Ұлттық есеп жүесi – макроэкономикалық статистиканың негiзi


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық есеп жүесi - макроэкономикалық статистиканың негiзi

  1. Ұлттық есеп жүйесiнiң құрылу және даму тарихы
  2. ХШБ мен ҰЕЖ-нiң көрсеткiштерiнiң, тұжырымдамаларының өзара байланысты және айырмашылықтары

Ұлттық есеп жүйесi туралы түсiнiк, оның мақсаты мен мiндеттерi. Ұлттық есеп жүйесiне көшу қажеттiгi

Ұлттық есеп жүйесi - елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.

Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты - экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк - экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.

Ұлттық есеп жүйесi - жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады.

Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады:

  • мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ - нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т. б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады;
  • макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру;
  • экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау;
  • ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi - жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi;
  • статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану.

Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген:

Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi.

Статистиканы өзгертуде макроэкономикалық көрсеткiштердiң атқаратын ролi зор. Халық шаруашылығы балансының макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң, материалдық өндiрiс басымдылығы туралы тұжырымдаманың, әлеуметтiк-экономикалық даму, сыртқы экономикалық байланыстар көрсеткiштерiнiң, төлем балансының, мемлекеттiк бюджеттiң халықаралық стандартқа сәйкес келмеуi халық шаруашылығын экономикалық әдiстермен басқаруға мүмкiндiк бермедi.

Экономиканың дамуына байланысты қызметтер ролiнiң артуы экономиканың негiзгi даму заңдылықтарының бiрi болып саналады. Экономика дамыған сайын шаруашылық әрекеттiң нәтижесi ретiнде жалпы iшкi өнiмнiң құрамында көрсетiлетiн қызметтердiң үлесi арта түседi. Бұл заңдылық бiздiң Республикаға да тән, сондықтан қызметтердi жаңа жүйеде халық шаруашылығы балансындағыдан кең түрде қамту қажет. Өндiрiс нәтижесiн көрсеткенде тек материалдық өндiрiс өрiснiң тауарлары мен материалдық қызметтерiн ғана есептемей, сонымен қатар, материалдық емес қызметтердi де қарастыру қажет. Халық шаруашылығы балансында бұл қызметтер есепке алынбаған.

80 жылдары макроэкономиканы терең және жан-жақты талдау қажеттiлiг айқын сезiле бастады. Осы кезде мемлекеттiк статистикалық ұйымдар бұрын халық шаруашылығы балансында қамтылмаған кейбiр әлеуметтiк - экономикалық даму аспектiлерi туралы мәлiметтердi зерттеп, кестелер дайындады. Мысалы, осы жылдары материалдық емес қызметтер балансын құру, тұтынушылардың әр түрлi топтарына көрсетiлген материалдық емес қызметтер, қызмет көрсету шығындары туралы мәлiметтер жинау, оларды жете зерттеу сияқты жұмыстар қолға алынды. Сонымен қатар халықтың тауар мен қызметтi тұтыну көрсеткiшiн есептегенде, тұтынылатын тауармен, материалдық қызметтер құнымен қоса, материалдық емес қызметтер құны да есепке алынады.

Жалпы iшкi өнiм көрсеткiшiн (1988) статистикалық практикада қолдану макроэкономикалық статистиканың одан әрi дамуындағы негiзгi қадам болып саналады. Жалпы iшкi өнiмдi есептеу әдiстемесi ұлттық есеп жүйесiнiң принциптерiнде негiзделген. Жалпы iшкi өнiмдi, жалпы ұлттық өнiмдi есептеу экономиканың даму деңгейi мен қарқынын айқындайды, халықаралық салыстыруларды жеңiлдетедi, сонымен қатар экономикалық-статистикалық талдауды тереңдетедi.

Қазақстан Республикасының статистикалық пратикасында ҰЕЖ-нi қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы

Елдiң табысы мен байлығын есептеу туралы ой ертеден пайда болды, бiрақ алғашында экономикалық талдау жаса керектiгi ескерiлмедi. ХVIII-ХIХ ғасырларда ұлттық байлық және ұлттық табысты зерттеуге әрекет жасалды, бiрақ бұл зерттеулерде халық шаруашылығының негiзгi көрсеткiштерiнiң өзара байланысты, ресурс айналымы есепке алынбады.

Ұлттық есеп жүргiзу туралы ойды ең алғаш рет алғышын зерттеушiсi Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есептi ұлттық табыс статистикасымен тығыз байланысты екенi және материалдық игiлiктердi бөлудiң ерекшелiктерiн қарастырды.

Француз экономисi Француа Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерiнде өнiм қозғалысы мен табыс қозғалысының тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнiм мен табыс қозғалысын бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға болмайды, олар қоғамның экономикалық өмiрiнiң айналымын көрсетедi деген ойды айтты.

Кенэнiң 1758 жылы жарық көрген “Экономиаклық кесте” жұмысындағы ой-пiкiрлерi кейiнiрек ұлттық есеп жүргiзудiң негiзгi принциптерiне айналды. Ол қағидалар мынандай:

  • экономиканы құрамдас бөлiктерiнiң арасында дәлме-дәл сандық байланыс бар бiртұтас жүйе деп қарастыру;
  • осы жүйедегi қоғам мүшелерiнiң белгiлi топтарын (экономикалық агенттердi) және оларды байланыстыратын экономикалық ағымдарды бөлу;
  • өнiм мен табыс қозғалысын талдау;
  • жабық жүйедегi табыс пен таза өнiмнiң және қоғамдағы әр класс үшiн ағымдардың тепе-тең болуын талап ету;
  • қайта бөлу механизмнiң мiндетi, яғни экономикалық агенттердiң бiр ы ұлттық байлықтың экономикалық айналымға қатысатын және ұдайы өндiрiсте болатын бөлiгiн қалай өзгертетiн, осы ұдайы өндiрiлетiн құндылықтан экономикалық агенттердiң барлық топтарына табыстың қалай бөлiнетiнiн көрсету;
  • ұдайы өндiрiстiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының арақатынасын сақтау.

Ұлттық есеп жүйесiнiң дамуына өз үлесiн қосқан ғылымдардың бiрi - франйуз ғалымы Антуана Лавуазье. А. Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық ассаблеясында “Франция корольдiгiнiң аймақтық байлығы туралы саяси арифметикалық очерк” атты баяндамасын жасады. Баяндамада өнiм өндiру, тұтыну процестерiн сипаттайтын және ұлттық өнiмнiң, ұлттық табыстың, таза табыстың мөлшерiн көрсететiн кесте келтiрiлдi. Бұл кестелердi тарихтағы ең алғашқы ұлттық шоттар деуге болады.

Лавувзье заттай өнiм, ақшалай табыс, салық, салық салынатын таза табыс көрсеткiштерiнiң айырмашылығын көрсеттi, сонымен қатар, халықтың кiрiсi мен шығысы бойынша өндiрiс және өнiмдi бөлу процестерiне талдау жасады. Осы талдау нәтижесiнде материалдық қаржы балансын құру туралы пiкiр айтты.

Бiрақ Кенэ мен Лавуазьенiң айтқан ой-пiкiрлерi ұзақ уақыт iске асырылмады. Оған сол кездегi экономикалық теорияның эволюциясы және экономика дағдылы түрде дамиды деген қағида себеп болды.

Сонымен қатар, ол кезде экономика стихиялы түрде дамиды, оны мемлекеттарапынан реттеу қажет емес деген көзқарас қалыптасты. Сондықтан мұндай жағдайда халық шаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың қажетi болмады. Соған қарамастан халық шаруашылығының синтетикалық көрсеткiштерiн есептеуге байланысты жұмыстар жүргiзiле бердi.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында түбегейлi өзгерiстер болды, соған байланысты, ұлттық есеп жүргiзудiң жаңа кезеңi басталды. Бұған 1929-1933 жылдары Ұлы экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсуi не кемуiнiң салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруi, кәсiпкердiң табысы сияқты келелi мәселелердi шешу қажеттiлiгi артты. Ал бұл мәселелердi бiртұтас экономикаға талдау жасамай шешуге болмайтын едi. Көптеген экономистер тоқыраудан кейiн нарықтық экономиканы қалпына келтiру үшiн мемлекеттiк реттеу қажет деген қорытындыға келдi. Осындай пiкiрдi айтқан және дәлелдегендердiң бiрi - ағылшын экономисi Дж. Кейнс . Нарықтық экономиканы реттеу мәселелерi туралы өз ойларын Дж. Кейнс “ақша, процент және жұмыс бастылықтың жалпы теориясы” атты жұмысында (1936ж. ) жариялады және болашақ ұлттық есеп жұйесiнiң негiзгi принциптерiн келтiрдi. Ол ҰЕЖ-нi жалпы табыс, тұтыну, инвестиция, жинақ сияқты өзара байланысты макро көрсеткiштердiң жүйесi деп көрсеттi, осы көрсеткiштердiң кейбiреулерiн өзгенру арқылы мемлекет экономиканы реттей алады дедi.

Кейнстiң, Ван Клифордiң және басқа да ғалымдардың жұмыстарын негiзге ала отырып, жеке елдер ұлттық шоттар құра бастады. 1936 жылы еврей экономисi Людвиг Грюнбаум Палестина үшiн ең алғашқы ұлттық шоттар жүйесiн құрды.

1941 жылы Голланд статистигi Ван Клифор Голландияның ұлттық шоттарын құрды (1938 жылы мәлiметтер бойынша) . Ван Клифордың құрған шоттары сауда, өндiрiс, тұтыну, әкiмшiлiк секторларын қамтыды. Осы жылы Францияда, Англияда ұлттық шоттарды құру жұмыстары басталды. 1952 жылдан бастап Англияның ұлттық шоттары Көгiлдiр кiтап (Blue book) түрiнде жарияланады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi кезең ұлттық есеп жүргiзудiң кеңiнен тараған кезеңi болып саналады. Осы кездегi шоттардың жаппай тарағанын төменгi кестеден көруге болады.

1-кесте

Капиталситiк елдердегi ҰЕЖ-нiң дамуы

Елдiң аты: Елдiң аты
Құрылған жылы: Құрылған жылы
Ескерту: Ескерту
Елдiң аты: 1
Құрылған жылы: 2
Ескерту: 3
Елдiң аты: Австрия
Құрылған жылы: 1951
Ескерту: Жұмыстың басталған кезi. 1963 жылы жүйе бiржолата қалыптасты
Елдiң аты: Англия
Құрылған жылы: 1941
Ескерту: БҰҰ стандартты шоттарының тұжырымдамасы бойынша құрылған
Елдiң аты: Бельгия
Құрылған жылы: 1954
Ескерту: 1948-1951 жылдардағы мәлiметтер бойынша алғашқы зерттеулер жарияланды. Бұл зерттеулер БҰҰ және ЕЭЫҰ-ның (Европалық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының) стандарттарына сәйкес келедi.
Елдiң аты: Дания
Құрылған жылы: 1948
Ескерту: Жүйе төрт шоттан құралды.
Елдiң аты: Ирландия
Құрылған жылы: 1951
Ескерту: Жүйе үш шоттан құралды
Елдiң аты: Италия
Құрылған жылы: 1955
Ескерту: Екi сектор, төрт негiзгi шот құрылды.
Елдiң аты: Мальта
Құрылған жылы: 1959
Ескерту: Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды.
Елдiң аты: Нидерланды
Құрылған жылы: 1948
Ескерту: Алғашқы шоттар 1938, 1946, 1947 жылдардағы мәлiметтер бойынша құрылды.
Елдiң аты: Норвегия
Құрылған жылы: 1946
Ескерту: Соны (оригинал) жүйе.
Елдiң аты: Португалия
Құрылған жылы: 1950
Ескерту: Жүйе БҰҰ стандартына лайық алты шоттан құралды.
Елдiң аты: Туркия
Құрылған жылы: 1950
Ескерту: Жұмыстың басталған кезi. Қарапайым, интеграцияланбаған үлгi.
Елдiң аты: Финляндия
Құрылған жылы: 1958
Ескерту: ҰЕЖ-нiң түсiндiрмесi жарияланды. Соны жүйе.
Елдiң аты: Франция
Құрылған жылы: 1946
Ескерту: Соны жүйе.
Елдiң аты: ГРФ
Құрылған жылы: 1949
Ескерту: Жүйе үш сектор, жетi функционалды шоттан тұрады.
Елдiң аты: Швейцария
Құрылған жылы: 1963
Ескерту: Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылған.
Елдiң аты: Швеция
Құрылған жылы: 1954
Ескерту: Соны жүйе.
Елдiң аты: Индия
Құрылған жылы: 1951
Ескерту: Интеграцияланбаған жүйе.
Елдiң аты: Жапония
Құрылған жылы: 1953
Ескерту: Тоғыз кесте құрылды, оның алтауы БҰҰ-ның стандартына лайық.
Елдiң аты: Аргентина
Құрылған жылы: 1955
Ескерту: 1946 жылы жалпы iшкi өнiмдi есептеуге әрекет жасалды.
Елдiң аты: Бразилия
Құрылған жылы: 1951
Ескерту: 1947 жылы ұлттық шоттарға байланысты жұмыс басталды.
Елдiң аты: Гондраус
Құрылған жылы: 1952
Ескерту: БҰҰ-ның стандартына сай интеграцияланған жүйе құрылды.
Елдiң аты: Канада
Құрылған жылы: 1948
Ескерту: Секторлар бойынша алғашқы шоттар құрылды.
Елдiң аты: Колумбия
Құрылған жылы: 1949
Ескерту: Жұмыстың басталған кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды.
Елдiң аты: Мексика
Құрылған жылы: 1953
Ескерту: Жүйе БҰҰ стандартына сәйкес құрылды.
Елдiң аты: Панама
Құрылған жылы: 1959
Ескерту: Жүйе БҰҰ стандартына сай құрылды.
Елдiң аты: Перу
Құрылған жылы: 1946
Ескерту: Жұмыстың басталған кезi. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды.
Елдiң аты: АҚШ
Құрылған жылы: 1947
Ескерту:

Бес шот, жиырма жет кесте құрылды.

Тұжырымдамалар БҰҰ-ның стандартына сәйкес келедi.

Елдiң аты: Чили
Құрылған жылы: 1949
Ескерту: БҰҰ стандартына сәйкес құрылды.
Елдiң аты: Эквадор
Құрылған жылы: 1954
Ескерту: Ұлттық шоттардың интеграцияланған жүйесi
Елдiң аты: Жаңа Зеландия
Құрылған жылы: 1948
Ескерту: Жүйе төрт шоттан тұрады.
Елдiң аты: Филиппины
Құрылған жылы: 1952
Ескерту: БҰҰ жүйесiнiң тұжырымдамасына негiзделген бес шот құрылды

1951 жылы Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымының жеңiлдетiлген стандартты ұлттық есеп жүйесi жарияланған соң, ұлттық табыс статистикасының дәстүрлi идеяларын шоттардың интеграциялық жүйесiнiң идеялары ығыстырды.

1952 жылы Нидерландияда алғаш рет ҰЕЖ-ге салааралық баланс енгiзiлдi. Бұл баланс өндiрiс сферасының 26 саласы бойынша құрфлдф және 1938, 1964-1951 жж. қамтыды. Мұнан былай салааралық балансыты құрған елдердiң барлығы оны ұлттық есеп жүйесiне енгiздi.

1952 жылдан бастап ұлттық есеп жүйесiне қаржы операцияларының кестесiн қосу керектiгi сөз болды. Экономикалық зерттеулерде бұл операцияларды талдау және оларға лайықты әдiстеме жасау экономикалық экономикалық зерттеулерде дербес бағыт ретiнде көрсетiлдi. 1952 жылы жарияланған Моррис Коплендтiң “Құрама штаттардағы ақша ағымын зерттеу” атты жұмысы осы бағыииың дамуындағы негiзгi кезең болды.

Қаржы ағымдарын талдау үшiн 1947 жылы Нидерландыда, 1949 жылы Финляндияда қаржы шотын құруға әрекет жасалды.

Қазiргi кезде көптеген елдердiң ұлттық есеп жүйесiнiң құрамында қаржы операцияларының кестесi бар (Нидерланды, Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Германия, Жапония) . Ұлттық баланстықкестелер (national balance-sheet) түрiндегi мүлiк баланстарын құру және олардың интеграциясы - ұлттық есеп жүргiзудегi тағы да бiр негiзгi бағыт. Шаруашылық бiрлiктерiнiң қаржы активтерi мен пассивтерiнiң өзгерiсi қаржы операцияларының нәтижесiн, ал қоғамдағы материалдық игiлiктердiң өзгерiсi экономикалық әрекеттiң нәтижесiн көрсететiндiктен ҰЕЖ - де баланстық кестелердi құру қажеттiлiгi туады.

Ұлттық шоттар ұлттық табыс стаистикасынан, ал баланстық кестелер ұлттық байлық статистикасынан бөлiнiп шықты. Ең алғаш ұлттық баланстар, яғни мүлiк баланстарының жүйесi Нидерландыда 1947 жылы (Рикен Ван Олст) және 1948 жылы (В. Корн, С. Смейс) құрылды. Содан берi бұл кестелер осы елде жүйелi түрде пайдаланылып келедi. Ал басқа елдер осыған ұқсас жұмыстарды жүргiзе бастады.

Шоттардың құрылымын және онда қолданылатын категорияларды халықаралық стандартқа сәйкестендiру ҰЕЖ-нiң дамуы мен өрiстенуiне зор ықпал еттi.

1945 жылдың соңында Ұлттар Лигасының статистика жөнiндегi сарапшылар комитетi ұлттық табысты есептеу және ұлттық шоттарды құрудың сипаттамасын дайындайды.

1947 жылы ұлттық табыс пен байлықты зерттейтiн Халықаралық ассоциация құрылды. 1948 жылы БҰҰ-ның статистикалық бюросы ұлттық табыс статистикасы бойынша алғашқы жинақты жариялады. Жинақта 39 елдiң мәлiметтерi болды. 1958 жылдан бастап 140 елдiң ұлттық шоттарын қамтып жинақ жыл сайын баспадан шығады.

1953 жылы БҰҰ-ның коммисиясының ұйғарымы бойынша стандартты ұлттық есеп жүйесiн сипаттайтын баяндама жарияланды. Жаңа секторлардың, институциялық бiрлiктердiң пайда болуына байланысты 1964 жылы стандартты ұлттық шоттардың мазмұны жарияланды. 1968 жылы БҰҰ ҰЕЖ-нiң алғашқы хабары (версия) жарық көрдi.

1970 жылы Еуропалық бiрлестiк БҰҰ-ның ұлттық есеп жүйесiнiң негiзiнде ҰЕЖ-нiң Еуропалық нұсқасын ұсынды.

1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жаңа ұлттық есеп жүйесiн қабылдады. Жаңа жүйенiң мақсаты - экономикалық статистикасының төлем балансы және мемлекеттiк қаржы сияқты бөлiмдерiнiң (тауарларның) үндестiгiн арттыру. Бұл үндестiк ұлттық есеп жүйесiнiң жеке блоктарында, экономикалық статистиканың жоғарыда аталған бөлiмдерiнде қолданылатын анықтамалар мен жiктеулердiң тығыз байланысын көрсетедi. Мысалы, “қалған әлем” шоттарында қолданылатын анықтамалар төлем балансындағы анықтамалар мен үйлесмiмдi болса, төлем балансының жиынтық жолы “қалған әлем” шотының жиынтық жолымен бiрдей болады.

Ұлттық есеп жүйесiнiң тағы бiр мақсаты - ұлттық шоттардың құрылымын айқын, жүйелi түрге келтiру, кейбiр кiрiс және шығыс статьяларының түсiндiрмесiн анықтау. Осыған байланысты 1993 жылы ҰЕЖ-де жалпы iшкi өнiмдi анықтауда өзгерiстер енгiзiлгенiн ескерткен жөн. Мысалы, геологиялық барлау жұмыстарының шығындары, ЭЕМ-нiң бағдарламаларын, әдеби-көркем шығармалардың түпнұсқасын сатып алу негiзгi капиталдың жалпы қорлануы болып саналады. Бұдан басқа жалпы қорлану шығындарының құрамына “құнды заттарды таза сатып алу” деп аталатын жаңа статья енгiзiлген.

Қазақстан Республикасының және ТМД елдерiнiң ұлттық шоттары есеп жүйесiнiң еуропалық стандарттарына негiзделген және әр елдiң ұлттық жағдайына бейiмделiп құрылған.

Халық шаруашылығы балансынан ұлттық есеп жүйесiне көшу концепциялық ( тұжырымдамалы), әдiстемелiк мәселелердi қарастыруды және оларды шешудi талап етедi. Бұл мәселелердi шешуде халықаралық сипаттаманы (рекомендация) негiзге ала отырып, шаруашылық әрекеттi ұйымдастырудағы елдiң ерекшелiгiн ескерген жөн. Мысалы, өтпелi дәуiрдiң алғашқы кезенiнде мемлекеттiк бюджеттен субсидия бөлiнетiн экономикалық әрекеттер (ауыл шаруашылығы, орман, су шаруашылығы, жолдарды жөндеу, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық), кәсiпорындардың өз жұмысшыларына, олардың отбасыларына көрсететiн әлеуметтiк- мәдени қызметтер көлемi анағұрлым көп болады. Бұл кезеңде коммерциялық банктердiң әрекеттерi, олардың рөлi шектеулi үйде қалады.

Үй шаруашылығының өндiрiстiк әрекетiн анықтау -ҰЕЖ-дегi негiзгi мәселе. БҰҰ ҰЕЖ-нiң кепiлдемесi бойынша үй шаруашылығы үшiн өндiрiс шоты құрылуы қажет. Бұл шотта үй шаруашылығының өндiрiстiк әрекетi көрсетiледi.

Үй шаруашылығын өндiрiстiк әрекетiне өздерi тұтыну немесе сату үшiн өндiрген өнiм, нарықтық қызметтер көрсету, өз үйiнде тұру құны және үй қызметшiсiнiң қызмет ақысы жатады. Мәлiметтердiң жеткiлiксiздiгiнен халықтың ресми түрде тiркелмеген әрекетi жалпы iшкi өнiмдi анықтағанда есепке алынбайды. Толық және сенiмдi мәлiметтердi жинау арқылы бұл мәселенi шешуге болады. Шоттарда кездесетiн тамақтандыру, iссапар шығындары, әскери адамдарды киiм-кешекпен жабдықтандыру, әр түрлi салықтар, субсидиялар сияқты экономикалық операцияларды түсiндiруде де бiраз қиындықтар болды. Халық шаруашылығы балансы ақпарат негiзi деп санау және шоттардың тек тұтас экономика үшiн құрылуы осы кезеңдегi ұлттық есеп жүйесiн статистикалық практикаға енгiзудегi тағы бiр ерекшелiк болып саналады. Халықаралық стандарттарды салалық топтастырудың орнына халықшаруашылығының жалпы одақтық топтастырыуын пайдалану, алғашқы ақпараттық құжаттар базасының (бухгалтерлiк есеп, қаржы және банк статистикасы) халықаралық стандартқа сәйкес келмеуi шаруашылық бiрлiктерiнiң толық статистикалық бақылауға алынбауы салдарынан эксперименттiк есептеулерде кемшiлiктер болды. ТМД елдерiн бiрiңғай халықаралық стандарттарды статистикалық әдiстемемен қамтамасыз ету үшiн жалпы iшкi өнiм, ұлттық табыс, т. б. көрсеткiштердi есептеудiң, өндiрiс, табыстың пайда болу, табысты бөлу және пайдалану, басқада шоттарын құру, салааралық байланысты құрудың әдiстемелiк принциптерi айқындалды.

Сол сияқты ҰЕЖ көрсеткiштерiн тұрақты бағамен бағалау принциптерiн анықтау, қаржы шотын, баланстық кестелердi, активтер мен пасивтердiң өзгерiсiнiң шотын құру сияқты жұмыстарды iске асыру көзделуде. Стандартты әдiстеме негiзгi макрокөрсеткiштердiң динамикасын, құрамын зертеп, мөлшерi туралы мәлiметтредi салыстыру үшiн, ТМД елдерiнiң нарықтық экономикалық өту кезеңдерiн талдау үшiн, осы елдердiң экономикалық саясатын, мемлекетаралық экономикалық қатынастарын үйлесiмдi түрде жүргiзу үшiн қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өндіріс факторларынан алынатын табыс: мәні және формалары
Халықаралық қаржы-валюта қатынастары
Әлеуметтік-экономикалық статистика
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Ішкі экономикадағы Ұлттық шоттар жүйесінің жиынтық шоттары
Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны туралы
Статистика ғылым ретінде
Қазақстандағы статистика ғылымы
Арнайы кедендік статистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz