Тасымалдаудың келтірілген жоспары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ: 3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК

042-18-12. 1. 91/03-2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

ПОӘК

«Локомотив паркының жұмысы мен қозғалысты басқару» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Басылым №___

«Локомотив паркының жұмысы мен қозғалысты басқару»

5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2015


мазмұны

1. Дәрістер

2. Білім алушылардың өздік жұмысы

  1. Дәрістер

1-дәріс ТАСЫМАЛДАУ ҮРДІСІН ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ЖҮРІСТІ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ

Тасымалдау үрдісінің бірқалыпсыздығы мен үнемі өзгеріп тұруына байланысты пайдаланым жұмысын тиімді атқару үшін темір жол көлігінде жүрісті басқарудың ауқымды жүйесі қызмет атқарады. Бұл жүйе техникалық құралдарды тиімді қолдана отырып, тасымалдар жоспары мен шұғыл тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ағындағы пайдаланым жұмысын ұйымдастыру және басқару бойынша шаралар жүйесі болып табылады. Жүйе орталықтандырудың жоғарғы деңгейімен сипатталады және темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің өзара нақты әрекеттесуін талап етеді, мысалы “ҚТЖ”ҰК” тасымалдау бөлімшелері мен желілі бөлімдер-стансалардың локомотив және вагон деполарының, жол дистанцияларының, сигналдау және байланыстың, энегрия телімдерінің және т. б. бөлімшелер арасында.

Жалпы темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ”ҚТЖ”ҰК”АҚ басқарады. Оның құрамында тасымалдарды басқрау, локомотив және вагон шаруашылығының; жол және құрылыстардың; жүріс қауіпсіздігі және экологияның; сигналдау, байланыс және есептеу техникасының және т. б. департаменттері құрылған, бұл департаменттердің әрқайсысы өз саласының жұмысын басқарады.

Республиканың темір жол желісі территориясы жағынан 13 тасымалдау бөлімшелеріне бөлінген және олар бір жолға біріктірілген. Жол - темір жол көлігінің негізгі дербес құрылымдық бөлігі.

Әрбір бөлімшенің құрамында жол басқару қызметіне сәйкес салалық бөлімдер бар (бұл бөлімдер стансалардың, вагон және локомотив деполарының, жол дистанцияларының жұмысын басқарады) .

Темір жолдың пайдаланым жұмысын басқару негізін келесідей маңызды принциптер қалайды: тасымалдау үрдісін жоспар бойынша ұйымдастыру, вагон ағындарын пойыздарды құрастырудың жалпы желілік жоспарының негізінде ұйымдастыру, пойыздардың графикке сәйкес жүрісі және стансаның технологиялық үрдіске сәйкес жұмысы, сондай-ақ пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автоматика және телемеханика құралдарын, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін кеңінен ендіру.

Атап өтілген принциптерге сәйкес жүрісті басқару жүйесінің келесідей мақсаттары бар:

- республикамыздағы тасымалдар қажеттілігін қанағаттандыру;

- пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз жүрісі;

- жылжымалы құрамды неғұрлым тиімді қолдану;

Осы мақсаттарға қол жеткізудің құралдары ретінде жүрісті басқарудың келесі формалары қолданылады және жүрісті басқару жүйесінің құрылымдық элементтері болып табылады.

Пайдаланым жұмысын техникалық мөлшерлеу, ол тасымалдаудың мемлекеттік жоспарының орындалуын және алдағы уақытта темір жолдың тасымалдарды жүзеге асыруға дайындығын қамтамасыз ететін темір жолдың құрылымдық бөлімдерінің пойыз және жүк жұмысының айлық мөлшерлерін жасауға тіреледі.

Берілген тәулік немесе ауысымдағы нақты шұғыл жағдайды ескере отырып, бөлімше және стансаларда неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында жолдың пайдаланым жұмысын шұғыл жоспарлау деп атайды .

Темір жол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінің сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін және техникалық мөлшерлер орындалу үшін тасымалдау жұмысын реттеу .

Пойыздардың тоқтаусыз жүрісі мен стансалардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында пойыздар жүрісі мен маневр жұмысын үздіксіз бақылау мен тікелей басқаруды алдын-ала қарастырып, стансаларда, телімдерде және бағыттарда пойыздар жүрісін және шұғыл жұмысты диспетчерлік басқару .

Локомотив паркын неғұрлым тиімді қолдану мақсатында оның жұмысын басқару.

Пайдаланым жұмысын есепке алу және талдау, бұл тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда тар жерлерді, технологилық мөлшерлерден ауытқулардың және қиындықтардың пайда болу себептерін анықтауға, оларды жою жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Техникалық мөлшерлер белгілі көрсеткіштер жүйесімен көрсетіледі. Бұл жүйенің құрамына келесі элементтер кіреді:

тәуліктік сандық көрсеткіштер: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, техникалық стансалардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру;

сапалық көрсеткіштер: вагон айналымы, жүк және техникалық стансаларда вагондардың аялдау уақытының мөлшерлері, жүріс жылдамдығы, вагон және локомотвердің орташа тәуліктік жүрісі, вагон рейсі, вагондардың бос жүрісі.

тасымалдау үрдісін қамтамасыз ету көрстекіштері : құрылымы және түрі бойынша жұмыс вагон паркы және олардың қоры, локомотив паркы және электр энергиясы мен отынның лимиттері.

есепті көрсеткіштер - техникалық стансалардан жөнелтілгентранзитті вагондардың саны, айналым уақыты ішінде вагонның жүріп өткен техникалық стансалардың саны, вагон иіні, жергілікті жұмыс коэффициенті, жүкті тиеу-түсірі стансаларында вагонның бос күйде тұруы.

2-дәріс. Темір жолдағы пайдалану жұмысын техникалық мөлшерлеу

Техникалық мөлшерлеудің мақсаты, тасымалдау жоспарының орындалуын және шамадан тыс орындалуын неғұрлым жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштерді сақтай отырып, материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.

Жолдың, бөлімдердің және стансаның атқаратын жұмысының техникалық мөлшерлері, желілік техникалық мөлшерлеудің құрылымдық бөлігі болып табылады.

ҰК «ҚТЖ» айлық тасымалдау жоспарларының берілгендері бойынша пайдалану жұмысының техникалық мөлшерлері әр ай сайын компаниялар, жолдар, стансалар үшін өңделіп отырылады.

Техникалық мөлшерлер келесі тапсырмаларды орындау үшін бағытталған:

  1. Барлық құрылымдық бөлімдердің жалпы және әр жүк түрі бойынша тасымалдау жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
  2. Тасымалданатын жүктердің түріне және көлеміне байланысты стансалар, бөлімдер, жолдар арасындағы жылжымалы құрамның түрі бойынша вагон паркын дұрыс тарату, сонымен қатар вагон қорын жолдар арасында тасымалдаудың маусымдық артуы кезінде тарату;
  3. Пойыздар салмағы мен жүріс өлшеміне байланысты, локомотив сериялары бойынша жолдар, бөлімдер мен деполар арасында локомотив паркын тарату;
  4. Пайдалану шығындарын азайту, жүк жеткізу мерзімін және және вагон айналымын жеделдету үшін үнемді жүрістерді толық пайдалану;
  5. Статистикалық жүктеменің артуын ескере отырып, жолдарды бос вагондармен (түрлеріне байланысты) қамтамасыз ету;
  6. Темір жол желілерінің тасымаллдау қабілетіне сәйкес вагон ағындарын неұрлым тиімді тарату;
  7. Вагондардың түйіспе бекеттері арқылы өтуін және құрылымдық бөлімдерде болууақытын есептеу;
  8. Алда тұрған жұмыстың көлеміне сәйкес жолдар арасында жанармайды, электр энерггиясының лимиттерін, жұмыс кадрларын тарату;

Сонымен, техникалық мөлшерлер, теміржол көлігінің барлық құрылымдық бөлімдерінде пайдалану жұмысының сапасын арттыруда маңызды құралдардың бірі болып табылады.

Техникалық мөлшерлердің құрылымы

Пайдалану жұмысының техникалық мөлшерлерінің құрамына келесі негізгі көрсеткіштер енеді:

  • сандық: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, бөлім және жолдың түйіспе бекеттері бойынша пойыздар мен вагондарды тапсыру, техникалық стансалардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру саны;
  • сапалық: вагон айналымы, жүк және техникалық стансаларда вагондардың тұру мөлшері, жүріс жылдамдығы, локомотив және вагондардың ортатәуліктік жүрісі, вагон сапары, вагондардың бос жүріс коэффициенті.

Бұдан басқа, тасымалдау құралдарын белгілейді: құрылымы және түрі бойынша жұмыс вагон паркын және олардың қорын; локомотив паркын және электр энергиясы мен отынның лимиттерін.

Осы көрстекіштердің барлығы, тасымалдау жоспарының негізінде, пойыздардың жүріс графигі мен пойыздарды құрастыру жоспары, станса жұмысының технологиялық үрдісі негізінде есептеу жолымен белгіленеді.

Жұмыс вагон паркы техникалық мөлшерлер негізінде келесі формула бойынша анықьалады:

n в = Q*U, ваг

Мұндағы Q және U - вагондардың айналымы және жұмысы, әр жұмыс паркының түрлеріне байланысты бекітіледі.

Вагон паркының бөлінуінің құрылымдық схемасы

күйі бойынша

тиелген п жүк бос п бос

белгіленуі бойынша

п ж п тр п бос тиеу п бос рет

бөлімдер үшін түйіспе бекетері бойынша

п ж әке п ж тап п тр А п тр Б п тр В

Сурет 1. 1.

Жергілікті вагондар паркы п ж (жергілікті жүк тиелген вагон паркы) - берлген жолға түсіру;

Транзитті вагондар паркы п тр (транзитті жүк тиелген вагон паркы) - басқа жолға түсіру;

Бос вагондар паркы п бос - берілген жолға тиеу үшін п бос тиеу және реттеу тапсырмасы бойынша басқа жолдарға тапсыру п бос рет

Тиелген және бос вагон ағындарының бөліну схемасы

БӨЛIII

БӨЛI БӨЛII

п тр В

п тр Б

п жер тап

п жер түс

п жер тап

п жер түс

п жер тап

п бос рет

п бос тиеу

Сурет 1. 2.

1. 4.

, соныменқатар, . (жыбық, жайжақ, ашықвагон, изотермиялық, цистернажәнет. б. ) бойынша «шахматка» .

Соныменқатар, : бос, жергіліктіжүктер, транзитті.

, , , .

Жүктиеудің, түсірудің, .

, (ұзақуақытаралығында) .

.

,

3, 4-дәріс

Сандық көрсеткіштер

Темір жол (айдың 22 жұлдызына дейін) ашық жоспарлардың және «ҰК “ҚТЖ” АҚ арнайы нұсқаларының негізінде жалпы барлық вагондар және жылжымалы құрамның әр түрі бойынша жолдар үшін жүк тиеу жоспарын құрады.

Жоспарланатын айда жүктің әр түрі бойынша орташа таәуліктік тиеу:

, ваг

мұндағы ∑ р - берілген жүкті бір айда тасымалдау көлемі, т;

р Т - вагонға жүк тиеудің техникалық мөлшері, т/ваг;

Т - қарастырылатын уақыт аралығы, 30 тәулік.

Темір жол өзінің тиеу жоспарын жолдық есептеу орталығынан (ЖЕО) айдың 24 жұлдызына дейін Басты есептеу орталығынан (БЕО) әр жылжымалы құрам түрі бойынша және жалпы барлық жолдар - «шахматканы» өңдеу үшін хабарлайды (кесте 1)

Кесте 1.

Тасымалдаудың келтірілген жоспары

Жолдан
Жолға
Барлығы
А
Б
В
Жолдан: А
Жолға: 1800
Барлығы: 1500
800
Жолдан: Б
Жолға: 1200
Барлығы: 2000
400
Жолдан: В
Жолға: 700
Барлығы:

Бұл «шахматка» әр жолға техникалық мөлшерлерді құрастыру үшін негіз болып табылады (айдың 28 жұлдызына қарсы) . «Шахматканың» негізінде жолдардың түйіспе бекеттері бойынша вагон ағындарының корреспонденциясы құрастырылады.

Тасымалдау департаментінде, жолдың бөлімшелері мен телімдерінде жұмысты белгілеу үшін әр стансаның жүк тиеу жоспары және тиелген вагондарды қабылдау мөлшерлерінің негізінде, жол ішіндегі тиелген вагон ағындарының ведомосі құрастырылады (жол ішіндегі “шахматка”) .

Кесте 1. 2. -де жол үшін (сызбасы сурет 1. 1. -де көрсетілген)

Б

Бөл. II

А Бөл. IБөл. III В

Сурет 1. 1 - Жол сызбасы

Кесте 2

Тиелген вагон ағындарының көлденең кестесі

барлығы

бөлімшелер
жалпы
жолдар
жалпы
I
II
III
А
Б
В
: I
: Жергілікті қатынас
барлығы:
Әкету

Жолдың тиеуі

: II
:
барлығы:
: III
:
барлығы:
: Жолдың тиеуі
:
барлығы:
: А
: Әкелу
барлығы:
Транзит

Тиелген вагондарды қабылдау

: Б
:
барлығы:
: В
:
барлығы:
: Тиелген вагондардықабылдау
:
барлығы:
:

Барлығы

: Түсіру
барлығы: Тиелген вагондарды тапсыру
Жұмыс

Кесте 2. -ден, тиелген вагон ағындары қатынас түрлері бойынша жергілікті қатынас, әкету, әкелу, транзит болып жіктелетіндігі көрініп тұр. (сурет 1. 2) .

жол

Бөл. I Бөл. II Бөл. III

әкелу

жергілікті

қатынас

әкету

транзит

Сурет 1. 2 - Тиелген вагон ағындарының жіктелу сызбасы

Әкелу - басқа жолдардан қабылданған және берілген жолда түсірілетін вагондар.

Әкету - берілген жолда басқа жолдар үшін тиелетін вагондар.

Жергілікті қатынас - жолда өзінің тасымалдау бөлімшелері үшін тиелетін вагондар.

Транзит - басқа жолдардан қабылданатын және жүк операциялары орындалмай басқа жолдарға тапсырылатын вагондар.

Кесте 1. 2-ден вагон ағындары бойынша сандық көрсеткіштер вагон ағындарының сәйкес үйлесімі ретінде анықталатыны көрініп тұр:

тиеу әкету мен жергілікті қатынастың қосындысы ретінде:

U тиеу =U әкету +U ж. қ. , ваг;

түсіру әкелу мен жергілікті қатынастың қосындысы ретінде:

U түс =U әкелу +U ж. қ. , ваг;

тиелген вагондарды қабылдау транзит пен әкелудің қосындысы ретінде:

U қаб тиел =U тр +U әкелу , ваг;

тиелген вагондарды тапсыру транзит пен әкетудің қосындысы ретінде:

U тап тиел =U тр +U әкету , ваг;

Жол жұмысы қатынас түрлері (транзит, әкелу, әкету және жергілікті қатынас) бойынша вагон ағындарының қосындысы ретінде:

U=U тр +U әкелу + U әкету +U ж. қ. , ваг.

Тиеу жоспары, стансаның ашық тиеу жоспарының негізінде, Ұлттық Компания «Қазақстан темір жолы» АҚ және жолдың тиеу бойынша қосымша тапсырмаларының (маусымдық жүктерді әкету, үкіметтің арнайы тапсырмалары т. с. с. ) негізінде белгіленеді:

U тиеу жос =U тиеу +U тиеу қос , ваг

Жалпы тиеуден басқа жүк және вагон түрлері бойынша тиеу анықталады.

Вагондарды түсіру мөлшерлері :

  • басқа жолдардан тиелген вагондардың түсірілуге келуінен (әкелу) Uәкелу;
  • жолдың жергілікті қатынансында тиеуіненUж. қ. . ;
  • жолдағы әр бөлімше үшін жергілікті жүктің артығынан (немесе жеткіліксіздігінен) ∆Uтүсқұралады:

∆U түс = , ваг

мұндағы п нақ , п жос - нақты жолда бар және жоспарлы тиелген вагондардың саны;

Т жою - түсірілетін вагондардың артығын (жеткіліксіздігін) жою аралығы, Т жою =30 тәу.

