Туғаннан кейінгі эндометриттің таралуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринариялық медицина және биотехнология факультеті

Акушерлік және хирургия кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: АЛМАТЫ АЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА СИЫРЛАРДА ТУҒАННАН КЕЙІНГІ
ЭНДОМЕТРИТТІҢ ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ

Беттер саны 40
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 16
Қосымшалар 2

Орындаған: 051201-Ветеринариялық медицина мамандығының 503топ студенті
МЫРЗАХМЕТОВА ГҮЛАЙЫМ

2009ж. _____ ________________қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі в.ғ.д., профессор__________________ Жоланов М.Н.

(қолы)

Жетекші: в.ғ.д., аға оқытушы ___________________ Қойбағаров Қ.У.

(қолы)

Арнайы тарау кеңесшілері:
_______________________ _________ _________________________
(тарау)
(қолы)
(аты-жөні)

Рецензент ____________________
_________________________
(қолы)

(аты-жөні)

Алматы, 2009 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТКЕ 5
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1.1 Сиырдың туғаннан кейінгі эндометриті, оның таралуы және
аурудан келетін экономикалық шығын 5
1.2 Сиырдың туғаннан кейінгі эндометритінің этиологиясы және
патогенезі 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Туғаннан кейінгі эндометриттің алдын алу және емдеу үшін
простагландиндерді 15
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
2 ӨЗІНДІК 19
ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
2.1 Зерттеу материялдары мен 19
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2.2 Шаруашылыққа қысқаша 21
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
2.3 Туғаннан кейінгі эндометриттің 23
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Туғаннан кейінгі эндометриттің байқалу уақыты және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.5 Туғаннан кейінгі эндометриттің алдын алу және емдеу үшін Ф2
–а простагландинді және әртүрлі препараттарды қолданудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3 ЕҢБЕКТІ 36
ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
4 ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...37
... ... ... ... ... ... ... ... .
5 ШАРУАШЫЛЫҚҚА 38
ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
6 ҚОЛДАНЫЛҒАН 39
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
Қосымша
1 ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша
2 ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық саласының басты
мақсаты - ауыл шаруашылық өндірісін дамыту, мал санын арттыру, халқымызды
ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету, бәсекелестікке төтеп беретін
жетістіктерге жету болып табылады.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда жеткілікті азықты жинау, малды күтіп-
бағу, өсіру және азықтандыру, қарапайым да, тиімді технологияларды
шаруашылықтарға енгізу үлкен рөл атқарады.
Үлкен жетістіктерге жету үшін көптеген жұмыс атқарылуы қажет. Олардың
бірі дені сау мал өсіру және малды аурулардан қорғау. Бұл талаптар
ветеринар мамандарымен қадағаланады. Мал шаруашылығын дамыту, оның
өнімділігін арттыру және малдың денсаулығын сақтаудың бірден бір кепілі-
күнделікті қадағалау мен жоспарлы түрде мал басын арттыру немесе шаруашылық
жағдайында белгілі бір ережелерді жоспарлы түрде орындау.
Ауыл шаруашылық малдарын өндіруде ұрғашы малды және ұрғашы мал
биологиялық мүмкіндітерін пайдалану керек.
Бедеулік- мал шаруашылығының дамуы төмендеуіне өз үлесін қосады. Бұның
салдарынан мал өнімділігі төмендейді, яғни үлкен экономикалық шығын болуы
мүмкін.
Бедеуліктің алдын-алуда және оны жоюда ветеринарлық-санитарлық,
агрономиялық, зоотехникалық кешендік ұйымдастырулар жүргізіліп отырады.
Бедеуліктің себептерін оқып зерттеуге, оның алдын алу шараларын
құрастыруға көптеген ғалымдардың жұмыстары арналған (И.Н. Афанасьев, 1972;
Г.В. Зверева, СП. Хомин, 1976; В.С. Шипилов, 1977; А.А. Сыcоев, 1978; В.А.
Павлов, 1984; И.Н. Заянчковский, 1988;Н.И. Полянцев, Н.Г. Гасанов, 1988; B.
Werner, 2000).
Симптоматикалық бедеуліктің себептерінің арасында едәуір жиі
кезедсетіндері жатыр аурулары, демек оның қабынулары (J. Baert, 1984; А.Г.
Нежданов, Г.А. Черемисинов, 1992; Б.Д. Шевченко, 1993).
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе біз алдымызға екі мақсат қойдық:

Эндометриттің этиологиясы, патогенезі, диагностикасы, алдын алу және
оны емдеу әдістері жөнінде деректер көптеген ғалымдардың еңбектерңнде
кеңінен байқалады. (А.И. Пучковский, 1977; В. Радославов, Б. Казакова,
1978; H.J. Rummer, K. Eulenberger, 1981; В.А. Яблонский, В.В. Пригара,
1995; Г.А. Черемисинов, 1992, и др.). Соңғы кезедрі жаңа сұрақтар туындап
жүр-ол эндометрит қалыпты туған сиырлар арасында жиі кездеседі.
(А.И.Варганов, 1982; И.Я. Мюйрсеп и др., I993; А. Стоянов, 1999).

Бұл аурудың таралуы және себептері жөніндегі деректер Қазақстанда
жоқтың қасы.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып алдымызға мақсат қойдық:
-туу үдерісі қалыпты өткен сиырларда дамитын эндометриттің себептерін
зерттеу және оны емдеу, алдын алу әдістерін жетілдіру

Бұл мақсатты орында үшін келесі міндеттер қойдық:

Жетісу АШӨК шаруашылығында сиыр эндометритінің жиілігін анықтау.

Туғаннан кейінгі эндометритті емдеу және алдын алу үшін простагландин
F2 α тиімділігін анықтау және оны қолдану әдістерін жетілдіру.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. Сиырдың туғаннан кейінгі эндометриті, оның таралуы және аурудан келетін
экономикалық шығын
Сүт өндіру шаруашылығын дамыту жолындағы басты мәселелердің бірі
бедеулік. Басқа жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен салыстырғанда
бедеуліктен келетін экономикалық шығын өте жоғары (В.С. Шипилов, 1977; А.П.
Студенцов және т.б., 1986; А. Стоянов, 1999).
Сүт өндіру комплекстерінде сиырлардың бедеулігі 20-26% тіркелген және
көп жағдайда созылмалы түрде өтеді (В.А. Акатов т.б., 1972), нәтижесінде
малдың 24-27 % жарамсыздыққа шығарылады (Г.В. Зверьева, 1992).
Ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің аурулары көбінесе бедеулікке алып
келіп соқтырады.
Н.И. Полянцев, Н.Г. Гасанов, (1988) зерттеулері бойынша көбею
мүшелерінің ауруларының тіркелуі бедеу сиырларда 30-51% және құнажындарда
13-28% кездескен.
И.А. Бочаровтың (1966) зерттеуі бойынша жыныс мүшелерінің аурулары
бедеуліктің басты себебі емес деп көрсетіп, тек 6-10%-дан аспайды деп
зерттеген. А.И. Сергиенконың (1978) зерттеуі бойынша шаруашылықтағы сиырлар
мен құнажындардың бедеулігінің 17,4- 19,5% -ғана гинекологиялық аурулардан
болған деп көрсетеді. Сиырдың бедеулігінің дамуының негізін эндометриттер
алып отыр. Е.В. Ильинскийдің (1997) зерттеуі бойынша симптоматикалық
бедеуліктің әртүрлі сатыларын салыстырып қарағанда туғаннан кейінгі қабыну
процессінің ішінде алатын орны 60%-дан жоғары.
А.Ю. Тарасевич (1936), А.Д. Субботин (1974), И.Ф. Заянчковский (1988),
А.Г. Нежданов (1994) тіркеулері бойынша туғаннан кейінгі эндометирт
бедеуліктің басты себебі болып табылады.
Келтірілген әдеби мәліметтер бойынша гинекологиялық аурулар, жартылай
эндометриттер сиырдың бедеулігінің дамуына әкеп соқтырады.
Жатырдағы қабыну процессі жыныс жүйесінің басқа бөлімдерімен
салыстырып қарағанда тез дамиды. Эндометриттердің дамуы 22-25,6% (Г.В.
Зверьева, С.П. Хомин, 1976) және гинекологиялық аурулармен салыстырып
қарағанда 60-80% дейін жетуі мүмкін (А.И. Пучковский, 1977; Н.И. Полянцев,
Н.Г. Гасанов, 1988) және 30,3 -84% - туғаннан кейінгі аурулар (С.П. Хомин,
1991).
Америка құрама штаттарында эндометриттің кездесуі сиырларда 18% (R.
Smith, 1981), Латвияда және Белоруссияда 10-30% (Г.А. Черемисинов және
т.б., 1992). Черкасск облысында эндометритпен ауырған сиырлар саны өте
төмен (6,4%) екендігі белгіленген, ал Ростов облысында эндометритпен
ауырған мал саны 22% шыққан (Н.Г. Нежданов, 1994).
А.А. Осетровтың (1976) көрсетуі бойынша жаппай төлдеу кезінде
эндометритпен ауырған мал басы да көбейеді (20-46%). Осындай пікірге И.А.
Бочаров(1966), Н.И. Полянцев, Н.Г. Гасанов (1998) –та қосылады.
А. Стояновтың (1999) соңғы 6 жылғы санаққа сүйене отырып Болгарияда
50,8% сиырда туғаннан кейінгі эндометирт дамыған.
J. W. Ommink (2002) атап көрсеткендей кейбір шаруашылықтарда мал
төлдегеннен кейін 1-ші аптасында туғаннан кейінгі метриттер 60% -ға дейін
кездескен.
Д.Д. Логвинов және т.б. (1997) зерттеуі бойынша ірі сүт өндіру
кешендерінде туғаннан кейінгі эндометриттер (16,6%- 65,1%-ға дейін) кең
етек алған. Б.Д. Шевченконың зерттеуі бойынша (1993) Молдавиядағы сүт
кешендерінде бұзаулаған сиырларда туғаннан кейінгі эндометриттер (60-83,3%)
тіркелген.
20-30 жыл бұрыннан да белгілі осы эндометрит ауруының себебі шудың
түспей қалуынан, ол 30-34% -ды құрайды (И.Ф. Заянчковский, 1988; И.Я.
Мюирсепп т.б., 1993). Сиырларда шудың түспеуі қалуы 3-18% құрайды (Г.А.
Черемисинов, 1992) бірақ кейбір отарларда 60-80% дейін болуы мүмкін (В.А.
Яблонский, В.В.Пригора, 1995).
Патологиялық туу жағдайында акушерлік көмектен кейінгі сиырлардың
ауруы 76-100%-ға дейін кездеседі (А.И. Варганов, 1982), ал бұзаулаған
сиырлар санымен салыстырып қарағанда патологиялық туу 4,6-6,9% -ды құрады
(А.И. Полянцев, Н.Г. Гасанов, 1988), бірақ бірінші тума құнажындармен кешен
жағдайында ұсталған сиырлардың гиподинамикасы көрсетілген сандардан жоғары
болды 11-30% (Ю.Г. Казаев, Д.У. Жукенов, Ш.К. Калтаев, 1991).
Сиырларда эндометрит көбінесе іштастаудан кейін байқалады (42-68%).
Дегенмен инфекциялық аурулардан таза шаруашылықтарда бұл ауру 0,6-6,0% -ды
құрайды.
Әдебиеттерде көрсетілгендей эндометриттің дамуы қалыпты туу процесінен
кейін де дамиды.
Келтірілген әдебиеттермен, А.И. Варганов т.б. (1982) қалыпты
жағдайдағы туу процесінен кейін де (69-127 бас) сиырларда 4,7- 10,1%
эндометирт кездескен. Осындай көрсеткіштерді де Е.К. Меркурев (1992)
қалыпты жағдайда туған сиырларда да кездескен.
Д.Д. Логвиновтың және т.б. (1977), А.Стоянов (1999) берген
мәліметтерінде де қалыпты жағдайда туған сиырларда эндометрит 25-28,1%
кездескен. Эстонияда ірі сүт фермаларында ұсталынған сиырларда моционның
болмауы, жыл бойы буаздықты байлауда өткізген 1176 сиырдың -39,8%
метритпен ауырған (И.Я. Мюйрсепп т.б., 1993).
Соңғы он жылдықтағы Қазақстандағы әдебиеттерде туғаннан кейінгі
эндометритпен ауырған сиырлар туралы мәліметтер өте аз. Дегенмен де
шаруашылықтарда туғаннан кейінгі эндометрит өте көп және кең таралған ауру
болып отыр. Бұл малдың бедеулігіне әкеп соқтырады.
Жоғарыда келтірілген әдебиеттердің мәліметі бойынша эндометриттің
туындау себебі шудың түспей қалуынан, патологиялық туу кезінде акушерлік
көмектен, іш тастаудан болады деп көрсетеді.
Эндометритті өз уақтысында балауды және тиімді емдеу үшін аурудың
клиникалық көрінісін және өтуін білуіміз керек. Дегенмен (Г.В.
Зверьева,1992) ірі шаруашылықтардағы малдардың физиологиялық процестерін,
бедеуліктің этиологиясы, клиникалық көріністері өзгеріп отырады. Айтылған
мәліметтер туғаннан кейінгі іріңді- катаральды эндометритке де қатысты.
Ауырған сиырларды бақылауға алғанда ауру көбінесе симптомсыз басталады,
малдың жалпы жағдайы өзгермейді, дене температурасы, тамыр соғуы, тыныс
алуы, күйіс қайыруы физиологиялық нормада болады. Тек кейбір малдарда ауру
дене температурасының көтерілуімен, тыныс алуы және тамыр соғуы, тәбетінің
төмендеуі байқалады. Тік ішек арқылы зерттегенде жатырының ауырсынғаны
білінеді (И.А. Бочаров, 1966; А.И. Варганов, 1982; J.Baert, 1984).
Зерттеушілердің қатарынан (А.А. Сысоев, 1978; А.И. Варганов, 1982) туғаннан
кейінгі эндометритті жіті қабынбалы ауру деп көрсетеді, осы уақытта J.Baert
(1984) бақылауы бойынша метриттің жіті формасы кей жағдайларда ғана
кездескен.
И.Я. Мюйрсепттің т.б. (1993) көрсетуі бойынша туғаннан кейінгі
эндометритті балау кезінде гистологиялық зерттеулердің көрсетулері де
аурудың созылмалы екенін дәлелдеген.
Кейбір әдебиеттерде көрсетілгендей эндометриттер сиырдың көбею
жүйесіне әсер етеді Ю.А. Скрипицын т.б. (1961) мәлімдемесі бойынша 30-40 %
эндометритпен ауырған сиырларда ұзақ уақыт бедеулік байқалған.

1.2 Сиырдың туғаннан кейінгі эндометритінің этиологиясы және
патогенезі
Туғаннан кейінгі эндометриттің этиологиясы әртүрлі факторлармен
байланысты (Э.С. Бриль, 2002).
Жатырдың қабынуы – жұқпалы емес үдеріс, этиологиясы арнайы емес
микрофлораға жатады (А. Сомойлов, Р. Хабибулин, 1980; А.Д. Якунин, 1986).
Жатырдағы қабыну үдерісінің қоздырғыштарынының ішінде кең таралғаны
ішек таяқшалары, стрептококктар, стафилакокктар, диплококктар, протей,
псевдоманолар, саңырауқұлақтар және т.б. микроорганизмдер жатады (Н.И.
Полянцев, Н.Г. Гасанов, 1988; Г.А. Черемисинов, 1992; И.В. Ильинский, 1997;
А.Г. Нежданов, 1994).
Ерекше көңіл бөлетін жайт ірі сүт өндіру кешендері жағдайында
зоогигиеналық- санитарлық шаралар талапқа сай орындалмаған жағдайда,
әсіресе туу бқлімдерінде, санитарлық шаралар дұрыс ұйымдастырылмаса бұл
микрофлоралардың вируленттігі жатырдың қабыну кезінде басты роль атқарады
(В.В. Горячев, 1976).
Зерттеушілердің көрсетуі бойынша індеттің көзін екіге бөлуге болады:
эндогенді және экзогенді жолдары.
А.А. Сысоевтің (1978) зерттеуі бойынша патогенді микроорганизмдер
жатырға гематогенді және лимфогенді жолдармен де енеді, бактериялардың
жатырға гематогенді жолмен енуі кей жағдайларда асқазан – ішек жолдары
арқылы да енуі мүмкін (В.П. Завертяев, 1988) сонымен қатар жатырдағы
жасырын инфекция тікелей шарана суларына, қабықтарына және төлдің өзін де
зақымдайды (Д.Д. Логвинов және т.б., 1977).
Бактериялардың, саңырауқұлақтардың және олардың токсиндерінің жатырға
гематогенді ену жолын өзінің еңбектері бойынша Е.П. Кремлев те (1981)
келтіреді.
Буаздық кезінде А.А. Осетровтың мәліметі бойынша жатыр таза болады
дейді, J. Staffab (2000) материалында кейбір буаз малдың жатыры таза ал
кейбір малдардың жатыры таза болмай шыққан. Кейбір бірінші тума құнажындар
мен туған сиырларда ерекшеліктер болған. Д.Д. Логвинов және т.б.(1977)
айтуы бойынша қалыпты жағдайда өткен буаздықта құнажындардың жатырының
кілегейлі қабығы, амнион және аллантоис сулары таза болған, ал бірнеше
туған сиырлардың шарана суларында 74% жағдайда микроорганизмдер кездескен.
Буаздық кезіндегі жыныс жолдарының тазалығын А.А. Сысоевтің (1978)
мәліметі бойынша олар суалу кезеңінде негізінен таза болады және туардың
алдында бірнеше сиырдың қынабының каудальді бөлігінен кокктар табылды, ал
қынаптың краниальды бөлігінде және жатыр мойнында микробтар табылмады. Ал
А, Стояновтың мәліметі (1999) бойынша микрофлора қынапта және жатыр
мойнының каудальды бөлігінде кездескен. Жатырдағы және жыныс жолдарындағы
бактериялардың контаминациясы туу кезінде және туғаннан кейінгі кезеңде де
(И.Я. Мюйресепп және т.б.) клиникалық сау малдардың да жатырынан шартты
ауру тудыратын микроорганизмдерді де кездестіруге болады.
Бірнеше авторлардың көрсетуі бойынша жыныс жолдарының жаппай індетке
ұшырауы туу үдерісі кезіндегі ластанудан деп тұжырымдаса, ал жатырдың
микробтармен ластануы (микробтардың көбеюі) көбінесе ақырғы сатыға
байланысты дейді (С.П. Хомин, 1991).
И.Я. Мюрсепп және т.б. (1993) тәжірибелік мәліметтерінің негізіне
сүйене отырып былай дейді, жатырдағы микробтардың контаминациясы туғаннан
кейінгі кезеңде жүрмейтінін көрсетеді, яғни қоздырғыштың жатырға енуі туу
кезінде немесе туу кезеңінің алдында енуі мүмкін.
Жыныс жолдарының індеттенуі туғаннан кейін төсеніш арқылы, ауырған
малдан бөлінген эксудат арқылы да жұғуы мүмкін Б.Д. Шевченко (1993),
Д.У.Жукенов (1994).
Аталған ғалымдардың тіркеуі бойынша (А.И. Пучковский, 1977; Е.П.
Кремлев, 1981; Г.А. Черемисинов, 1992 және т.б.) эндометриттің дамуы және
жыныс жолдарының індеттену себебі малдың антисанитарлық жағдайда ұсталуы,
қолдан ұрықтандыру кезінде ластанған шәуетті және акушерлік құрал-
саймандар арқылы да енуі мүмкін.
И.Ф. Заянчковскийдің зерттеуі бойынша (1988) сау малдардың жыныс
жолдарында кездескен өзіне тән емес микрофлора қалыпты жағдайда
макроорганизмге ешқандай зиян келтірмейді. Бірақта жыныс жолдарындағы
микрофлораның белсенділігі немесе жатырға енген аз патогенді микробтардың
әсерінен кей жағдайларда эндомертиттің дамуы мүмкін (И.А. Бочаров, 1966).
Осындай шешімді Т.Ж. Абдрахмановта (2001) келтіреді, зерттеуі бойынша
жатырдағы бактериальды микрофлораның қынаптағы микрофлорадан айырмашылығы
жоқ екенін, ал сау малдың микрофлорасының ауру малдың микрофлорасынан
ешқандай айырмашылық жоқ.
М.Н. Жолановтың мәліметі бойынша (1992) туғаннан кейінгі
гинекологиялық ауру сиырлардың бактериялары сау малдармен салыстырғанда
айырмашылық жоқ деген пікірге келген.
Қалыпты жағдайда туған сиырлардың ауруының себебі жатыр субинволюциясы
болып табылады (М.Н. Жоланов, 1992; Д.У. Жүкенов, 1994; Т.Ж. Абдрахманов,
1998), 38,4 - 100% жағдайда іріңді-катаральды эндометритпен асқынады.
Аталған патология туғаннан кейінгі кезеңде азықтандырудың және белсенді
серуеннің болмауынан және бұл жиі кездеседі 25 -75% (И.А. Бочаров, 1966;
Н.И. Полянцев, Н.Г. Гасанов, 1988).
Эндометриттердің дамуының себебін көптеген зерттеушілер ерекше көңіл
бөліп қарағанда организмнің резистенттілігі буаздық және туғаннан кейінгі
кезеңнің, малдың күтіп –бағылуында, малды дұрыс азықтандырмаудан, моционның
болмауынан ағзадағы зат алмасу процесстерін бұзатын нәрселер және жыныс
мүшелерінің кілегейлі қабығының қарсы тұру қабілеті төмендейді (Г.В.
Зверьева, 1992; С.П. Хомин, 1991 т.б.). жоғарыда көрсетілген факторларды
айта отырып организмнің резистенттілігінің төмендеуі және эндометрияның
эпителиальды клеткаларының қарсы тұру қасиеттерінің төмендеуі, сиырдың
жатырының қабынуына әкеп соғады.
Табиғи резистенттілік – сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне ағзаның
қарсы тұру қабілеті. Резистенттілік организмнің физиологиялық жағдайы
сияқты, гормональды, вегетативті жүйке жүйесімен байланыстылығы бұл
үдерістердің барлығын орталық жүйке жүйесі басқарады (А.И. Пучковский,
1977).
Ең бір маңызды гуморальды факторлардың бірі қан сарысуының
бактерицидті белсенділігі, оның құрамына комплемент, пропердин, β-лизин,,
лизоцим және т.б. бактерицидті заттар, ал жасушалы факторлардың санына
фагоцитарлық белсенділік жатады.
Қан сарысуының бактерицидті белсенділігі туғаннан кейін төмендейді,
нейтрофильдердің фагоцитарлық белсенділігі М.Н. Жолановтың мәліметі бойынша
жоғарылайды, ал буаздық кезінде өзгереді. Ал туғаннан кейінгі кезеңде
гуморальды факторлардың ролі жоғарылайды және жасушалық иммунитет
төмендейді. Туу кезінде физиологиялық күштің әсерінен организмнің қарсы
тұру қабілеті және бейімделуі туу процесінен әлсірейді де, аурудың туындау
қаупі күшейеді (И. Жакупов, 2002).
(В.А. Яблонский, В.В. Пригара, 1995) көрсетулері бойынша туғаннан
кейінгі іріңді- катаральды эндометритпен ауырған сиырларда қан сарысуының
белсенділігі, сонымен қатар фагоцитарлық белсенділік және нейтрофильдердің
интенсивтілігі, лизоцимннің белсенділігі сау малдармен салыстырғанда жоғары
болған.
М.Н. Жолановтың (1998) зерттеуі бойынша сиырларда туғаннан кейінгі
кезеңдегі жағдай иммунологиялық реактивтілігіне тәуелді. Қалыпты жағдайдағы
туғаннан кейінгі кезеңде қанның бактерицидтік және аглютинациялық титрі
патологиялық туғаннан кейінгі кезеңмен салыстырғанда жоғары, сонымен қатар
лейкоцитердің фагоцитарлық белсенділігі артады. Алайда А.Д. Явушинге (1986)
бойынша эндометриттің клиникалық белгілері байқалған немесе жатыр
субинволюциясы байқалған сиырларды сау сиырлармен салыстырғанда қанның
бактерицидтік белсенділігі артады, ал лейкоциттердің фагоцитарлық саны және
олардың жұту қабілеті төмендейді. Д.И. Гудимова (1991), J.W. Qmmink (2002)
зерттеуі бойынша туғаннан кейінгі іріңді- катаральды эндометритпен ауырған
сиырларда қанның фагоцитарлық белсенділігі төмендейді.
Туу кезінде және патологиялық туар алдындағы гуморальды қарсы тұру
механизмінің төмендеуін А.Г. Нежданов та (1994) негіздейді, сол уақыттағы
сау малдарда да бактерицидтік белсенділік жоғарылайды және туғаннан кейін
бірті- бірте көтеріледі. Ал клиникаклық сау малдарда туғаннан кейінгі
кезеңнің 1-ші күнінде жатырдағы инволюциялық процестердің интенсивтілігі
кезінде лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігінің көрсеткіштері
жоғарылаған.
М.Н. Жолановтың мәліметі бойынша жыныс жолдарындағы әртүрлі
микроорганизмдерден организмнің иммунобиологиялық реактивтілігі төмендейді,
оның ішінде комплементарлық белсенділік төмендейді.
Организмнің табиғи резистенттілігінің төмендеуі қан сарысуының белогын
және оның фракцияларының құрамын өзгертеді (И. Жакупов, 2002).
Келтірілген әдебиеттер бойынша туғаннан кейінгі жатырдың қабынуында
организмнің гормональды статусының атқаратын ролінің маңызды еместігін
айтады. Қалыпты жағдайда туған, туғаннан кейінгі кезең және жатырдың
қабынуы кезіндегі стеройдты гормондардың ара қатынасы жайлы мүлдем
айтылмайды.
Стероидты гормондар жасушадағы химиялық процестерді реттеуші, зат
алмасу процессін және жүйелік әрекетінің негізін құрайтын осы стеройдты
гормондар, ал туғаннан кейінгі кезең патологиясында және буаздық кезінде
бұл процесстер бұзылып өзгереді (А.Г. Нежданов, 1994).
Буаздықтың дамуымен және малдың туар уақыты жақындаған сайын қандағы
эстрогендердің және эстрадиол – 17-β суммарлық концентрациясы артады, ал 6
сағат өткеннен кейін олардың саны төмендейді (А.Г. Нежданов, 1994). Малдың
туғанына байланысты жүйелі белсенділіг төмендейді және буаздықтың сары
денесі регрессияға ұшырайды (Н.Ф. Заянчковский, 1988), А.Г. Неждановта
(1994), С.П. Хомин бойынша 6-10 күн, туғанға 3 күн қалғанда қандағы
прогестеронның концентрациясы төмендейді, туғаннан кейінгі 12 сағат өткен
соң 0,3 нг мл-ді құрайды және туғаннан кейінгі кезеңнің 13-16-шы күнінде
осы деңгейде қалады.
Жолановтың мәліметі бойынша (1998) туғаннан кейінгі көбею функциясының
өзгеруінен буаздықтың соңғы сатысында прогестерон және эстрадиол деңгейі де
ауысады.
R.E. Erbatal (1993) мәліметінің көрсетуі бойынша туғаннан кейінгі
кезеңнің 1-13 күндерінде қанның плазмасында прогестерон концентрациясы
тұрақты және 7-8 нг мл –ді құрайды. Туғаннан кейінгі кезеңдегі сиырлардың
қанындағы гормон құрамы қабынбаған жатырдың өту кезеңінде зерттелген.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, туғанан кейінгі эндометриттің
этиопатогенезін зерттеген кезде стеройдты гормондарды соның ішінде
прогестерон мен эстрадиол – 17-β –ға зерттеу жүргізу керек.
Сиырдың көбею мүшелерінің жалпы аурулары Ю.Г. Казаев, Д.У. Жүкенов,
Ш.К. Қалтаев (1991) зерттеулері бойынша малдың бағып –күтілуі, азықтануы,
рацион құрамында макро-микро элементтердің минералды заттардың жетіспеуі
жатырдың тонусын төмендетеді. Туғаннан кейінгі кезеңнің кілегейлі қабығының
функциясының бұзылуына, қабыну процессінің дамуына әкеп соғады.
Кейбір зерттеушілер (G. Berger, 1986) зат алмасуының бұзылуы
метриттердің негізгі себебі, яғни эндокринді жүйемен зат алмасудың өзгеруі
табиғи иммунологиялық реакцияның өзгеруіне әкеп соғады.
А.Г. Неждановтың зерттеулерінің қорытындысы бойынша туғаннан кейінгі
кезең және туудың патологиясына жақын сиырларды, туу кезеңі мен туу
алдындағы уақытта қандағы кальций деңгейі жоғары болған, ал фосфордың
концентрациясы – сау малмен салыстырғанда төмен.
Туғаннан кейінгі метритпен ауырған сиырлардың қанының құрамындағы А
витамині және каротиннің бір –бірімен байланысы тууға 1 апта қалғанда
анықталған (J. Baer, 1984).
И.Я. Мюйрсепп және т.б. (1993) мәліметтері бойынша туу мезгілі
жатырдың қабынуына еш әсер етпейді, жаз мезгілінде қорада ұсталған ауырған
малдардың саны 31,6%, ал қалған жыл мезгіліндегі ауырған мал саны – 34,3%.
Жатырдың қабынуынан да басқа аурулар малдың күтіп –бағылуына тәуелді емес.
Қыс мезгілінде – қорада 36,2% сиыр ауырған , жаз мезгілінде – жайылымдықта
жүрген сиырларда 38,2%, байлауда – 44,2%, бос жүрген сиырларда - 38,4%.
М.Н. Жолановтың мәліметі бойынша (1992) эндометриттердің көп тіркелгені
қорада ұсталған жағдайда.
Акушерлік-гинекологиялық ауруларға төзімділігі тұқым қуалаушылықтың да
әсер ететіні туралы мәліметтер аз емес. Сиырлардың жоғары дәрежеде ұрықтану
бейімділігіне едәуір дәрежеде себепші болатын жағдай малдың
тұқымқуалаушылық қасиеттері (А.И.Сергиенко, 1978), нимфомания, гипоплазия
және жұмыртқалықтардың болмауы (Е.К.Меркурьев, 1992). Сиырлардың түсік
тастауға бейімділігін жоққа шығаруға болмайды (В.П. Завертяев, 1988).
Биелердің де әртүрлі эндометриттерге төзімділігі және бейімділігі жайлы
тіркелген мәліметтер бар (A.O. Aabuary at al, 1996).
1.3 Туғаннан кейінгі эндометриттің алдын алу және емдеу үшін
простагландиндерді қолдану
Туғаннан кейінгі эндометритті емдеу үшін көптеген дәрілер және әдістер
бар. Дегенменде (И.В. Ильинский, 1997) анықтауы бойынша туғаннан кейінгі
эндометритті емдеу үшін қолданған антибактериалды, фармокологиялық
препараттардың терапиялық, тиіміділігінің төмендеуін былай түсіндіреді,
антибиотиктерді өте кең және көрсетілуін кейде тиімсіз қолданғаннан
қоздырғыштардың штаммдарының резистенттілігінің пайда болуымен
түсіндіріледі. Антисептикалық заттардың мал өнімімен, сүтпен бөлінуі, тағам
өндірісінде, технологиялық өңдеуде жарамсыз болып қалуы мүмкін.
Зерттеушілердің зейінін соңғы уақытта простагландиндер соның ішінде Ф2-
a типіне көңіл бөлінді. Олардың көбею процесі үшін маңызды роль атқарады,
соның ішінде жатыр мен жұмыртқалықтың қызметін реттейді. Простагландин Ф2-a
(ПГФ2-a) және оның синтетикалық аналогы (клопрестенол) арнайы
лютеолитикалық қасиетке ие, жыныс жүйесінің және жатырдың жиырылғыштығын
күшейтеді, жұмсақ бұлшық еттердің тонусын көтереді (J.F. Roch,1998; W.Y.
Chan, 1999).
Сиырдың пиометрасын емдеу кезінде ПГФ2-a тиімділігі жоғары болғандығы
тіркелген (Д.У. Жүкенов, М.Н. Жоланов, 1993). Жатыр ішіне препаратты 1-2
рет қолданғанда 86-100% малдың жатыр қуысы тазаланған, клиникалық сауығуы
88,2% жазылды. Буаздық 66-87,7% сиырда болды соның ішінде 31,0- 38,4% 1-
реткі ұрықтандырудан 9,3-13,6% жағдайда пиометраның қайталануы байқалды.
Көбінесе сиырлардың сауығуы 10 күнде болды.
М.Н. Жолановтың зерттеуінің қорытындысы бойынша (1999) туғаннан
кейінгі эндометриттен ауырған 66 сиырға динопроста препаратын (ПГФ2-a
препаратын) бұлшық етке күніне 1 реттен 25 мг мөлшерде қолданғанда 46 (81%)
сиырдың сауыққаны туралы айтады, 88,1% - 16 күннен кейін клиникалық
сауыққан, 23,6 %- 1 аптадан кейін, 43,6%- 2 аптадан кейін, 9,1% -3-4
аптада, 6,4%- 6 аптада жазылған. Емделуі күні орташа есеппен алғанда
туғаннан кейін 24 күн.
B. Werner (2000) мәліметі бойынша туғаннан кейінгі эндометритпен
ауырған 199 сиырға клопрестенолды бұлшық етке 2 мл- күніне 1- реттен
қолданғанда 184 (92,6%) сиырдың сауыққаны, оның ішінде 78% буаз болды.
Сауыққан сиырлардың жағдайы емделуге дейінгі жұмыртқалықтың жағдайына, сары
дененің бар жоғына байланысты болған жоқ.
Э. Е. Брилдің (2002) қорытындысы бойынша эндометритпен ауырған сиырдың
клиникалық сауығуы 80-90 %-ды орташа есеппен 16-20 күнде, ал ұрықтануы 68-
86 күн дегенде, ұрықтану индексі 1,5-1,7.
Д.Н. Үсенов (2003) туғаннан кейінгі жатырдың қабынуында ПГФ2-a-ны
жатыр ішіне 1 реттен қолданғанда, 14 күнде сауыққаны 64,9 %, 44,1 %- 7
күннің ішінде жұмыртқалықтарда сары дене бар сиырлардың 66% 2 аптада
жазылды, ал жұмыртқалықтарда сары дене жоқ сиырлардың 61,2% жазылды. Ал
жатырдың тонусын және ішіндегі экссудаттан тазаруын препаратты еккеннен
кейін 3 сағат өткенде байқалды, 24 сағат өткенде 74,9% малдың жатырының
жиырылуы байқалды. Ас жақсы нәтиже ПГФ2-a-ны антибиотиктермен кешенді
пайдаланғанда байқалды.
Егер ПГФ2-a антибактериалды препараттармен кешенді пайдаланып
емдегенде тиімділігі 12% көтеріліпі, ал ұрықтануы орташа есеппен 20 күн
бұрын туындайды (И.В. Ильинский, 1997).
М.Н. Жолановтың (1992) материалы бойынша эндометритпен ауырған
сиырларға простагландиндерді қолданғанда 1 уақыт ішінде жатыр ішіне
йодвисмутсульфамидті эмульсияны енгізу окситоцин мен синестролды салыстырып
қарағанда бұлшық етке егетін дәрілерді біршама қысқартады.
Г.А. Черемисинов (1992)сиырлардың эндометритпен немесе жатыр
субинволюциясын емдеу кезінде эстрофанды бұлшық етке 0,8 мг және бір
уақытта кешенді эндометрит, патогенетикалық және симптоматикалық терапия
ретінде қолданғанды ұсынады.
Эндометритті емдеу үшін Ресей өндірген эстуфаланды ПГФ2-a препаратын
қолданғаны жайлы мәліметтер өте аз (Г.А. Черемисинов, 1992) және де жоқтың
қасы.
ПГФ2-a әдетте бұлшық етке салады, ал кейбір зерттеушілердің (H. Zoly,
2000; J. Podrapang, 2000) ПГФ2-a препаратын қынап кіреберісінің кілегейлі
қабатының астына қолданып көргенде жақсы нәтижелер берген. Малдың күйін
шақыру үшін бұлшық етке осы дозада енгізіп көргенде тиімділігі анықталған
жоқ (Д.Н. Үсенов, 2003).
Әдебиеттерде келтірілген әртүрлі препараттарды қолдану негізінен
жатырдың тонусын күшейту, малдың бедеулігінің алдын алу, туғаннан кейінгі
асқынудың алдын алу үшін бағытталған.
Кейбір ғалымдар (В.В. Воронин және т.б., 1988; Г.А. Черемисинов, 1992)
анықтауы бойынша туғаннан кейінгі нейрогормональды препараттарды қайталап
немесе 48 сағат өткеннен кейін енгізгеннен соң туғанан кейінгі асқыну
ауруларының алдын алады (қабынулар, жатыр субинволюциясы). Басқа
зерттеушілер (J. Baert, 1984; И.Я. Мюйрсепп т.б., 1993; А.Г. Нежданов,
1994) туғаннан кейінгі миотропты препараттарды парентеральды енгізгенде
жатырдың жиырылуына және туғаннан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін еш
тиімділігі болған жоқ.
В.А. Яблонский, В.В. Григора (1995), G. Berger (1986), туғаннан
кейінгі асқынулардың алдын алу үшін эстофанды 1- реттен бұлшық етке (2 мл
дозада) туғаннан кейін 1-2 күннен кейін енгізген.
Г.А. Черемисинов және т.б. (1992) зерттеушілердің қорытындысы
бойынша туғаннан кейінгі жатырдың субинволюциясына және эндометритке малдың
туғаннан кейін 6-24 сағат өткен соң эстрофанды немесе эстуфаланды (2 мл
дозада) окситоцинмен бірге (8-10 ӘБ 100 кг тірі салмаққа) бұлшық етіне
еккенде тиімді әсер берген. Окситоцинді осы дозада 4-6 сағат өткен соң
қайталаған сиырлардың аурудан сауығуы 37,6% -ға төмендеген, ал сиырлардың
ұрықтануы 21,1% -ға және бедеулік күні 22,2 күнге қысқарған.
Келтірілген әдеби шолулардың көрсетуі бойынша соңғы уақытта жатырдың
қабынуында простагландин Ф2 – а және оның синтетикалық аналогтарын
қолданған. Бірақ бұл препараттың әсер ету механизмі және тиімділігі жайлы
мәліметтер салыстырмалы түрде аз. Көбінесе бұл Ресейде өндірілетін
препарат. Сонымен қатар ПГФ2-a препаратымен жатырдың қабынуын емдегенде
және алдын алу шараларына қолданғанда (А.И. Пучковский, 1977; И.В.
Ильиский,1997) бұл препараттың тиімділігі жұмыртқалықтың және препараттың
лютеолитикалық әсеріне байланысты деп көрсетеді. Ал кейбір авторлар бұл
көзқарасқа қарсы (А.И. Сергиенко, 1978; А.Стоянов, 1999; Д.Н. Үсенов,
2003).
Осыған орай біз әдеби шолуда ПГФ2-a препаратын сиырдың жатырының
қабынуын емдеу барысында қолданғандағы тиімділігі туралы мәліметтерді
кездестірген жоқпыз. Сондықтан біз бұл сұрақтың өзекті және зерттеуді әрі
қарай жалғастыруды дұрыс деп таптық.

2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 Зерттеу материялдары мен әдістері
Жұмыс 2007-2008 Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жетісу ауыл
шаруашылық өндірістік кооперативінде (АШӨК) жүргізілді.
Шаруашылықта 483 бас алатау асылтұқымды ірі қара өсіріледі. Оның
ішінде 311 сауын сиыр қалғандары бұзау, тайынша, бұқалар. Сауын сиырдың
жылдық сауымы 3000 кг сүтті құрайды. Бұзаулауы арнайы туу бөлімдерінде
жүргізіліп, 10 күн тұрады.
Алға қойылған тапсырмаларды орындау үшін акушерлік, гинекологиялық
зерттеу жүргізілді. Акушерлік және гинекологиялық аурулар оның ішінде
жатырдың қабынуларының таралуын зерттеуге 2006-2008 жылдар аралығындағы
материалдар алынды. Гинекологиялық аурулардың тіркелуін шаруашылықтағы
арнайы мал дәрігерлері жүргізеді. Сиырларда әртүрлі гинекологиялық аурулар
(қынаптың аурулары, жатыр мойны, жатыр, жұмыртқалықтың, жатыр түтігінің
және жатырдың қабынуы) тіркелді.
Қалыпты жағдайда туған сиырлардан бөлінген бөліндінің түр түсін
анықтадық. Жыныс мүшелерінің жағдайын анықтау үшін туғаннан кейін 7-12 және
21-30 күндері 2 қайтара зерттедік. Қынап арқылы зерттеу кезінде жыныс
мүшелерінің кілегейлі қабығының жағдайын (түр, түсін) жатыр мойнын, одан
бөлінген бөліндіні зерттедік. Тік ішек арқылы зерттегенде жатырға пальпация
жасап, оның көлемін, консистенциясын және жиырылғыштық қасиетін зертедік.
Бақылауда 124 қалыпты туған сиырлар, 110 сиыр қысқы-көктемгі, 77 сиыр жазғы-
күзгі уақытта туған. Зерттеу барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы катаралді эндометритті балау
Шудың түспей қалуының алдын алу және емдеу
Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу
Жіті эндометрит
Жатыр аурулары
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабынумен өтетін аурулар
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ
Сиырлардың жасырын эндометритін диагностикалаудың заманауи әдістері
Созылмалы эндометрит туралы
Сиырларда жатыр инволюциясының ұзақтығы
Пәндер