Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтері мен әдістері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК -ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЭКОНОМИКА ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілсін»

Кафедра меңгерушісі

Жиенкулова Л. Т.

«» 2010 ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтері мен әдістері

Студент : Сапаргалиева М. Е.

(қолы) (Т. Ә. Ж. )

Ғылыми жетекшісі Авезов Ж

(қолы) (Т. Ә. Ж. )

Дәйектеме беруші: Тастанбеков А

(қолы) (Т. Ә Ж. )

АТЫРАУ - 2010 ж

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЭКОНОМИКА ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

КҮНДІЗГІ ОҚЫТУ БӨЛІМІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА

ДӘЙЕКТЕМЕ

Студент Сапаргалиева М

(Т. А. Ж. )

Мамандығы « Қаржы »

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтері мен әдістері ( АҚ «Темір банк» мысалында») »

Құрамында пайдаланылғандар:

а) графикалық бөлім: 4 бет

б) анықтамалық жазулар 81 бетшелері

Дипломдық жұмыс бойынша ескертулер:

Дипломдық жұмыс коммерциялық банкілердегі іс-құжаттар жүргізу жүйесін зерттеп оның дамыту мәселерін қарастыру. Дипломдық жұмыстың мақсатына жету барысындағы міндеттері: қаржылық есеп құрудың банктегі негізгі мақсатын, іс құжат жүйесіндегі орнын зерттеу; банктің балансын қаржылық есептемеде көрсету негіздерін сараптау; банктің ақша қозғалысын қаржылық есептемеде көрсету негіздерін қарастыру; зерттеу мысалы ретінде алынған банктің құрылуы мәселесін, оның даму сатыларын сараптау; Темір банк АҚ ның иеленген рейтинг көрсеткіштеріне тоқталу; банктің қабылдаған қызмет стратегиясына, іс құжат жүйесіне сипаттама беру; Темір банк АҚ ның Атырау филиалының құжаттық операцияларына тоқталу; Темір Банкі АҚның Атырау филиалының құжаттық операцияларын дамыту жолын ұсыну. Жұмыстағы келтірілген әдістемелер банкілердің ағымдағы қызмет процесінде қолданылатын құжаттарды дайындау үдерісінің басқару әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастырып, талдап, жетілдіру жолдарын ұсынды.

Дипломдық әдістемелік талаптарға сай жазылған.

Дипломдық жұмысында студенттің терең білімін анықтайды және «жақсы» деген бағаға бағаланады.

Дәйектемеші

(қолы, т. а. ж. )

“” 2010 г

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЭКОНОМИКА ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА

П І К І Р

Студент Сапаргалиева М

(Т. А. Ж. )

Мамандығы « Қаржы »

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтері мен әдістері ( АҚ «Темір банк» мысалында») »

Құрамында пайдаланылғандар:

а) графикалық бөлім: 4 бет

б) анықтамалық жазулар 81 бетшелері

Дипломдық жұмысқа студенттің жауапкершілігі:

Дипломдық жұмысым үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімінде коммерциялық банк жүйесінің теоретикалық және әдістемелік аспектілері анық көрсетілген. республиканың банктік сферасы жалпы экономикалық дағдарыста жақсы уақытын өткізіп жатпағандығы құпия емес. Қазіргі кезге дейін нақты заңдық негіздердің болмағандығынан, кіші және үлкен банктердің жарғылық қорының мөлшерімен байланысты банктердің әдістемелік базалармен қамтамасыз етілмегендігі, санациялық және банкроттық механизмдер т. б. Осының барлығы көптеген қиын мәселелержі туғызып, банк секторының дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтірді.

Диплом жұмысының мақсаты - коммерциялық банкілердегі іс-құжаттар жүргізу жүйесін зерттеп оның дамыту мәселерін қарастыру

Дипломдық жұмыс «жақсы» деген бағамен бағаланады.

Ғылыми жетекшісі:

(қолы, т. а. ж. . )

“” 2010 ж

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЭКОНОМИКА ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Факультеті кафедрасы

Мамандығы

“Бекітемін”

Кафедра меңгерушісі

“” 2010 ж.

ТАПСЫРМА

дипломдық жұмысты орындауға

Студентке

Мамандық

Жұмыстың тақырыбы

Бұйрығымен “” 2010 ж бекітілді: №

1. Дипломдық жұмысты тапсыру мерзімі

2. Түсіндірме - есептік жазбалардың мазмұны

3. Түсіндірме - есептік жазбалардың мазмұны (сұрақтар тізімі, жұмыс қажетті)

4. Жұмыстың кеңесшісі ( проектінің бөлімдері көрсетіледі)

5. Пайдаланылған әдебиеттер

Тапсырма берген : .

(жетекшінің қолы, күні)

Тапсырманы қабылдаған Сапаргалиева М. Е.

(студенттің қолы)

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

І бөлім. Коммерциялық банк жүйесінің теоретикалық және әдістемелік аспектілері . . . 12

1. 1. Коммерциялық банк жүйесінің ұйымдастырылу құрылымы . . . 12

1. 2. Коммерциялық банктердің операциялары мен

қаржылық қызметтері . . . 19

1. 3. Несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны мен ролі . . . …… . . . 31

1. 4. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі . . . 40

ІІ бөлім. Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтері мен әдістері ( АҚ «Темір банк» мысалында) ………. . . . . 43

2. 1. АҚ «Темирбанк» қаржылық жағдайын талдау. 43 2. 2. Темірбанктің есебі мен есеп беруін талдау . . . 44

2. 3. АҚ «Темирбанк» кастодиалдық қызметін талдау . . . 45

2. 4. Филиалдың даму көрсеткіштерін талдау . . . 53

ІІІ бөлім. Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтінің жетілдіру жолдары

  1. Шетелдік тәжірибедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару . . . 65
  2. Шетел банктерімен байланыс және жетілдіру жолдары . . . 69

Қорытынды . . . 74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76

Қосымшалар

Кіріспе

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - ХIV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.

«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко- үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналысынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды.

Дипломдық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде

коммерциялық банк жүйесінің теоретикалық және әдістемелік аспектілері анық көрсетілген.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас құрылымының бірі болып табылады. Банктердің және тауарлы өндірістің дамуы және айналымы параллельді жүрді және тығыз шиеленісте болды. Сонымен қатар банктер ақшалай есептемелер жүргізіп және шаруашылықтарды несиелендіру кезінде өндірістің жалпы нәтижелілігін көтереді, қоғамдық еңбектің өсіне әсер етеді. Қазіргі кезде, дамыған тауарлы және қаржы нарықтарынтарында банк жүйесінің құрылымы жедел нашарлайды. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несиелік құралдар және клиенттерге қызмет ету әдістері пайда болды.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқарады жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді. Банкті басқарудың құрылымым анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцийларын жүзеге асырудағы құзыретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ басқару құрылымына катысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ыкпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін канағаттандыруга пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы банк жүйесі механизмі нәтижелілігін талдау «Темірбанк» филиалының құрылу тарихы және қаржылық жағдайы «Темірбанк» АҚ филиалы Атырау қаласында 1994 жылы 25 ақпанда құрылған.

1999 жылдан бастап заңды мекен-жайы Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 99 орналасқан, индексі 465020.

Бас офисі Алматы қаласы, Абай көшесі, 68/74.

«Темірбанк» филиалы өз жұмысында «Темірбанк» АҚ есептік саясатын қолданады.

Есептік жыл 2005 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығын қамтиды. Қаржылық жылдық есеп ҚР Ұлттық банкінің есебі арқылы жасалады.

«Темірбанк» АҚ филиалы ҚР заңымен белгіленген банктік операцияларды және шетел валюта операцияларын жүргізуге құқылы.

Филиал «Темірбанк» АҚ-ң бөлімшесі болып табылады.

АҚ «Темирбанк» қаржылық жағдайын, есебі мен есеп беруін, АҚ «Темирбанк» кастодиалдық қызметін, филиалдың даму көрсеткіштерін талдау жолдары анық көрсетіліп жазылған.

Үшінші бөлімінде коммерциялық банк жүйелерінің нәтижелілік механизмнің жетілдіру жолдары көрсетілген. Шетелдік тәжірибедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару олардың жетілдіру жолдары айқындалған.

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.

Неміс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шілдеде шыққан заң негізінде құрылған. Оның алдында Рехсбанк (1875 ж) пен Неміс жер банкі (1948 ж. ) болған.

Банк капиталы - 290 млн. неміс маркасы толығымен мемлекетке тиесілі. Бас кеңсесі Франкфурт-на -Майне қаласында орналасқан. Банк жүйесіне жергілікті 11 орталық банкі және 195 бөлімшелер мен агенттіктер кіреді. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.

Кеңес - ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болп табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент, мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.

Ағылшын банкі - дүние жүзіндегі көне және беделді орталық банктерінің бірі. Негізінен 1694 жылы құралған. 1946 жылы жеке иемденушілердің акцияларды міндетті түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейін бұл банк елдегі несиелеу процесін, коммерциялық банктердің қарыздары бойынша есептік мөлшерлемесін өзгерту арқылы бақылаған.

Жапон банкі 1882 жылы құралған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептеледі, бірақ жарғы капиталының 55 % -ы мемлекетке тиесілі.

Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерің атқарады.

Қазақстан экономикасында шетелдік банктер елеулі орын алады. Қазіргі таңда шетелдік банктер республикамызда ірі банктік бөлімдердің бірін құрайды. Бұл банктердің басты клиенті болып табылатын шетелдік компаниялардың экспансиясымен байланысты. Шетелдік банктер санының өсуі көптеген факторларға байланысты: шетел банктерінің жіберілуінің режимі және операциялардың реттелуі; ел экомикасында сыртқы сауданың және тікелей шетелдік инвестициялардың ролі; елдегі еувалюталық операциялар жүргізетін халықаралық қаржылық орталықтардың болуы; ұлттық нарықтың даму деңгейі Сонымен қатар несиелік-қаржылық және жергілікті операциялардың кеңеюінің болашағы; салық салудың деңгейі және технологиялық инфрақұрылымның сапасы мен нәтижелілігі. Негізгі резидент емес банктердің шетелдік құрылтайшылары - АҚШ, Сауд Аравиясы, Түркия, Қытай, Нидерланды, Лихтенштейн, Люксембург Корольдігі, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан болып табылады.

Қазақстан сыртқы инвестициялау үшін жоғарғы тартымды ел болып бағаланатындықтан, республикада шетел капиталын банктік түрде тарту процестері жалғасып жатыр. Шетелдік банктердің қызметі тұрқатылығымен және салмақтылығымен сипатталады. Құрылған кезеңінен бастап Ұлттық банктің республиканың қаржы нарығының белгілі бір бөлігін алу нәтижесі болып табылатын экономикалық нормативтерін шетелдік банктермен орындамау жіберілмеді. Ішкі нарықта шетелдіктер қатысуымен банктер сақтықпен жұмыс істеуді қалайды, себебі Қазақстанның қаржы нарығын тұрақты деп айтуға болмайды.

Қазақстанның банктік жүйесінде қазіргі таңда анықталып отырған дұрыс тенденциялардың бірі - депозиттер бойынша пайыздық ставкалардың позитивтілігі болып табылады. Банктер депозиттер бойынша пайыздық ставкалардың поизитивтілігіне жетті, сол арқылы өзіне жаңа клиенттер тартты. Сонымен потенциалды салымшылар ұсынылған банктердің пайыздық ставкаларының «салмақтылығын» сезінді, бұл банктік жүйеге сенімділікпен қор салумен қатар депозиттер түрінде қордың көбеюіне әсерін тигізді.

Бірақ республиканың банктік сферасы жалпы экономикалық дағдарыста жақсы уақытын өткізіп жатпағандығы құпия емес. Қазіргі кезге дейін нақты заңдық негіздердің болмағандығынан, кіші және үлкен банктердің жарғылық қорының мөлшерімен байланысты банктердің әдістемелік базалармен қамтамасыз етілмегендігі, санациялық және банкроттық механизмдер т. б. Осының барлығы көптеген қиын мәселелержі туғызып, банк секторының дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтірді.

І бөлім. Коммерциялық банк жүйесінің теоретикалық және әдістемелік аспектілері

1. 1. Коммерциялық банк жүйесінің ұйымдастырылу құрылымы

Банк жүйесінің ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерге банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамыған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

Банк филиалы - бұл бас банкінің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк - жарғылық қордың 50 % -нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Қазақстан бұрынғы КСРО -ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандырылған банктері (Тұран-банк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республикасының барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркредит банк, Темірбанк және т. б. ) .

Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

Бірақ, жоғарыда аталған мамандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелербағынышты болып келді.

Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т. б. мамандырылған.

Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.

Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.

1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік институттурдың (жинақ банктері мен несиелік кооперативтерді қосқанда) филиал саны 39, 7 мыңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония және т. б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.

АҚШ-тағы банк жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында жекелеген банктерді ашуға шек қойылды. Сондықтан, кейбір штаттар қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар ашуға рұқсат береді, өзгелері - штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір банк өз штатынан тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.

Банк бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды. Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру, автомобиль жолдарының дамуы) Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапыпан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.

Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқарады жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс

Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты - банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді. Банкті басқарудың құрылымым анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцийларын жүзеге асырудағы құзыретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ басқару құрылымына катысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.

Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) оның торабының (фнлиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.

Қазіргі уакытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т. б., яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.

Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.

Басқарма (банк кеңесі) - банк иелерінің, оның акциомерлерімің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.

Басқарманың (банк кеңесінің) ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар кеңес клиенттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.

Басқарманың (банк кеңесінің) негізгі қызметтері:

1. Банктің стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте мекеменің мақсаты мен міндеттері және
оған жетудегі нақты іс-әрекеттер бағдарламасы, басқарма (кеңес)
мен басқару жетекшілері бірлескен түрде дайындалған арнайы
меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай жағдайларды қамтиды:

  • банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететінклиенттер категорияларына бағытталады;
  • алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
  • банктің филиалдары мем өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;
  • маркетииг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді тұтынушыларға ұсыныс;
  • өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;
  • нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын нығайту шаралары;
  • пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатынтарифтерді белгілеу саясаты;
  • банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардыңбіліктілігін және т. б. арттыру бағдарламалары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акцирнерлік - коммерциялық банкті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің қаржылық қызметі
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Банктердің қызметтері және операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінде бөлшек банкингтің теориялық негіздері
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz