Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. ТМД Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы.
1.2 Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мен, Дәуірбай Динара Қанатқызы Кеден ісі мамандығы бойыншы ЮМ-18-4К
тобының студенті, 2019 жылғы мамырдың 27-31 аралығында оқу практикасынан
өттім.
Университеттегі практика жетекшісі: Бердекова Р.М.
Практика аясында ТМД Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар
номенклатурасы тақырыбында реферат толтырдым. Реферат жазу барысында маған
және менің болашақ жұмысыма пайдасы көп мәліметтер жинақтадым. Өзім үшін
көптеген пайдалы жұмыстарды үйрендім.
Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден және сыртқа
шығарудан тұратын елдер арасындағы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін
болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын
дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де
экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін
анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының
жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы, сауда саясаты біл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден
қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды
құру, сондай – ақ елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі
саясатты айтамыз.
Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу
тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын
оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде
бағытталған іс-әрекеті.
Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:
- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);
- шетел тнвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу
саласындағы саясат;
- валюталық саясат.
Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық
теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байлнысқан.
Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені
белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты
келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу
(Қазақстан,Өзбекстан,Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның
еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал
етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына
мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен
ұйымдастыру жұмысатарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек
күттірмейтін мәселелерді.
Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелрін жүйелеу мақсатында
Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Премьер Министрдің №238
қаулысы байынша) барлық министрліктер мен ведомстваларға, облыс басшыларына
өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет
қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статискасының біріңғай
әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын
тауарлар сыртқы экономикалық қатынастардың тауарлық номенклатурасы арқылы
тауар кодтарының сәйкесінше өткізіледі.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы дегеніміз –
сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында тауарлардың
жүйелік тізімі, бұған тауарлардың толық атауы, қажеттілігі және өлшем
бірлігі берілетін кодтар кіреді.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – цифрлық белгі
немесе цифрлық белгілер тобы (кодтары) түріндегі тауар топтарын,
позицияларын, кіші субпозицияларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің
кез-келген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай – ақ сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелері
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып
табылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және
тарифтік емес реттеу Қазақстан Республикасының кедендік статискасын жүргізу
үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының
қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттаумен кодтаудың үйлестірген
жүйесіне және ТМД-ның Сыртқы экономикалық қызметінің біріңғай тауар
номенклатурасына сәйкес келеді.
ЕурАзЭҚ елдерінің сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасы ТМД
елдерінің тауарлық номенклатурасының негізінде құрылған. Ал ТМД елдерінің
сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы Гармониялық жүйенің
негізінде құрылған. Гармониялық жүйе туралы халықаралық конвенцияға 1988
жылы 1 қаңтарында қол қою күшіне енген бұл құжатқа қосымша болып
гармониялық жүйенің номенклатурасы болып табылады. Сыртқы экономикалық
қызметтің тауарлық номенклатурасы Сыртқы экономикалық қызметті мемлекетті
реттеу үшін статистика ақпаратты жинау үшін қолданылады. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар
декларациялау мемлекеттік маңызы бар тауарлардың экспортын және импортын
бейтарифтік реттеу шараларын қолдану.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі өкілетті орган сыртқы экономикалық
қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді жүзеге асырады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі өкілетті орган:
1. Халықаралық ұйымдарда халықаралық негізді әзірлеу , өзгерту, толықтыру,
түсіндіру және қолдану бөлігінде Қазақстандық тараптан өкілдік етеді.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы халықаралық негізінің
өзгерістерімен толықтыруларын, бұл негізді түсіндіру жөніндегі халықаралық
анықтаулар мен шешімдерді қадағалауды қамтамасыз етеді.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық
негізіне сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
енгізеді, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп сыртқы экономикалық
қызметтің тауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы
ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді.
3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының эталон данасын
әзірлейді және оны сайма-сай қалыпта ұстап отырады. Сыртқы экономикалық
қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелермен халықаралық
негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді.
4. Жекелеген тауарларды жіктеу бойынша орындау үшін міндетті шешімдерді
әзірлейді, бекітеді және жариялауды қамтамасыз етеді. Сыртқы экономикалық
қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуге қажетті өзге де функцияларды
жүзеге асырады.
Сыртқы экономикалық қызметтің Тауарлық номенклатурасында тауарларды
жіктеу, тауарларды декларациялау кезінде декларант олардың Сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген
жағдайда кеден органы мұндай тауарды өз бетінше жіктеуге құқылы.
Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдер міндетті
болып табылады. Кеден органдарының шешімдеріне кедендік кодексте
белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Тауарларды жіктеу кезінде кеден
органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасына сәйкес қолданылады. Тауарларға ілеспе құжаттарда
көрсетілген мәліметтер, сондай –ақ сараптама ұйымдары беретін қортындылар,
анықтамалар, сараптама актілері көмекші сипаттама болады және тұлғаларды
жіктеу кезінде назарға алынады. Тұлғаның сұрату бойынша кеден органы осы
бөлімге сәйкес тауарлардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім қабылдайды.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары Қазақстан
Республикасының Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын тауарларды
топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.
39-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің
бірыңғай тауар номенклатурасы және оны жүргізу.
1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің
бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – Сыртқы экономикалық қызметтің
тауар номенклатурасы) кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету
баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын
қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсаттарында тауарларды сыныптау
үшін пайданалылатын, тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі болып
табылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тауарларға салық салу
мақсаттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
өзге заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.
2. Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың
үйлестірілген жүйесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы
экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы Сыртқы экономикалық
қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық негізі болып табылады.
3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Комиссия
бекітеді.
4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына берілетін
түсініктерді Комиссия қабылдайды.
5. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді
Комиссия жүзеге асырады. Осы мақсаттарда Комиссия:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық
негізінің өзгерістеріне, сондай-ақ осы халықаралық негізді түсіндіру
жөніндегі түсініктерге мониторингті;
2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған берілген
түсініктерді оның халықаралық негізіне сәйкес келтіруді;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына және оған берілген
түсініктерге өзгерістер енгізуді;
4) халықаралық негізінің кезекті нұсқасына көшу кезінде Сыртқы экономикалық
қызметтің тауар номенклатурасы кодтарының тауарлық позициялар, қосалқы
позициялар және кіші қосалқы позициялар деңгейінде сәйкес келуі туралы
кестелер түрінде ақпарат жасауды және оны Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберуді;
5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған берілген
түсініктерді дайындауды және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберуді;
6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу үшін қажетті
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
6. Комиссияның Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына
және оған берілген түсініктерге өзгерістер енгізуді қоса алғанда, осы
номенклатураны жүргізу, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Комиссия мен
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік
органдарының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Комиссия айқындайды.
1.2Сыртқы саудадағы тарифтік преференциялар және жеңілдіктер.
Преференцияның жалпы жүйесі – даму және сауда жөніндегі БҰҰ
конференциясында қабылданған дамушы елдерден шығатын тауарлар туралы
жеңілдетілген кеден режимі.
Кедендік төлем бойынша жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдердің босату түріндегі
жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп
түсіндіріледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексінің 330
және 331 баптарында көзделген жағдайларды қоспаларда, дербес сипатта бола
алмайды. ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен кедендік төлемдер
бойынша жеңілдіктер беруге тиым салынған.
ҚР кедендік төлемдер салудан босату кедендік кодексте жазылып
көрсетілген. Кедендік баждарды салудан: жүктерді, багажбен жолаушыларды
тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ
жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті
немесе осы көлік құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу)
үшін шетелден сатып алынған материалдық техникалық жабдықтау заттары, керек
жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа мүліктер босатылады. Ұлттық және
шетел валютасы сондай-ақ олардың ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар
кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек ретінде ҚР кедендік
аумағына әкелінетін немесе ҚР кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін
тауарлардан басқа тауарлар кедендік баждардан босатылады.
ҚР инвистициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж
салудан босатылады. Кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік
режимдер шеңберінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және
ҚР көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын
тауарлар, ҚР салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер
үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдары желісі бойынша берілген гранттар
қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар кедендік баждан босатылады. Жалпы
преференциялық баж салығы – шеттен әкелінетін тауарлардың барлық немесе
жеке топтарын әкелу кезінде бір немесе бірнеше мемлекетке ерекше қолайлы
жағдай жасау үшін мемлекет белгілейтін артықшылығы бар баж салығы.
Преференция ұғымы бұл негізінен – артықшылық, жеңілдік, мәселен, елдер
арасындағы сауданы кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілетін
сауда жеңілдігі. Ал тарифтік преференциялар бұлар: Қазақстан Республикасы
мемлекеттерге кеденді баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе
тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында
беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар
тарифтік преференциялар деп айтылады.
Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімі
бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және ҚР мен
кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын
тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге ҚР кедендік аумағынан
әкетілетін және ҚР шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.
Қазақстанның кедендік аумағына әкелінетін және ҚР ұлттық преференциялар
жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарлырға
төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттермен
тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету
деңгейін ҚР Үкіметі айқындайды. Осы кедендік тарифтік преференциялар Кеден
кодексінің 7-тарауында яғни тауарлардың шығарылған елін анықтаудағы
көзделген шарттарды сақтаған жағдайда беріледі.
Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:
1) кедендік баж;
2) кедендік алымдар;
3) алымдар;
4) алдын ала шешім үшін төлемақы.
Төлеушілер, кедендік төлемдерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz