Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Ақтөбе облысы жасөспірімдердің физикалық дамуы мен денсаулығын арттырудың мәселесі қандай?

МАЗМҰНДАМА

КІРІСПЕ 3
Зерттеу жұмысының өзектілігі 3
Зерттеу жұмысының мақсаты 3
Зерттеу жұмысының міндеттері 4
Зерттеу жұмысының сұрақтары 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 4
Кілт сөздер 4
Зерттеу мәселесіне әдеби шолу және болжам 4
Зерттеу әдістері 6
Зерттеу қорытындылары 7
Сауалнама қорытындылары 7
Сұхбат қорытындылары 8
Зерттеу қорытындыларына талдау 9
Бағалау 9
Қазақстанның облыстық орталықтарындағы денсаулық сақтау шараларына баға беру 9
SWOT талдаудың қорытындысы 11
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13
ҚОСЫМША 14

КІРІСПЕ
"Қазақстан 2050" стратегиясында " Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі" деп жазылған.(1) Жеке азаматтың денсаулығы, бүкіл ұлттың денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, тек сол азаматтың өмірінің толыққандылығын қамтамасыз етіп ғана қоймай, оның мүмкіндіктері мен өнімділігін анықтаушы факторға да айналады. Ал ұлт денсаулығы, өз ретінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және өнеркәсіптік дамуына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде Қазақстанда денсаулықты жақсарту шаралары іске асырылып, елеулі жетістіктерге жетті. Бірақ та, әлі денсаулыққа, әсіресе жастардың денсаулығына қатысты бірнеше мәселелер орын алады.
Менің ойымша, медицина мен денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары үздіксіз жаңғыртылуы керек және әрбір аймақтың өзіндік дербес даму моделі жасап шығарылуы тиіс.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Статистика комитетінің мəліметінше, қазір елімізде 3 900 834 жастар бар және олар бүкіл халықтың 27,4%-ін, яғни, басқа жас аралықтарымен салыстырғанда, ең басым бөлігін құрайды.[4] Осыдан қазіргі Қазақстанның тұрақты дамуы жастардың денсаулығына тікелей байланысты десе болады, себебі жастар - ұлттың репродуктивті, интеллектуалды, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени резерві. [3] Соған қоса, жастар қоршаған ортаның әсеріне сезімтал болғандықтан, олардың физикалық дамуы мен денсаулығына ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Ақтөбе облысының ауыру жиілігі Қазақстаның аудандарымен салыстырмалы түрде орташа деңгейде және ресми статистикалық мәлімет бойынша, Астана мен Алматы қалаларымен салыстырғанда төмен болса да, жастардың өлім деңгейі мен аурудың кейбір түрлеріне шалдығу жиілігі осы қалалардағы көрсеткіштерден жоғары. Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы мәліметі бойынша,100 мың адамға шаққанда Ақтөбеде 44 256, Алматыда 71 452, ал Атырауда 32 350 ауру тіркелді. [3][10] Ақтөбе қаласы мұнай-газ және хром өнеркәсіптері жедел дамып жатқан аймақ болғандықтан, Ақтөбенің қоршаған ортасы мен тұрғындардың денсаулығының сақталуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы кезге дейін, Ақтөбе облысының тұрғындары, соның ішінде жастарының денсаулық көрсеткіштері толық зерттелмеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері
Ақтөбе жастарының денсаулық деңгейінің көрсеткіштерін, өмір салтын зерттеп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырмалы түрде анықтау және негізгі мәселелерін белгілеу
Жастардың денсаулығының нашарлау себептерін анықтау және оларды төмендету жолдарын ұсыну
Мәселелерді шешу ұшін жүргізіліп жатқан шаралар мен олардың нәтижелерін сипаттап, баға беру
Зерттеу жұмысының сұрақтары:
1. Денсаулық сақтауды жақсарту үшін Қазақстан қандай бағдарламаларды жүзеге асыруда және олар жетістікке жетті ме?
2. Ақтөбе облысының жастарының денсаулығына қатысты қандай мәселелер бар?
3. Осы мәселелерді қалай шешуге болады?
4. Ірі мегаполистер мен перифириялық қалаларда жастардың денсаулығын дамыту жоспарлары әр түрлі болуы тиіс пе?
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кілт сөздер:
Қазақстан жастары, физикалық даму, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан жастары - 14 пен 29 жас аралығындағы ҚР ның азаматтары [3] [6]

Физикалық даму - адам ағзасының пішіні мен функцияларының табиғи өсудің әсерінен өзгеріске ұшырауы. Физикалық даму ұғымына адамның бойы, салмағы, дене бітімі сияқты көрсеткіштерден басқа, тағы жүгіру, секіру сияқты қимыл сапасы және игерілуі кіреді. [7]

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай - белгiлi бiр уақытта белгiлi бiр аумақтағы халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйi.[17]
Зерттеу мәселесіне әдеби шолу және болжам:
Қазақстан халқының денсаулығының жағдайы
Қазіргі кезде Қазақстанның денсаулық сақтау саласында елеулі жетістіктер де, кемшіліктер де орын алады. Кемшіліктерінен бастайтын болсақ, елімізде ауруға шылдығу деңгейі жоғарлауда және жастар арасындағы өлім деңгейі салыстырмалы түрде жоғары орналасқан. 2016 жылғы ДСҰ ның мәліметіне сүйенсек, Қазақстан тұрғындарының ауыру жиілігі 2015 жылмен салыстырғанда 11,6%-ға өсіп, әрбір ауданда артқаны көрінеді . Ал 2009 жылғы ДСҰ ның мәліметі бойынша, Қазақстан 15-19 жастағы жасөспірімдердің өлім деңгейі бойынша ДСҰ-ның Еуропалық аумағында 24 мемлекеттің ішінен 2-ші орында орналасқан еді. [3] Балалардың да, жалпы халықтың да сырқаттану көрсеткіштері 2011 мен 2014 жылдардың арасында төмендесе, 2015 жылдан бастап қайта жоғарлап келе жатыр.
Бірақ та, ауыру жиілігі артқанымен, Қазақстан барлық облыстарда өлім дәрежесін азайтуға қол жеткізді. Сонымен қатар, өмір сапасының жақсаруы мен денсаулық орташа өмір ұзақтығы ұлғаюда. Мемлекеттің жүзеге асырған денсаулық сақтау шаралары мен Саламатты Қазақстан, Халық денсаулығы, Денсаулық сияқты бағдарламалардың нәтижесінде өлім көрсеткіші, оның ішінде жастар өлімінің көрсеткішінің азаюына үлесін қосты: 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өлім дәрежесі 2,6% ға төмендеп, орташа өмір ұзақтығы 72 ден 72,4 ке өсті. [8] Қазақстанның әр түрлі аудандарында осы көрсеткіштер өзгешеленеді: Алматы қаласында жастардың өлім деңгейі 67,2 болса, Ақтөбеде бұл индикатор 103 ке тең, ал Шығыс Қазақстанда 126-ны құрайды. [3]

Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту шаралары
Қазақстан егемендік алғаннан кейін, ең алғашқы денсаулық бағдарламасы -Халық денсаулығы 1998 жылдан 2008 жылға дейін енгізілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - халқтың денсаулығының сақталуын қамтамасыз етіп,деңгейін арттыру. Осы бағдарлама өзінің міндеттері ретінде медициналық қызмет көрсетуді қала мен ауылда қолжетімді ету; медицина саласындағы экономикалық және құқықтықіс-шараларды іске асыру; денсаулық сақтау жүйесін заманауи Қазақстанның нарықтық экономикасына бейімдеу; мекемелермен көрсетілген медициналық қызметін қадағалауды анықтады. Соған қоса, Иммунизация, ВИЧ-тің таралуын тоқтату, емдеу-сауықтыру және тууға көмектесу ұйымдарында асептиктер мен антисептиктерді сақтау, бала азығы және т.б. денсаулық бағдарламаларымен қатар, сумен қамту, азық-түліктің сапасын тексеру, экология сияқты салалардағы да мәселелерді шешу үшін шаралар қабылданды. Мысалы 2006 жылы медициналық-санитариялық оңалту кешендері салына басталып, 2007 жылға қарай осындай 57 орталық жұмыс істеді. [9]
Қазақстанның денсаулық сақтау саласына ерекше үлес қосқан бағдарлама - Саламатты Қазақстан бағдарламасы. Ол 2010 жылы жарияланып, 2011-2015 жылдары жүзеге асырылған еді. Осы бағдарламаның мақсаты Қазақстан азаматттарының денсаулығын жақсарту мен мемлекеттің тұрақты әлеуметтік - демграфиялық дамуын қамтамасыз ету болып анықталды және оның аясында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіле бастады. Пациенттердің медициналық қызмет алу орталықтарын таңдау құқықтары пайда болып, конкуренция артты. [12]
Саламатты Қазақстанның нәтижесінде алға қойған 8 мақсат индикаторлардың бәрі жүзеге асырылды, өмір сүру ұзақтығы 8 жылға ұзарып, 71,62 жасты құраған. Қан айналымы жүйесінің ауруларының салдарынан өлім 5 есе, ана өлімі 6,6 есеге, бала өлімі 2,8 есеге, қатерлі ісіктерден өлім 1,5 есеге кеміді. Мысалы 2015 жылы нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 4,16%-ға , 2015 ж. 9,39-дан 2016 ж. 8,6-ға төмендеді.
2015 жылы Саламатты Қазақстан бағдарламасы аяқталғаннан кейін тұрғындардың денсаулығын одан әрі нығайту және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық мемлекеттік бағдарлама ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен бекітілдген еді.
Осы бағдарламаның алға қойған мақсаттарының бірі болып өмір сүру жасының деңгейін 2020 жылға дейін 73,0 жасқа жеткізу болып анықталды.
Жастардың денсаулығына қатер келтіретін қоршаған орта факторлары
Жүргізілген шараларға қарамастан, денсаулық көрсеткіштерінің даму деңгейлері мемлекеттің аудандарында әр түрлі өзгеретінін байқаймыз және соңғы жылдары ауыршаңдық деңгейінің артуы байқалады. ҚР статистика комитетінің мәліметі бойынша 2016 жылы ауыру жиілігі 8,3%-ға, ал 2017 жылы 1,98%-ға артты. [10]

Егер Қазақстандағы аурыру деңгейінің артуын Ақтөбе облысы мысалында қарастыратын болсақ, осы айырмашылықтың мүмкін себептеріне келесі факторларды жатқызса болады:

Біріншіден, ең елеулі фактор - Қазақстан өндіріс орталықтарының экологиялық жағдайы. Оның ішінде ауа мен судың өнеркәсіптен зиянды қалдықтармен ластануы.
Қазіргі уақытта елімізде 20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы радиоактивті қалдықтар, 6,7 миллионы улы қалдықтар. Өнеркәсіп, өндіріс орындары бар ластанған қалалардың қатарына Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Теміртау сияқты қалалар кіреді. [11]
Ақтөбедегі ең ірі өнеркәсіптердің қатарына Ақтөбе Хром қосындылары зауыты (АЗХС), ферроқорытпа зауыты (АЗФ) және де басқа химия, тағам өндірісі зауыттары жатады. Ілек өзені Алға химиялық зауытынан бормен ластанса, Ақбұлақ АО жылына 10 млн м3 қалдықтарын шығарады. Ал ауа ластануының әсерінен Ақтөбенің индустриялық аумақтарында оттегінің мөлшері 10%-ға дейін төмендеген. [5] Осы эколоиялық қатерлер жастарда әр түрлі аурулардың туындауына себепкер бола алады. Ауаның және судың ауыр металлдармен ластануының әсерінен тұрғындар тыныс алу, асқазан ауруларына шалдығады.
Екінші мәселе - жалпы халықтың және әсіресе жастардың арасындағы енжар өмір салтының қалыптасуы және дұрыс тамақтанбауы. Қүнделікті отырықшы жұмыс пен сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасқан енжар өмір салты гиподинамия, жүрек аурулары, остеохондроз және тағы да басқа көптеген аурулардың атуына әкеледі.
Зерттеу әдістері
Зерттеу жұмысының барысында Ақтөбе және бүкіл Қазақстан жастарының денсаулығы және оған әсер ететін факторлар жайлы мәлімет жеткіліксіз болғандықтан, мен практика жүзінде мәлімет жинауды жөн көрдім. Ақпарат жинақтау үшін мен сапалық та, сандық та әдістерді қолдандым. Соған қоса, жүргізген зерттеу әдістерімді сипаттаушы және барлаушы зерттеу қатарына жатқызуға болады.
Бірінші қолданылған әдіс - сұхбат және ол Ақтөбе қаласы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің (БҚММУ) паталогиялық физиология кафедрасының ассистенті Әлия Қалиевнадан алынды. Бұл сұхбатты сипаттаушы зерттеуге жатқызуға болады және оның себебі - сұхбат менің тақырыбыма байланысты біртұтас түсінік қалыптастыру мен тәжірибелік ақпарат алудығы рөлі. Сұхбаттың мақсаты Ақтөбе қаласынаң жасөспірімдерінің денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы жайлы маманның пікірін білу болып табылады. Мәселені толықтай ашу үшін келесі сұрақтар қойылды:
1. Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласына қатысты қандай мәселелер бар?
2. Қазақстан жастарының денсаулығын қалай бағалайсыз? (физикалық даму, аурулар және т.б.)?
3. Мегаполис (Алматы, Астана, Шымкент) тұрғындарының денсаулығын дамыту бағдарламалары мен облыс орталықтарының бағдарламарыны әртүрлі болуы керек пе?
4. Жыл сайын Қазақстандағы науқастану деңгейі артып келеді. Халықтың ауруға шалдығу деңгейін төмендету үшін мемлекет қандай шаралар қабылдауы мүмкін?
Екінші қолданылған социологиялық зерттеу әдісі - жаппай сауалнамаларды жүргізу. Бұл сауалнамалардың ерекшелігі - 2 сауалнама да бір тақырыпқа, бірдей сұрақтардан құралып, біреуі Ақтөбе, біреуі Алматы қалаларының жастарының арасында жүргізілді. Осы сауалнамаларды бөлек жүргізілу арқылы жастардың денсаулығын, өмір салтын салыстыра отырып, әрбір ортаға тән денсаулық мәселелерін анықтауға және ерекше шешу жолдарын ұсыну мүмкін болады. Сауалнамалардың аудиториясы 13-29 жас аралығындағы жастарды қамтып, келесі сұрақтардан құралған:
1. Сіз өз денсаулығыңызды қалай бағалар едіңіз?
2. Сіздің қалаңыздағы жастардың денсаулығының нашарлауына қандай негізгі себептер бар?
3. Сіз белсенді спортпен аптасына қанша сағат шұғылданасыз?
4. Сіз аптасына қанша уақыт серуендейсізжаяу жүресіз?
5. Қалаңыздағы жасөспірімдердің қозғалыссыз өмір салтының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
6. Жастардың денсаулығын қалай арттыруға болады?
7. Сіз өзіңіздің ауданыңыздың экологиясын қалай бағалар едіңіз?
8. Сіз қаладағы жастардың денсаулықты жақсартудың тағы қандай жолдарын ұсынар едіңіз? 2) Жастар денсаулығының сақтандырылуы мен жастардың әдеттеріне не қосар едіңіз? 3) Айтылмай кеткен мәселелер бар ма?
Екі әдіс те қолжетімді құралдардың көмегімен жүргізілді, оның ішінде сұхбат телефон арқылы алынса, сауалнама онлайн платформада істеліп шығарылды.
Зерттеу қорытындылары
Сауалнама қорытындылары
Жүргізілген зерттеулердің барысында жалпы мөлшерде 60 Ақтөбе және Алматы жастары сұрастырылып, келесі мәліметтер жинақталды:
Біріншіден, екі қала жастарын өз денсаулықтарына баға беруді сұрағанда, екі қаланың ораташа көрсеткіштері жақын болса да, Аламты қаласының жастары денсаулықтарын біраз жоғарырақ бағалады: Алматыда орташа көрсеткіш 7,3710 болса, Ақтөбеде 7,1710.
Жастардың денсаулығы мен физикалық белсенділігін тереңрек зерттеу және денсаулық мәселелерінің себептерін анықтау үшін қойылған Сіз белсенді спортпен аптасына қанша сағат шұғылданасыз? және Сіз аптасына қанша уақыт серуендейсізжаяу жүресіз? сұрақтарының нәтижесінде Ақтөбе облысының тұрғындары физикалық шынығуға көбірек көңіл бөлетіндігі айқындалды: Алматыдағы жауап берушілердің 20%-ы мұлдем белсенді спортпен шұгылданбай, 43%-ы 1 сағатқа дейін спортпен айналысса, Ақтөбеде бұл көрсеткіштер сәйкесінше 19% бен 15%-ға тең. Алматы тұрғындарының 10% ғана аптасына 4-5 сағаттан астам белсенді спортпен айналысса, Ақтөбеде бұл 29,62%-ға тең. Алматы жастары Ақтөбе жасарымен салыстырмалы түрде таза ауада серуендеуге де азырақ уақыт жұмсайтыны көрінеді. Алматы қаласындағы жауап берушілердің 37%-ы , ал Ақтөбе қаласында 28,57%-ы 1 сағаттан аз серуендесе, аптасына 5 сағаттан астам уақытты Ақтөбенің 14,29% -ы мен Алматының 10%-ы бөледі.
Әрбір қаладағы денсаулық мәселелерінің туындау ерекшеліктерін анықтау үшін қойылған Сіздің қалаңыздағы жастардың денсаулығының нашарлауына қандай негізгі себептер бар? сұрағына Алматы жастары бірінші орынға стрессті, ал Ақтөбе жастары енжар өмір салтын қойды. Осы мәселе, яғни енжар өмір салтының қалыптасуына әкелетін себептерді сұрағанда Алматы жауап берушілердің басым бөлігі жастардың спортқа қызығушылығының болмауын (55%), секциялардың қымбаттылығын (52%) атаған. Ақтөбеде барлық жауап нұсқалары шамамен бірдей дауыс жинаған: 29 адамның ішінен 20-сы инфрақұрылымның дамымағандығын, 19-ы секциялардың қымбаттылығын және 17-уі секциялардың жетіспеушілігін, спорт алаңдарының болмауын және қызығушылықтың аз болуын енжар өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
Үйренушілік шығындар принципі
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Аймақтық экономикалық құралдар
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың қағидаттары
Пәндер