Процессуалдық құқықтық кепілдіктер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастың ұғымы және элементтері 4
2. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны 4
3. Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру 5
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 10

Кіріспе
Азаматтық іс жүргізу ұғымы Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер: а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген; б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалар сот мәжілісіне іс қарауына қатысу құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға; в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және заңға сәйкес болу керек. ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі: бұйрық бойынша іс жүргізу істері; талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше іс жүргізу істері. Азаматтық процестің сатылары бұл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.
Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады: Іс қозғау сатысы. Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды: өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша; заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша. Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол бойынша сәйкесті ұйғарым шығарады. Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы. Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты - істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды: талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады.
1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастың ұғымы және элементтері
Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар: олар азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен тікелей белгіленген; ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы; бірлігі мен біріктік; ара-қатынасында. Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік-көмек көрсетушілік. Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады. Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-нің 52, 53 баптары) туындайды. Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы - билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі. Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
2. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы. Жалпы объект - сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде. Арнайы объект - нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы). Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны - азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез-құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
3. Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер. Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2-ші тарауында аталған принциптерге негізделеді. Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес: тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді); үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін); прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар; ҚР АІЖК 56,57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар; арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК 289-бабы) жатқызамыз. Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер - азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олар қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігі Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу. Азаматтық істерді сотта қарап шешуіне көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешілуіне үлкен үлесін қосады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латін сөзінде (principium - негіз, бастапқы) екі негізгі мағына білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру). Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік ғалым-заңгер С.С. Алексеевтің пікірінше принциптер - бұл құқықты тереңінен оның мазмұнын ашады. Принциптерде жалпы құқықтың, сондай-ақ оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристал-данады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қағидасы айыпталушының құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етудің кепілі ретінде
Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының іс жүргізу кепілдіктері
Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның құқығын қамтамасыз ету мәселелері
Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі
ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ СОТ ҚАУЛЫСЫНА ШАҒЫМДАНУ
Қылмыстық іс жүргізудің түсінігі, мәні, міндеттері
Қылмыстық процесс
Өртке байланысты қылмысты тергеу әрекеттері
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша меншік құқықтарын қорғау мәселелері
Пәндер