Сонымен түсіру мөлшері:

U түс мөл =U әкелу +U ж. қ. ± ∆U түс , ваг

Тиелген вагондарды беру жоспары жол ішіндегі “шахматканың негізінде құрастырылады. Бұл кезде екі тәсіл қолданылуы мүмкін:

  1. Графикалық - тиелген вагон ағындарын беру шамасы тиелген вагон ағындарының диаграммасы немесе графикалық сызбасы бойынша анықталады. Диаграмма (немесе сызба) жол ішіндегі вагон ағындарының “шахматкасы” бойынша құрастырылады;
  2. «Эталондардың» - арнайы есеп кестелерінің көмегімен. Әрбір түйіспе бекеті үшін екі этало жасалады: жұп және тақ бағыты үшін. Эталондар толтырылмаған «шахматка» түрінде болады, мұнда осы түйіспе бекеті арқылы берілетін вагон ағындарының бағыттарына сәйкес келетін торлар ойылған. “Эталонды” “шахматканың” үстіне қойғанда ойылған торлар бойынша вагон ағындарын беру өлшемдері есептеледі. Егер берілген бекет бойынша ағын толығымен өтпейтін болса, онда эталонда тор жартылай (үшбұрышты) кесіледі, ал қалған жартысында осы бекет арқылы беруді есептегенде, ағынның ескерілуге тиісті пайызы көрсетіледі

Тасымалдау жоспарының негізінде анықталған реттеу тапсырмасы бос вагондарды басқа жолдарға беру мөлшерін белгілейді. Реттеу тапсырмасы жылжымалы құрам түрі бойынша, бірін-бірі алмастыруын ескере отырып, белгіленеді.

Реттеу тапсырмасы келесі сұрақтарды шешуді қарастырады:

- тасымалдау жоспарын бір ай көлемінде, сондай-ақ алдағы аралықта орындау үшін вагондар паркын қажетті тарату;

- темір жолдың пайдаланым жұмысында пайда болатын қиындықтарды шешу және қалыпты жұмысты қамтамасыз ету мақсатында - вагондар паркының артығын қысқарту;

- маусымдық жүктерді тасымалдау үшін белгілі аймақтарда бос вагондардың қорын құру.

Реттеу тапсырмасының көлемі қосымша реттеу тапсырмасын ескере отырып, тиеу мен түсіру арасындағы реттеу айырмасы бойынша анықталады:

± U р = ( U тиеу -U түс ) ±∆ U р , ваг

мұндағы ±∆ U р - бос вагондарды қабылдау (тапсыру) бойынша қосымша реттеу тапсырмасы («+» вагондарды резервке қою, тиеуді арттыру; «-» бос вагондардың артығын жою, бос вагондарды резервтен алу) .

Жалпы реттеу айырмасын анықтағаннан кейін, оларды жылжымалы құрам түрі бойынша жалпы жол және әрбір тасымалдау бөлімшесі үшін есептейді (кесте 1. 3, 1. 4) .

Бос вагондарды бағыттау схемасы құрғақ жүктер мен цистерналар үшін бөлек құрастырылады.

Бос вагондарды бағыттау схемасына қойылатын негізгі талаптар:

  1. бос вагондар жүк түсіру стансасынан тиеу стансасына дейін неғұрлым қысқа жолдармен жету;
  2. бірін-бірі алмастыра алатын жылжымалы құрам бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүрмеу керек;
  3. бірін-бірі алмастыра алатын жылжымалы құрамның бос жүрісі минималды болу керек.

Тиелген және бос вагондарды беру мөлшерлері анықталғаннан кейін әр түйіспе бекеті бойынша жалпы қабылдау және жалпы тапсыру өлшемдері бекітіледі:

U қаб жал =U қаб тиел +U қаб бос , ваг

U тап жал =U тап тиел +U тап бос , ваг

Тасымалдау бөлімшелерінің түйіспе бекеттері бойынша пойыздарды беру өлшемдері осы бекеттер бойынша тиелген және бос вагондарды беру мөлшерлерінің және тиелген және бос пойыздардың құрамындағы вагондардың орташа саны бойынша анықталады:

, пойыздар

, пойыздар

мұндағы U тап тиел , U тап бос , U қаб тиел , U қаб бос - сәйкесінше тиелген және бос вагондардың қабылданған және тапсырылған өлшемдері;

т тиел , т бос - тиелген және бос пойыздардың құрамындағы вагондар саны.

Темір жолдың құрылымдық бөлімінің жұмысын тиелген вагондарда орындалған тасымалдардың санымен сипаттауға болады. Темір жол желісінде барлық тасымалдар (шетелге жөнелтілген және шетелден келген вагондар саналмайды) тиеуден (бастапқы операция) түсіруге (соңғы операция) дейін орындалады. Сондықтан жалпы жолдар желісі үшін жұмысты тиелген вагондардың (бастапқы оперция) санымен белгілеу қабылданған. Осы шама түсірілген вагондардың (соңғы операция) санымен де анықталады, яғни жолдар желісі үшін жұмыс:

U=U тиеу =U түс , ваг

Жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін бастапқы операциялар болып тек тиеу ған емес, сондай-ақ берілген құрылымдық бөлімге тиелген вагондарды қабылдау да табылады, соңғы операциялар болып, тек түсіру ғана емес, сондай-ақ тиелген вагондарды тапсыру да табылады. Сондықтан жол (тасымалдау бөлімшесінің) жұмысын тиелген вагондар және тиелген күйде қабылданған вагондар санымен(бастапқы операциялар бойынша) анықтау қабылданған. Бұл түсірілген және тиелген күйде тапсырылған вагондар санына (соңғы операциялар) сәйкес келеді. Сонымен, жол (тасымалдау бөлімшесі) үшін жұмыс:

U = U тиеу +U қаб тиел =U түс +U тап тиел , ваг

Жұмыс бойынша вагондар паркы анықталады:

п=U × Q , ваг

мұндағы Q - вагон айналымы, тәу.

Техникалық мөлшерлеу жүйесінде жол және тасымалдау бөлімшелерінің жұмысы вагондардың жұмыс паркының барлық категориялары үшін анықталады, мұнда есептеудің ыңғайлылығы үшін тасымалдау үрдісінің бастапқы немесе соңғы операциялары қолданылады. Сондай-ақ бос вагондар паркы да “жұмыс” атқарады деп шартты түрде қабылданады да тиелген вагондардың жұмысы сияқты есептеледі.

Тиелген вагондардыңвагон километрлері жалпы ∑ пS тиел және қатынас түрлері: жергілікті ∑ пS ж. қ. , әкелу ∑ пS әкелу , әкету ∑ пS әкету және транзит ∑ пS тр бойынша есептеледі. Мұнда транзит және әкету әр шығу бекеті бойынша, ал әкелу және жергілікті қатынас бөлімшелер және бағыттар бойынша жіктеледі.

Транзитті ағындардың жүрген жолының қашықтығы вагондарды қабылдау және тапсыру бекеттерінің арасындағы қашықтық бойынша қабылданады.

Әкету және жергілікті қатынаста жүретін вагондардың жүрген жолының қашықтығы, стансалық тасымалдау жоспары бойынша, жүк тиеу стансасынан жүк түсіру стансасына немесе шығу бекетіне дейінгі қашықтық арқылы анықталады.

Әкелінетін вагондардың жүрген жолының қашықтығы көрші жолдан қабылдау бекетінен бастап, бөлімшеге кіру бекетіне дейінгі дәл қашықтық бойынша, ал бөлімше ішіндегі жүрген жолы бөлімшеге кіру бекетінен бастап, бөлімшедегі шартты жүк түсіру орталығына дейінгі жуық қашықтық бойынша анықталады.

Шартты түсіру орталығы ретінде:

  • бөлімше ішінде жүк түсіру біркелкі таратылған кезде, географиялық орталық қабылданады;
  • жүк жұмысы бір ауданның бірнеше бекеттерінде шоғырланса, жүкті жаппай түсіру ауданы қабылданады;
  • жүк жұмысы бөлімшенің бірқатар стансалары бойынша таратылса, орта шамаменқабылданады.

5-дәріс

Сапалық көрсеткіштер

Жүк вагондарын уақыт бойынша қолданудың кешенді көрсеткіші болып вагон айналымы табылады.

Вагонның айналым уақытын есептеу үшін әдетте үш мүшелі формула қолданылады. Жалпы жұмыс паркы үшін бұл формула келесідей болады:

, тәу

мұндағы l тиел - вагонның тиелген күйдегі рейсі, км;

α - бос жүоіс коэффициенті;

V тел - телімдік жылдамдық, км/сағ;

L тех - вагон өрісі, км;

t тех -вагонның техникалық стансада орташа аялдауы, сағ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүк түрлері
Контейнерлік жүктерді тасымалдау
ҚР заңнамасы бойынша көліктік қызмет көрсету аясындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Жүктерді тасымалдауды маршруттау
Тасымалдау шартының тараптары
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қызметтерін көрсету
Жүк тасымалдау есебін потенциалдар әдісімен шешу
Халықаралық көлік құқығы
Персоналды оқыту тәсілдері
Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz