Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Ι бөлім. Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

Ι. 1. Жеке тұлғада экологиялық тәрбиені қалыптастырудың философиялық аспектісі

Ι. 2. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттеліну ерекшеліктері

ΙΙ. бөлім. Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі

ΙΙ. 1. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері

ΙΙ. 2. Оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі

ХХІ ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.

Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім беру туралы» заңдарына (3 бап( негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды /1, 2, 3/.

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «ХХІ ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т. б. әзірленді.

Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар адамдардың мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Экологиялық мәдениет дегеніміз - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:

  1. Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;
  2. Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
  3. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.

Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.

Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мына сызба бойынша нақты координацияны жүзеге асыру керек: отбасы - бала бақша - мектеп - жоғары білім беру - мамандарды қайта дайындау - халыққа жаппай экологиялық білім беру.

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты - экологиялық білімдердің біртұтастығы, табиғатқа оң эмоционалды - бағалық қатынас және қоршаған табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа экологиялық ойлауды, өмір сүрудің жаңа стилін қалыптастырудың негізінде қарап, әлеуметтік және экологиялық тұрақты даму, сондай-ақ түбегейлі жаңа технологиялық саясатты қалыптастырудың негізі ретінде қоғамның интеллектуалды потенциалын арттыру құралы ретінде қарау қажет /4/.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» отандық білім саласында соңғы жылдары қордаланып қалған басқа да көптеген мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың нақты ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында халықтың денсаулығын көтеру стратегиясын міндетті түрде - таза (сау) қоршаған табиғи ортамен байланыстырады. Ұлттың болашағы болып табылатын спортпен айналысатын, есірткі заттар, ішімдік, темекі өнімдерін пайдаланбайтын, салауатты өмір сүруді жақтайтын және сау табиғи ортада өмір сүретін жас ұрпаққа үміт артады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйей отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде. Сөйтіп әлемдік өркениетке қауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады. Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айқындалып, арнаулы бағдарламалар қабылдануда.

Сондықтан, ең көп халықты қамтитын білім беру сатысы - жалпы білім беретін мектептің міндеті-дүниеде қауіпсіз және бақытты өмір сүріп, жержегі барлық тіршілік түрлері үшін жауапты физикалық және адамгершілік тұрғысынан сау адамды, Республиканың, планетаның толық қанды азаматын тәрбиелеу болып табылады. Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.

Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы “Қазақстан Республикасы азаматының жаңа әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында” (1995), “Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында” (1996), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы” (1997), “Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы” (1998), “Экологиялық білім бағдарламасы” (1999) құжаттарында басты орында тұр. Экологиялық тәрбие - “табиғат- адам- қоғам” жүйесіндегі қарым-қатынасты оқушылардың ғылыми негізде игеруінің нәтижесінде қалыптасқан жалпы білімнің бөлшегі (1: 2:3) .

Экологиялық тәрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапекершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.

Экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М. Қашқари және т. б.

Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Т. Песталоцци атап көрсеткен болатын.

Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы - ғалымдары мен ақын жазушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.

ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, Н. А. Рыков, И. Т. Суравегина, А. П. Сидельковский, И. Н. Пономарева, Ә. А. Тұрдақұлов және т. б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда.

Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә. С. Бейсенова, Ж. Ж. Жатқанбаев, Н. С. Сарыбеков, Қ. Аймағамбетова, Ә. С. Бірмағанбетов, Қ. Ж. Жүнісова, К. А. Сарманова, М. Н. Сарыбеков, Ж. Б. Шілдебаева және т. б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.

Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық мәдениет мәселесіне философтар, социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.

Бұл мәселенің философиялық негізі С. САверенцев, Э. В. Гирусов, Д. С. Лихачев, А. Г. Маслеев, Н. Ф. Реймерс, К. О. Стошкус, А. Д. Урсу зерттеулерінде ашып көрсетілді.

Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ. Ғ. Ақмамбетов, Ж. М. Әбділдин, Қ. Ә. Әбішев, М. Баймаханов, А. Н. Нысанбаев, Қ. Ш. Нұрланова, А. Қасабеков, Д. Кішібеков, Қ. Шүленбаев, Г. К. Шалабаева және т. б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам” жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.

Оның ішінде Ж. М. Әбділдин мен Қ. Ә. Әбішев өздерінің философиялық еңбектерінде былай деді: “Табиғаттың сыртқы бейнесін өзгерту, жаңа әлеуметтік ортаны құру адам қызметінің принципі болып табылады, ол табиғатты емес, өзінің әлеуметтік жаратылысын жетілдіреді. Оның қызметі жан-жақты, өзінің принципі, заңдылығы бойынша шексіз” (б) .

А. Қасабеков төмендегідей пікірін айтады: “Қазақ мәдениеті тарихтың әрқилы кезеңдерінде басқа елдердің мәдениеттерімен біршама байланыста болып, олардан тікелей немесе жартылай импульстер алып отырады. Сыртқы әсерлер негізінен қазақ мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи қажеттілігіне, қандай мәселелерге зәру болуына байланысты, өз пайдасын тигізді. Осындай ерекшеліктер қазақ философиялық ойлау жағдайын қалыптастырып, ұлттық дәстүрлер мен бағыт-бағдарларын құрды”.

Г. Ш. Шалабаева: “Мәдениет құрылымының әлеметтік-мәдени аспектісі еңбек мәденитін, тұрмыс мәдениетін, дене мәдениетін, білімді, ғылымды, моральды, тәрбиені, сонымен қатар экономикалық және экологиялық мәдениетті біріктіреді, ” - деп көрсетеді.

Зерттеу жұмысының теориялық негізінде оқушыларға экономикалық тәрбие берудің мақсаттары мен қағидаларын, мазмұнын (И. д. Зверев, А. Н. Захлебный, И. Т. Суравегина, А. П. Сидельковский, И. Н. Пономарева), экологиялық білім және тәрбие берудің кейбір аспектілерін (И. Я. Габаев, Н. А. Каропан), оқушылардың табиғатқа деген қатынасының адамгершілік мотивтерінің мәнін (Н. А. Рыков, В. Г. Иоганзен), оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық негіздерін (Е. Д. Макаров), оқушыларда экологиялық мәдениеттін іс-әрекеттік компоненттерін дамытуды, (Т. В. Коростелева), төменгі сынып оқушыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (Л. А. Чистякова, Е. В. Яковлева), төменгі сынып оқушыларында өлкетану іс-әрекеті арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (Н. Э. Якубова, Г. В. Буковская), оқушылардың экологиялық білімін интеграциялауды (Н. М. Михайлова), жоғары сынып оқушыларында дүние танымының бөлігі ретінде экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің теориялық проблемаларын (А. Н. Ильина), мектептің педагогикалық процесінде музыка өнері арқылы жасөспірімдерде экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (В. К. Кезин, М. В. Шептуховский), болашақ ұстаздарда педагогикалық қатынас мәдениетін қалыптастыру (Н. Д. Иванова, К. Х. Хан), студенттер ұжымындағы кәсіптік-педагогикалық қатынас мәдениеті болашақ ұстаз тұлғасын қалыптастырудың шартын (А. К. Рысбаева), мұғалім мен оқушы және оқушылардың өз арасындағы қарым-қатынасты педагогикалық процестің тәрбиелік механизімі ретінде (Н. Д. Хмель), мектеп оқушыларында ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздерін (Н. А. Асипова), жоғары сынып оқушыларында саяси мәдениеттің негізін қалыптастыруды (Қ. Қ. Жанпейісова), қазақтың музыкалық фольклоры арқылы жоғары сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды (Е. Ш. Қозыцбаев), қатынас мәдениетін (С. И. Қалиева), гуманитарлық пәндер құралдары арқылы студенттер мәдениетінің негізін қалыптастыруды (Г. И. Қалиева), қоғам дамуындағы мәдениеттің ролі мен маңызын (М. Х. Балтабаев) ашып көрсететін зерттеу жұмыстары мен еңбектері алынды.

Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарында жеке пәндерді мысалы, дүниетануды оқыту әдістемесінен Қ. Аймағамбетова, ана тілі әдістемесінен С. Рахметова және т. б. оқыту процесінде, сыныптан тыс жұмыстарда У. Танабаев оқушыларға экологиялық тәрбие беру проблемасына да назар аударған.

Алайда, бұл еңбектерде білім мазмұнын талдау, оның құрымдылық бөлімдерінің белгілерін әр пәндегі іс-әрекет мүмкіндіктерімен байланыстыру тұрғысынан қарастырылған. Ал, оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін құрылымдық жүйені, жеке тұлғаны қалыптастыру қажеттілігінен туындайтын жағдайларды айқындауға зерттеулерде мән берілмегендігі анықталды.

Сонымен, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жасағанда, негізінен зерттеушілердің жалпы экологиялық тәрбие проблемасы оны қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан, жеке пәндерді оқыту процесі арқылы әдістемелік жолдарын көрсетіп қарастырғаны байқалады. Зерттеу барысында оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыру жеке зерттеу объектісі етіп қарастарылмағанына көз жеткізілді. Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды тұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі ретінде қарастыру, пәнаралық байланыс негізін көрсету педагогика ғылымында арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі деп есептейміз.

Сондықтан, біздің концептуалды негізіміз жүйеде немесе тұтастық ішіндегі бөліктермен қатар болатын, экологиялық ғылым шеңберінен шығып, бірлесіп дамитын философиялық-әдіснамалық мазмұны көрсететін өзара негізделген өзгерісті анықтайтын “пәнаралық байланыс” ұғымы болды.

Пәнаралық байланыс тұрғысынан келудің кең таралуы және оны ғылымының әртүрлі саласында пайдалану мүмкіндігі бізге экологиялық мәдениетті қалыптастыру процесін зерттеуде тиімді қолдануға бағыт берді.

Білімдер жүйесін қалыптастыру процесінде адамды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде пәнаралық байланыстың алатын орны ерекше. Осы орайда пәнаралық байланыс проблемасының философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектісін анықтау арқылы оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыттарының біріне саналады.

Оқу - тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде зерттеп, қарастырған психолог-педагогтар Одақ көлемінде (И. Д. Зверев, В. В. Давыдов, И. Л. Лернер, В. Н. Максимова, С. А. Рубенштейн, Д. Б. Альконин, т. б. ), ал республикамызда (Р. Г. Лемберг, А. А. Бейсенбаева, Т. И. Иванов, С. М. Мұсабеков, Қ. Мұқанов, Р. Б. Лотштейн, М. А. Құдайқұлов және т. б. ) еңбектері жарық көрді. Олар пәнаралық байланыстың философиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырған, оқу-тәрбие процесіндегі мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелілігі мен байланыстылығы негізінде жан-жақты талдаған.

Біздер арнайы ғылыми философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде адам мен әлем дүниесінің үйлесімдік идеясын басшылыққа алуды қажет етіп отырған қазіргі қоғамдық жағдайда пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселе деп есептейміз.

Сондықтан оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды зерттеу, оның маңыздылығы, көкейкестілігі қоғам өмірінде объективті түрде туындайтын қажеттіліктер жиынтығын қажет етеді.

Қазіргі экологиялық және әлеуметтік мәдени жағдай адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуімен, экологиялық дағдарыстың тереңдеуімен сипаттады, жеткіншектердің экологиямәдениетін дамыту проблемасын туындатып отыр. Бұл мектеп тәжірибесінде оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткілікті қарастырылмауы мен пәнаралық байланыс мүмкінділігінің толық ашылмауы арасында қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қоғам, табиғат және адам ойының даму жөніндегі диалектикалық заңдылық оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы көрініс табу қажет.

Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту процесінде оқушылардың экология мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.

Осының бәрі, сайып келгенде біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру” деп тандауымызға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты - оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды ғылыми теориялық жағынан негіздеу және тәжірибелік әдістемесін ұсыну.

Зерттеу объектісі - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні - оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. “Экологиялық мәдениет” ұғымының мәнін, құрылымын, қызметін педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету;
  2. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау;
  3. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыратын ғылыми әдістемелік нұсқау дайындау.

Зерттеу әдістері: философиялық, экологиялық, психологиялық, педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, пәнаралық байланыс тұрғысынан оқу жоспарларын, бағдарламаларды, ана тілі мен дүниетану; 3-4 сынып оқушыларының сауал-сұрақтар алып, оны талқылау, әңгімелесу, эксперименттік жұмыстар қою оның нәтижелерін қорытып мектеп тәжірибесіне енгізу, озық педагогтың іс-тәжірибені зерттеу, қорытындылау,

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе бөлімінен; екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

  1. Оқыту процесінде бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздеріЖеке тұлғаның экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың философиялық аспектісі

Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесігің теориялық негізін айқындау “мәдениет”, “экологиялық мәдениет”, “қарым-қатынас” ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Бұл ұғымдардың сипаттамасының маңызын белгілеу мақсатында оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Осыған байланысты экологиялық мәдениеттің мәні, құрылымы және қызметінің мазмұны ашап көрсетіледі.

Мәдениет - адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Қоғамның оқу-білу, ғылым мен өнер салаларындағы жеткен жетістігі десек те болады. Бір сөзбен айтқанда, рухани байлықтың көзі - мәдениетте. Адам өзінің даму барысында қоғамдағы өз мүмкіншілігіне сай айналаны жиған рухани байлығымен көрсетеді. Ол әр ғасырға, әлеуметтік-экономикалық формацияға сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан мәдениет қатып-сеніп қалған және аяқталмаған, қандай болмасын ықпалға берілмейтін нәрсе деп қарауға болмайды.

Мәдениет - халықтың өз топырағында шыңдалып, тумалас ұрпақтың ғасырлар бойы қалыптасып жинақталған өмір тәжірибесінің жиынтығы. Ұлт қанша өмір сүрсе, мәдениет те соншалық болмақ. Сондықтан мәдениеттің негізі ұлттық қалыптасу, оның даму, өсу сатыларына байланысты.

Евразияның ұлы даласында үш мың жыл бойы көшпелі өмір салтын бастан кешіп, сол өмір салтына лайық төлтума мәдениетін қалыптастырған көшпелілер фенонемінің жалпы адамзаттық өркениетте алар өзіндік орны бар.

Қазақтың ойшылдары мен ағартушылары және ұлы зиялылары адам мен табиғаттың біртұтастығы, жеке тұлғаның мәдениеті туралы құнды ой-пікірлер айтқан. Зерттеу жұмысымызда олардың еңбектеріндегі көзқарастарын басшылыққа алдық.

Қазақ ұлтының болмысы өмір салтымен және онымен кіндіктес төлтума мәдениетімен де дараланады. Осы орайда Шоқан Уалиханов “Көшпелі елдерді аң тәрізді жауыз тобыр санап, бет алды жүрген тағылардың есебінде түсінетін жалған ұғым қазірдің өзінде де Европада үстемболып келеді, - деп жазды. Олар көшпелі моңғол немесе қазақтар дегенді тұрпайы, мал тәрізді тағылар деп ұғады. Ал шындығында келгенде, сол тағылардың көбінің жазба түрінде немесе ауыз әдебиеті, аңыз әңгімелері бар. Өлеңге әсіресе суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өздеріне тән ерекшелік деуге болады” - деп сипаттай келіп, Шоқан көшпелі елдердің мәдениеті жоқ деп санайтын және оны менмінбейтін кейбір Европа ғалымдарының пікіріне дау айтады.

“Көшпелі елдердің қай-қайсының болсын бір өзгешелігі - олар өлең-жырға бай, шебер келеді…. мұндай қасиеттердің болуына көшпелілердің алаңсыз көшпелі өмірі әсер етті ме, әлде ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен қоншақтай тізілген жұлдыздары көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме кім білсін” - деп жазды (7) .

Ойшыл ретінде тек шығыс мәдениетінің бесігінде қалыптасып қана қоймаған, дүниетанымында Батыс пен Шығысты бірдей сіңірген Абайдың көзқарастарының маңызы зор. Ол қазақтың қоғамдық ойында алғаш рет әлемге үдемелі даму мен өзгеру, диалектика тұрғысынан зер салуға ұмтылыс жасады. Егер де адам мәдениетін дүниежүзілік мұхитқа құятын үлкен өзеңге теңесек, онда дәстүрлер сабақтастығын қуатты тетікпен салыстыруға болады. Оны ойшыл ақынның:

“Дүние - үлкен көл,

Заман - соққан жел.

Алдыңғы толқын - ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер, ” - деген өлең жолдарынан көруге болады (8) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің ерекшелігі
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Деңгейлік саралап оқыту
Жаратылыстану менің өмірімде
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz