Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Жасөспірімдерді түзету әлеуметтік мәселе ретіндегі туындауының теориялық негіздері. 4
2. Әлеуметтік педагогтің білім беру мекемелерінде девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізетін жұмыстарының әлеуметтік-психологиялық, психотерапевтік,құқықтық және түзетушілік бағыттары 5
3. Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету. 7
Қорытынды 8
Пайдаланған әдебиеттер 9

Кіріспе
Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі оқу-тәрбиелеу үрдісінде және түзету педагогикалық іс-шарасында ең басты тұлға болып табылады. Ол айрықша педагогикалық ықыласты қажет ететін оқушылармен түзету педагогикалық үдерісін ұйымдастырады, нақты мазмұнын анықтайды және жүзеге асырады. Ол оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс орнатады, қарым-қатынасты түзетеді, балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің алдын алуға және жеңуге бағытталған нақты әдістер мен амалдарды іріктейді және қолданады.
Алайда, ғылыми зерттеулер мен мектептердегі педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кез келген мұғалім түзетуші педагогикалық ықпалдардың толық әдіс-тәсілдерін қолдана алмайды. 40-тан 70%-ға дейін мұғалімдер дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалардың әртүрлі санаттарымен тәрбиелеу және түзету жұмыстарын ұйымдастыруда қиыншылықтарға кездеседі.
Мұғалімнің кәсіби - педагогикалық әрекеті көпаспектілігімен және көпфункционалдылығымен ерекшеленеді. Мұғалім балалардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу барысында дефектолог, педагог-реабилитолог, әлеуметтік-педагог қызметтерін атқарады. Мұғалімнің түзету педагогикалық әрекеті біріңғай педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі боп табылады, ал мұғалім - оның белсенді қатысушысы. Сондықтан, оқу тәрбие үрдісі барысында баланың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтын алдын алу және жеңу міндеттерін жүзеге асыру үшін мұғалім педагогикалық үдерістің қатысушысы ғана болып қоймай, оны жүзеге асыруға педагогикалық, физикалық және интелектуалды, адамгершілік, ең бастысы-кәсіби тұрғыдан дайын болу қажет. Бір сөзбен айтқанда, жалпы білім беретін мектептердің әр мұғалімі қарапайым оқушылармен кәсіби - педагогикалық әрекетке дайын болуымен қатар, дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылыға бар балалармен де түзету педагогикалық жұмыс жүргізуге дайын болуы керек.
Педагогикалық әрекетке дайындық интегралды үлгі ретінде де, мұғалімнің жеке тұлғасының ерекше жай күйі ретінде де көрініс табады, бұл оның бірнеше компонеттерінің өзара әсері кезінде көрінеді: мотивациялық - құндылықтылық, танымдық, операциялық-тәжірибелік, эмоционалды - еріктік және рефлекстік.Мінез-құлықты түзету ауытқушы мінез-құлықты тұлғаға психологиялық ықпал етудің ең адекватты және тиімді формаларының бірі болып мақұлданған. Ол тікелей мінез-құлықты өзгертуге бағытталған және айқын тәжірибелік сипатта болады. Бихевиоризмнің пайда болғаннан бері және бүгінгі таңға дейін тұлғаның мінез-құлқы көбінесе сыртқы әрекеттермен байланыстырылады. Қазіргі таңда ол классикалық мінез-құлық теориясы, необихевиоризм, танымдық әдіс, әлеуметтік ілім теориясы, нейропсихология, копинг-теория секілді бірнеше бағыттың синтезі болып табылады.

1. Жасөспірімдерді түзету әлеуметтік мәселе ретіндегі туындауының теориялық негіздері.
Қазіргі уақытта әлемдегі барлық проблемалар түптеп келгенде экономикалық қал - жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте экономикалық жақтан гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қай - қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен топтар кездеседі. Айталық, ертедегі Спарта қоғамында ауру туған балаларды өзіне де, басқаларға да зиянынан басқа пайдасы жоқ - деп дереу көзін жойып жіберген. Батыс Еуропа мемлекеттерінде және АҚШ - та ерекше көмекке мұқтаж адамдарды бір ұйымға біріктіріп, проблемалы адамдарға немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар деген мәртебемен барлығына бірдей өмір сүру шарттарын түзіп, кемістіктері мен ауытқуларына қарай әр түрлі іс шаралар қарастырылады.
ЮНЕСКО - есептеуіне сүйенсек, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны жылдан- жылға көбеймесе азаймайды екен. Осылайша қоғамда әдеттегі қалыпты дамыған адамдар мен қатар, одан ауытқыған адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады. Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болған, мысалы, қылмысқа барған, ұрлық , қарақшылық зомбылық, маскүнемдік, нашақорлыққа салынған. Алғашқылардың арасында қоғамға пайдасынан зияны көп тиетіндері ерекше әлеуметтік қадағалу мен тәрбиені талап етеді. Сондықтан бұл жерде сол қалыптан тыс теріс ауытқудағы адамдармен жұмыс істеу қарастырылады.
Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті іске баратындар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, заңсыз әрекеттерге баратын алаяқтар мен ұрылар, басқа да заң бұзушылар қалыптан ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында бұнда әрекеттерді девиация (ауытқу - отклонение).Ол кезегінде істелген іс - әрекеттің сипатына және қоғамға тигізген зиянына байланысты, бірнеше топқа жіктеледі: Девиантты, деликвентті және криминалды жүріс - тұрыс.
Девиантты жүріс - тұрыс - бұған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс - тұрыс ережелерін бұзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады.
Делинквинтті жүріс - тұрыстың девиантты қылықтардан айырмашылығы - тәртіп бұзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, тұрақты мінез - құлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не жазалауға істеген күнәсін дәлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді. Деликвинтті жүріс - тұрыс түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:
Белгілі бір тұлғаны кемсіту мақсатында істелген қаскүнемдік пен зорлық, қорлау, ұрып - соғу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру.
Жеке басының мүддесі ұсақ - түйек қылмыстар жасау, мысалы, ұрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай дүниесін тартып алу , т.б.
Наша секілді зиянды заттарды тарату және сату.
Криминалды жүріс - тұрысқа құқық бұзғандар жатқызылады. Қылмыстары девиантты немесе деликвинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған.
Девиациялық мінез - құлықтың қалыптасуы қоғамдық ортаның әсерін зерттеген фр. Психологы Э.Дюркгейм (1858 - 1917) Анома теориясын жасаған . Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бойынша қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор - ондағы адамдардың береке бірлігіне байланысты.
Жеткіншек балалар арасындағы девиант және оларға әлеуметтік - педагогикалық көмек. Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер арасындағы девиацияның басты себептері осы жас кезеңіндегі ерекшеліктерімен байланыстырады, өйткені жеткіншектер қоғамдағы жақсы жаман нәрселерді барлығын лакмус қағазындай өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін өтпелі , тұрақсыз , күрделі дейді.
Әлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. П.Смелзер: девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғмды анықтауда қосымша, дәлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон Әлеуметтік құрылым және аномия атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың әр алуан түрлерімен В.Фокс девиантты мінез-құлық тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға емесе басқа жазаға тартуға әкелетін, нормадан ауытқу деп есептейді. Бұл анықтамалар девиантты мінез-құлық ұғымының мазмұнын едәуір тарылтады, өйткені әлеуметтік-құқық саласының аз ғана бөлігін қамтиды.

2. Әлеуметтік педагогтің білім беру мекемелерінде девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізетін жұмыстарының әлеуметтік-психологиялық, психотерапевтік,құқықтық және түзетушілік бағыттары
Жеткіншек жастағы қылмыскер балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. Жеткіншек арасындағы қылмыстың үдей түсуіне байланысты мемлекеттік,қоғамдық, әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда практик психологтың қызметі
Жеткіншектердің бойында көрініс беретін девиантты мінез–құлықты түзету және оның алдын алу ерекшеліктері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Пәндер