Ірі қараның пастереллез ауруы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕІ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

а. ғ. к С. Е. Тулеметова

«_»2017 ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Шет елдік (ТПТ) реакциясын зертханалық зерттеулерге қолданудың тиімділігі

5В120100- «Ветеринарлық медицина» мамандығы

Орындаған Дөңесхан Әсел

Ғылыми жетекшісі Нуралиев С

в. ғ. кондитаты

Шымкент, 2017ж.

Ф. 7. 04- 10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

(факультет атауы)

кафедрасы

Мамандығы

(мамандықтың аталуы мен шифрі)

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

(каф. меңгерушісі А. Т. Ә. )

«»2016 ж.

дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА №___

Студент

(Т. А. Ә. ) (тобының)

Жұмыстың тақырыбы

Университет бойынша 31. 08. 2012 ж. № 2 - 83с бұйрығымен бекітілген

Жұмысты анықтау мерзімі

Жұмысты орындауға берілген мәліметтер

Дипломдық жұмыстың орындалу барысындағы сұрақтар тізбесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ

МАЗМҰНЫ

р/с

Бөлімдері
Орындау мерзімі
Кеңесші
№р/с: 1
Бөлімдері: 2
Орындау мерзімі: 3
Кеңесші: 4
№р/с: 1
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 2
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 3
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 4
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 5
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 6
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 7
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 8
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:
№р/с: 9
Бөлімдері:
Орындау мерзімі:
Кеңесші:

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Тапсырманың берілген күні 2012ж.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі

(қолы) (а. т. ә. )

Тапсырманы орындауға алған студент

(қолы) (а. т. ә. )

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ

КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

Тақырыбы

Топ студенті

(А. Ж. Т, қолы)

Кеңесшілері:

Экономика

Тіршілік қауіпсіздігі

(дәрежесі, атағы, А. Ж. Т)

(дәрежесі, атағы, А. Ж. Т)

(күні, қолы)

Қоршаған ортаны қорғау (күні, қолы)

Бизнесті жоспарлау

(дәрежесі, атағы, А. Ж. Т) (дәрежесі, атағы, А. Ж. Т )

(күні, қолы)

Нормабақылау (күні, қолы)

(дәрежесі, атағы, А. Ж. Т)

(күні, қолы)

Аннотация

«Полимеразды - тізбекті тестісін ветинарияда балауға қолдану» тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс - 87 беттен тұрады. Бұл дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу нысаны мен әдістері, зерттеу нәтижелері және оны талдау, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экономика бөлімі, бизнес жоспар, қоршаған ортаны қорғау, қорытынды және ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 8 кесте, - 5сурет және 4 қосымшалар қарастырылған. Кіріспе бөлімінде пастереллез ауруының алдын алғанда, экономикаға сонымен қатар, халықты азықпен және шикізатпен қамтамасыз етуде ең маңызды фактор болып табылатындығы жайында айтылған.

Негізгі бөлімінде пастереллез ауруының қоздырғышы, пастереллез ауруын анықтау, пастереллез ауруының эпизоотологиясы, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістері, пастереллез ауруын балау, пастереллез ауруының иммунитеті, дауалау және күресу шаралары, жануарлар пастереллезіне қарсы ic - шаралар, жануарлардың пастереллезге қарсы корғанысын арттыратын препараттарды сынау нәтижелері және қазіргі жылдарда пастереллез инфекциясымен күресудің әдістемелік негіздері жөнінде қамтылған.

Өзіндік зерттеу бөлімінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Арыс аудандық «Пернебек» шаруа қожалығының өзінде құжаттармен танысудан бастап, ары қарай Арыс аудандық ветеринарлық лабораториясында жүргізілген зерттеулер, атап айтқанда заманауи әдіс - полимеразды - тізбекті әдіс арқылы пастереллез ауруын диагностикалау туралы жазылған.

Мазмұны

Қысқартулар мен белгілер . . . 7

Анықтамалар . . . 8

Нормативтік сілтемелер . . . 10

Кіріспе . . . 11

1Негізгі бөлім . . . 13

1. 1 Ірі қара пастереллез ауруы . . . 14

1. 1. 1 Ірі қара пастереллезінің індеттік ерекшеліктері . . . 14

1. 1. 2 Ірі қара пастереллезінің патогенезі . . . 15

1. 1. 3 Ірі қара пастереллезінің өтуі және клиникалық белгілері . . . 16

1. 1. 4 Ірі қара пастереллезінің патологоанатомиялық өзгерістері . . . 18

1. 1. 5 Ірі қара пастереллезін анықтау . . . 19

1. 1. 6 Ірі қара пастереллезін ажыратып балау . . . 19

1. 1. 7 Ірі қара пастереллезінің емі . . . 20

1. 1. 8 Ірі қара пастереллезі иммунитеті . . . 20

1. 1. 9 Ірі қара пастереллезін дауалау және күресу шаралары . . . 21

1. 2 Әдебиеттер шолуын талдау . . . 22

2 Өзіндік зерттеу . . . 26

2. 1. Қолданылған материалдар мен зерттеу әдістері . . . 27

2. 1. 1 Зерттеу тәсілдері . . . 29

2. 1. 2 Түлкібас аудандық ветеринарлық зертханаға сипаттама . . . 29

2. 1. 3 Патологиялық материалдардың алынуы және оның тексеруге жіберу және зерттеу тәсілдері . . . 30

2. 1. 4 Полимеразды тізбектелген реакция әдісімен пастереллез ауруын

анықтау (ПТР) . . . 42

2. 1. 5 ИФА- иммунды - ферментті талдау . . . 43

2. 2 Өзіндік зерттеудің нәтижелері . . . 46

3 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі . . . 51

4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі . . . 64

5 Экономика бойынша бөлімі . . . 68

6 Бизнес - жоспарлау бөлімі . . . 73

Қорытынды мен ұсыныстар . . . 79

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81

Қосымша А Жолдама . . . 83

Қосымша Б Бактериологиялық зерттеу үшін түскен материалды тіркеу журналы . . . 84

Қосымша В-№ 1-вет форма 2012 жылғы малдардың жұқпалы аурулар туралы есебі . . . 85

Қосымша Г Пастереллез ауруындағы патологоанатомиялық өзгерістер . . . 86

Түйін . . . 90

Қысқартулар мен белгілер

Дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілеулер келтірілген:

мин. - минут

сағ. - сағат

см - сантиметр

мм - миллиметр

нм - нанометр

км - киллометр

мкм - микрометр

мкл - микролитр

кг - киллограмм

г - грамм

мг - миллиграмм

л - литр

мл - миллилитр

ҚР - Қазақстан Республикасы

АШМ - Ауылшаруашылық министрлігі

°C - градус

% - пайыз

ИФТ- иммунды - ферментті талдау

ПТР- полимеразды - тізбекті реакция

ЕПА - ет - пептонды агар

ЕПС - ет - пептонды сорпа

ҒЗ - ғылыми - зерттеу

Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар қолданылды.

Реактивтілік - reаctio - қарсы әсер деген сөзден шыққан, реактивтілік - организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті, жәнеде бүкіл тіршілік атауының зат алмасу, өсу, көбею т. б.

Организмнің резистенттілігі - оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі, яғни қарсы тұру қабілеті.

Патологиялық реакция дегеніміз - организмнің кез келген тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтарады

Патологиялық процесс - құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер

Инфекциялық ауру - инфекцияның айқын көрінісі

Карантин - індет ошағының одан әрі ұлғайуына жол бермеу үшін жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы

Спорадия - жұқпалы аурудың бірен-саран жағдайда, яғни инфекциялық немесе инвазиялық аурудың бір-екі малда ғана байқалуы

Уыттылық (вируленттілік) - микробтың зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі

Шектеу - карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу, індеттің таралмауы үшін қарым- қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары.

Індет - індет процесінің орташа дәрежедегі таралу қарқыны.

Індет процесі - оның негізгі үш құрама бөлігінің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс

Індеттанулық балау - жұқпалы аурудың шығу, таралу себептерін анықтап, індет процесі мен індет ошағын толық сипаттау

Індет ошағы - малдың ауруға шалдығу мумкіндігі сақталған инфекция қоздырушысының бастауы мен оның берілу тетіктері бар территория, яғни жұқпалы аурумен ауырған мал анықталған табын орналасқан кеңістік

Антигендер - иммундық жауаптар тудыратын және соңғылардың эффеторлармен телімді әрекеттесе алатын организмге бөгде заттар

Антиденелер - телімді антигенмен әрекеттесетін глобулиндер

Балау - ауруды анықтау, табу, диагноз қою

Вакцина - жұқпалы ауруларды дауалау үшін қолданылатын биологиялық препарат

Дауалау - жұқпалы аурудың алдын алу, яғни профилактикалау

Дезинфекция - сыртқы ортадағы зардапты микробтарды жою шаралары

Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою

Дератизация - зиянкес кемірушілерді жоюға бағытталған шаралар

Зардаптылық - ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру қабілеті

Инфекциялық процесс - макро және микро организмдер, қоршаған орта ара қатынасы мен олардан туындайтын қарама-қайшы инфекциялық патологиялық және иммундық - қорғаныстар әсерінен туындалатын құбылыс

Трансмиссивтік жолмен - аурудың шыбын - шіркей арқылы жұғуы

Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасуы

Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы

Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті

Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет

Колостральды иммунитет - уыз арқылы берілген иммунитет

Бацилла - спора түзетін бактериялар

Аэробты - оттегі бар жерде өсетін бактериялар

Анаэробты - оттегі жоқ жерде өсетін бактериялар

Биологиялық сынама - ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Интоксикация - денені уландыру

Биполярлы - пастерелланың екі шеті боялады

Индикация - патологиялық материалдан микробты табу

Идентификация - қоздырғыштың қай түрге жататындығын айқындау

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған.

МемСТ 2. 104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МемСТ 2. 301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МемСТ 2. 601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МемСТ 2. 304- 81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МемСТ 2. 701- 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МемСТ 2. 321- 84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МемСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МемСТ 2888- 68 - Ветеринарлық термометр

МемСТ 16445-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан сарысуы

МемСТ 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар

МемСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар

МемСТ 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МемСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар

МемСТ С 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы, фарфорлы. Техникалық жағдайлар

МемСТ 20730-75 - Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін) . Техникалық жағдайлар

МемСТ 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер

МемСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар

МемСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар

МемСТ 26670 - 91- Өсіру әдістері

МемСТ 26668 - 95 - Сынама алу

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау

МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ел басының алға қойған мақсаты - әлемдегі алдыңғы қатардағы 50 мемлекеттердің қатарына қосылуда, мал шаруашылығын жедел өркендетіп, одан алынатын сапалы өнімдерді көбейту осы күннің өзекті мәселесі. Осыған орай, мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізге қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу, жануарларды тиімді пайдалану - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты халқымыз ежелден малмен айналысқандықтан, осы саланы одан әрі өркендету үшін, мал басын шоғырландыру, қора-жай күтімдерін, оның зоогигиеналық - санитарлық жағдайларын, сапалы азықтандыру және жануарлардың этиологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн.

Қазақстанда төрт түлік мал ішінде ірі қара малының орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, сиыр өте өсімтал, оның дәмді етін, тілді үйірер сүтін, терісін адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, сиырды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір ірі қара малынын 1кг өсім алуға 7-8 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, сиыр өзіне азық тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды. Ірі қараның етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.

Міне, осыған орай елбасының жолдауы мен алға қойған мақсатында, мал шаруашылығы мен қожалықтарын жедел өркендетуге және одан алынатын өнімдерді көбейтуге мән берілетіндігі баса көрсетілген. Бірақ, ірі қара басын және одан алынатын өнімді көбейтіп, сапасын жақсарту ісіне, малдың кейбір инфекциялық аурулары кеселін тигізуде. Атап айтсақ, ірі қара пастереллез ауруы шаруашылықтарда көптеп кездесіп, экономикалық шығынға ұшыратуда.

Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй қоянында ауру індет ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде таралағанымен де, мұндай жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі жануарлар біршама төзімді келеді. Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін. Пастереллезге тән қасиет - сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзінен - өзі қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әртүрлі қолайсыз факторлардың әсер етуінен кейін байқалады.

Пастереллездің індеттік ерекшелігі - оның бір жерге орын теуіп, энзоотия ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.

Пастереллез ауруын эпизоотологиялық көрсеткіштер мен клиникалық белгілер бойынша, патологоанатомиялық өзгерістер мен бактериологиялық зерттеулердің корытындысына сүйене отырып анықтайды. Ал, қажет болған жағдайда лабораторияда тұрған малдарға жұқтырып байқау жүргізеді.

Пастереллезді індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, патанатомиялық өзгерістер негізінде, міндетті түрде бактериологиялық тексеру жүргізіп анықтайды. Зертханаға емделмеген малдың өлексесінен өлгенінен 3-5 сағаттан қалдырмай көк бауырдың, бауырдың, бүйректің кесінділерін, өзгеріске ұшыраған өкпенің телімін сөл түйіндерімен қоса және жілігін жібереді. ¥сақ жануардың өлексесін тұтастай жөнелтеді.

Жаздың күні патматериалды глицериннің 40 % ерітіндісімен консервілейді. Пастереллезге тексергенде пастерелланың ақ тышқан үшін зардапты таза өсінін алуға баса зейін қояды [1, 2] .

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - ірі қара малының пастереллез ауруына заманауи диагностикалық әдіс - полимеразды - тізбекті талдау әдісімен диагноз қою.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының «Пернебек» шаруа қожалығындағы әртүрлі тұқымдас ірі қара топтарының арасындағы пастереллез ауруының індеттік факторларын, аурудың таралуын, энзоотияның өсіп-өшуін, диагностикасын, соның ішінде ауруды заманауи балау әдісі - полимеразды - тізбекті реакциясымен зерттеп, осыдан алынған мәліметтерге байланысты, ауруға қарсы тиімді күрес шараларын ғылыми және практикалық тұрғыдан дәйектеу болып табылады.

Негізгі бөлім

1. Әдебиетке шолу

1. 1 Ірі қараның пастереллез ауруы

Пастереллез (Раsteurellosis) - жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878 ж. Болишердің сиырдың пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздырушысын тауықтан Е. М. Земмер (1878), Л. Пастер (1880), үй қоянынан Гафки (1881), сиырдан Китт (1885), буйволдан Греете (1887) бөліп алды. Аурудың атауы Пастердің қоздырушы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталған әйгілі тәжірибелеріне байланысты еді. Ғалымның құрметіне бұл микроб пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды.

Пастереллез дүние жүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып, созылмалы түрде өтеді. Бірақ ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың әсерінен індет түрінде кең жайылады.

Қоздырушысы - Раsteurella multocida - оншалықты ірі емес, грамтеріс, қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия. Түрі мен мөлшері шыққан ортасыңа байланысты әртүрлі болады. Ауру малдың ұлпасындағы пастереллалар ұсақ, сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский - Гимза әдісімен биполярлы (екі шеті) боялады. Жана өсінділерде микробтың анық көрінетін қауашағы болады.

Пастереллалар - жартылай ауасы бағалы микробтар. Кәдімгі қоректік орталарда 37 °С кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскен қоректік орта түгелдей лайланып, ЕПА-да тәуелсіз түрлі шоғыр түзеді: тегіс (S), бұдыр (R) және кілегейлі (М) . Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитритке дейін тотықсыздандыруы есептелінеді.

Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру қоздырушы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр Р. multocida ретінде қарастырды. Бұл тұқымдыстыққа жататын тағы бір дербес түр Р. Hаетоlуtіса сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру қоздырады.

Пастереллез пастерелла тобынан пайда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы - жылжымайтын қысқа таяқша, оның ұзындығы 1-1, 3 м, ені 0, 3-0, 5 м. Таяқша Романов - әдісімен және кәдімгі анилин бояуымен жақсы боялады, ал Грам әдісімен боялмайды.

Бұл бактерияның тамырларында цитоплазманың көп жиналуының және сол араның ерекше интенсивті бояуының нәтижесінде бактерияны биполяр деп атайды. Алайда, қоректік ортада өсіргенде, бұл бактерияның бойындағы биполярлі қасиеті жойылады. Сондықтан оны микроскоппен зерттегенде екі ұшы бір қалыпты таяқша болып көрінеді.

Бұл бактерия онша төзімді емес. 70-90° ыстықта 5-10 минут уақыт ішінде өледі. Ал қайнаған суда дереу өліп қалады. Әдетте қолданылатын дезинфекциялық ертінділер бұл бактерияны тез өлтіреді. Формалиннің 2-3%-тік ерітіндісі 3-5 минут уақытта, ал 5%-тік ерітіндісі бір минут уақыттың ішінде өлтіреді.

Пастереллалардың төзімділігі ж оғары емес, сыртқы ортада тез өледі. Көнде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін, мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады.

Тура түскен күн сәулесінен бұл микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90° С температурада 5-10 минутта өледі. Барлық үйреншікті дезинфектанттар қолданылып жүрген концентрациясында бірнеше минутта өлтіреді [3, 4] .

1. 1. 1 Ірі қара пастереллезінің індеттік ерекшеліктері

Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй қоянында ауру індет ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде таралағанымен де, мұндай жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі жануарлар біршама төзімді келеді.

Пастереллез ауруына ірі қара мал, шошқа, қой, үй қояны, құстар және көптеген жабайы хайуанаттар шалдығады. Пастереллездің экзоотикалық түрі малдардың бір түлігінен шыға қалса, ол кейде барлық малға тарап кетеді.

Ауруды жұқтыратын - негізінен ауру малдар болады. Өйткені олар сыртқа өте күшті көптеген вирулентті бактериялар шығарады. Көзге сау көрінетін малдар мен үй құстарының жоғары тыныс жолдарында және ас қорытатын жолдарының кілегей қабықтарында бактерия тасығышы болуы да мүмкін. Организмде резистентіліктің (қарсылықтың) әлсіреу кезінде санитарлық жағдайлар сақталмағандықтан, суыққа шалдығудың, шаршап - қалжыраудың, заттардың алмасуы бұзылуының, аштыққа ұшыраудың, созылмалы аурудың және жемшөпте витаминдердің жетіспеуі салдарынан бактерия лимфамен қанға еніп, пастереллез ауруын тудыруы мүмкін [5. 6] .

Ауру мал мен сау малдың араласып жүруінен де ауру жұғады. Шошқа мен құстарға ауру алиментарлы жолмен жұғуы мүмкін.

Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі қара мен жабайы күйіс қайыратын жануарларда біздін өлкемізде Р. multocida В-типі, ал Африкада Р. multocida Е-типі қоздырса, құста - Р. multocida А-типі қоздырады. Пастереллездің оқтын-оқтын энзоотиялық пневмония ретінде жітілеу және созылмалы өтетін түрін бұзауда Р. multocida А-типі және Р. Hаетоlуtіса ал шошқада Р. multocida А және Д-типтері мен Р. Hаетоlуtіса қоздырады.

Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін. Пастереллезге тән қасиет -сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзінен - өзі қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әртүрлі қолайсыз факторлардың әсер етуінен кейін байқалады.

Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзоотия ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Пастереллез
Пастереллез сипаттамасы
Пастереллез ауруы
Ветеринария мамандығы бойынша оқу практикасының есебі
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Ірі қара пастереллез ауруы
Құстың туберкулез ауруы
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
«Індеттану және инфекциялық аурулар» пәнінен дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz