Өсиет бойынша мұрагерлік



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I.Мұрагерлік құқық ұғымы

1.1 Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... 5
1.2 Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
II.Өсиет бойынша мұрагерлік
2.1 Өсиет бойынша мұрагерліктің ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Нотариустың мұрагерлік туралы куәлік беруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Өсиеттiң орындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Курстық жұмыстың мақсаты-мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау.Срның ішінде өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы талдау.Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақстанның заңдарын және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау,жүйелеу және зерттеу.
Бұл курстық жұмыстың жүйесіне тоқталар болсақ.Курстық жұмыс кіріспе және негізгі бөлімнен тұрады.Бұл жұмыста біріншіден,жалпы мұрагерлік құқық ұғымы туралы қарастырып,содаң соң негізгі тақырыбымыз өсиет бойынша мұрагерлік құқығына тоқталдым.
Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.
Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі - жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды. Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық - Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.
Мұра екі түрде қалдырылады:заң және өсиет бойынша.
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ыұтиярын білдіруі өсиет болып табылады.
Заң бойынша мұрагерлік ҚР Азамматтық кодексінің 1061-1064 баптарында көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
3. Рашидова 3. Наследованипо завещанию Гражданский Кодекс РеспубликиКазахстан -толкование и комментирование. Выпуск 5. Алматы, Баспа, 1998
4. Құқық негіздері.Қ.И.Оспанов.Алматы:Жеті жарғы,ЖШС 2006
5. Құқық негіздері:Алматы,2008.Т.Ағдарбеков,А.Әлайдар,А.Алайдаров

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I.Мұрагерлік құқық ұғымы

1.1 Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы
ережелер ... ... ... ... ... 5
1.2 Мұрагерлік құқықтың негізгі
түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
II.Өсиет бойынша мұрагерлік
2.1 Өсиет бойынша мұрагерліктің
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Нотариустың мұрагерлік туралы куәлік
беруі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 15
2.3 Өсиеттiң
орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты-мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді
талдау.Срның ішінде өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы талдау.Осы
мақсаттан туындайтын міндеттер:мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақстанның
заңдарын және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау,жүйелеу және зерттеу.
Бұл курстық жұмыстың жүйесіне тоқталар болсақ.Курстық жұмыс кіріспе және
негізгі бөлімнен тұрады.Бұл жұмыста біріншіден,жалпы мұрагерлік құқық ұғымы
туралы қарастырып,содаң соң негізгі тақырыбымыз өсиет бойынша мұрагерлік
құқығына тоқталдым.
Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен,
көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.
Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір
ұстанады. Бірақ оның бәрі - жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын
жақтайды. Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген
салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл
экономикалық мазмұны бар қатынастар.Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық -
Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне
мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы
бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды
туындатты.
Мұра екі түрде қалдырылады:заң және өсиет бойынша.
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде
өз ыұтиярын білдіруі өсиет болып табылады.
Заң бойынша мұрагерлік ҚР Азамматтық кодексінің 1061-1064 баптарында
көзделген кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты

бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар

Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999

жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан

Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс

сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы

қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы

1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің

ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды

реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық

Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс

жүзінде қолданылды.

I.Мұрагерлік құқық ұғымы
1.1 Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға
(адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Мұрагерлік түсінігін анықтаған кезде келесі жағдайларды ескеру керек:
-құқықтар мен міндеттер мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы
арқылы өтеді;
-азаматтық кодексте тыйым салынған құқықтар мен міндеттерден басқа барлық
құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді;
-мұраны қалдыру ережесі, мерзімі және т. б. мұраны қалдырған кездегі
заңмен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 6 бөлімі Мұрагерлік құқық деп
аталған. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Пленумының шешімінде мұралық
термині қолданылды. Көптеген әдебиеттерде және тәжірибеде бұл екі термин
синоним сияқты қолданылады. Іс жүзінде бұл екі термин әртүрлі. Мұралық
құқығы - сол тұлғаның субъективті құқығы. Мұрагерлік құқық-мұра
мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында
мүлекке және мұралыққа заң кепіл береді делінген.
Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүрүінің бір
мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен
міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе қандай салдарға әкелер еді?
Мұрагерлік ешкімге өтпесе, сол тұлғаның жақын адамдарына кері әсер етер
еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмаушы еді. Жинаған қаражатымен
не істейтінін білмеген адамдардың іскери белсенділігі төмендеуші еді
Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компаниялардың
және т. б. күйреуіне әкелер еді. Егер өз істерін құрып, кейіннен сенімді
қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.
Қайтыс болған азаматтың кредиторлары өз талаптарын кімге қоятындарын
білмейтін еді.
Адам бүкіл өмірі бойына жұмыс істеп, өз мүлкін жақын адамдарына қалдыруға
мүдделі.

1.2 Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері
Әдебиеттерде мұрагерлік туралы бірнеше пікір бар:
Заң белгілеген ережелер бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы)
мүліктік құқықтары және міндеттерінің басқа адамға (адамдарға) мұрагерге
(мұрагерлерге) ауысуы. Бірақ бұл мүлік емес құқықтар мен міндеттерге
қатысты. Сондықтан мұраның құрамына үй емес үйге құқық, автомобиль емес
автомобильге құқық кіреді.
Н. Д. Егоров бойынша мұрагерлік бұл құқықтардың өтуі емес, объектілердің
өтуі. Бірақ құқық бойынша тек мүлік емес құқықтар мен міндеттер де өтеді.
Осы пікірді кеңес әдебиеттерінде В. И. Серебровскийдің еңбектерінде
кездестіруге болады.
Ю. Н. Власовтың пікірінше мұрагерлік қайтыс болған азамат мүлкінің
мұрагерге немесе мұрагерлерге өтуі. Мұрагерге барлық құқықтар мен міндеттер
өтуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1039 бабына сәйкес
мұрагерліктің негіздері заң бойынша немесе өсиет болып табылады. Әлемдік
тәжірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік өсиет
болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тәжірибеде заң бойынша мұрагерлік
өсиеттен жиі кездеседі. Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да
өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсиетінде өз қызына пәтерін қалдыратынын
жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пәтер өсиет бойынша өтеді
де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді. Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра
ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет. Заң бойынша мұрагерлікке кем
дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша
мұрагерлердің қатарында болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет
бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді.
Сондықтан, өсиет жоқ болса да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан
мұрагерлік заңда қарастырылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.
Мұра дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы тәртібінде
өтетін мүлік. Мұра түсінігін анықтау үшін мұрагерлерге немене және қалай
өтеді деген сұраққа жауап беру керек. Мұрагерліктің жалпы ережесі қиын
емес. Мұра қалдырушының барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері мұрагерге
өтеді. Мұра құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа бар мүліктік
құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұрагерліктің келесі өзгешеліктерін бөліп
көрсету қажет:
1)мұра не мұралық мүлік құрамына қайтыс болған азаматтың құқықтары (актив)
мен қарыздары (пассив) кіреді.
2)мұрагерлік бойынша тек мұра қалдырушы тірі кезінде иеленген құқықтар ғана
өтеді. Сондықтан мұра қалдырушы тірі кезінде ие болмаған, ол қайтыс болған
кезде пайда болған құқықтар мұра құрамына енбейді. Мысалы өз жанұясының
пайдасына жасалған өмірді сақтандыру шарты. Бұл мұрагерлік мирасқорлығы
емес, өйткені сақтандыру ақшасын алу мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда
ғана беріледі. Осындай жағдайларда мұрагер мұра қалдырушы иеленбеген
құқықтарға ие болады.
3)мұра қалдырушының кейбір құқықтары мен міндеттері өз табиғатына
байланысты мұрагерлерге өте алмайды. Мұрагерлік мүліктің құрамына жеке
сипаттағы құқықтар мен міндеттер кірмейді. Ең алдымен, бұл алименттік
құқықтар мен міндеттер, пәтерді пайдалану құқы, қоғамдық мекемеде және т.
б. мүшелік құқы.
4)мұрагерге өтетін кейбір құқықтар мен міндеттер заң бойынша өтпеуі мүмкін.
5)мұрагерлік бойынша тек мүліктік ғана емес, мүліктік емес мазмұны бар
құқықтар мен міндеттер өтеді. Мұрагерлік бойынша атқа ие болу құқығы,
авторлық құқық өтпейді.[1]
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
-егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар
болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
-өміріне немесе денсаулығына келтірілген қиянды өтеу құқығы;
-алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
-зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы
заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
-мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның
құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да
материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы
мүмкін.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан
ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп
жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты
қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу
уақыты болып табылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы
адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезлілде қайтыс болған деп танылады
және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының
мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады. Мысалы, белгілі бір апатта азаматты
қайтыс болды деп жариялағанда, сот қайтыс болу күні деп, апат болған күнді
бекітеді.
Мұраны қалдыру уақыты дегеніміз не? Сот шешімінде көрсетілген күн мен сол
шешімнің күшіне енген мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан осындай
жағдайларда сот шешімі күшіне енген күннен бастап есептеген дұрыс.
Мұраны ашу уақыты өте маңызды, өйткені онымен келесі анықтамалар
байланысты:
-мұрагерлік мүліктің құрамы;
-мұраны қалдыру не мұрадан бас тарту мерзімі;
-кредиторлардың талап қою уақыты;
-мұрагерлердің мұрагерлік мүлікке ие болу құқығының пайда болу уақыты;
-мұрагерлік құқы куәлігін беру уақыты;
-негізге алынатын заңдар.
Мұраны ашу жері мұра қалдырушының соңғы тұрған жері болып табылады. Егер
мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса, мұраны ашу жері мұра
немесе оның үлкен бөлігі орналасқан жер болып табылады. Кейбір жағдайларда
тұрғылықты жерді анықтау мүмкін емес. Бұл ең алдымен босқындарға қатысты.
Бірақ қандай жағдай болмаса да мұра қалдырушы тұрған жер мұраны ашу орны
болып саналады. Бірақ осы сияқты жағдайларда нотариалдық тәжірибеде
кездесетін проблемалар туындайды. Егер мұра қалдырушы Қазақстандағы кірпіш
завод және Армениядағы шарап заводының иесі және еш жерде тұрақты тұрмаған
болса, мұраны ашу орны қайда болады? Бұл кезде мұраны ашу жері болып
мұраның көп бөлігі орналасқан жер болып табылады. Уақытша шет елде тұрып,
қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматының мұрасын ашу орны болып,
шет елге шыққанша Қазақстан Республикасында тұрған жері болып табылады. Шет
елде тұрақты тұрған Қазақстан Республикасы азаматының мұрасын ашу орны
болып, оның шет елде тұрақты тұрған жері болып табылады. Бұл кезде
мұрагерлік құқық куәлігін Қазақстан Республикасының Консулдық мекемесі
немесе шет елдің осындай жұмыстарымен айналысатын мекемесі береді.
Мұра қалдырушы (Қазақстан Республикасының, шет ел немесе азматтығы жоқ
тұлға) қайтыс болғаннан кейін мүлкі мұрагерлік тәртіп бойынша басқа
тұлғаларға өтетін жеке тұлға. Егер мұра қалдырушы азамат заңды түрде өз
мүлкін қалай бөлетінін жазса, өсиетші болып табылады. Ал мүлкі туралы
жазған документ өсиет деп аталады. Мұрагерлікте заңды мұрагерлер және өсиет
бойынша мұрагерлер болады. Заңды тұлғадан мұра алу мүмкін емес, сондықтан
заңды тұлға мұра қалдырушы бола алмайды.
Қайтыс болған азамат мүлкі өтетін тұлға мұрагер деп саналады. Заңды
мұрагерлердің қатарын заң бекітеді де, өсиет бойынша мұрагерлердің қатарын
өсиет белгілейді. Азаматтар сияқты заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы,
шет елдер, халықарлық ұйымдар мұрагер бола алады. Мұра қалдырушы қайтыс
болған уақытта тірі болған әрбір азамат мұрагер бола алады.
Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде
iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң
бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды
тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн. Кейбір
жағдайларда мұрадан лайықсыз мұрагерлер шеттетіледі:
1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана
өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша
да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның
өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған
адамдар кiрмейдi.
 2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған
және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке
шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған
адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде
бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны,
сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген
мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және
кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға
құқығы жоқ.
 4.Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-
жайларды сот белгiлейдi.
 Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның iшiнде міндеттi үлеске құқығы бар
мұрагерлерге де қолданылады.
Өсиет бойынша мұрагерлікте мұрагерлердi қосымша тағайындау да кездеседі.
Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс
болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан, сондай-ақ мұрагер мұра
қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа
мұрагерлер тағайындалады.
Мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы
мүмкiн. Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы
тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.

II.Өсиет бойынша мұрагерлік
2.1 Өсиет бойынша мұрагерліктің ережелері
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету
жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық
мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де,
кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және
мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы
өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң
бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға
құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан
айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына
қолданылмайды.[2]
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға
құқылы. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген
уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті жіне күшін жоюдың немесе
өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі
мұрагер етіп тағайындаған адамдарға,олар қайтыс болған жағдайда өз
кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге
құқығы жоқ.
Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда
жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Нотариатта куәландырылған
өсиетттер; нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше
ресімделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене
кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі
қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті
куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол
қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.
Өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс
болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьектілері
Мұрагерлік құқықты рәсімдеу
Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелері
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік құқық және оның қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.
Өсиет қалдырушы жабық өсиет жасауға құқылы
Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау
Пәндер