Тұлға туралы жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Тұлға туралы жалпы түсінік 4
2. Тұлғаның зерттеу тарихы 5
3. Тұлға дамуының қалыптасуы 7
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады.
. Жарықбаев Қ. Психология (Оқулық). Бiрiншi басылымы, Алматы, “Мектеп” 1970, екiншi басылымы, Алматы, Мектеп, 1982.
2. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. Алматы, “Қазақ университетi”, 1993.
3. Алдамұратов Ә. Т.б. Жалпы психология. Алматы, 1995.
4. Бап-Баба С. Жалпы психология. Алматы, 2004.
5. Мұқанов М. Жан дүниесiнiң сыры. Алматы, Қазмембас,1964.
6. Мұқанов М. Бақылау және ойлау. Алматы, 1959.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Тұлға туралы жалпы түсінік 4
2. Тұлғаның зерттеу тарихы 5
3. Тұлға дамуының қалыптасуы 7
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке
дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын,
өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп,
ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз.
Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі,
білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-
бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы
қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы
жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға
дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған
түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан
өкілдері болады.

1. Тұлға туралы жалпы түсінік

Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік
ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау
иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін
аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ
аяқталады. Бұл — өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын
құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен
адамгершіліктің басты белгісі, ее жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп
қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті,
адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді,
көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты
бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан, адамгершілігі төмен, не
одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсіз" деп иттің етінен жек көрген.
Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын
болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі — ар-ұятқа кір келтірмеу,
намысты аяққа баспау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған
орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-
парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары "кісілік"
ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты
қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік,
адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі
үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру,
үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге
араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен
оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың
өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет.
"Әлеуметшіліксіз,— дейді X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта ұлт
тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін
елдің өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек".
Осы айтылғандар бізге оның психиологиясы туралы белгілі пікір айтуға
мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп.
Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,
дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

2. Тұлғаның зерттеу тарихы

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі
болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын
объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын
қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну
қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске
түсіп отырады. Осыған орай, оның түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті
шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-
бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мөні күшті түрткі іс-
әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы
мотив — оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның
қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы
ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз
алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.)
болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек
құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами
келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.)
туғызады. Рухани қажеттердің дамуы — материалдық қажеттерінің
қанағаттандырылуына байланысты.
Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар
адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі
түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады.
Бүл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері
саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін
өтеу жолында сыртқы органы, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің
өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді.
Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат,
ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам
тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық
сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау
қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана
қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға
әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері — іс-әрекетінің негізгі
мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады.
Қажет — (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы.
Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам
да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді
өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп
қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл — биологиялық сипаттағы қажеттер.
Жануарлардың қажеттері — олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы
байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын
көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шұбыртады. Мысық мұрнына еттің
иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп, аң
біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа
бітеді, олар шартсыз рефлекстік сипатта болады.

3. Тұлға дамуының қалыптасуы

Адам қоғамнан тыс өмiр сүре алмайды. Өйткенi оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесiнде ғана қалыптасады,
қоғамдық тәрбие арқылы адам белгiлi мазмұнға ие болады. Адам санасының
дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмiрiнiң болуы мүмкiн
емес.
Кез-келген адам дүниеге келiсiмен екiншi бiр адаммен қарым-қатынасқа
түсудi қажетсiнедi. Мәселен, нәрестенiң анасымен "тiлдесу" қажетiн
қанағаттандырмау - бiртiндеп оның қасаң сезiмдi, мейiрiмсiз болып өсуiне,
кiшкентайынан айналасына деген сезiмiнiң азаюына әкелiп соқтыратыны
байқалып жүр. Сөйтiп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға
болмасын, оған киiм-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса,
айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай бiлу де сондай
қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең
ауыр түрi екендiгiне шүбә келтiруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас
жасау - бұл тiршiлiкке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам
қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлiмет алады, еңбек пен
тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлi құндылықтарды
меңгередi. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейдi, оның
шеңберi аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ
та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те - осының бәрi -
қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмiрдегi сан алуан тыныс-тiршiлiкте
адамдар бiр-бiрiмен тiкелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзiнде, радио,
теледидар арқылы), не бiреу арқылы қарым-қатынасқа түседi. Мәселен, мұның
тiкелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты түрлерiнде қаншама жанды
жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңiзшi!

Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлi көрiнiстерi жеке
адамдармен топтық ұйымдардың тiршiлiгiнен жақсы байқалып отырады.
А. Топ туралы түсiнiк мәселесi
Қарым-қатынас "топ", "ұжым" деген ұғымдармен тiкелей байланысып
жатады.
Адам баласы жалғыз жүрiп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды,
сондықтан ол ылғи да басқалармен бiрлесiп тiршiлiк етуi тиiс дедiк.
Мұндайда адам ылғи да топпен бiрге өмiр сүретiнi белгiлi. Ал, топтың
түрлерi сан алуан. Мәселен, мұның бiрi - нақты (реалды) топтар. Бұл - ортақ
мақсат көздеп, бiр кеңiстiкте, белгiлi уақыт iшiнде, бiр-бiрiмен қоян-
қолтық араласып, iс-әрекетке түсетiндер. Топтар үлкен (макро), шағын
(микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған,
жасанды, табиғи, референттiк болып бiрнешеге бөлiнедi.
Бiршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бiр-бiрiмен
тiкелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың
бiрлестiгi “шағын топ” деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесiнiң күш-
жiгерi бiр мақсатқа (оқу, еңбек, т.б.) бағытталады. Мұндағылар бiрiн-бiрi
жақсы бiледi, топ алдында тұрған ортақ мiндеттi орындау кезiнде өзара қоян-
қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерiнiң саны екi-үш адамнан құралып,
әрiсi 30-40 адамнан аспауы тиiс.
Отбасы, өндiрiстiк бригада, ұшақ пен ғарыш кораблiнiң экипажы, поляр
станциясында қыстаушылар, мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ
деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс-
шаралардың бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң
мүшесi, не жетекшiсi, т.б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекше ден қояды. Шағын
топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркiм топтағы кез-
келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетiне карай қатынасқа түседi, оның
бiр мүшесi екiншiсiн жақын тұтады, бiр-бiрiмен жиi араласып жүредi,
байланыстары тұрақты сипат алады.
Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып
бөлiнiске түседi.
Формалы топ мүшелерiнiң арасында белгiлi құжаттардың талабына сәйкес
әр түрлi сипаттағы iскерлiк қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан
жетекшiге бағыну, тиiстi құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы
жауапкершiлiктi сезiну ерекше көрiнедi. Формалы топтарда (iскерлiк
қатынаста) кейде терiс эмоциялық әуен, яғни бiр-бiрiн ұнатпау, сыйламау,
менсiнбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкiн. Бұл жәйт ондағы
iскерлiк қатынасқа қолайсыз әсер етедi, оның табысты болуына залалын
тигiзедi.
Формасыз (бейресми) топ - бұл ұнату, көзқарас бiрдейлiгiн тану сияқты
психологиялық себептер бiрлiгi негiзiнде туады. Мұндай топ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Тұлға туралы ұғым
Жеке тұлға психологиясы
Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде
Жеке және заңды тұлға
Тұлға туралы теориялар жайлы мәлімет
Заңды тұлға туралы ақпарат
Инновациялық сабақты ұйымдастырудың (жоспарлаудың) қазіргі формасы
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Пәндер