Түрік қағанатының батыс саясаты



Жұмыс түрі:  Диссертация
Көлемі: 51 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ
Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
кафедрасы

Магистрлік диссертация
Түрік қағанатының сыртқы қарым-қатынасы тарихы.

Орындаушы Ө.Айтуған
2005 ж

Ғылыми жетекші
т.ғ.к, доцент А.Ш.Махаева

2005 ж

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.д, профессор
Т.О. Омарбеков
2005 ж

АЛМАТЫ 2005 ж.

Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4-12 б

I-тарау.Түрік қағанатының көрші елдермен YI ғасырдың II жартысындағы саяси
қарым-қатынасы
1.1. Орталық Азиядағы геосаяси ахуал
және Түрік қағанатының құрылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13-22 б
1.2.Түрік қағанатының батыс саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22-28 б
1.3. Түрік қағанатының шығыс саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27-30 б

II-тарау. Түрік қағанатының көрші елдермен VI-II жартысы
VIII-ғасырдың II жартысындағы саяси қарым-қатынасы.
2.1. Түрік қағанатындағы ішкі саяси өзгерістер
мен қайшылықтар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31-37 б
2.2. Түрік тайпаларының араб және қытай экспанциясына
қарсы күресі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 38-39 б
2.3. Түрік-соғды қарым-қатынасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40-44 б

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 45-47 б

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48-51 б

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақстанда тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасына [1] сәйкес Қазақстан
тарихы, әсіресе оның ерте және орта ғасырдағы этно-саяси тарихын ендігі
жерде қалай жазу керек, ол дәуірлерде құрылып салтанат құрған Үйсін,
Қаңлы, Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлық, Қарахан т.б мемлекеттердің
тарихы қалай жазылуы керек. Қайтадан жазыла бастаған Қазақстан тарихы
авторлары бұл сауалға: ...Қазақстан тарихының үздіксіздігін, қазақ халқы
тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күндерге дейінгі
сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсетуге әрекеттену
керек[2], деген жауап береді. Біз міне осындай ұстанымдарды негізге ала
отырып, орта ғасырда Қазақстан өңірінде өмір сүрген түрік қағандығының
саяси тарихын зерттеуге талпындық.
Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде өзінің егемендігін алғаннан
бері еліміздің халықаралық қатынастағы геосаяси жағдай күрт өзгерген кезде
тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болып жатыр. Әсіресе
бүгінгі күнгі Қазақстан республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа кіру
уақытында, қазақ халқының рухани өрлеуімен, тарихи санасының қалыптасу
заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен, мемлекеттермен ғасырлар
бойындағы болған қарым-қатнастары мен байланыстарына деген қызығушылығы
едәуір артып отыр. Осы орайда, халықаралық аспектіге ие түркі факторының
белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық құбылыс емес. Өйткені,
түркілер орта ғасырдың ең ірі этникалық топтарының бірі ретінде бірқатар
түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының
қалыптасуында айрықша роль атқара отырып, адамзат тарихының ең ірі
оқиғалары өткен Еуразия даласының бірқатар этностары мен мемлекеттерінің
тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды.
Ежелгі түркі мемлекетінің территориялық шеңбері қазіргі Қазақстан жерін
қамтып тарихи даму жағынан қазақ халқы олардың этникалық және мәдени
мұрагері болып табылуы себепті, ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерттеу
ісі сол төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігімізбен
мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса әлемдік
қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатнастардың қандай деңгей мен
сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік,
қоғамдық және ұлттық танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі басқа
елдермен сыртқы саясатымызда қарым-қатынасымыздың тарихи тамырларымен
негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор.
Осы диссертацияның тақырыбы мен мазмұнын қамтитын ежелгі Түркі
мемлекетінің басқа мемлекеттермен ғасырларға созылған қарым-қатнастарымен,
байланыстарын ашу арқылы ежелгі Түркі мемлекетінің діңгегін құрған қазақ
мемлекетінің ортағасырлардағы Қытай, Иран , Византия мемлекеттерімен
байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп бүгінгі әлемдік
қауымдастықтағы орнымен маңыздылығын жаңа деңгейде жаңғырту үшін маңызды
негіз бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы батыс пен шығыс
елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи
байланыстарының тамырларымен, бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды фактор бола
алады.
VI-VIII ғғ. өмір сүрген көшпелілердің кезекті мемлекеті Түрік
қағанаты әлемдік мемлекеттер тарихында үлкен орын алады. Ұзақ уақыт бойы
түрік әлемінің тарихы Кеңестер Одағында Шығыс халықтарының тарихынан, әлем
өркениетінен бөлініп төмендетіліп оқытылды . Осыған байланысты Европада да
көшпелілер даланың құлдары, жабайылар, дамыған әлемнен тыс өмір
сүрген деген көзқарастар қалыптасқан. Олар үшің көшпелілер қоғамы тарихта
жоқ қоғам болып есептеледі.
Ежелгі Түркі мемлекетінің тарихын зерттеу саласында жалпы қызығушылық
болып бірқатар еңбектердің шыққанына қарамастан қазіргі уақытқа дейін бұл
мәселенің бірқатар астарлары белгісіз және оның тарихын толық қамтитын
арнайы зерттеу бүгінге дейін жоқ.Оның көптеген себептері бар,атап айтар
болсақ, түріктер өмір сүрген дәуірден бізге жеткен жазба деректер негізінен
қытай жылнамаларында сақталған. Бірақ, олар қазақ тіліне аударылып, ғылыми
айналымға түсе қоймады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Түріктер туралы алғашқы зерттеуді еуропа ғалымдары бастаған болатын.
Орхон-Енисей және Талас жазбаларын, басқа да ежелгі және орта ғасыр
кезеңіне қатысты мәдениет ескерткіштерін жан-жақты зерттеу VI-VII
ғасырлардағы түрік халықтарының тарихына жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға,
ғалымдарға сол уақытта Түрік империясының көптеген халықтар мен
мемлекеттердің тағдырында атқарған тарихи ролі туралы қорытындылырға
келуге мүмкіндік береді.
Орталық Азия халықтарының ортағасырлық тарихын зерттеудегі қазіргі
заманғы шетелдік тарихнамасының дамуына Д.Синор, К.Менгес П.Альто және
басқалар негізін қалаған түрік және моңғол тілдерінің тууы туралы алтай
теориясы басым ықпалын тигізіп келеді [3] 50-60 жылдары бұл теорияға
Лондон университетінің профессоры, моңғол және түрік тілдері білім
саласының белгілі маманы Джерард Клоссон (1891-1974) қарсы шықты [4].
Түрік қағанаттары мен олардың ыдырауынан кейінгі уақыттарда Орита
Азия мен Қазақстан ауқымында дүниеге келген мемлекеттердің этникалық
құрамын, қазақ халқының қалыптасу процесіне дейінгі кейбір тайпалардың тілі
мен бөлек әр кезеңдегі қонысы, өлкенің тарихи жағрафиясына қатысты басқа да
күрделі мәселелердің басын ашып қарауға Дж. Клосонның XIII ғасырға дейінгі
түрік тілінің этимологиялық сөздігі, Түрік-руникалық жазуының шығу тегі,
Моңғол тіліндегі ежелгі түрік сөздері аты еңбектерінің тарихшыларға
көрсетер көмегі зор.
Көне түріктер мен оларға көршілес халықтардың тілдеріне зор мән
берілудің бір сыры ғалымдардың лингвистикалық деректерді өткен дәуірдің
кейбір беттерінің сырын ашу үшін көмекші құрал ретінде пайдалануға
тырысуына байланысты. Мысалы, неміс ғалымы А.Габен көне түрік грамматикасы
мен Орхон-Енисей жазбаларын түбегейлі зерттеу ежелгі түріктердің рухани
дүниесінің мәнін түсінудің қажетті шарты ретінде көреді [5]
Түрік қағанатының ішкі-сыртқы саясаты жөніндегі шетелдік ғылыми
әдебиетті қазақстандық оқырман қауымға жеткізуде ерекше ерен еңбек
сіңірген тарихнамашы ғалым К.Л.Есмағамбетов болды[6]. Қазақстанның
ортағасырлық тарихын соның ішінде түріктер дәуірі туралы батыс деректері
мен әдебиеттерін зерделей келе, ғалым өзінің көп жылғы зерттеулері
негізінде жазылған докторлық диссертациясының бірінші тарауын Төңкеріске
дейінгі Қазақстан тарихы мәселелерінің ортаазиятанушы батыс мектептерінде
зерттелуі деп атаған[7]. Онда шетелдік ғалымдардың Қазақстан
территориясындағы ортағасырлық мемлекеттердің, атап айтқанда, Түрік
қағанатының сыртқы байланыстарына үлкен ден қойып зерттегені көрсетілген.
К.Л.Есмағамбетов зерттеулеріне қарағанда, ежелгі түрік кезеңінің оқиғаларын
баяндайтын жазбаша деректердің зерттелу тарихнамасы сонау XVII ғасырдағы
Қытай жылнамалары мен араб шығармаларының басын қосу негізінде түрік
тарихына шолу жасауға әрекет еткен француз маманы Ж.Дегиннен басталады.
XVIII ғасырдың орта кезінде француз миссионерлері Маия, Гобильдер көптеген
Қытай деректерін аударды. Осы аудармалардың негізінде Дегинь түрік кезеңін
зерттеудің француз мектебін қалыптастырған. XIXғасырдың соңында Орхон-
Енисей бітіктастар жазуының құпиясы ашылғаннан кейін Европа ғалымдары түрік
тарихымен айналыса бастаған болатын. XIX ғасырда Вивьен де Сен-Мартен,
аббат Лебон, XX ғасырдың басында (1903ж) француз тарихшысы Е.Шаванның
қытай жазба деректерімен батыстық зерттеулерге сүйене отырып жазған Батыс
Түрік жөніндегі материалдар атты еңбегі қосылды. француз мектебінің
кейінгі жарқын өкілдері П.Пелльо, А.Кордье, Р.Груссе болды. Осылардың
ішінде Р.Груссе өз еңбегінде ерте орта ғасырлардағы көшпелілерге жалпы
сипаттама бере отырып, олар құрған империялар мен отырықшы мемлекеттер
арасындағы қатынастар тарихын жүйелеп, анық жазған.
Түркология дәстүрін жалғастырушылар ішінде неміс мектебі де кеңінен
танылған. Оның өкілдері- Лю Мао Цзай, Н.Маркварт, Ф.Хирт, т.б еді.
Сөйтіп, көне түрік жазбаларында араб, парсы және қытай тілді дерек
көздерінде сақталған тарихи материалдарды саралап зерттеу нәтижесінде
еуропалық ғалымдар Түрік қағанатының шынайы тарихын қалпына келтіруге
талпынды. Орыс ғалымдарының арасынан біз зерттеп отырған мәселені бірінші
болып қолға алған В.В. Бартольд [8] болды, ол “Очерки истории Семиречья “
[9] сияқты бірқатар еңбектерінде түріктердің саяси байланыстары туралы
зерттеу жүргізген.Академик В.В.Бартольд Орта Азиядағы көшпелілер мәдениетін
- иран тілдес тайпалармен байланыстырады. Ол теңдесі жоқ ғылыми маңызы бар
түріктердің сыртқы саясаты туралы мәліметті араб-парсы, түрік жазба
деректері арқылы саралап берді. Сондықтан да оның еңбегі әлі күнге өзінің
ғылыми құндылығын жоғалтпай келеді.
Ал орыс синологиясының атасы Н.Я.Бичурин Орталық Азия мен Жетісуда
ерте орта ғасырда өмір сүрген түрік халықтары жөнінде оның этникалық құрамы
мен олардың орналасу жағдайы туралы мәлімет бергендердің бірі болып
саналады.[10].
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда түріктерді лингвистикалық тұрғыдан
зертеген түркологтар зор табыстарға қол жеткізді деуге болады. Орхон-Енисей
бітік жазуын зерттеу ісіне Тараз-Талас, Есік қорғандарынан табылған заттар
түріктер жөніндегі белгісіздіктерге сәуле шашқандай болды. Бұл салада
түрколог ғалымдар В.В.Радлов [11], В.П.Васильев[12], Н.А.Аристов [13],
С.Е.Малов [14], әкелі-балалы Сәрсен [15], Алтай Аманжоловтар [16],
С.Г.Кляшторный [17], Қ.Өміралиев [18], М.Жолдасбеков [19], Қ.Сартқожаұлы
[20] қатарлы ғалымдар айтарлықтай еңбек етті.
Түріктер дәуірінде жасалған заттық-рухани мәдениеттердің қазақ халқы
жасаған этно-мәдени үрдістерге тым жақындығын, дәстүр жалғастығын танып
білуге отандық археолог-тарихшылар ашқан жаңалықтардың орны ерекше.
Академик Ә.Х.Марғұлан, К.Акишев [21], К.Байпақов[22], Р.З.Бурнашев [23]
т.б. ғалымдардың еңбектері арқылы түрік қағанаты және оның мұрагерлері
дәуіріндегі саяси-әлеуметтік құрылымды, мәдениетті жан-жақтылы зерттеудің
негізі қалана бастады. Осы бағытта алғашқылардың бірі болып М.Ақынжанов
қазақтың тегі туралы тың ізденіске барды. Ол қолында нақты дәлелі болмаса
да, өз пікірін былай деп жазды: Қазақтың халықтық негізіне алғашқы ұйытқы
болған Түрік, Түркеш пен Қарлық одағы болды [24]-деп жазды.
Түрік қағанатының саяси-әлеуметтік, этникалық және мәдени-
эканомикалық тарихы кеңестік дәуірде бірқатар тарихшы-зерттеушілер
еңбектеріне арқау болды. Олардың арасында А.Н.Бернштам [25], Ю.А.Зуев [26]
есімдерін ерекше атап өтуге болады.
Олар өз еңбектерінде Түрік қағанаты өзіндік ерекшелігі бар жоғары
дамыған қуатты мемлекет деп көрсетті.
Біз қарастырып отырған ежелгі Түркілер туралы жазылған жалғыз
монографиялық еңбек – Л.М.Гумилевтың Көне Түріктері [27]. Л.М.Гумилев өз
зерттеуінде Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір
дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін Орта теңіз мәдениеті
мен Қиыр шығыс мәдениеті, бір-бірінің дүниеде бар екенін білсе де басы
қосылмаған еді- деп дәл анықтап Түрік қағанатының басқа мемлекеттермен
қарым-қатнасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясын атап
айшықтайды. Сонымен қатар ол Түрік қағанаты сыртқы қарым-қатнасында
дүниежүзілік саяси процестерге белсенді қатысқанын және сол қатнастардағы
негізгі фактор – Ұлы Жібек жолы екендігін айрықша атап көрсетті.
Түрік қағанаты мен Византия, Иран арасындағы саяси-экономикалық
байланыс Н.В.Пигулевская [28], А.А.Иерусалимская [29], В.Ставиский
[30]еңбектерінде қарастырылып, Түрік қағанаттының сыртқы саясаттағы орны,
атап айтқанда, Истеми қағанның жүргізген сыртқы саясаттағы рөліне баға
беріледі.
Түрік-соғды саяси қарым-қатнасы мәселесі А.Джалилов [31], О.И.Смирнов
[32], Ф.М.Каршиева [33], А.М.Маликов [34] зерттеулерінде көрініс береді.
Зерттеушілер түрік-соғды саяси қарым-қатынасы Орталық Азияда отырықшы және
көшпелі тайпалардың өзара мәдени-этникалық байланысын нығайта түсті деген
тұжырым жасайды. Кейінгі кезде бұл мәселемен жас зерттеуші А.Б.Сәрсенбаев
айналысты. Ол өзінің магистірлік дисертациясында [35]көне түріктердің
соғдылықтармен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын зерттеп,
былайша қорытынды жасайды: соғдылықтар өз көршілерінен жәбір көрсе және
бастарына күн туса баратын жері Түрік қағанаты еді. Түрік қағанатын олар
сауда –экономикалық жол үшін кеңінен пайдаланса түркілер өз кезегінде
оларды саяси-экономикалық жағынан, әкімшіліктік өмірде кеңінен пайдаланды.
Екі ел VI-VIII ғасырда өте терең араласып, IX ғасырда бір-біріне сіңісіп,
соғды – этникалық атау жоғалып, түрікі тайпаларының құрамына араласып ,
мұсылман дініне өтті.
Түріктердің арабтармен саяси байланыстары мәселесі де аса күрделі
деуге болады. Бұл мәселе жанама түрде болса да Т.И. Сеникова [36],
Т.С.Саидбаев [37], Е.А.Беляв [38], О.Г.Большаков[39], А.К.Сұлтангалиева
[40], Н.Д.Нуртазина [41], Е.Т.Қартабаева [42] және т.б зерттеу
еңбектерінде қарастырылады. Олар араб-түрік саси қарым-қатынасы отандық
тарихнамада іс жүзінде зерттелмеген деп көрсетеді. Мысалы, Е.Т.Қартабаева
Кеңестік дәуірде түріктердің шекаралас ислам елдерімен мәдени және саяси
байланыстары тарихын зерттеушілер пантүрікшіл, панисламшыл деп
айыпталды [43] деп түсіндіреді. Сондықтан да түрік-араб саяси қарым-
қатынасын зерттеудің сәті енді түсті деп ойлаймын.
Түрік қағанатының шығыс саясатында Қытаймен байланыс үлкен орын
алады. Мәселені зерттеуге Қытайдың Сүй, Тан әулеті дәуіріндегі тарихын
зерттеген Лубо-Лесниченко [44], Чеканаги Али Реза [45], В.А.Вельчук [46],
Х.Г.Крил [47], А.Г.Малявкин [48], бір кісідей атсалысты. Аталған
зерттеушілер Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер белсенді сауда-саттық жасап
қана қоймай, материялдық құндылықтарда алмасты . Бұл құбылыс Еуразия
халықтарының ортағасырлық саяси тарихына да зор әсерін тигізді деп
тұжырымдайды.
Бауырлас қырғыз халықы ғалымдарынан аталмыш мәселеге тартқан С.Т.Табышалиев
болды. 1922 жылы С.Т.Табышалиев Ұлы Жібек жолындағы Қырғызстан деген
тамаша туындысын жарыққа шығарды [49].
Ал жібек жолы мәселесі бойынша түріктер еліне келген византиялық елші
Земарх туралы ғалым Аман Газиев еңбегінде жан-жақты қаралады [50].
Түрік қағанатының қағандары жүргізген сыртқы саясат мәселесін жан-
жақты талдап, зерделеген және өзінің еңбегін қырғыз тілінде жариялаған
белгілі түріктанушы ғалым Ө. Қарауулы [51]болды.
Қазақстандық зерттеушілер де Түрік қағанатын әр қырынан зерттеуге ат
салысуда. Қажаубай Сартқожаұлы [52], А.Ш.Махаева [53], Қ.Салғараұлы[54]
еңбектері тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жарық көрді.
Түріктердің шаруашылығы жайлы тың ойлар айтып,соны пікірлер жазған
ғалым У.Х.Шәлекенов болды. Зерттеуші өзінің Түріктердің отырықшы
өркениеті деген кітабында [55] түріктер Алтай жақтан келген емес, олар өз
жерінде түрік қағанатын құрған - дейді және түріктердің шаруашылықтың әр
түрінен айналысқанын археологиялық деректермен көрсетіп береді.
Түргеш қағанатының тарихын кандидаттық диссертация деңгейінде
зерттеп, түргештердің көрші мемлекеттермен өзара саяси байланысын 5 тарихи
кезеңге бөле отырып зертеген Ә.Дәулетханов [56] Жетісу мен Орталық Азиядағы
елдердің тағдырына айрықша ықпал еткен 751 жылғы Атлах шайқасына
түргештердің басқыншы Таң империясының армиясын талқандаған ұлы жеңіс деп
баға береді.
Дегенмен де Түрік қағанатының саяси тарихы әлі күнге дейін арнайы жазылған
емес. Арғы атам – Ер Түрік, біз – қазақ баласы - деп М.Жұмабаев
жырлағандай түп тегіміз түріктер екені даусыз. Тек оны тани білу үшін Түрік
қағанаты тарихын тереңдете зерттей білген жөн.

