Қылмыстық процестің принциптері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 166 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Жалпы бөлім.

1-тақырып. Қылмыстық процестің түсінігі, маңызы және міндеттері.

1. 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының құрылымы.

1. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны.

1. 3. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі.

1. 4. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық құқық.

1. 5. Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен және ғылым тармақтарымен арақатынасы.

1. 6. Мемлекеттік қызмет түріндегі қылмыстық процес.

1. 7. Қылмыстық іс жүргізу құқығының заты.

1. 8. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары.

1. 9. Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттері.

1. 10. Қылмыстық іс жүргізу нысаны.

1. 11. Қылмыстық іс жүргізу актілері.

1. 12. Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі.

1. 13. Қылмыстық істі тергеу функциясы.

1. 14. Қылмыстық ізге түсу функциясы.

1. 15. Зандылықты прокурорлық қадағалау функциясы.

1. 16. Қорғау функциялары.

1. 17. Қылмыстық істі сотта қарау мен шешу функциясы.

2-тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңдары.

2. 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу заңы.

2. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің ұғымы мен түрлері.

2. 3. Қылмыстық іс жүргізу нормалары. Ұғым, негізгі белгілер.

2. 4. Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері.

2. 5. Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы.

2. 6. Қылмыстық іс жүргізу заңының уақыт тұрғысында, кеңістікте және адамдарға қатысты қолданылуы.

2. 7. Қылмыстық іс жүргізу заңын ұқсастығына қарай қолдану.

2. 8. Қылмыстық іс жүргізу реттеу механизміндегі көз жеткізу, мәжбүрлеу және жауаптылық.

2. 9. Қылмыстық сот ісін жүргізудің ізгілікті негіздері.

3-тақырып. Қылмыстық процестің принциптері.

3. 1. Қылмыстық процесс принциптерінің ұғымы мен мәні.

3. 2. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

3. 3. Зандылық принципі.

3. 4. Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі.

3. 5. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау.

3. 6. Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу.

3. 7. Адамның жеке басына тиіспеушілік.

3. 8. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

3. 9. . Жеке өмірге қол сұқпаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф хабарлары мен өзге де хабарлардың құпиясы.

3. 10. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық.

3. 11. Меншікке қол сұқпаушылық.

3. 12. Кінәсіздік презумпциясы.

3. 13. Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі.

3. 14. Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру.

3. 15. Судьялардың тәуелсіздігі.

3. 16. Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру.

3. 17. Істің мән-жайын жан-жақты, толық және обьективті зерттеу.

3. 18. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау.

3. 19. Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету.

3. 20. Куәлік айғақтар беру міндетінен босату.

3. 21. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету.

3. 22. Жариялылық.

3. 23. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі.

3. 24. Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.

3. 25. Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктері.

4-тақырып. Қылмыстық процеске қатысушылар.

4. 1. Қылмыстық процеске қатысушылар ұғымы. Олардың жіктелуі.

4. 2. Сот қылмыстық сот ісінжүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде.

4. 3. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар.

1. Прокурор

2. Тергеу бөлімінің бастығы

3. Тергеуші

4. Анықтау органы

5. Анықтаушы.

4. 4. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар.

1. Сезікті

2. Айыпталушы

3. Қорғаушы

4. Жәбірленуші

5. Жеке айыптаушы

6. Азаматтық талапкер

7. Азаматтық жауапкер

8. Кәмелетке толмаған айыпталушының, сезіктінің заңды өкілдері.

4. 5. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар.

1. Куә

2. Сарапшы

3. Маман

4. Аудармашы

5. Куәгер

6. Сот отырысының хатшысы

7. Сот приставы.

5-тақырып. Қылмыстық процестегі азаматтық талап.

5. 1. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талаптың түсінігі.

5. 2. Азаматық талапкер деп тану.

5. 3. Азаматтық талап бойынша шешім шығару.

6-тақырып. Ақтау. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуі.

6. 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы.

6. 2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар.

6. 3. . Зиянды өтеу.

6. 4. Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу.

6. 5. . Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру.

6. 6. Қылмыстық істі қысқарту.

7-тақырып. Іс жүргізу құжаттары, мерзімдері, шығындары.

7. 1. Іс жүргізу құжаттарының ұғымы, қылмыстық процестегі олардың түрлері, мазмұны мен мәні.

7. 2. Тергеу және сот ісінің хаттамалары, олардың түрлері мен мен құқықтық мәні.

7. 3. Қылмыстық іс жүргізу процесіндегі шешімдердің ұғымы және құқықтық мәні.

7. 4. Шешімнің құқықтық және іс жүзіндегі негіздері.

7. 5. Іс жүргізу шешімдерінде құқықтың басқа да салаларының нормаларын қолдану.

7. 6. Іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы, маңызы және түрлері.

7. 7. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі.

7. 8. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.

7. 9. Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары.

7. 10. Іс жүргізу шығындарының түсінігі.

7. 11. Іс жүргізу шығындарын төлеттіру тәртібі.

8-тақырып. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер .

8. 1. Дәлелдеме ұғымы.

8. 2. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны.

8. 3. Таным теориясы-дәлелдеме теориясының негізі.

8. 4. Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны.

8. 5. Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс жүргізудегі кепілдіктері

8. 6. Дәлелдемелердің қайнар көздері.

8. 7. Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі.

8. 8. Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы.

8. 9. Техникалық құралдарды қолдана отырып, жедел-іздестіру жолымен алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік шарттары.

8. 10. Дәлелдемелерді жіктеу.

8. 11. Дәлелдеу тақырыбы және дәлелдеу шектері.

8. 12. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу ұғымы.

8. 13. Дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекіту.

8. 14. Дәлелдемелерді зерттеу.

8. 15. Дәлелдемелерді бағалау.

8. 16. Дәлелдемелерді бағалаудағы ішкі сенімнің мәні.

8. 17. Дәлелдеуде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану.

9-тақырып. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

9. 1. Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен маңызы.

9. 2. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын жіктеу.

9. 3. Бұлтартпау шараларының түсінігі мен маңызы.

9. 4. Бұлтартпау шараларының түрлері.

9. 5. Сезіктіні ұстау.

9. 6. Іс жүргізушілік мәжбүрлеудің өзге де шаралары.

1-тақырып. Қылмыстық процестің түсінігі, маңызы және міндеттері.

1. 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының құрылымы.

1. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны.

1. 3. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі.

1. 4. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық құқық.

1. 5. Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен және ғылым тармақтарымен арақатынасы.

1. 6. Мемлекеттік қызмет түріндегі қылмыстық процес.

1. 7. Қылмыстық іс жүргізу құқығының заты.

1. 8. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары.

1. 9. Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттері.

1. 10. Қылмыстық іс жүргізу нысаны.

1. 11. Қылмыстық іс жүргізу актілері.

1. 12. Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі.

1. 13. Қылмыстық істі тергеу функциясы.

1. 14. Қылмыстық ізге түсу функциясы.

1. 15. Зандылықты прокурорлық қадағалау функциясы.

1. 16. Қорғау функциялары.

1. 17. Қылмыстық істі сотта қарау мен шешу функциясы.

1. 1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ КУРСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Құрылым деп қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну қабылданған. Қылмыстық іс жүргізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен ішкі өзара тәуелді логикасы тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәні мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты.

Сонымен бірге бұл - дәйектіліктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нормаларын дәйекті түрде қылмыстық іс жүргізу құқығының мәнін пайымдау, түсіну дегенді білдірмейді. Сөз болып отырған жағдайда логикалық, ұғымдық, мәнділік дәйектілігі сақталуға тиіс. Қозғалыс қарапайымнан күрделіге, механикалық дәйектілікпен өрбитін логикалық дәйектілікті толық сайма-сай келтірудің мүмкін еместігі кез келген салалық зандардың ерекшелігі болып табылады. Бұл белгілі бір үғымды ашып керсетуге кірісе отырып, біздің ҚІЖК-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті кұқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды мысал ретінде алатынымызды білдіреді.

ҚІЖК-індегі нормалардың орналасу құрылымы бұрын да айтқанымыздай қарапайымнан күрделіге өрбитін қозғалыс принципіне негізделген, оның мағынасы мынадай, әрбір келесі норма оның алдындағы ұйғарым иерархиясына байланысты болады не одан тікелей туындайды, ұйғарымды әлдеқайда нәзік деңгейде дамытады және нақтылайды.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының оқу курсының түзілімі үшін саланың ішкі логикасы айқындауыш болып табылады. Ал айталық ҚІЖК-іне берілетін түсініктерді құру үшін нормаларға, дәлірек айтқанда олар Кодексте қалай орналасса, сол тәртіппен түсінік берілетін басқаша тәсіл орынды. Ескі көзқарасты да үйлестіру (сыртқы және ішкі) оқу курсының құрылымына тән және қылмыстық іс жүргізу құқығы академиялық курсының мақсаттары мен міндеттеріне анағұрлым толық жауап береді.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы жағынан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдай сипаты болады. Бір жағынан Қылмыстық іс жүргізу кодексі құрылымының ерекшелігін білдіреді, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан тар. Екінші жағынан мұндай саралау әдістемелік тұрғыдан орынды.

Жалпы бөлім қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын негізгі, принципті түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Жалпы бөлім құқықтың қызмет түрі мен саласы ретінде қылмыстық іс жүргізудің мәні мен мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің тұжырымдамалық ережелері Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді түсінудің кілті болып табылады.

Жалпы бөлімде қаланған категориальдық, ұғымдар Ерекше бөлімде ортақ мақсаттағы бірқатар істердің ұғымдары түрінде, яғни, белгілі бір іс жүргізу әрекеттерінің тәртібі мен дәйектілігі туралы нақты құқықтық ұйғарымдар түрінде өзінің дамуын табады.

Сонымен, Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері өзара тек пен түр ретіндегі қатынасын, тектік басталуы Жалпы бөлімге тиесілі болады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерінің біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу заңдарының мәні мен мазмұнының біртұтастығымен, әр түрлі деңгейде болғанымен екі бөліммен де реттелетін тәсілдер мен әдістер арқылы қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен міндеттердің ортақтығымен алдын ала белгіленген.

Мұны мысалмен түсіндіріп көрелік. ҚІЖК-нің "Қылмыстық ізге түсу" атты 3-тарауында іс жүргізу қызметінің түрі ретінде қылмыстық ізге түсу ұғымын тұжырымдауға, материалдық-құқықтық негізге байланысты қылмыстық ізге түсуді жіктеуге, қылмыстық ізге түсу функцияларын жүзеге асырудың сыртқы көрінісі мен өлшемдерін белгілеуге және т. т. мүмкіндік беретін ортақ нормалар бар. Осы тараудың өзегі "Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары" атты 36-бап болып табылады. Сонымен, тарау мен ондағы бар баптардың атауларының өзі, ұйғарымнамаларды баяндау сипаты осы тарауда қаланған нормаларды қорытындылаудың деңгейі туралы баяндайды. Атап айтқанда 36-баптың 1-бөлігінде былай деп жазылған: "Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстың белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын қолдануға міндетгі". Қылмыстық ізге түсу процедурасын тікелей баяндау "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" атты 6-бөлімде дербес түрде баяндалған, дұрысын айтқанда осы сөз болып отырған тұстан ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі басталады.

ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын білдіре отырып, Ерекше бөлім ауқымында қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен әдістерін құралдық тұрғыдан дамытуға арналған негізді құрайтын институттар мен үғымдардың тізбесін де қамтиды. ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі бес бөлімнен тұрады, олар:

1. Негізгі ережелер;

2. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік

органдар мен тұлғалар;

3. Дәлелдемелер және дәлелдеу;

4. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары;

5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер.

ҚІЖК-нің Ерекше бөлімі жеті бөлімнен тұрады:

6. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;

7. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу;

8. Соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен

қаулыларын қайта қарау;

9. Сот шешімдерін орындау;

10. Соттың занды күшіне енген шешімдерін қайта қарау

жөнінде іс жүргізу;

11. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары

бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері;

12. Айрықша іс жүргізу. Аталған бөлімдердің

әрқайсысы тарауларға бөлінген.

Олардың ҚІЖК-ндегі саны 56. Әр тарауға баптар біріктірілген, олардың саны реттелетін кұқықтық қатынастардың, көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Баптардың көпшілігі 1, 2, 3 . . . цифрларымен белгіленген бөліктерге бөлінеді және т. т.

Кодекстің құрылымы қылмыстық іс жүргізу құқығын құрылымдаудың негізі болып табылады.

Сонымен бірге ҚІЖК-сі мен құқықтың тиісті саласының құрылымдары толық көлемде сәйкес келмейді, соңғысы мазмұны тұрғысынан әлдеқайда күрделі әрі бай.

Құрылым сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін заңдар жинағындағы не Кодекстің бөлігіндегі нақты норманың орнын белгілеуді білдіреді, мұның айта қаларлықтай әдістемелік және практикалық маңызы бар. Біріншіден, бұл реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесінің иерархиясын тәртіптеу үшін жағдайлар туғызады.

Екіншіден, орын нормативтік ұйғарымдардың кезектілігін де білдіреді, өйткені кезектілік сақталмаса іс жүргізу кұбылыстарын түсінуде хаос тууы мүмкін (мәселен, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу туралы бөлім бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу туралы бөлімнің алдында болуға тиіс) . Үшіншіден, кылмыстық іс жүргізудің құкықтық қатынастарына қатысты нақты көріністердің ережелердің жалпы жинағындағы орнын білу тікелей іс жүргізу қызметінде уәкілетті органдардың қажетті үйғарымдарды таңдау кезінде практикалық дұрыс бағдар ұстануына көмектеседі.

Біз бұрын қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының құрылымы құқықтың осы саласының негізгі көзі ретіндегі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің кұрылымымен өзара байланысты болатын дығын айтқанбыз және бұл байланыс толық сәйкес келуді білдірмейді. А. М. Лариннің пікірі бойынша ҚІЖК-нің кұрылымын ішкі және сыртқы деп саралауға болады. Ішкі құрылым дегеніміз-ҚІЖК-нің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің арасындағы, сондай-ақ бөлімдердің, тараулардың, баптардың, бөліктердің және баптардың тармақтары арасындағы қатынастар. ҚІЖК-нің сыртқьі құрылымы дегеніміз-басқа заңдармен және осы сала мен аралас салаларға жататын заңға тәуелді нормативтік актілермен, сондай-ақ кешенді заңдармен' байланысты білдіреді.

ҚІЖК-нің құрылымын осылай түсіну курс құрылымын біршама күрделі деп есептеуге негіз береді. ҚІЖК-нің баптарын нақты ұстану құқықтың саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу туралы тұтастай түсінік бермейтіндігі бұрын да атап өтілген болатын. Мазмұны жағынан да, құрылымы жағынан да күрделі болып келетін құқық саласы айта қаларлықтай үлкен міндеттер ауқымын шешуге бағытталған. Оқу пәні ретінде курстың құрылымы қылмыстық іс жүргізу құқығының құрылымдары арасында аралық буынды иемденеді. Бұл тізілім оқу бағдарламасында көрсетілген.

1. 2. ҚЫЛМЫСТЫҚ 1С ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы -толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер заңында керсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.

Кеңестік кезеңдегі құкық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған саяды: қылмыстық іс жүргізу құқығы өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта іс қарауға байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.

Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот оргаңдарының қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген 1 .

Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлде бір жақгы жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент таңдау нақты құқық мектебінің айқьндамасына байланысты.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады:

бұл дербес құқық саласы; іргелі сала, яғни ұлттық құқық

жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады;

өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) ормалар

түріндегі нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен

ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін

жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге

мүмкіндік береді.

Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:

-өкілетті органдардың қызметін реттейтін құкықтық

нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары

жүйесіне негізделген;

-өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу

нормалары жүйесіне негізделген қызметі;

-олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге

асырудың барысында калыптасатын

қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде құқықтық реттеу әдісі елеулі орын алады. Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады.

Қылмыстьіқ іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең елеулі болып табылатындары:

а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс

жүргізу заңының;

ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;

б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық

процестің арақатынастары.

Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығы мен, криминалистикамен, криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі -адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы -өзге құқық салаларымен міндеттер мен принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін біртұтас, өзара байланысты құқық жүйесі.

1. 3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІ

Қылмыстық іс жүргізу құқығы -білімнің іргелі салаларына жататын дербес құқық саласы. Бұл құқықтың өз жүйесі бар екенін білдіреді, оның өзара байланыстары мынадай:

1) құқық нормасының элементтері арасында;

2) құқық институттарына біріккен нормалар арасында;

3) қылмыстық процесс құқығы саласының

институттары арасында;

4) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен құқықтың өзге

де сабақтас салалары арасында. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы сыртқы қасиеттерді көрсетсе, жүйе

оның мазмұнды жағын бейнелейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестік құқық пен қылмыстық процестің тәрбиелік алдын алушылық маңызы
Қылмыстық процесс принциптері
Заңдылық принципі
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
Дәлелдемелерді жинақтау және зерттеуге бағытталған қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде тұрғын үйдің қол сұқпаушылығы жағдайлары
Қылмыстық процестің субъектілері
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Қылмыстық процесс принциптерінің ұғымы мен мәні
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz