Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының этнографиясы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының этнографиясы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050208 - «Археология және этнология»
Қызылорда 2012
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
с. ғ. к., доцент Е. М. Fабитов
«»2012 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының этнографиясы»
050208 - «Археология және этнология»
(ЖОО атауы)
ФакультетКафедра
Мамандығы
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
«»2012ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА
ТАПСЫРМА
Студент
(Студенттің аты жөні)
1. Дипломдық жұмыс тақырыбы
Университет бойынша № «»20___ж. бұйрығымен бекітілген
2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі
3. Жұмыстың бастапқы мәліметтері
4. Дипломдық жұмыста қарастырылуы тиіс мәселелердің тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны
а) б) в)
5. Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жұмыстың бөлімдерін көрсете отырып дипломдық жұмыстың кеңесшілері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ
КЕСТЕСІ
Тапсырманы беру мерзімі
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (қолтаңбаның ашылып жазылуы)
Жұмыстың жетекшісі
(қолы) (қолтаңбаның ашылып жазылуы)
Тапсырманы орындауға
қабылдаған студент
(қолы) (қолтаңбаның ашылып жазылуы)
МАЗМҰНЫ
1 ҚАЗАҚСТАНДЫ МЕКЕНДЕГЕН БАЙЫРҒЫ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАРУ-ЖАРАҒЫ
1. 1 Сақтардың қару-жарағы (б. з. дейінгі VIII-III ғғ. ) .
1. 2 Ғұн-сарматтардың қару-жарағы (б. з. дейінгі ІІ - б. 3. V rғ)
1. 3 Түркілердің қару-жарағы (VI-VIII ғғ. )
1. 4. Қимақ-қыпшақтардың қару-жарағы (IX-XIV ғғ. )
9
9
15
20
23
2 ҚАРУ-ЖАРАҚ АТАУЛАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕТАНЫМ КӨРІНІСІ
2. 1. Әскери құралдардың жалпы атауларының қолданысқа және этномәдени қызметіне байланысты жіктелуі
2. 2. Қару-жарақ бөліктері атауларының мифологиялық мәні
30
30
32
3 ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАРУ-ЖАРАҒЫ
3. 1. Қазақтың жауынгерлік қару-жарақты жүйелеу дәстүрі
3. 2. Ер қаруының түрлері мен типтері
3. 3 Қорғаныс жарақтарының түрлері мен типтері
41
41
45
57
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми жұмыста Қазақстанды мекендеген байырғы және орта ғасырлық көшпелі халықтардың қару-жарақтары, қару-жарақ атаулары жүйесі және ондағы ежелгі дүниетаным көрінісі сондай-ақ қазақтың жауынгерлік қару-жарақты жүйелеу дәстүрі қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. Тарих бетінен жоғалып кету қаупі бір сәт толастамаған қиын-қыстау кезеңдерде ата-бабаларымыздың күнделікті қарекеті де, тұрмыс салты да Отанын, елін, жерін қорғауға бағындырылған. Жауынгерлік және ерлік тәлім-тәрбие мұрасының тарихы алыс ғасырлар қойнауынан басталатыны сөзсіз. Халқымыз жауынгерлік қаруларға, әскери атауларға аса құрметпен қараған. Мұздай қару құрсанып, бес қаруын бойына асынған ерлердің есімдерін ұранға айналдырып, олар ұстаған қару-жарақты ұрпағына мұраға қалдырып отырған. «Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» деген мақалдар жеңістің қалай келгенін түсіндіреді. Жігіттің қан майданда жеңіске жетуі, көп жағдайда, екі нәрсеге: астындағы тұлпары мен үстіндегі сауыты, қару-жарағына байланысты екені белгілі. Халқымыз бұл ойды «ер қанаты - ат», «ер қуаты - қаруы» деп тұжырымдаған.
Еліміздің тәуелсіздік алуымен қазақтың өткен тарихына, әскери өнерінің, қару-жарағының тарихына деген қызығушылық арта түсуде. Бірақ бүгінде қазақтың дәстүрлі жауынгерлік қару-жарағы туралы жазылған еңбектерде, басылымдарда көптеген жаңсақтықтар мен шатастырулар, қате пікірлер мен түсініктер кездеседі. Бұл - қазақтың дәстүрлі қару-жарағының осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан тиянақты зерттелмей келгенінің салдары.
Диплом жұмысында қазақтардың көне заманнан келе жатқан тек дәстүрлі суық қаруы, ату қаруы және қорғаныс жарақтары ғана қарастырылады. Ал от қаруы әскери қарудың жаңа жүйесін құрайтындықтан және өзіндік ерекшелігіне байланысты әскери істе жауынгерлік қаруды қолданудың жаңа сатысы болғандықтан, басқа зерттеудің тақырыбы ретінде бұл ғылыми жұмыста қарастырылмаған.
Дәстүрлі қару-жарақ - ұлттық мәдениеттің ерекше феномені. Халықтың дәстүрлі түсінігінде қару-жарақ тек соғыс құралы ғана емес, қару-жарақтың 6aрлық түрі этностың өмірі динамикасының айырылмас элементі, олар өздерінің түрлі тұрмыстық және әлеуметтік функциялары арқылы этностың өмір сүру процесіне кіріккен. Қазақ халқының қару-жарағын қазақтың дәстүрлі халықтық мәдениетінің контексінде қарастырып, этнографиялық болмыстың басқа құрамдас злемeнттерімен генетикалық, семантикалық, құрылымдық және функционалдық байланыстары мен қатынастардың түтастығында қарастыру ғана этникалық мәдениеттің маңызды бір компоненті болған қару-жарақтың шынайы мағынасын аша алады
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ халқының қару-жарағына қатысты алғашқы этнографиялық мәліметтер XVIII-XIX ғасырларда әр түрлі мақсаттармен қазақстанда болып, қазақтың тұрмыс салтын зерттеген орыс және еуропа зерттеушілері Т. В. Аткинсонның, П. С. Палластың, И. Г. Георгидің, И. П. Фальктің [1], Дж. Кэстльдің [2], П. И. Рычковтың, В. В. Радловтың [3], А. И. Левшиннің [4], С. Б. Броневскийдің [5] және т. б. еңбектерінде жинақталды, бірақ бұл авторлар көбіне қазақтар қолданған қару-жарақ түрлерін жалпы сипаттаумен ғана шектелді.
Қазақ қаруын шын мәнісінде кешенді тұрғыдан алғашқы зерттеушілердің бірі қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов болатын. Оның еңбектерінде XVIII ХІХ ғғ. қазақтың суық және от қаруының түрлері, олардың типтері, жасалу технологиясы, қазақ тіліндегі дәстүрлі кәсіби атаулары, олардың қолданылуы, қазақ халқының қару-жарақпен байланысты салттары, ырымдары туралы мәселелер көтерілді, сонымен бірге олардың бітімін, сыртқы ерекшелігін көрсететін, сол кездегі қолданыста болған нұсқалардан тікелей салынған суреттері де берілді. Өкінішке орай бұл мәселелердің көпшілігінің зерттелуі ғылымда өз жалғасын таппай, қазақ қару-жарағы тек бір аспектіде ғана, тек бір бағытта ғана, атап айтқанда әскери істің бір бөлігі ретінде ғана қарастырылып келді. Тіпті этнографиялық сипаттағы еңбектерде де қару-жарақ тек соғыс құралы функциясы тұрғысынан ғана зерттелді.
Қазақстандық тарихнамада тікелей қазақтың XVII-XIX ғғ. қару-жарағына қатысты мәселелер ең алғаш рет 1969 жылы шыққан Г. И. Семенюктің еңбегінде қарастырылды, бірақ онда қазақ қару-жарағының жекелеген түрлері ғана қысқаша сипатталды [6] . Бұл жылдары шыққан елеулі еңбек ретінде Санкт-Петербұрг қаласындағы Антропология және этнография музейінің (МАЭ) қорындағы қазақ қаруларының үлгілерін зерттеген В. П. Курылевтың еңбегін айтуға болады [7] . Ол аталған музей колллекциясындағы қазақ қару-жарағының түрлеріне типологиялық талдау жасап, жасалу әдістерін зерттеп, найзаның, жақтың, оқтың көшпелі халықтар мәдениетіндегі ғұрыптық және символдық мәні туралы да сөз қозғады.
Соңғы уақытта шыққан қазақстандық ғалымдардың Қазақстан тарихы, қазақтың әскери өнері тарихына қатысты еңбектерінде де қару жараққа қатысты проблемалар қарастырылады. Бұл бағыттағы соңғы жылдары шыққан кең көлемді зерттеулердің ішінде А. Тасболатовтың, Қ. Р. Аманжоловтың [8], А. Ш. Қадырбаевтың [9], Т. К. Алланиязовтың [10], Ш. Қартаеваның [11], А. К. Көшкімбаевтың [12] еңбектерін атауға болады. Бірақ бұл аталған еңбектерде қазақ қару-жарағы қазақ халқының әскери ісі мәселелерінің шеңберінде ғана қарастырылып, осыған орай олардың кейбір түрлерінің қалыптасу тарихы, қолданылу ерекшелігі ғана қамтылған.
Қазақ халқының қолөнерін зерттеуге арналған Ә. Х. Марғұланның [228], Х. Арғынбаевтың [13], Т. К. Басеновтың [14], С. Қасимановтың [15], Р. Н. Шойбековтың [16] енбектерінде қолөнер түрлерінін әдістерімен жасалған заттар ретінде каэақтын қару-жарақтының да жекелеген түрлерінің жасалу технологиясы, көркемдеу тәсілдері зерттеліп, оларға қатысты халықтық атау-терминдер айтылады.
ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап Еуразиялық көшпелілердің әскери ісі мен қару-жарағын зерттеуге арналған еңбектер көптеп жариялана бастады. Орыс авторлары Е. В. Черненконың [17], А. И. Мелюкованың [18], К. Ф. Смирновтың [19], А. М. Хазановтың [20] және т. б. ғалымдардың еңбектерінде археологиялық материалдардың негізінде скиф, сарматтардың қару-жарағы біраз тереңделіп зерттелсе, Сібірді мекен еткен түркі халықтарының орта ғасырдағы қаруы, қорғаныс жарақтары мен соғыс өнері туралы Ю. С. Худяковтың [21], А. И. Соловьевтың [22] және т. б зерттеушілердің еңбектері басылып шықты. Көшпелі халықтардың қару-жарағын соңғы уақыттағы зерттеушілердің ішінде М. В. Горелик еңбектерін ерекше атап өту керек [23] .
Қазақтың қару-жарағының қазақ этносының діни дүниетанымымен байланысын арқау еткен тікелей зерттеу жоқ. Бірақ көшпелі халықтарда қаруға табыну өте ертеден келе жатқан діни жосын-жоралардың бірі болғандықтан, сақтардың, скифтердің әскери және қару культтары С. С. Бессонованың [24], Д. С. Раевскийдің [25], А. К. Акишевтің [26] және т. б. еңбектерінде зерттелген. Қазақтардың діни ғұрып-салттары, тыйымдары, ырым-жораларына арналған Ә. Т. Төлеубаевтің [27], Қ. Ахметжанның [28] еңбектерінде тіршілік циклі салттарындағы қару-жарақтың да магиялық-ғұрыптық қолданысы айтылады. Этностың тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін зерттеуге арналған Н. Әлімбайдың еңбегі этникалық мәдениеттің бір компоненті ретінде қару-жарақтың этномәдени қызметін парықтауға көмектеседі.
Қазақ батырларының қару-жарағын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеген Ә. Қaйдаровтың [29] еңбектерінде қазақ тіліндегі қару-жарақ атауларының қалыптасуы, ерекшеліктері, семантикасы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қазақтың қару-жарақтарының түрлері, қолдану аясы, дамуындағы ерекшеліктерді айқындау болып табылады. Зерттеу жұмысында осы мақсаттан туындайтын келесі міндеттер алға қойылды:
- Қазақстанды мекендеген байырғы және орта ғасырлық көшпелі халықтардың қолданған қару-жарақтарын айқындау; -
- Әскери құралдардың жалпы атауларының қолданысқа және этномәдени қызметін анықтау;
- Қазақтың жауынгерлік қару-жарақты жүйелеу дәстүрін айқындау;
- Қару-жарақтардың түрлері мен типтерін анықтау.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Ерте дәуірден бастап ХХ ғасырға дейін қазақтар қолданып келген қару-жарақтардың этнографиясы
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысы әр түрлі сипаттағы деректемелерін, қазақ қару-жарағын көп жылғы зерттеудің нәтижелері негізінде жазылды. Қазақ қару-жарағын зерттеуде негізгі материалдар
Кеңінен қолданылған дереккөздері ретінде араб, парсы, түркі тілді ортағасырлық шығыс авторлары - Махмұт Қашкаридің, Рашид-ад-диннің, Жүсіп Баласағұнның шығармаларын, Жошы ұлысы, Алтын орда, Әбілхайыр хандығы заманынан мәліметтер беретін ортағасырлық шығыс жазба тарихи шығармаларының аударылған жинақтарын, әсіресе қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы кезеңіне қатысты мол мағлұмат беретін Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Захир ад-дин Бабырдың, Фазлаллах ибн Рузбиханның, Әбілғазының, Қадырғали Жалайридың, Құрбанғали Халидұлының еңбектерін атауға болады.
Қару-жарақ туралы көп мәлімет беретін басты дереккөздерінің бір тобы казақтын және басқа түркі халықғарының халық ауыз әдебиеті және фольклорлық материалдары. Қазақ қару-жарағы туралы мол мағлұмат беретін ауыз әдебиетінің басты үлгісі - қазақтың қаһармандық эпосы. Қаһармандық эпостардың басты кейіпкері - батырлар, тақырыбы - олардың жауынгерлік өмірі мен ерліктері болғандықтан, бастауын қыпшақ-оғыз заманынан алатын «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр» эпостарында, Алтын Орда дәуірі мен Ноғайлы заманында туған «Тоқтамыс», «Ер Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Тарғын» қиссаларында, қазақ-жоңғар соғысы кезін жырлайтын «Абылай хан», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр» және т. б. дастандар мен тарихи жырларда қару-жараққа қатысты деректердің мол кездесетіні заңдылық.
Қазақтың қару-жарағын зерттеуге дереккөзі болатын ауыз әдебиетінің қомақты тобы - жыраулар поэзиясы. Жыраулар өнері өздерін тудырған әлеуметтік жік пен кәсіби әскерилер болған батырлар әлеуметтік жігімен тікелей байланысты болды. Әскери лексика жыраулардың поэтикалық тілінің негізгі көркемдік құралы болғандықтан осы күні ұмыт болған қару-жараққа қатысты көптеген атауларды, ұғым-түсініктерді солардың туындыларынан табамыз.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мәселенің кешенді түрде зерттелуі. Диплом жұмысында этникалық мәдениеттің компоненті ретінде қару жарақтың дәстүрлі қоғамдағы түрлі қызметі, қару-жарақты этностың дәстүрлі дүниетанымының көрініс табуы, қару-жарақ жасау ісінің ғұрыптық аспектілері қарастырылады. Қазақтардың қару-жарақ түрлерін жіктеудің қалыптасқан дәстүрлі жүйесі көрсетіліп, бұл жүйелеудің басты прициптері ашылып, қазақ қару-жарақтарының негізгі типтері мен үлгілері айқындалды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі тарихилық, жүйелік, салыстырмалық және талдау сияқты ғылыми таным принциптеріне сүйеніп құрылған. Осы әдістерге байланысты жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық тұрғыда үйлесімді болуы басты назарда ұсталды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.
Зерттеу нәтижесі бойынша төмендегідей тұжырымдар қорғауға ұсынылады:
- қару-жарақ - дара ерлік сипаттарымен танылуы үшін ерекше қызмет атқаратын детальдардың бірі;
- қару-жарақтар заман талабына сай өзгерістерге ұшырап отырған;
- қару-жарақтар қазақтардың наным-сенімдерінде ерекше рөлге ие болды;
- қазақтың қарулары мен жарақтары соғыс тактикасына байланысты бірнеше түрлерге бөлініп тұрған.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАНДЫ МЕКЕНДЕГЕН БАЙЫРҒЫ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАРУ-ЖАРАҒЫ
Сақтардың қару-жарағы (б. з. дейінгі VIII-III ғғ. ) .
Қазақ этносының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі болатын дәстүрлі жауынгерлік қару-жарағының даму тарихы бірнеше мың жылдықты қамтиды. Қазақ қару-жарағының барлық түрлері, олардың формалары, конструктивтік ерекшелігі, типтік құрамы осы дамудың нәтижесінде қалыптасты және оның дамуына қазақстан территориясын әр кездерде мекен еткен көшпелі тайпалар мен халықтардың барлығыиың қосқан өз үлестері бар.
Қару-жарақтың пайда болуы мен оның қолданылу тарихы өте ертеден басталғанымен, Қазақстан территориясын мекен еткен халықтардың қаружарағында тек көшпелі халықтарға тән сипат б. з. дейінгі І-мыңжылдықта ғана қалыптаса бастады. Себебі б. з. дейінгі І мыңжылдықтың басынан Еуразия даласында мекен еткен байырғы тұрғындары шаруашылық әрекеттің жаңа формасына экстеисивті мал шаруашылығына көшуімен оларда мәдени-шаруашылық типінің жаңа формасы пайда болды. Қазақстан территориясында және басқа далалық аймақтарда шаруашылық әрекеттің жаңа түрі - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Көшпелі мал шаруашылығына ауысу дала мен шөлейтті мекен еткен байырғы тайпалардың өміріндегі ірі экономикалық прогресс болатын, осының нәтижесінде әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосқан көшпелілер өркениетінің негізі қалыптасты. Бұл кезеңде темір металлургиясын игеру де Евразияны мекен еткен тайпаларды мәдени дамудың жаңа сатысына көтерді [12, с. 53 ] . Қазақ этносы көшпелі өмір салтын ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі болғандықтан қазақ қару-жарағының эволюциясына тарихи шолуды біз осы межелі кезеңнен - б. з. дейінгі І мыңжылдықтан бастаймыз.
Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Қазақстанның оңтүстігін, оңтүстік батысын, Арал-Каспий даласын көне жазба деректерде парсылар «сақ /сақа», ал антикалық авторлар «азиаттық скифтер» деп ортақ атпен атаған, саны қалың, мәдениеті біркелкі, тілі туыстас көптеген тайпалар (массагеттер, исседондар, аримаспалар, дахи-даилар) мекен етті. Олардың тіршілік кеңістігі қазақстанды ғана емес, Орта Азияны, Сібірді, Алтайды да қамтыды.
Түрлі дереккөздері, археологиялық материалдар сақтардың әскери ісінің деңгейі, жауынгерлік өнері биік дәрежеде болғанын көрсетеді. Сақтардың жеке жауынгерлік қару-жарақ комплексі алыс қашықтықта, орта қашықтықта және қолға ұстап қорғанатын корғаныс жарағынан тұрды. Шабуыл құралдары жиынтығына - жақ пен оқ, қанжар, қысқа семсер акинак, ұзын семсер, найза, екі басты жауынгерлік балта, ал қорғаныс жарағы жиынтығына - денеге киілетін сауыт, жауынгерлік бас киім, қолды, аяқты қорғайтын жабдықтар кірген. Сақтардың қару-жарақ жасаушы шеберлері осы айтылған әскери шабуыл және қорғаныс құралдардың әскери қажеттілікке сай келетін бірнеше түрлері мен үлгілерін жасаған.
Қазақстан территориясында табылған көне металлургия орындары, түсті және қара металдар кеніштері бұл кезеңде металлургияның жақсы дамығанын дәлелдейді. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Маңғыстауда, Мұғаджар тауларында мыс кенінің орындары кездессе, Орталық Қазақстанда мыс кеніштері Балқаш бойы, Баянауыл, Қаркаралы, Жезқазған және Ұлытау маңында болған, Есіл өзенінің бойында, Көкшетауда қалайы өндірілген, ал Степняк, Бестөбе, Жосалыдағы кеніштерден алтын алынған [28, 19-б. ] . Мыстың негізінде, оған компонент ретінде қалайы, мышьяк, қорғасын, күміс, мырыш қоспаларын қосу арқылы 'Қола мен жез алынды. Ғалымдардың металлографиялық зерттеулері Қазақстан территориясында археологиялық қазбаларда табылған сақ-сармат тайпаларының қарулары мен сауыттары мыс пен оның әр түрлі қоспаларынан жасалғанын көрсетті [28, 15-б. ] . Сақ заманы қола индустриясының гүлденген кезеңі болатын, археологиялық қазбаларда табылған материалдар сақтарда қоладан көркемдеп құю өнерінің деңгейі өте биік болғанын куәлайды. Алтын соғуға, құюға, бедерлеуге және т. б. жолдармен өңдеуге оңай, сонымен бірге коррозияға берілмейтін, өз түрін, қасиетін тұрақты сақтайтын материал ретінде қару-жарақтың әшекей элементтерін жасауға қолданылды.
Дайындалу әдістері тұрғысынан сараласақ, қару жасаүшы шеберлер қаружарақты дайындауда құю, соғу, қалыптау, баспалау сияқты негізгі техникалық әдістерді қолданған. Сол кездердегі қола, алтын заттар тас, металл немесе балауыз формалардан қүйылып жасалды. Археологиялық материалдар сақтарда алтын заттарды сірке салу және жалған сіркелеу әдісісімен көркемдеу де б. з. дейінгі V ғасырда-ақ кең игерілгенін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz