Антика әдебиеті желілерінің қазақ әдебиетінде көрініс табуы


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘӨЖ 821. 512. 122 Қолжазба құқығында
МҰРАТБЕК МҰБАРАҚХАНҰЛЫ ИМАНҒАЗИНОВ
Антика әдебиеті желілерінің қазақ әдебиетінде
көрініс табуы
10. 01. 02 - қазақ әдебиеті,
10. 01. 07 - салыстырма әдебиеті
Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесшісі:
ХЖМҒА академигі, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Т. Кәкішев
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . … 3
1 АНТИКА БАСТАУЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ . . . . 14
1. 1 Антика әдебиетiнің Европаға әсері . . . 18
1. 2 Антика әдебиетiнің Ресейге әсері . 20
1. 3 Антика әдебиетi мұраларының қазақ сөз өнерінен көрініс табуы және
ортақ ұқсастықтар. . . . . 23
1. 4 Анахарсис (Анақарыс) Скифский . ……. … . . . 44
1. 5 Тоқсары туралы ақиқат пен аңыз…. . . . … . . . 49
1. 6 Қазақ ауыз әдебиетi мен антикалық әдебиет дәуiрiндегi
фольклористиканың өзара үндестiгi . . . . . . ………. 51
- АНТИКА МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТЕРІНІҢ ОРТАҚ
ҰҚСАСТЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ-ПІКІРЛЕР, ЗЕРТТЕУЛЕР . . . …. . 56
2. 1 Құдайлар мен тәңiриелердiң мифологиядағы орны . . . … . . . …. . 61
- АНТИКА МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БАТЫРЛЫҚ,
ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖЫР - ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ҮНДЕСТІКТЕР… . . . 136
- ФИВАНДЫҚ ЖӘНЕ ТРОЯНДЫҚ ЦИКЛДАРДЫҢ
ӘДЕБИЕТТЕГІ ОРНЫ . . . … . . . 173
- АНТИКА ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭЗИЯ МЕН КӨНЕ ҚАЗАҚ
ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІКТЕР . . . … . . . ……207
5. 1 Мысал жанрындағы ұқсастық . . . . . . … . . . 223
5. 2 Гесиодтың өмірі мен шығармашылығы және ондағы қазақы
сарындар . . . . . . . . . ……. 232
5. 3 Классикалық кезеңдегi антика әдебиетi… . . . . . . … . . . 238
5. 4 Еврипидтің шығармашылық өмір жолы… . . . . . 244
- АНТИКА ДӘУІРІНДЕГІ РИМ ӘДЕБИЕТІМЕН
САРЫНДАСТЫҚ . . . ……… . . . … . . . 252
6. 1 Мифтік туындылардағы ұқсастықтар . . . ……… . . . … . . . 256
6. 2 Луций Апулейдің “Метаморфозасындағы” қазақ мифологиясының
орын алуы . . . . . . . 275
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . 280
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . … . . . 284
КIРIСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Антика латынның antiguus - ежелгi , көне деген сөзiнен шыққан болса, Қайта өрлеу, яғни ренессанс (академик Мұхтар Әуезов бұл дәуірді үдеу дәуірі [1, 440 б. ] деп көрсеткен) кезеңiндегi италиялық гуманистер өздерiне белгiлi ежелгi мәдениет ретiнде грек-рим мәдениетiн солай деп атап кеткен. Сол кезден берi одан да көне мәдениеттер ашылса да осы мәдениет жөнiнде сол атау әлi күнге дейiн сақталып келедi.
Диссертациялық жұмыста антика әдебиеті тарихының көне қазақ әдебиетінің әр кезеңіндегі әдеби мұралармен ұқсастығын, өзінің ерекшеліктерімен, адамды сүйсінтер әшекейлерімен, аса баға жетпес құндылықтарын салыстырма, яғни әдебиеттің әдістемесі компаративизм тәсілі бойынша сипатталады. Өйткені, шығыс әдебиетінен кеш туса да, оның жарқын беттері бүкіл әлемдегі мәдениетте өзіндік орны, ізі бар екендігін дәлелдеп келеді. Айталық, антика бастауындағы гректің әдебиеті, философиясы, өнері мен мәдениеті, саясат пен ғылымда, құқық пен заңтануда, кескіндемеде, сәулет пен мүсін өнерінде және тағы басқа да салаларда көрініс табатындығын ғалымдар әлдеқашан мойындаған.
Зерттеудің өзектілігі. Сол мойындалған мәдениет салалардың ішінде антика әдебиеті мұраларында қазақ халқының арғы ата-бабаларының жасап кеткен әдебиетімен ортақ ұқсастықтары, үндестіктері өте мол. Бұл көбіне, типологиялық, сюжеттік, идеялық-мазмұндық, форма, стиль, композиция, поэтика және басқа да көркемдік ерекшеліктерінің ортақтығы байқалғанда, осы объектіні зерттеу қажеттілігі өзінен-өзі сұранады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қайраткері, профессор Тұрсынбек Кәкішев: “Ғылымда соңғы сөз айтылып, нүкте қойылмайды. Қазіргі тәуелсіздік заманда бұрын құлашымыз жететінді ғана қармасақ, енді ой жетер жерге баруымыз керек. Оның алғашқы қадамы жасалды да. Ә. Хасеновтың “Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны”, Кляшторный мен Сұлтановтың “Қазақ халқының үш мыңжылдық тарихы”, қазақ энциклопедиясы шығарған “Қазақ поэзиясының екі мыңжылдық” антологиясы жарияланып, оқушылар қолына тиіп, ғалымдарды ойландырып жатқан кезде қазақ әдебиеті тарихының сақ, ғұн дәуірлері естен шықпауы тиіс. Біздің заманымызға дейінгі кезеңнен бастау алатын рухани дүние бүгінгі біздерге түсінікті тілде болмауы мүмкін, тіпті басқа тілде жазылуы да ғажап емес. Бірақ оған қарап ол мәдени мұрадан бұрынғыдай қашуға болмайды. Біз бүгінгі қазақ жерінде жасалған мәдени-рухани байлыққа ортақ екенімізді еш уақытта ұмытпауымыз керек. Парсылардың тіліне аударылып, дініне айналып кеткен атақты “Авеста” Амударья мен Сырдарьяның арасындағы алқапта туса қалайша безінбекпіз?! Бүгінде жеке халық атына ие болғандардың арғы бабасы болғандығы, қәзіргі қазақ жерінде жасап, шаттанғанда, қайғы-қасірет шеккенде өзінің ой-пікірін, жан сырын көркем сөзге орап жеткізгенін әрқашан есте тұтып, өз әдебиетіміздің бастау ретінде тануға тиіспіз. Олай болса көне заманның көрікті ойларын бүгінгі ұрпақтың асыл мұрасына айналдыруға тиіспіз”- дейді [2, 478 б. ] .
Заратуштра дінінің пайда болуы мен “Авеста” жайлы ой білдірген шығыстану ғалымдары бұл шығарма Орта Азияда немесе Мидияда туған, яғни азербайжан мұрасы деген тұжырым жасады. Қысқасы, “Авеста”, ең беріден есептегенде, Орта Азияны ежелден мекендеген көне түркілер мен Мидия мемлекеті дәуірлеп тұрғанда - біздің заманымыздан бұрынғы VІІ-VІ ғасырлар аралығында жасалған” [2, 478 б. ] десе, сол тұстағы және сол кезеңнен көп кейін байырғы қазақ елінің арғы ата-бабалары сақ-скиф елімен тығыз мәдени-әдеби, материалдық-экономикалық байланыс орнатқан, антика мәдениетнің отаны саналатын көне элладалықтар және олардың бір-біріне әсері, рухани пәрменін айтудың мезгілі әлдеқашан пісіп-жетілген секілді.
Осы тұстағы атап өтетін факт - қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйі, оның даму ерекшелігі, сипаты, рухани мұрасы, тарихы көп ретте басқа әдебиеттерден еш кемі жоқ, тамыры тереңге кеткен, тіні мықты бәйтерек секілді болса, оны басқа елдердің әдебиеттерімен салыстыру аса қажет фактор екені ақиқат. Салыстырма әдебиет, яғни компаративизм әдісі бойынша ой айту Европада ХVІІІ ғасырда қолға алынса, оның ең алғашқы баспалдақтары Ресейде ХІХ ғасырда пайда болып, қазіргі күнде белгілі, мектеп ретінде іргеленді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Академик Рымғали Нұрғалиев салыстырма әдебиет турасында мынадай пікір білдіреді: “Әдебиеттану ғылымының тарихында белгілі мектептер, үлкен ағымдар болған.
Ежелгі, көне ағымдардың бірі - филологиялық мектеп дәстүрін ұстанған оқымыстылар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп, бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне, қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт тексті бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді, жеке сөздер, тіркестер, қолжазбалар тарихын бажайлайды.
Филологиялық мектептің историография, библиография, текстология үшін маңызды кейбір табыстары болғанын айту ләзім” - дей келе, “Тарихи салыстыру мектебі яки компаративизм ағымының Россияда туын көтерген адамдар - А. Веселовский, В. Миллерлер. Мұндағы негізгі принцип - салыстыру. Дүние жүзінде капитализмнің дамуы нәтижесінде экономикалық қарым-қатынастар шеңбері ұлғайып, бір ел мен екінші ел, бір халық пен екінші халық жақындай түсті, жерге, байлыққа, қызығуымен қатар, әдебиет нұсқаларына да назар аударылды.
Компаративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап, форма мәселесіне, сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Әдебиеттің әлеуметтік маңызына, эстетикалық сипатына бұл әдіс те терең бойлай алған жоқ” - дейді [3, 62-63 бб. ] .
Яғни, қазіргі тұста компаративистердің осы күйіне қарап, проблемалық мәселені алдыға тартады. Оны шешу алдағы уақыттың еншісінде болса, тарихи салыстыру мектебі, яғни компаративизм термині, қазақ әдебиеттану ғылымында кейінгі он, он - бес жылдың ішінде ғана ауызға алынғаны жасырын емес. Бұл терминнің өзі әлемнің әдебиеттану ғылымында өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана кеңінен пайдаланыла бастады. Қазiргi ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты әдебиеттану ғылымында да түрлi терминдер мен атаулардың пайда болуы заңды да. Сондай терминнiң бiрi, әдебиет саласының бір бөлiгiне айналған, шет мемлекет пен өнерiн танудағы жоғарыдағы аталған әдеби компартивистика болмақ.
Компаративистика батыстың оқу орындарында 1950 - жылдары кең көлемде қолданыла бастады. 1954 жылы халықаралық әдебиет компаративистикалық ассоциация (АИЛК) құру шешiмi қабылданады. 1955 жылы Венецияда халықаралық әдебиет компаративистiк ассоциацияның бiрiншi Генералдық Ассамблеясында ұйымның жаңа статусы мен ережесi бекiтілді. Ондағы басты мақсат - әр елдің классикалық әдеби туындыларын бір - бірімен салыстыру, сол арқылы әдеби байланыс орнату. Компаративизмнің қазіргі уақытта әлемдік жаһандануға да қатысты екендігін атап өту қажет, яғни салыстырма әдебиет жаһанданудың да бір қапталынан шығатын рухани қағида.
Десек те, қазіргі тұстағы жаһандану мәселесі аса өзекті болып тұрғанда, өзіміздің төл рухани мұрамыздың біреудің жетегіне кету қауіпі тұрғанын айта кетудің еш артықтығы жоқ. “Жаһандану - бүгін пайда болған құбылыс емес”- дейді, академик Сейіт Қасқабасов өзінің “Мәдени мұра - рухани жаңғырудың негізі” деген тақырыпта жазған еңбегінде. “Жаһандану - Америка мемлекеті ойлап шығарған нәрсе емес. Жаһандану - ерте замандарда басталған үрдіс. Сонау антика дәуіріндегі Греция мен Персияның, Египет пен Рим империясының уақытындағы мемлекеттер мен халықтардың кейде соғысып, кейде бейбіт өмір сүріп, бір-бірімен қарым-қатынаста болғаны, соның нәтижесінде бір-біріне әсер етіп, бірінен - бірі үйренгені белгілі. Сондай-ақ христиан мен буддизмнің, исламның дүние жүзіне тарауы - көп халықтардың жаһандану процесінде болғанын дәлелдейді. Демек, қай заманада да жаһандану жүріп жатқан.
Қазақ халқы да жаһандану процесіне ерте түскен. Ежелгі және орта ғасырларды айтпай-ақ, кеше ғана өткен ХХ ғасырды еске алайықшы. Қазақтар өзінің үйреншікті көшпелі өмір салтымен қоштасып, отырықшылыққа үйренді, өндірістік технологияны меңгерді. Тіпті үй-тұрмысымыз да жаһандануға түсті: киіз үйді тастап, ағаш үйге, кірпіш тамға қоныстандық, киіміміз еуропалық үлгіге ауысты, тамағымызға да басқа дәмдер араласты. Сол сияқты рухани салада да өзгерістер болды: театр, опера, балет, симфония, кино, теледидар, радио - осының бәрі жаһанданудың нағыз өзі. Демек, жаһанданудан қашып құтылу мүмкін емес. Қазіргі біртұтас ақпараттық әлем кеңістігінде - бұл өте қиын іс”- десе [4, 2 б. ], жаһанданудың қай-кезде болмасын, халықтың кез-келген өміріне өзгеріс енгізетіндігінің талассыз екендігін алдыға тартады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың басты мақсаты - ертедегі классикалық антика әдебиетінің Европа мен Азия елдеріне кеңінен тарағанын, оның бай әдеби туындыларынан іздеу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:
- антика әдебиетінің тарихы шамамен 1200 жыл болса, сол уақыт ішінде оның түрлі жанрдағы әдеби туындылары әлем жұртшылығына оның алдыңғы қатарлы Еуропаға, Ресейге, соның ішінде ертедегі қазақ әдебиетіне де өз әсерін тигізгендігі туралы ой-пікірлерді саралап көрсету;
- антика әдебиетінің алғашқы белгілері мен ұшқынын көне дәуірде өмір сүрген әл-Фарабидің ғылыми трактаттарынан бастап, Қорқыт жырларынан, «Оғыз наме» жырымен, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» туындысынан, Сайф Сарайидың «Гүлстан би-т түркиі» мен Абай мен Шәкәрімнің және тағы басқа да көне және кейінгі қазіргі әдеби туындылардан іздеу;
- өз жолы мен еш әдебиеттің әсерінсіз пайда болған әдеби туындылар болса да, оның ішінде антика әдебиетінің элементтері мен кей детальдары кездесетін нақты мысалдар, сюжеттер арқылы айқындау;
- антика бастауындағы гректің әдебиеті, философиясы, өнері мен мәдениеті, саясат пен ғылымда, құқық пен заңтануда, кескіндемеде,, сәулет пен мүсін өнерінде және тағы басқа да салаларда көрініс табатындығын ғалымдардың нақты пікірлерімен көрсеті;
- көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің жай-күйі мен оның даму ерекшелігі, сипаты мен рухани мұрасы көп ретте басқа әдебиеттерден еш кемі жоқ болса, оны нақты мысалдар мен әдеби туындылар арқылы көрсету;
- Аанахарсис Скифскийдің Эллада жеріне барғанын анықтай отырып, сол тұста оның көне грек тілінің білуін нақты фактілермен көрсете білу және сол грек жеріндегі ұлы ойшылдардан еш кем түспегенін көне авторлардың еңбектеріне жүгіне көрсету. Сол тұста Афины қаласында өз жерлесі ғалым, философ, шешен, емші-дәрігер Тоқсары арқылы Эллада мәдениеті мен әдебиеті, философиясын меңгергенін айқындау;
- әлемге танымал эллинизм бастауындағы дара тұлға, жиһангер қолбасшы Ескендір Зұлқарнайынның дүние жүзіндегі, оның ішіндегі қазақ әдебиетіндегі орнын ғалым-зерттеушілерінің тұжырымдауларына сүйене отырып және ақын-жазушылардың әдеби туындалары арқылы айқындап көрсету;
- мифтік туындылардағы тәңіриелері мен құдайлардың, батырлар мен қаһармандардың грек пен рим әдебиеттеріндегі орнын айқындау, оның қазақтың көне дәуіріндегі халық ұғымындағы образдары мен ұқсас элементтерін детальды түрде компаративизм арқылы көрсету;
- жекелей поэма, драма, проза, мысал жанрларындағы қазақ әдебиетімен ұқсастықтарын әдебиет теориясының әдістемесі арқылы айқындап көрсету;
- Рим әдебиеті, оның қазақтың «Ұрым», «Үрім» сөздерімен сабақтастығын айқындау және рим әдебиетінде үлкен орын алатын мифтік шығармалар мен батырлық эпостағы ірі тұлға қазақтың байырғы батыры Еділ, Атилла батырдың бейнесінің сомдалуын еуропалық және рим әдебиетіндегі мұраларымен айқындау;
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдеби процесті бағамдаған қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың осы мәселе жөніндегі пікірі көңіл аударарлық: «Діндар дәуір әдебиетімізге арап, парсы әдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз бізде ғана болған емес, барша жұрттың басында болған іс. Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек әдебиетінен үлгіні Рум алған. Еуропадағы басқа жұрттар алған. Біздің орыс та әдебиет үлгісін Еуропадан алып отыр, біз орыстан алып отырмыз” - десе [5, 144 б. ], осы пікірдің айналасында ой өрбітіп, айқындау;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Антика әдебиеті бірден өзі жетіліп, өзі биіктеген жоқ. Осы мәселеге орай еңбекте мынадай ғылыми жаңалықтар тілге тиек етіледі:
- антика әдебиетi Шығыстың ренессансынан көп кеш туған. Антика дәуiрiндегi әдебиет өзi жеке дара өсiп-жетiлмеген, оған халықтар арасындағы қарым-қатынас, сауда-саттық, айырбас және тағы басқа тұрмыстық, шаруашылық түйткiлден туындаған араласулар антика әлемiнiң мәдениетiне, өнерi мен әдебиетiне өте үлкен ықпал жасаған;
- Зерттеушiлердiң ғылыми-зерттеу еңбектерiне мән берсек, грек әдебиетi мен өнерi сол тұстағы мәдениетi дамыған мемлекеттердiң ағымының әсерiнен пайда болған деген тоқтамға келген. Бұл қатарға кiретiн елдердiң iшiне өзiнiң өмiршеңдiк күшiн, тегiн сақтаған жеңiл тынысты, көршiлес жатқан Кiшi Азия, Орта Азия, сақ-скиф, сармат пен Тұран мемлекеттерi, Солтүстiк дорийлер мен көркем творчестволық үлгiлерi бар Египет пен Мессопотамия, сан ғасырлық әдебиетi мен мәдениетi, тамаша бейнелеу мен сәндiк шеберлiгi бар Шығыс өркениетi өз әсерiн тигiзген;
- “Финикиялықтардан» алфавиттік жазу өнерін қабылдап, халдей-вавилондық астральды дүниетанымды игеріп, Мысырдың өнері мен бай мифологиясын мұра етіп, Иранның этикалық ойына тәнті болып, көне Шығыстың эзотерикалық ілімінің даналығын мойындап, көне Греция соның бәрін жинақтай келе өз алдына болашақ европалық мәдениеттің қара шаңырағы бола білді.
- Көне Греция рухының ғажайып көрінісі - философияның өзі де басқа халықтардың (мысырлық, вавилондық, парсылық, финикиялық) даналығын қабыл алу, гректерге түсіндіру үшін туған қажеттілікпен байланысты пайда болған деген пікірдің жөні бар, өйткені аталған мәдениеттермен салыстырғанда Греция мәдениеті жас әрі аз білетін еді. Сондықтан алғашқы грек ойшылдары Фалес, Пифогор, Анаксимандр, Гераклит Шығыстың даналық мұраларын өз бойларына жинақтап, қорытындылады. Гректердің өздері Шығысты ұстазы деп танитындығын еш жасырмаған болатын, солардың арқасында құдайлық және адамдық құпияны таптық деп түсінген еді. Гректерді көне гректерге айналдырған уақыт аралығы көп түрлі өзгерістер тудырды. Мәдениет ғасырлар бойы дайындалып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Әрбір жаңа ғасыр өткен мәдениетке жаңа мән-мағына әкеледі, себебі дәл уақытында кейде бір идеялар өз орнын таппауы да мүмкін. Мысал келтіре кетсек, антикалық мәдениеттегі Сократ ғұламаның адамның жеке тұлғасына деген қызығушылығы өз уақытында қажетті қолдау таппаған көрінеді. Ал енді мыңжылдық уақыт шамасынан кейін келген италиялық гуманистердің ұран етіп көтерген мәселесі сол гуманизм болды, адамның жеке дара тұлғалық қасиеттерін марапаттау мұраты болды [6, 112 б. ] .
- Адамдардың ғана емес, сонымен қатар халықтардың да тарихи жады таңдаудан тұрады. Керек дегенді есте сақтап, қаламағанын, ұятсынғанын ұмытуға тырысады. Сондықтан болар қазіргі европалық халықтар түркі жұртын, мұсылмандарды өздерінің алғашқы тарихи ұстаздары ретінде қарастырғысы келмейтіндігі. “Европацентризм” деп тек қана грек-римдік және оның мұрагері - батысевропалық мәдениетті ғана адамзаттың жалпыға ортақ әмбебап жолы деп танитын көзқарастар жиынтығын айтамыз. Нәтижесінде, Батыстан Шығысқа мәдени ықпал ету аймағы жылжыды делінеді де Шығыстың Батысқа тигізген әсері туралы тым үстірт айтылады. Ал шындығына келер болсақ, алдында айтып кеткен Ренессанс мәдениетінің түп-тамыры тек антикалық әлемде жатпаса керек, шығыстық соның ішінде араб-мұсылмандық мәдениетке де байланысты екендігі аян. Олай деуімізге бірден-бір себеп Батыстың өзінің грек-римдік мұрасын, соның ішінде әсіресе еуропалық ортағасырлық шіркеу әлемі тәркілеген философияны, ондағы ұлы тұлғалар шығармашылығын араб-иран әлемінің аман сақтап қалу арқасында иеленгендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Мәдени даму тік бағытталған процесс емес. Онда үнемі ескінің жаңамен, өзіндік мұраның басқалармен қызу қарым-қатынасы жүріп жатады. Мәдени бірегейлі мәдениеттердің бір-біріне ықпалын, өзара байланысын жоққа шығармайды. Мәдени өзара байланыс кеңістігі ұлан-ғайыр. Біздің Ортаазиялық аймақ та бірнеше діндердің, мәдениеттердің өзара ықпал аймағы болып табылады. Оған басты себептердің бірі - Ұлы Жібек жолының осы территориялар арқылы өтуі еді. Ұлы Жібек жолы шынында да Батыс пен Шығыстың ұлы мәдениеттердің сұхбаты, ұлы діндердің кездесу орны болды.
Буддизммен қатар Ұлы Жібек жолы арқылы христиан діні де қазіргі Қазақстан территориясына V ғасырда несторианство ретінде енген болатын. Тек VІІІ-ІХ ғ. қарай, яғни исламның Қазақстанда орнығуына байланысты несторианство да, буддизм де өз орнынан ысырылады” [7, 42 б. ] .
- Алайда, бұл мәдениеттер өзiндiк тұрмыс-тiршiлiгi, этногенезистiк алғышарттары бар көп полистiк қала-мемлекеттiк елге бiрден сiңiсе қойған жоқ. Өйткені Грекияның сан ғасырлық тарихына мән берсек, жоғарыдағы аталған жайттармен бірге жаугершілік жағдайлардың өзі халықтың, тіпті өз ұлтын тану қиынға соққан ауыр жайын басынан өткерген-ді.
- “Қазақ ауыз әдебиетінде: “Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау” деген сөз тіркесі бар”- дейді, профессор Бейсембай Кенжебаев. Бұл қазақ руларының бір заманда Балқан түбегіне дейін ығысып барғандығын аңғартады. Яғни, қазақ рулары басқа түрік, моңғол ру-тайпаларымен бірге ерте уақыттардан шығыс жағы Орталық Азия, батыс жағы Византия аралығын жайлаған, әр кезде сол араның әр жерінде болған. Осы күнгі Қазақстан жеріне ХV ғасырдан, негізінде өз алдына халық, хандық болып құрылғаннан бастап жайғасқан.
Қысқасы, ертедегі қазақ ру-тайпалары бұрынғы уақытта, қазақ халқы, қазақ хандығы болып құрылғанға дейін Қытай, Рим аралығындағы аймақтар мен өлкелерді мекендеген түрік, моңғол руларымен бірге, тіпті солардың құрамында тірлік еткен. Сондықтан бәрінің тарихи, қоғамдық, мәдени өмірі ұқсас болған.
Ерте кездерде Қытай, Рим арасын мекендеген көптеген ру-тайпалар, шамамен айтқанда, ІХ ғасырға дейін қоғамдық дамудың ру-ұлыстық сатысында болды. Соған лайық олардың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, тілі, мәдениеті, әдебиеті болды.
Бірте-бірте халықтың наным-сенімі, ұғым-әдеті, салт-санасы, даналығы пайда болды; халық түрлі өнер, жазу-сызу ойлап шығарды.
Халық даналығы дегеніміз - оның ауыз әдебиеті: еңбек, шаруа, ғұрып-әдет, өлең-жырлары, жұмбақ, мақал-мәтелдері, ертектер, аңыз-әңгімелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz