Pascal тіліндегі айнымалылар типі


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . . 1

1. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕГІ АЙНЫМАЛЫЛАР ТИПТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ . . . 3

2. АЙНЫМАЛЫ ТИПТЕРІ . 6

3. МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ШЕКТЕУЛІ ТИПІ ………. ………. . . . . 9

4. СИМВОЛДЫҚ ТИП . . . 10

5. АЙНЫМАЛЫ МЕН ТҮРАҚТЫЛАРЫ . . . 11

6. МЕНШІКТЕУ НҰСҚАУЫ . . . 12

7. Паскаль тіліндегі айнымалылар. . . . . 17

8. Мысал есептер . . . 13

9. Қорытынды . . . 23

Әдебиеттер тізімі . . . 24

Кіріспе.

Менің таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы «Turbo Pascal тілінің айнымалылар типі». Курстық жұмысымның негізгі мақсаты Turbo Pascal тілінің бағдарламалау әдістерін, олардың бағдарламада қолданылуын және бағдарламаның тиімді шешімін табу болды. Паскаль тілі жаңадан үйреніп келе жатқан бағдарламашыларға арналаған тіл болып табылады. Бірақ кез-келген тілді түсіну үшін біріншіден қарапайым тілді түсіну қажет. Бағдарлама оқушыларға, студенттерге, оқытушыларға арналған. Бұл курстық жұмыс оқытушылар, оқушылар, колледж студенттері және жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін Turbo Pascal тілінің жайында маңызды мағлұматтарды алуға болады. Айнымалылар кезкелген программалау барысында ең маңызды объект болады.

1. Паскаль тіліндегі айнымалылар типтердің түрлері

Программаның негізгі объектілері айнымалылар мен тұрақтылар болып табылады. Программа құру барысында, программалаушы олардың типтерін алдын-ала анықтауы қажет. Айнымалылар мен тұрақтылардың типтері - олардың мәндерін және оларға қолданылатын әртүрлі өңдеу амалдарын белгілейтін - басты көрсеткіш.

Pascal-да берілгендердің типтерін екі үлкен топтарға жіктеуге болады:

  • Қарапайым типтер (скалярлық) ;
  • Құрылымдық типтер (структуралық)

Бүтін тип

Паскаль тілінің стандартында бүтін типтің Integer бір ғана түрі анықталса, Turbo Pascal-да стандартты бүтін типтің бес түрі бар: Shortint, Integer, Longint, Byte, Word

Тип: Тип
Діапазон: Діапазон
Форматы: Форматы
Көлемі(байт):

Көлемі

(байт)

Тип: Shortint
Діапазон: -128 . . . 127
Форматы: таңбалы
Көлемі(байт): 1
Тип: Integer
Діапазон: -32768 . . . 32767
Форматы: таңбалы
Көлемі(байт): 2
Тип: Longint
Діапазон: -2147483648 . . . 2147483647
Форматы: таңбалы
Көлемі(байт): 4
Тип: Byte
Діапазон: 0 . . . 255
Форматы: таңбасыз
Көлемі(байт): 1
Тип: Word
Діапазон: 0 . . . 65535
Форматы: таңбасыз
Көлемі(байт): 2

Логикалық тип

Паскальда стандартты логикалық тип -boolean (көлемі 1 байт) . Логикалық типтің бұл атауы, атақты математик Джордж Буль есіміне байланысты Boolean деп аталады. Логикалық типтегі элемент тек екі мәнді қабыладай алады: true(ақиқат), false (жалған) . Логикалық типтің мәні true болғанда 1 санына, false болғанда 0 санына тең болады.

Логикалық типтегі берілгендер программада шартты тексеруде қолданылады. Логикалық шарт мына қатынас таңбалары: >, <, <=, >=, <>, = арқылы жазылады. Мысалы, 12<30- true, 12=30 false.

Логикалық типтегі берілгендерге логикалық амалдар қолданамыз. Логикалық амалдар арқылы логикалық өрнектер ұйымдастыруға болады. Логикалық өрнектің нәтижесі әрқашанда екі мәннің true, false біріне тең болады.

Символдық тип

Символдық (литерлік) тип Char ASCII (American Standart Code for Information Interchange) кодының барлық түріне сәйкес келетін символдарды анықтайды. Char типтегі көрсеткіштердің кодын ORD функциясымен алуға болады. Осы кодтары арқылы символдық типтегі көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыруға болады.

Белгілі бір іс-әрекетті атқаратын, басқарушы символдарға 0-ден 31-ге дейінгі код тағайындалған. Символдық тип айнымалылар мәні ‘(дәйекше) таңбасына алынады. Мысалы: ‘A’, ‘$’, ‘2’, т. с. с.

Символдық типтің кеңейтілген түсінігі жолдық тип String болып табылады.

Нақты тип

Паскальдың стандартында нақты типтің бір ғана түрі Real анықталса, Turbo Pascal-да нақты типтің 5 түрі қолданылады: Real, Single, Double, Extended, Comp

Тип: Тип
Диапазоны: Диапазоны
Формат(цифр саны):

Формат

(цифр саны)

Көлемі(Байт):

Көлемі

(Байт)

Тип: Real
Диапазоны: 2, 9*10 -39 … 1, 7*10 38
Формат(цифр саны): 11-12
Көлемі(Байт): 5
Тип: Single
Диапазоны: 1, 5*10 -45 … 3, 4*10 38
Формат(цифр саны): 7-8
Көлемі(Байт): 4
Тип: Double
Диапазоны: 5*10 -324 … 1, 7*10 308
Формат(цифр саны): 15-16
Көлемі(Байт): 8
Тип: Extended
Диапазоны: 3, 4*10 -4932 … 1, 1*10 4932
Формат(цифр саны): 19-20
Көлемі(Байт): 10
Тип: Comp
Диапазоны: -2 63 +1 … 2 63 -1
Формат(цифр саны): 19-20
Көлемі(Байт): 8

Мұндағы Single, Double, Extended, Comp типтерін компьютердің жетілген, соңғы түрлерінде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Себебі бұл нақты типтің түрлерін пайдаланғанда компьютердің қосымша процессоры болғаны жөн.

Нақты типтегі сандарды жазудың екі тәсілі бар: әдеттегідей және экспоненциал.

Өте үлкен және өте кіші нақты сандарды жазуда 10 санының дәрежесін қолданған ыңғайлы (12*10 -16 , 3*10 8 ) . Осындай сандарды экспоненциал түрге келтіру үшін 10-ның орнына Е символы және дәреже көрсеткіші жазылады.

12*10 -16 12Е-16

3*10 8 3Е+8

Кез-келген нақты типтегі сан компьютер жадысында экспоненциал түрде сақталынады. Программа нәтижесі нақты сан болса, бұл сан экранға экспоненциал түрде шығады.

2. АЙНЫМАЛЫ ТИПТЕРІ.

Мәліметтерді айнымалы типтері стандартты типтерден өзгеше болып келеді. Мәліметтердің әр түрлі типтері үшін әр түрлі амал қолдануға болады. Мысалы, нақты сандармен +, -, *, / амалдарын орындағанымызбен, олар DIV ( бүтін бөліндіні табу ), MOD (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі қалдықты табу) амалдарын қолдану мүмкін емес. Мәліметтердің жаңа типін құру бір жағынан операция орындауды жеңілдетсе, екінші жағынан қате жібермеуге мүмкіндік береді. Сонымен, мәліметтердің стандарты типтерінен өзге жаңа айнымалы типтерді құруға болады. Мәліметтердің бұл типтеріне саналатын және шектелген типтер жатады.

Мәліметтердің саналатын типтері. Қабылдай алатын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип - саналатын тип болып есептеледі. Бұл типті сипаттау оның мүмкін мәндерінің идентификатор түріндегі тізімін берумен анықталады. Ол идентифиакторларға кіретін әрбір атау тұрақты болып саналады да, бір-бірімен үтірмен бөлініп, жалпы атау тізімі жай жақшаға алынады. Тізімдегі алғашқы тұрақтының нөмері - 0, келесісінің - 1, әрі қарай 2, 3 т. б. болып біртіндеп өсіп отырады. Осылай анықталып саналатын типті әркім шығарылатын есептің түріне байланысты өздері сипаттай алады.

Оның жазылу пішімі:

TYPE <тип атауы> = (<1-мән, 2-мән, . ., n-мән>) ;

VAR <идентификатор, . . . >:<тип атауы>;

Саналатын типтің синтаксистік диаграммасы былай өрнектелді:

идентификатор: идентификатор

5. 1-сурет. Саналатын типтің диаграммасы

Мысалы:

TYPE Gaz = (Ge, C, O, N) ;

Metal = (Na, K, Li, Cu, Zn) ;

Mezgil = (қыс, көктем, жаз, күз) ;

VAR A1, A2: Mezgil;

G1, G2, G3 : Gaz;

Met1, Met2 : Metal;

Түс = (ақ, көк, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, сұр, қара) .

Мұнда үш түрлі мәлімет тікелей TYPE бөлімінде сипатталған да, VAR бөлімінде оларды басқа айнымалыларды сипаттауға пайдаланып отырамыз. Ал Түс айнымалысы атаусыз бірден Var бөлімінде өз мәндері бойынша сипатталған, ол көрсетілген түстердің бірін мән етіп қабылдайды. Var бөлімінде сипатталған А1, А2 айнымалылары тек ‘қыс’, ‘көктем’, ‘жаз’, ‘күз’ мәндерінің бірін, G1, G2, G3 айнымалылары ‘Ge’, ‘C’, ‘O', ‘N’ мәндерінің бірін, ал Met1, Met2 - ‘Na’, ’K’, ’Li’, ‘Cu’, ‘Zn’ мәндерінің бірін қабылдай алады.

Жоғарыдағы мәліметтерді сипатталуын TYPE бөлігін қолданбай, айнымалы бөлігінде бірден былай жазуға да болады:

VAR A1, A2: (Қыс, көктем, жаз, күз) ;

G1, G2, G3 : (Ge, C, O, N) ;

Met1, Met2 : (Na, K, Li, Cu, Zn) ;

Түс = (ақ, көк, қызыл, сары, жасыл, қоңыр, сұр, қара ) .

Саналатын типтер үшін әрбір тұрақтыны мәндердің реттік нөмірі (0, 1, 2, 3) бойынша анықтауға болады, сондықтан оларға салыстыру: <, <=, <>, >, >=, = амалдарын және ord(x), pred(x), succ(x) стандартты фукцияларын қолдану мүмкіндігі бар: succ(‘көк’) = ‘қызыл’; pred(‘С’) = ‘Ge’; ord(‘N’) =3; ord(‘Na’) = 0 т. б.

Мысал. Жануарлар аты (тұрақтылар түрінде) тізім бойынша берілген. Осы тізімнен барыс пен еліктен кейінгі аңның рет нөмірін анықтайтын программа құру кажет.

PROGRAM GANUAR (INPUT, OUTPUT) ;

TYPE AA = (тышқан, сыир, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) ;

VAR

P1, P2: AA;

N1, N2: INTEGER;

BEGIN

P1:= ’Ұлу’

P2:= SUCC (Қой)

N1:= ORD (P1) +1;

N2:= ORD (P2) +1;

WRITELN (‘жыланның рет нөмірі =’, N1:2) ;

WRITELN (‘мешіннен кейінгі аңның рет нөмірі =’, N2:2) ;

END.

Мұнда саналатын тип ретінде тышқан - 1, сыир - 2 т. с. с. ит - 11, доңыз - 12 нөмірлерін ретпен қабылдйды. Реттік нөмірлері арқылы жануарлар атын немесе жануарлар атына сәйкес олардың нөмірін тауып алуға болады.

3. МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ШЕКТЕУЛІ ТИПІ.

Егер айнымалы сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын қабылдайтын болса, онда оны шектеулі типтегі айнымалы немесе аралық (интервалды) типтегі айнымалы деп атайды. Мұндай типтегі айнымалының алғашқы және соңғы мәндері нүктелермен бөлініп тұрақты түрінде көрсетіледі де, ол екеуі де бір стандартты типте (real типіи қолдануға болмайды) болып, міндетті түрде алғашқы мән соңғы мәннен кіші болуы керек.

Оның жазылу пішімі:

TYPE <тип аты> = <алғашқы тұрақты … соңғы тұрақты>;

VAR <идентификатор, …> : <тип аты>;

Шектеулі типтің ситаксистік диаграммасы былай өрнек теледі:

Мысалдар:

5. 2-сурет. Шектеулі типтің диаграммасы.

Type kunder = 1. . 31;

Var RabDay, BolnDay : kunder:

Мұнда RabDay, BolnDay айнымалылары тип kunder, олар 1. . 31 аралығындағы кез келген мәнге ие бола алады. Ол аралықтан шығып кетсек, онда қате деген мәлімет шығып, программа жұмысы тоқталады. Тұрақтылар мәнін санмен емес, олардың атауларымен берген ыңғайлы. Мысалы, жоғарыдағы мысал үшін:

Const Min = 1; Max = 31;

Type kunder = Min . . Max;

Var RabDay, BolnDay : kunder;

Келесі мысалда типтерді анықтау бөлігінде ай аттары көрсетілген:

TYPE ai = (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан) ;

oсы мәндердің ішінен тек жаз айларын ғана пайдалану қажет болса, мысалы:

TYPE jaz = (маусым . . тамыз) ;

онда ai типі jaz типіне қарағанда негізгі jaz оның шектелген бөлігі болып саналады.

Сонымен, шектелген типті пайдалануда төмендегі заңдылықтар орындалуы тиіс:

  1. Шектеулі екі тұрақтының типі бірдей болуы қажет.
  2. Негізгі айнымалы нақтыREALтипінен басқа төмендегі қарапайым типтердің бірі бола алады.
  • бүтін тип - INDEX = 0. . 63;
  • символдық тип - LETTER = ‘A’. . ’Z’;
  • саналатын тип - күз = қыркүйек . . қарашаж
  1. Шектеулі типтегі алғашқы тұрақтының мәні соңғысының мәнінен артық болуы қажет.
  2. Шектеулі типтің айнымалылары программаның типтер немесе айнымалылар бөлігінде міндетті түрде сипатталуы керек.

4. Символдық тип.

Delphi тілінде символдық тип бар: Ansi Char және Wide Char

  • Ansi Char типі - 0-ден 255 дейінгі сандар арасындағы ANSI кодировкасындағы символ.
  • Wide Char типі - 0-ден 65 535 сандар арасындағы Unicode кодировкасындағы символдар

Жолдық тип.

Delphi тілінде жол типі бар: ShortString, longString және Wide String.

Логикалық тип.

Логикалық тип тек екі мәнді True (ақиқат) және False (жалған) қабылдайды.

5. АЙНЫМАЛЫ МЕН ТҮРАҚТЫЛАРЫ

Айнымалы - бұл жады аумағы, онда прграмма операция жасайтын мәліметтер орналасқан.

Бағдарлама айнымалыға (жады аумағы) өтініш жасау үшін, мысалы формула бойынша есептеуге бастапқы мәліметтерді алу үшін немесе нәтижені сақтау үшін айнымалының өз аты болуы керек. Айнымалы атын программист ойлап табады. Айнымалы атын латын алфавитінің әріптерімен, сандар және кейбір арнайы символдармен беруге болады. Айнымалы атының бірінші символы әріп болуы қажет. Delphi тілінің компиляторы айнымалы атындағы үлкен және кіші әріптерін ажыратпайды, сондықтан SUMMA, Summa және summa аттары бір айнымалы атын береді. Delphi тілінде әрбір айнымалы қолданылмастан бұрын жариялануы керек. Жариялану кезінде тек айнымалының бар екендігі ғана емес сонымен бірге оның типі және де мүмкін болатын мәндер аумағы көрсетіледі.

Жалпы айнымалының жариялану түрі:

Аты : типі ;

Мұндағы:

  • аты- айнымалы аты
  • тип- айнымалының сақталуына қажетті мәліметтер типі.

Мысалы:

a:Real;

b:Real;

i:Integer

Мысалда екі Real типті және бір Integer типті айнымалылар жарияланған.

Бағдарлама мәтінінде айнымалыларды жариялаған кезде тәртіп бойынша әр қайсысы әр жолға түседі.

Тұрақтылар.

Delphi тілінде екі түрлі тұрақты бар: қарапайым және атауы бар.

Қарапайым тұрақты - бұл бүтін немесе бөлшек сандар, символдық жолдар немесе бөлек символдар, логикалық мәндер.

Сандық тұрақтылар . Бағдарлама мәтінінде сандық тұрақтылар қарапайым түрде жазылады, мысалы математикалық есептерді шешкенде қолданылатын сандар. Бөлшек санды жазған кезде нүкте қолданылады.

Жолдық және символдық тұрақтылар . Жолдық және символдық тұрақтылар жақшаға алынады. Мысалы:

‘ Delphi программалау тілі ’

‘ Delphi 7’

Логикалық тұрақтылар . Логиклық тұрақты True (ақиқат) немесе False (жалған) мәнінің біреуін ғана қабылдай алады.

Атауы бар тұрақты - бұл программады тұрақтылармен бірге қолданылатын ат (инентификатор) . Атауы бар тұрақты қолданылар алдында жариялануы керек. Жариялану түрі:

тұрақты = мән ;

мұндағы: тұрақты - тұрақты аты

мән - тұрақты мәні.

Атауы бар тұрақты const сөзінен басталатын тұрақты жарияланатын бөлімде хабарланады. Мысалы:

Const

Bound = 10;

Title = ‘Скорасть бега’;

Pi = 3. 1415926;

6. МЕНШІКТЕУ НҰСҚАУЫ

Меншіктеу нұсқауы. Меншіктеу нұсқауы негізгі есептеу нұсқасы болып табылады. Егер программада есептеу қажет болса меншіктеу нұсқауын қолданған дұрыс. Жалпы меншіктеу нұсқасы:

Аты := өрнек (имя := Выражения)

Мұндағы:

  • аты (имя) - меншіктеу нұсқасын орындау нәтижесінде мәні өзгеретін

айнымалы.

  • := - меншіктеу нұсқауының символы
  • өрнек - меншіктеу нұсқасының сол жағынд орналасқан ат айнымалыға

тағылатын ат болып табылады.

Меншіктеу нұсқасының орындалуы. Олар төмендегідей:

  1. Алдымен меншіктеу нұсқасының символының оң жағында орналасқан өрнек мәні есептеледі.
  2. Содан соң есептелген мән меншіктеу нұсқасы символының сол жағында орналасқан айнымалы атына жазылады.

Мысалы:

і := 0; - і айнымалысының мәні нөлге тең болады.

а := b + c; - а айнымалы-ң мәні b және c қосындыларының санына тең болады.

Өрнек.

Өрнек операндтар мен операторлардан тұрады. Оператор операндтар ортасында тұрады және ол операндтар атқарған іс-қимылды білдіреді. өрнек операндтары ретінде мыналарды қолдануға болады: айнымалы, функция, тұрақтылар және т. б. Оператор түрлері:

Оператор
Атқаратын қызметі
Оператор:

+

-

*

/

DIV

MOD

Атқаратын қызметі:

Қосу

Азайту

Көбейту

Бөлу

Қалдықсыз бөлу

Қалдықпен бөлу

*, /, DIV, MOD операторлары + және - операторынан бұрын орындалады.

Өте жиі кездесетін есептеулер мен түрлендірулерді орындау үшін Delphi программалау тілі программистер үшін бірқатар стандартты функцияларды ұсынады. Функция мәні оның тымен байланысты. Сондықтан функцияны өрнек операнды ретінде қолдануға болады. Дәрежелі түбірді шығау үшін k:= Sqrt (n) деп жазу жеткілікті, мұнда Sqrt - дәрежелі түбірді шығару функциясы, n - есептелуі қажет сан жазылған айнымалы.

Математикалық функциялар.

Математикалық функциялар көмегімен әртүрлі есептер шығарылады.

Функция
мәні
Функция:

Abc (n)

Sqrt (n)

Sqr (n)

Sin (n)

Cos (n)

Arctan (n)

Exp (n)

Ln (n)

мәні:

n абсолюттік мәні

n -нен дәрежелі түбір алу

n дәрежесі

n синус

n косинус

n арктангенс

n экспонент

n натуралды логарифм

Өзгерту функциясы мәліметтерді енгізу мен шығаруды қамтамасыз ету нұсқамасында жиі қолданылады. Мысалы: диалогты терезе жолында real типті айнымалы мәні шығу үшін санды жолдық символға өзгерту керек. Мұны FloatToStr функциясының көмегімен орындауға болады. Мысалы, Label1. Caption:= FloatToStr (x) - Label1 жолына х айнымалысының мәнін шығарады.

Саналу типтері реттелген жиын мәндерін осы мәндерді белгілейтін идентификаторларды санау арқылы анықтайды. Жиынды реттеу идентификатор саналатын тізбекке сәйкес орындалады.

╒═╕ ┌┐ ╒═╕

саналу тип ──│(├──│идентификаторлар тізімі├──│) ├─

╘═╛ └┘ ╘═╛

┌┐

идентификаторлар тізімі │идентификатор├───┬

└┘ │

│ ╒═╕ │

└┤, │┘

╘═╛

идентификаторды көрсету кезінде саналу типіндегі идентификаторлар тізімі ол саналу типінің суреттелуі көрсетілген блок үшін константа сияқты суреттеледі. Бұл константаның типі суреттелеген саналу типі бола алады.

Санау константаларының реттік номері суреетеу кезінде идентификаторлар тізімінде оның позициясынан анықталады. Константа суреттелетін санау типі оның типі болады. Тізімде бірінші санау типі 0 реттік номерге ие болады.

Санау типіне мысал келтірейік (масти карт) :

type

suit = (club, diamond, heart, spade) ;

diamond сурееттеуі бойынша suit типті константа болады.

Стандартты типтер

  • бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE, WORD;
  • нақты типтер - REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
  • логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII -жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;

Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:

DEC(N) N-ді азайту (қысқарту)

INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)

ORD(N) N-нің рет нөмірі

ODD(N) N-нің жұптығын тексеру

PRED(N) N-нің алдынғы мәні

SUCC(N) N-нің келесі мәні

Нәтижесі бүтін болатын мәліметтердің бүтін типтерімен жұмыс істеу үшін келесі арифметикалық функциялар қолданылады:

ABS(N) N-нің абсолют шамасы

A DIV B бүтін бөлу

A MOD B қалдықты бөлу

+ қосу

* көбейту

- азайту

TRANC(X) Х нақты санның бүтін бөлігі;

ROUND(X) Х нақты санды бүтінге дейін дөңгелектеу;

SQR(X) N санын квадраттау;

Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру немесе логикалық қосу; AND -қиылысу немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша қосу.

Стандартты функциялар

ABS(X) -Х-тің абсолют мәні

ARCTAN(X) - Арктангенс Х

COS(X) -Косинус Х

SIN(X) - Синус Х

EXP(X) - е 2

FRAC(X) - Х-тің бөлшек бөлігі

ARCCOS(X) =ARCTAN(SQRT(1-SQR(X) ) /X)

ARCSIN(X) =ARCTAN(X/SQRT(1-SQR(X) ) )

Тілдің операторлары

  • BEGIN END құрама оператор;
  • IF…THEN шартты оператор;
  • CASE…OF таңдауоператоры;
  • FOR… DO параметрлі қайталау операторы;
  • REPEAT… UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
  • WHILE… DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;

Турбо mаскаль тілінің операторлары.

Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар, алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір (; ) белгісі қойылады.

Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар боламса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу - GOTO, бос орын операторы жатады.

Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлар тұрады. Бұл операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (; ) нүктелі үтір таңбасы қойылады.

Құрама оператордың жалпы жазылуы:

Begin

1-оператор;

2-оператор;

3-оператор;

. . .

N-оператор;

End;

Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:

(1-оператор; 2-оператор; . . . ; N-оператор) .

Құрама операторлар ішінде тағы бір құарма оператор болуы мүмкін. Бұл жағдайда программа денесін құрама оператор деп қарастырса болады. Құрама операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.

7. Паскаль тіліндегі айнымалылар.

Программа мына бөліктерден тұрады:

Тұрақты - өз атауы болатын, өзгермейтін шама, .

Айнымалы - өз атауы (жад ұяшығы) болатын, өзгеретін шама.

Процедура - кейбір әрекеттерді сипаттайтын қосалқы алгоритм (мысалға шеңберді салу) .

Функция - есептеулерді орындайтын қосалқы алгоритм (квадрат түбірді табу, sin ) .

Атауларды сипаттағанда латын әріптерін (A-Z), сандарды (атаулар санмен басталмауы керек), астын сызу белгісін қолдануға болады. Атауларды сипаттағанда: орыс, қазақ әріптерін, бос орындарды, жақшаларды, +, =, !, ?

белгілерін және т. б. қолдануға болмайды. Айнымалы - аты, типі және мәні болатын шама. Айнымалының мәнін программаның жұмысы кезінде өзгертіп отыруға болады. Айнымалылар типі; Integer (бүтін), real (нақты), char (бір символ), string (символдық тіркес), boolean (логикалық) .

Айнымалыларды сипаттау (жад бөлу) : var a, b:integer;

Q:real; s1, s2:string;

Айнымалы мәнің қалай өзгертуге болады?

Оператор - жоғары деңгейлі программалау тілінің командасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo pascal тілі
Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Turbo Pascal бағдарламалау тілі
Бейсик және Паскаль тiлдерiнде программа құру ерекшелiктерi
Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі
Бір өлшемді массивтерді сұрыптау алгоритмдері
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
«Турбо паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz