Жарық өмір Тәңірінің сыйы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Тақырыбы : Жоғары құдай Тәңірі - көк идеясы және Тәңіршілдік

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Жоғары құдай Тәңірі - көк идеясы және Тәңіршілдік

IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Көне түркілер, Көне түркі халықтары -- б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған деп пайымдалады. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: "Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкөлдің жағасы, Аңғара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрған. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкөл өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатқан"126. Яғни көне түркілердің жері мен оның шекарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Мақмұт Қашқаридың "Түркі тілдерінің лұғатында" былай деген: "Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!" Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, "Өз қосыным" деп атаған. Оған қоса, "түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар" деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Мысырға дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Мақмұт Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезар мен Ескендірді емес, ғұн патшасы Аттиланы "Құдайдың қамшысы" деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі - олар ағылшындар мен ғолландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ.
Ертедегі тұрандардың (түркілер, хиондар) Тәңір немесе табиғат діні б.д.д. VIII - V мыңжылдықтар арасында аңшылық дәуірде пайда болды. Ол қазіргі белгілі діндердің ішіндегі ең көнелерінің бірі болып саналады. Тәңір діні пайда болған кезде адам зұлымдық пен қайырымдылықты ажыратып бөлген жоқ, тіпті зұлымдықты білмеуі де мүмкін. Ол кезде адамның барлық дүниетанымы олардың арасындағы қарым-қатынастарға емес, табиғатқа бағынышты болғандықтан ол табиғат діні. Бұл дінді ұстанған түркілер аспанға, күнге, жұлдыздарға - яғни Тәңірге, сонымен бірге жер мен суға немесе Ұмайға табынды. Бұл дінде адамдарды қасиеттеріне қарай бөліп тұратын қайырымдылық және зұлымдық деген атымен жоқ. Яғни, бұл діннің негізгі мақсаты соңынан пайда болған зороастризм дініндегі немесе одан кейінгі жалпы философияның негізгі мақсатына айналған зұлымдықпен күресу кездеспейді. Көшпенділік дәуірде яғни б.з.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған зороастризм діні, оның пайғамбары Заратуштраның (санскриттан ауданы - "Түйесі кәрі") атынан шыққан. Сол заманда тұрандықтар Тәңір дініне сенсе, үндіирандықтар және олардың ішіндегі көшпенді арийлер (ауданы - малдың иесі, малшы) зороастризм дініне сенді. Оларды күнге табынушылар деп атайды. Зороастризмге дейін осы тайпалардың барлығы Тәңірге сенуі мүмкін. Себебі Ұлы далаға б.д.д. IV-III ғғ. үндіеуропалықтар келгенге дейін оны мекендеген байырғы тұрғындар - тұран тайпалары, оның ішінде ғұндар күнге табынғаны тарихтан мәлім. "Ғұндар өздерін Күннің ұлдарымыз деп санаған" дейді Сымь-Цянь. Басқа тарихшылар да осыны айтады. Ғұндар өздерінің хандарын шаньюй, сосын тяньжу деп атаған. Олар қытайдың басшыларына жазған хаттарына: "Ғұндардың тағына Аспан, Күн және Айдың ұлықсатымен отырған Ұлы тяньжу" деп қол қойған.

Тәңір -- ежелгі түркілер, оның ішінде қазақтардың сенген бағызы монотеистік Құдайдың аты. Ол табиғат құбылысын, әлем құрылысын басқаратын, адамдарды өмірге жетелейтін құдіретті тылсым ие. Тәңіршілдік ең ежелгі табиғи сенім. Онда пайғамбар жоқ, әркім өз адами деңгейінде Тәңірін тани алады, сеніп, медет ете алады. Оның кітабы жоқ, осы дүние Тәңірінің кітабы. Жарық өмір Тәңірінің сыйы. Демен осы дүниеде батыл да дана өмір сүру Тәңірінің еркін медет етуден қолдау алады. Тәңір бірегей, әрине ол философиялық мағынадағы бір, не көп емес, бірақ біртұтастық. Ол дүниемен біртұтас және дүниеден, өмірден жоғары құдірет. Табиғат заңдары Тәңіріден бастау алады, Тәңірін тану табиғат заңдарын танумен бір мағынада. Сондықтан ол еркін өмір мен ғылыми, табиғи сенімге алып келді. Түркілер Биіктегі Тәңірі құдіреттің киелі ымында қара жер бетінде салуалы, батыл, қайсар, саналы ғұмыр кешуді Тәңірмен бірлік деп түсінді. Тәңір сенімінде о дүние жоқ. Тек осы жарқын дүние бар: таң және іңір диалектикасы. Ол үшін өмір бір реткі өзін көрсету, паш ету майданы. Өлім - ұйықтау, не ұша бару. Тағдырды - дүниенің ең жалпылық заңдарын тәңірі жасайды, адам сол заңдарды пайдаланып мына дүниеде ізгі де батыл адам болуы керек. Тәңірі сондайларды қолдайды, қорғайды. Кейбір дәстүрлі сенімдерде Тәңірмен бірге "Ұмай ана айтылады. Ол - молшылық, құт-береке мен кие құдай-анасы.

Тәңірі ұғымы Таң және Іңір сөздерінен қалыптасып, дүниенің қарма-қайшылық тұтастығының арғы тұтастырушысы ретінде түсініліп, біртіндеп киелі құдірет ретінде түркілік сенімнің қазығына айналған. Кейін Ислам діні келген соң да қазақтар және басқа ұлттар Тәңірі сөзін Алланың орнына еркін ауыстырып қолдана берді, бұл олардың Құдайдың сипатын таза Ибраһимдік діндер үлгісінде емес, көшпелілердің Тәңірі үлгісінде қабылдағанын білдіреді.
Таң және іңір
Өңдеу
Ертедегі түркі халықтарының Тәңірге сыйынғанын Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөкке арналған балбал тастардағы қашап жазылған жазулардан анық білеміз. Қазірге дейін Тәңір сөзінің этимологиясын іздеушілердің пікірі әртүрлі болып келеді.

Бірқатар жазушылар "Тәңір" "аспан", "көк аспан" деген ұғымды білдіреді дегенді айтады. Миф­тік аңыздар бойынша, "Таң" және "Іңір" деген екі періште кезектесіп, жердегі тіршілікті күзетеді екен, "Таң" күн ұйықтар орынға кеткенде "іңір" оның орнына күзетке тұрады деген ұғым қалыптасқан. Соған орай "Тәңір" делінген дейді.

Біреулері Тәңір "Таң" + "Ра" сөздерінің қосындысы, "таң" - атқан таң, ал "ра" ертедегі күн құдайы (Египет). Міне, осыдан "Танра" делініп, "күннің таң атуы" дегенді білдіреді дейді.(толықтырып жазу керек)

Тәңір сөзі екі түбірден: "таң" және "ерте" деген сөздерден тұрады дейтіндер де бар.(толықтырып жазу керек)

"Таң" күннің шығар уақыты, ал "ер" күллі түркі тілдерінде, ер, ержүрек, еркек, батыр деген мағынаны білдіреді дейді, кейбіреулер. (толықтырып жазу керек).

Сондай-ақ Тәңірі атауы екі сөзден: Таң және жер (йер, немесе кир) сөздерінің бірігуі арқылы жасалғанын жорамалдайтындар бар.

"Тәңір" сөзі қытайдың "Тян" - "аспан" деген сөзінен туындаған деп әсіре сілтеушілер бар. Бірақ ежелгі ғұндар (патшалары ТӘңірқұт делінген), көне Түркілер өз Құдайын қытайдан алмайтыны, бұл ұғым тым ежелгі және тұран халықтарына бірдей танымал екені белгілі. Сондықтан бұл пікір мүлде қисынсыз, бәлкім Ғұндарға бағынған Қытайлар бұл ұғымды көшпенділерден алып, өздерінше таңбалаған болуы керек. Тәңірді қытаймен байланыстырушылар көбіне Ислам дінінің әсіре бағытын ұстанғандар болып келеді, олар нақты дәлел келтіре алмаса да, түрлі қиысындар жасап, Тәңіріні қазақтан алыстатып, сол арқылы Алланы сақтағысы келеді.

Тәңір сөзі ежелгі Шумерлерде "Зеңгір" деп аталғаны белгілі, ол "зеңгір ааспан" нұсқасында Қазақ тілінде сақталған.

Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғат-ит-түрік" деген түрік сөздігінде: - Таң-таң - таң; таң атар шақ, таң атты. - Іңір-іңір-іңір. Жарық пен қараңғылықтың өзара шарпысып астасуы, деп берілген.

Демек, қоырыта айтқанда, "Таң" - бұл таң атуы, ол күн алғаш шыққан сәттегі сәулесінің, жарығының, нұрының жер бетіне көріне бастауы, аңғарылуы. Жарықтың шығуы, көтерілуі, жоғары көтерілуі. Осы жерде, "ғалымдар мифтік аңыздар арқылы, тәңір этимонын "та" "жоғары" дегенді білдіретін тау, төбе, тақа, таңдай, тамақ, таңқы, таңқы мұрын танау, тамыздық, тамшы т.б. көптеген сөздер арқылы, ал, - ің - "төмен" дегенді білдіретін: еңіс, еңкіш, еңбек, еңсесі түсу, еңіреу, ін, үңгір т.б. сөздер арқылы түсіндіреді" дегенді есепке алсақ, ал "Таң" сөзіндегі "аң" - "жарық", "сәуле", "нұр" дегенді білдіреді.Шумерлердің Ан, Анну деп аспанға сыйынды делі­нуі,сондай-ақ біздегі "Ана" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ТҮРКІЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР
Тарихи ономастикалық кеңістік (Х-ХІV ғғ. түркі жазба ескерткіштері негізінде)
Тасаууф ілімі
Талантты шыңдау жолдары
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Қазақ топырағында қалыптасқан философия
Пәндер