Тянь - Шань таулы өлкесі



Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау Тянь . Шань таулы өлкесі
1.1.Географиялық орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Тянь.Шань таулы өлкесінің тау жоталары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ тарау. Ақсу Жабағылы қорығы Тянь . Шань таулы өлкесі
2.1Тянь.Шань тауының климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2.Табиғат зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Пайдаланыған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Кіріспе
Т я н ь - Ш а н ь таулы өлкесі Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі. Тянь-Шань деген сөзді қытай тілінен аударғанда а с п а н т а у деген мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасуы бағытына қарай: солтүстік Тянь-Шань, Орталық Тянь-Шань, Батыс Тянь-Шань, Шығыс Тянь-Шань деп бөлінсді. Тянь-Шань - Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі. Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде орналасқан. Тянь-Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянъ-Шаньның солтүстік және батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді. Солтүстік Тянь-Шаньнан Іле Алатауы, Қырғыз Алатауының батыс бөлігі, Шу-Іле таулары, Батыс Тянь-Шаньнаы Піскем, Өгем жоталарының оңтүстік-батысы, Қаратау, Орталық Тянь-Шаньнан Талас Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін кұрайтын жоталар болып табылады.Таулар жүйесі, жер бедері мен геологиялық тарихы Тянь-Шаньның ең биік нүктесі -Хантәңірі (6995 м). Орталық Тянь-Шаньның үлкен жотасы Теріскей Алатау оңтүстігінде орналасқан. Сол жерден Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы өтеді. Теріскей Алатаудың жыныстар мен гнейстердің қалың қабатынан құралған. Оның үстінде төменгі палеозойдыңтақтатасы, құмтасы, шөгінді эффузивті жыныстары қабаттасқан. Тау беткейлері кұрғак;, терең шатқалдармен тілімделген, жері жазық, солтүстігі Бетпақдаламен шектеседі. Қазіргі уақытта жоталарының биік бастары мәңгі қар жамылып, әлсін-әлсін жер сілкіну болуы Тянь-Шань тау жоталарында альпілік тау жасалу жүріп жатқанын байқатады. Тянь-Шань тау жоталары пайдалы қазбаларға, оның ішінде полиметалл рудаларына өте бай. Тянь-Шань тау жоталарының пайдалы қазбалары әлі толық зерттелмеген Таулардың жалпы жер бедері біркелкі емес. Ол биік жоталармен бірге тауаралық алқаптардан, қыратты жазықтардан тұрады. Таулардың биік белдеулері оның да
Падалынған әдебиеттер тімі.
1.Соседов И. С. и др. Методика территориальных водно-балаисовых обобщений в горах.- Алматы: Наука КазССР, 1976..
2.Соседов И. С. и др. Водный баланс и водные ресурсы северного склона Джунгарского Алатау. Алматы: Наука КазССР, 1984..
3.Токмагамбетов Г. А. Ледники Заилийского Алатау - Алматы: Наука КазССР 1976..
4.Мачерет Ю. Я., Черкасов П. А., Боброва Л. И. Толщина объем леднивДжунгарского Алатауподаннымаэрорадиозондироеания. - МГИ, 1988. С. 59-71.
5.География және табиғат –2006,N 2.
6.Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
7.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003,
8.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
9.Қазақстанның физикалық герграфиясы.-Алматы,1999.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау Тянь - Шань таулы өлкесі
1.1.Географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .4
1.2 Тянь-Шань таулы өлкесінің тау жоталары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ тарау. Ақсу Жабағылы қорығы Тянь – Шань таулы өлкесі
2.1Тянь-Шань тауының
климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.2.Табиғат зоналары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланыған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17

Кіріспе
Т я н ь - Ш а н ь таулы өлкесі Азия материгіндегі ең ірі таулардың
бірі. Тянь-Шань деген сөзді қытай тілінен аударғанда а с п а н т а у деген
мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасуы бағытына қарай:
солтүстік Тянь-Шань, Орталық Тянь-Шань, Батыс Тянь-Шань, Шығыс Тянь-Шань
деп бөлінсді. Тянь-Шань - Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі. Таудың шығыс
бөлігі Қытай жерінде орналасқан. Тянь-Шань сөзі қытай тілінде Тәңір шыңы,
Аспан тау деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянъ-Шаньның солтүстік
және батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді. Солтүстік
Тянь-Шаньнан Іле Алатауы, Қырғыз Алатауының батыс бөлігі, Шу-Іле таулары,
Батыс Тянь-Шаньнаы Піскем, Өгем жоталарының оңтүстік-батысы, Қаратау,
Орталық Тянь-Шаньнан Талас Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі Қазақстанның
оңтүстік-батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін кұрайтын жоталар болып
табылады.Таулар жүйесі, жер бедері мен геологиялық тарихы Тянь-Шаньның ең
биік нүктесі -Хантәңірі (6995 м). Орталық Тянь-Шаньның үлкен жотасы
Теріскей Алатау оңтүстігінде орналасқан. Сол жерден Қазақстан мен
Қырғызстанның шекарасы өтеді. Теріскей Алатаудың жыныстар мен гнейстердің
қалың қабатынан құралған. Оның үстінде төменгі палеозойдыңтақтатасы,
құмтасы, шөгінді эффузивті жыныстары қабаттасқан. Тау беткейлері кұрғак;,
терең шатқалдармен тілімделген, жері жазық, солтүстігі Бетпақдаламен
шектеседі. Қазіргі уақытта жоталарының биік бастары мәңгі қар жамылып,
әлсін-әлсін жер сілкіну болуы Тянь-Шань тау жоталарында альпілік тау
жасалу жүріп жатқанын байқатады. Тянь-Шань тау жоталары пайдалы қазбаларға,
оның ішінде полиметалл рудаларына өте бай. Тянь-Шань тау жоталарының
пайдалы қазбалары әлі толық зерттелмеген Таулардың жалпы жер бедері
біркелкі емес. Ол биік жоталармен бірге тауаралық алқаптардан, қыратты
жазықтардан тұрады. Таулардың биік белдеулері оның да муының негізгі
заңдылықтарын белгілейді.

І тарау Тянь - Шань таулы өлкесі
1.1. Географиялық орны
Батыс Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігі Қырғыз Алатауынан басталады.
Қырғыз Алатауының батыс бөлігінің солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс
тармағы (Тараз қаласының маңы), Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан
басталған солтүстік-шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.
Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы
қазбалары.Қырғыз Алатауы да көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі
болып келеді. Оның ең биік нүктесі - Семенов шыңы (4566 м). Таудың
қазақстандық бөлігі одан аласа (4500 м шамасында). Тау батысқа қарай
аласара береді. Оның солтүстік беткейі кұлап, мүжілген тау сілемдерін
елестетеді. Жотаның беті тас көмір дәуірінің кұмтастарынан, әктастар мен
граниттерден тұрады. Оның беті күшті тілімделген, тегіс емес. Қазақстандық
бетінде альпілік жер бедері қалыптасқан.
Талас Алатауының қазақстандық бөлігі - Жабағылы таулары. Екі жотаға
бөлініп, Ақсу-Жабағылы өзенінің алқабын қоршайды. Солтүстік жотаның
биіктігі 2600-2800 м, оңтүстік жотада 3500 м. Бұлар да ертедегі палеозойдың
шөіінді атпа жыныстарынан тұрады. Тау беті тілімделген, онда ертедегі мұз
басудың іздері бар, жер бедері альпілік пішінде дамыған.
Ташкент маңы Алатауы Талас Алатауынан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан
бірнеше жоталардан тұрады. Оларға Піскем, Көксу, Майдантас Ойқайың, Өгем,
Сайрам, Қаржантау, Қазғұрт және Боралдай таулары кіреді. Бұлардың ең ірісі
- Піскем (орташа биіктігі 3700-3800 м), ең биік нүктесі - Бештұр шыңы (4208
м). Жота жоғарғы палеозойдың әктастарынан кұралған. Оңтүстік-шығыс беткейі
тік және қысқа, солтүстік-батыс беткейі көлбеу. Піскем жер сілкіну аймағы
болып табылады.
Сайрам (ең биік нүктесі 4220 м), Көксу (ең биік нүктесі 3468 м), Өгем (ең
биік нүктесі 3560 м) Ташкент маңы Алатауының екінші қатардағы биік жоталары
болып саналады. Қаржантау (2800 м), Боралдай (1800 м), Қазығұрт (1700 м)
олардан аласалау. Бұлардың геологиялық тарихы ұқсас. Бәрі де жоғарғы
палеозойдың әктасынан құралған. Оларда карст құбылыстары кең тараған. Тау
беткейлері тік жартасты, жер бедері тілімделген.
Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы - Қаратау жотасы. Ол Талас
Алатауыньщ батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Ташкент
маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың
ұзындығы 400 км, орташа биіктігі 1800 м. Ең биік нүктесі - Мыңжылқы тауы
(2170 м). Тау солтүстік-батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзендерінің
атырабында бітеді. Геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Шу-Іле
тауларымен ұқсас. Аласарып, мүжіле бастаған. Қаратаудың солтүстік-шығыс
және оңтүстік-батыс жоталарын тауаралық ойыс бөліп тұрады. Оңтүстік-батыс
жотасы протерозойдың метаморфозданған жыныстарынан кұралса, солтүстік-шығыс
жота төменгі палеозойдың кұмтастары мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның
арасындағы ойыс девонның қызыл түсті шөгінділерінен құралған. Сонымен қатар
мезозой мен кайнозойдыд әктасы, құмтастары, сазды шөгінділері кең тараған.
Мұндағы жер бедері құрғақшлық жағдайда қалыптасқан. Тұрақты беткі ағыны
жоқ. Жотаның беткейлері үлкенді-кішілі шатқалдармен тілімделген.
Қаратау бойында пайдалы қазбалардың мол қоры табылған. Қорғасын, мырыш
Шымкент қорғасын зауытында шикізат ретінде пайдаланады. Фосфорит байлығы
Тараздың зауыттарын қамтамасыз етіп отыр. Онда көп жерде кенді ашық әдіспен
өндіру жолға қойылған. Гипстің, цементтіңжәне т.б. құрылыс материаддарының
көзі пайдаға асуда.
Қазақетанның оңтүстік-батысы мен оңтүетігін алып жатқан бұл таулардың
қатпарлы-жақтарлы негізі палеозойдың тұсында қалыптасқан. Негізгі жер
бедері неоген мен төрттік дәуірлеріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей
жерлерде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. Оған Тянь-Шаньдағы жер
сілкіністер дәлел бола алады.
I. Солтүстік Тянь-Шаньға Ыстық көлдің солтүстігіндегі тау
жоталары — Тарбағатай, Сауыр, Шу — Іле таулары, Жоңғар,
Іле Алатауы мен Күнгей Алатау жатады.
II. Орталық Қырғыз жотасы, Теріскей Алатау,Көкшалтау, Ферғана жоталары
жатады.
III. Батыс Тянь-Шанъға ендік бойымен орналасқан Талас Ала-
тауы, Өгем, Піскем, Сойдалаш, Шатқал, Алай, Түркістан,Қаратау
жоталары кіреді.
IV. Шығыс Тянь-Шань ТМД-елдерінен тыс жерлерде орналасқан.
Тянь-Шань таулы өлкесінен Қазақстан жеріне Солтүстік Тянь-Шань түгелімен,
Батыс Тянь-Шаньның көп бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның бір бөлігі кіреді.
Тянь-Шаньның тау жоталары ендік бағытта орналасқан. Қазақ жеріндегі ең
биік шыңы — Хан-Тәңірі (6995 м). Тянь-Шань тауының геологиялық дамуын екі
кезеңге (ежелгі және жас) бөлуге болады. Ежелгі даму кезеңі палеозой эрасы
кезіндегі ертедегі тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін Тянь-Шаньның
шығыс бөлігінде сақталған.
Қазіргі биік тау бедері жас даму кезеңіне төрттік дәуірдегі альпілік
тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Солтүстік Тянь-Шань бір бөлігі Қытай
жерінде орналасқан Кетпен жотасынан басталады. Жотаның солтүстік беткейі
оңтүстігіне қарағанда көдбеу. Екі беткейінде де өзен көп, олар — Іле
өзенінің салалары.Тянь-Шань тау жоталары — батыстан шығыс 5щъітта 2450
шақырымға созылып жатқан күрделі тау жүйесі..Тянь-Шань жоталары палеозой
және палеозойға дейінгі тау , ал тау аралық аңғарлары кайнозой, кей
жерлерінде мезозой шөгінділерінен түзілген. Тянь-Шань тау жоталары каледон
мен герцин тау жасалу кезеңістік жағдайы болған, бірақ мезозой арасында
болған өзгерістердің нәтижесінде мүжілген аласа тауға айналып, кейіннен
альпілік тау жасалу кезінде қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы биік тауға
айналған.

1.2. Тянь-Шань таулы өлкесінің тау жоталары
Солтүстік Тянь-Шань. І л е А л а т а у ы — Солтүстік Тянь-Шаньның ең
солтүстіктегі биік тау жотасы. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бойында
созылып жатыр. Ұзындығы 350 шақырым, ені 30-—40 шақырым, ең биік жері —
Талғар шыңы (4973 м). Кайнозой эрасының төрттік дәуірі кезінде пайда
болған. Гранит, әктас, тақтатастан түзілген. Тау жасалу процесі әлі
тоқталмаған жас тау. Жер сілкінулер жиі болып тұрады. Биік шыңдарын мәңгі
қар мен мұздықтар басқан. Табиғаты көркем жерінде Қазақстанның астанасы
Алматы қаласы орналасқан. Дүние жүзіне белгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ
шаңғы базасы, көптеген санаторий, курорттар мен демалыс үйлері Іле
Алтауының баурайында орналасқан. Табиғатын қорғау үшін Алматы қорығы
ұйымдастырылған.
Шу-Іле тауы Іле Алатауының солтүстік-батысындағы жалғасы. Абсолюттік
биіктігі 1800 м келетін, экзогендік процестердің әсер етуінен мүжілген ескі
тау шөгінді және магмалық тау жыныстарынан құралған.
Батыс Тянь-Шань. Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан
басталады. Жер бедері күшті тілімденген.
Қырғыз Алатауы Күнгей Алтауының батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы
375 шақырым, ең биік шыңы — Батыс Аламедин шыңы (4875 м). Қырғыз Алатауы
тақтатас, әктас, құмтас, гранит, диорит және палеозой шөгінділерінен
түзілген. Биіктік белдеулік айқын байқалады. 3700 м биіктіктен жоғары мәңгі
қар мен мұздықтар жатыр. Бұл жота — көршілес жатқан қазақтар мен
қырғыздардың ортақ мал жайылымы.
Қаратау жотасы — түгелдей Қазақстан жерінде экзогепдік процестердің
әсерінен күшті бұзылған жота. Абсолюттік биіктігі 2170 м. Солтүстік-батыс
бағытқа қарай 420 шақырым созылып жатыр. Протерозойдың тақтатасы мен
карбонның әктас, құмтас конгломераттарынан және девонның вулкандық тау
жыныстарынан түзілген. Қойнауы пайдалы қазбалардан полиметалл (Ащысай,
Мырғалымсай, Байжансай) және фосфорит (Ақсай, Жаңатас, Шолақтау кендері)
рудаларына өте бай.
Қазақстан жері Өгем жотасының батыс беткейін ғана қамтиды. Герциннің
гранитті және палеозойдың шөгінді тау жыныстарына түзілген. Көркем табиғаты
мен өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау үшін Ақсу-Жабағылы қоры
ұйымдастырылған.
Тянь-Шань таулы өлкесіндегі биіктік белдеулік. Тянь-Шань таулы өлкесі шөл
зонада жатыр. Сондықтан әртүрлі топырақ өсімдік жамылғысымен ерекшеленеді.
Мұнда жергілікті Тянь-Шаньға ғана тән өсімдік түрлері мен ортаазиялық
ксерофитті өсімдіктер тараған. Жануарлар дүниесінің өзіндік ерекшелігі бар.
Солтүстік беткейінде Сібірлік, Еуропалық түрлері кездессе, ал батысында
Африкалық, Жерорта теңізі мен Гималай жануар түрлері тараған. Батыс Тянь-
Шаыьның өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің Солтүстік Тянь-Шаньға
қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Іле және Күнгей Алтауының солтүстік
беткейінде биіктік белдеулік айқын байқалады. Абсолюттік биіктігі 600— 800
м жерге дейін жусанды-бетегелі шөл зонасы орналасқан. Ол зонадан жоғары
құрғақ дала белдеуі орналасқан, онда жусан, ақ жусанмен қатар, көде және
бетеге өседі. Құрғақ дала зонасы жоғары 1300—1500 м-ге дейін әртүрлі
дақылды шөп (арпабас, тарғақ шөп, бидайық) өскен далаға ауысады. Бұл
зонадан жоғары орманды дала зонасы орналасқан, онда жабайы алма ағашы мен
көк терек араласқан ормаіі мен бұталар (долана, итмұрын, қара ырғай, т. б.)
өседі. Орманды дала зонасынан жоғары орманды-шалғынды белдеу басталадгт
Мұнда Тянь-Шань эндемигі, Шренк шыршасы өседі. Орманды-шалғынды белдеуден
жоғары 2700—3100 м биіктікке дейін субальпілік, альпілік зона орналасқан.
Онда альпілік көкнәр, альпілік сарғалдақ, тасжарған, қоңырбас, қияқ,
манжетка, жабайы жуа, Тянь-Шаньның ең әдемі гүлі — еңлікгүл өседі.
Альпі шалғынынан жоғары 3350 м-ден бастап мәңгі қар белдеуі басталады.
Мәңгі мұз басқан жартастарда бактерия, балдырлар мен қыналар өседі. Тянь-
Шань таулы өлкесі шөл зонасында жатқандықтан, төменгі биіктік белдеуінде
жыландар, дала тасбақасы, құм тышқаны, қосаяқ, бөкендер кездеседі.
Қүстардан торғай, кәдімгі қараторғай, көк қарға, үндінің мы-сық торғайы
көптеп кездеседі. Орманды дала белдеуінде сүр аламан, жертесер, Тянь-ІПань
тышқаны, кішкентай жертесер, ақ тышқан, түлкі, қасқыр мекендейді.Орманды
белдеудің қылқан жапырақты бөлігінде Тянь-Шань қоңыр аюы, ақ тышқан,
Тянь-Шань суыры, күзен, борсық мекендейді. Батыс Тянь-Шаньда эндемик
мензбир суыры, Гималай суыры, қүстардан үш саусақты тоқылдақ, жапалақ, тау
кекілігі мекендейді.
Биік тау белдеуінде тау ешкі, арқар, қызыл қасқыр, құстардан биік тау
тазқарасы, саптар, альпі көк қарғасы, т. б. кездеседі. Солтүстік Тянь-
Шаньның жануарлар дүниесінің Батыс Тянь-Шань жануарлар дүниесінен
айырмашылығы бар. Солтүстік Тянь-Шаньда жануарлардың сібірлік түрі, Батыс
Тянь-Шаньда жерорта теңіздік, гималайлық, жергілікті немесе түркістандық
түрлері кездеседі.
Олардың ішінде біршама жақсы зерттеліп, көптеген кен орындары ашылғаны —
Қаратау жотасы. Қаратауда полиметалл мен фосфорит кендері өндіріледі.
Қаратаудан өндірілген фосфоритті пайдаланып, Шымкент, Жамбыл қалаларындағы
өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Құрылыс материалдарына да өте бай. Емдік
қасиеті бар минералды бұлақтар көптеп кездеседі (Арасан, Мерке, Сарыағаш,
Қорам, т. б.).

ІІ- тарау. Ақсу Жабағылы қорығы Тянь – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Алтай таулы өлкесі
Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері
Ақсу - Жабағалы қорығының эндемик өсімдіктері мен жануарлары
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Биік таулы өлкелер
Қазақстанның жер бедері
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстанның физикалық географиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Пәндер