Лептоспирозды зертханалық балау әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

а. ғ. к С. Е. Тулеметова

«_»2017 ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Полимеразды тізбекті реакциямен індетке күдікті қара малдың сойыс өнімдерін тексеру

5В120100 мамандығы -«Ветеринарлық медицина»

Орындаған: Жылқыбай Ғазиза

Ғылыми жетекшісі: Нуралиев С

в. ғ. к

Шымкент 2017

МАЗМҰНЫ

бет

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3

АНЫҚТАМАЛАР . . . 4

БЕЛГІЛЕР MEH ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 6

КІРІСПЕ . . . 7

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 10
  2. НЕГІЗГІБӨЛІМ . . . 24
  1. Зерттеу материалдары мен әдістері
  2. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 26
  1. Сиырларды сояр алдында қан сарысауын лептоспирозға микроаглютинация реакциясымен тексеру нәтижелері . . . 27
  2. Сиырларды сойғаннан кейін сойыс өнімдеріне микробиологиялық зерттеу жүргізу . . . 28
  3. Лептоспирозға шалдыққан сиырлардың ішкі мүшелеріндегі өзгерістер30

2. 3 Лептоспирозға шалдыққан сиырлардың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау нәтижелері . . . 36

  1. Лептоспирозға шалдыққан сиырлардың сойыс өнімдерінің органолептикалық көрсеткіштері . . . 37
  2. Лептоспирозға шалдыққан сиыр етінің биохимиялық көрсеткіштері 42

2. 3. 3 Қасапханаларға түскен сиырлардың сойыс өнімдерін лептоспирозға полимеразды тізбекті реакциямен зерттеу нәтижелері . . . 44

2. 4 Сойыс өнімдеріндегі лептоспиралардың тіршілігіне төменгі температураның және әртүрлі концентрациядағы хлорлы натрийдің әсері . . . 45

2. 4. 1 Сойыс өнімдеріндегі лептоспиралардың тіршілігіне салқындатудың және мұздатудың әсері . . . 45

2. 4. 2 Сойыс өнімдеріндегі лептоспиралардың тіршілігіне әртүрлі концентрациядағы хлорлы натрийдің әсері . . . 47

3 Зерттеу нәтижелерін жалпылау және бағалау . . . 50

4 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі . . . 57

5 Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім . . . 68

6 Экономика бойынша бөлім . . . 74

7 Бизнес-жоспарлау . . . 82

Қорытындылар және тәжірибелік ұсыныстар . . . 86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 88

Аннотоция

«Лептоспирозбен ауырған сойыс өнімдерін вет-санитарлық сараптау» қысқышы көмегімен піштірудің тиімділігі» бойынша жануарларды пішу тәсілдері тақырыбына орындалған дипломдық жұмыста: кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеулер, нысаны мен әдістері, зерттеу нәтижелері, тіршілік кауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық бөлімі, бизнес жоспар, қорытынды және үсыныстар жазылған. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 143 аталымнан, 10суретпен, 13 кестемен безендірілген. Дипломдық жұмыс 98 беттен тұрады

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды

ҚР CT 1731-2007 Eт және ет өнімдері. Сапа көрсеткіштерін органолептикалық әдістермен анықтау

MEMCT 7269-79 Ет. Сынамаларды алу әдістері және балаусалықты органолептикалық зерттеу әдістері

MEMCT 23392-78 Ет. Балаусалықты химиялық және микроскопиялық анықтау әдістері

ҚР CT MEMCT P Eе және ет өнімдері. Сынама алу әдістері

51447-2010

MEMCT P 51447-99Ет және ет өнімдері. Сынама алу әдістері

(ИСО 3100-1-91)

XC ИСО 1442-73 (E) Ет және ет өнімдері. Ылғалдылықты анықтау әдістері

XC ИСО 1443-73 (E) Ет және ет өнімдері. Майдың жалпы мөлшерін анықтау әдістері

MC ИСО 936-78 (E) Ет және ет өнімдері. Күл мөлшерін анықтау (арбитражды әдіс)

MEMCT P 51478 Ет және ет өнімдері. Сутек иондарының

99 (ИСО 2917-74) концентрациясын (рН) анықтауды бақылау әдістері

MEMCT 25011-81 Ет және ет өнімдері. Ақзат анықтау әдістері

MEMCT 21237-75 Ет. Бактериологиялық зерттеу әдістері

MEMCT 23042-86 Ет және ет өнімдері. Май мөлшерін анықтау әдістері

MEMCT P 51448- Ет және ет өнімдері. Микробиологиялық зерттеулер

99 (ИСО 3100-2-88) үшін сынама даярлау әдістері

MEMCT P 54354- Ет және ет өнімдері. Микробиологиялык зерттеулердің

2011 әдістері мен жалпы талаптары

MEMCT P 55445- Ет. Жоғары сапалы сиыр еті. Техникалық шарттары

2013

MEMCT 19496-93 Ет. Гистологиялық зерттеу әдістері

MCT 20730-89 Ет-пептонды сорпа

MCT 25377-93 Егуге арналған инелер

MEMCT 17206-84 Микробиологиялық агар. Техникалық шарттары

MEMCT 25386-82 Ауыл шаруашылығы малдары. Лептоспирозды зертханалық балау әдістері.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертацияда мынандай термин дер мен анықтамалар крлданылды:

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ - жануарлар өнімдеріне ветеринарлық-санитариялық баға беруге мүмкіндік беретін шаралар жиынтығы.

ЕТ - ет ұлпасы, дәнекер, май, сүйек, шеміршек, сондай-ақ жүйке және лимфоидты ұлпалардан құралған күрделі кешен.

АНТИДЕНЕ - антигендердің әсерінен организмде түзілетін спецификалық белоктар.

ШТАММ - өзіне тән қасиеттері жағынан бекітілген, белгілі бір микроорганизмнің немесе вирустардың өсіндісі.

АДЕНИН, A - ДНҚ және РНҚ құрамына кіретін, тимин мен урацильге комплементарлы болып табылатын, гетероциликалық (пуриндік) негіздің бірі.

АМПЛИФИКАЦИЯ - ДНҚ-ның белгілі бір аймағының қосымша көшірмелері түзілу үрдісі.

ГЕН - геномда немесе хромосомада белгілі бір орын алып, организмде белгілі бір қызмет атқарылуын қадағалайтын, тұқымқуалаушылық акпараттарының бірлігі.

ГУАНИН, G - цитозинге комплементарлы пуриндік негіз.

ДЕЗОКСИРИБОНУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛЫ (ДНК) - барлық тірі организм клеткаларының ядросында, бактериялардың хромасомасында, көптеген вирустардың құрамында генетикалық ақпаратты сақтайтын, жоғарғы полимерлі табиғи қосылыс

ДНҚ ДЕНАТУРАЦИЯСЫ - жоғары температура мен сілтілі ортаның әсерінен ДНҚ молекуласының екі тізбекті формадан бір тізбекті формаға бөлінуі.

ДНҚ-ПОЛИМЕРАЗА - жекелеген нуклеотидтерден, матрица және 3 / -ОН-тобы бос ДНК - праймер (немесе РНҚ-праймер) ретінде басқа тізбекті полинуклеотидті тізбек түзуін катализдейтін фермент; болып табылады.

НУКЛЕОТИД - нуклеозидтің фосфорлы эфирі. 3 / - немесе 5 / - углеродты атомдарда гидроксильдік тобы бойынша рибоза (немесе дезоксирибоза) байланысқан табиғи нуклеотидтердегі фосфор қышкылының қалдығы.

ОЛИГОНУКЛЕОТИДТЕР - бірнеше нуклеотидтік қалдықтардан (2-ден 20-ға дейін) тұратын тізбек.

ОТЖИГ - біртізбекті полинуклеотидті комплементарлы цептен, екі тізбекті молекуланың түзілуі (ДНК-ДНК немесе ДНК-РНК) .

ПОЛИМЕРАЗНАЯ ЦЕПНАЯ РЕАКЦИЯ (ПЦР) - белгілі бір нуклеотидті тізбектің миллиондаған көшірмесін тез арада (бірнеше сағат ішінде) in vitro көбейтіп алуға мүмкіндік беретін, нуклеин қышқылдары фрагментін амплификациялау әдісі.

ПОЛИМЕР АЗА - полинуклеотидтерді матрица ретінде пайдаланып, комплементарлы полинуклеотидті тізбек құратын ферменттер.

ПРАИМЕР - ДНҚ - матрицаның сәйкес аймағына кмплементарлы, соңында бос 3 / -ОН-тобы бар қысқа (ПЦР жағдайында) .

ТИМИН - ДНҚ-ың құрамына кіретін пиримидинді негіз.

ЦИТОЗИН, C - ДНҚ және РНҚ құрамына кіретін пиримидинді негіз.

ЭЛЕКТРОФОРЕЗ - электрлік алаңда электрмен зарядталған молекуланың бөлінуі.

БЕЛГІЛЕР MEH ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

Бұл диссертацияда төмендегідей қысқарылған сөздер қолданылды:

ҚазҰАУ- Қазақ ұлттық аграрлық университеті

БДҰ- бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы

БСҰ- бүкіл әлемдік сауда ұйымы

ЕПС-етті-пептонды сорпа

КТБ-колония түзуші бірлік

МАР-микроаглютинация реакциясы

МЕМСТ-мемлекеттік стандарт

ТЖ-техникалық жағдай

РН-сутегі ионы концентрациясының өлшем бірлігі

ПТР- полимеразды тізбекті реакция

ж. нук. - жұп нуклеотид

ж. н. - жұп негізі

м. к. -микробтық клетка

м. д. -микробтық дене

мм-миллиметр

г-грамм

мкг-микрограмм

°С-Цельций градусы

КІРІСПЕ

Зерттелетін ғылыми мәселенің кәзіргі жағдайын бағалау

Дүние жүзінде жануарлар мен адамдар лептоспирозының кеңінен таралғанын айғақтайтын баспа бетіндегі жариялымдар бүгінгі күні баршылық. Лептоспироздың соңғы жылдары «қайта жанданған» инфекциялық ауру ретінде ірі тұтанулары Ниқарагуада, Сальвадорда, Рио-де-Жанейрода, Бразилияда, Орисседе, Мумбаида, Андаманскиде, Индияда байқалған. Ауыл шаруашылығы малдары лептоспирозы (негізінен ірі қара мен шошқа) әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Індеттік үрдіс бұл жануарларда көбінесе симптомсыз, бүйректердің лептоспиралармен созылмалы зақымдалуы түрінде жүреді, лептоспиралардың бұл жануарлар организіміне бейімделгендігін көрсетеді. Лептоспиралар бүйректердің ирек түтікшелерінде сақталып, көбейеді, ол жерден несеп арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Ауыл шаруашылығы малдары арасында лептоспироздың жасырын жүруі эпидемологиялық қауіп тудырады.

Дүниежүзінде саны 1, 3 млрд-қа жеткен, тұқым түрлері 250 ден асатын ірі қара малдан, адамның тұрмыс-тіршілігінде пайдаланатын сүттің барлығы, ал еттің 35% алынады екен. Бүгінгі күні етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады. Әлемдегі жыл сайынғы сиыр етінің экспорты мен импорты шамамен 8 миллион тоннаны құрайды. Тұтыну көлемі өсуде, ал өндіріс оны қуып жете алмай келеді. Өсіп келе жатқан сұранысты Қазақстан сияқты жаңа нарықтың есебінен қанағаттандыруға болады. Қазақстан, Ресей және Беларусьті біріктірген Кеден одағының құрылып, соның аясында әкімшілік кедергілердің алынып тасталуы бізге етті Ресей нарығына экспорттауға жол ашады. Олар жыл сайын 1, 7 миллион ет, соның ішінде 800 мың тоннадай сиыр етін импорттайды.

Елімізде соңғы жылдары халықаралық экономикаға енуге шаралар қолданып жатыр. Ол үшін, Қазақстанға Бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) енуге қажетті талаптарды барынша ескеру қажет. Біздің елімізде азық-түлік саудасын тұрақтандыру, тағамдық өнімдер мен тағамдық шикізаттардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған шараларды іске асырусыз шешілуі мүмкін емес. Бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруда жақсы нәтиже алу үшін, тек халықаралық стандарттар талабына сай келетін сертификаттау жүйесін енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Осы мақсатта, елімізде мал өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау әдістері мен критерилерін құрастыру, заманауи зерттеу әдістерін пайдалану, өнімді стандарттау және сертификациялауда маңызды элемент болып табылады. Экспорттауға бағытталған, бәсекелестікке қабілетті, ветеринариялық-санитариялық көрсеткіштері жоғары экологиялық таза мал өнімдерін алуға, заманауи зерттеу әдістерін пайдалану арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Жоғары сапалы мал өнімдерін өндіру, бүгінгі күні ветеринария ғылымы мен тәжірибесінің негізгі міндеті. Халықты жоғары сапалы мал өнімімен қамтамасыз етуде ет өнімінің сапасын бақылау, сондай-ақ тұтынушыны биологиялық қауіпсіз және сапалы тағамдық өнімдермен қамтамасыз ету үшін ветеринариялық санитариялық сараптауды дұрыс ұйымдастыру маңызды мәселе болып табылады.

Республикамыз аумағында лептоспироздың табиғи және антропургиялық ошактарының болуы, табиғатта лептоспира сероварлары мен иелерінің көптігі, адамдар арасында аурудың ауыр инфекция түрінде өтуі, керісінше жануарларда
симптомсыз жүруі немесе клиникалық белгілерінің әркелкі болуы [ лептоспира-тасымалдаушылыққа дейін], лептоспирозға диагноз қоюдың қиындығы адамдарды аурудан сақтауда қиындықтар тудырады, осыдан барып күресу шараларын жетілдіру қажеттігі туындайды. Бұл ауруға байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді, алайда кейбір мәселелер әлі де шешімін таппаған, мәселен қасапхана жағдайында лептоспирозбен ауырған мал етін анықтау, лептоспирозға шалдыққан мал етін ветеринариялық санитариялық сараптау, тұтынушыны қауіпсіз және толық құнды мал өнімімен қамтамасыз ету үшін қажет.

Қазақстанда лептоспираларға молекулярлы-генетикалық зерттеулер жүргізілмеген. Елімізде молекулярлық технологияның дамуына байланысты, ғылымның осы саласында лептоспираларды зерттеу келешегі зор болып табылады. Ғылыми зерттеудің нәтижелерін пайдалана отырып, лептоспира ДНҚ-сының тек патогенді лептоспираларда ғана болатын молекула фрагменті таңдалып алынатын болады. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, лептоспиралардың фенотиптік және генотиптік полиморфизмі анық байқалады, ол ПТР нәтижесін едәуір бұрмалайды, себебі нысанадағы қоздырушы генінің нуклеотидтік тізбегіндегі жекелеген нуклеотидтердің ауысуының өзі праймерлердің бекітілуі (отжиг) үрдісін бұзады. Сондықтан, бір аймақтағы лептоспира штаммы гені негізінде құрастырылған ПТР тест-жүйесін, басқа бір аймақтағы лептоспироздық індетті зерттеуге болады ма? деген заңды сұрақ туындайды. Зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің бірі, лептоспироздық індетті диагностикалаудың заманауи әдістерін құрастырғанда әлемдік тәжірибені зерттей келе, елімізден бөлініп алынған штамдарды пайдаланып, диагностикалық тест-жүйе құрастыру. Алынған нәтижелер негізінде құрастырылатын тест-жүйе ауыл шаруашылығы малдары сойыс өнімдерінен зардапты лептоспираларды анықтауға және шаруашылықтардағы тірі малдарға осы ауру бойынша мониторингтік зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты : Лептоспирозбен ауырған жануарлардың сойыс өнімдеріне, ғылыми дәлелденген ветеринариялық-санитариялық баға беру. Сойыс өнімдерінен патогенді лептоспираларды анықтауға мүмкіндік беретін ПТР-тест жүйе құрастыру.

Осы мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:

  1. Шымкент қаласы және облысы қасапханаларына союға әкелінген сиырларға серологиялық, микробиологиялық мониторинг жүргізу, серопозитивті сиырларға сойғаннан кейін зертту жүргізу.
  2. Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облыстары шаруашылықтары мен жеке меншік иелерінен лептоспирозға шалдыққан сиырларды анықтау және лептоспироздың клиникалық белгілері байқалған сиырлардың ұшасымен ішкі мүшелерін сойғаннан кейін зерттеу;
  3. Лептоспирозға шалдыққан сиыр етінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтау;
  4. Лептоспирозға қарсы поливалентті вакцина егілген сиырлардың сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға беру.

Жұмыстың ғылыми жаңалықтары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ірі қара мал лептоспирозына мониторингтік зерттеулер нәтижелері келтірілген. Алғашқы рет, сарғаю белгілері байқалған және симптомсыз лептоспироз кезіндегі ірі қара етінің тағамдық құндылығы зерттелді, сойыс өнімдеріне бактериологиялық зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелерінде, клиникалық-анатомиялық көрінісі әртүрлі лептоспироз кезінде ірі қараның сойыс өнімдеріне ғылыми негізделген ветеринарлық санитариялық баға берілді. Ірі қара сойыс өнімдерінен патогенді лептоспираларды анықтауға мүмкіндік беретін ПТР-тест жүйе құрастырылды. Лептоспирозға қарсы поливалентті вакцина егілген ірі қара сойыс өнімдерінің сапасына баға берілді.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Лептоспироз (Leptospirosis) - дүние жүзіне кенінен таралған, үй және жабайы жануарларының көптеген түрлері мен адамдардың зооантропонозды, табиғи-ошақты инфекциялық ауруы [1, 2] .

Бұл ауру туралы алғашқы мәліметтер бұдан бір ғасырдан аса уақыт бұрын, Германияда жарық көрген, көп ұзамай Ресей зерттеушілері оны жеке ауру түрінде сипаттап жазған. Ал, ауру қоздырушысын тек 1914 жылы жапон ғалымдары жеке бөліп алып, микроорганизмнің өзіндік ерекшеліктерін анықтап, Leptospira деген атпен (грек. - жіңішке ирелең) спирохет туыстығына жатқызылды. Кейіннен табиғи жағдайда лептоспирозға үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлерінің, оның ішінде ауыл шаруашылығы түліктерінің түгел дерлік (қой, ешкі, сиыр, жылқы, шошқа, үйқояны) бейім екендігіне көз жеткізілген [3, 4] .

Ауру қоздырушысы - Spirochетalis қатарының, Leptospiraceae тұқымдасы, Leptospira туыстығына жатады. Leptospira туыстығына екі түр енеді, зардапты - L. Interogans және сапрофит -L. biflexa . Зардапты лептоспиралар - иесінің ағзасында тіршілік етіп, көбейеді. Иесінің қан құрамындағы ақуыз және басқа да заттармен қоректенеді. Зардапты лептоспиралар 202 серовардан және біріктірілген 23 серотоптан тұрады. Сапрофитті лептоспиралар (зардапсыз) - жануарлар ағзасы үшін қауіпсіз микроорганизм дер. Олардың өмір сүру ортасы әртүрлі су коймалары, ылғалды топырақ, олар қалыпты жағдайда сол жерде көбейіп, жоғары және төменгі температураны жеңіл түрде өткізеді. Сапрофитті лептоспиралар 63 серовардан және 38 серологиялық топтан құралған [5, 6] .

Ауру қоздырушысы - ұшы ілмек сияқты иіліп келген, өте нәзік спираль тәрізді, күміс - ақ түсті, белсенді қозғалатын таяқшалар немесе ілмек тәрізді бүгілген спирохеталар. Микроорганизмді оның құрылымына байланысты «лепто» - жіңішке, «спира» - ілмек деп атады. Лептоспиралардың орташа ұзындығы 6-20 мкм, ені 0, 1-0, 6 мкм. Ұзындығына қарай спираль иректерінің саны 20-ға дейін жетеді. Ұзақ уақыт in vitro өсірген кезде кейбір клеткалардың ұзындығы орташа ұзындықтан 2-3 есе асып кетуі мүмкін. Керісінше патологиялық материалда лептоспиралар клеткалары өсіндіге қарағанда анағұрлым қысқа болып келеді. Лептоспиралар - грамтеріс микробтар, олар сыртқы қабықшадан, осьтік жіпшеден және цитоплазматикалық цилиндрден тұрады. Лептоспиралар қажетті мөлшерге өсіп жеткеннен соң екіге бөліну арқылы көбейеді [4] .

Қазіргі уақытта лептоспирозға қатысты баспа бетінде жариялымдардың көп болуы, бұл аурудың дүние жүзінде кеңінен таралғанын көрсетеді [7, 8, 9] .

Лептоспироз дүние жүзінің барлық континеттеріне, әсіресе тропикалық елдерде кеңінен таралған [10, 11, 12] .

Tangkanakul W., ет. al. (2000) мәлімдеуінше аурудың дамыған елдерде тіркелуі, негізінен ластанған сумен байланысты, дамушы елдерде ауру қоздырушысының резервуары болып кеміргіштер мен ауыл шаруашылығы малдары табылады [13] .

Арнайы ғылыми әдебиеттердегі мәліметтер, лептоспироздың re-emerging (қайта жанданған) инфекциялық ауру ретінде соңғы жылдары ірі тұтануын Ниқарагуада [14] Сальвадор да [15] және Рио-де-Жанейро да [16], Бразилия мен Орисседе [17, 18], Мумбаида [19] және Андаманскиде, Индияда [20] күшті дауыл және сел жүру сияқты табиғат апаттарымен байланыстырады. Зерттеушілердің айтуынша, соңғы жылдары байқалып келе жатқан климаттың ғаламдық жылынуы және су тасқындарының көбеюі салдарынан, алдағы жылдары лептоспироз ауруының өршуі байқалатын болады .

Сонымен қатар, бұл ауруды кәсіби аурулар қатарына да жатқызады [13, 23, 24, 25] . Оған мысал, 2011 жылы Англия мен Уәлсте 44 адамның лептоспироздың ауыр түрімен ауыруы, бұл адамдардың көбісінің жұмысы малмен байланысты болған. Сондай-ақ, Солтүстік Италияда күріш алқабында жұмыс істейтін адамдар арасында, жылына 10 мыңнан 20 мыңға дейін адамдар лептоспирозбен ауырады екен, бұл аудандарда ауруды негізінен L. Icterohaemorrhagiae, L. Ваіауіаесероварлары тудырады [26] .

Jansen A., ет. al. (2005) мәлімдеуінше 2001 жылы Германияда Одера және Дунай өзендері арнасынан асып, тасығаннан кейін, адамдар арасында лептоспироздың сарғаюсыз түрі етек алған [27] .

Азия елдері арасында ауру көрсеткіші Жапония мен Индонезияда өте жоғары. Жапонияда ылғалды тас-көмір шығаратын шахталарда жұмыс істейтін адамдар иктерогемморагиялық лептоспирозбен жиі ауырса, батпақты жерлерде күріш егумен айналысатын ауыл тұрғындары көбінесе жеті күндік және күзде болатын безгекпен ауырады екен [28, 29] .

Адамдарға лептоспироздык індетті негізінен үш түрлі жолмен жұғады екен: ластанған су арқылы, тағам арқылы және ластанған сыртқы орта нысандарынан. Лептоспиралар өте қозғалғыш бактериялар, олар зақымданған тері арқылы, кілегейлі қабықтар арқылы организмге еніп, басқа ұлпаларға тез тарайды [30, 31] .

Gsell O. R. (1965) алғаш рет лептоспирозбен ауырған шошқа етін шикідей пайдаланған адамдардың лептоспирозбен ауырғанын дәлелдеген. Осы мәлімдемеден кейін, шошқаларда ауру тудыратын лептоспиралардың Pomona дүние жүзіне мәлім болды [32] .

Дикий Б. Н. (1993) мәлімдеуінше адамдар лептоспиралармен ластанған тағамдық өнімдерді және лептоспира-тасымалдаушы жануарлардың (атжалман, тышқан, шошқа, ірі қара, ит т. б. ) несебімен ластанған заттарды пайдаланғанда ауру жұқтырады. Бұл жануарларда ауру негізінен симптомсыз жүреді [33] .

Көптеген зерттеушілер адамдарда лептоспироздың таралуын ауыл шаруашылығы мал дары өнімдерін пай дал ану мен байланыстырады. Олардың пікірінше, лептоспирозбен ауырған малдың сүті мен еті эпидемологиялық қауіп тудырады.

Мәселен, Грузияда лептоспирозбен ауырған және ауырып жазылған сиыр сүтін шикідей пайдаланған балалар арасында лептоспироз ауруы тіркелген. Шикі сүт пайдаланған балалардың қанысарысуы микроаглютинация реакциясы бойынша Icterohaemorrhagie серотипі жоғары титірде болған [34] .

Украинаның Солтүстік-Шығыс аудандарында жүргізілген эпидемологиялық зерттеулерге сәйкес, ет-сүт өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың 20% әртүрлі серологиялық топтағы лептоспираларды жұқтырған екен, бұл аудандарда лептоспирозбен ауырған адамдардың 81%-нан Pomona, Hebdomadis, Tarrasovi, Icterohaemorrhagie серологиялық топтары анықталған [35] . Жалпы, Украинада ауыр өтетін, өліммен аяқталатын аурулардың ішінде лептоспироз алтыншы орын алады екен [36] .

Тернополь облысында шошқа шаруашылығында жұмыс істейтін 21% адамдардың қансарысуы микроаглютинация реакциясы бойынша L. pomona оң нәтиже берген. Зерттеушілердің айтуынша бұл адамдардың көбісінің жай күйі төмендеп, буыдары мен бұлшық еттерінде ауырсыну белгілері байқалып, аздаған уақыт безгек байқалған [37] .

Харковьта лептоспирзбен ауырған адамдардың қансарысуынан Pomona, Hebdomadis, Gryppotyphosa серотобындағы лептоспираларға қарсы антиденелер табылған. Зерттеушілердің айтуынша адамдар ауыл шаруашылығы малдарында (шошқа, ірі қара) ауру тудыратын лептоспиралармен зақымданған [38] .

Сонымен қатар, лептоспироз ауруы қасапханада малды соятын етін бөлшектейтін және ет өңдейтін өндірістерде жұмыс істейтін адамдар үшін өте қауіпті.

И. Н. Гнутов т. б. (1988) лептоспирозбен ауырған 1080 адамдарға зерттеу жүргізе келе, олардың 21, 4% ет комбинаттары мен қасапханаларда, ал 12, 3% шаруашылықтарда жұмыс істейтінін анықтаған [39] . Ауырған адамдардың 75% ер адам болған. Олардың қан сарысуынан Icterohaemorrhagie, Pomona, Hebdomadis, Canicola анықталған.

Дуброва А. А. т. б. (1988) ет комбинатында жұмыс істейтін 280 адамның қансарысуын зерттеп, олардың 81-нен оң нәтиже алған. Олардан: Icterohaemorrhagiae -31, 8%; Grippotyphosa- 16, 7%; Pomona- 15, 2%; Cynoptery-6, 15%; Javanica - 6, 1%; Tarassovi - 4, 5%; Canicola - 4, 5%; Hebdomadis - 3, 0% серологиялық топтары анықталған [40] .

Smythe L. ет. al. (1998) мәлімдеуінше Австралиядағы «Патша аралында» 1997 жылы 61 адам, 1998 жылы 108 адам лептоспирозбен ауырған. Зерттеушілердің айтуынша ауырған адамдардың 65% қасапханалар мен ет өңдеуші өндірістерде, 13, 8% сүт фермасында жұмыс істейтіні, ал 12, 9% банан терушылер екені анықталды. Зерттеушілердің айтуынша банан теретін жұмысшылардың ауыруы бананды ластаған кемірушілерден жұққан көрінеді [41] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лептоспирозды балау, дауалау және сақтандыру шаралары
Жануарлардың лептоспироз ауруын зертханалық балау
Лептоспироз туралы мәліметтер
Листериоз, лептоспироз, шошқа тілмесі ауруларына қолданылатын биопрепараттар
ЛЕПТОСПИРОЗ
Лептоспироз иа кезіндегі иа сойыс иа өнімдерін иа ВСС иа және иа санитарлық иа бағалау
Лептоспироздың экпресс - диагностикасына проф Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану
Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы
Ірі қараның пастереллез ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz