Терминологияның зерттелуінің бастауы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Жоба авторы: Гиниятова Айшабибі Айдарқызы

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология факультеті

филология: қазақ тілі - 5В020500 мамандығының

ІІ курс студенті

Жобаның тақырыбы : Іс жүргізу және мұрағат ісі

Секциясы: Қазақ тілі

Ғылыми жобаның жетекшісі:

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,

филология факультеті,

қазақ тіл білімі кафедрасының доценті,

ф. ғ. к. Мамаева Гүлнар Бейсенқызы

Нұр-Сұлтан, 2019 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Терминтану термині және дамуы . . . 4

1. 1 Терминологияның зерттелуінің бастауы . . . 6

1. 2 Қазақ терминологиясы . . . 8

1. 3 Терминология қазіргі кездегі жайы

2 Терминология саласының бірі - іс жүргізу терминдері . . . 11

2. 1 Іс жүргізу және мұрағат ісі . . . 12

2. 2. Іс қағаздарын жүргізу тарихы жəне міндеттері . . . 14

2. 3 Іс жүргізу терминдерінің зерттелуі . . . 16

3 Сауалнама нәтижесі . . . 24

Қорытынды . . . 30

Пайдаланған әдебиеттер . . . 30

Кіріспе

Адам қызметінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та сол салалардың əрқайсысының өзіне тəн ұғымдар жүйесі болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары да ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіп тұруы қажет. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың əрбірі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді. Мұндай қажеттіліктерді өтеп, термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мəселелері болып отыр. Бұл тəрізді ауқымды да күрделі мəселелердің шешімін табудың оңай емес екендігін уақыттың өзі көрсетуде. Соңғы он шақты жыл көлемінде ғылыми жұртшылық термин мəселесіне айрықша назар аударып, баспасөз беттерінде көпшіліктің жаппай пікір білдіріп жатқандығына қарамастан қазақ терминологиясы өзінің даму бағытын айқындай алмай отыруы - соның көрінісі болып табылады. Сондықтан терминологияның шешімін таба алмай келе жатқан қандай мəселесін болса да жалпы сөз етуден гөрі, ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу арқылы ғана шешуге болады. Ұлт тілінде термин жасап, ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тəсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі көздерді айқындап, олардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы айрықша. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында қазақ лексикасының терминденуі əртүрлі қырларынан қарастырылады. Термин шығармашылығының бұл тəсілі жекелеген еңбектерде ішінара сөз болғанымен қазақ тіл білімінде осы мерзімге дейін арнайы зерттелмей келді. Сол себепті оның көптеген өзіне тəн ерекшеліктерінің анықталмай келуі де табиғи нəрсе. Бұл еңбекте терминдену тəсілінің түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары, сөздердің терминдену жолдары, тілдің жалпы лексикалық жүйесі мен терминологиялық лексикасы арасындағы байланыс, қазақ тіліндегі терминденуші лексика көздері, олардың терминологиялық қордың жасалуына қатысы жəне қазақ лексикасы терминденуінің кезеңдік сипаты сөз болады

Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. О ның осы даму тарихын, терминтанудың ғылым ретінде қалыптасу жолын, ұлттық терминдер қорын жасауда ұстанатын бағыт-бағдар, ұстанымқағидаттарды анықтау, терминологияның өзге де көптеген ғылыми-теориялық, практикалық мəселелерін жан-жақты зерттеу өте маңызды. Бұл қатарға термин сөз бен терминдер жүйесінің лингвистикалық табиғатын, əр саланың ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін, терминологияны біріздендіру, реттеу, стандарттау сынды терминологиялық жұмыстарды жоғары кəсіби деңгейде жүргізудің ғылыми негізі мен əдістемесін жетілдіру де кіреді. Осы аталған бағыттағы жұмыстардың бірқатары сонау ХХ ғасырдың басынан, қазақ тіл білімінің аса көрнекті өкілі, ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары еңбек еткен кезеңнен бері түрлі деңгейде жүргізіліп келеді. 60-70 жыл мерзімді қамтитын кеңестік дəуірдегі қазақ терминологиясының дамуы сол заманның, уақытының талабына сəйкес өзіндік сипатқа ие болды. Егемен ел болып, тəуелсіздігімізді жариялағаннан бергі терминологияның жаңа бағытта дами бастағанына да ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті.

Кейінгі жылдары қоғамымызда болып жатқан мəдени, саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты біраз өзгерістерге ұшырап, қайта қарауды қажет ететін маңызды мəселелердің біріне тіліміздегі пəн атаулары (терминдер) жатады. Cондықтан терминология мəселесіне, оның ішінде салалық терминдерге аса көп көңіл бөлініп, жан-жақты зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Ғасыр тоғысында басталған қоғам дамуының жаңа кезеңінде халық тұрмысына, ғылымға сапалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда болып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары кеңейді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туды. Осындай жолмен пайда болатын, қоғамдағы өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі - іс жүргізу терминдері.

1 Терминтану термині және дамуы

Терминдер негізінен белгілі бір ұлт тілі негізінде жасалады немесе өзге тілдерден дайын қалпында қабылданады. Ұлт тілінде жасалған терминдер де жалпы қолданыстағы сөздер сияқты сол тілдің сөзжасам тəсілдері арқылы туындайды. Термин шығармашылығының біз қарастырғалы отырған тəсілі - семантикалық (мəністік) тəсіл болып табылады. Алайда тілшіғалымдар терминологиядағы семантикалық тəсілдің жалпы əдеби тілдегі семантикалық тəсілден елеулі өзгешеліктері бар екендігін көрсетіп жүр. Мəселен, В. В. Виноградов термин жасаудың семантикалық тəсілінің жалпы əдеби тілдегі семантикалық тəсілден айырмашылығы - жалпы əдеби тілде сөздің семантикалық тұрғыдан өзгеріске ұшырауы терминологиядағыдай емес, ұзақ эволюциялық процесс екенін айтса, В. П. Даниленко осы пікірді қолдап терминологияда тілде бұрыннан бар сөздің семантикалық тұрғыдан өзгеріске ұшырап, жаңа мағынаға бейімделуі үшін ұзақ мерзімнің қажет емес екендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ, соңғы аталған автор «жалпы əдеби тілде бұрыннан бар сөздердің семантикалық тəсіл арқылы мағыналық тұрғыдан кайта жаңғыруын, яғни, семантикалық тəсілді сөзжасамның тұрақты жəне өнімді тəсілі деп тануға болмайды. Тек жаңа дербес мағынаға ие болған жекелеген сөздер туралы ғана айтуға болады. Ал ғылым тілінде семантикалық тəсілдің орны айрықша. Бұл тəсілдің көмегімен жаңа терминдерге деген барлық сұраныстар өтеліп отырады», -дейді. Терминологияда бұл тəсіл түрліше аталып жүр. Түрколог-ғалым К. Мұсаев терминжасамның бұл өнімді тəсілі - халықтық лексиканың терминденуі (терминологизация народной лексики), лексика-семантикалық тəсіл, жалпы қолданыстағы сөздердің терминге айналуы, жалпы əдеби тілдегі сөздердің терминденуі, сөз мағынасының алмасуы, жалпы қолданыстағы сөздерге жаңа арнаулы мағына жүктеу, тілдегі сөздерді терминдік мағынада қолдану, байырғы сөздерді терминологиялық мағынада жұмсау, сөз мағынасын өзгерту - деп аталып жүргендігін айтады. Дəл осындай пікірді Ө. Айтбайұлының еңбектерінен де кездестіреміз.

Соңғы жылдары жарық көрген Иванов В. В., Фролова О. П., Пюрбеев Г. Ц., Суперанская А. В. жəне т. б. ғалымдардың еңбектерінде терминжасамның бұл тəсілі көбінесе терминологизация терминімен аталып жүр. Біздегі лингвистикалық сөздіктер мен ғылыми əдебиеттердің көпшілігінде бұл термин ұшыраспайды. Ө. Айтбайұлының еңбектерінде терминжасамның сөз болып отырған тəсілі жоғарыда аталған терминдермен жəне мəністік тəсіл, терминдендіру, терминдену деп аталады. Бұл аталғандардың ішінен біз ең соңғы «терминдену» терминіне тоқталдық. Себебі, жоғарыда аталған терминдердің көпшілігі терминге қойылатын талаптарға сай емес немесе терминдік ұғымды дəл бере алмайды. Мəселен, жалпы қолданыстағы сөздің терминге айналуы, жалпы қолданыстағы сөздерге жаңа арнаулы мағына жүктеу, жалпы əдеби тілдегі сөздердің терминденуі, байырғы сөздерді терминологиялық мағынада жұмсау, тілдегі сөздерді терминологиялық мағынада қолдану, халықтық лексиканың терминденуі, сөз мағынасын өзгерту терминдері - біріншіден тым шұбалаңқы, қолдануға қолайсыз, екіншіден, олардың ұғым атауы болудан гөрі сипаттық мəні басым, үшіншіден, ғылыми ұғымның өзіне ғана тəн ең маңызды белгілері қамтылмаған. Айталық тек жалпы қолданыстағы немесе байырғы сөздер ғана термин ретінде қолданылмайды. Диалектизмдер, көнерген сөздер, кірме сөздер, қарапайым сөздер де, немесе белгілі бір арнаулы саладағы термин дайын қалпында өзге салаға көшірілу арқылы да термин жасалады. Сондықтан да бұл атаулар ұғымды дəл беріп тұр деп айту қиын. Ал семантикалық жəне лексика-семантикалық тəсіл дегенге келсек, жалпы тілдегі семантикалық тəсіл мен терминологиядағы семантикалық тəсілдің елеулі айырмашылықтары болумен қатар, бұл терминдер мағынасының қамтитын аймағы, яғни терминнің экстенциясы мейлінше кең. Ұғым дəл берілуі үшін оның өзіндік ерекшелігін, басты белгілерін көрсететін атау қажет. Сонда ұғым атауы сол ұғым туралы көп мəлімет береді əрі оны өзге іргелес ұғымдардан ажыратып тұрады. Осы тұрғыдан қарағанда терминдену терминінің бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, жоғарыдағы аталған терминдермен салыстырғанда ықшамды, екіншіден, термин шығармашылығының сөз болып отырған тəсілінің өзіне ғана тəн басты ерекшелігін көрсете алады. Терминологиядағы семантикалық тəсілдің жалпы тілдегіден тағы бір басты айырмашылығы - жалпы əдеби тілде сөз мағынасының алмасуы арқылы жаңа сөздің жасалуы жалпы лексикалық өріс ішінде, яғни, тілдің үлкен жүйесінің шеңберінде болып жататын процесс болса, терминологияда бұл процесс тілдің екі жүйесінің арасында немесе терминологиялық өрістер арасында жүріп жатады. Бұрын терминологиялық мағынада жұмсалмаған жалпы қолданыстағы болмаса диалекті сөз белгілі бір терминологиялық жүйеден орын алып, Реформатскийше айтқанда, сол жүйенің мүшесіне айналады. Яғни термин емес сөз термин қатарына өтеді де, егер ол термин болса, онда ол өзге бір саланың терминіне айналып, екінші рет терминологиялық мағынаны иеленеді. Сондықтан да термин шығармашылығының бұл тəсілін терминдену (терминологизация) деп атасақ қарастырылып отырған терминжасам тəсілінің өзіне тəн басты ерекшелігін көрсете аламыз. Атау терминделуші ұғымды дəл береді. Терминденуші сөз тек жалпы қолданыстағы сөз болуы шарт емес, ол диалектизм де, кəсіби сөз де, архаизм де болуы мүмкін. Ол сөз белгілі бір арнаулы саланың, терминологиялық жүйенің тұрақты мүшесі болуы арқылы терминге айналады. Сөздің терминдену барысында мағынаның кеңеюі, тарылуы, арнайылануы сияқты түрлі семантикалық процестер болады. Ең бастысы - терминдену барысында сөз мағынасы терминделуші ұғымның негізгі белгілеріне сəйкес нақтыланады. Өйткені ғылыми ұғым, терминологиялық өріс соны талап етеді. Сонымен, бұл жерде термин шығармашылығының тəсілін қалай атау қажеттігі жайында ғана сөз болды. Ал бұл тəсілдің түрлі мəселелері осы еңбектің келесі бөлімдерінде арнайы қарастырылады.

1. 1 Терминологияның зерттелуінің бастауы

Терминологияның дамуы мен қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оны ғылым мен техниканың өркендеуінен қоғам өмірінде болып жататын саясиэкономикалық, рухани-мəдени, тарихи-əлеуметтік өзгерістерден мүлде бөліп алып қарауға болмайды. Орыстың физикалық терминологиясының қалыптасуын зерттеген ғалым Л. Кутинаның: «В истории терминов и терминологий отражается много разнообразных зависимостей и планов: развитие научной мысли, смены научных воззренин, связь и дифференциация научных дисциплин, культурные связи, степень и особенности развития языка, состояние лексической и стилистической системы языка», - деуі өте орынды. Ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуына əртүрлі тілдік жəне тілден тыс факторлар əсер етеді. Қазақтың ғылыми терминологиясының даму тарихына үңілер болсақ, оның қалыптасуына қоғам өмірінде болған өзгерістердің айқын із қалдырғанын көруге болады. Жалпы терминологиялық лексика қорының жасалуы - ғылым мен техника салаларының игерілуіне, дамуына тікелей тəуелді. Сондықтан қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуын Қазақстан ғылымының даму тарихынан бөліп қарау мүмкін де емес. Соған сəйкес біз қазақ лексикасының терминденуін кезеңдік тұрғыдан сипаттауда (V тарауда) осы шындыққа табан тіреуімізге тура келді. Сонымен бірге терминологиялық жұмыстың жүргізілуіне тікелей əсері болған тілдік жəне тілден тыс факторларды ескерусіз қалдырмау жағына да көңіл бөлінді. Жалпы ғылымның, əдебиет пен өнердің, тарих пен мəдениеттің дамуына кешегі кеңестік кезеңде партиялық басшылықтың шектен тыс күшейтілуіне байланысты, дəлірек айтқанда, бұлардың бəріне үлкен саяси мəн беріліп, партияның орынсыз араласуына орай елеулі кемшіліктерге жол берілгендігі жайлы бүгінде əртүрлі саланың мамандары жиі сөз етіп, дəлелді деректер келтіріп жүргендігі баршамызға мəлім. Ұлт тілдерінде ғылыми терминологияны қалыптастыруға да орталық айрықша мəн беріп, үлкен мемлекеттік маңызы бар іс ретінде қараған. Сол себепті терминологияны қалыптастыру мен дамытудың принциптері де одақтың тіл саясатына сəйкес орталықтың тікелей араласуымен жасалып, олардың басшылыққа алынуы қатаң қадағаланып отырған. Сондықтан қазақ лексикасының терминденуінің кезеңдік сипатын көрсетуде оны ескермеу орынсыз болған болар еді. Сөйтіп, қазақ лексикасының терминденуі бес кезеңге бөлініп қарастырылды. Əрбір кезеңнің өзіне тəн ерекшелігін көрсетіп, олардың əрқайсысына ғылыми тұрғыдан баға беруді мақсат еттік.

Нақты бір ғылым салалары бойынша терминологияның қалыптасуы алғашқы ғылыми еңбектердің, оқулықтардың, терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен, олардың өзге тілдерден аударылуымен тығыз байланысты. Бізде қазақ тілінде жазылған ондай еңбектердің жарық көруі аяқталған ғасырдың бірінші онжылдығынан басталады. Яғни, бұл дегеніміз, қазіргі қазақтың ғылыми терминологиясының тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастауы да дəл осы кезеңмен байланысты деген сөз. Бұл істің басында кімдер тұрды дегенге келер болсақ, осы кезеңде қазақ тілінде алғашқы оқулықтар, оқу құралдары мен түрлі деңгейдегі ғылыми жəне ғылыми-көпшілік еңбектер жазған А. Байтұрсынұлы, Е. Омарұлы, X. Досмұхамедұлы, М. Əуезов, Ж. Күдерин, С. Қожанұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы, Н. Төреқұлұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Ғ. Қараш, К. Жəленов, Т. Шонанұлы сияқты қазақ зиялыларының есімдері аталуға тиіс. Осы аталған авторлардың əрқайсысының қазақтың ғылым тілінің, салалық терминологияның қалыптасуына өзіндік үлестерін қосқандығы дау тудырмайды. Оған аттары аталған зиялылардың қазақ тілінде жазған еңбектерінде кездесетін ғылыми атаулар куə бола алады. Соған қарамастан, олардың арасынан А. Байтұрсынұлының есімін ерекше атаған орынды. Кезінде М. Əуезов, Е. Омарұлы, С. Сəдуақасұлы, М. Дулатұлы, С. Сейфуллин, Т. Шонанұлы сияқты қазақ зиялылары негізін қалаған Ахметтану ілімі араға алпыс жылдан астам уақыт салып барып жалғасын тауып отыр. А. Байтұрсынұлы ақталғаннан бергі он бес-жиырма жыл уақыт ішінде ұлы тұлғаның соңына қалдырған еңбектері əртүрлі қырынан зерттеле бастады. Қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуы жайлы сөз болған жерде Ахмет Байтұрсынұлының есімін атамай өту мүмкін емес. Сондықтан XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ лексикасының терминденуі жөнінде сөз болған тұста А. Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастырудағы рөлі туралы арнайы сөз болады. Терминология саласы бойынша осы мерзімге дейінгі жарық көрген еңбектерде терминологияның қалыптасуын кезеңге бөлу бірізді емес. Біздің кезеңдестіруіміз де олармен толық сəйкес келе бермейді.

1. 2 Қазақ терминологиясы

Қазақ терминологиясының ғылым ретінде дамуымен, терминология, термин мəселелерінің зерттелуімен тікелей байланысты. 20-30 жылдардағы қазақ зиялыларының еңбектерін айтпағанда, соңғы 15-20 жылдың ішінде де термин, терминология мәселелеріне арналған біршама ғылыми еңбектердің жарық көргені белгілі. Олардың қатарына Ә. Қайдаров, Ө. Айтбаев, Ә. Әбдірахманов, Б. Қалиев, Ш. Біләлов сияқты ғалымдардың авторлығымен жарық
көрген кітаптар мен ғылыми мақалаларды жатқызуға болады. Сондай-ақ, соңғы
жылдары баспасөз беттерінде тілші ғалымдар мен әртүрлі салалардың мамандары
қазіргі терминология туралы пікірлерін үздіксіз жариялап келеді. Соған
қарамастан қазақ терминологиясы өзінің даму бағытын айқындай алмай, яғни
дағдарыстан шыға алмай отыр. Оның себебі - жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін түгел қосып есептеген күннің өзінде де терминология өте аз зерттелген сала болып табылады. Кезек күттірмей шешілуге тиісті мәселенің бірі - қазақ
терминологиясының қалыптасу мен дамуының ғылыми принциптерін белгілеу.
Академик Ә. Қайдаров дер кезінде бастаған бұл жұмыс қазір жасалуда.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының терминология бөлімі ғылыми
принциптерді арнайы зерттеу үстінде. Егер зерттеу жұмысы нәтижелі аяқталып
жатса, терминологияның даму бағытын айқындаудың ғылыми негізі қаланбақ.
Мемлекетіміздің егемендік жолмен дамуының алғашқы жолдары, өтпелі
кезеңнің қандай да болсын қиыншылықтарын басымыздан кешіре тұрсақ та,
біздің халқымыздың, қоғамымыздың, саяси күштеріміздің бойынан жас
мемлекетіміздің нығайту, экономиканы реформалау, құқықтық - демократиялық
қоғам орнату, рухани бірлік пен ұлтаралық келісім ахуалын қалыптастыру
жөніндегі ұлан-асыр жұмыстарды батыл бастауға ерік-жігер мен ақыл-парасат
жеткілікті екенін өмір көрсетіп отыр. Қазіргі таңда нарықтық экономика
республика азаматтарының күн көрісіне ғана араласып қоймай, олардың мінез-
құлқына, бір-бірімен болған қарым-қатынасына әсер етуі сөзсіз. Еліміздің
нарықтық экономикаға көшу негізінде дүниеге көптеген жаңа сөздер жаңа
терминдер келген болатын. Әсіресе, қаржы-қаражат саласындағы терминдер өз
өміршеңдігімен көзге түсуде. Ең алдымен термин және оның аударылу
мәселесіне тоқталып кетейік. Терминді зерттеуде және оның қоғам үшін мәні
мен маңызын анықтауда А. А. Реформаторский, В. В. Виноградовтың,
О. С. Ахманованың, И. Ф. Протченконың, Р. А. Будаговтың, В. И. Сифоровтың,
К. А. Мусаевтың, В. П. Даниленконың, А. В. Сперанскаяның, т. б. зерттеушілердің
ролі зор. Бұл жөнінде қазақ түрколог - тілшілері: А. Байтұрсынұлы,
Қ. Жұбанов, Н. Т. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдаров, М. Балақаев,
Ш. Сарыбасов, Ә. Абдірахманов, Р. Өркенова, С. Исаев, Ө. Айтбаев біраз әңгіме
қозғап, терминологияның дамуына зор үлес қосқандарын атап кетуге болады.
«Термин» деген ұғымның өз басына келсек, күні бүгінге дейін бұл жайлы
бірыңғай пікір қалыптаса алмай келеді. Кез келген ғылым саласында жаңа ұғым
пайда болған сайын жаңа термин дүниеге келеді. Ол термин сол ғылым
саласындағы ұғымдар жүйесінен тиісті орын алып, терминологияның мүшесі
ретінде орнығады. Терминдер саны ұлғайып, ғылым дамыған сайын
терминологиялық өріс кеңейе түседі. Термин мәселесімен тікелей айналысқан
қазақ ғалымы белгілі лингвист Қ. Жұбанов бұған мынандай анықтама береді:
«Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, о сөздерді
әлгіндегідей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса, міне
осы екеуі келіп отырады; сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен
күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да
мүмкін». Профессор Қ. Жұбанов терминнің өзіндік өзгешелік сипатын дұрыс
түсінбеушіліктен кеткен қателерге назар аударады.
Академик І. Кеңесбаев пен профессор Т. Жанұзақовта терминнің о баста
латын тілінің «шек», «шекара» деген сөздерден пайда болғанын айта келіп:
«Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына
байланысты қолданылатын, тиянақты, тұжырымды ұғымды білдіретін сөздер мен
сөз тіркестері, атау сөз», - деп түйін жасайды.
Геккель термин болмысына берген пікіріне «Термин - заттардың
болмысының мәнін айқындаушы» десе, белгілі бір тіл маманы
А. А. Реформаторский термин мен терминология ұғымының мәнін ашуға тырысады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалым аты біліммен, тіл біліміне сіңірген еңбегімен өлшенбек
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Термин сөздер және олардың қалыптасу жолдары
Қазақ термин жасамының тарих даму кезеңдері
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Қазақ терминологиясы қалыптасуының кезеңдік сипаты
Алаяқтық қылмысын тергеу ерекшеліктерінің кейбір мәселелері
Терминология және медициналық терминдер
Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz