Өткізудегі қорларды басқару


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Ел экономикасындағы көліктің атқаратын рөлі өте маңызды, өйткені ол экономиканың барлық саласын біріктіреді, өндірістің қалыпты дамуына жағдай жасап, салааралық және аймақаралық байланыстардың дамуына ықпал жасайды. Қазақстанның Азия мен Еуропа сынды ең ірі сауда серіктестерінің арасында орналасуы елдің көліктік-логистикалық жүйесін дамытудың аса қажеттілігін көрсетіп отыр.
Қазақстанның темір жол желісі Еуропа, Қытай және Оңтүстік Азияның ірі нарықтарын жалғайтын Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс халықаралық көлік дәліздерінің бойына орналасқандықтан транзиттік әлеуеті өте зор.
Қазақстан Республикасы транзитке қолайлы ахуал орнатып, осы қызмет түрімен байланысты салалық кедергілерді жоя отырып, Шығыс пен Батыс арасында құрлықтық көпір ретінде орналасуына болады. Қытайдың батыс бөлігінен Еуропа, Ресей, Парсы шығанағы, Орталық Азия және Кавказ елдерінен тасымалданатын тауарларға жол ашуға болады.
Қазақстанның көлік кешені транзиттік әлеуетті жүзеге асырумен қатар, республиканың көліктік-логистикалық жүйесі қазақстандық өндірістің келешектегі қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс [1] .
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты теориялық және методологиялық тұрғыда зерттеу мен талдау барысында әрбір кісіпорын үшін логистикалық қызметтердің атқаратын рөлінің өте үлкен екенін байқасақ болады. Кәсіпорынның бәсекеге барынша қабілетті және дамыған деңгейге жетуі үшін логистикалық саясатымен жұмыс жасауы шарт. Зерттеу жұмысын жасау барысында шет елдік және отандық авторлардың еңбектері қолданылды.
Жұмыстың ақпараттық және статистикалық базасын мемлекеттік және ведомствалық статистиканың деректері, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің, сонымен қатар «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік одағының, «Казахстан темір жолы»ҰК» АҚ қызметінің ақпараттары құрады.
Зерттеу объектісі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқарады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тиімділігі аса жоғары, бизнес жүргізудегі әлемдік үздік тәжірибедегі үздіктердің қатарында Бір ғана акционердің талабына жауап бере алатын Қазақстанның ұлттық көлік корпорациясы.
Зерттеудің мақсаты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мысалында компанияның экономикасының көліктік-логистикалық қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында жүктерді тасымалдауды басқару механизмдерін жетілдірудің және жүк тасымалдарында логистикалық әдістерді қолданудың әдістемесін әзірлеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Зерттеу барысында зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер қарастырылды:
- кәсіпорын жағдайындағы логистикалық қызмет түрлерін зерттеу;
- қазақстандық кәсіпорындардың логистикалық қызметтерін талдау;
- шет елдік кәсіпорын логистикасын зерттеу және талдаулар жасау;
- отандық кәсіпорындардың логистикалық қызметтерін жетілдіру жолдарын қарастыру, ұсыныстар беру.
Зерттеу пәні. Нарықтық экономика жағдайындағы отандық кәсіпорындардағы логистикалық қызметтерді ұйымдастыру әдістері мен жетілдіру жолдары. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ негізіндегі логистикалық қызметтерге талдамалар.
Зерттеу мақсаттарына сәйкес дипломда келесі тапсырмалар қойылды:
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізіліп отырған көлік саясатына және Қазақстандағы көліктік-логистикалық саланың дамуының мәнді сипаттамасын анықтауға ғылыми тәсілдемелерді қарастыру және жалпылау.
- Көліктік-логистикалық саланың қалыптасуы және дамуының теориялық, әдістемелік және тәжірибелік сұрақтарына зерттеу жасалды.
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүк тасымалдау логистикасын басқару механизмдерін жетілдірудің бағыттары, келешектегі транзиттік жүк ағындарын өткізу дәліздерін анықтау.
- Қазақстан Республикасы және шет елдік көліктік-логистикалық қызмет көрсету нарығына маркетингтік зерттеу жасалды.
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүк тасымалдарының логистикасының басқару механизмдері мен қолдану жолдарын жетілдірудің тәжірибелік ұсынымдарын әзірлеу.
Зерттеу әдістері. Зерттеу кешенді және жүйелі тәсілдемеге, теориялық, логикалық, салыстырмалы, статистикалық және эконометриялық талдауға, басқарушылық қызмет талдауының айрықша әдістеріне негізделеді. Сонымен қатар ақпаратты жіктеу мен біріктірудің комбинаторлық және графикалық талдаудың, обьектілерді және сараптамалық бағалаудың, құрылымдық сипаттаудың ғылыми әдістері мен тәсілдері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыста көрсетілген мақсаттар мен тапсырмалары төмендегі бөлімдерде толығымен көрсетілген: кіріспе, үш бөлім, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Бірінші бөлімде логистика ғылымының даму тарихы мен теориялық аспектілері және кәсіпорын жағдайындағы мысалдар көрсетілген. Екінші бөлімде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның логисткалық қызметтеріне толық сипаттама мен талдаулар жасалды. Үшінші бөлімде қазақстандық кәсіпорындардағы логистикалық қызметтерді дамыту үшін автор тарапынан ұсыныстар көрсетілді. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан ақпарат, халықаралық және консалтингілік ұйымдардың әдістемелік және ақпараттық материалдары, құжаттары мен жарияланымдары пайдаланылды.
1 Кәсіпорындағы логистиканың теориялық негіздері
1. 1 Логистиканың мәні, тарихы және мазмұны
Логистиканың кең және тар мағыналы анықтамасы бар. Логистика кең мағынада - бұл алдына қойылған мақсатқа жету үшін белгілі бір микро, мезо немесе макроэкономикалық жүйеде материалдық ағымдарды, қызметтер ағымын және солармен байланысты ақпараттық және қаражаттық ағымдарды ұйымдастыру мен жетілдіру туралы ғылым.
Логистиканы меңгеру объектісі - материалдық және сонымен ілеспелі қаржылық, ақпараттық ағымдар. Ағым - обьекттер мен көптеген элементтердің бір жылжымалы жүйеге келуін айтады. Олар сипатталады: жылдамдық, уақыт, траектория, жолдың ұзақтығы, интенсивтілігі. Логистика көп түрлі ағымдармен жұмыс істейді - материалдық, көлік, қаржылық, энергетикалық, ақпараттық, адамдық.
Алдағы қолданылатын ұғымдар келесідей: материалдық ағым, логистикалық тізбек, логистикалық жол, логистикалық жүйе, макрологистика, мезологистика, микрологистика. Материалдық ағым - бұл жүктер, тауарлар, оларға қосымша үдеріс ретінде логистикалық және технологиялық операциялар қарастырылады. Логистикалық жүйе - бұл әртүрлі логистика қызметін атқаратын, кері байланысқа бейімделген жүйе. Логистикалық канал - бөлу каналы - бұл материалдық ағымды нақты өндірушіден, соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамассыз етететін, көптеген әртүрлі жекеленген делдалдар жиынтығы.
Макрологистика мемлекеттердің немесе аймақтардың түпкір-түпкірлерінде орналасқан өндірістік, тауарлық, көлік кәсіпорындардың материалдық ағымдарын басқару сұрақтарын шешеді. Микрологистика бір кәсіпорын шеңберіндегі локальды сұрақтарды шешеді.
Сонымен логистиканын негізгі мақсаты тұтынушыға тауарды қажет көлемде қажет уақытта материалды, қаржылық және еңбектің минимальды шығындармен жеткізу. Логистикалық қызметтің мақсаты орындалуы барысында 6 шартты қамтиды:
- қажетті тауар;
- қажетті сападағы;
- қажетті көлемде;
- қажетті уақытта;
- қажетті жерге;
- минимальды шығындармен жеткізу.
Практикалық логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңінде «логистер» немесе «логистиктер» деген мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған.
Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: «Логистика» гректің «logіstіke» сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Европада XVІІ ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы - энциклопедисі, философы) логистиканы «calculus ratіocіnator» (ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды.
Логистика бойынша бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XІX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: «логистика - әскерлерді маневрлеудің практикалық өнері» [1, 17 б. ] .
Логистиканың практикалық потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін «шығындарды үнемдеудің соңғы шегі» және «экономиканың танылмаған материгі» ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады [2] .
Төменде шет елдегі логистика эволюциясы, материалды, сондай-ақ онда кездесетін ақпарат және қаржы ағымдарын басқарудың теориясы мен практикасы бойынша берілген, яғни шикізаттардың, материалдардың және дайын өнімдердің айналым үрдісімен байланысты, оларды жабдықтаушылардан өндіруші кәсіпорындарға және соңғылардан талаптарға сәйкес соңғы тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты барлық кешенді мәселелердің шешілуі берілген.
ХХ ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады.
20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезеңді «фрагментаризация» кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағымдарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық функциялар құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т. б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді.
Қарастырылып отырған кезеңде, онда болашақта логистикалық концепция енгізудің алғышарты қалыптасқандығымен маңызды. Оған төмендегілерді жатқызуға болады:
- тауарлардың өткізуді ұйымдастыру жүйелеріндегі қорлар мен тасымалдау шығындарының өсуі;
- транспорт тарифтерінің өсуі;
- маркетинг концепциясының пайда болуы және тез таралуы;
- әскери логистиканың теориясы мен практикасының дамуы.
Әлемдік экономиканың өндіруші рыногынан сатып алушы рыногына бірте-бірте өту салдары ретіндегі маркетинг концепцияның қалыптасуы бизнестегі логистиканың пайда болуын түсіндіретін маңызды фактор болып табылады [2, 24-25б. ] .
Қарастырылып отырған тарихи уақыт мезетіндегі алғашқы логистикалық ұйымдар мен бірлестіктердің пайда болуын айта кету қажет. АҚШ-тағы және әлемдегі ең ежелгі ұйым сатып алуларды басқару мәселелерінің Ұлттық асоциациясы болып табылады (1915 жылы құрылған), ол 1967 жылы жабдықтау агенттерінің Ұлттық ассоциациясы болып қайта құрылды.
1950-ші жылдардың ортасынан бастап 1970-ші жылдарға дейінгі кезеңді батыс мамандары логистиканың қалыптасу кезеңі (концептуализация) деп атайды. Бұл кезең, ең алдымен, АҚШ-тағы логистиканың теориясы мен практикасының тез дамуымен сипатталды. Сол кезеңде дистрибьюцияны жақсарту мүмкіндігін, ең алдымен шығындарды төмендету тұрғысынан, елемеуге болмайды. Белгілі американ жазушысы және менеджмент бойынша кеңесші Питер Друкер дистрибьюцияны «көбінесе еленбейтін және американ бизнесінің ең сенімді саласы» деп атаған.
Логистиканың батыс бизнесінде тез етек жаюының маңызды фактілерінің бірі - жекe бөлудегі жалпы шығындар концепциясының пайда болуы болды. Бұл концепцияның мәні, дистрибьюцияда шығындарды тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжытуға кеткен шығындардың жалпы деңгейі азаятындай етіп қайта топтауға болатындығына келіп саяды. Мысалы, тауарлар тасымалын автомобиль көлігінен әуе көлігіне алмастыра отырып, аралық қоймаларды құру қажеттілігінен қашуға болады, яғни қорларды қоймалауға, сақтауға және басқаруға кететін шығындарды шығаруға болады.
Сонымен бірге, осы кезеңде логистиканың тез дамуын түсіндіретін бірқатар объективті экономикалық және технологиялық факторлар болған. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
- тұтынушы сұранысының модельдеріндегі және қатынастарындағы өзгерістер (олигополиялық рыноктардың дамуы)
- өндіріске жұмсалатын шығындарды қысу;
- компьютерлі технологиялардағы прогресс;
- қорларды қалыптастыру стратегияларындағы өзгерістер;
- әскери тәжірибенің әсері.
Логистика ғылымының даму тарихы мен эволюциясын төменнен көре аламыз (Сурет 1) :
1980-2000 жж. Интеграция
1970 ж. Даму
1960 ж. Қалыптасу
1920-1950 жж. Фрагментация
Икемді өндірістік жүйелер мен технологиялар
Өндірістік(операциялық) менеджмент
Біріккен логистика
Өнеркәсіптік логистика
Интеграциялық дистрибьюция
Микроүдерісорлық коммерциализация
Ақпараттық-компьютерлік технологиялар
Маркетинг
Сапаны жалпы басқару
Материалды менеджмент
Жеке тарату
- Сұранысты болжамдау
- Сатып алулар
- Жүк өңдеу
- Қоймалау
Әскери логистика
- Бөлуді жоспарлау
- Тапсырыстарды басқару
- Тасымалдау
- Өткізудегі қорларды басқару
- Тұтынушыларға қызмет көрсету
- Қажеттіліктерді жоспарлау
- Өндірістік жоспарлау және күнтізбек
- Өндірістегі қорларды басқару
- Технологиялық тасымалдау
Бизнес-логистика
Сурет 1. Логистика ғылымының қалыптасу эволюциясы.
Ескерту - [3] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Бұл факторлар 60-шы жылдары АҚШ-та айқын көрінді. Рыноктағы негізгі тенденциялар сатып алушыларға көңіл бөлудің күшеюі (соның ішінде, қызмет көрсету үлесінің өсуі) және бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын (бәсекелес тауарлардың) түрлі тауарлардың көп болуы болды. Олигополистік рыноктық құрылымдардың тез дамуы бизнес ұйымдарын сұраныс пен ұсынысты үйлестірудің, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Тапсырыс циклдарын қысқартуға және өнім өндірісіне жаңа кинетикалық көзқарастар пайда болды. Тауарлар түрлерінің көбеюі дистрибьюция жүйелерінде қорлардың құрылуы мен сақтауына кететін шығындардың өсуіне алып келді. Бұл өз кезегінде тауар өткізуші құрылымдарды жетілдірудің және жеке бөлу процестеріндегі шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етті [3, 43 б. ] .
Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы белсенді экономикалық өсуден кейін, 60-шы жылдардың ортасында өндірушілердің ұзартылған пайдасының едәуір құлдырауы және оның тарылу кезеңі байқалды.
70-шы жылдардың басында бизнес-логистиканың негізгі принциптері құрылды және көптеген батыс фирмалары оларды практикада табысты қолдана бастады. Бірақ пайданы өсіруге қызығушылық білдірген көптеген фирмалар үшін шығындарды азайту және бақылауға қатысты логистикалық әдіс айқын болмады. Қосымша қиындықты логистикалық шығындардың құраушыларын бөлуге және бақылауға ыңғайланбаған бухгалтерлік есеп жүйелері және фирмалардың логистикалық белсенділігінің қаржы нәтижелерін бағалау жүйелері тудырды.
80-90 жж. кезеңін логистика бойынша ең белгілі ғалымдар мен мамандарының бірі, АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры Дональд Бауэрсонс «логистикалық ренессанс» кезеңі деп атады. Шынында да, осы кезең ішінде логистика теориясы мен практикасы алдыңғы онжылдықта жасалғаннан асып, алға қадам басты.
Қарастырылып отырған тарихи кезеңде логистикалық шарықтау феноменін түсіндіретін әлемдік экономикада маңызды өзгерістер болды. Олардың негізгілері мыналар:
- ақпараттық технологиялардың революциясы және персоналды компьютерлерді енгізу;
- рыноктарды ғаламдастыру;
- экономика инфрақұрылымын мемлекеттік реттеудегі өзгерістер;
- TQM философиясын жан-жақты тарату;
- серіктестіктің және стратегиялық одақтардың өсуі;
- бизнесті ұйымдастырудағы құрылымдық өзгерістер.
90-шы жылдардың басында логистика алдыңғы қатарлы орын алатын халықаралық бағдарламалар мен жобалар белсенді түрде жасалып енгізіле бастады.
Логистика бойынша батыс әдебиеттерін сараптай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: көптеген авторлар бірдей логистикалық қызметтерді баяндай отырып әр түрлі терминдерді қолданады. «Логистика» терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі төменде келтірілген .
Бұл жағдайда көрсетуге болатыны «физикалық бөлу» терминінің қолданылуы, ол Батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және «дистрибьюция» терминінің синонимі болып табылады (Кесте 1) :
Кесте 1.
Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын «логистика» терминінің синонимдері.
Логистиканың негізгі объектісі - ішкi материалды ағымдардың сызбасын, шикізаттың алғашқы көздерінен бастап соңғы тұтынушыға дейін, қарастырып өтейік (Сурет 2) :
Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімнің қозғалысын басқару
Тауар қозғалысын басқару
Шикізат
№ 1 Өндіріс
№ n Өндіріс
Тұтынушы
Сурет 2. Материалды және ақпараттық ағымдар арасындағы байланыс.
Ескерту - [4] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Бұл суреттегі материалдар қозғалысының бүкіл жолын екі үлкен учаскіге бөлуге болады: бірінші учаскіде өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер қозғалады; екіншіде - халық тұтынатын бұйымдар.
Жоғарыда логистиканың пайда болу тарихын зерттеп, оның ғылым ретінде қалыптасу эволюциясын, логистиканың мән-мағынасын жан-жақты қарастырып кеткен болатынмыз. Логистика - жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үрдісі. Логистикалық әдістерді қолдана отырып қандай экономикалық, әлеуметтік, саяси және тағы басқа артықшылықтарға жетуге болатындығын төменде қарастырып өтеміз [4. 21 б. ] .
1. 2 Кәсіпорында логистиканы ұйымдастыру ерекшеліктері
Жалпы логистикалық жүйенің элементтерін макро және микро деңгейде қарастыруға болады. Білікті қызметкер жеке элементтер арасында байланысты қамтамасыз етеді.
Сондықтан макро деңгейде байланыстың негізін келісім -шарт құрайды, ал микро деңгейде элементтер ұйым ішіндегі қарым-қатынасты байланыстырады. Логистикалық жүйе - сол немесе басқа қызметті орындайтын кері байланысы бар адаптивті жүйе. Логистикалық жүйенің мақсаты - тапсырылған орынға, қажетті мөлшерде және қажетті ассортиментте белгіленген шығындар деңгейінде өндірістік немесе жеке қолдануға максимальды мүмкіндік деңгейінде дайындалған тауарлар мен бұйымдарды жеткізіп беру.
Логистикалық жүйелерді макро және микрологистикалық деп бөлінеді. Макрологистикалық жүйе - аймақтың әртүрлі өңірлерінде немесе әртүрлі мемлекеттерде орналасқан әртүрлі ведомствалық сауда және көлік, делдалдық ұйымдарды, өнеркәсіптік ұйымдар мен мекемелерді қамтитын материалды ағымды басқаратын ірі жүйе. Микрологистикалық жүйе - макрологистикалы жүйе құрылымын құрайтын қосалқы жүйе болып табылады. Оларға әртүрлі өндірістік және сауда ұйымдары, аймақтық-өндірістік кешендер жатады. Бұл жүйелер құрамына біртұтас инфрақұрылыммен біріккен технологиялық байланысты өндірістер кіретін өндірісішілік логистикалық жүйелер классы болып табылады. Логистикалық жүйелерді басқару - материалды, қаржылық және ресурстарды тиімсіз жоғалтудың алдын алу мақсатында жеке байланысқан элементтерін бизнестің интеграцияланған процесіне енгізілуіне негізделген.
Логистика концепциясы кәсіпорынның барлық бөлімдерінің бірігіп, келісілген жүйелі түрде жұмыс жасаса ғана іске асады. Материалды ағымның негізгі конструктивті принципі жүйелілікке негізделген. Логистиканың негізгі принциптері:
- бірлескен стратегиямен логистиканы байланыстыру;
- материалды ағымдар қозғалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру;
- оны өңдеуде қазіргі заманғы технология мен керекті мағұлматтармен қамтамассыз ету;
- адамдар ресурстарына тиімді басқаруға талпыну;
- қаржы көрсеткіші жүйесіндегі логистика кірістерін есептеу;
- табысты жоғарылату мақсатында логистикалық қызметтің оңтайлы деңгейін анықтау;
- логистикалық операцияларды рационалды өңдеу;
- логистикалық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау.
Логистиканың негізгі функциялары ретінде мамандар келесілерді ерекшелейді:
- тұтынушыларға қызмет көрсетуде стандарттарға бағыну;
- сатып алуларды басқару;
- көліктеу;
- қорларды басқару;
- тапсырыс беруді басқару;
- өндірістік процедураларды басқару;
- баға түзу;
- физикалық бөлу және т. б.
Логистиканың жақтаушы (қосымша) функциясына әдетте жатады:
- қоймаларда сақтау;
- жүк тасымалдау;
- қорғаныш бума;
- тауардың қайтарылуын қамтамассыз ету;
- сервистік қызмет және артық бөліктермен қамтамассыз ету;
- қайтарылған қалдықтардың жиынтығы;
- ақпараттық-компьютерлік қамсыздандыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz