Қошқарлардың піштіруден кейінгі асқынулары


Ф. 7. 15-07
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
а. ш. . ғ. к С. Е. Тулеметова
«___» 2017 ж
Аталық ұсақ жануарларды «Бурдиццо» қысқышымен кастрациялау
Дипломдық жұмыс
5В120100 - мамандығы «Ветеринарлық медицина»
Орындаған: Мамаев Медет
Ғылыми жетекшісі: Ильясов Б. К.
в. ғ. д., профессор
Шымкент 2017 ж.
Аннотоция
«Аталық ұсақ жануарларды «Бурдиццо» қысқышымен кастрациялау» қысқышы көмегімен піштірудің тиімділігі» бойынша жануарларды пішу тәсілдері тақырыбына орындалған дипломдық жұмыста: кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеулер, нысаны мен әдістері, зерттеу нәтижелері, тіршілік кауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық бөлімі, бизнес жоспар, қорытынды және үсыныстар жазылған. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 142 аталымнан, 12 кестемен безендірілген. Дипломдық жұмыс 107 беттен тұрады
Мазмұны
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 11
1. 1Әдебиетке шолу . . . 11
1. 2Қошқарларды піштірудің әртүрлі уақыттары мен әртүрлі әдістері . . . 17
1. 3 Қошқарлардың піштіруден кейінгі асқынулары . . . 24
1. 4Піштірудің қой етін өңдіру технологиясындағы маңызы . . . 25
2 Өзіндік зерттеу . . . 37
2. 1 Зерттеу материалдар және әдістері . . . 37
3. Өзіндік зерттеу нәтижесі . . . 45
3. 1 Перкутандық әдіспен әртүрлі жасында піштірілген қошқарлардың ет өнімділігінің кейбір көрсеткіштерінің салыстырмалы бағалануы . . . 45
3. 2 Әртүрлі жасында перкутандық әдіспен піштірілген қошқарлардың тірілей салмағы және жаңа сойылған ұша көрсеткіштерінің өзгерістері . . . 45
4. Өзіндік зерттеулерді талдау . . . 51
4. 1 Перкутандық әдіспен піштірілген қошқарлардың жасына қарай сойыс алдындағы тірілей салмағының жаңа сойылған ұша салмағы мен субөнімдеріне ара қатынасының өзгерістері . . . 51 4. 2 Қошқарларды перкутандық әдіспен піштірудің 11 ай жасында сойысқа өткізу кезіндегі морфологиялық құрамына әсері . . . 53
4. 3 Перкутандық әдіспен піштірудің 18 ай жасындағы қошқарларды сойысқа жіберу кезіндегі ет өңімділігіне әсері . . . 615. Еңбекті және тіршілік кауіпсіздігін қорғау бөлімі . . . 67
6 . Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім . . . 80
7. Экономика бойынша бөлім . . . 85
8 Бизнес - жоспарлау . . . 93
Түйін . . . 93
Қортынды және ұсыныстар . . . 98
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 99
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Піштіру - жыныс бездердің қызметін жасанды түрде тоқтату
Ен - спермийлердің дамуы мен пісіп-жетілуі жүретін және тестостерон гормонын бөлетін жұп аталық жыныс безі.
Ұма - күйіс қайыратын жануарлардың сандарының арасында орналасқан, сырты теріден, іші етті-серпімді қабаттан түзілген құрылым.
Енбау - еннің қан тамырлары, жүйкелері және еннің ішкі көтергіші мен шәует жолынан құралған ен шажырқайының бүкпесі. Пішіні жалпақ конус тәрізді және шеттері шап каналы мен құрсақ қуысына бағытталған құрылым.
Жалпы қынап қабықшасы - көлденең құрсақ фасциясы және ішперденің париетальды жапырақшасынан құралады және қынап қуысын түзеді.
Өзіндік қынап қабықшасы - ішперденің висцеральды жапырақшасының бір бөлігі. Ен мен ен қосалқысын қаптайды.
Ішкі ен артериясы - жыныс бездерін қанмен қамтамасыз ететін артерия.
Қан тамырлы конус - еннің бастапқы бөліміндегі веналардың өрімі.
Гемоглобин - оттегімен қайтымды байланыса алатын және оны ұлпаларға тасымалдайтын, құрамында темір бар күрделі белок.
Лейкоциттер - ақ (түссіз), ядролы клеткалары. Қан мен ұлпаларда әртүрлі қызметтер атқарады, иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады.
Альбуминдер - суда еритін қарапайым глобулярлы белоктар. Құрамында альбумин бар заттар альбуминоидтар деп аталады және оларға қан сарысуы жатады.
Глобулиндер - тұздардың сүйық ерітіндісінде еритін, бірақ суда ерімейтін глобулалы протеиндер. Глобулиндерге жануарлар қан сарысуының антиденелері жатады.
Холестерин - табиғатта кең тараған және ең маңызды стерин. Клетка мембранасының құрамына енетін жоғары май қышқылдарымен күрделі эфирлер түзеді.
Фагоцитарлық активтілік - фагоциттердің патогенді микроорганизмдерді ұстап алу, тіршілігін тоқтату және қорытып жіберу қасиеті.
Фагоцитарлық индекс - фагоцитозға қатысатын клеткалардың пайызы.
Жануардың тірілей салмағы - жануарды тірілей өлшеу кезінде алынған нақты салмақ.
Ұша - терісі сыпырылып, бас, аяқтары және ішкі мүшелері бөлектеніп алынған мал еті.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі стандарттарға сәйкес сілтемелер көрсетілген:
МЕМСТ 2. 105-95 Құжаттарды өңдеудің біріңғай жүйесі. Мәтінді құжаттарға жалпы талаптар.
МЕМСТ 7. 1-84 Ақпараттар, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар және құрастырудың ережелері.
МЕМСТ 7. 1-2003 Библиографиялық жазу. Библиографиялық түсіндірме. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері.
МЕМСТ 7. 32-2001 Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. Құрылымы және рәсімдеу.
МЕМСТ 7. 54-88 Ақпараттар, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми-техникалық құжаттарда заттар мен материалдардың қасиеттері туралы сандық мәліметтерді көрсету. Жалпы ережелер.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып табылады және қазіргі кезеңде қарқынды дамып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы етті жүнді, жартылай биязы жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең өнімдісі кроссбредті етті-жүнді ақжайық тұқымы. Аталған бағыттың қойлары жоғарғы ет және жүн өнімділігін береді және өнімді алу үшін жұмсалатын азық құнын жақсы өтейді.
Оңтүстік Қазақстан аумағында өсірілетін ақжайық жартылай биязы жүнді қойы осы аумақтағы саны жағынан басым келетін қой тұқымы болып табылады. Қазіргі уақытта бұл қой тұқымының мал бас саны 21 мыңға жетіп отыр. Қойлардың бұл тұқымы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан аумағында шығарылды және сынақтан өткізілді. Жаңа тұқымның пайда болуы мен әрі қарай дамуына көптеген зоотехниктер мен ғалымдар ұсынған будандастырудың бірегей әдістемесі мен жобасы септігін тигізді (Траисов Б. Б., Баяхов А. Н., Бозымова А. К., Алиев Х. С., [1] ; Антипова Н. В., [2] ) .
Қой шаруашылығында ет пен жүн сапасын жоғарлату және өнімділігінің артуы үшін асылдандыру жұмысы мен қойларды жақсы азықтандыру секілді алдын алу шаралары қолданылады. Осы шаралармен бірге шаруашылықта асылдандыру бонитировкасынан кейін арнайы қалдырылған қошқарларды піштірудің ветеринарлық хирургияда үлкен маңызы бар.
Оңтүстік Қазақстан облысының ветеринарлық тәжірибесінде қазіргі уақытқа дейін қошқарларды піштіруді 1 немесе 2 айлығындағы ерте жасында жүргізу қажет деген пікірді ұстанады. Өйткені көптеген шаруашылықтарда піштіруді негізінен енді бұрап үзу арқылы қанды әдіспен жүргізеді. Бұл кезде ен толық алынады және қошқарлар осы жасында хирургиялық операцияны жеңіл көтереді.
Соңғы он жылдағы отандық ғалымдар жүргізген зерттеу және бақылау жұмыстарын талдай келе қошқарларды піштірудің қансыз (перкутандық) әдісінің тиімділігін байқаймыз. Қошқарларды піштірудің қансыз әдісі ен баулардың тұтастығын перкутандық жолмен бұзу арқылы жүзеге асырылады. Оңтүстік Қазақстан облысында бұл жұмыс негізінен И. А. Телятников өндірісте жасап шығарған және сынақтан өткізген СЩТ-2 қысқышымен жүргізіледі. Қошқарлардың жыныс бездерінің ішкі секрециясы олардың бір жасына дейінгі өсуі мен өнімділігіне физиологиялық тиімді әсер етеді. Сондықтан да, қошқарларды піштірудің рациональды және тиімді жолына олардың сперматогенезін тоқтататын және бір жасқа толғанша өсуі мен дамуына стимулдеуші әсер бере алатын әдіс жатады.
Жануарлардың жыныстық қызметін тоқтату нәтижесінде олардың тіршілік етуіне жоятын энергия мөлшері азаяды және ағзаның май жинауға бейімділігі күшейеді. Піштірілген қошқарлар жуас, жақсы жайылады, жақсы сойыс шығымын береді және олардың еті піштірілмеген қошқарларға қарағанда жоғары сапалы болып келеді (Максин А. Б. [3] ; Минкин Т. С., Ханин М. А. [4] ; Ханин М. А. [5] ; Ханин М. А., Тыныбеков И. А. [6] ) .
Сонымен қатар асыл тұқымдық мақсатта пайдаланылмайтын қошқарлардың жоспардан тыс шағылысуы мен қойлардың уақытынан бұрын төлдеуінің алды алынады. Бұл қой өсіру бағытын нақты жүргізуге, сол арқылы олардың тұқымдық және өнімділік қасиеттерін арттыруға көмектеседі. Осыған қоса қыс кезінде жануарларды жайып бағу барысында піштірілген қошқарлар төзімді болып келеді. Қысқы қолайсыз ауа райы жағдайларында өлім-жітімге ұшырау оқиғалары піштірілген қошқарларға қарағанда қоңдылығы нашар болып келетін піштірілмеген қошқарлардың арасында жиі кездеседі. Өйткені олардың қоңдылығы піштірілген қошқарларға қарағанда өте төмен болып келеді.
Шаруашылықта қалдырылған қошқарларды уақытымен піштірудің мақсаттылығы әсерінен (әсіресе биязы жүнді қой шаруашылығында) тауарлық жүн алу үшін экономикалық тұрғыдан етті бағытта өсірілетін қошқарларды 6-7 айлық жасында піштіру тиімсіз деп саналады. Бұл жастағы жануарлардың жыныс бездері олардың қоңдылығы мен ет сапасына әсер етпейді. Піштірілмеген қошқарлар енді толық алып тастау арқылы қанды әдіспен піштірілген қошқарларға қарағанда аталған жасқа дейін өте жақсы өседі. Піштірілмеген қошқарларды 6-7 айлық жасына дейін етке тапсыра отырып, (егер бұл жоспарда қарастырылған болса) қой өсіретін шаруашылықтар артық шығынсыз көп табыс таба алады (Ашикбаев Н. А. [7-9] ; Магомадов Т. А. [10] ; Племянников А. Г. [11] ; Подкорытова А. Т. [12] ; Смагулов М. Б. [13] ) .
Біздің елімізде соңғы 20-25 жыл ішінде қошқарлар мен басқа да ауыл шаруашылық жануарларының аталықтарын піштірудің жаңа әдістерін табу бағытында көптеген сәтті зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ, бұл бағыттағы көптеген сұрақтар, әсіресе, жануарларды піштіру уақыты соңына дейін зерттелмеді. Бұл піштірудің перкутандық әдісін жаппай тәжірибеге енгізуде басты тежеуіш болып отыр.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Асыл тұқымды шаруашылықтар бонитировкадан соң бордақылауға қалдырылған қошқарлардың ұмасы мен оның ішкі құрамын нақты зерттеу және жас ерекшеліктеріне қарай салыстырмалы түрде әртүрлі тәсілдермен қошқарларды піштіру әдістерінің тиімділігін ғылыми негіздеу.
Келесі міндеттер белгіленді:
- Піштіруге бағыттылған қошқарлар ұмасының кейбір морфометриялық көрсеткіштерін және негізгі қан тамырларының анатомиясын зерттеу;
- Қошқарлардың әртүрлі жасында піштірудің әртүрлі тәсілдері арқылы салыстырмалы өңдірістік тәжірибелер жүргізу және оларға салыстырмалы түрде клиникалық баға беру;
- Әртүрлі тәсілдермен піштірілген қошқарлар қанының кейбір морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштер өзгерісін зерттеу;
- Қошқарларды перкутандық әдіспен «Бурдиццо» қысқышы арқылы әртүрлі жасында піштірудің олардың ет өңімділігінің кейбір көрсеткіштеріне әсерін анықтау;
1 Негізгі бөлім
1. 1 Әдебиетке шолу
Жыныс бездерінің секрет бөлу қасиеті бар. Аталық жыныс бездері сперматозойдтар және андрогендер өңдіреді. Жыныс бездерінің функциональдық жағдайы мен белсенділігіне организмнің даму бағыты, экстерьері және мінез-құлқы байланысты болып келеді. Секрецияның өзгеруі немесе жыныс гормондарының біреуінің толық бөлінбеуі әсерінен организмде үлкен қайталанбас өзгерістер болады. Піштіруден кейін андрогенді немесе эстрогенді гормондардың қалыпты тепе-теңдігінің бұзылуы жануарлардың қылығы және дене формасының өзгеруінің басты себебі болып табылады.
М. А. Ханин мен И. А. Тыныбеков [6, 74-75б] өз жұмыстарында орхидектомиядан кейін жануарлар қанындағы андрогендер мөлшері жасына байланысты ұлғаймай, керісінше, төмендейтінін айтты. Перкутанды піштіруден кейін үш ай ішінде жыныс гормондарының деңгейі жоғары болып қала береді, кейін тестикулдардың бойға сіңуіне байланысты қандағы андроген құрамы күрт төмендейді. Сол себепті піштірілген бұқашықтар мен қошқарларда жыныстық рефлекстер қалыптаспайды, жануарлар жуас болып келеді және жақсы азықтанады.
Эмбриональды кезенде аталық жануарларда жыныс безі құрсақ қуысында қалыптаса бастайды және жануар төлдеуге жақын кезеңде ұма деп аталатын тері - бұлшық етті қапшыққа түседі. Оның бұқа, қой және ешкілерде вертикалды бағытта орналасқанын көптеген отандық авторлар мақұлдайды (Автократов Д. М. [14] ; Акаевский А. И. [15, 16] ; Садовский Н. В. [17] ; Кузнецов Г. С. [18] ; Мосин В. В. [19] ; Целищев Л. И. [20] ; Кузнецов А. К. [21] ; Магда И. И. 1990 [22] ; Елисеев А. П. [23] ; Хрусталева И. В. [24] ; Петраков К. А. [25] ; Семенов Б. С., [26] ) .
И. В. Хрусталеваның жазбаларына қарайтын болсақ [24], ен аталықтарда спермиилердің пісіп-жетіліп, дамуы жүретін негізгі жыныстық орган деп жазылған. Ен сонымен бірге, ішкі секреция безі болып саналады, өйткені, аталық жыныс гормондарын өңдіреді. Оның пішіні жұмыртқа тәріздес және ен қосалқысымен тығыз байланысып, енбауға ілініп тұрады. Еннің басы және құйрығы, еркін және қосалқылық жиегі, латеральды және медиальды екі беті болады.
Күйіс қайыратындардың дорсальды бағытталған енінің басында қосалқының басы орналасқан. Ен басында енбауды түзуге қатысатын еннің қан тамырлары мен нервтері еніп тұрады. Қарама-қарсы ен құйрығында қосалқысының жуандаған құйрығы төселген, одан ұрық жолы басталады.
Күйіс қайыратындардың каудальды бағытталған қосалқылық шетінде қосалқының кішкене денесі орналасқан, денесі арқылы ен шажырқаймен байланысады. Шажырқай еннің медиальды бетіне жақын орналасқан, ал латеральды жағында енмен қосалқы денесі аралығында кішкене қуыс бар, ол ен қапшығы деп аталады. Қосалқыға қарама-қарсы ен шеті еркін жиегі деп аталады. Ен сыртынан қынап қабықшасының ішкі сірлі жапырақшасымен қапталған. Ол еннен қосалқыға, ал қосалқыдан шажырқайға айналады. Еннің шажырқайы ен қапшығының қынап қабықшасының сыртқы қабырғаға жақын жапырақшасымен байланысқан. Қынап қабықшасының ішкі (висцеральды) жапырақшасы оның астында орналасқан мықты дәнекер ұлпалы ен капсуласы - белокты қабықшамен тығыз сіңісіп кеткен. Еннің басынан белокты қабықша еннің ішіне тәжі тәріздес еніп, құйрық шетіне қарай бағытталып, еннің ортаңғы пердесін түзеді. Ортаңғы пердеден белокты қабықшаға радиальды бағытта көптеген қалқалар тарайды, олар енді бірнеше бөліктерге бөледі. Белокты қабықша, ортаңғы перде және қалқалар ен негізін құрайды, бұл жерден қан тамырлар және нервтер өтеді. Қалқалар аралығында интерстициальды (аралық) ұлпадан және иректелген ен каналшықтарынан тұратын ен паренхимасы орналасқан. Иректелген ен каналшықтары жуан (0, 1 ден 0, 2мм дейін) және өте ұзын (75см дейін) болып келеді. Күйіс қайыратындарда олардың жалпы ұзындығы 4, 5м. Спермиилердің негізгі дамуы осы каналшықтарда өтеді. Иректелген каналшықтар тік каналшықтарға айналады, олар еннің ортаңғы пердесінен өтеді де, ен торын қалыптастырады. Еннің интерстициальды үлпасы аталық жыныс гормоның бөлетін болғандықтан бұл органның ішкі секреторлық бөлігіне жатады.
В. В. Мосин [19] күйіс қайыратындардың анатомиялық құрылысын сипаттай отырып, жалпы қынап қабықшасы париетальды көк ет пен көлденен фасцияның жалғасы екендігін көрсетеді. Ол фиброзды және сірлі қабаттардан тұрады. Қынап жолы арқылы байланысатын құрсақ қуысындағы қынап қуысының бетін жауып жатады. Бұл қабықтың латеральды беткейінде аталық ұрық безінің сыртқы көтергіші орналасады, бұл кейін жіңішкеріп, еннің жоғары аймақ денгейіне бекиді. Жалпы қынап қабықшасының қуысында ен қосалқысы және енбау орналасады. Олар өзіндік қынап қабықшасымен қапталып, көк еттің висцеральды жапырақшасына айналады. Ен қосалқысының құйрық бөлімі және енбаудың артқы аймағына қарай өткізгіш байламға айналады. Бұл байламның жуандаған төменгі шеті енді ұма түбінің ішкі бетін бекітіп ұстау әсерінен шап байламы атауына ие болды.
Автордың айтуы бойынша ен белокты қабығымен қапталған. Одан оның терендігіне паренхиманы конус тәрізді қатарлы бөліктерге бөліп тұратын септалар орналасады. Әрбір бөлік иректелген эпителиальды каналдардан тұрады. Бұнда жыныстық жетілу шағынан бастап қартаю шағына дейін үздіксіз спермилердің пайда болуы жүреді. Толықтай дамып жетілген спермилер тек қана жыныстық жетілген кезеннен бастап пайда болады. Оның жетілу мерзімі жануарлар түрлерінде климатық жағдайға, тұқымына, азықтануына және күтіп бағылуына байланысты.
Көптеген авторлардың айтуы бойынша еннің иректелген каналдарының арасында фибробласт, фиброцит және лейдиг клеткаларынан тұратын байланыстырушы болбыр дәнекер ұлпа орналасады. Жоғарыда аталған лейдиг клеткалары жыныс гормондарын бөліп шығарады.
Ю. Ф. Юдичев және В. В. Дегтяревтың [27] айтуы бойынша енбау funiculus spermaticus - күйіс қайыратындарда қынап қабықшасының висцеральды жапырақшасымен қоршалған және қынап каналынан өтетін түтікшелі структуралардың (ұрық жолы, ен және ұрық жолының артериялары, веналары, лимфа тамырлары және нервтері) жиынтығы. Ол ен қосалқысының құйрығынан басталып, қынап каналында аяқталады.
Енбау пішіні бойынша түрі жалпақ ұш бұрышқа ұқсайды, оның негізі енге қарай бағытталған, ал ұшы шап каналында жатыр. Оның құрылысында екі латеральды және медиальды бүйір беттерін және екі краниальды және каудальды шеттерін ажыратады. Терең шап сақинасы денгейінде енбаудың ұшы қынап сақинасынан (anulus vaginalis) өтеді де, ұрық шығару жолының қатпары (plica ductus deferentis) және ен артерияларымен веналары жинақталған қан тамырлы қатпарға (plica vasculosa) бөлінеді. Ұрық жолы өтетін қатпардан ұрық жолы өтеді де, жамбас қуысына бағытталады. Екі қатпарда құрсақ қабырғасында орналасып, көк еттің париетальды жапырақшасымен байланысады.
Енбаудың краниальды (еркін) шетінен қан тамырлар өтеді, олар ен маңынан күшті иректер, ал венозды қан тамырлар - жүзім сабағы тәріздес өрім (pi. pampiniformis) түзеді. Каудальды шеті бойымен ұрық жолы өтеді, оның бүйір қабырғаларынан жеке шажырқай (mesophuniculus) қынап қабықшасының қабырға маңы жапырақшасына айналады. Қосалқы құйрығынан шап каналына дейін өтіп, енбаудың шажырқайы ұма байламын (lig. scroti) тұзеді.
Авторлардың айтуы бойынша енбаудың қанмен қамтылуы a. testicularis және одан тарайтын rr. epididymales et rr. ductus deferentis тамырлары есебінен жүреді. Венозды қан жүзім тәрізді өрім (pi. pampiniformis) түзетін v. testicularis тамырмен келеді. Енбаудың нервтермен қамтылуы ен және ұрық жолы өрімдерінің нервтері (pi. testicularis et pi. deferentialis) есебінен жүреді.
Ен қосалқысы ен денесінде орналасады, және де оның басы, денесі және құйрығы болады. Мүйізді ірі қараның ен қосалқы бөлігінің басы жоғарыда, құйрығы төменде орналасуымен ерекшеленеді. Басқа жануарларда басы краниальды, ал құйрығы каудальды бағытталған. Ен қосалқысының үрық шығару каналы құйрық маңында ұрық жолына айналады. Ен қосалқысы өткізгіш байлам арқылы енмен және жалпы қынап қабықшасының ішкі бетімен байланысады.
Енбау ішперденің висцеральдік жапырағымен қапталған, бұл кейін еннің өзіндік қынап қабықшасына айналады және де ол серозды қабықтың бірігіп-сіңісіп кеткен екі қатпарынан тұрады: алдыңғы орналасқан қан тамырлы және артқы жақта орналасқан ұрық жолы қатпары.
Енбау құрамына ішкі ен артериясы және вена, лимфа тамырлары, ұрық жолы, ішкі ен жүйке нервісі, жүйке нерв түйіндері, еннің ішкі көтергіші-бұл ірі қарада болмайды, сондай-ақ ұрық жолының қан тамырлары мен жүйке нервтері жатады.
Піштірудің көптеген перкутандық тәсілдері жыныс бездерінің қанмен қамтамасыз етілуін бұзуға негізделген, сондықтанда олардың вазкуляризациясы үлкен қызығушылыққа ие.
Авторлардың біреуінің айтуы бойынша бұқалар мен қошқалардың ішкі ен артериясы - енбаудың конус тәрізді қан тамырлы аймағында ен қосалқысының артериялары бар тікелей анастомоздары болмайды, ал кейбір басқа зерттеушілердің айтуы бойынша керісінше, бұл бөлікте экстраорганды артериялардың ішкі ен артериясымен анастомозы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz