Қайта өрлеу дәуірінің социалистік - утопистік бағыты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

СӨЖ

Тақырыбы:Қайта өрлеу дәуірінің социалистік -утопистік бағыты

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қайта өрлеу дәуірінің социалистік - утопистік бағыты
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Социалистік-утопистік (XV-XVII ғ.ғ) бағыт мемлекет пен коғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, теңдестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды.

Томас Mop (1478-1535)-утопистік социализмнің негізін салды. Мордың атақты шығармасы Утопия деп аталды. Утопия-грекше орны жоқ орын, Жер ұйык дегенді білдіреді. Томас Мордың Утопиясында:

жеке меншік жоқ;

барлық азаматтар өндірістік еңбекпен айналысады;

еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады;

барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлык Утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі;

барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қаматамасыз ету үшін 6 сағатық жұмыс күні жеткілікті;

ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады;

ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыскерлер атқарады;
барлық лауазым иелері-тікелей немесе жанамалай сайланады;
ерлер мен әйелдер тең құқыққа ие;
Утопия тұрғындары Құдайға құшылык етеді, әрі өзге діндерге түсіністікпен қарайды.
Утопистік социализнің көрнекті өкілі Томмазо Кампанелла (1568-1639) Күн қаласы, Галилей апологиясы, Метафизика деген еңбектер жазды. Күн қаласында оның тұрғындары-солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен еңбектің рахатын көреді.
Томмазо Кампанелланың Күн қаласында:
жеке меншік болмайды;
комунистік идеал-4 сағаттық жұмыс күні;
барлық азаматтар еңбек етеді, еңбектің нәтижесі бүкіл қоғам меншігіне өтіп, барлық тұрғындарға, қоғам мүшелеріне теңдей белінеді;
еңбек ету оқумен ұштасады;
солярий өмір сүру салты үге-шүгесіне дейін реттелген;
солярийлер бәрін бірге істейді: бірге жұмысқа барады, бірге еңбек етеді, тамақтанады, бірге демалады, бірге өлең айтады;
тәрбиеге көп көңіл бөлінеді: бала жастайынан ата-анасынан алынып арнайы мектептерде тәрбиеленеді, сөйтіп ұжымдық өмірге бейімделінеді.

Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:
а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылы коммунизмді және оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік теориясына ұласты;
ә) марксизммен генетикалық тұрғыдан байланысты әлеуметтік-демократиялық ілімдер;
б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік құрылысының үлгілері жасалды.
Мәселен, ортодокстік марксизм (ленинизм) Ресейде және Шығыс Еуропа елдерінде практикалық қолданыс тапты. Бұл үлгілерге мынадай белгілер тән:
а) мемлекеттік меншіктің басымдықта болуы, жеке меншіктің тек халық шаруашылығының жекелеген салаларындағы (ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы) түрі ретінде ғана болуы;
ә) экономиканың нарықтық негіздерін теріске шығару жоне шаруашылықты жоспарлы жүргізу, мемлекеттік реттеу;
б) қоғамдық тұтыну қорлары арқылы медицина қызметін көрсету және білім беру тетігі, тегін білім беру, денсаулық сақтау;
в) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізі ретіндегі ұжымшылдық;
г) бір партиялық құрылыс және мемлекеттік құрылымдардың басты қағидаты болып табылатын тоталитаризм.
Жалпы алғанда мұндай Социализмді мемлекеттік немесе номенклатуралық Социализм ретінде сипаттауға болады. Сайып келгенде, "мамыражай революциялар" мен қайта құру реформалары салдарынан социализм нарықтық шаруашылықтарға өзгертілді. Батыс Еуропада Социализмнің әлеуметтік-демократиялық (скандинавиялық) үлгісі дамыды. Қозғалыстағы бұл үлгіге сәйкес Социализмге бүкіл қоғам қатысуға тиіс, оның үстіне большевиктік үлгіден өзгеше түрде бұл қозғалыс әлеуметтік келісім жағдайында эволюциялық сипатта болуға тиіс. Жалпы алғанда осы үлгіні іске асыру практикасы ойдағыдай болды. Үшінші бағыт -- антиимпериалистік ұлтшылдық шегінде әлеуметтік идеяларды іске асыру (мұның өзі нашар дамыған елдерге - бұрынғы отарларға тән) Мүндай жағдайда Социализм үлттық қайта өрлеуді, өндірістің өсуін және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін қоғамдық құрылыс болып табылады. Социализмнің бұл үлгісінің ерекшеліктері: Социализм мен ұлттық қайта өрлеу идеяларының дінмен және тиісінше ұлттық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен ұштасуы жоне олардың Социализмнің осы тұрпатының табиғи негізіне айналуы. Ақыр соңында, Социализм нышандарының ұжымшылдық пен өзін-өзі басқаруға негізделген жекелеген әлеуметтік нысандарда дамып келе жатқанын айтуға болады. Олар: халықтық кәсіпорындар да (АҚШ-та, Еуропада), Израильдағы кибуцтер де, түрлі тұрпаттағы кооперативтер де. Жалпы алғанда әзірге әлеуметтік теңсіздіктер мен әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар орын алып отырғанда социализм идеялары мен оларды іске асыру әрекеттері дами береді.

Утопистік-социализм - теңдік пен әлеуметтік әділеттілікке негізделген мінсіз қоғам құру идеясын ұстанатын бағыт.
Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жүрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі.

"Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл терминойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған құрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия мен Римнің кейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мұның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді.
Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теорияретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар құрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер, Т.Мор, Т.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып, пролетариаттыңізашарларының идеологиясына айналды. Капитализм қауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістер идеологтарының жалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқындала түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)- Карл Маркстің айтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында ұйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды.

Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI ғ. соңындағы Батыс Еуропада пайда болған антишіркеулік жөне антисхоластикалық бағыттағы, антикалық философия дәстүрін қайта жаңғыртып, адам мәселесін зерттеуге талпынған философиялық кезеңді айтады.
Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп аталады.
15 - ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан - жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни үғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бұзып, ертедегі Грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғырып өлтіртті.

Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
Қайта Өркендеу дәуірі философиясы мен мәдениетінің пайда болуы мен қалыптасуының алғы шарттары:

1. енбек құралдары мен өндіріс қатынастарының дамуы, капитал - иста қатынастардың пайда болып, феодализмнің дағдарысқа ұшырауы;

2. сауда мен кәсіптің дамып қалалардың өркендеуі, феодалдар мен Шіркеуден тәуелсіз мәдени, саяси орталықтардың пайда бола бастауы;

3. ұлы жағрапиялык жаңалықтар (Колумб, Васко да Гама, Магеллан);

4. ғылыми-техникалык жаңалықтар (қару-жарақ, оқ-дәрі, домен пеші, микроскоп, телескоп, кітап басу, медицина, астрономия, космология және т.б.);

5. ұлттық мемлекеттердің пайда болуы, абсолюттік монархияның үстем болуы;

6. ұлттық әдеби тілдердің қалыптасуы;

7ІІІіркеу мен схоластикалык философияның дағдарысы, Еуропада сауаттылық деңгейінің өсуі.
Қайта Өрлеу Заманы философиясының негізгі идеялары мен белгілері:

1. антикалық, классикалық дәстүрді қайта жаңғырту;

2. мәдениеттегі өтпелі кезең, мәдениеттің гүлденуі, дамуы;

3. гуманизм принципін айқындау-адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытка деген кұкын анықтай бастау;

4. антропоцентризмнің дамуы, адамның өз табиғатына қайта оралуы;

5. пантеизм-Құдай мен табиғатты, табиғат пен адамды барабарлықта қарастыру;

6. аристотелизм, платонизм, стоикалык және Эпикурлық фило-софиясы ойларының модификациясы;

7. дүниені ғылыми, жаратылыстану ілімдері тұрғысынан тану элементтерінің пайда болуы (гелиоцентризм, әлемнің шексіздігі, анатомиялық білім және т.б.);

8. Реформация философиясы - католицизмді реформациялау, шіркеуді демократияландыру; Құдай, шіркеу және дінге сенушілер арасында әділеттілікті орнату мақсат болды;

9. индивидуализмнің үстем болуы, әлеуметтік теңдік идеясының кең тарауы;

10. әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекет мәселелеріне қызығушылық таныта бастау;

11. философиялық ойлаудың антифеодалдык, антисхоластикалық және антитеологиялық үрдісі.
Қайта Өркендеу дәуірі философиясының негізгі багыттары:
1. гуманистік;
2. неоплатондық;
3. натурфилософияшылдық;
4. реформациялык,;
5. саяси;
6. сопиалистік- утопиялық.
Соңғы үш ағымды әлеуметтік - саяси бағыттар деп атауға болады.

Гуманистік бағыт XIV ғ.-XV ғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизмнің негізгі сипаты:
1. адам тағлымы, оның ұлылығы мен құдіреті; ,
2. антишіркеулік және антисхоластикалық бағыттылығы;
3. ортағасырлық Құдай, теоцентрлік көзқарастан адамның өзіндік құндылығы, адами, антропологиялық зерделеуге өту;
4. антропоцентризм, адамгершілікті дәріптеу, өмірлік оптимизм;
5. гуманистік философия көркем формаға, әдебиетке жакын болды.
Көрнекті философ - гуманистер сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Орта ғасырдағы теологиялық философия
Саяси философия
Қайта өрлеу дәуір философиясы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Философия,саясат ,казіргі заман
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Социалист-утопистердің саяси көзқарастары
Пәндер