Типтік операцияны енгізу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Типтік операция режимі. 4
2.Типтік операция артуын түзету. 4
3.Типтік операцияны енгізу. 5
4.Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу. 5
Қорытынды 7
Пайдаланған әдебиеттер 8

Кіріспе

Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп - бұл негізінен прогрессивтік құралдардың көмегімен және бухгалтерлік программалар негізінде жұзеге асатын компьютерлік есеп. Бухгалтерлік программа адамзат қызметі саласының кәсіби функцияларын автоматтандыру үшін жеткілікті күрделі құрал болып табылады.
"Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру" пәні бухгалтерлік есептің тұрлі бөлімдерінде компьютерді қолдану мүмкіндіктерімен таныстырады.
Пәннің негізгі мақсаты - бухгалтер жұмысының автоматтандыруына бағытталған, қазіргі уақытқа сай құралдарын игеру.
Кез-келген кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті автоматтандыру ондағы бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңде бухгалтерлік ақпараттық жүйелер кәсіпорынның ішінде жазылмай, көбінесе сырттай сатып алынады. Бірақ дайын бухгалтерлік программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін ескеруі мүмкін емес.
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің құрылымы иілгіш және ашық болуы тиіс, яғни, жүйелердегі қажетті тұзетулерді енгізу мүмкіндігі жоғары болуы керек. Бухгалтерлік ақпараттық жүйені таңдау көп факторларға байланысты: меншік формасына,кәсіпорынның көлеміне және т.б Есеп мәліметтерін өңдеудің аса тиімді формасы- автоматтандырылған жұмыс орнын Ұйымдастыру. Олар иілгіш және сенімді бухгалтерлік жүйелерді құрып, ақпараттық ресурстарға деген қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.

1. Типтік операция режимі.
Типтік операция режимі проводкаларды журналға енгізу барысында күнделікті бухгалтердің жұмысын автоматтандыруға арналған құрал.Жұмыс барысында біртектес проводкалардан тұратын, біртектес шаруашылық операциялардан тұратын, біртектес шаруашылық операцияларын жиі енгізіп отыру қажеттігі туады. Мысалы, тауарды сату барысында тауардың өзіндік құны мен ҚҚС бөліп көрсету тағы с.с. Осындай операцияларды енгізуді жеңілдету үшін программа пайдаланушының көмегімен олардың сценарийі жазылған типтік операция тізіміне тіркеледі.
Типтік операция менюдің Әрекет (Действия) пунктінен Типтік операция (Типовые операции) бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Экранға типтік оперция тізімі шығады.
Тізімі қарап шығуға және түзетуге оңай болу түшін арнайы топқа біріктірілген. Типтік операциялар тізімінде сол жағында --- топтар белгісі бейнеленген. Бірінші бағанада типтік операция үлгісінің тобы мен атауы көрсетілген. Сол жақтағы бағана - жұмысшы, онда әртүрлі шартты белгілер мен типтік операция үлгісі тізімінің жолдары көрсетілген.
--- бұл жол типтік операция үлгісінің қалыбы болып есептеледі. Қалып операцияларды енгізу үшін қолданылады.
--- бұл жол типтік операция үлгісі тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы типтік операция тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін типтік оперция үлгісін таңдауға болады.
--- типтік операциялар тізіміндегі сатылы түрді көрсетуді алып тастаған топтардың тақырыбы.
Қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Қарап шығатын топтардың сатылы деңгейіне байланысты ашық топтар жолы бірнеше болуы мүмкін. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады.
2.Типтік операция артуын түзету.
Типтік операция артуын түзету үшін менюдің Әрекет (Действия) пунктінен Өзгерту (Изменить) командасын таңдау керек. Немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын немесе пернелер тақтасынан Shift+Enter пернесінің қосындысын басу керек. Түзетуді аяқтау Enter пернесі немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын басу арқылы орындалады. Түзетуден бас тарту үшін Еsc пернесін басу керек.
Типтік операция тобын құру.
Типтік операцияға жаңа жол енгізу келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
* Типтік операция терезесіндегі құралдар панелінен --- кнопкасын немесе
* Ctrl+F9 пернесінің қосындысы немесе
* Менюдің Әрекет (Действия) пунктінен Жаңа топ (Новая группа) командасын тандаңыз.
Егер тізімге енгізілген жаңа типтік операция тобы нақты бір топқа жазылу керек болса, онда алдын ала сол топқа өту керек. Типтік операциялар тізіміне жаңа топ үшін автоматты түрде жаңа жол қосылады. Осы жолға топ атын теру керек. Топ аты 80 символдан аспауы және типтік операция тізімінде қайталанбауы тиіс. Топ аты терілгеннен кейін Enter пернесін басу керек.Жаңа топ құрудан бас тарту Еsc пернесі арқылы орындалады.
Типтік операцияны және типтік операция тобын жою үшін курсорды жойылатын элементке қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
* Del пернесін басыңыз немесе
* Менюдің Әрекет (Действия) пунктінен Жою (Удалить) командасын таңдаңыз.
Экранға шыққан типтік операцияны жою туралы сұранысқа Иә деп жауап бергеннен кейін типтік операция жойылады. Егер типтік операция тобы жойылатын болса, экранға Типтік операция тобын жоюды орындау қосымша сұраныс терезесі шығады. Иә деп жауап бергеннен кейін осы топқа кіретін барлық типтік операциялар жойылады.
3.Типтік операцияны енгізу.
Операцияларды енгізу үшін типтік операция жазылған тізімнен керекті операцияны таңдап келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
* Операциялар үлгісі тізімінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
* Менюдің Әрекет (Действия) пунктінен Типтік операцияны енгізу (Вести типовую) командасын таңдаңыз.
Нәтижесінде экранға деректемелерді енгізу сұранысы шығады. Мұндай деректерге операцияның күні, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
Бухгалтерлік есепті 1С Бухгалтерия жүйесінде жүргізу
Қызметкерлер мен қызметкерлерге артық жұмыс уақыты төлемдері
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
Бухгалтерия 1С. Программаның жалпы принциптері
Микропроцессорлардың құрылымы
Экономикалық қызметтiң орталығы
Машина – трактор паркінің құрамын негіздеу және пайдалануды жоспарлау
Дербес компьютердің құрылымы туралы
ЭЕМ-ң архитектурасы
Пәндер