Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға шығармашылық
тапсырмаларды қолдану жолдары

Мазмұны

Кіріспе

1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері
1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
1.3. Ойлау формалары

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары
2.1. Оқыту барысында балалардың ойлау процесін дамыту
2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой өрісін дамытуға колдану
2.3. Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш
мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы адамның
біліміне , оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие
болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір
оқушының мектеп қабырғасында жүріпойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу
қажеттілігін туындатыды, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады,
өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге
бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.
Оқушыны дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың ғылыми-
танымдық, экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мүмкіндіктерді
қарастырылды. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы
жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік
қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін
жетілдіру көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі
міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский, А.В.Занков,
В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын алады.
Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу
барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни
тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар
ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.
Бастауыш саты оқушыларының жеке басының қасиетін дамытуда отбасы,
мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-
шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.
Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі
қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді:
ңБалалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық
әлемінде өмір сүруге міндеттің .
Бастауыш сатыда сыныптан тысжүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-
тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау;
оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын
қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді.
Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәлімдік мәні
аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-
тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Соңғы кезде нарықтық қатынасқа байланысты
мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылуға байланысты ғылыми-
әдістемелік еңбектердің сирек жарияланатыны аталған шараларды жүзеге
асыруға өз кедергісін тигізіп отырғаны байқалды. Сондықтан сыныптан тыс
тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық,
ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды
қажет етеді.
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие
нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін
әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде.
Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске
сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі
технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған.
Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту
жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен
үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау
қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын
Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау
қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік.
Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау
процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық
педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің
анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға
әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын
зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі
мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның
біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.Жиналған материалдарды логикалық жүйеге
келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары
анықталды.
Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов,
Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш
сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін
дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.
Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға
халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық
ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін
дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктері

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті
меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді,
іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны,
өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы
нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті
тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік
сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның
қабілеті өз өмірінде қалыптасады.
Бастауыш сыныпта оқыту барысында баланық білім мен қабілеттілігін
қалыптастырады. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту баланың таным процестерін
дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал
жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген
И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева,
К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов
қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған.
Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың
әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен
дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің
ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі,
оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп,
икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы
үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне
көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс
істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса,
бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім
қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы
әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай
отырғанын айтып отыр.
Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты
психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық
қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет
академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де,
сурет салуға қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан да ол академияға
қабылданбаған. Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті
білімі мен дағдысының жоқтығына қарап, оның зор қабілеттілігін көре алмай,
үлкен қате жіберген. Кейін ол өзінің зор қабілетінің арақасында сурет
өнеріне қажетті білім мен дағдыны екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға
түсуге право алады.
Бұл мысалдар академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері қате
болғандығын аңғартады. Бұл мысалы адамның қабілеттілігін білімі мен
икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ
балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың
қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі
болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге
деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс
тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке
басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық
ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің
арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан,
дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны сол іске
қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке
қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет
деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра
алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді
ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына
мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің,
музыканттың, актердің, спортшының, математика - ғалымның, ақын-жазушының
қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің
үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған
ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді
жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас
бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына
ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Адамдардың қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни
іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі
сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген
істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады.
Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал
бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен
бестімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып
отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның
бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы
салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен,
белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен
бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттігі
шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің
оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамнық жетістікке жетуі үшін қабілет,
қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық
көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық.
Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол
жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен
қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің
ұнамды болуы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі
екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде
күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың
тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің
теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін
түсінеді.
Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады.
Мәселен, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі
деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге,
іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші
деңгейде жаңа сапаны туынды жасай алу мүмкіндігін көресетеді. Қабілет
жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік
болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар
нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі онда
бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүрді дейді К.Маркс. Ғылым осы
тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.
Әрбір адамның іс-әрекеті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным
процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына,
сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау
жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік –
адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан
айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын
былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе
музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән
ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-
әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке
аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу,
оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының
жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға
өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне
жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға
мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни
адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен
үйрену үстінде көрініп отырады.
Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам
қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты
қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша
қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық,
әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади
тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде.
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты
бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің
өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы
әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.
Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық
қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары
дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы
қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан
адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық
тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-
экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи
дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон,
Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке
би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның даралық
психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын,
кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне
айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам
қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы
анықтала бастады.
Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне
де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін И.П.Павлов адамға
тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның
нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны өнерлі
тип, ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, ойшіл тип деп
атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез келген түрінен
байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Бұл
өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның
зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен
байланысты екенін дәлелдеген.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту,
білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік
белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін
қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы
жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір
тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете
алмайды. ңБұлақ көрсең, көзін ашң деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды
өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы,
бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-
аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Қоғам өмірінің
барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді
ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге,
мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп олардан интеллектуалды орта
қүру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін
еместігін ескерсек дарындыларды іздеп, тауып, олардың шығармашылық
қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күшіне мамандығына бағалы тауар есебінде
қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық
мекемелерінен ғылыми зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу
кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап-болжай
білетіндігіне, тағы сол сияқты жақтарына назар аударуды талап етуде.
Сұранысқа сай жоғары дәрежедегі маман қызметкерлер мен жұмыс орындарын
қамтамасыз ету үшін, оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін анықтау
және оларды әдейі әдістемелерді қолдана отырып, дамыту мәселелеріне көңіл
аудару қажет.
Қазіргі кезде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға
қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге
негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы
оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты
ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде
берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп соны ғана бағалайды.
Оқушының дарындылығы шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай
жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға
бағытталған оқыту әдістемелерін (дамыта оқыту әдістерін) қарастырып, ғылыми
тұрғыдан зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін
қайта құру кезеңде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына
сайларына ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық
жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, олардың
әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын
құрастырудың маңызы үлкен. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық
әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық
қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми
тұрғыдан дәлелденген. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең
диопазонды: ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық,
жалпы дарындалыққа дейінгіні қамтиды
Сондықтанда барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болақ,
дарынды балалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік. Біздің
қазіргі кездегі оқыту жүйсі орташа оқушыға, ал мамандыққа дайындау орташа
маманға бағытталғанын ескерсек, шығармашылық дарынды балаларды оқыту жайы
жоспарланып, оларға әдейі арналған оқу орындарының ашылуы, өкіметіміздің
бұл саладағы бағытының дұрыс екендігін көрсетеді. Соңғы жылдардың ғылыми
зерттеулері (С.Л.Рубинштейн., Я.А.Понамарев.,
В.М.Кедров., О.К.Тихомеров., А.Н.Брушинский және т.б) шығамашылыққа бейім
оқушылардан маман дайындау мәселесін, әуелі бастан дарындыларды таңдап алу
жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалармен әдістемелер
қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті. Дарынды балаларды іріктеп алу
жұмыстары жүріп жатыр десек, осы бағыттағы жұмыстардың табысты болуы үшін
қажеттілерінің бірі, шығармашыл оқытушыларды - дарынды балалармен жұмыс
жасай алатын мамандарды дайындау және оларды жұмысқа қажетті әдіс-құралдары
мен ғылыми теориялық біліммен қамтамасыз ету мәселелері әлі шешімін таппай
жатыр. Сонымен қатар, шығармашыл, дарынды балалардың негізгі бөлімі
іріктеуден өтпей басқалармен бірдей жағдайда жанұя мектепке дейінгі
мекемелер, мектеп кәсіптік техникалық мектеп, колледж шығармашылықтың
мектептен тыс мекемелері жоғары оқу орындары өндіріс орындары сияқты
тізбекте жүріп жатқанын ескерсек, шығармашыл дарынды жастарды анықтап,
олардың қабілетін дамыту жұмыстары да үзіліссіз, аталған тізбек бойында
жүргізіліп отыру керектігін көреміз. Осы айтылғандарды ескере отырып,
психология және педагогика, әлеуметтану ғылымдарының жетістіктері
мен заңдылықтарына шығармашыл балалардың техникалық шығармашылыққа
қабілетін анықтау және дамыту қажет.
Шығармашылықта практикалық тексерістен өтіп, қолдау тапқан мынадай
пікірлерді негіз еттік:
- шығармашылық қабілеттің ұрығы барлық адамда, кез-келген түбі түзу
сәбиде болады. Айырмашылық тек қана жетісу деңгейінде және қоғамдық
пайдалылығында болады:
- шығармашылық қабілетті балалық кезден бастап дамыту қажет:
- шығармашылық қабілетті дамытудың негізгі жолы - балалар мен
оқушы жастарды, еңбек етудің олар үшін оқу, үйрену және тәрбие алу
екендігін және осылардың бәрі де шығармашылық бағытта болу керек екендігін
ескере отырып, шығармашылық қызметке тарту болып табылады.
асау - мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асырудың
негізгі құралы.
Ж.Аймауытов өз еңбектерінде жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап
тілейді дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты
жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала
қабілеттіліктің жан-жақты, әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін
дәлелдейді. Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын деп айтылған ойы
бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру -
баланың білімді тез, әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің айқындылығына себепші
болады. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын деген ойынан
бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді
қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой
қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажет деп
түсінуге болады.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде, әсіресе, бастауыш
мектеп кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктері - педагогикалық тәлім-
тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелеріндегі толғанатын жайт.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани
әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру жеке дарындылығын дамыту -
бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. : Өйткені, қазіргі кезеңдегі
қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал
болашақта ғылым мен техниканың, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп
оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты
қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын
дамыту, өтілген сабақтың оқу материалын терең ұғына білуге баулу -
мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілген сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай
болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің әрбір өтілген
сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы
тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуына ғана оқушы да шығармашылық қабілет
дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы
құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп
оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның
ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту
үрдісінің әрекеттері арқылы оқушыда қабілет дами түседі.
Бұндай кезеңдерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып
отырады. Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген белсенділігін
арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Мұғалім өзінің
сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтарды оқушыларды
шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылуы тиіс. Мұғалім
өтілген сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы
ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек.
Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда,
қойылған сұрақтарға жауабын беруде Ой-таласын жасау - танымдық ойындар
ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып
отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің
күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы
қабілеті арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы
жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Ол үшін ұстаз бойында мына төмендегідей қасиеттері болуы керек:
- мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсайтын қасиеттерін аша білу;
- мұғалім ой-өрісі кең, жан-жақты білімдер, өз
мамандығының шебері болуы керек;
- мұғалім үздіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі
қажет. Ал ұстаз шәкірттеріне мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі
керек.
- Оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
- Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;
- Оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;
- Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз
құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами
түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа
көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы
дүниетанымы арта түсуі анық.Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы
жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады.
Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.
Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек?
Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – осы. Психологтардың зерттеуі
бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше
қабілет, бейімділік бар екен.

Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары
сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шағармашылыққа баулып, үйрету үшін
қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:

- Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың
назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың назарын
шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық тапсырма – міндеттер,
жаттығу, ойын түрлерін ұсынңан жөн;
- Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу
керек;
- Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектьердің жас
ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
- Тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз
туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау,
шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:

- шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары
ойла÷уы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек. Сыныпта, ұжымда өзара
шығармашылық қарым-қатынас, шығармышылық ахуал орнату;
- мұғалім – оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сþжет құруға,
образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше естиді.
Өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің
шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен
пікір алмасуы заңды;
- шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық,
бостандықты қамтамасыз ету;
- Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – ңсәтсіздікке ұшыраймын,
қолымнан еш нәрсе келмейдің деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі
тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі
жек көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың
жолдарын табу;
- Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде
қолайлы жағдай туғызу;
- Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;
- Мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік
өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің
механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармышылыққа үйретіп
баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп,
көркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды
ескеруі керек деп ойлаймын:

- шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;
- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
- көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық
жағдайларды тудыра білу;
- шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық,
әдістемелік тұрғыдан баға, қоытынды бере білу, теориялық, практикалық
тұжырымдар жасау.
Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.

Енді осы қабілет, шығармашылық деген сөздердің мағынасын ашсақ. Қабілет
дегеніміз не?

Қабілеттер (способности) – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі
орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері. Адамға кез-
келген іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін қабілеттердің
өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады. Дарыныдылықтың жоғарғы
дәрежесі – талант.

Қабілеттерді оқушыларды бұған дейінгі алған білімі және дағдылармен
шектеуге болмайды. Білім, білік, дағдылардың жеңіл тез игеру қабілеттерге
тәуелді болады. Екінші жағынан бұлардың игерілуі қабілеттердің дпмуына
ықпал жасайды.

Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер
оқушыға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында
әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни
айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктер болуы мүмкін. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының нақты
іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Адамдардың барлық қабілеттері –
азаматтық қатынастардың жемісі. Қатынастар деңгейі әр оқушыда әр түрлі
болатындықтан қабілеттердің деңгейі әр түрлі болады.

Психологтардың айтуынша, қабілетті айқындау мақсатындағы зерттеулер
ХІХ ғасырдан басталған. Бұл қасиеттің терең түбінде талант нышаны жатыр.

Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің
өзгеруіне де байланысты.

Шығармашылық деген не?Шығармашылықң сөзінің төркіні, этимологиясы
ңшығаруң, ңойлап табуң дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу,
сол арқылы жетістікке қол жетікізу деп түсіну керек. Филисофиялық сөздікте:
ң... шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы
жаңалық ашатын іс-әрекетң, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог
Л.С.Выгоский ңшығармашылықң деп жаңалық ашатын әрекетті атағын. Ал осы
мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны ңдамуң
ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық
тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп
есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес
келуімен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары ңшығармашылықң сөзімен ңжаңалықпенң қатар ңбастамалылық,
белсенділікң ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық - өте күрделі психикалық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Шығармашылық (творчество) - қоғамның материалдық және рухани өмірін
жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б.
өндіретін, адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы,
мақсатты белсенді іс-әрекеті. Әр түрлі іс-әрекетте (ғылымда, техникада,
өнерде қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана түрлерінде, өндірісте,
тұрмыста) адамдардың бардық жасағандары – шығамашылық күш –жігерінің
нәтижесі.Шығармашылық барысы негізгі белгілері тұрғысынан адамдардың кез-
келген әрекеті үшін біртұтас болады. Ол өмірді мағыналық ұғынуды, жаңа
шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекеті
және оларды өмірге ендірудеге дене еңбегі іс-әрекетін біріктіреді. Әртүрлі
іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай, шығармашылық барасы да сан-қилы
болады. Мұғалімнің оқушылардың дүниеге көзқарасы, өмірге және еңбекке
ұлықтық-талғамдық қатынасы сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде
шығармашылықтың ерекше мәні бар. Мұғалім шығармашылығы теорияны терең білу,
осы заманғы келелі мәселелерді мағыалы ұғыну болып табыдалды. Ол оқу
–тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуден, ойлаудың томаға- тұйық
еместігін, өз ойын сауатты баяндау беруінен, зор сенімнен көрінеді,
осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне
белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы көтеруге
болатындығы жайлы көп айтуда.Шығармашылыққа деген қажеттілік күрделі рухани
қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда
болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық
қайтарымды талап теіп отыр. Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың,
дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам
құбылыстарында жеке адамның ақыл санысында, іс-әрекетінде, ішкі жан
дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл
процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат
өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой
–санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін,
өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығанмашылықтың мәнін аша
отырып, оның ңәрекетң ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.
Әрекетшығармашылық тудырып, оны нақты болмысқа айналдырсы, ол шығармашылық
әрекетті реттейді, оның амалдарын тиімділігін анықтайды.

Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды,
олардың шығармашылық күшін дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді
көздейді. Шығармашылық әрекетконцерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы,
көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру
формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың
адамгершілік, әсерленушілік жіне ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу
міндеттері атқарылады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді.
Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа
жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа
шешім табуды белгілейді.А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі
көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу
қабілеттерін атайды.

Шығармашылық ақбілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы
қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығын, икемдігі,
тапқырлығы, дәлдігі алынады.Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық
қасиеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды. Қабілеттің шығармашылық деңгейге
көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір адамды мазалайды.
Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән.
Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі даму
деңгейі текәлеуметтік факторларға емес, табиғи биологиялық факторларға
байланысты. Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ол
оқушыда шығармышылықтың белгілірінің болмауы үлкен проблемаға айналып,
ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан
қиыншылықтарды шешебілу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл
адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін
түсінуге, бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.

Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы
сатыларының бірі болып саналатынбастауыш мектептің алар орны ерекше.
Өйткені бастауыш мектеп:

1. Оқушылардың интеллетуалдық рухани, табиғи нышандарын дамытуға - өзінің
қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;
2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;
3. ұжымдық және іс-әрекеттер тәсіліне үйретуге;
4. Балының еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін
дамытуға, өз күшіне дегенсенімінің болуына жағдай жасауы керек.
Шығармашылық - жаңа нәрені ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.Қабілеттер проблемесы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар
проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған
мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар
еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір
нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психологияғылымының негізгі
ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде
болады. Олардың іс-әрекеттің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не
төмендеу келеді. Бұған қарап мысалы, музыкаға, хореографияға немесе
математикаға қабілеті төмен балаларды дарынсыздар қатарына жатқызу әсте
дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салада жатқындығының белгісі.
Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы
дамып отырады. ңҚабілетң деген термин адамдарың белгілі бір істі орындап,
одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.

Қабілет ұғымына берілген психикалық анықтамалар саны баршылық
қабілет– іс-әрекеттің белгілі бтүрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда
көрінетін адамның жеке қасиеті – деп жазды академик Т.Тәжібаев.
ңҚабілеттерң – адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу
мүмкіндіктері. Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Монтев,
А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқысыз ад дамитынын, бірақ онда ол ұзақ
процеске айналатындығын атады. Қабілеттер мәселесізерттеушілердің назарын
көптеп аударып келуде. Енді сол еңбекьердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін.
Ең алғаш қабңлеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің
қабілетті дамытуындағы ролін нақтлады. Осыдан бастапқабілеттердің әрекетте
дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта
қарастырылатын болды. А.Н.Леонтьев басқа ғалымдардың қабілеттерге берген
анықтамаларына қосыла отырып, оларды дамытудағыәлеуметтік жағдайлардың
шешуші роль болатындығына назар аударады. Педагогикалық қабілеттерді арнайы
зерттеген Н.В.Кузмина оның құрамының үш түрлі қасиеттертобынан тұратындығын
анықтап, олардың бір-бірімен байланысын ашып көрсетеді.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін ойлау ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін,
жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге
ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің
ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.
Бастауыш сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты
дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша
оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен
өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы
ойлануға көшеді.
Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде
әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың
көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы
орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы
орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке
қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды
мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі
жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық
құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті
бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және
заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары
арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді,
өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге
(логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген
жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай
алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды
рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың
шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса
бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына
дәлел бола алады.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе
бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау
әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа,
белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя
білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір
тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және
мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой
нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті
атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ
адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке
бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез -
бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой
процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара
байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана
емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды,
тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі
әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт
беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ
танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның
осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді – ол не
заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және
біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау – синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр
түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру – бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен оқушылар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр
түрлілігін оңай табады.
Салыстыру – зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау – бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және
қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға
бөлінеді.
Жүйелеу – заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан
кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл – кішкене топтар да ортақ
белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің
бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ
ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз – жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану,
бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға
сай келетін белгілерін айрықшалау керек.
Мектептің міндетті оқу бағдарламысынан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Математика пәні мұғалімі
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуда шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалардың мысалдары
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету
Пәндер