Шәміл Серіков


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ШӘМІЛ СЕРІКОВ

Серіков Шәміл Керімұлы - палуан, классикалық күрес - грек-рим күресінен әлем және Еуропа чемпионы, 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасының чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.

Грек-рим күресiнен қазақтан шыққан алғашқы әлем чемпиондарының бірі Шәміл Керімұлы 1956 жылы 5 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Күреспен 1970 жылдан бастап айналысты.

1970 жылдан бастап көзге түсе бастаған Шәміл жасөспірімдер арасында Қазақ КСР-нің төрт дүркін жеңімпазы атанды. 1974 жылы бүкілодақтық оқушылар спортакиадасына қатысып, топ жарды.

1975 жылы КСРО спорт шебері, 1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

Шәмілдің алғашқы бапкері Аянбек Алдабергенов болды. Кейін Анатолий Жарков, Вадим Псарев сынды тәжірибелі бапкерлер жаттықтырды. Алматыдағы “Динамо” клубында жаттықты.

Ересектер арасындағы алғашқы жарыс

1977 жылы Ташкентте өткен ересектер арасындағы КСРО чемпионаты Серіков үшін сәтсіз болды. Екі рет жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Бұл жарыс Шәмілдің алғашқы ересектік бәсекесі болатын. Сол жарыста олимпиада жеңімпазы Виталий Константинов топ жарған еді. Бір жылдан соң есе қайтарды. 1978 жылы Иван Поддубныйды еске алу жарысында Виталий Константиновты жеңді. Шәмілдің жеңісін кездейсоқтыққа балағандар болды. Олар әлем және олимпиада жеңімпазы Константиновты бабында болмады дегенді алға тартты. Алайда сол жылы Одақ біріншілі болғанда Константиновты айқын басымдылықпен ұтқан қазақ палуаны КСРО бойынша жеңімпаз атанды.

1978 жылы Мексика астанасы Мехикода және 1979 жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен әлем біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеді.

1979 жылғы Еуропа чемпионатында қазақ палуаны Шәміл жеңімпаз атанды.

1979 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірді.

Қазақтың қос палуаны

1980 жылы КСРО чемпионатында екі рет жеңіліп, жетінші орынға ие болды. Сол жылы өткен Мәскеу Олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанды. Шәміл Серіковтан бөлек Жақсылық Үшкемпіров та олимпиада жеңімпазы атанды. Алғаш болып Жақсылық палуан олимпиада алтынын тағында. Күрестен олимпиаданың алтын алқасын тағынған тұңғыш қазақ балалары осы екеуі болатын.

1980 жылы КСРО-ның “Құрмет белгісі” орденімен марапатталды.

Мәскеу олимпиадасы Серіковтың үлкен спорттағы ең үлкен асуы болды. Олимпиада жеңімпазы атанған соң бір жылға жуық уақыт ішінде жарақат алып, жаттығудан тыс қалып, арасында шаршап қалды. Үш жылдың ішінде кез келген палуанның армандаған барлық белестерінен асып, ең жоғарғы дәрежедегі жеңістерге жету кімге де болса оңай тимейді. Жеңіс те қиын еңбектің арқасында келеді.

Шәміл Серіков 1981 жылғы Еуропа чемпионатында 5-орынға, КСРО чемпионатында 9-орынға ие болды. Жаттықтырушы қызметін бастамақ болған Шәміл Серіковтың ұсынысын Одақтың спорт саласындағы шенеуіктері мақұлдамады.

1982 жылы КСРО құрамасынан шығып қалды. Сол жылы алғаш рет Қазақ КСР-нің жеңімпазы атанды. Сол жылы халықаралық деңгейдегі жарыстарға барар жол жабылғандықтан бапкерлікке ден қойды. Бапкерлігін Қапшағайда спорт мектебінен бастады. Отбасы Алматыда болғандықтан Қапшағайға көлікпен қатынап жүрді.

Шәміл Серіков жастайынан КСРО-ның деңгейінде мықты палуан болғандықтан ересектер арасындағы жарыстарда Қазақстан ішіндегі жарыстарға қатыспастан, Одақ командасына қабылданды және Одақ атынан халықаралық жарыстарға қатысты.

Шәміл Серіков 1988 жылы 22 қарашада дүниеден өтті. Ресми дерек бойынша, палуан өзіне-өзі қол салған. Дегенмен, оның дәл сол жағдайға қалай барғандығы жайлы зерттеу жүргізілмеді. Өйткені ол кеңестік билік тарапынан түрлі қысымдарға ұшырап жүрді. Тіпті оны Ауған соғысына аттандырмақ болған билік көресіні көрсетті деуге болады. Адам жалдап, палуанға қастандық та ұйымдастырды. Алайда күші мен тәжірибесі мол Серіков бұзақыларды қапы қалдырды.

Жеке өмірі

Жары - Светлана Серікова. Екі ұлы бар. Тұңғышы - Тимур Серіков 1978 жылы 3 шілдеде әкесі Мехикода күресіп жүрген уақытта дүниеге келді. Әкесінің жолын қуып, күреспен шұғылданды. Екіншісі - Эльдар Серіков, музыкаға әуес.

«Шәмiл палуан - палуандардың бiтiмi бөлек тобына жатады. Қимыл-әрекетi көрiктi, кербез. Күшпен емес, оймен алады «жауын». Тосын әдiстердiң тiзбегiн қат-қабат жасап, қарсыласын шатастырып жiбередi. Айла-шарғысы мол, күрес өнерi құпияларының «жерiне жетпей» тынбайтын қайсар мiнезi бар. Күрестiң сабақтарын бiлiп тұрса да, қайта-қайта пысықтайтын әдетi»
Сейдахмет Бердiқұл

Палуанның құрметіне

2003 жылдан бері Шәміл Серіковты еске алу құрметіне грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир ұйыдастырылып тұрады. Турнирді ұйымдастыруға палуанның досы, қоғам қайраткері, грек-рим күресінен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, КСРО спорт шебері Жақсыбай Бәзілбаев ұйытқы болды.

Шәміл Серіковтың құрметіне Алматы қаласынының “Дархан” ықшам ауданындағы бір көшеге палуанның есімі берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық күрес түрлеріне жалпы мінездеме
Күрес – спорт түрі
Еркін күрестің шығу тарихы
Күрес спорты
Белбеу күрес
Күрес спортын оқытудың әдістемесі
Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі
Шамиль Шешен мен Дағыстан жерінің бас имамы
Қазақстанда олимпиада ізбасарларын дайындау жүйесінің дамуы
Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz