Қазіргі заманғы қазақ философиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Респубдикасы Білім және Ғылым Министрлігі

СӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі заманғы қазақ философиясы

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Қорытынды
  4. Әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М. Орынбеков, Н. Байтенованың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең - қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов) . Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.
  2. Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар - Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж. Баласағұн. М. Қашғари, Қ. Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын гасыры» деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
  3. Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы».
  4. ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы - антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.
  5. ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә. Бокейханрв, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, ЦД. Құдайбердиев.
  6. Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.
  7. Тәуелсіздік кезеңінін философиясы - соңғы он бес жылда қалып- тасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын терендеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялык дүниетанымын жарқы- ратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.

Негізгі бөлім

Қазіргі заман қазақ философиясының ерекшеліктері мен бағыттары:

  1. Кеңестік дәстүрдің күшті ықпалында болды;
  2. Философияның идеологияға айналуы;
  3. Таным теориясы, диалектикалық логика мәселелері;
  4. Сана, идеалдық мәселелері;
  5. Мәдениет, құндылықтар, әлеуметтік философия мәселелері;
  6. жаратылыстану ғылымдары, философиялық методтар мәселелері
  7. Қазіргі заман шетел философиясы ағымдарын зерделеп, жаңғырту;
  8. Догмалардан арылып, әлемдік философияға жақындай түсу;
  9. Тіл, діл, дін мәселелеріне көңіл бөлу.

Қазіргі заман қазақ философиясының көрнекті өкілдері:

  • Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
  • Ағын Хайроллаұлы Қасымжанов
  • Амангелді Айталы
  • Алдан Айымбетов
  • Сәбетқазы Ақатай
  • Төлеуғазы Әбжанов
  • Қажымұрат Әбішев
  • Мұртаза Бұлұтай
  • Ғарифолла Есім
  • Мұхтар Изотов
  • Ақылбек Келбұғанов
  • Досмұқан Кішібеков
  • Серік Мырзалы т. б.

Жабайхан Мүбаракұлы Әбділдин (1933 ж. т. ) - қазіргі заман Қазақстан философиясының негізін қалаушылардың бірі. Қазақты бүкіл әлемге паш етіп жүрген ойшыл. ХХ ғ. 60-90 жылдарын Қазақстан философиясының «алтын дәуірі»,, таным теориясы, логика, методология, диалектикалық ойлаудың ұстемдік еткен заманы деп атасақ та болады.

Ж. Әбділдиннің негізгі шығармалары заманына сай орыс тілінде жазылған: «Теориялық танымдағы бастама мәселесі», «Логика мәселесі және таным диалектикасы», «Таным диалектикасы мен логикасының проблемалары», «Қазіргі ғылымдағы қайшылық принципі», «Осы заманғы ғылымдағы нақтылық принциптері», «Кант диалектикасы» және т. б. еңбектер жазды. 5 томдық «Диалектикалық логикасы» жарық көрді.

Ж. Әбділдин философиясында ғылыми -теориялық танымдағы бастама, алғашқы бастау мәселесіне жан -жақты талдау жасалған, оны тарихи -логикалық тұрғыдан қарастыра отырып, проблеманы нақты шешу мен ұғынудың қисыны дамытылған, бастама ұғымы мен соған қатысты категориялардың логикалық -гносеологиялық қызметі және мәні ашылып көрсетілген, ғылыми танымдағы оның методологиялық ролін ашу жүзеге асырылған. Бастама дегеніміз әлде бір дерексіз ой емес, ол өз дамуында бара -бара күрделенетін тұтастық.

Осыны әрі қарай дамыта келе жалпы мен жекенің, материя мен форманың, тарихилық пен логикалықтың, бүтін мен бөлшектің диалектикалық қайшылықты бірлігін көреміз. Бастаманы негіздеудегі маңызды логикалық -әдістемелік бағдар қызметін қайшылық, тұтастық, өзін -өзі негіздеу мен нақты тарихи принциптерді атқарады. Ж. Әбділдин: «Егер диалектика ғылым, адамзат дүниетанымының логикасы ретінде танылатын болса, онда ол да ең алдымен өзінің принциптеріне сәйкес дамуға және абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту, өрлеу ғылыми әдісімен құрылған жөн» -дейді.

Ағын Қасымжанов (1931-2000) - КСРО танымал философ. Ағын Хайроллаұлы Қасымжанов 1931 жылдың 19 қазанында әсем Алматы қаласында дүниеге келген. Жастайынан білімге құмартқан бала Ағын мектеп табалдырығын аттаған сәттен өзінің алғырлығымен көзге түсіп, 1949 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия факультетінің студенті атанады. Болашағынан зор үміт күттірген жас ғалым кейіннен университет аспирантурасын үздік көрсеткішпен тамамдап, ғылым әлеміндегі алғашқы қадамын сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастайды.

А. Х. Қасымжанов 1960 жылы Мәскеу қаласында КСРО Ғылым академиясының Философия институтында «В. И. Лениннің «Философиялық дәптерлеріндегі» диалектика, логика және таным теориясының сәйкес келуі мәселелері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қоргайды.

Ғарифолла Есім 1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы, Лебяжі ауданындағы Жалтыр көлінің шығыс жағалауындағы шағын ауылда туған. 1970 жылы Семейдің педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, сонда философия және саясаттану кафедрасында оқытушы болып орналасқан. 1973 жылы В. И. Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген. 1974-1977 жылдар аралығында С. М. Киров атындағы ҚазМУдің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттің ғылыми кеңесінде «Диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

1978-1983 жылдары Семей педагогика институтында көркемсурет факультетінде декан, 1983-1989 жылдары осы институтта философия кафедрасының меңгерушісі, 1989-1991 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының философия және құқық институтында аға ғылыми қызметкер, 1991-2001 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіндегі философия және ғылымдар методологиясы кафедрасының доценті, профессор, 1992-1998 жылдары көркемсурет факультетінің деканы, 1998-2001 жылдары философия және ғылымдар методологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазМУдің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты болды.

1994 жылы «Абай дүниетанымындағы Алла мен Адам болмысы» деген тақырыпқа «09. 00. 06. - дінтану, теология» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғаған. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған.

«Хакім Абай» (1994), «Санадағы таңбалар» (1994), «Абайдың дүниетанымы мен философиясы» (1996), «Прошлое в настоящем» (2003), «Адам - зат», (2003) сияқты кітаптардың авторы.

Ғ. Есім - Қазақстан Журналистер одағының Смағұл Сәдуақасов атындағы сыйлығының (1994), Республикалық Абай қорының арнайы сыйлығының (1995), Яссауи атындағы «KATEV» Халықаралық Қоры сыйлығының (2000) иегері, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбектері үшін» белгісімен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері.

http://jasqazaq.kz/wp-content/uploads/2016/10/M-rtaza-B-lytaj.jpg Бұлұтай Мұртаза Жүнісұлы (1. 21. 1969 жылы туған, Түркия, Ұлықышла (Ұлықыстау) ауданы, Қазақ ауылында) белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін (1994), Халықаралық Құқық және Нарық академиясын (2000) бітірген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқытушысы, ҚМДБ үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының Кеңесшісі қызметтерін атқарған. Қазақ тілімен қатар бірнеше шет тілін жетік меңгерген және Қазақстанда тұрған жылдары ол орыс тілін де бір кісідей сөйлейтін дәрежеге жеткен Мұртаза Бұлұтайдың 5 кітабы, 300-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

Алдан Айымбетов - «Қазақ Прометейі», бір өзі «Казахстанская правда» газетін шығарып, бүкіл қазақтың намысын ардақтап жүр;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың маркстік философиясы
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Мұсылман философиясы
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Зар заман философиясы
Ислам философиясы
Қазақ философиясы қалыптасуы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Қазақ философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz