Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Тұлға - әлеуметтік қатынастарлың субъектісі және объектісі ретінде 4
2. Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушы тараптар 8
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 11

Кіріспе
Адам - саясаттың субъектісі мен объектісі. Субъект - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері - ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам - құқық субъектісі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқықтық қатынас - бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады. Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі - мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.
Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды - нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас - бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.
1. Тұлға - әлеуметтік қатынастарлың субъектісі және объектісі ретінде

Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Марк Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мындай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады.

Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі - тарихи процестің басты бағыты.

Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:

а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді.

ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.

б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).

в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.

Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.

Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер - қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.

Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.

Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Жалпы мүдде, мақсат адамның қоғамда өмір сүру қызметінің қалыптасқан жағдайлар мен орындарын сақтау немесе оларды өзгерту үшін күреске жеке адамдарды жұмылдыратын шешуші себеп ретінде байқалады.

Мүдделердің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап-тілектерді білдіретін адамдардың қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.

Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.

Қажеттілік - объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.

Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.

Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.

Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,

Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.

Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.

Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз - ол жеке дара адам мен (индивидтің) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол - субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар туралы
Қылмыстық кодекстің 346 - бабында екі бірдей қылмыс
Сот төрелігі ұғымы және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы институты
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судья мәртебесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Сот жүйесінің даму мәселелері
Пәндер