Абсурд ойшыл



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

СӨЖ

Тақырыбы : Альберт Камью

Жоспар

1. Өмір баяны
2. Соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғалары
3. Философиялық идеялары
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Альберт Камю (фр. Albert Camus, 1913 -- 1960) -- экзистенциализм бағытындағы француз жазушысыжәне философ, тірі кезінде-ақ батыстың ар-намысы деп құрметтелген, Нобель сыйлығының әдебиетбойынша 1957 жылғы лауреатыАлжирдегі өмірі.Альберт Камю 1913 жылы 7 қарашада Франция отарындағы Алжирде, нақтап айтқанда Мондови жеріндегі Сан-Поль фермасында дүниеге келген. Әкесі Люсьен Комю, арғы атасы Эльзастық болып, шарап өндіретін фирмада жұмыс істеген. Әкесі І дүниежүзілік соғыс уақытында жеңіл жаяу әскерде қызмет етіп, 1914 жылы Марне жердегі ұрыста ауыр жараланып, лазаретте қайтыс болады. Анасы Кутрин Сантэ, ұлты испандық, жартылай саңырау және сауатсыз кісі болып, Алжир қаласының Белкур ауданына екі ұлы Альберт Камю және оның ағасы Люсьен Камюмен көшіп келіп, әжесімен бірге кедейлікте өмір сүреді. Кутрин отбасын асырау үшін алғашында фабрикада жұмыс істесе, кейін тазалықшы болып нәпақа табады.1918 жылы Альберт Камю бастауыш мектепке түседі және 1923 жылы мектепті үздік тамамдайды. Ол кезде тұрмыс тым жапалы болғандықтан, Алжирде оның жасындағы кедей отбасының балалары оқуды тастап, отбасына көмектесу үшін түрлі қара жұмыстар істеуге мәжбүр болады екен. Дегенмен, бастауыш мектеп мұғалімі Луи Жермен Камю отбасына Альберт Камюдің міндетті түрде оқуды жалғастыруы керектігін түсіндіріп, үлкен болашағы бар бала екеніне сендіреді. Сол Луи Жермен Камюді лицейге түсуге дайындайды және оқу жәрдемақысын алуына да көмектеседі. Осы ризашылық үшін кейін Альберт Камю Нобель сыйлығын алу сәтіндегі сөзін үлкен құрметпен мұғалімі Луи Жерменге арнаған болатын.

1857 жылы Маршал Рандонның Алжирге келуі
Лицейде Камю француз мәдениетімен терең танысады, өте көп кітаптар оқиды. Футболмен де шұғылданып, Racing Universitaire d' Alger клубының жастар командасында ойнайды. Спортпен шұғылданып, командада ойнау Камюдің мораль және парыз мәселесіне назарын аудартады. 1930 жылы Камюден құрт ауруы (туберкулёз) анықталып, оқудан қол үзеді, командадан да шеттетіліп (футболға деген махаббатын өмір бойы сақтады), бірнеше ай санаторияда өткізеді. Кейін толық сақайғанымен, бұл аурыудың зардабы оның өміріне жаман әсер етеді. Денсаулық жағдайына байланысты ол екі жыл бойы дипломнан кейінгі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмады және дәл осы себеп бойынша әскерге шақырылмады.
1932-1937 жылы Альберт Камю Алжир университетіне түсіп, философия мамандығында оқиды. Университетте ол өте көп кітаптар оқыды, күнделіктер жазумен болды, эссе жанырында қалам тербеді. Сол уақыттарда ол Андре Жид, Фёдор Михайлович Достоевский, Фридрих Ницше ықпалына қатты ұшырады. Оның жазушы және философ досы Жан Гренье жас Альбер Камиюдің қалыптасуына айырықша әсер етті. Камю сабағын оқып жүріп түрлі жұмыстар істеуге мәжбүр болады және бірнеше рет жұмыс ауыстырады: жеке мұғалім, бөлшек сатушысы, метеорология институтында ассистент. 1934 жылы экстравагантті он тоғыз жастағы қыз - Симоне Ийеге үйленеді, ол морфинист болған екен. Кейін, 1939ж. олар ажырасып кетті.

Альберт Камю
1935 жылы Альберт Камю бакалавр дәрежесін алады және 1936 жылдың мамырында философиямагистрі дәрежесін алады. Ғылыми жұмысының тақырыбы: "Неоплатонизм және христиандық ой" - Плотиннің Августин теологиясына ықпалы туралы болды. Сол жылдары Бақытты ажал повестін жаза бастады. Бұл кезде Камю экзистенциализм мәселелеріне назар аудара бастаған болатын: 1935 ж Л.Шестов, Мартин Хайдеггер, Карл Ясперстің шығармаларын зерттеді; 1936-1937 жылы А.Мальроныңабсурттық өмір идеясымен танысты.
Альберт Камю университеттің жоғарғы жылдығында социалистік идеяға бой ұрды. 1934 жылы Ауструндағы көтерілісті жақтады және 1935 жылы көктемде Франция коммунистік партиясына мүше болды. Бірақ бұл партия сапында бір жыл шамасында ғана болды, өйткені оның Алжирлік халық партиясымен байланысын үзбегені білініп, троцкиші деп айыпталды және партиядан шығарылды.
1936 жылы А.Камюдің жеке белсенділігімен Еңбек театры (фр.Theatre du Travail ) ашылды. 1937 жылы ол Команда театры (фр. Théâtre de l'Equipe) деп қайта аталды. Ол Достоевскийдің ең маңызды романының бірі Ағайынды Карамазовтар желісімен көрініс ұйымдастырды және Камю өзі "ақыл" тұлғасы Иван Карамазов рөлінде ойнады. 1936-1937 жылдары денсаулығын түзеу мақсатында, әсіресе асқынған туберкулозды емдеу мақсатында Альпі тауына барды және жолай Франция, Италия, орталық Еуропа елдеріне саяхатта болды. 1937 жылы Сыр мен сымбат (сөзбе-сөз: астары және беті) атты тұңғыш эсселер жинағы жарық көрді.
Университет бітірген соң біраз уақыт Алжир мадениет үйін басқарды. 1938 жылы Жағалау журналының редакторы болды. Кейін опозициялық Альжен републикен ("Algen Republіcaіn") және Суар републикен ) газеттерінде саяси шолушы және редактор болып жұмыс істейді. Сол кездерде Камю әлеуметтік саясатты жақсартуды, Алжир еліндегі арабтардың дамуына көмектесуді жақтады. Алжир, Суар газеттері екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда цензурамен жабылды.
Соғыс жылдары Камю бар уақытын эссе және публицистика жазумен өткізді. 1938 жылы Неке атты кітабы жарық көрді. 1939 жылдың қаңтар айында Калигула пьессасының бірінші нұсқасын жазып бітті.
1940 жылдары Суар Республикен газеті жабылған соң, математика оқытушысы, болашақ жары Франсин Формен бірге Оранға көшіп барды және сонда жеке сабақ берумен айналысады. Кейін екі айдан соң Алжирден Парижге қарай көшеді.
. Соғыс кезінде[өңдеу]
Парижге келген соң Альберт Камю Пари-Суар газетінде техникалық редактор болып жұмыс істейді. 1940 жылы мамыр айында Бөгде шығармасын жазып аяқтайды.1940 жылдың желтоқсан айында Пари-Суар газетіндегі жұмысынан кетіп, басып алынған елде тұрғысы келмейді де, қайтадан Оранға көшіп барып, мектепте француз тілінен сабақ береді.
1941 жылы Сизиф туралы аңыз шығармасын жазып болады. Кейін Камю ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Қарсыласу қозғалысының белсенді мүшесі болды және Айқас газетінде астыртын атпен мақалалар жариялады.
1942 жылы Бөгде жарық көрді, ал 1943 жылы Сизиф туралы аңыз басылып шықты. 1943 жылы Айқас газетінің бас редакторы атанады. 1943 жылы Галиммар баспа кешенінде жұмыс істейді. Соғыс кезінде лақап атпен жазылған Неміс досыма хат атты шығармасы жарияланды.

Нобель әдебиет сыйлығы
1943 жылы әйгілі жазушы Ж.П.Сартрмен танысып, оның қойылымдарына қатысады.
1944 жылы Оба атты романы жазылып бітті және тек 1947 жылы ғана басылып шықты.
1947 жылы Камю отбасында егіздер Жан және Катрин дүниеге келеді.
Оған 1957 жылы әдебиеттегі сүбелі үлесі үшін Нобель әдебиет сыйлығы тапсырылды. Ал оның замандас, қаламдас, "бәсекелес" досы Ж.П. Сартр Нобель әдебиет сыйлығын алудан өз еркімен бас тартады.
Қайтыс болуы[өңдеу]

А.Камюдің құлыптасы
1960 жылдың 4 қаңтарнда Альберт Камю досы, баспагер Мишель Галлимардың отбасымен және баспагер жиені Гастон Галлимармен Прованстан Парижге машинамен қайтып келе жатқанда, Парижден жүз киллометр жердегі Вильблевен қалашығы маңында көліктері жолдан шығып кетіп ағашқа соғылады.[[1]] Бақытқа қарсы, Камю қатты соққыдан сол сәтте қайтыс болады. Рульде отырған Галлимер ауруханада жатып, екі күннен соң көз жұмады.[[2]] Бақытқа жарай әйелі мен қызы аман қалады. Жазушының жеке заттары ішінен аяқталмаған "Бірінші адам" повесі және қолданылмаған теміржол билеті табылды.[[3]] Сөйтіп, ұлы жазушы Альберт Камю Оңтүстік Франция Люберон ауданындағы Лурмарен моласына жерленді.[[4]][[4]]
2011 жылы Итальяндық газет Corriere della Sera дабыралы болжам жсайды: Советтік арнайы қызмет (КГБ) әдейі автоапатын қолдан ұйымдастырып, көліктің бір дөңгелегін жарып жіберіп, ұлы жазушының өлімін қасақана туғызған екен. Камю Венгрияға Совет одағының басып кіруін айыптағаны үшін және Борис Пастернакты жақтағаны үшін оған осы сұрқия қастандық жасалған көрінеді. Газет кісі өлтіру жоспарына тіке бұйрық беруші ретінде СССР сыртқы істер министрі Шепиловты (Dmitri Chepilov) атаған. Дегенмен бұл тұжырыммен келіспейтіндер француздардың арбаны тым қатты айдайтынын себеп етіп көрсетеді. 1957 жылы әйел жазушы Франсуаза Саган да осылай ауыр жол апатына ұшыраған болатын.[[5]]
Бірақ, Альберт Камюдің өзі арбаны тез айдағанды ұнатпапты. Ол "мен жылдамдықты сүймеймін, машинаны да ұнатпаймын" деген болатын. Ол Сизиф туралы еңбегінде былай жазған болатын: "абсурд кез келген бұрыштан, кез келген адам жағынан сурылып шығып бетіңе шапалақпен тартып кетуі мүмкін".
2009 жылдың қарашасында Францияның президенті Николя Саркози жазушының дене күлін Пантеонға ауыстырып жерлеуді ұсынғанымен, бірақ Альберт Камюдің ұлы бұл ұсыныстан бас тартты. Оның айтуынша, әкесі өмір бойы жалған атақты жек көрді, әлдекімдердің жасанды түрде қошамет етуін қаламайды деді.
Альберт Камю шығармашылықта үштік үлгіні ұнатқан: роман + эссе + пьеса. Оның философиялық идеясы "жалтару да, төтеп беру де мүмкін емес былжырлыққа (абсурд) қарсылық көрсету" болды. Ж.П.Сартр үшін Еркін таңдау жасау мағынасыз былжырлық алдындағы адамдағы мүмкіндік болса, Камю Сизифше "Мұңлы бақытты" ұнатты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философиялық идеялары

Сизиф (Sisyphe), Franz von Stuck суреті, 1920ж.
Абсурд ойшыл
Бүгінге дейін көп оқылатын, Нобель сыйлығының құрметті иегері болған бұл Ұлы жазушының ажалы аянышты әрі мәнсіз болғаны секілді, шығармаларының негізгі тақырыбы да мәнсіздік -- абсурд мәселесін төңіректейді. Камю шығармаларын, идеяларын бір жақтылы түсіндіре салу мүмкін емес. Ол қатпары мол, идеясы алуан пікірлер тоғысқан, астарлау мен тіке айту қатарласқан ғажайып суреткер болды және жай суреттеп қана қоймай, өзі суреттеген құбылыстардың астарына бойлауға жол сілтеуді де ұмытпады. Белгілі мағынада, оның тұжырымы бойынша, адам өмірі - ажалға қарай баяу немесе тез жақындау есептеледі. Бұл дүниеде адам қол жеткізетін лауазым, атақ-даңқ, байлық, ұрпақ, туған-туыс, ата-ана, жақындар - бәрі де өткінші. Ешнәрсе және ешкім де мәңгі емес. Сондықтан адам тіршілігінің мәні мен мағынасы туралы сөз қозғаудың өзі мәнсіз. Дегенмен, осынау абсурдқа толы (сен көңілді келе жатқанда абсурд кенет белгісіз тұстан суырылып шығып бетіңе шапалақпен осып кетеді) мәнсіздіктерге қарсылық көрсетпеу, оған илектене кіріптар болу нағыз абсурд болар еді деп тұжырмдайды. Абсурдты жеңу мүмкін емес, бірақ онымен тынбай күресу, жеңілсе де күресу адам өмірінің шынайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Оқу-білім және педагогика
Экзистенциализм философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
ХХ ғ.-ХХІ ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия
Танымның сезімдік формасы
Cизиф туралы аңыз
:ХІХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы философия
Бақыт ұғымының теориялық негізі
Пәндер