Негізгі және айналым капиталы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты

Экономикалық және кеден ісі пәндер кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Экономикалық және кеден ісі пәндер
кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к Молдашева А.К
__________________ 20__ г.

Өндірістік тәжірибеден өту
ЕСЕБІ

Мамандығы____5В050600 - ЭКОНОМИКА________ курс __3 студенті

________Кубашева Арайлым Кайроллақызы ________________________________
(Ф.И.О.)
Тәжірибе орыны______Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппаратыММ
(ұйымның атауы)

Тәжірибеден өту __04.06_______ дейін _____07.07____ 2018 ж.

Есепті тапсыру күні _13_ ________07____ 2018 ж.

Тәжірибе жетекшісі __магистр Султангалева Р.К. _
(аты жөні., лауазымы)
Комиссия құрамы_________________________ __________________
(аты жөні., лауазымы)(қолы)

_________________________ __________________
(аты жөні., лауазымы) (қолы)

_________________________ __________________
(аты жөні., лауазымы) (қолы)

_________________________ __________________
(аты жөні., лауазымы) (қолы)

Есеп қорғалды

__________________ 20____ж.
___________________
Жетекшінің қолы

Атырау - 2018 ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1.Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәлімет. ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. 4
1.2Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау 6
1.3 Негізгі және айналым капиталы 7
2.Мекемедегі бюджеттік және қаржылық есеп 8
2.1Негізгі қорлар есебі 8
2.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебі 11
2.3 Ұйымның қаржылық есеп беру 14
3. Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау 1616
3.1 Негізгі қор жағдайын және пайдалануына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына және іскерлік белсенділігіне талдау жүргізу. 18
Қорытынды 21
Пайдаланған әдебиеттер 22

Кіріспе

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:1) бухгалтерлік баланс;2)қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;3)ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.Қаржылық тұқрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе оны өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

1. Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәлімет

1.1 Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау.

Кейбір деректер бойынша, Зеленый ауылы орналасқан тұста 15 ғасырдың аяқ кезінен бастап Көктоғай атты ескі қоныс болған. 1928 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес мұнда "Красный Октябрь" балықшылар ұжымшары құрылып, өзімен аттас ауылдық кеңестің орталығы болды. 1962 жылы ұжымшар "Путь Ильича" атты қаракөл қой кеңшарына айналды.Атырау облысының Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі 1994 жылы ақпан айында Атырау облысы өкімі негізінде құрылды. 1997 жылы Зеленыйда шаруа (фермер) қожалықтары құрылды.Атырау обылысы Көктоғай ауылы аудан орталығынан 75 шақырым қашықтықта орналасқан және ауылдық округтің орталығы болып табылады. Селолық округ оңтүстігінен Атырау обылысының Махамбет ауданымен және солтүстігінде Өрлік ауылдық округінің шекараларымен шектеседі.Халық саны 2720 адамды құрайды.
Жалпы, Көктоғай аулында қазіргі таңда 2 тойхана, 21 азық-түлік дүкені, 1 наубайхана тұрғындарға қызмет қөрсетуде. Ауылдық округі бойынша 38 шаруа қожалығы және 58 жеке кәсіпкер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі мал шаруашылығымен айналысу.
Көктоғай ауылдық округінің дамуының ағымдағы жағдайына талдау
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 8000 мың гектар жерді құрайды. Ауылдық округте барлығы 2720 адам тұрады. Оның 1348-і әйелдер, 1372-і ер адамдар. Зейнеткерлер саны - 257, мүгедектер - 114, 18-29 жас аралығындағы жастар -682, оқушылар - 443, жұмыс жасайтындар - 1364, өзін-өзі қамтушылар - 325, жұмыссыздар саны - 51.
Жұмысқа жарамды халық саны - 1415 адам. Әлеуметтік сала объектілерінен қызмет жасап тұрғандар: 1 орта мектеп, 1 балабақша,1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана.
Қызмет көрсету саласында қызмет жасап тұрғандар: 1 пошта бөлімшесі, 1 байланыс торабы.
Ауыл ішінде 20 көше жарықтандырылған. Округтегі 451 үй. Ауылдық округте 2013 бас мүйізді ірі қара малы, 2178 бас жылқы малы, 10783 бас қой мен ешкі және 873 бас түйе, 781 құстар тіркелген. Көктоғай ауылдық округінің қазіргі жағдайына талдау жасаған кезде мыналар анықталды:
oo Көктоғай ауылындағы көше жарығы шамдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
oo Мәдениет үйінің алдын көгалдандыру;
oo Ұлы Отан соғысынан оралмағандарға арналған боздақтар ескерткішін көгалдандыру;
oo Округ бойынша мал санын арттырып асылдандыруды қажет етеді
Көктоғай ауылдық округі азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы және қажетті қызметтерді ұсынады.2018 жылдың қаңтар-наурыз айында құрылыс жұмыстарын жүргізіліп,жеке тұлға үшін 12 жер беру актісі жасақталды.Оның ішінде 5 тұрғын үй құрылысының жұмыстарын жүргізу үшін 7 нысан әлеуметтік сала бойынша жасақталынды.
Халықтың қажеттіліктері үшін жұмыстар дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған.
Округ әкімшілігі халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады.
Округ әкімшілігі өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, қажетті еңбек шартын қамтамасыз етуге тырысады.
Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады.Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Жарлығына сәйкес, түрлі құқықтық ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз,құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.
Белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына пара-пар сомадан кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:
- кәсіпорынның аты;
- мекен-жайы;
- негізгі қызмет бағыттары;
- қызмет түрлері;
- капитал мөлшері;
- қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.
Заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

1.2.Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау

Кәсіпорын қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі құралды иемдену кезіндегі іс жүзіндегі шығындарына жататындар:
Сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық және орны толтырылмайтын салықтар;
Активті тасымалдау және жұмыс қалпына келтірумен байланысты барлық шығындар (тасымалдауға кететін бастапқы шығындар, монтаж шығындары және т.с.с.);Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді.Бүл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы жөне көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) .Ұйымды басқару құрылымы" немесе "басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы" (БҰҚ) менеджменттің ең бір шешуші түсінігі болғандықтан, ол басқару мақсаттарына, функциялары мен процестеріне, сонымен қоса, менеджерлердің жұмыстарына және олардың арасындағы өкілеттікті бөлісуге тығыз байланысты. Құрылым шеңберінде барлық басқарушылық процесс (ақпараттықтармен алмасу және басқарушылық шешімдер қабылдау) кәсіби мамандығына сай менеджерлердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Құрылымды басқару жүйесін уақытында және сапалы салынған ғимараттың арқалығымен салыстыруға болады. Сондықтан да ұйым басқарушылары басқару құрылымдарын қалыптастырғанда, олардың принциптері мен тәсілдерін, типтері мен түрлерін таңдау барысында, үрдістердің өзгеруі ұйымның міндетіне сәйкестігіне баға бергенде жете зерттеу жүргізуді талап етеді.Мекеменің басқару жүйесінің құрылымын 1-сызбадан көруге болады.

Мекеме басшысы

Басшысының орынбасары

Бюджет бөлімшесі
Экономика бөлімшесі

Жетекші
маман
Сектор менгерушісі
Бас маман
Бас маман
Бас
маман
Бас маман

1.3 Негізгі және айналым капиталы

Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) - бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп капиталы деп аталады. Өнеркәсіпке немесе ауыл шарушылығына бөлінген ақша өндірістік обьектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалады. Өнеркәсіп капиталының өндіріс обьектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материалдар, энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді. Оны айналым капитал деп атайды.Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Олар толығымен қолданылады және толығымен, бірден өз құнын өндірілген өнімнің құнына ауыстырады. Осылай, айналу қорларының құндары әрбір айналған сайын дайын өнімнің құнымен өтеледі және толығымен тауарларды табысты сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып оралады. 1-кесте негізгі және айналу қорларының басты салыстырмалы сипаттамаларын көрсетеді.
Кесте.1 - Негізгі және айналым капиталдары арасындағы басты айырмашылықтар

Негізгі капитал
Айналым капиталы
Не жатады
Еңбек құралдары (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.)
Еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және т.б.)
Өндіріске қалай қатысады
Көп рет
Бір рет
Қалай шығындалады
Біртіндеп тозады
Толық тұтынылады
Өндірілген тауарлардың құнына өз құнын қалай аударады
Біртіндеп, бөлшектеп, тозу шамасына қарай
Бірден және толығымен
Айналым құралдарының жеке меншік және қарызданатын болып бөлінуі кәсіпорынға ұсынылатын айналыс құралдарының шығу көздері мен түрлерін көрсетеді, яғни айналым құралдарының қолданылу мерзімі уақытша әлде тұрақты екенін көрсетеді.
2. Қаржылық есеп
2.1 Негізгі қорлар есебі
Болашақ экономикалық пайда - бұл кәсіпорынның ақша құралдарының тікелей және жанама салымы мен ағымы. Бұл салым өндіріс үрдісіндегі активтерді тұтыну мен сатып алу түріндегі кәсіпорынның негізгі қызметінің бөлігі ретінде туындауы мүмкін .Әдетте, қорлар кәсіпорынның өндірістік циклында қолма-қол ақша құралдарына немесе басқа да активтерге айналады.
А) олар кәсіпорын қызметінің операциялық бөлігі болып табылады және кәсіпорынның өндірістік циклында олардың тұтынылуы және өткізілуі күтіледі;
Б) қысқа мерзімде саудалық мақсатта сақталады және олардың есептік күннен 12 ай бойы өткізілуі күтіледі.Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Еңбек қауіпсіздігі ұғымымен қызметкердің, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қорғалу жағдайы түсініледі.Қауіпсіз еңбек жағдайларына жұмыс беруші жасаған, қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын немесе олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары жатады.Бұл ретте өндірістік құрал- жабдықтардың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың ол тапсырылған функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасымен белгіленген жағдайларда орындаған кезде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.Өндірістік үрдістің қауіпсіздігі- өндірістік үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген шарттарда еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі.
Статистикалық деректер бойынша төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі Мемлекеттік инспекцияның қадағалауындағы 18 мыңнан астам кәсіпорындарда жыл сайын ауыр жарақат алғандар және мерт болғандардың белгілі саны, жүздеген жазатайым оқиғалар тіркеліп отырады. Әрине мемлекет осындай шығындарды азайтуға ынталанады.
Еңбек қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі курсы бакалаврларды даярлауда міндетті болып табылады және кәсіби пән ретінде оқу жоспарына кіргізіледі.
Өндірістік қызметтегі адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ҚР заңнамалық және нормативтік актілер жинағы: ҚР Конституциясы, Әкімшілік құқықбұзушылар туралы кодексі, Азаматтық процессуалдық кодекс, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және т.б. әрекет етеді.
1С: Бухгалтерия бухгалтерлік есепті автоматты тұрде жүргізу үшін әмбебап жүйе болып табылады. Бұл программа түрлі есеп жүйелерін, әр тұрлі әдістемелік есепті жұргізе алады. Сонымен бірге тұрлі кәсіпорындарда қолданылады.1С: бухгалтерияның иілгіштігі және ыңғайлығы оның қарапайым бухгалтердің құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 1С: Бухгалтерия бастапқы құжаттарнды енгізуден бастап, есеп беруді Ұйымдастыруға дейін толығымен есепті автоматтандырады. 1С: бухгалтерия жүйесі бухгалтерлік есептің кез-келген бөлімін жүргізу үшін қолдануы мүмкін:
Ұйымдармен, дебиторлармен кредиторлар және тұлғалармен өзара есеп
айырысу есебі;
еңбек ақы бойынша есеп айырысу;
бюджетпен есеп айырысу;
есептін басқада бөлімдері.
құжаттар бойынша операцияларды автоматты тұрде енгізу режимі.
1С:Бухгалтерия жүйесінің негізгі ерекшелігі оның (конфигурациясы) түрлендіруі болып табылады. 1С: Бухгалтерия жүйесі әр тұрлі обьектер үшін арналған механизммен сәйкес жүргізіледі. Нақтылай алынған обьектілерді, ақпарат жиынтығының құрылымы, ақпаратты өңдеу алгоритмнің барлығын конфигурация анықтайды.Конфигурациямен бірге 1С: Бухгалтерия жүйесі есептер класымен тұрлі кәсіпорынды анықтауына бағыт беретін қолдануға дайыни программа болып табылады. Конфигурация штаттық құралдар жүйесімен беріліп және "1С:" фирмасымен жабдықталады.
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады. Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін. Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады. Өндірістік бяғыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Материалдық емес активтер (МЕА) Бейматериалдық активтер - айналымнан тыс активтер тобы.Олардың материалдық - заттық мазмұны жоқ,бірақ құны болады,бірақ құжаттармен қуатталады,табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды, ұзақ мерзімді кезеңде (1жылдан астам) пайдаланылады,иеліктен шығаруға жарамды болады.
Материалдық емес активтерге мыналар жатқызылады:
-патенттерден,лицензиялардан,авторл ық шарттардан туындайтын құқықтар;
-жерді жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтары;
-ноу-хау;
-тауар белгілері,т.б.
Нақты құн = сатып алу құны+импорттық баждар+өтелмеген салық+ сауда жеңілдіктері+жұмыс жағдайына келтіруге шығындар болып табылады.
Кесте 2. Материалдық емес активтердің операциялары
Операция Мазмұны
т
Кт
МЕА-ді сатып алу
410
3210
Құнсыздануы бойынша
440
2722
Бюджеттік есептен МЕА-ді есептен шығару
420
2710
МЕА-ді қайта бағалау
710
5112
МЕА-ді сатудан түскен сомаға
231
6320

МЕА объектісін қабылдау - тапсыруды ресімдеу үшін НОС-1 нысанды МЕА-ді қабылдау-тапсыру актісі қолданылады.
Актіде МЕА-р түрінің дәл атауы,оның мемлекеттік мекемеге тапсырылу күні, объектілердің сипаттамасы,оның бастапқы құны,тозу нормасы және басқа қажетті деректер көрсетіледі.
Өндірістік есеп операциялары бұл бағдарламада келесідей орын алады:
ай ішіндегі өзіндік құнға қосылытын шығындар өндірістік шоттарда көрініс табады. Айта кететін жағдай, өнім өндірісінде қолданылатын ТМҚ есептен өндіріске тек, ол қоймаға қабылданғаннан кейін ғана жүзеге асады;ай ішінде дайын өнім қоймаға өзіндікқұнының жарты бағасымен есепке алынады;ай соңында түгендеу жүргізу арқылы өндіріс қалдығы есепке алынады.Өндірістік есептің соңғы сатысына көшпей тұрып, ұйымның есеп саясатының келесі тұстарын баптап алу қажет;Есепті баптау қатарынан келісім бағасы мен оның төлем түрі көрсетілуі тиіс;Өзіндік құнмен есепке алуды баптау Бухгалтерия Қазақстан үшін бағдарламасының кофигурациясында өзіндік есептесудің екі түрі бар, олар есеп саясатын бухгалтерлік есеп бойынша баптау қатарында орналасады:Бөлімшелер бойынша - бұл жағдайда пайдаланушы переделдің ретін өз бетінше орналастырады;Переделдер бойынша - бұл жағдайда реттілік конфигурация бойынша өзі орналастырылады.
Стандартты есептеу нәтижелерiнiң ортақ мiнездемесi 1C: бухгалтерияға бухгалтерлiк және салық есепке алуы үшiн контейнер және әр түрлi сымдары есептердiң қалдықтарға және айналымдары мәлiмет бойыншаларды алу үшiн қолайлы үйреншiктi есептеу нәтижелерi қосылған.Стандартты есептеу нәтижелерi 1C: бухгалтерия көмегiмен iшкi қолдануға кәсiпорындар, бастаушы бухгалтерлiк және салық есепке алуларына көбiнесе есептелiнген. (бухгалтерлiк немесе салық) есепке алуды әрбiр түр үшiн үйреншiктi есептеу нәтижелерiнiң меншiктi жиындары ескерiлген. Есептеу нәтижелерiнiң құрастыруы үшiн бастапқы мәлiмет сымдардың тиiстi журналдарынан сайланады.

Кесте 3.Аргументтік функциялар

Математикалық түрде жазылу
Паскаль тілінде жазылуы
x
Sqrt(x)
x2
Sqr(x)
x
Abs(x)
ex
Exp(x)
sinx
Sin(x)

2.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебі

Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
:: Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мн тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қотлар;
:: Аяқталмаған өндіріс;
:: Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар
Орташа өлшемді құн бойынша - есепті кезеңде қозғалысы болған әр бір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.
ФИФО - есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.ЛИФО - кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығындардың сәйкестілігін қамтамасыз етеді және инфляцияның құрылыс қызметі нәтижелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді.Қоймадағы ТМҚ-р есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әр бір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды жауапты адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыс құжаттары негізінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық есеп стандарттарына жақын, еліміздегі ерекшеліктерді еске ала отырып ел нарығына икемделіп жасалған.Қазіргі өркениетті нарық капиталдық, товардың жұмыс күшінің еркін қозғалысын қалайды. Елімізге шетел инвестицияларын тарту бухгалтерлік есеп ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкес болуын талап етеді. Бухгалтерлік есеп туралы әдебиеттерде оның қағидалары туралы сөз болып жүр.Қағидалар- бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырған кезде қабылданған белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде бекітілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Айналым капиталының қалыптасу көздері
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Айналым капиталы түсінігі
Айналыс қорлары
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару
Пәндер