Зерттеу жұмысының түпдеректік қоры

- Ежелгі Түріктер тарихы осы уақытқа дейін жеткіліксіз зерттелуі мен
деректік материалдарының тапшылығына байланысты күрделілік туғызуда.
Дегенмен ізденістердің негізінде тақырыпты айшықтайтын деректердің
бірнешеуі анықталды. Атап айтсақ руникалық жазулар ескерткіштері,
археологиялық жазулар, тарихи жазбаша деректер. Тарихымызды зерттеуде
бұлардың әрқайсысының ерекше орны бар. Руникалық жазбалар түрік
бабаларымыздың төл туындысы. Олар Түрік қағандғының саяси құрылымы,
әлеуметтік-эканомикалық және мәдени дамуына қатысты теңдесі жоқ мәліметтер
беруімен құнды. Ең алдымен түрік хандары Күлтегін (732) мен Білге қаған
(735) құрметіне қойылған ескерткіштер-Кашацайдам құлпытастарын атап өткен
жөн. Бұл жазбалардың авторы ашина әулетінен шыққан Иолығ-тегін. Ол Түрік
тілінде жазған есімі бізге белгілі тұңғыш жазушы. Тоныкөк (716), Құлшора
құрметіне қойылған ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын Кошацайдам
мәнерлі тексі негізінен Шығыс Түрік қағанаты жөнінде мәліметтер береді.
Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс Түріктері тарихының
оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи-
географиялық, тарихи-саяси және этнографиялық проблемалардың тұтас кешенін
зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ежелгі Түрік ескерткіштері
алдыңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның мәселелерін талдап шешуде өте
маңызда рол атқарады. Áiðàº, æ¾éåëi ò¾ðäå çåðòòåó,òåê Â. Òîìñåí ìåí Â. Â.
Ðàäëîâòû ò¾ðêi ðóíèêàëûº æàçáàëàðûíû êiëòií òàïºàííàí ñî æ¾çåãå
àñûðûëäû . Келесі дерек көзіне археологиялық ескерткіштерді жатқызамыз.
Ескерткіштерге ғұрыптық және зираттық (жерлеулік) түрлері, тас бетіндегі
бейнелеулер (петроглифтер) мен таңбалар жатады. Түрік бабаларымыздың ұлы
мұрасын зерттеуде заттай деректердің сырын ашу басты мақсаттардың
бірі.Түріктік археологиялық ескерткіштер қуатты өркениеттің болғанын
айғақтайтын дерек. Ал тарихи жазбаша деректерге ежелгі орта ғасырлардағы
шетелдік тарихшылардың еңбектері жатады.
Түрік қағандығы жайлы деректер тарихнамасы бірнеше бағытта белгілі.
Жазба деректер түп негізіне қарай мына бағыттарда белгілі:
- қытай деректері;
- араб-парсы деректері;
- сириялық (византия, грек) деректері;
Тізбектелген жазбаша деректер әр алуан уақытта және әр кездерде
жасалған еңбектер жиынтығы. Үш бағытта сипатталған жатжерлік жазбаша
деретердің алдыңғысы өз қойнауына мол тарихи қазынаны алып жатқаны анық.
Өйткені, Қытай Түрік қағандығын саяси одақтас ретінде таныған ең алғашқы
мемлекет және екеуі көрші тұрғандықтан бірде келісе алмай шекісіп қалса,
бірде достасып бір-біріне сыйлық жіберіп қатынастарын үзбеген. Атап айтсақ
саяхатшы Сыма Цянь, елші Чжан Цянь мәлімдемелері, Суй әулетінің тарихы
(581-618жж.), Тан әулетінің тарихы (618-906жж.), Тун дянь Ду Юдың
тарихи энциклопедисы, Тайпин Хуаньюй цзи Юэ ШИ тарихи географиялық еңбегі
тектес деректер жатады.
XIX ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичурин (Иакинф) қытай жазба
ескерткіштеріндегі түрік тайпалары туралы мәліметтерді шығаруы
түркологиядағы көрнекті құбылыс болды. Н.Я.Бичуриннің енгізген деректері
әлі күнге ғылыми айналымдағы негізгі деректер топтамасына жатады.
Қазақ зерттеушілерінен қытай деректерін алғаш ғылыми айналымға
енгізген Қ.Салғараұлы болды..
Ал екінші дерек тобына жататын араб-парсы деректерінің де маңызы кем
емес. Олар ежелгі түріктердің тарихын баян ететін еңбектер VIII-XI ғасырда
дүниеге келген туындылар. Атын атап, түрін түстейтін болсақ әл-Балазур
Елдерді жаулап алу кітабы (Китаб футух-әл-булдан), ат-Табари Пайғамбар
мен патшалар тарихы (Тарих әр-мусул уә-л-мулук ), әл-Жахиз Түріктердің
қасиеттері (Манакиб әл-атрак ), Ибн-Хордадбех Жолдар мен мемлекеттер
кітабы (Китаб әлмасалин уә-л-мамалик ), әл-Якуби елдер кітабы (Китаб
әл-булдан), әл-Масуди Уакыт тарихы (Ахбар әз-заман), сол сияқты
Гардизи, ибн-Фадландар ежелгі түріктердің VI-VIII ғасырдағы тіршілігіне
қатысты мәліметтер берген. әл-Балазури еңбегінің үзіндісі С.Волин тарапынан
аударылған. Абу Жафар Мұхаммед ат-Табари (839-932)шығармалары әл-
Баларузидің еңбектерінің тақырыбы мен қолданған деректері тұрғысынан ұқсас.
Алайда бұл автор қолданған материалдарының молдығы және болған оқиғалардың
уақыттарын мұқият көрсетуімен ерекше көзге түседі. Бұл еңбек түрік қағанаты
тіршілігінің кейінгі уақыттарындағы Орта Азиядағы саяси жағдайлар туралы
мол мәліметтер береді. Ат-Табари шығармалары В.И.Беляевтің еңбегі негізінде
толық кітап болып 1987 жылы Ташкентте басылып шықты. Ат-Табаридің замандасы
Бағдатта туған энциклопедист әл-Жахиз Түріктердің қасиеттері деген
еңбегінде түрік тайпаларын тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан сипаттап
берді. Ал үшінші бағыттағы деректер жиынтығы меніңше көп назар аударуды
қажет етеді. Олай дейтінім, сириялық деп көрсетілген жазбаша деректерде
батыс түріктеріне (Истемин қаған билеген түріктерге) байланысты мәліметтер
баршылық.Бұл деректерде Қазақстан территориясын мекен еткен дербес Батыс
Түрік қағанаты мен олардан кейінгі мұрагерлері жайлы мағлұматтар табылады.
Сириялық авторлар ежелгі түріктердің заманында өмір сүрген тұлғалар.
Сондықтан олар терең зерттеуді қажет етеді.Олар: Менандер Протектор
Византиец (VI ғ.), Михайл Сириец (VI ғ.), армиян Фафстах Бузанд (V ғ.),
Иоан Ефесский (V ғ.), Феофилакт Симокатта (VII ғ.), Прокопий Кесарийский
(VI ғ.), Феофан Византиец (VI ғ.),Яков Эдесский(VII ғ.), т.б. авторлар ғұн,
эфталит, Батыс Түрік қағанаты, Хазар, Оғыз тайпаларына қатысты мәліметтер
береді.

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері

Ғылыми жұмысты жазу барысында Түрік қағандығы адамзат тарихындағы
Ұлы империялардың бірі болғандығын дәлелдеуді және осы Ұлы империя өзінің
негізін қалаған халықтардың далалық менталитетіне сай саяси бағыттар
ұстанғанын анықтап көрсетуді мақсат етіп қойдық. Осы мақсаттарға жету
жолында төмендегідей бірнеше міндеттер анықталды:
- біріншіден, мемлекет қалыптасар кездегі ірі империялар және олардың жас
қағанатпен орнатқан қатынастарын анықтау.
- екіншіден, қағанаттың империя дәрежесіндегі әрекеттерін және оның әлемдік
саясатта қабылдануын анықтау.
- үшіншіден, түріктердің әр кезеңдерде жүргізген ішкі-сыртқы саясатының
бағыттарын және саяси бағыттағы көшпелілер ұстанымының әлемдік
дипломатиядағы алар орнын анықтау.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін тарих ғылымының
мынандай жалпы принцптері құрайды:
- қажетті деректерді табу және олаға сипаттама берудегі тарихи
таным;
- оқиғалар мен жағдайларды зерттеудегі тарихи объективті нақтылық;
- қоғамдық құрылыстардың дамуын және өзгеруін зерттеудегі тарихи
объективті нақтылық;

Зерттеудің жұмысының хранологиялық және аймақтық шеңбері.
Жұмыстың хранологиясы 552 жылы Түрік қағанатының құрылуы мен 766 жылғы
Түргеш қағанатының құлауы аралығындағы уақытты қамтиды.
Зерттеу жұмысының уақыт шеңбері тұтастай дәуірді қамтып Ежелгі
Қазақстан тарихының дәуірлеу жүйесіндегі ежелгі Түріктер қағанаттары
шеңберінде көрсетіледі.
Ежелгі түріктердің таралу аймағымен олардың ықпал ету аймағының
орасан зор кеңістікте таралып орналасуы зерттеу жұмысының аймақтық шеңберін
Орталық Азия көлемінде қарастыруды қажет етеді.
Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан
тұрады. Негізгі бөлім үш тарауға бөлінген. Зерттеу жұмысының соңынан
әдебиет тізімі мен сілтеме берілген.

1.1. Түрік қағанатының құрылуы және Орталық
Азиядағы геосаяси ахуал

Адамзат тарихына үңілетін болсақ осы тарихтың ең қозғаушы құбылыстары
жүрген Еуразия құрылығының қақ төрінде орналасқан кең жазық алқапты сайын
далада басқа өлкеде тіршілік еткен халықтардың ешқайсысына ұқсамайтын
өркениетін өзгеше өрнектеген ерекше жауынгер халықтардың тіршілік еткенін
көреміз. Осы бір түйенің қомында туып, аттың жалын тартып өскен иен даланың
ерке ұлдары талай мен деген империялардың іргесін шайқалтып, Күлтегіннің
көк тасында жазылғандай бастыны жүгіндіріп, тізеліні идірген. Сол кездегі
әлемдік саясатта өзіндік нақыштары бар, адамзат тарихындағы өркениеттердің
ертеден келе жатқан ірі ошақтары: Қытай, Иран, Византия секілді
империялармен тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынастар жүргізген.
Ұлы даланы мекендеген көшпелі халықтардың әр кезеңдегі тарихи-
әлеуметтік үрдістерге орай бірде бірігіп ірі бірлестіктер құрып, далалық
империяға айналса, бірде ішкі алауыздықтарға байланысты жеке-жеке
иеліктерге бөлініп кететіні ежелден бар құбылыс. Бірігулер кезеңінде олар
әлем өркениетінің дамуына өз үлестерін қосып, тарихта өшпес із қалдырып
кетіп отырған. Ежелгі дәуірде ыдырап, ежелгі орта ғасырлара қайта біріккен
кезінде пайда болған осындай империялардың бірі Түрік қағанаты болды.
Аталмыш тарауда біздер қағанаттың қалыптасу кезеңіндегі осы өлкедегі
саяси жағдайларға тоқтала кетеміз.
Азия мен Еуропаның этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер
әкелген ұлы қоныс аудару дәуірінен кейін ыдырау процессі жүрді. Жаңа
көшпелілер мемлекеттері пайда болды. Ал, ғұндардың шығыстағы тармағынан
бөлініп шыққан тайпалар Ұлы қорғанның ар жағында орналасқан Цзинь
империясын құлатып, Қытайға өз үстемдігін жүргізе бастайды. Сөйтіп қытайлық
тарихнамада ерекше аталатын жаңа кезең Наньбэй Чао яғни солтүстік және
оңтүстік әулиеттер кезеңі басталады. Елдің солтүстігі яғни Дуньхудан
Шаньдунге дейін аралық өңір кезегімен алмасып отырған кішігірім көшпелі
мемлекеттердің күрес алаңына айналды. Осы кезеңде қалыптасқан бейберекеттік
жағдай солтүстікте IV ғасырға дейін сақталды. Бұл саяси ахуалдың күрделене
түсуін көшпелілердің аса қуатты жаңа шабуылы тоқтатты. Олар Ордос пен ішкі
Монғолия жерін жайлаған Сяньбидің бір тармағы Тоба (табғаштар) тайпалары
болды. Олардың көсемі Тоба Гүй [57] Қытайдың бүкіл солтүстігін біріктіріп
386-556 жж. аралығында өмір сүрген Солтүстік Вэй династиясының негізін
қалады [58]. Тобалар шабуылы басталар алдында солтүстік Қытай үздіксіз
соғыстардың салдарынан құлдырау шегіне жеткен еді. Еңбек ететін халық басы
сауғалап, ауылдар тұрғындарсыз бос қалды. Егістік жерлер, ирригациялық
жүйелер қирап, қараусыз қалған тұт ағаштары қурап қалды. Қолөнер кәсібі де
құлдырады. Сауда жүйесі тек заттай түрде, яғни ақшаның орнына жібек мата
мен жылқы жүрді [59]. Басқыншылық тоқтап көшпелілер билігі тұрақты орнап
болған соң ғана жағдай түзеле бастады. Бірақ Вэй патшалығында билеушілер
Тобалар болғанымен халқының дені қытайлар еді. Бұрынғы көшпелілер енді
отырықшы халыққа билік жүргізу үшін қытайлық билік жүргізу тәсілін
меңгеруді қолға алады. Сөйтіп Солтүстік Вэй мемлекетінде билікті
ұйымдастыруда Қытай мәдениеті шешуші рөл атқарады және қытайлықтар басқа
көшпелілердің басқыншылығынан сақтану үшін Тобаларға қызмет етуге белсене
атсалысады [60;61]. Уақыт өте келе жергілікті халықпен араласып қатынасқа
түскен шағын ғана көшпелі тайпа өкілдері ассимиляцияға ұшырап тілінен,
дінінен, салт-дәстүрінен айрылып, қытайланып кетті. Дала менталитетінен қол
үзгеннен кейін, жауынгерлік күш-жігерлері сарқылып билік тізгінін де ұстап
тұра алмады. Билеушінің әлсіздігі байқалғаннан соң қатардағы қолбасшылар
билікке ұмтыла бастады. 528 жыл қолбасшы Эр Чжу-Жун көтеріліс жасап ел
астанасы Лоянды басып алды. Билікке келген соң императормен бірге екі мыңға
жуық жоғары шенді лауазымды адамдарды таққа Сяо Чжуон-диді отырғызады.
Бұған қанағаттанбаған қытайланып кеткен тобалық қолбасшы Гао Хуань 532 ж.
Эр Чжу-Жунның мұрагері Эр Чжу-чжао әскерін талқандап билікті өз қолына
алады да таққа екінші бір қуыршақ билеуші Сяо У-диді отырғызады [62]. 534
ж. Сяо У-ди Гао Хуаньға қарсы шығып жеңіліп қалады да Гуаньчжунға қашып
барып екінші бір тәуелсіз қолбасшы Ювэн Тайдан қолдау табады. Гао Хуань Вэй
әулетінің басқа ханзадасын таққа отырғызады. Сөйтіп империя 534 ж. Батыс
және Шығыс Вэй болып екіге бөлінеді [63]. Бұл Қытайдағы Тоба билеушілерінің
саяси сахнадан кетуінің алғышарттары еді. Ювэн Тай қол жаулық
императорлардың бірнешеуін уландырып өлтіреді, ал оның баласы Ювэнь Цзяо
күш құдіреті толыққан соң, яғни 557 ж. қуыршақ билеушілердің әулиетін
таратып, 557-581 жж. аралығында өмір сүрген Вэй Чжоу әулиетінің негізін
қалады. Ал, Шығыс Вэйде өз билігі өз қолдарына тиген қытайлар ел
билеушілерін бұдан да қатаң жазалады. Гао Хуаньның мұрагері Гао Ян сонғы
императорды өз пайдасына тәж-тақтан бас тартқызып, артынан у беріп
өлтіреді. Императордың туған-туыстары ұзын саны 721 адам түгелдей
өлтіріледі де оларды жерлемеу үшін денелерін суға ағызып жібереді. Бұл
әулиет Вэй Ци деп аталады. Екеуі де құрылғанда экономикалық және саяси
жағынан едәуір қуатты мемлекет болады. Бірақ бір мезгілде пайда болған
мемлекетің арасындағы бақ таластық олардың белсенді саясат жүргізіп,
көркейіп кетуіне жол бермеді.
Дәл осы кездері оңтүстіктегі Лян әулетінің соңғы императорлары өздері
билік құрып тұрған кезде зорлық-зомбылықты күшейтіп халқының қолдауынан
айрылып қалады. 557 ж. сарайда төнкеріліс болып билікке Чэн әулиеті келеді.
Лянның соңғы императорының көзін құрту құлаған әулиетінің жақтастарымен
арада қарулы қақтығыс тудырады. Чэн әулиеті билікті басып алғанмен құлаған
жақты түгел бағындыра алмады. Бұл Қытайдың дәл ортасынан Хау-Лян
мемлекетінің пайда болуына алып келді. Осылайша құмырсқадай қаптаған халқы
бар Қытай империясы өз ара жауласып жатқан төрт мемлекетке бөлініп кетеді.
Аждаһаны қансыратқан ішкі шиеленіс құжынаған Қытай әскерін езіп жаншуынан,
тағдыр тәлкегіне түсіп құрып кету алдында тұрған екі кішкентай көшпелі
мемлекет Жужан ортасы мен Тоған хандығының жанын сақтап қана қойған жоқ,
тарих сахнасына қайта көтеріліп шығуына жол ашты. Олар түскейден жасалатын
қысымның әлсіреуіне байланысты Шығыс Азияда жетекші мемлекеттер арасынан
орын алады. IV ғасырда оңтүстік Маньчжуриядан көшіп келген Тоған тайпасы
бытырап жүрген тибет руларына қарсы күресте жеңіске жеткенімен Тобаларға
қарсы соғыста сәтсіздікке ұшырайды. Соның салдарынан Тоған хандығы Вэй
империясының вассалына айналған болатын. Империя бөлініп кеткен соң ол
қайтадан бостандыққа ие болады. V ғ. 2 ширегінде Куагүй өзін ханмын деп
жариялап 540 ж. Гао Хуаньге елшілік жөнелтеді. Осылайша ол сыртқы жағдайын
бір ретке келтіріп алды. Тоған хандығының бекіністі қалалары үлкен
тереториясы басшылығы болғанмен мықты мемлекет бола алған жоқ. Өйткені
қарумен бағынған тибет рулары әлі де бостандықты қалайтын және мемлекеттің
экономикасы мал шаруашылығына негізделгендіктен керемет дамып та кете
алмады. Ал, Жужандар Тоған хандығына қарағанда біршама ілгері өмір сүрді.
Бірақ бұлардың халық ретінде этникалық тамыры жоқ еді. IV ғасырдың орта
кездерінде қайбір істерімен ел қатарынан шыққандар, айыпты болыпВэй
бйлеушілерінің астанасында тұру құқығынан айырылғандар иен далаға кетіп өз
бетімен күн кешкен. Кейіннен бұларға қожасынан қашқан құлдар, жұтқа
ұшыраған ауылдан кеткен қайыршылар т.б. осы секілді тағдыр тәлкегіне
түскендер келіп паналай бастайды [64].
IV ғасырдың 50-ші жылдары тоба әскерінің құрамында өлім жазасына
кесіліп, қашып кеткен Өгүлей деген әскери құл осы құрама тобырдың басын
біріктіреді. Оның мирасқоры Гүйлекей Тоба Вэй мемлекетінің протакторатын
қабылдап салық төлеп тұратын болып келіседі. Оның ордасы Жужан деп аталады
[65]. Жужандар күллі Халқа аймағын бастап Хинганға дейін еркін көшіп-қонып
жүген.Тұрмыс тіршілігі өте жабайы болғанмен полктерге бөлініп ұйымдастырып,
жақсы жасақталған әскері болған. Мал шаруашылығымен айналысқан. Бірақ
негізгі күш-қуатын көршілерін талап-тонауға жұмсаған. Жужан хандығының
басты күші теле тайпаларын қарауына бағындырып ұстай білгенінде болса
керек. V ғасырдың бас кезінде осы құрама жұртшылықтың басшылығына Шелун
деген жауынгер қолбасшы отырады. Батыс монғолиядан бастап Селенгаға
дейінгі кең алқапта тіршілік етуші Теле тайпаларын түгел бағындырып
алғаннан кейін, ол Іле өзенінің бойынанқоныс тапқан Орта Азиялық ғұндармен
қақтығысып қалады.Олардың басшысы Жибайегі деген біреу болатын. Онгин
өзенінің жағасында болған қиын шайқаста Жибайегі Шелуннің әскерін жеңіп
шыққанмен тұтасып жатқан жужан мемлекетіне әлі жетпеген соң оларға салық
төлейтін болып келісіп бағынады [66]. Шелуннің сыртқы саясатағы негізгі
мақсаты Тоба Вэй мемлектінің күшейіп кетуіне жол бермеу болды. Осы мақсатта
ол қытай мемлекеттілігінің ордасын тігіп отырған Тоба тайпасының жауларына
көмектесіп отырады. 410 жылы Шелун өліп орнына інісі хули хан болады.Хули
әлі жетпейтін Тобалықтарды жайына қалдырып енисей қырғыздары мен сібір
тайпаларына шабуыл жасап оларды бағындырады [67]. Бірақ, көп ұзамай
қастандықтан өзі де өледі.енді таққа шелуннің немере інісі датан отырады.
Ол өз билігін қытайға қарсы соғыс ашудан бастайды. Шырқау кезеңіне жетіп,
күш-қуаты толысып отырған империяға күші жетпей шегінуге мәжбүр болады.
Соғысты негізгі эканомикалық табыс көзіне айналдырған жужандар тыныш отыра
алмай 418-419 орта Азия ғұндары мен Тарбағатайлық Юэчжилермен соғысып
едәуіі нәтижелерге жетеді.
420 жыл Жужандар құдіретінің шырқау шегіне жеткен кезі болды.
Теріскей мен батыстағы тайпаларды оңай жеңгеннен кейін Жужан мемлекеті Ұлы
даланың жетекшісіне айналды. Бірақ бұл құдіретті олар ұзақ сақтап тұра
алмады. Күш қайраты толысқан ұрда жық содырлар мемлекеті ескі жауы Тоба
вэйге қайта шүйлікті. 424 жылы 60 мың салт атты сарбазбен Қытайға басып
кіріп, астанаға дейін жетеді де императордың қала сыртындағы сарайын
талайды. Дегенмен, шешуші сәтте жақсы әскери тәртіпен орналастырылып, өз
дәуіріне сай жоғары дәрежедегі қару-жарақпен жасақталған Тоба әскерімен
шайқастан тайқып кетеді. 430 жылы император Тай У-ди (Тобо Дао) Оңтүстік
Қытай мемлекетімен алаңсыз айналысу үшін, әуелі Жужандардың көзін құртуға
бел байлайды. Жер қайысқан қалың қолға шыдай алмаған олар бытырап, бастары
ауған жаққа безіп кетеді. Сол дүрмекте билеуші Датан үшті-күйлі жоғалып
кетеді. Оның ұлы Уди соғысудан бас тартып уақытымен салық төлеп тұратын
болып уәде беріп зорға құтылады. Алайда, тыныштықта өмір сүріп үйренбеген
халықтың билеушісі Уди бұл шартты 437 жылы бірінші болып өзі бұзады. Сірә
бұл құрама халық біреуді талап-тонамаса тіршілік кеше алмайтын болуы керек.
439 жылы Тоба Вэй жазалау жорықтарын жасағанмен тау-тасқа тығылып қалған
жужандықтарға ештеңе істей алмайды. Ал 440 жылы қарсы жорыққа шыққан Уди
шекарадағы шағын ғана күзетші қытай жауынгерлерінің тобынан таяқ жеп кері
қайтады. 445 жылдан кейін Уди өлген соң жағбай күрт өзгереді. Етек жеңін
жинап алған Тоба Вэй империясы қаңғыбас Жужандардың тоз-тозын шығарып,
бездіріп жібереді. Барар жері басар тауы қалмаған олар екінші мәрте бітімге
келуді сұрап, алым-салық төлеп тұруға келіседі. Енді жужандардың талаптонау
шапқыншылықтары батысқа ауысады, 460 жылы Турфан алабын, 470 жылы Хотанды
ту-талапай етеді. Бірақ қайраттанып алған эфталиттер мемлекеті бұл
басқыншылықты шектеп тастайды [68]. Яғни, бұл Тянь-Шань Жужандар шекарасы
болды деген сөз. Біршама ес жинаған соң 485 жылы билікке келген Даулун
Қытайға шабуыл жасамақшы болады. Бірақ құрамындағы Теле тайпасының аға-
ақсақалы Афучжило бұған келіспейді. Бұл аяғында асқынып барып телелердің
көтерілісіне барып бірақ тіреледі. Сөйтіп телелер тәуелсіздік алады [69].
490 жылы қытай әскері өздеріне шабуыл жасап, Телелермен қосылып жужандарды
қыспаққа алады. Амалсыз қалған жужан бегзадалары өз хандарын өлтріп бар
жаланы соған жабуға мәжбүр болады.
Тәуелсіздік алған теле тайпасыбатысқа, яғни Алтай өңіріне көшіп
келеді. Мұнда келіп олар өз мемлекеттерін ұйымдастырады. Бұл қоныстану
Азиядағы этногенездік процестің дамуына жаңа қозғаушы күш алып келеді.
Сонымен қатар Теле тайпасының бөлініп тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы
Орта Азиядағы Жужан ордысының рольін әлсіреткен еді. Алайда, осыдан кейінгі
Ноғай, Футу секілді ақылды басшылардың жан-жақты бейбітшілік саясатын
ұстанып соғыстарғақатыспауы орданың шамалы болса да ес жинауына жағдай
жасады. 494 жылы Эфталиттер Иранды жаулап алғаннан кейін солтүстікке бет
түзеп қытай жазбаларына Гаогүй деген атаумен енген телелер мемлекетінің
оңтүстік бөлігін тас-талқан етеді. Олардың бір бөлігі жужандарға барып
қосылса, келесі бөлігі қытайларға барып тығылады. 496 жылы эфталиттер
телелерді толығымен басып алып оған Мивоту деген бегзаданы басшы етіп
сайлап өзіне вассал етеді. Жалпы Эфталиттер кезінде Алтай өңірінен шыққан
түркі-монғол тектес ғұн тайпаларынан тұратын көшпелілер мемлекеті
болатын.Олар Византия таихнамасында эфталиттердің, кейде ақ ғұндарды
десе, парсы тарихшыларының еңбектерінде хоятеттерді деген атаумен
белгілі. Ал қытай тарихшылары патша тағы деген мағына беретін
эфталиттерді атауынан шығарп э-та немесе ида деп атайды [70].V
ғасырдың алғашқы жартысында олар Самархан, Балх, Бактирия, Тохиристанды
бағындырып алған еді. V ғасырдың екінші жартысында ара-парсы деректерінде
жазылған эфталит көсемі Ахшунвар сасанитік Ираннан Хорасанды тартып алады.
Иран бар күшін салып өз тәуелсііздігін қорғап қалғанмен салық төлеп тұруға
мәжбүр болады. Эфталиттердің тіпті Сасаниттер династиясының ішкі билікті
мұралану мәселелеріне де араласадай ықпалы болады. 490 жылыдары тақтан
қуылған Сасаниттік бегзада Ковад осы Эфталиттенр ханының немере қарындасына
үйленіп, көмекке әскер алып тағын қайтарып алады.VI ғасырдың алғашқы
ширегінен бастап олар Үндістанға шабуылын бастайды. Яғни Эфталиттер бұл
кездері азиядағы ең ықпалды мемлекеттердің бірі болатын. Мивоту басқарған
Телелердің жартылай тәуелді мемлекет эфталиттердің вассалы, жужандардың
дұшпаны болса, қытайлардың одақтасы болады. VI ғасырдың басында Тоба Вэй
империясы солтүстіктегі көшпенділерден, әсіресе жужандардан сақтану үшін
тұрақты армиядан арнайы бөлінген 3000 жауынгерімен Мын Вэй деген қолбасшыны
осында жібереді. Қытай секілді одақтасына арқа сүйеген Мивоту жужандарға
шабуыл жасап олардың билеушісі Футуды өлтіреді [71]. Өлтірілген жужан
басшысының бас терісін Мын Вэйге сыйлап одан сыйлық алады.
Футудың мұрагері Чеуну Қытаймен екі рет тіл табысқысы келеді, бірақ
мұнысынан түк шықпайды. Енді өзінен басқа ешкімге сенудің керегі жоқ екенін
түсінген ол 516 жылы Гаогүйге шабуыл жасап Мивоту әскерін талқандайды да
оның өзін тұтқындап, азаппен өлтіртеді. Жужандардан қашып құтылған
телеуіттер эфталиттерге барып қосылады.
Осыдан соң барып Вэй империясы Чеунудың елшілігін қабылдайды.
Жужандарды аман сақтап қалудың барлық амалын ойластырған хан телелерді
талқандап Вэй империясымен достасқаннан кейін, оңтүстік-батысындағы
эфталиттермен де бітімге келеді. Бұл ода жужан ханшалары мен эфталит
бегзадаларының некелесуімен бекітіледі [72]. Шығыста манчжур тайпаларының
бірі дидэгуаньды талқандап өзіне бағындырады да, саяси қатнастарының
шеңберін ұлғайту мақсатында корей түбегіндегі Гао-Гюйлилермен байланысқа
түседі.
Бірақ, ақылды басшы Чеуну тақта ұзақ отыра алмады.Мұның басты себебі,
сол кездегі Азияда кең тараған дін будданың мемлекетке енуі болып
есептеледі. Әдеттегінше, будда миссионерлері ең әуелі дінге мемлекет
басшысын енгізеді. Осылайша хан қосынында будда молдалары – шамандар мен
сопы әйелдер - нилер пайда болады. Бұл ордадағы ынтымақтың шырқын бұзды.
Өйткені будда дініне қарсылық білдірушілер ханның өз үйі ішінде ғана емес,
әскер арасынан да шыға бастайды. Нақты айтатын болсақ саяси ахуалын енді
ғана түзеп келе жатқан мемлекеттің жағдайын күрделендіріп, қиындата түсті.
Иуң-пин жылнамасының төртінші жылының (510 ж.) тоғызыншы айында қытайдағы
өз елшісі шаман Хуңсиуәңға маржанмен қапталған пұт беріп жібереді [73]. Хан
қосынында Дэу Хуань дуана аттыжас сопы әйел өмір сүреді. Ол бақсы
балгерлікпен жұртты емдеумен айналысады.Хан Чеуну оған көзсіз сенеді екен.
Бір күні ханның кішкене баласы үшті күйлі жоғалып оны ешкім таба алмай
қояды. Бүкілі іздеп таба алмай қойған соң, хан дуанадан тауып беруін өтініп
сұрайды. Дуана өз отауына кіреді де бір жұма бойы тоқтамай өзінше дұға
оқиды. Бір жұмадан кейін барып үйден баланы алып шығады дабаланы бір жынның
ұрлап алып кеткенін, одан өз құдайының құдіретімен әупірімдеп қайтарып
алғанын жариялайды.. Бұл дінің құдіреттілігіне ханның сенімі молая түседі.
Дэу Хуань дуна билеушінің сеніміне ене отырып келе-келе билікке де араласа
бастайды. Әрине бұл ордадағы наразылықты күшейте түседі. 520 жылы Чеуну хан
жорықта жүргенде ханның анасы кішкене баланы ешқандайда жынның алып
кетпегенін, оны Дэу Хуань дуана өз отауында арнайы тығып ұстағанын білген
соң сопы әйелді буындырып өлтіруді бұйырады.жорықтан келген Чеуну бақсы
әйелді өлтіргендерді жазаламақ болады. Бірақ, ордадағы басқада беделді
ұлықтармен келісіп алған анасы оны да өлтіртеді. Таққа басқа баласы,
бұрынғы ханның інісі ануханды отырғызады [74]. Бұл саяси реформа өзі де
тұтанайын деп тұрған азамат соғысының өртіне май құйғандай болды. Алдымен
Чеунудің жақтастары орданың шаңырағын ортасына түсіріп қазаа қатысы бар
ханның анасы бастаған топты қырып салып, зорға деп құтылған Анахунді
қытайға қашуға мәжбүр етсе. Кеиін оның Поломын деген ағасы бүлікші Шифаныың
тас талқанын шығарады. Жау жағадан алғанда , бөрі етектен тартады
демекші дәл осы кезде, кезінде тентіреп кеткен теле тайпасы қайта ес жиып
өз мемлекеттерін қайта тұрғызуға әрекеттене бастайды. 521 жылы телелердің
көсемі Ифу гаогүй Поломынның жужандарын ойсырата жеңіп, оларды қытайға қуып
тығады [75]. Кезінде дүрілдеп тұрған мемлекетке өзге діндегі үш-төрт
миссионердің еніп кетуіне басталған, келеңсіздікті аяғы тұтас елдің
тұтқасын ұстаушы екі ханзаданың бірдей Қытай секілді аждаһаға оңай олжа
болуына алып келді.
Бірақ, бұл кезде Тоба Вэй империясыда кезіндегі құдіретінен айырылып
азып-тозып бара жатқан еді.496 жылы солтүстіктегі Хилар көтеріліс жасап
нәтижесінде Қытай батыс Манчжуриядан айырылып қалған еді. Оңтүстіктегі
ежелгі жауы Лян империясыда күшейе бастаған еді. Осы жақ шекарадағы
иеліктердеде арты жиі-жиі әскери қақтығыстарға ұласып отыратын толқулар
болып тұратын болды.
Кезінде бас сауғалап келіп, мұнда мандаттарын сақтап тып тыныш өмір
сүргенмен, құқықтарының сақталмауына наразы болған Поломын эфталит
құдаларына кетіп бара жатқан жерінен ұсталып түрмеге жабыладыда сонда
өледі. Енді жужан тағының жалғыз үміткері ретінде таққа отырған Анухан теле
тайпасының әскерін жеңіп, Гаогүй мемлекетін мүлде жойып жібереді. Осы
кездері Вэй мемлекеті Ануханның күшейіп кетуін бақыламақ тұрмақ өзара батыс
және шығыс болып екіге бөлініп қырқысып жатады. Бұл жоғарыда айтқандай
жужандардың тарих сахнасына қайта көтеріліп шыққан кезі болатын. Бірақ, бұл
екі ғасырдай уақыт бұрын ойдан-қырдан жиналған кезбелер мемлекетінің соңғы
тұяқ серпуі болатын.
Солтүстік қытайда пайда болған жаңа соғыстың барысында шығыс Вэй
империясының билеушісі Гао Хуань жужан ханы Анухан мен Тоған ханы Куалүймен
одақтасып Батыс Вэй империясына шабуыл жасап Ювын Тайды біраз тықсырғанмен
жеңіске жете алмайды. Міне осы кездері қытай деректеріне туцзюе деген
атпененген Алтайлық түрік-Ашина тайпалары саяси одақтас ретінде еленіп
көзге түсе бастайды. Түрік этнонимі атауының ең алғаш рет қытай
жылнамаларында көрініс берген уақыты 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді
сюннулердің, яғни ғұндардың ұрпақтары деп көрсеткен. Жылнамаларда Вэй
княздігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келетін
түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылық жасап ойрандап кететін болды деп
хабарланады [76].
Батыс Вэй императоры бір түрік тілін білетін Энапонта деген адамды
достық қатнас ұстау үшін түрік яабғуы Бумынға жібереді. 545 ж. Батыс Вэй
патшалығының министрі Він-Тай Эннопантон деген адамды түріктерге елшілікке
жіберіп онымен қарым-қатынасқа шықты. Түріктер тегінде батыс жақтағы шағын
мемлекет еді. Эннопантон түріктерге келгенде түріктедің бәрі қуанып былай
дейді: үлкен мемлекеттің елшісі келді, мемлекетіміз көркейіп дәуірлейтін
болды [77]. Бумын Батыс Вэй мемлекетінің астанасы Чаньанға жауап ретінде
көп тарту-таралғымен елшілік аттандырып өз мырзасының жауымен одақ құрады.
Бірақ, ашық әрекетке көшіп жужан бұғауынабосанып шығуа талпынуға әлі
ертерек еді. Сондықтан ол сол кездегі саяси сахнада өзіндік орны бар Батыс
Вэй мемлекетімен одақтас бола отырып, өзінің әміршісіне бағыныштылығын да
адал атқарады.
Нақтырақ айтсақ 540 жылдары Еуразияның далалық аумағында үш көшпелі
мемлекет өмір сүріп жатты: біріншісі, Маньчжуриядан бастап Тұрфанға дейінгі
және Орхоннан бастап Ұлы Қытай қорғанына дейінгі кең алқапты алып жатқан
Жужандар мемлекеті, екіншісі, Үндістаннан бастап Иран, Ауғаныстан, бүкіл
Орта Азия мен Жетісуды бауырына басып жатқан Эфталиттер мемлекеті,
үшіншісі әрине даусыз Бумын қаған басқарған Түрік қағанаты болды.
Түріктің арғы атасы Пиңлиаңда аралас-құралас көшіп жүрген хулардан
еді. Олар Ашина деп аталатын. Кейін Вэй патшалығының Тай-ву (424-451жж.)
патшасы осы хулардың көсемі Жүйчүйді талқандаған соң Ашина 550 жанды ертіп
Жужанға қашып барып, Алтын тауды мекендеп сонда темір өндірумен айналысты.
Алтын тауды мекендеген жағы дулығаға ұқсайтын. Дулығаны ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
Түрік қағанаты . Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Түрік қағанатының саяси тарихы
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Батыс Түрік қағанаты
Батыс түрік мемлекеті
Түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымы
Батыс түрік және Түргеш қағанаттары
Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйесі
Көне және батыс түрік қағанаты
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь