Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

СӨЖ
Тақырыбы: Қайта өрлеу бағытының Социалистік-утопистік бағыты

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
2. Қайта өрлеудің үш бағыты

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Қайта өрлеу дәуірі өнеркәсіптің, сауданың, әскери істің, яғни материалдық өндірістің дамуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар техника, жаратылыстану, механика, математиканың дамуы да байқалады. Бұндай өзгерістер орта ғасырға тән схоластикалық ойлаудың принциптерінен арылуды талап етеді. Жаңа дәуірге ауысуға себепкер болған жаңалықтар: Американың ашылуы, астрономия жүйесінің орнауы, өмірге, дүниеге деген адамдардың көзқарасын өзгертіп, ғылым мен философияның әрі қарай дамуына үлкен із қалдырды. Осы дәуірдің ойшылдары тәжірибеге сүйене отырып, қоғамды, адамдарды, табиғатты, өмірді түсіндіргісі келді. Осы дәуірге сонымен қатар антикалық идеялардың қайта жаңғыруы тән. Гуманизм, адамның шығармашылық дербестігі принципі, оның өмірдегі барлық жақсылықтарды иеленуге құқығы бар сияқты идеялары кең тарады.
Уақыт жағынан қайта өрлеу дәуірі XIVғ. аяғы мен XVIІ ғасырдың аралығын қамтиды. Қайта өрлеу дәуірі қандай да болмасын бір ғана дәстүрге ғана бағынудан бас тартты.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясының пайда болуының алғышарттары:
1.Феодализмнің дағдарысы;
2.Сауда, мәдени, саяси орталықтарға айналған қалалардың өсуі
3.Европа мемлекеттерінің орталықтануы;
4.Алғашқы парламенттің пайда болуы;
5.Ғылыми-техникалық жаңалықтар.
Қайта өрлеу дәуіріне тән ерекше белгілер:
- антропоцентризм мен гуманизм;
- шіркеу мен шіркеу идеологиясына деген оппозиция;
- қоршаған ортаны ғылыми-материалды негізде түсіну;
- әлеуметтік мәселелерге, қоғам мен мемлекетке деген үлкен қызығушылық;
- индивидуализмнің басымдылығы;
- әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы;
Қайта өрлеу дәуір философиясына бірнеше бағыттың болуы тән:
1.Гуманизм;
2.Неопалтонизм;
3.Натурфилософия;
4.Реформация;
5.Саяси бағыт;
6.Утопистік-социалистік.
Гуманистік бағытXIVғ.-XVғ. орта шені, оның орталығы Италия болды. Гуманизм бағытының негізін салушы Ф. Петрарка. Шығармалары: Өлеңдер кітабы, Менің құпиям. Ол бірінші болып жеке бастың өзіндік санасының қалыптасуының негізін салды. Гуманистік антропоцентризмнің басты сипаттамасы - адам басты құндылық болып есептелінеді. Гуманистер не еретиктер, не атеистер болған емес, керісінше олардың көпшілігі құдайға сенді, бірақ олар ең бірінші орынға адамды қойса, одан кейін құдай туралы сөз қозғайды.
XVI ғасырдың басы рим-католиктік шіркеудің ірі дағдарысымен ерекшеленді. Осы кезеңде шіркеудің кейбір жат қылықтарына қарсы бағытталған реформация қозғалысы қалыптасты. Реформациялық процесстер рим шіркеуінің бөлінуіне және протестантизмнің пайда болуына әкеліп соқты.
Николай Коперник - поляк астрономы. Әлемнің гелиоцентристік жүйесін жасаушы. Коперник ілімі шын мәнінде революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы және жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы теорияны айтты.
Джордано Бруно - поляк астрономы Негізгі еңбектері: Себептілік бастама және біртұтастық туралы, Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы.Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру формасы. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен Құдай бір. Әлем - әмбебап бастама, жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.
Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды.
Томас Мор (1478-1535)-утопистік социализмнің негізін салды. Мордың атақты шығармасы "Утопия" деп аталды. Утопия грекше жоқ жер дегенді білдіреді. Томас Мордың Утопиясында:
- жеке меншік жоқ;
- барлық азаматтар өндірістік еңбекпенен айналысады;
- еңбек ету бәрін еңбекке міндеттеу негізінде жүзеге асады;
- барлық өндірілген өнім қоғам меншігіне өтеді және барлық Утопия тұрғындарына бірдей бөлініп беріледі;
- барлығының еңбекпен айналысуына байланысты Утопияны қамтамасыз ету үшін 6 сағатық жұмыс күні жеткілікті;
- ғылымға ерекше қабілеті бар адамдар қара жұмыстан босатылады;
- ауыр қара жұмысты құлдар-тұтқындар және сотталған қылмыскерлер атқарады;
Утопистік социализмнің көрнекті өкілі Томмазо Камнанелла (1568-1639) Күн қаласы, Галилей апологиясы деген еңбектер жазды. Күн қаласында оның тұрғындары-солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен еңбектің рахатын көреді.
Томмазо Кампанелланың Күн қаласында:
- жеке меншік болмайды;
- коммунистік идеал-4 сағаттық жұмыс күні;
- барлық азаматтар еңбек етеді, еңбектің нәтижесі бүкіл қоғам меншігіне
өтіп, барлық тұрғындарға, қоғам мүшелеріне теңдей бөлінеді.
Яндекс.ДиректҚайта Өрлеу дәуірі (Renessance фр. ) Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз X 1 V XV 1 ғ. ғ. белгілейміз. :: Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың ыдырауына, шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі 1. Өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі жаратылыстану ғылымдарының дамуына әкелді. Ал оның өзі бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. 2. Табиғаттың заңдылықтарының бірде бір зерттеу жолы ол тәжірибелік зерттеу эмпиризм (emperіa, грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. 3. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе ағарған интеллигенцияның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі негізінен дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.
Қайта Өрлеу Заманының өшпес нәтижесі - гуманистік (Humanus - латын сөзі, адамгершілік, адамдық) ағымның сол кездегі қоғамның мәдиниетінің саласында пайда болып, оған жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым философиялық ой өріске ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық нормаларға, әдебиет пен көркем өнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын тигізді. Негізгі идеясы - жеке адамның бойындағы табиғи дарын өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды. X 1 V ғ. екінші жартысынан бастап Көне классикалық грек және латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам өсе бастайды. :: Көне мәдениетке баға беріп өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа түсу, деп түсінуіміз керек. "Өрлеу дегенде әрі қарай даму, жетілу мағынасында.
Қайта Өрлеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс. :: Адам мәселесі бүкіл философияның сонау Кон фу Цзы, Будда, Сократтан бастап, Орта ғасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі. :: Қайта Өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастайды. Орта ғасырдағы бұл мәселенің шешімі адамның қайшылықты пенде екендігін ашуда болды: бір жағынан адам жан дүниесі, рухы бар пенде ретінде әрқашанда аспанға ұмтылған, басқа тіршіліктен оқшау тұрған Құдайға жақын тұлға. :: Екінші жағынан, оның денесі бар, ол оны жердегі қызықтарға құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, оны күнәға батырады, тіпті, кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам жануардың деңгейінен де төмен түсіп кетеді. :: Ал Қайта Өрлеу дәуіріне келер болсақ, ондағы негізгі жаңалық ол - адамның рухы мен жан дүниесін ғана емес, сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін көрсету, адамның дүние сезімінің телегей теңіз тереңдігін анықтау болды.
Қайта өрлеу философиясы үш бағытта дамыды: 1. Адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірге, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелушілер (Н. Кузанский, Пико делла Мирандолла, Леонардо да Винчи). 2. Адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяны насихаттаушылар (Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Компанелла). 3. Табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы мен оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндірушілер
Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық Қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған...
Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. Сол себепті де ол өтпелі болып келеді, ал бұл өз кезегінде оның мазмұнына өз әсерін тигізді. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді. Бірақ ойлау қайтадан философияға оралды (мұнда Қайта өрлеу сөзі тура айтылған - антикалық мәдениеттің, яғни антикалық философияның пайда болуы).
Қайта өрлеу дәуірінің философиясының мұндай екі мінезділігі, оның екі түрлі сапасымен түсіндіріледі: абсолюті шындықты анықтауға бағытталған бала сенімімен қатар, орта ғасырлық философия бағалауының скептицизмімен түсіндіріледі. Сократ философиялық әдісті ойлап тапты, Жаңа заман философиясы - ғылыми әдіс (негізін Аристотель құрған), және де ол жемістілігін көрсетті.
Қайта өрлеу дәуірі діни сенімдердің шынайылығына сенбеушіліктен басталды. Ежелгі Грецияда Сократ жақтаушыларының қарсы күресуші мектептері құқылықтылық негізіне қатысты келісімге келе алған жоқ, со себепті скептицизм пайда болды, сөйтіп орта ғасыр соңында діни сенім әлсіреп, скептицизм қайта пайда болды. Ол жаңа сенімге жер дайындады - адам санасына, оның күші мен қабілеттілігіне.
Скептицизм орта ғасыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат философиясы
Гуманизмнің бастаулары бруно
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы туралы ақпарат
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы туралы
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары
Қайта өрлеу философиясы
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Н. Макиавеллидің саяси және тарихи көзқарастары
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Пәндер