін. Осыған сақ болған жөн.
Осымен қатар вирустың азықта, жайылымдарда және сыртқы ортадағы малға
қатысы бар обьектілерде ұзақ сақталуына байланысты, аурудан таза емес
азықтарды, онда жайылымдардан азық дайындауды, ол жерге мал жаюға, ондай
ластанған территориямен мал айдауға тиым салынуын ұсынады
[202,203,204,205,206,207].
Жұғымтал эктимамен ауырған мал жайылымдары мен ондай ауырған малды
айдаған трассалардағы қоздырушы вирус өзінің белсенділігін жаз айларында 1-
2 ай бойы сақтайды.
Шаруашылықтар мен қожалықтарға әкелетін қой және ешкі 30 тәулік бойы
арнайы карантинде ұсталып, оларда жұғымтал эктиманың клиникалық
белгілерінің жоқтығын анықтау керек. Осыдан соң, сау деген малдардың тұяғын
0,5% хлораминнің ерітіндісімен өңдеп, содан соң қожалықтарға жіберіледі
[11,144]. Немесе 0,5% каустикалық соданың ерітіндісімен өңдеу оң нәтиже
берген [125,208,209,210].
Жұғымтал эктиманың ұшқыны шыққан шаруашылықтар мен қожалықтарда ауырған
басқа таза орын бөліп, зақымданған терісі мен кілегей қабықтарын
хирургиялық өңдеу жүргізіп емдеген жөн. Жергілікті асептикалық және
антисептикалық препараттар ішінде жұғымтал эктиманы өңдеуге 10% хлорлы
цинк, йодглицирин, йод тұнбасы, 5% карбол қышқылының ерітіндісі, 3% карбол
қышқылының эмульсиясы және т.б. сорғышты дезинфекциялық қасиеті бар
препраттар қолданылуын зерттеушілер ұсынған [11,136,211]. Осымен қатар ауру
асқынған жағдайда жергілікті ем ретінде тетрациклин қатарындағы
антибиотиктерді қолдануды ұсынады. Емдік жұмыстарды жүргізумен қатар,
жұғымтал эктимаға қарсы жалпы профилактикалық шараларды жүргізген жөн.
Санацияға дезинфекциялық препараттардан жұғымтал эктимаға қарсы 2% күшті NA
ерітіндісі, 3% күкірт-карбол қоспасы, 2% формальдегид қолдану ұсынылады
[136,197].
Н.Г. Самойловтың ұсынысы бойынша жұғымтал эктимамен ауырған мал тұрған
қора-жайларды түгелдей санациялау үшін екі рет 4% күшті натрийдің немесе
калийдің ерітінділермен өңдеген жөн.
Мал қоралары мен оған жақын обьектілерді дезинфекциялаумен қатар қой
мен ешкінің терісі мен кілегей қабықтарының жарақаттануының алдын алу
негізгі мәселелердің бірі. Ол үшін аталған малдардың тұяғын тұрғылықты
тазалап, керек жағдайда хирургиялық өңдеуден өткізу. Мал жайылымдарында
мелиоративтік жұмыстар жүргізу, тікенек, шөптерден тазарту және малдың
астына сабағы қатайған шөп, сабанды төсеуге тыйым салу ұсынылады.
Жұғымтал эктима шыққан шаруашылықтарда инфецкия көзін жояды. Тек қана
жалпы профилактикалық шаралардың жақсы нәтиже алынбайды. Сол себептен
ауруға қарсы малдарға вирус вацкина кеңінен қолдануда
[212,213,214,215,216,217].
Тірі және әлсіретілген жұғымтал эктимаға қарсы вакцинаны алғашқы болып
1921 жылы Эино Францияда қолданылған. Кейінен осындай вакцина немесе оның
аздап өзгертілген түрлері кеңінен Англияда, Италияда, АҚШ-та, Грецияда,
Австралияда, Японияда, Оңтүстік Америкада, Суданда, Чехословакияда,
Руминияда, Монголияда, Голландияда және ТМД елдерінде кеңінен сыналып оң
нәтиже алынған [11,15,18,75,76,208,210,211,218,219 ,220,221].
ТМД елдерінде және Қазақстанда алғашқы рет жұғымтал эктимаға қарсы тірі
вакцинаны 1971 жылы Алматы зоовет институтының ғалымдары дайындады.
Жаңадан дайындалған вирус вакцина елімізде кеңінен қолданылып сыннан өтіп
оң нәтиже алынды [136].
Зерттеушілердің пікірінше аталған вакцинаны жұғымтал эктима шыққан
шаруашылықтарға қолданудан ауырған мал саны қысқарып қалмай, түгелдей
жазылып, нәтижесінде шаруашылықтар аурудан толықтай тазартылған. Осымен
бірге көптеген авторлар тірі, әлсіретілген вирус вакцинаны қолданып,
аурудың толық жазылмағанын жазады. Авторлардың бақылауынша тірі вакцина
малға егілгеннен соң, олар вирус тасымалдаушы болып кейіннен ауру таратады
[26,215,222,223].
Тірі әлсіретілген вирус вакцинаны қолданумен қатар, кейбір авторлар
инактивациядан өткізген қой мен ешкінің вирус вакцинасы дайындалған.
Бірақта одан алынған нәтижелер тиянақсыз болды [138,139].
Осымен қатар кейбір зерттеуші ғалымдар, тиімді вакцина алудың жолын
іздеп, жұғымтал эктимаға қарсы авирулентті штаммалардан вакцина дайындап
сынақтан өткізген. Сынақтың нәтижесінде өкінішке орай жоғарыда көрсетілген
вакциналар зертханалық сынаудан әрі өндіріске жетпеді. Тек ғана Қырғызстан
Республикасының академиясындағы биохимия және физиология институтының
ғалымдары К.К. штаммасының дайындаған культуральды вирус вакцина авторлары
Ц.Ц.Хандуев қызметкерлерімен осы елдің қой шаруашылықтарында қолданылып,
ауруды тыйған [215].
Бірақ аталған вакцинаны Қазақстанның қой шаруашылықтарында сынағанда,
айлық егілген қозыларға көңіл толарлықтай нәтиже бермеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz