Жеткіншектердің эстетикалық талғамы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ:

1 Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамытудың ғылыми теориялық негіздері

1. 1 «Эстетикалық талғам» ұғымына түсінік

3: 9
КІРІСПЕ: 1. 2 Қазақтың қолөнері негізінде жеткіншектердің эстетикалық талғамын дамытудың педагогикалық мүмкіндіктері
3: 21
КІРІСПЕ: 1. 3 Жеткіншектердің әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері
3: 32
КІРІСПЕ:

2 Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамытудың әдістемесі

2. 1 «Өзін-өзі тану» пәні негізінде жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамыту

3: 46
КІРІСПЕ: 2. 2 Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамытудың әдіс-тәсілдері
3: 52
КІРІСПЕ: 2. 3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері
3: 69
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 74
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 76
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
3: 79
КІРІСПЕ:
3:

КІРІСПЕ

Халықтық қол өнері - әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халық өнерінің саркылмай дамуы үшін ол шебер жандардың колында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле беруі тиіс.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», - деп қазіргі кезде ұлттық мәдениетіміз, тарихымыз бен дәстүрлерімізді ұмытпауды баса айтты [1] .

Ал бұл мәселені Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, …әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу . . . », - деп айрықша атап көрсетті [2] . Бұл аталынған педагогикалық шаралар, егеменді Қазақстан мектебінің ұлттық үлгісін жасауға ықпал етті.

Ұлттық мектептің үлгісін жасаудағы қажеттіліктердің маңыздысы - қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың имандылық-эстетикалық тәрбиесінде тиімді пайдалану. Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында: «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуы - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарда, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау», - деп көрсетілген [3] .

Бүгінгі таңда, еліміздің өткен дәуірлердегі рухани-эстетикалық құндылықтарын зерттеу, тану, оның бар мүмкіндіктерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану мәселелеріне байланысты «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламада былай делінген: «Мәдени мұраны, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының тарихымен, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты негізгі ғылыми проблемаларды зерттеу және танымал ету, оның ішінде Орталық Азияның қазақтары мен көшпелі халықтарының көшпелі қоғамның өткен өмірінің бай тарихын зерттеу және танымал ету жөніндегі іс-шаралар іске асырылмақ». Олар ұлттық мәдениетіміздің асыл арналары саналатын халықтық рухани қазыналарын, материалдық мәдени құндылықтарын, мектеп жасынан бастап әр азаматтың шығармашылықпен игеруіне мүмкіндік жасайтын мемлекеттік әрі психологиялық-педагогикалық міндеттерді қамтиды. Сонымен бірге, мектеп оқушыларының өнер пәндері арқылы әсерлі эстетикалық ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуда, ол құндылықтарды тиімді пайдалану талаптарын да алдымызға қояды [4] .

Жас ұрпаққа дәстүрлі ұлттық өнердің қыры мен сырын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы халқымыздың көркемдік мәдени мұрасын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне деген эстетикалық көзқарастарын калыптастыру, қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің барлық саласындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі де, басты міндеттердің бірі болып табылады.

Педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу еңбектерінде баланы түрлі өнерге баулудың, оның өсіп-жетілуінің әр кезеңіне тән психологиялық-педагогикалық ой-пікір мен теориялық тұжырым, әдістемелік тәжірибе жинақталған. Бұлар көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру жүйесін құруға мол мүмкіндік ашатын әдістемелік негіз бола алады.

Жеке тұлғаның рухани-эстетикалық дамуына өнердің ықпалы туралы теориялық мәліметтер кеңестік кезеңде Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, А. В. Бакушинский, С. Т. Шацкий және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Философиялық, өнертану, эстетикалық тәрбие теориясына байланысты ғалымдардың Н. И. Киященко, Н. Л. Лейзеров, Ш. Н. Герман, Б. Т. Лихачев, О. А. Кривцун, А. А. Радугин, В. Скатерщиков т. б. психологиялық-педагогикалық еңбектерінде атап көрсеткен көркемдік, эстетикалық талғамды қалыптастырудың факторлары, құралдары, психологиялық негізі туралы тұжырымдары біздің зерттеуіміз тұрғысынан аса маңызды.

Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. сияқты ағартушылардың еңбектерінен халқымыздың өткендегі өмір-тіршілігі мен қолөнер, рухани мәдениетінің болмысын танып білеміз.

Өнер саласындағы ұлттық рухани құндылықтардың жас ұрпақтың эстетикалық дамуына ықпалы жөнінде ағартушы-педагогтары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. артына мол мұра қалдырды. Олар болашақ ұрпақтың дүниетанымдық, имандылық-эстетикалық, ақыл-ой сияқты қасиеттерін тәрбиелеуде халықтың рухани-материалдық мәдениетінің ықпалын жоғары бағалаған.

Қолөнер құралдары арқылы мектеп оқушыларының эстетикалық дамуын таным мен талғам деңгейіне көтерудің ғылыми-теориялық, әдіснамалық, көркем-эстетикалық тәрбие проблемалары С. А. Ұзақбаева, А. А. Қалыбекова, Ә. О. Қамақ, Е. Асылханов, С. Ә. Жолдасбекова, Б. Байжігітов, Шалғынбаева Қ. Қ., Ф. Н. Жұмабекова, Б. Ж. Жиентаева, С. Әбенбаев, Ш. Ә. Ақбаева, А. Қ. Ералина, Ұ. Есім, Р. А. Дарменова, А. Д. Райымқұлова, Ә. Е. Ботабаева т. б. сияқты педагог ғалымдардың ғылыми-зерттеулері мен еңбектерінде ашып көрсетілген.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде өнер құралдарының негізгі бір саласы - қазақ халқының дәстүрлі сәндік қолөнері. Ол көне заман тарихымен бірге дамып, қалыптасып келе жатқан бай қазына. Бұл өнердің түрлері мен салалары сан-алуан.

Педагогика, этнопедагогика және психология салаларында жарық көрген ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасаған талдаулардан байқайтынымыз біздің зерттеу мәселеміз сипаттас жұмыстардың аз екенін байқадық. Сонымен, бүгінгі таңда мынадай мәселелердің шешімін табу қажеттігі байқалады:

- оқушыларды қазақтың ұлттық өнеріне баулу қажеттігі мен оның практика жүзінде іске толық асырылмауы арасындағы;

- оқушыларды ұлттық өнер түрлеріне баулу үрдісі мен өнердің негізгі атқаратын қызметтік принциптерін ескермеушілік арасындағы;

Бұл атап көрсетілген қайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу тақырыбымызды: « Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамыту» деп алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу мақсаты : Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың ұлттық қолөнері арқылы дамытуды теориялық жағынан негіздеу, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент барысында анықтау.

Зерттеу нысаны: Жеткіншектердің эстетикалық талғамы

Зерттеу пәні : «Өзін-өзі тану» пәні негізінде жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамыту үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер, қазақтың ұлттық қолөнері арқылы жеткіншектерге эстетикалық талғамын дамытатын әдістемелік ұсыныстар жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне, соның ішінде өзін-өзі тану пәніне жүйелі бірізділікте ендірілсе; онда жеткіншектер қазақтың ұлттық қолөнерінен білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, жеткіншектердің эстетикалық талғамын дамытуға негізі болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

1. «Эстетикалық талғам» ұғымының мәні мен мазмұнын анықтау.

2. Қазақ қолөнерінің жеткіншектердің эстетикалық талғамын дамытудағы педагогикалық мүмкіндіктерін айғақтау.

3. Жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін көрсету

4. Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамытудың әдістемелік ұсыныстар жасау, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: қазақтың ұлттық қолөнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық талғамын оқу-тәрбие үдерісінде дамыту, оларды халықтың рухани-материалдық құндылықтарын түсінікпен қабылдауға және күнделікті өмірде пайдалануға бағдарлайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - зерттеу проблемасы бойынша жалпы адамзаттық, ұлттық рухани құндылықтардың диалектикалық бірлікте болуы туралы философиялық, эстетикалық, теориялар мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы, өнерінің заңдылықтары мен атқаратын қызметі туралы өнертану, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми- зерттеу еңбектері.

Зерттеу көздері : «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы, «Мәдени мұра» бағдарламасы; рухани-мәдениет құндылықтары туралы философия, саясаттану, психология, педагогика саласындағы ғылыми еңбектер, ұлттық өнер туралы мәдениеттану, өнертану, эстетикалық еңбектер; қазақ халқының ұлттық өнер үлгілеріне арналған этнографтардың, «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулықтары, т. б.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, әлеуметтану, тарихи-этнографиялық, өнертану, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық әдебиеттерге талдау; қазақ халқының ұлттық қолөнерін зерделеу; бақылау, тест, сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент, нәтижелерді математикалық тұрғыда өңдеу жүргізу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде 2015 жыл зерттеу проблемасы бойынша философиялық, әлеуметтік-педагогикалық, психология-педагогикалық, мәдениеттану, өнертану, педагогикалық, әдебиеттеріне талдау жасалды, проблеманың зерттелу деңгейі анықталды, ғылыми аппарат және эксперимент бағдарламалары айқындалды.

Екінші кезеңде 2016 жыл - деректі материалдар жинау жалғастырылды; тәжірибелік-эксперимент жұмыстары нақтыланып, ғылыми жүйеге келтіріледі. Эксперимент нәтижесінде жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамытудың ұтымды әрі тиімді әдіс-тәсілдері дәлелденді. «Өзін-өзі тану» пәні негізінде жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамыту жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілді. Нақтылы тұжырымдар мен нұсқаулар жасалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

1. «Эстетикалық талғам» ұғымының мәні мен мазмұны анықталды.

2. Қазақ қолөнерінің жеткіншектердің эстетикалық талғамын дамытудағы педагогикалық мүмкіндіктері айғақталды.

3. Жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері көрсетілді.

4. Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамытудың әдістемелік ұсыныстар жасалып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы дамыту зерттеу тәжірибелерінде дайындалып, жұмысымызда ұсынылған «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ үлгілерін мектеп мұғалімдерінің пайдалануына ұсынылды.

Зерттеу базасы: Астана қаласындағы С. Мауленов атындағы № 37 мектеп-лицейде өткізіледі.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. «Эстетикалық талғам» дегеніміз ол жеке адамның табиғат пен қоғамда, ұлттық өнерде, күнделікті өмірдегі түрлі іс-әрекетінде нақтылы құбылыстарды сезіммен қабылдап, бағалауы, яғни оның белсенді түрде өмірдегі әдемілік пен көркемдікті қажет етуі, әсемдікті жасауға өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан ажырата білу қабілеттілігі.

2. Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың ұлттық қолөнері арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын негізделді: бірінші шарт - таныстыратын қазақтың ұлттық қолөнері жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне лайық болуы; екінші шарт - қазақтың ұлттық қолөнерін меңгеруде іс-әрекетті саналы түрде орындауға ықпал ететін оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану; үшінші шарт - қазақтың ұлттық қолөнерінің қарапайым үлгілерден бастап, күрделі үлгілердің көркемдік ерекшеліктерін таныстыруға біртіндеп ауыстыру; төртінші шарт - қазақтың ұлттық қолөнерін жеткіншектерге таныстыруда, оның көркемдік ерекшеліктері болып табылатын идеясын, композициясын, жасалған уақытын, орындалу техникасын, талдау дағдыларына үйрету; бесінші шарт - қазақтың ұлттық қолөнерінің көркемдік ерекшеліктерін бір-бірімен үнемі салыстыра отырып әр үлгінің өзіндік даралығын көрсетуге жеткіншекті бағыттап отыру.

3. Жеткіншектердің эстетикалық талғамын «Өзін-өзі тану» пәні негізінде дамытуды диагностикалауға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, талдауға негізделген педагогикалық әдістемелік ұсыныстар.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі қорытындылардың әдіснамалық және теориялық негізде дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми аппараты мазмұнының сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдалануымен, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысының жоспарлы кезеңдігімен қамтамасыз етілді.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңалығы және теориялық мәні, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалады.

«Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде «эстетикалық талғам» ұғымының мәні ашылды. Қазақ қолөнерінің жеткіншектердің эстетикалық талғамын дамытудағы педагогикалық мүмкіндіктері айғақталып, жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері көрсетілді.

«Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қазақтың қолөнері арқылы қалыптастырудың әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде жеткіншектердің эстетикалық талғамын «Өзін-өзі тану» пәні негізінде дамытуды диагностикалауға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, талдауға негізделген педагогикалық әдістемелік ұсыныстар беріліп, зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері сараланды.

Қорытындыда педагогикалық тәжірибе жұмысының нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Қосымшада диплом жұмысына қатысты материалдар берілген.

1 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Эстетикалық талғам» ұғымына түсінік

Өте ерте кезден-ақ адам баласы ұрпағының бойына сұлулық сезімін егудің тиімді жолдарын табуды арман етті. Сондықтанда, ерте дүниеде өнер жөніндегі тезистер эстетикалық тәрбиенің шарты ретінде ұсынылып отырды. Ғасырлар бойы өңделіп, дамып келе жатқан тәрбиенің бұл саласы адамзаттың жан дүниесінің керемет жоғары сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашты. Ежелде эстетикалық құбылыстарды сипаттау үшін «калокаготия» (грек тілінен аударғанда calos - сұлулық, agathos - нағыз адамгершілік дегенді білдіреді) деген ұғымды ойлап тапқан, ол - сұлулық пен адамгершіліктің бірлігі [5, 22 б. ] . Осыдан адам бойындағы әсемдік пен әдемілік қасиеттер - адамзаттың мәдени тарихында жан-жақты қарастырылып келеді.

«Эстетика» термині гректің «эстезис» - сезімталдық деген сөзінен бастау алған. Бұл сөзді алғаш рет немістің өнертанушы ғалымы Баумгартен ғылыми атау ретінде енгізді. 1750 жылы оның «Эстетика» деген еңбегі жарық көрді. Сол кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Эстетиканың өнертану ғылымдарынан айырмасы: ол өнердің барлық жанрына қатысты жалпы заңдылықтарды зерттейді. Эстетика өнердің барлық түріне байланысты мәселені шешеді [6, 463 б. ] .

Эстетиканың мақсаты адамзат өміріндегі эстетиканың бастамасын, эстетикалық қажеттіліктер мен мұраттарды ұғыну екен. Жеке адамның эстетикалық қажеттіліктері мен мұратқа жетуге ұмтылысы [7, 69 б. ] .

Өркениет өрісінде жеке адам өзін қоршаған ортадан сұлулық іздеп, сезінуге үйренеді. Бұл қабілет эстетикалық сезім деген атауын алады. Ол еңбек үдерісіне байланысты дамиды және кемелденеді. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз табиғатын, әлеуметтік қарым-қатынасын дамытып отырады.

Эстетикалық тәрбие тұлғада әсемдік сезімін қалыптастырады. Адам әсемдікті сезінуден өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылыс жасайды. Эстетикалық тәрбие адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және өнермен тығыз байланысты. Табиғатқа, әдебиетке, театрға, музыкаға, көркем сурет және т. б. өнерге деген сүйіспеншілік адамның жан-жақты саналы дамуына әсер етеді. Адам бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Әсемдік рахаты әрбір адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді. Эстетика ұғымының ең негізгісі - әдемілік, әсемдік категориясы. Әсемдік - бұл өмірдің өзі, табиғат және адам қарым-қатынасы мен еңбегінің жемісі [8, 8 б. ] .

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде маңызы ерекше. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері болады. Олардың бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу болып табылады. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру әрбір адамдарда түрлі болады. Біреулер әдемілікті үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал енді бірі оған онша мән бермейді, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіп, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім мен ой болуы қажет. Білімді, парасатты адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық әр баланың эстетикалық дамуының негізі болады. Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру - эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен жәрдемдесетін білім. Сондықтан бала қолөнер, бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеруі керек. Осыған байланысты ол эстетикалық тұрғыдан терең түсінуге тырысады, пайымдайды және бағалайды.

Эстетикалық тәрбиенің теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, т. б. сияқты өкілдері қатысты.

А. В. Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін ашып, эстетика саласынан өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімнің жансыздығы (сыңаржақтығы) деп есептеген [9] .

Өнер арқылы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісі, кеңестік дәуірдің әрбір даму кезеңіндегі қоғамдық талаптарды іске асырудың саласы ретінде саналды. Осы эстетикалық тәрбие жөнінде алғашқы буын ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектерінде (В. Н. Шацкая, А. И. Буров [10] т. б. ) көрініс тапты.

В. Н. Шацкая «Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні» атты мақаласында «эстетикалық тәрбие дегеніміз - айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелейді…», - десе, А. И. Буров эстетикалық тәрбиеге «әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркемөнерге эстетикалық көзқарасын, эстетикалық қажеті мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру, - деп анықтама береді [11, 69 б. ] .

Бұдан кейінгі жылдарда эстетикалық тәрбие теориясы мен практикалық мазмұндық жүйесі туралы Н. И. Киященко, А. Я. Зись, Ш. Н. Герман, Б. Т. Лихачев, О. А. Кривцун, А. А. Радугина, В. К. Скатерщиков, т. б. ағартушылар өз үлесін қосты.

Демек, эстетикалық талғам бұл ғылым, ал кез келген ғылымның белгілі қалыптасу тарихы, ойлары мен пікірлері, көзқарастары мен қарама-қайшылықтары, анықтамасы, негізгі ұғымдары, компоненттері, қағидалары, оның қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік-психологиялық факторлары, критерийлері, т. б болады. Енді осыларға қысқаша тоқталайық:

Эстетика тарихында алғаш талғам мәселелеріне қызығушылық 17-18 ғ. ғ Францияда пайда болды, оны ағартушылар мен классицизм теоретиктері (Буало, Монтескье, Вольтер және т. б. ) қолдады. Олар эстетикалық талғамды тиімді және дәстүрлі көзқарас тұрғысында қарастырды, ал ағылшындардың сенсуалистикалық эстетика бағытын жақтаушылар (Шефтсбери, Хом, т. б. ) эстетикалық талғамды адамның түйсігіне қатысты және оны адамгершілік қасиетпен байланыстырған. Ал Кант: «Эстетикалық талғамды қарама-қайшылықты, қоғамдық және жеке сипатта болады», - деп көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда эстетикалық құндылықтардың сипаттамасы
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Шығармашылық қабілет ұғымы
Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту мүмкіндіктері
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz