Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Шет тілі факультеті

Шет тілі кафедрасы

Искакова Несібелі

3 жылдық 3 курс, 051909

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы:

Қазақ, ағылшын тiлдерiндегi көптiк

категориясының ерекшелiктерi және аудармада берiлуi

Ғылыми жетекшiсі:Амиржанова Р. А

Қорғауға жіберілді

Шет тілі кафедрасының меңгерушісі

Омарбекова Г

«___» 2009 ж.

Алматы, 2009

Мазмұны

Кiрiспе 2

1 Зерттеудiң теориялық негiздерi

1. 1 Тiлдегi көптiк категориясы ұғымы. . 6

1. 2 Қазақ тiлiнiң көптiк категориясы 10

1. 2. 1 Ағылшын тiлi көптiк категориясы . . 17

Бiрiншi бөлiм бойынша түйiн. . 42

2 Қазақ және ағылшын тiлдерi көптiк категориясының

тiлдегi көрiнiсi

2. 1 Көптiк категориясын бiлдiрудiң морфологиялық тәсiлi………. ……. 27

2. 2 Көптiк категориясын бiлдiрудiң лексикалық тәсiлi33

2. 3 Көптiк категориясын бiлдiрудiң синтаксистiк тәсiлi. … 38

Екiншi бөлiм бойынша түйiн. .

3 Қазақ тiлi көптiк категориясының ағылшын

тiлiне аударылу жолдары

  1. Салғастырмалы тiл бiлiмi және аударма: ортақ

қағидалары мен мiндеттерi. . . . . 44

  1. Қазақ тiлi көптiк категориясының ағылшын тiлiне

аударылу жолдары 103 Үшiншi бөлiм бойынша түйiн. . . 122

Қорытынды125

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 131

Қосымша дереккөздер тiзiмi…. …. . 139

Кiрiспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазiргi әлемдiк тiл бiлiмi саласында тiлдердi салғастыра зерттеуге кең көңiл бөлiнуде. Салғастыру арқылы кез-келген тiлдiк құбылысты жан-жақты зерделеуге қол жеткiзуге толық мүмкiншiлiктер туатыны белгiлi. Әр түрлi тiлдердегi тiлдiк заңдылықтарды, ерекшелiктердi салғастыра зерттеу арқылы ортақ белгiлермен қатар, бұрын бiр тiл шеңберiнде зерттеу барысында байқалмаған тiлдiк құбылыстарды ашу мүмкiндiгi туады, зерттеу нәтижесiн тереңдете түсуге кең жол ашылады. Олай болса, салғастырмалы зерттеудiң негiзгi мақсаты туыс емес тiлдердегi лексикалық, грамматикалық бiрлiктердiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау екендiгiн ескерсек, туыс емес тiлдердi салғастыра зерттеу барысында салғастыру негiзiнiң болуы және салғастырылушы нысандар ортақ бiр теорияға, әдiске және терминге негiзделуi шарт [1, 7б. ] . Бұл сайып келгенде адам ойының қандай тәсiлдер арқылы тiлде көрiнiс табатынын анықтауға да септiгiн тигiзедi.

Салғастырмалы әдiстiң грамматика саласында қолданыла бастауы грамматика саласының ерекше бiр түрi - салғастырмалы грамматиканың пайда болуына өз үлесiн тигiздi. Бұл сала өз бастауын С. Д. Кацнельсон, В. Д. Аракин, М. М. Гухман, Э. А. Макаев және В. Т. Гактардың еңбектерiнен алатыны белгiлi.

Қазiргi тiл бiлiмiнде, әсiресе, грамматика саласында тiлдiк құбылыстардың функционалдық жағына баса назар аударыла бастады. Себебi тiлдiк жүйе - функционалды жүйе болып табылады. Ал, тiлдiк құбылыстардың функционалдылығын зерттеу - сөйлеу кезiндегi тiлдiк бiрлiктiң қызмет ету жағдайымен ғана шектелiп қоймайды, сонымен қатар, тiлдiк бiрлiктердiң құрылымдық функциясына да баса көңiл бөледi. Соңғы кездерде Бұл салада жүргiзiлiп жатқан зерттеулер нәтижесi теориялық грамматиканың жаңа бiр саласы - функционалды грамматиканың пайда болуына өз әсерiн тигiзбей қойған жоқ. Дегенмен де, дәстүрлi грамматикалық зерттеулерде функционалды аспектiң бұған дейiн де болғандығын айта кеткен жөн. Функционалды грамматиканың негiзi - семантикалық мазмұнның грамматикалық жолдармен берiлуi. Оның негiзгi зерттеу нысаны - грамматикалық бiрлiктер, кластар, категориялар, олардың қызмет ету жүйесi және контекспен арақатынасы болып табылады.

Әйтсе де қандай да болмасын тiлдiк құбылысты зерделеуде оның тарихи даму сатыларын ескерген жөн. Өйткенi, тiл қоғам қажеттiлiктерiн қанағаттандыра отырып, қарым-қатынас құралы ретiнде үнемi даму үстiнде болады. Олай болса, тiлдiң пайда болу тарихынан бастап әр түрлi кезең барысында орын алған тiлдiк өзгерiстердi қарастыру тiлдi функционалды түрде зерттеуге керi әсерiн тигiзбейдi, өйткенi, тiлдiң семантикасы тiлдiк жүйе мен оның даму деңгейi арқылы ғана айқындалады. А. В. Бондарконың сөзiмен айтсақ, “Историческое изучение имеет объяснительную силу, поскольку оно показывает, что предшествовало чему, почему происходили и происходят те или иные изменения, почему язык стал тем, каким мы его знаем [2, 3б. ] .

Грамматикалық көптiк категориясы грамматика мен логиканың

аражiгiн ажыратушы грамматикалық және ұғымдық категориялардың бiрi. Көптiк категориясының ортақ белгiлерi болғанымен, әр түрлi тiлдердегi көрiнiсi әркелкi болып келедi. Бұны таным және тiлдiк құрылым факторларының ерекшелiктерiмен ұштасып жатқандығының айқын көрiнiсi десек те болады. Алайда, қазiргi тiл бiлiмiнде қазақ және ағылшын тiлдерiндегi көптiк категориясын салғастырмалы функционалды грамматика тұрғысынан сараптау бұрын-соңды болған емес. Сондықтан көптiк мәндi ашу мақсатымен көптiк категориясының нақты үлгiсiн функционалдық тәсiлге сүйене отырып жасау зерттеу тақырыбының өзектiлiгiн айқындайды. Оған қоса, қазiргi ғаламдастыру заманында мәдениетаралық қатынастарды дамытудың бiрден-бiр құралы аударма болып табылатыны белгiлi. Өкiнiшке орай, қазiргi таңда тiл бiлiмiнде аударма мәселелерiнiң толыққанды шешiм таба қоймағандығы белгiлi. Осы орайда, қазақ тiлiнiң көптiк категориясының ағылшын тiлiне аударылу тәсiлдерiн анықтау қазiргi тiл бiлiмiнiң өзектi мәселелерiнiң бiрiне айналып отыр.

Зерттеудiң нысаны - қазақ, ағылшын тiлдерiндегi көптiк категориясының ортақ қасиеттерi мен ерекшелiктерiн функционалды грамматика тұрғысынан зерделеу және қазақ тiлi көптiк категориясының ағылшын тiлiне аударылу тәсiлдерiн анықтау.

Қазақ және ағылшын тiлдерiнде көптiк ұғымын бiлдiрудiң грамматикалық көрiнiсi, олардың лексика-семантикалық ерекшелiктерi және аударма жолдары - зерттеудiң пәнi болып табылады.

Зерттеудiң мақсаты - генетикалық жағынан да, құрылымы жағынан да туыс емес қазақ және ағылшын тiлдерiндегi көптiк категориясының жалпы және типологиялық ерекшелiктерiн, көптiк ұғымының тiлдегi функционалды-семантикалық өрiс деңгейiн айқындау. Осы мақсатқа жету үшiн төмендегiдей мiндеттер қойылып, шешiмi табылады:

- көптiк категориясын функционалды грамматика қағидалары негiзiнде қарастыру қажеттiгiн теориялық тұрғыдан негiздеу;

- қазақ және ағылшын тiлдерi көптiк категориясын диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерделей отырып, оның семантикалық және құрылымдық ерекшелiктерiн саралау;

  • функционалды-семантикалық өрiс деңгейiнде қазақ және

ағылшын тiлдерiнде көптiк категориясын бiлдiру жолдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;

  • салғастырылушы тiлдердегi көптiк ұғымын бiлдiрушi

бiрлiктердiң негiз және шет аймаққа қатыстық деңгейiн айқындау;

- қазақ тiлi көптiк категориясының ағылшын тiлiне аударылу тәсiлдерiн анықтау.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Жұмыста қазақ және ағылшын тiлдерi көптiк категориясы салғастырмалы функционалды грамматика аясында алғаш рет қарастырылып отыр. Сонымен қатар, қазақ тiлiнiң көптiк категориясын бiлдiрушi бiрлiктердiң ағылшын тiлiне аударылу жолдары айқындалады.

Зерттеудiң теориялық маңызы. Зерттеу нәтижесi қазақ және ағылшын тiлдерi көптiк категориясының семантикасы мен құрылымын анықтауға жол ашады және функционалды грамматика, салғастырмалы тiл бiлiмi және аударма теориясына өз үлесiн қосады.

Зерттеудiң практикалық құндылығы. Дипломдық жұмыстың негiзгi нәтижелерi мен тұжырымдарын салғастырмалы тiл бiлiмi, с алғастырмалы функционалды грамматика, аударма теориясы бойынша жүргiзiлетiн теориялық курстарда, сондай-ақ, практикалық аударманы оқып үйретуде пайдалануға болады.

Зерттеудiң дереккөздерi ретiнде қазақ және ағылшын тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, қазақ тiлiндегi шығармалардың ағылшын тiлiне аударма нұсқаларынан сұрыпталған, көптiк категориясының қолданысын анықтайтын үзiндiлер алынды.

Жұмыстың зерттеу әдiстерi. Зерттеу барысында салғастырмалы, салыстырмалы-тарихи, семасиологиялық және ономасиологиялық, өрiстiк әдiстер, сонымен қатар, трансформациялық, талдау және синтездеу, классификациялау және жалпылау әдiстерi қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымша дереккөздер тiзiмдерiнен тұрады. Зерттеу жұмысының көлемi -60бет.

Кiрiспеде салғастырмалы зерттеу және салғастырмалы функционалды грамматиканың қазiргi тiл бiлiмiнде алар орнына қысқаша шолу жасалынып, зерттеу жұмысының мақсат-мiндеттерi айқындалады.

Бiрiншi тарауда тілдегі грамматикалық категориялар ұғымы, грамматикалық көптiк категориясы, функционалды грамматиканың, функционалды-семантикалық өрiстiң басты қағидалары сарапталынып, зерттеудiң теориялық негiздерi айқындалады.

Екiншi тарауда қазақ және ағылшын тiлдерiнiң көптiк категориясы семантикалық өрiс қағидасы бойынша негiз және шет аймаққа бөлiп қарастырылады, көптiк шағын өрiсiнiң негiзi болып табылатын көптiк формаларына диахрондық және синхрондық жағынан шолу жасалып, салғастырылып отырған тiлдердегi ерекшелiктерi мен ортақ белгiлерi, берiлу жолдары зерделенiледi.

Үшiншi тарауда қазақ тiлi көптiк категориясының ағылшын тiлiне берiлу жолдары анықталады.

Қорытындыда негiзгi бөлiмге шолу жасалынып, қол жеткiзген нәтижелер түйiнделедi.

1. 2 Тiлдегi көптiк категориясы ұғымы

Категория теориясының Аристотельден бастау алатыны белгiлi. Бұл теория көп жағдайда математикалық ұғыммен сабақтасып жатады. Осыған байланысты математикалық мәселелердi шешу мақсатымен әр түрлi құрылымдар пайда болды, “сан, “мөлшер, “көптiк сияқты ұғымдар қалыптасты. Ал объективтi дүниеден орын алған шындық яғни зат, құбылыс, қимыл және оның түрлi сапа белгiлерi жеке және көптiк түрде кездесетiнi белгiлi. Белгiлi кеңiстiкте, мезгiлде танылған, орын алған құбылыс, зат, қимыл әрекет бiрде жекелiк мағынада танылса, бiрде көптiк мағынада орын алатындығы белгiлi. Осыдан - жекелiк, көптiк ұғымдары қалыптасты. Таным процесiне қатысты Бұл ұғымдар ойлау, пайымдау әрекеттерiмен тығыз байланысты болып келедi. Сол себептен де, тiл мен танымның, грамматика мен логиканың арақатынасын ашу мақсатымен лингвистердiң қызыға көңiл бөлетiн категорияларының бiрi болып табылатын көптiк категориясының тiлдегi көрiнiсi математикалық ұғыммен астасып жатады.

Аталмыш категория көптеген ғылымдардың басты зерттеу нысаны болып табылады. Өйткенi көптiк категориясы салыстыруға негiзделген, ал қандай-да бiр нәрсенiң мөлшерi, көлемi, салмағы, саны т. б. сипаттары басқа затпен салыстыру арқылы анықталатыны белгiлi. Сонымен қатар, көптiк категориясы жекелiк-көптiк, белгiлiлiк-белгiсiздiк функционалды-семантикалық категорияларымен өзара сабақтас келедi.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, көптiк категориясы лингвистика саласының да негiзгi зерттеу мәселелерiнiң бiрi болып саналады. Н. И. Кондаков өзiнiң “Логикалық сөздiгiндең көптiк ұғымына былайша анықтама бередi: “Множество - это самое широкое по объему понятие математики и математической логики, т. е. категория, а для категории нельзя найти более широкое, т. е. родовое понятие, в которое “множествоң входило бы в качестве видаң [31, 58б. ] .

Бұл - көптiк ұғымы адам ойлауымен, адамның қоршаған ортаны қабылдауымен, яғни таным үрдiсiмен тiкелей байланысты деген сөз. Қай тiлде де болмасын көптiк категориясының негiзгi доминанты зат есiм болып табылатыны белгiлi. Зат есiмнiң көптiк категориясы туралы В. В. Виноградов былай дейдi: “Категория числа имен существительных представляет сложный предметно-смысловой узел, в котором сплетаются разнообразные грамматические и лексико-семантические особенности существительных .

Отандық iзденушiлер арасында жалпы көптiк және жалпылық ұғымы, математикалық көптiк ұғымы жөнiнде Б. К. Аязбаева [40] қарастырса, қазақ тiлiнiң көптiк категориясы әр түрлi оқулықтарда, М. Балақаев [41], А. Д. Данияров [42], Н. Оралбаева [43], М. Мшанов [44], Д. А. Әлкебаева [45] сияқты ғалымдардың зерттеулерiнде құрылымдық лингвистика шеңберiнде қарастырылған.

Зерттеу мақсатына орай, көптiк категориясын күрделi құрылым ретiнде жан-жақты сипаттап көрелiк.

А. В. Бондарко сандық категориясын бiрiншiден, сандық категориясының тiлдегi көрiнiсiн бiлдiретiн семантикалық категория ретiнде, екiншiден, осы семантикалық категорияға негiзделетiн квантативтiк деңгейi тiлдiк құралдардың топтамасынан айқындалатын функционалды-семантикалық өрiс ретiнде қарастыра отырып, оның негiзiне зат есiмнен болған сандық мағынаны, шет аймағына сан есiмдiк тiркестерге, адъективтi, адвербиалды сандық қатынастарды жатқызады [47, 161б. ] .

М. М. Копыленко сандық мағынаны айқын және айқын емес деп бөлiп көрсете отырып, айқын көптiктiң функционалды-семантикалық өрiсi бiр орталыққа негiзделген, гетерогендi кешендi ядролық категория болып табылады деп көрсетедi. Автор айқын көптiктi iшiнен мезуративтер арқылы айқындалушы көптiк, мезуративтерсiз айқындалушы көптiк деп бөледi де, мезуративтiк көптiкке салмақ, өлшем, уақыт бiрлiктерi арқылы айқындалушы көптiк мағыналы сөздердi жатқызады. Ал мезуративсiз көптiк, автордың көрсетуiнше iшiнен эксплициттi (есептiк және реттiк сан есiм арқылы айқындалушы) және имплициттi (ұғымдық көптiк) деп бөлiнедi [5, 34б. ] .

А. А. Холодовичтiң пiкiрiнше көптiк iшiнен айқын-айқын емес, нақты-дискреттi, тоталды-партитивтiк (столдар-үш стол) деп бөлiнедi [48, 15б. ] .

Е. В. Гулыга, Е. И. Шендельстер көптiк өрiсiн бiлдiрушi тәсiлдердi лексикалық және грамматикалық өрiстер деп сипаттай отырып, көптiк шағын өрiсiн а) жекелiк формадағы (нөлдiк формадағы) және ә) көптiк формадағы көптiк шағын өрiсi деп бөлiп көрсетедi. Олардың көрсетуiнше, көптiк шағын өрiсiнiң негiзгi доминанты яғни негiзi - айқын түрде берiлетiн көптiк жалғаулар. Ал шет аймағы - сын есiмдер, үстеу, есiмдiк және т. б. көптiк ұғымды бiлдiрушi сөз таптары [27, 15б. ] .

Сонымен, көптiк категориясының функционалды-семантикалық өрiсi бiрде, белгiлi бiр грамматикалық доминант арқылы берiлiп, эксплициттi жағдайда орын алса, бiрде партитивтiк, кеңiстiктiк және тағы басқа жағдайлар арқылы имплициттi түрде берiледi екен.

Функционалды-семантикалық талдауда қашан да тiрек етiп белгiлi бiр грамматикалық категория алынады, барлық түйiн соған негiзделедi, оның семантикасы мен қызметiне сүйенедi. Көптiк категориясының негiз болар осындай көрсеткiшi - көптiк мағынасы. Сондықтан, жұмысымызда осы айтылған ой-пiкiрлердi басшылыққа ала отырып, көптiк шағын өрiсiнiң негiзi ретiнде морфологиялық тәсiлдердi (көптiк жалғауы арқылы, сөзжасаушы формалар арқылы, сөздердiң тiркесуi арқылы) қарастырамыз. Көптiк мағынаның эксплициттi айқын көрсеткiштерiнiң қолданылу аясы имплициттi көрсеткiштерден кең. Дегенмен, көптiк категориясының функционалды-семантикалық өрiсi тек эксплициттi көрсеткiштердiң қызметi, мағынасы аясында шектелмейтiндiгi белгiлi. Сол себептен, көптiк шағын өрiсiнiң шет аймағы ретiнде имплициттi түрде, iс-әрекеттiң қайталануы, партитивтi тәсiлдер арқылы берiлетiн көптiк мағынасын бiлдiрудiң лексикалық және синтаксистiк тәсiлдерiн қарастыратын боламыз.

Көптiк категориясы тiл құрылысының материалына байланысты күрделi, кең аспектiлi категория. Бұл категория әр түрлi лексикалық және грамматикалық тәсiлдер арқылы берiлетiн ұғымдық категория деп те түсiнiледi. Көптiк категориясы ұғымы көптiк жалғауы ұғымымен салыстырғанда кең мағынаға ие. Көптiк категориясы негiзiнен заттың көптiк ұғымымен байланысты да, морфологиялық жағынан көптiк жалғауы арқылы берiледi. Әйтсе де, көптiк жалғауы көптiк категориясының мағынасын толығымен қамти алмайды деп толық айта аламыз. Дегенмен де, көптiк жалғауы көптiк категориясының негiзгi грамматикалық заңдылықтарын жинақтап қорытындылайды. Бұл тұрғыда қазақ тiлiнiң белгiлi грамматисi А. Ысқақов “тiлiмiзде көптiк категориясы да, көптiк жалғау категориясы да бар. Ал, осы екеуi бiр де емес және бiрдей де категориялар емес. Көптiк категориясы деген ұғым жалпы ұғым да, көптiк жалғау категориясы - жалқы ұғымң деген едi [18, 39б. ] .

Көптiк категориясы заттың белгiсiз мөлшерiн де бiлдiредi. Белгiсiздiк - Бұл категорияны сандық (сан есiмдер) категориясынан айырып көрсететiн негiзгi ерекшелiк. Дегенмен де, семантикалық тұрғыда, ол Бұл категорияны толығымен камтиды. Мысалы : балалар, он шақты, көптеген жылдар бойы, some people, a lot of students және т. б.

Көптiк категориясын зерттеу - объективтi түрде, тарихи факторларға сүйене отырып, тiлдiң iшкi тетiктерiн, лексика мен грамматиканың өзара қатынасын зерделеуге мүмкiндiк бередi. Бұл - лексеманың грамматикалық форма болып құрылымдық өзгерiске енуi, сөз жасаушы суффикстiң форма жасаушы немесе сөз түрлендiрушi, грамматикалық форматив болып өзгеруi болып табылады. Екiншi жағынан, грамматикалық форманың лексикализациялануы, грамматикалық формаға жаңадан лексикалық мағынаның үстелуi. Осыдан барып, олар өздерiне қайшы қойылған грамматикалық формамен семантикалық қатынасын жоғалтып, бұрынғы парадигма шеңберiнен шығады.

Формализациялау тәсiлi арқасында көптiк категориясы әмбебап грамматикалық сипатқа ие болады. Сөзде көптiк мағынаның бар болуы, грамматикалық форманың сөйлемдегi сөздердi жүйелеуi үшiн морфологиялық-синтаксистiк рөл атқаруына ықпалын тигiзедi. Яғни, көптiк категорияның грамматикалық формаларының жаңа лексикалық мағынаға ие болуы арқасында грамматикалық формалар сөз жасау функциясына ие болады, демек, олар көптiк категориясы негiзiнде сөз жасам үлгiсiн жасайды.

Көптiк категорияның негiзiн басқа да категориялар сияқты адам санасында қалыптасқан сандық қатынастар құрайды. Зат есiмнiң жекеше және көпше түрлерiнiң арақатынасы негiзiнен жекелiк пен көптiктiң қайшылықтарын бiлдiредi. Мұнда тiлдi объективтi шындықты бейнелеушi бiрден-бiр категориялар жүйесi ретiнде көрсететiн, көптiк категориясының нақты логикалық мәнi жатыр. Бұл (нақты логикалық мән) грамматикалық көптiк категориясының табиғатымен қатар, қызмет жасау аясын да айқындайды. Сонымен қатар, тiлдiң грамматикалық жүйесiнде көптiк формасы мағынасы нақты сандық қатынастарды ғана бiлдiрiп қоймайды, ол басқа да грамматикалық категориялар сияқты, тiлдi жүйелi-құрылымдық қатынас негiзiнде де бейнелейдi.

Агглютинативтi немесе флективтi тiлдердiң қай-қайсысында болмасын сөз формаларының сәйкесуi және сөздiң түрленуi арқылы айқындалатын сандық формасы немесе парадигмалық қатынасы бар. Жинақтық, заттық және дерексiз сияқты санамалауға келмейтiн ұғымдарды бiлдiретiн зат есiмдерде де көптiк формаға тән белгi бар. Оларды санауға келмейдi және олардың грамматикалық формасы сандық қатынасты бiлдiрмейдi. Алайда, санауға келетiн заттардың өздерi де үнемi дерлiк жекеше немесе көпше түрi формалары арқылы берiле бермейдi. Сондықтан жылдар бойы қалыптасқан тiлдiк форма белгiлi бiр затты қабылдау кезiндегi таным процесiне мүлдем қайшы келуi мүмкiн. Мысалы, орман, марал, forest, deer сөздерi жекелiк, көптiк мағынасында қолданыла бергенiмен, бiр өздерi тұрып сандық ұғым бере алмайды және сөздiң тек номинативтiк формасында қала бередi. Бұл көптiк категориясының грамматикалық мазмұны, жекелiк пен көптiктiң нақты мағынасын салыстырып, оларды бiр-бiрiне қайшы қоюмен ғана шектелмейдi дегендi бiлдiрсе керек. Мұндай жағдайда тiлдiк бiрлiктердiң “асимметриялық дуализмiң көрiнiс табады [50] .

Көптiк категориясы сандық қатынасты материяның объективтi болмысы ретiнде сипаттайды. Көптiк категориясының тiлдiң сандық категориялар жүйесiнде алар орны - оның номинативтiк табиғаты арқылы айқындалады. Басқа да категориялар сияқты көптiк категориясы сыртқы ортаны бейнелеумен, танумен байланысты. Сандық қатынас жекелiк пен көптiктi бiр-бiрiне қарама-қайшы қоя отырып, көптiк категориясына нақты мағына үстейдi, оның мәнiн айқындайды.

Көптiк категориясының негiзгi грамматикалық мағынасы (жекелiк және көптiк) заттың сандық қатынасын бiлдiредi және екi түрлi тәсiл арқылы берiледi: а) көптiк жалғауы арқылы; б) нөлдiк формасы арқылы. Кейбiр тiлдерде Бұл екi тәсiлдiң тек бiрi ғана қолданылатын болса (мысалы, қазақ тiлi), кейбiрiнде (мысалы, ағылшын тiлi), екi тәсiл де бiр құрылым аясында қолданыла бередi. Мұндай кезде айқын көптiк мағына бiрлiктiң мағынасын анықтайды және толықтырады. Мысалы, five books, some people. Бұл мысалдарда, көптiк категориясы грамматикалық және лексикалық тәсiлдер арқылы бiрдей берiлiп тҮр.

Қазақ тiлiнде, егер зат есiм алдына көптiк ұғым бiлдiретiн сөздер немесе сан есiмi үстелер болса, көптiк морфемасы түсiп қалады. Бұларға (көптiк ұғымды бiлдiретiн сөздер немесе сан есiмдерге) квантификаторларды, көптiктi бiлдiрудiң эксплициттi және имплициттi тәсiлдерiн жатқызуға болады. Қазақ тiлiнде көптiк категориясы морфологиялық тұрғыдан бiр ғана тәсiл арқылы сипатталады. Мысалы: оқушылар - көп оқушы . Бұл жағдайды төмендегi үлгi арқылы бiлдiруге болады:

Q →N ←Suf

a) + → N← +

b) + →N← −

c) − →N← +

Ағылшын тiлi көптiк ұғымын бiлдiруде бiрiншi үлгi кеңiнен қолданылса, қазақ тiлiне соңғы екi үлгi тән. Бұл үлгiден ауытқыған жағдайда, қазақ тiлi стилистикалық өзгерiске Үшырайды. Бұл туралы А. Н. Кононов: “Если такое словосочетание оформлено аффиксом

-лар/-лер, то оно выражает членимого, неоднократного множества; другими словами, определяемое имя мыслится выделенным из числа ему подобных и наделенным индивидуальными признакамиң деп көрсетедi [54, 70б. ] . Мысалы: Қуаныш ағай бiзге мектептегi кiтаптарды , оқу құралдарын , тағы да басқа заттарды Бұлдiрмей салға тиеудi тапсырды (Қ. ОмарҮлы) .

Бұл мысалдан кiтаптың көп екендiгiн ғана бiлiп қоймаймыз, сонымен қатар, оның әр түрлiлiгi туралы мағлұмат аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баянауыл өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
ИНСТИТУТТЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРМЕН ЖАҢАША БАЙЛАНЫСЫ
Ойлау
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Тарих және филология факультеттерінің 1884 жылғы Жарғыны дайындау және жүзеге асыру барысында ұйымдастырушылық негіздерінің эволюциясы
Оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы Қазақстандық ғалымдардың патриоттық мәселелерге байланысты ой-пікірлері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
АКАДЕМИК С. ҚАСҚАБАСОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГТІК МЕКТЕБІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz