Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі б. ғ. к А. Муталиев

«_»2014 ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Сиыр желінсауын анықтау және физиотерапиялық әдістермен емдеу

051201 мамандығы -«Ветеринарлық медицина»

Орындаған: Нұрcұлу

Ғылыми жетекшісі: в. ғ. д, профессор Ильясов Б. К

Шымкент-2015

Дипломдық жұмыста кездесетін қысқартылған сөздер

АСД - Дороговтың антисептик стимуляторы

АСД - 2 - Дороговтың антисептик стимуляторы, 2 фракциясы

ӘБ - әлемдік бірлік

әб - әсер бірлік

ТБ - тышқан бірлігі

ФСГ - фолликулстимульдеуші гормон

СБП - сутті бақылау пластинкасы

СНАГШ

Анықтамалар

Анамнез - ветеринарлық практикада ауру малға балау жасау мақсатында жануардың ұстауы мен азықтануы, аурудың дамуы туралы мәліметтер жинау.

Галактогендік жол - сүт бездеріне патогендік микробтардың желіннің үрпі арқылы түсуі.

Гематогендік жол - сүт бездеріне патогендік микробтардың қанмен келіп түсуі.

Желінсау - механикалық, химиялық, температуралық және биологиялық факторларының әсерінен болатын сүт бездерінің қабынуы.

Жасырын желінсау - клиникалық белгілері білінбей немесе өте әлсіз білінетін сүт бездерінің қабынуы және сүт түзілуі мен сапасының төмендеуі

Желінсау жіктелуі - А. П. Студенцовтың жіктеуі сәйкес аналық жануарларда желінсаудың алты клиникалық формасы және бір асқыну бар, өтуі бойынша желінсау - жіті және созылмалы болады.

Желінсау этиологиясы - сүт бездерінің қабынуына алып келетін зиянды биологиялық, химиялық, температуралық және механикалық фаторлар жиынтығы.

Лимфагендік жол - сүт бездеріне патогендік микробтардың лимфамен келіп түсуі.

Моцион (серуендету) - аурудың алдын алу мақсатында жануарларға серуендету ұйымдастыру.

Новокаиндік тежеулер - жануарларорганизмінде жіті формада өтіп жатқан қабыну үрдістерінде новокаин ерітіндісін жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру үшін пайдаланатын ветеринарлық тәжірибеде кең тараған патогенетикалық емдеу әдісі.

Окситоцин - физиологиялық жағдайда аналық жануардың жатыры мен сүт бездерінің миоэпителийінің жиырылуын қамтамасыз ететін гормон.

Патогенетикалық емдеу - малдәрігерлік практикада жиі қабынудың жіті формасында пайдаланатын организмде өтіп жатқан патологиялық процесстердің өту механизмін бәсеңдетуге бағытталған емдеу тәсілдері, соның ішінде новокаиндік тежеулер.

Симптоматикалық емдеу - патологиялық үрдістердің клиникалық белгілерін жоюға бағытталған емдеу әдістері.

Сервис кезең - туғаннан ұрықтанғанға дейінгі кезең

Туғаннан кейінгі кезең - туудан кейін жыныс органдарының инволюциясы болғанға дейінгі кезең

Этиотроптық емдеу - қабыну үрдістерінің себептерін жоюға бағытталған емдеу әдістері (антибиотиктік, сульфанильамидтік емдеулер)

1. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары малшаруашылығы қайта жаңғырып, жаңадан көптеген сүт өндіретін шаруашылықтар ашылып, сонымен қатар бұрынғы шаруашылықтар жаңадан дами бастады. Асылтұқым мал қсіріп өнім беретін шаруашылықтарға ҚР Үкіметі 25-30 пайыздық датациалық көмек беруде.

Бүгінгі таңда малшаруашылығында сүт өнімділігін арттырудын негізгі жолдарының бірі - сауынды сиырлардың сүттілігін көбейту. Бірақта бірден бір кедергі факторларының бірі сиырдың желін безінің қабынуы, жарақаттануы, қабынбай өтетін ауруларын дер кезінде анықтап, емдеу және алдын алу шараларын жүргізбеуден, сонымен қатар малды дұрыс бағып күтпеу.

Республика бойынша көптеген шаруашылықтарда сүт өндіру өндірістік жолға қойыла басталды, атап атсақ «Родина», «Адал», «Фудмастер», «Астана - өнім», «П3 Алматы», «Байсерке-АГРО», тағы басқалар. Көптеген шаруашылықтарда алдыңғы технология қолданып, барлық жұмыстар автоматтандырылған және механикаландырылған.

Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге карайтын болсақ технологиялық процесстің орындалу кезінде ветеринарлық - санитарлық талаптар орындалмай желін безі қабынып, сүт өнімінің сапасы төмендейтіні айқын.

Осы жағдайды ескере отырып, біз дипломдық жұмысымыздың мақсаты ретінде - Сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырдың желінсауын балау және алдыналу тақырыбын таңдап алдық.

Осы мақсатты орындау үшін төмендегі міндеттерді алдық :

  1. «Адал» шаруашылығы бойынша желінсаудың таралуын анықтау.
  2. Сүт зауытына тапсырылатын сүт сынамаларына зертеу жүргізу.
  3. Желінсау дертінің сүттің ветеринарлық - санитарлық сапасына әсер етуін анықтау.
  4. Сиыр желінсауын емдеу әдісін сынақтан өткізу.

Негізгі бөлім

2. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

2. 1 Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары

Желіннің сірлі ісінуі бұл ауру буаздықтың соңғы айларында байқалады, ол қанның сұйық бөлімінің тері астындағы үлпілдек ұлпаға жиналып, желіннің ісінуі.

Себептері. Желіннің сірлі ісінуі жоғары өнім беретін сиырларда жиі кездеседі, олардың буаз кезінде шырынды азықтармен, жем-шөптермен тамақтандырып, серуенге шығармағанда байқалады. Буаз малдың туар алдында желініне қан қарқынды келіп, төлдің қысымынан қан тамырлары сығылып, қан қайта алмай турып қалады. Қан тамырларының сығылу нәтижесінде капилляр-тамырларының қабырғасынан қанның сұйык бөлігі тері асты үлпілдек ұлпасына жиналып қалады.

Көріністері. Желіннің ісіну кезінде малдың жүруі қиындайды. Желіннің көлемі шамадан тыс үлкейеді, артқы бөлімдері алдынғы бөлімдерінен бірнеше есе үлкен болады. Кейбір кезде құрсақ қабырғасының төменгі жағыда ісіп кетеді. Желін емшектері іспейді сондықтан олар қысқа сияқты көрінеді. Желін терісінің іскен жерлері қалың, ылғал, суық, иленген қамыр тәрізді және басқан кезде ауырсынбайды, саусақтардың ұшымен басып көргенде, жайымен қайта қалпына келетін шұңқырлар пайда болады.

Әдетте ісік туғаннан кейін 10-12 күн де тарап кетеді, кейбір кезде аталған уақыттан асып кетіп созылмалы түрге айналады. Ісіктің созылмалы кезінде желіннің қабынған жерлері дәнекер ұлпаның пайда болуына байланысты тығыздалып-қатайып кетеді. Аурудың асқынған кезінде, малдың сүті төмендеп, жойылып кетеді. Егер ісінген желін жарақаттанса, инфекция кіріп флегмонаға айналады.

Кейбір мамандардың тәсілі бойынша ісікті емдегенде желіннің терісін 2 см тереңдікпен тіледі, осыдан соң ісік тез арада тарап, жарасы асқынусыз жазылып кетеді.

Алдын алу . Жоғары өнім беретін сиырлардың сірлі желінсауының алдыналу үшін, буаз кезінде күнделікті серуендетіп, төлдеуіне 2 апта қалғанда, рационындағы шырышты азықпен, жемді азайтады.

Желін гиперемиясы Желін гиперемиясы мал төлдегеннен кейін байқалады және желін безіне артериялық қанның көп мөлшерде келуімен сипатталады, кейбір жағдайда сүттке қан араласуыда мүмкін. Бұл ауру көбінесе жоғары өнімді малда кездеседі.

Көріністері . Желін терісі қызарған, тығыз, жергілікті температурасы көтерінкі. Сүттің түсі қызғылт, кейбір кезде қан араласқан, әдетте бір емшегінен сауылған сүтте қан көбірек болады, сүт машинасымен сүтті тартып қаймағын айырғанда сепаратордың қабырғасында қызғыл түсті клегейлі қабат түзіледі.

Егер сүтті стақанға құйып бірнеше сағатқа қалдырса, стақан түбіне эритроциттер қабаттанып шөгеді, қабаттың қалындығы желіннің гиперемия дәрежесіне тікелей байланысты болады.

Көріністері . Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген, қатайған және ауыршаң жерлері байқалады. Желіннің зақымданған жағынан сүтпен бірге ұйыған қан сауылып шығады. Ірі қан тамырлары жарылғанда желін төңірегінде гематома пайда болады.

.

Алдыналу . Желін жарақаттарының алдыналудың негізгі бағыттары: малдың жайылымын кесілген ағаштан, бұтақтардан, тікендерден тазартады, сүзеген сиырлардың, бұқалардың мүйізін кесу, желін жарақатына әкеп соғатын тағыда басқа себептерді жою керек.

Желін жарасы . Желін жарасы мал бір-бірімен сүзіскенде, қоршаудан секіргенде, бұтақтармен тікеннің арасынан жүргенде пайда болады.

Көріністері . Желінді сыртынан қарап және ұстап көргенде ісінген, қатайған, ауыршаң жерлерін байқауға болады. Желіннің зақымдалған бөлімінен қан араласқан сүт шығады. Желін жарасы бетінде және тереңінде деп екіге бөлінеді. Беттік жара желіннің терісін және тері астындағы клетчатканы зақымдайды. Бұл жаралардың өзіндік ерекшеліктері болмайды, басқа жеріндегі жараларға тән көріністер байқалады олар: жарақат жерінің ажырап туруы, қансыруы, ісінуі тағыда басқа белгілі көріністері байқалады.

Терең жарада безді ұлпа, цистерна қабырғасы, сүт жолдары зақымдалып, қан араласқан сүт шығады, бұл құбылыс жараның тез жазылуына кедергі жасайды, соның нәтижесінде сүт түтігі (свищ) пайда болып, сөл арқылы желін безінің ұлпасына микроорганизмдер еніп, сүт безі қабынадыда, зақымданған бөлімнің сүт өнімділігі төмендеп, мүлдем жойылып кетеді.

Желін фурункулезі (шиқан)

Желін фурункулезі - ол желіннің терісі және тері астындағы клетчаткасының іріндеп зақымдануы, сиырларда көбнесе көктем - жаз айларында кездеседі. Ауру бір табындағы сиырлар арасында жиі кездеседі.

Желін фурункулезінің қоздырғыштары стрептококтар және стафилококтар. Фурункулезге әкеп соқтыратын себептер: сиырларды антисанитарлық жағдайда ұстау және сауыншылардың, малшылардың қолының терісіндегі ірінді жарақаттар.

Көріністері . Желін үрпісінің терісінде тығыз, ауыршаң, күрең-қызыл түсті көлемі бұршақ және жаңғақ тәрізді келетін ісіктер пайда болады. 5-10 күн өткен соң ісіктің беті жарылып қанды ірінді сұйық ағады, сауған кезде ауыршаң болады.

Алдын алу шаралары . Желіннің фурункулезін алдын алудың бірден-бір кепілі сауыншының өзіндік тазалық гигиенасы. Мал ұстайтын қораның тазалығын және жылылығын, құрғақтығын қамтамасыз ету.

Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары

Желін үрпісінің терісінің жарылып кетуі . Бұл ауру көбінесе жаз айларында кездеседі, өйткені ылғалданған желін терісін жел қағадыда кеуіп, жарылып кетеді. Зақымданған жерлері ісініп, ауыршаң және ыстық болады. Сауу кезінде мал өте ауырсынады, сүттің құрамы өзгермейді.

Желін үрпісінің зақымданған жерлерін борлы вазелинмен немесе 1-2% кокаин, 4-5% новокаин қосылған цинк жағындысын жағады. Алғашқы кезде желін үрпісін сауу алдында жағындымен жағады, одан кейін сауылғаннан кейін жаққан дұрыс.

Желін терісіндегі сүйелдер - көбінесе жас сиырларда кездеседі және саууға кедергі жасайды. Жіңішке түбті сүйелдерді түбінен жіппен тартып байлап тастағаннан кейін, ол өз бетінше түсіп қалады, ал түбі қалың сүйелдерді күніне 2-3 үш рет 10% салицил жағындысын жағып, немесе ляпис қарындашымен күйдіреді, бұл кезде айналасындағы терісіне зақым келтірмеген дұрыс.

А. П. Студенцовтың мәліметі бойынша сиырға 30 г күйдірілген магнезийді, немесе мышьяктың фовлер ертіндісін күніне 2 реттен 5 граммнан бергенде 10-15 күнде сүйелдер кеуіп, жойылып кетеді.

Қиын сауылу кезінде желін үрпісінің арнасының тарылуынан, сүттің өтуі қиындайды. Әртүрлі қабыну процесстерінің салдарынан осындай ақау туындайды.

Сүт тастары - созылмалы желінсау кезінде іріген сүттегі извест тұздарының тұнып-шөгуінен пайда болады, олардың кіші көлемділері сүтпен шығадыда үлкен көлемділері желін үрпісінің арнасын бітеп тастайды. Көлемі үлкен сүт тастарын емшек үрпісі арқылы поташтың 1% ертіндісін жіберіп ерітеді де сауыншының саусақтарымен қысылып - езіліп сауып шығаруға болады, кейбір кезде тастарды алып шығару үшін емшек үрпісін тіледі, одан кейін арнасына катетр енгізіп түйінді тігіс салып тігіп тастайды, тігінді жазылған соң бірақ алады.

2. 2 Гипогалактия және агалактия.

Гипогалактия дегеніміз сүт өнімінің төмендеп кетуі, ал агалактия сүттің мүлдем болмай қалуы - сүт безінде ешқандай ауру белгілері білінбей қызметінің төмендеуі. Агалактия және гипогалактияның физиологиялық және патологиялық түрлері болады.

Физиологиялық гипогалактия және агалактия малды суалтар алдында, саууын тоқтатқаннан кейін пайда болады.

Жоғары өнім беретін малды уақытында суалтпай организмнің қажуынан, дұрыс азықтандармау салдарынан, минералды ашығуынан, созылмалы аурулардан, кейбір гормоналды препараттардың шамадан тыс көп мөлшерде егудін салдарынан (мысалы айтатын болсақ синэстрол, буаз биенің қан сары суы (ББҚС), буаз биенің гонодотропиндері) мал организмі патологиялық гипоагалактияға ұшырайды.

Патологиялық гипогалактияның және агалактияның емделуі және алдыналу шаралары себептерін жоюға негізделген.

Бірінші тума құнажындардың рефлекторлық гипогалактиясы кезінде сауар алдында күре тамыры арқылы 10-20 ә. б. окситоцин жіберген дұрыс. Егер гипогалактия желіннің гипофункциясына байланысты болса, ауырған малға құнарлы көк-шөп беріп, екі күн қатарынан 3-4 л уыз ішкізген дұрыс. Сонымен қатар күре тамыры арқылы сауар алдында 10-20 ә. б. окситоцин егіп, желінді күніне 2-3 рет сылап-сипаған жөн.

Желінсау - дегеніміз желіннің қабынуы және ауру туғызатын себептерге қарсы организмінің жауап беруі. Желінсау желін безіндегі ұлпаларда және секретіндегі патологиялық өзгерістермен сипатталады. Бұл ауру малшаруашылығына орасан зор зиян келтіреді, малдың сүт өнімділігі төмендеп, сүттің санитарлық, технологиялық тағамдық сапасы бұзылады және сиырларды уақытынан бұрын шаруашылық істен шығаруға тура келеді.

Желінсаудың себептері - желінсау қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен болады. Желінсауды тудыратын нақты және жиі кездесетін себептерді атап айтатын болсақ олар: індет аурулары, организмнің улануы, әртүрлі жарақаттар, сауу ережелерінің бұзылуы және сауу аппараттарының дұрыс пайдаланбауы.

Желінсаудың тікелей себептерінен басқа осы ауруға әкеп соқтыратын жағдайларды да айтуға болады: азықтандыру ережелерінің бұзылуы, сиырлардың қорасының антисанитарлық жағдайы, желіннің суыққа урынуы, малдың гиподинамиясы, организмнің төзімділігінің төмендеуінен желін безіне микробтардың еніп дамуы.

Микроорганизмдердің дамуы немесе қабыну процессінің асқынуы желінсауға әкеп соқтырады.

Желінсау кезінде желіннен көбінесе стафилакокктарды және стрептококктарды таза күйінде ажыратып алуға болады, ал басқа микроорганизмдер, соның ішінде ішек таяқшалары сирек кездеседі.

Желін безіне микроорганизмдер көбнесе үш жол арқылы түседі: галактогендік - емшек үрпісі арнасы арқылы, лимфагендік - желін безінің терісінің жарақаты арқылы, гемотогендік жол - қан тамырлары арқылы, басқа органдар, жыныс мүшелерінен қабыну эксудаты желінге түсуі мүмкін, мысалы (эндометриттер, гастроэнтериттер) . Желінсауға әкеп соқтыратын себептердің ішінде мал организмінің жеке ерекшеліктерінде атап өтуге болады: емшектерінің және желіннің пішіні мен көлемі, малдың тұқымы, генетикалық статусы, желінсауға әкеп соқтыратын факторлардың бірі ата - анасы арқылы берілуі мүмкін.

Желінсау лактация кезінде де, сауылған кездеде және тұғаннан кейінгі кезеңде де жиі кездеседі. Суалтқан кезде сиырды саууды тоқтату, төлдер алдындағы және суалу кезіндегі сүт безінін ұлпаларының өзгеруі организмнің төзімділігін төмендетіп, соның салдарынан бұрыңғы жасырын өтіп жатқан қабыну процесстері асқынып індетке шалдығып жіті желінсаумен ауруы әбден мүмкін. Мал төлдегеннен кейін организмнің улануынан желіннің ісінуінен және көптеген туғаннан кейінгі аурулардың салдарынан желінсаудың дамуы мүмкін.

2. 3 Желінсау түрлерінің жіктелуі

Профессор А. П. Студенцовтың кестесі бойынша қабыну процессінің сипатына қарай желінсаудың келесі клиникалық түрлері кездеседі:

- серозды: - серозды
(сірлі): (сірлі)
- серозды: - қатаралды
(сірлі):

а) сүт жалдарымен және цистерналардың катары

б) альвеолалар катары

- серозды:
(сірлі):
- серозды: - фибронозды
(сірлі):
- серозды: - ірінді
(сірлі):

а) ірінді - катаралды

б) желін абцесі

в) желін флегмонасы

- серозды:
(сірлі):
- серозды: - геморрагиялық
(сірлі):
- серозды: - тәнді(белгілі бір аурулардың салдарынан)
- серозды:
(сірлі):

а) желін аусылы

б) желін туберкулезі

в) желін актиномикозы

- серозды: - асқынған түрлері :
(сірлі):

а) желін индурациясы

б) желін гангренасы

Қабынудың бір түрі екіншісіне айналып аралас болуы мүмкін (серозды-катаралды, серозды-фибринозды және тағы басқалары) . Өту уақытына байланысты жіті және созылмалы желінсауға бөлінеді. Желінсау клиникалық белгісіз жасырын өтуі мүмкін, немесе безді ұлпаның атрофиясымен аяқталады, кейде сүт безінің индурациясына, немесе гангренасына әкеп соғады. Жасырын желінсауды анықтау үшін арнайы зерттеу әдістерін қолданады. Жасырын желінсау клиникалық түрге айналып, соның салдарынан гипогалактиямен, кейде сүт безінің атрофиясына ұшырап толық агалактияға әкеп соғады.

Сарысулы желінсау

Сарысулы желінсау сүттің желінінде тұрып қалуымен белсенді гиперемиямен, сарысудың айналадағы тканьдерге сіңуімен сипатталады.

Себебі: сарысулы желінсау көбінесе туғаннан кейін алғашқы екі аптада тұрып қалудан болған ісінуден кейін, шуы түспей қалғанда, жатырдың атониясымен субинволюциясынан кейін және де жыныс органдарының жіті қабынуы асқынуы салдарынан болады.

Клиникалық белгілері және анықтауы: Аурудың басында желіннің бір немесе бірнеше бөліктері аздап ауырсынады, ісінеді.

Жалпы (малдың) жағдайы жақсы, тәбеті, дене қызуы, тамыр соғысы, тынысы қалыпты жағдайда. Содан кейін зақымданған бөлігі әркелкі тығызданып, көлемі үлкейеді, ыстығы көтеріледі, терісі қызарады, тырсиып тұрады. Малдар қатты ауырсынғандықтан тіпті артқы аяқтарынан ақсап қалады. Желінсаудың даму дәрежесіне орай желін үсті лимфа түйіндері қалпында қалады немесе ауырсынып, көлемі үлкейеді. Желіннің бір бөлігі, жартысы, тіпті түгелімен зақымдануы мүмкін. Сарысулы желінсау кезінде желіннің көлемі тек желін тканьдерінде сары судың сіңуінен ғана емес, сүттің тоқтап қалуынан да үлкейеді. Желіннің көлемі үлкейген сайын тығыздана беріп ақыры тастай болып қатып қалады. Сары сулы желінсауды оның басқа түрлерінен ажырататын ең басты белгісі - сүттің көлемі мен сапасының өзгеруі. Ауырған бөлігін сүті қалыпқа қарағанда 80%-ке азаяды. Малдың жалпы сүт өнімділігі 10-30% төмендеп, ауырған бөлігінің сүті сұйылып көкшіл тартады.

Катаралды желінсау

Катаралды желінсаудың сарысудан айырмашылығы қабыну процессіне цистернамен сүт жолдары, кілегей қабығы мен альвеол эпителий торшалары ұшырайды.

Егер қабыну процессі цистернамен сүт жолдары кілегей қабықтары тарапынан байқалса, онда цистерна мен сүт жолдары катары деп атайды. Ал альвеолдар катары болса, онда альвеолдар эпителиі зақымданады.

Себебі: катаралды мастит көбінесе машинамен және қолмен сауу процессінің дұрыс болмауынан туындайды. Дұрыс сауылмаса цистернасында, сүт жолдарында, үрпіде көптеген ұсақ жарақаттар пайда болады. Әсіресе саусақтармен қысып сауғанда, сауым аппаратының стакандарын мөлшерден тыс ұстағанда, вакум жоғары болғанда, сауым стакандарының серпімділігі төмендесе, үрпі кілегей қабығыны сыртқа аударып зақым келтіреді. Маңызы себептерінің бірі сиырды, әсіресе желінді лас ұстау.

Сиырларды сауу алдында желін дұрыс жуылып сүртілмесе, лас жерде тұрса іріңді микрофлораның дамуы арта түседі. Егер малдың жалпы жағдайы нашарласа, желіндегі кәдімгі микрофлора патогендікке айналып кетуі мүмкін.

Бұған сиырды шала сауу, уақытында саумау, сүттің сауылуын тежеу және тағы басқа себептер жатады. Катаралды желінсау желіннің бір немесе бірнеше бөліктерінде сауын кезеңінің, әр кезінде де, суалтқанда, суалу кезеңінде де кездесе береді. Әйтсе де сиыр бұзаулағаннан кейінгі алғашқы екі-үш аптада жиі кездеседі. Егер желінсауды суалтудың алғашқы күндерінде анықтай алмаса, суалу кезінде ол жасырын созылмалы түріне айналып кетеді. Ал суала бастағанда ол асқынып, клиникалық желінсауға айналады.

Клиникалық белгілермен анықтау.

Сүт цистернасы мен жолдары қабынды ма, әлде альвеолдар қабынды ма, осыған байланысты клиникалық белгілері де әр түрлі байқалады.

Цистерна және сүт жолдары катарында қабыну процесі цистернамен ірі сүт жолдары тканьдерінде өрбиді.

Сондықтан зақымданған бөлігі төменгі жағынан, емшектің түбінен ісінеді. Зақымданған жердің емшектері үлкейіп кетеді.

Олардың тканьдері ісініп, қызарып, ісіп жайылып бүкіл цистернаны, әсіресе емшек жақты алып, көлемін тарылтады. Бұл өзгерістерді сауынды бақылағанда және емшектерді мұқият сипағанда анықтауға болады.

Сүт цистернасының ісігі қайткенде де үрпіні тарылтады.

Желін цистернасын тұрып қалған сүттен түтікшесі арқылы тазартып көру, қабыну процесін асқындырып желінсауды сарысулы-катаралдыдан, іріңді-катаралдыға айналдырып, цистерна және үрпі кілегей қабықтарындағы қабынуды одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін.

Егер қабыну процессі желін жүйесінің сүт шығаратын бөлімін қамтыса, ауыр клиникалық белгілер байқалады.

Альвеолдар және ұсақ сүт жолдары катарында малдың жалпы күйі нашарлайды. Дене қызуы 40-41° дейін көтеріліп, тыныс алуы мен тамыр соғысы жиілейді, тәбеті нашарлайды.

Ал цистерна мен сүт жолдары катарында бұл өзгерістер мүлдем байқалмайды.

Онда дене қызуы, тыныс алуы, тамыр соғысы сәл ғана өзгереді немесе қалыпты жағдайда қала береді.

Альвеолдар мен сүт жолдарында сүт және қабыну секретінің кенет тоқтап қалуынан желіннің зақымданған бөлігі күрт жайыла ісініп кетеді. Соның салдарынан желін қатқылданып ауырсынады. қатқылдану әр түрлі, кейде желіннің ішінен зақымданған бөлігінің жалпы сүттілігі 20-25% азаяды, сүті іріп, айранға ұқсап кетеді. Егер қабыну сүт жолдарымен цистернасында ғана болса, онда өзгерген секрет сауымның тек басында ғана бөлінеді. Ал альвеолдардың сүті қалыпты болады, ондағы болар-болмас өзгерісті тек лабораториялық жолмен анықтауға болады.

Бір бөліктің немесе альвеолдардың қатары болса, желіннің бүкіл секреті сұрғылт немесе ақшыл сары болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт безінің қабынбай өтетін аурулары
Қой мен ешкілердің желінсауын анықтау және емдеу шаралары
Сүт безінің аурулары
Сүт безінің жағдайын анықтау
Сауылатын сиырдың желін ауруын диагностикалау
Желін безінің аурулары
Желін жарасы
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының табиғаты және ауа-райының ерекшелігі
Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел
Сүт безінің анатомиясы және физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz