Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Баланс активінің құрасттырылу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау. 4
2. Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау 5
3. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау 6
Қорытынды 8
Пайдаланған әдебиеттер 9

Кіріспе

Бухгалтерлік баланс жекелеген счеттар қалдығынан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізгі үлгісі болып табылады.
Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге қарай жинақтап көрсетуді баланс деп атаймыз. Бұл анықтамада :
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзімі;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) сияқты элементтер қатысады.
"Баланс" - латын сөзі. Бұл сөз екі табақты таразы деген ұғымды білдіреді.
Үлгі - пайдаланушылардың талабына сай кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капитал және міндеттемелердің жағдайы мен олардың қозғалысын жинақтап көрсетуші қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттілігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар жекелеген көрсеткіштер (сызық жолдарға) баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі кәсіпорынның шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі - Баланс көрсеткіштеріндегі суммаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған соммалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер соммаларының дәлдігі туындайды. Несиелендірушілер кәсіпорынның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылары мен қожайындары таза пайда мен жұмыс істеуге ынталы болады. Яғни, есепті жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік баласта жазылуы керек. [7, б. 142]
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді: сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп атай келіп, капитал айналысының кезеңдеріне тікелей байланыста көрсетікштерді оқуға болады.

1. Баланс активінің құрасттырылу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келліп түсуі,оны сатып алу және оның құрылуы да , кәсіпорынның өзінің де , қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасында ғы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп беруі ағымдағы активтердің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаның қамтамасыз ету үшінөзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және комерциялық несиелермен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезде меншікті және қатынасты настырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады , себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның каржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай , сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды.Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэфиценті ,автономдық коэфициенті ) бірәқ оның мәні бір ғана бұл коэфициентке қарап кәсінорын сырттан тартылған қаржының қаншалықты тәуелсіз екенін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэфицентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға болумен анықтайды
Ктс =Мк : Ак
Мұндағы : Ктс - тәуелсіздік коэффиценті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффиценттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екеніндігін көрсетсе ; алдағы уақытта қаржылық қиындықтарының азаятындығын көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды . Себкбі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрлымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер бұл осындай құрлымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінң кепілдігін жоғарлатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамассыз етіліп, нарық жағдайыннда алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінген табысты тікелй қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиценттерінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуелсіздігі төмен болады : өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүмкіннің жартысы кейбір себебтермен құнсызданған болса да, өзінің қарыз міндеттемелерін жабуға болады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттың міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).
2. Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау
Әрі қарай, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.
Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет. Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағымдағы активтерді талдау
ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Компания активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру
Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы
Қысқа мерзімді активтердің айналымын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Фирманың ағымдағы шығындарын басқару
Қырғыз асханасын жобалау. Қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Компанияның баланс өтімділігін талдау
Пәндер