Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

I. Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері . . .

1. 1Девиантты мінез -құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде зерттелуі . . . … . . . 6-13

1. 2 Жасөспірімдердің әлеуметтену процесі . . . 14-17

1. 3 Жасөспірімдердің девиантты мінез- құлықты болуының әлеуметтік-тұрмыстық себептері . . . 18-25

II. Девиантты мінез - құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары . . .

2. 1 Девиантты мінез - құлықтың алдын - алу барысындағы мектеп тәжірибесі . . . 26-34

2. 2 Тұлғалық сапалардың қалыптасу кезіндегі жасөспірімдердің бойындағы девиантты мінез - құлықтың алдын - алу жолдары . . . 35-41

2. 3 Девиантты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс

технологиясы . . . 42-46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47-48

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ . . . 50


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі: Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды. Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.

Жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жасөспірімдердің әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін - жас ұрпақтық нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар мен жасөспірімдер қараусыздығы, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық және т. б. сол сияқты өтпелі кезеңде байқалған. Мұндай құбылыстардың ауқымы жасөспірімдерді әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр.

Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процесстердің динамикасы асоциальдық және антиәлеуметтік сипатындағы - зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және токсикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жасөспірімдер арасында кең таралған.

Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негізін қалайды.

Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.

Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап - тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке - дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.

Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.

Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән - мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу - тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез - құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай - күйі жол таба алмай әлеуметтік - педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез - құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс - төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.

Зерттеу жұмысымыздың өзектілік құндылығы, девиантты мінез - құлықты балаларға қол ұшын беріп, ішкі жан дүниесін түсінуге, ынта - ықыласына, жалпы жеке ерекшеліктеріне орай өмірде өз орнын табуға көмектесу.

Белгілі психологтар (Б. Г. Ананьев, А. Г. Асмолов, А. А. Бодолев, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, М. М. Мұқанов, Ж. Н. Намазбаева т. б) зерттеулерінде жасөспірімдердің әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез - құлқына, дүниетанымына қалыптастырып, күнделікті жүріс - тұрыстарын басқарып отыруға өз биліктері мен бостандықтарының алатын орны айқындалған.

Л. К. Керімовтың еңбегінде қиын оқушыны жеке - дара қайта тәрбиелеу тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс - әрекеттің белгілі жүйесін жасап көрсеткен.

Ш. Е. Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез - құлықтың әлеуметтік аспектілері зерттеліп көрсетілген.

Ал, Д. Қазымбетова өз еңбектерінде қоғамда неге девиантты мінез - құлық болады деген сұрақты қарастырған. Сонымен қатар девиантты мінез - құлықтың болу себептерін және мүмкін боларлық шешу жолдарын көрсеткен.

Демек, бұл мәселенің шешімін табу, әлеуметтік - педагогикалық мүмкіндіктерін белгілеп беру тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді. Сол себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс” деп белгіледік.

Мақсаты : Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықты әлеуметтік, педагогикалық талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдерің ортасындағы девиантты мінез-құлықтың жалпы күйін, жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың дамуындағы факторлар мен бағыттарын сипаттау.

Зерттеу обьектісі : Жалпы білім беретін орта мектептің оқу тәрбие үрдісіндегі жасөспірімдерді девиантты мінез - құлықтан арылтып, тәрбиелеу процесі.

Зерттеудің пәні : Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік, педагогикалық жұмыстар жүргізу процесі.

Міндеттері:

- девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер туралы зерттелген ғылыми еңбектерді талдау;

- жасөспірімдердің әлеуеттену процесін сипаттау;

- девиантты мінез - құлықты болу себептерін анықтау;

- девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерге арнайы әлеуметтік әдістер мен технологиялар қолдану.

Болжамы : Егер девиантты мінез - құлықты жасөспірімдермен мектепте, отбасында, үнемі ағартушылық, танымдық жұмыстары жүргізілсе девиантты мінез - құлықты балалардың тәрбиесіне игі әсер етуге болады, яғни алдын - алу жұмыстары тиімді болса, онда жасөспірімдерде қоғамдағы жат қылықтарға деген өзіндік түсінік қалыптасып, болдырмаудың алдын алуға ынта көрсетеді.

  1. Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздеріДевиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қазіргі әдебиеттерде

зерттелу і

Білім берудің жаңа жүйесіне сай жас ұрпақ тәрбиесін жан-жақты жақсартуға бағышталған қызмет айрықша маңызға ие екені белгілі. Жас ұрпақ тәрбиесінде әттеген-айларға кезігіп, кеш өкініп, опық жеп жүрген жайымыз бар. Олай болса баланың шәлкім - шалыс жүрісін ұсақ-түйек санап, “кейін ер жеткенсін өзі -ақ қояды” деп кейбір ата-аналардың жеке жауапкершілігіне жүрдім бардым қарауын бала тәрбесіне мән бермеушілік, оның ертеңгі күнін ойламаушылық демеске лаж жоқ.

Соңғы кездері осы жастар тәрбиесіндегі кемшіліктердің кең етек алуын тектен-тек оқиға деп қарауға болмайды. Ол өмір шындығы, бәріміздің ортақ кемшілігіміз. Осы кемшіліктеріміздің нәтижесінде жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлық көптеп кездеседі.

Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.

Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.

Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі.

Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез -құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.

Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.

Жасөспірімдік кезең - ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.

Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады - жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік- экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық әсер етеді.

Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жасерекшелік этапы болып табылады.

Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала ретінде 18-ге толмаған әрбір адамды сипаттаймыз. Жасөспірімдік шақтың қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және социологиялық даму стадиялары тұрады, негізінде бұл стадиялар әрқашанда және әрқашан толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді [1] .

Зерттеушілердің көбі психикалық кризиске әкеліп соқтыратын ауыр және сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік және қырсықтық, долылық, субьективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер, ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша - оның іс -әрекетін және қылықтарын анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады.

қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретінде бастауыш мектеп шағының хроналогиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де.

Түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми қөзкараспен карағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптаскан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.

Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым негізгі тән белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасында дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде катар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқгы бұл шак көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайыңдауға мүмкіндік береді.

Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттін қатаюы өлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру жөне спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, соңдай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу - бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілетгілігінің шарты екендігі, осыдан.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшықет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ерте жетіледі. Сондықтан да балалар салыстымалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек кабілетті, алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тығыз - он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он-он екі жасқа карай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда басауыш сынып оқушысы неліктен әр жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына, әсіресе І-ІІ сынып оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу тілегі кебінесе нәтижені жақсартпайды.

Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. Күре тамырларының диаметрі үлкендігі арқасында ми жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа қабілетгі болуының маңызды шарты болып табылады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Әсіресе, мандай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетіңце жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Олардың бірінші жаңа мекгеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну тұру керек, сабақгы жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т. б. ) . Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдетте тыс шаршау оку жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою қанша болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психикалық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарлы түсінікті де айқын жеткізу, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке - дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғалімен, сыныптағы жолдастарымен, семьяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтата отырып үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Баланың мектепке баруымен оның семьядағы жағдайы өзегереді. Оның жаңа міндеттері мен праволары пайда болады (мысалы, оқушыға үй тапсымасы үшін ерекше орын және уақыт болу керек, оның күн режимімен санасу керек) . Көпшілік семьяда баланың бұл праволары құрметпен қабылданып, толық қанағаттандырытыны тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті мынадай көрініс жиі байқалады: үлкендердің қарым- қатынасын және олардың «мектеп еңбектерініңң тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері - оқушылар - басшы тұлға болатын тәртіпті орната бастайды. Ал, бұл енді оқушының ерекше өзімшілдігі пайда болуына әкеліл соғуы мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші сынып оқушысының көңіл бөлуді оған семьяның басқа мүшелерінің де маңызы еш кем емес мүдделері мен қамы-қаракеті бар екенің көрсетумен ұштастыру керек. Бала олармен санасып, үй іші істерінің жалпы ағымыңда өзінің мекгептегі кақтығыстары шамадан тыс көрсете бермеуі керек.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оку жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқыда олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті, мұғалімнің берген бағасын мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ бірінші сыныпта оку процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сактап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімдерге деген кажеттілік арнайы карастырылмаған.

Біз мазасызданудың қолайсыздық қаупін алдын-ала сезумен байланысты, эмоционалды дискомфортты бастан кешу екенін білдік. Бастауыш сынып оқушылары алғаш мектепке білім алуға ұмтылуы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ішкі позициясын өзгеруіне әкеліп соғады. Ішкі позиция - баланы окуға ынталандыратын, мектепке деген оң эмоциясын қалыптастыратын үгіттеуші орталық. Алғаш мектепке қуанышпен барған бала, енді өз алдына үлкен міндеттемелердің бар екенін сезіне бастайды. Ол мұғалімнің оқушыларға қоятын талабы ата-ананың қадағалауы және т. б. Еркін ойнап өскен бала бұл талаптарды алып кете алмауы да мүмкін, осындай эмоцияларды сәтсіздікке ұшыраған (өзінің сыныптастарымен қарым-қатынасы, педагог, ата-ананың нашар қатынасы) ішкі позициясы үрейлі, қорқышынты тудырады. Қорқыныш - бала өміріне және сәттіліктеріне төніп тұрған қауіптің мидағы бейнесі. Мазасыздық - қоркынышты эмоциналды түрде сезіну. Мазасыздану сезіміне алып келетін қорқу мынадай себептерге байланысты болады: өз қатарларымен дұрыс қатынаста болмау, ата-анасының өзара конфликті болуы психикалық травма алуы, ата-ана тарапынан қатал тәртіп т. б. Бұл баланың тіпті ортамен араласпай тұйық болуына немесе ызыланғыш, ашушаң болуына әкеліл соғады. Үрей, қорқыныш сезімдерін жою ұшін кейбір психологтарымыз баланы мадақтау жоғары бағалау керек деген пікір айтады. Сонымен катар, мазасыздану типіндегі эмоционалды сәтсіздік өзіңцік бағалауы жоғары балаларда бақыланған. Олар «ең жақсың оқушы болуға, немесе ұжымда ең жоғарғы деңгей алуға үміттенді, ягни өз талаптарын жүзеге асыру үшін шындығында мүмкіндігі болмаса да анықталған сапаларда жоғары талаптанулар болған [61] .

Отандық психологгар балалардағы адекватсыз жоғары бағалау бұрыс тәрбие, бала сәттілігін үлкендердің асыра бағалауы, асыра мақтау, оның жетістіктерін асырып айту нәтижесінде қалыптасады деп санайды.

Қоршағандардың жоғары бағасы және соған негізделген өзіндік баға балаға ұнайды. Қиындықгармен және жаңа талаптармен соқтығысу оның құралмағандығын аңғартады. Бірақ, бала бар күшімен өзінің жоғары өзіндік бағасын ақтап қалуға тырысады, өйткені ол оған өзін сыйлауды, өзіне жақсы қатынасын қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, бұл балаға әрқашан сәтті бола бермейді. Окудағы жоғары деңгейдегі жетістікке үміттене отырып, ол дегеніне жету үшін жеткілікті дағды, білімге ие болмауы мүмкін, мінездің кері сапалары жөне белгілері сыныптағы, құрбылар арасындағы керекті жағдайды алуына мүмкіндік бермейді. Осы арқылы жоғарғы талаптанулар және нақты мүмкіндіктер арасыңдағы қарама карсылық ауыр эмоциялық күйге алып келуі мүмкін.

Қажеттілігінің канағаттанбауынан бала санасында сәтсіздікті, сенімсіздікті мойындауды және өзін сыйлауды жоғалтуға мүмкіндік бермейтін қорғаныс механизмдерін өндіреді. Ол басқа адамдардан өз сәтсіздігінің негізін табуға тырысады: ата-анасынан, мұғалімдерден, жолдастарынан. Сәтсіздіктің себебі оның өзінде екенін мойындамауға тырысады, оның жетіспеушілігіне нұсқайтындардың барлығымен қақтығысқа түседі, тітіркендіргіштік, өкпелегіштік, агрессивтілік танытады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Жеткіншектердің бойында көрініс беретін девиантты мінез–құлықты түзету және оның алдын алу ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын бейімдеудің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz