Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері. 4

2. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде. 5

Қорытынды10

Пайдаланған әдебиеттер11

Кіріспе

Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер ммен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекетпен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.

Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік ретту барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдланылды. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтіретін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете аалды. бұндай мемлекеттік құзіретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекеттің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістерінің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Талаптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

1. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері.

Кез келген азамат, тіптен кәмелетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. Бірінші кезекте олар азаматты кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттігімен байланысты.

Кез келген адам кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын меншік иесі бола алады. Бұл шарт орынды, егер оның меншігі сыйға тарту нәтижесінде пайда болса. Басқа мәмілеге қатысу үшін азаматтық әрекет қабілеттілік болуы керек. Меншікті өзінің жалданбалы еңбегін сату нәтижесінде иемденген жағдайда қызметкерге қойылатын талап еңбек заңнамасында анықталады. Кейбір мәмілелер, мысалы жылжымайтын мүлікпен мәміле, тіркелуге тиіс. Бұл оның заңды болуының міндетті шарты. Басқа жағдайларда мүлік арнаулы тіркеуге алынады. Бұл автомобиль, катер, т. б. көлік құралдарын иемденгенде болады. Бұл тіркеудің азаматты кәсіпкер ретінде тіркеумен ешқандай қатысы жоқ.

Азаматты жеке дара кәсіпкер ретінде тіркеу жеке дара кәсіпкер туралы Заңда белгіленген. Тіркелуге өзі бару керек және жеке дара кәсіпкер ретінде есепке алу азаматтың тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жүзеге асырылады. Жоғарыда аталмаған жеке дара кәсіпкерлер жеке дара кәсіпкер ретінде өз қалауы бойынша тіркелуге құқылы. Сол себепті, оларда мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі бола алмайды.

Жеке дара кәсіпкерліктің түрлеріне жеке кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Жеке кәсіпкерлікті бір азамат өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке дара кәсіпкерлер) өздеріне ортақ меншік құқығында тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған бірлесіп билік етуге жол беретін басқа құқық арқылы жүзеге асырады.

Өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік ортақ бірлескен меншік (ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын жайға ортақ меншік) немесе ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғарғы абстрактілігімен және формальділігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың қажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді, соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі. Қазақстан Республикасының заңнамасының заңнамасы өз атынан әрекет ететіндей құқығы бар мемлекеттік меншіктің екі субъектісін қарастырады: бүтіндей Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөліністер. Яғни, азаматтық айналымда бұл субъектілер мемлекеттік меншік құқығын көтеретіндер болып саналады. Атқарылатын міндетке қарай мемлекет аталған субъектілердің біреуінің атынан меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс заңды тұлғалар емес. Бірақ, мемлекетке және әкімшілік - аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, қолданылады. (АК - ның 114 - бабы) . Қазақстан Республикасы және әкімшілік - аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретінде АК-ның және басқа азаматтық заң құжаттарының заңды тұлғалардың азаматтық айналымға қатысуын анықтайтын нормаларының шеңберінде әрекет етеді. Бұлар, бәрінен бұрын, шарт жасасу тәртібі, келтірген зиян үшін жауаптылық, меншік құқығы жайындағы АК-ның жалпы сипаттағы баптары. Бұл жалпы ережеге жатпайтындар да бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мәртебелерінің ерекшеліктерін және құқық өкілеттіктерінің ауқымын ескеру қажет. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөлініске заңды тұлғаларды тіркеу туралы нормалар таралмайды. Бұл субъектілер қандайда бір есепке тіркелусіз, Конституциямен конституциялық заңдар негізінде әрекет етеді. Екіншіден, АК - ның өзіндегі бірқатар баптар Қазақстан Республикасы қатысатын құқықтық қатынастарға жатады немесе оған қандай да бір азаматтық - құқықтық міндеттемелер жүктейді (АК-ның 9-бабының 5-т, 104-бабының 6-т, 266-бабы) .

2. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде.

Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс, ерекше субъектілер ретінде, азаматтық құқық қатынастары субъектісінің барлық құқытарына ие және құқықсубъектілікте тек күшіндегі заңдармен ғана шектеледі. Заңнамада анықталған жағдайларда, әкімшілік - аумақтық бөлініс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет мүддесін білдіре алады. Қазақстан Республикасының смемлекеттік өкімет билігі мен басқару органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң актілерінде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленген құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады(АК-ның 111-бабының 2-тармағы ) .

Үкімет бұл контексте алғы шепте тұр. Оның құқықтық мәртебесі 18. 12. 1995 жылғы №2688 “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы”Конституциялық заңда белгіленген. Осы Заңның 9 - бабының 8-тармақшасына сәйкес Үкімет “ммелекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнінде шаралар қарастырып оларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншік құқығының қорғалуын қамтамассыз етеді”. Яғни Үкімет мемлекеттік меншік субъектісі ретінде мемлекет атынан өкілдік ала алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік мүлікті иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты кез келген әрекетті жасай алады, мәмілелер жасайды, мемлекеттік мүлікті бөліп таратады және қайта бөледі.

Үкімет жүйесінде Қаржы министрлігінің орны ерекше. Мемлекеттік меншік субъектісінің көптеген функцияларын :Үкімет Қаржы министрлігіне берген. Мысалы, республикалық қазынаның қаражаты ҚР Қаржы министрлігінің қарамағында болады, ол оған мемлекет атынан билік жасайды. Бұл функцияларды тікелей Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті орындайды. Ол Үкіметтің 1999 жылғы 24 мамырдағы N626 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы Ережесінің негізінде әрекет етеді. Қазынашылық комитет республикалық бюджетті орындау және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есептік - кассалық қызмет көрсету, мемлекеттік бюджет - қаражат пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттың мақсатты пайдалануына қаржылық бақылау жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асыратын орталық атқару органдары жүйесіндегі маңызды орынды мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік орган алады, оның аты да, ведомстволық бағыныштылығы да ауық - ауық өзгеріп тұрады. Меншік иесі функциясын өзге де орталық атқарушы билік органдары орындайды. Мысалы, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік иесі субъектісінің функциялары министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, ведомстволарға және министрліктердің кейбір департаменттеріне және Үкімет өкілеттік берген өзге органдарға жүктелген.

Заңнамада көзделген реттер мен тәртіпте Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК - ның 111 - бабының 2 - тармағы) . Мысалы, мемлекет қатысқан акционерлік қоғамға мемлекет атынан акционер - мемлекет функциясын орындауға уәкілеттік берілген тұлға тағайындалады,

Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар заң құжаттарында, ережелерде немесе сол органдардың мәртебесін анықтайтын өзге құжаттарда белгіленген өз құзіреті шегінде әкімшілік- аумақтық бөлініс атынан әрекет етіп мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер иемдене алады, сотта оның мүддесін қорғай алады. Заңнамада көздеглген ретте және тәртәпте, арнаулы тапсырма бойынша жергілікті мемлекеттік орргандар, заңды тұлғалар (мемлекеттік еместерді қоса) мен азаматтар да әкімшілік - аумақтық бөліністің мүддесін білдіре алады. Мысалы, әкімшілік - аумақьық бөлініс қатысқан акционерлік қоғамға әкімшілік - аумақтық бөлініс атынан акционер - әкімшілік - аумақтық бөліністің мүддесін қорғауға құқық берілген тұлға тағайындалады. Заңнама тікелей сондай құқық берген мемелекеттік органдармен заңды тұлғалар ғана әкімшілік - аумақтық бөлініс атынан азаматтық құқық қатынастарына кіре алады. Азаматтық айналымда әкімшілік - аумақтық бөлініс атынан әрекет жасай алатын билік және басқару органдарына, бірінші кезекте, маслихаттар, әкімат, атқарушы биліктің аумақтық органдары (облыстық әділет басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, мемлекеттік мүлікті басқары жөніндегі аумақтық комитет ) жатады.

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:

  1. Заңдылық - кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы конституциясының, кәсіпкерлік кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
  2. Кәсіпкерлік еркіндігі - әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
  3. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі- Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік нысанына және кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерге ие болады.
  4. Меншікке қол сұғылмаушылық -кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік беріледі. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады. Сот шешімінсіз кәсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
  5. Адал бәсекелестік - бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
  6. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлік субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды және (немесе) қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.
  7. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік - мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен талаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
  8. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне оның негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру арқылы қол жеткізіледі.
  9. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру - кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік кодексте белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары сақтамаған жағдайларда, лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
  10. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы - құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипатына және ауырлығына сәйкес болуға тиіс.
  11. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі - мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін растайды. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс. Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілерінің берген нақты деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.
  12. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде «бір терезе» қағидатын қолдану көзделуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері
Азаматтық құқыққа қатысатын тұлғалар
Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Азаматтық құқықтың субъектілері туралы
Кәсіпкерлік құқық негіздері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі туралы
Кәсіпкерлік құқық
Кәсіпкерлік құқықтың пәні мен әдісі
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz