Жауапкершілігі шектеулі серіктестік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы және оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Егемендігімен еңсе тіктеп өзгелермен мәртебесі тең дербес мемлекет ретінде құқықтық-демократиялық қоғам орнатуды мұрат тұтқан Қазақстан Республикасының Конституциясын, өз заңдарын, нормативтік құқықтық актілер шығарып, оларды өмірде қолдана білуі, оның өркениетті ел болуына ұмтылысының тағы бір айқын дәлелі.
Қазақстан Республикасның біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет.
Менің курстық жұмысым, осы заңды тұлғаның түрі болып табылатын «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары» туралы тақырыпқа талдау жасау.
Демек, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып танылады.
Тақырыптың өзектілігі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік -Қазақстандағы кеңінен таралған коммерциялық ұйымдардың бір түрі. Бұл дегеніміз жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің көптеп ашылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға соның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірден-бір салық төлеуші субьект. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылдың 22 сәуірінде «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңға қол қойды.
Бұл Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. ҚР-ның азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994ж.
3. ҚР-ның ‘Нормативтік құқықтық актілер туралы’ 24.03.1998 жылғы заңы
4. ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі заңы
5. ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы заңы
6. ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңы 22.04.1998 жылғы заңы
7. ҚР-ның Банкроттық туралы 21.01.1997 жылғы заңы
8. Шаруашылық серіктестіктер туралы 02.05.1995 жылғы ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы
Арнайы әдебиеттер:
1.Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, оқулық, 1том, Алматы, 2001
2.Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық, оқулық, 1том, Алматы, 2003
3.Жайлин Г.А. Азаматтық құқық жалпы бөлім, Алматы, 2003
4.Гражданское право под ред. Диденко А.Г., учебное пособие, Алматы, 2003
5.Гражданское право под ред. Сулейменова М.К., Басина Ю.Г., учебник, том 1,2., Алматы, 2002,2003
6.Гражданский кодекс РК (особенная часть). Комментарий. Ответ? Ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2000
7.Гражданское право под ред. Толстого Ю.К., Сергеева А.П., учебник, часть 2, М, 1997
Газет-журналдар:
1.Пак Е. Банкроттық туралы. //Фемида А., 1997. № 6.
2.Базарбайұлы Б. Заңды тұлға-мүлік иесі. //Фемида А., 1996. № 12.
3. Базарбайұлы Б. Жеке адамның экономика саласындағы заңдылық
жағдайы. //Фемида А., 1996. № 8.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтай құжаттары
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы және оны тексеру, ұлғайту заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Егемендігімен еңсе тіктеп өзгелермен мәртебесі тең дербес мемлекет ретінде құқықтық-демократиялық қоғам орнатуды мұрат тұтқан Қазақстан Республикасының Конституциясын, өз заңдарын, нормативтік құқықтық актілер шығарып, оларды өмірде қолдана білуі, оның өркениетті ел болуына ұмтылысының тағы бір айқын дәлелі.
Қазақстан Республикасның біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын-азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет.
Менің курстық жұмысым, осы заңды тұлғаның түрі болып табылатын Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары туралы тақырыпқа талдау жасау.
Демек, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып танылады.
Тақырыптың өзектілігі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік -Қазақстандағы кеңінен таралған коммерциялық ұйымдардың бір түрі. Бұл дегеніміз жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің көптеп ашылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға соның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірден-бір салық төлеуші субьект. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жылдың 22 сәуірінде Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңға қол қойды.
Бұл Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін.
Зерттеу мақсаты- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымына және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, қорғау, құрылтай құжаттарының, жарғылық капиталының түсінігін беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәселелерін ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.
Курстық жұмысының зерттеу пәні болып жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құру, тіркеу, құқықтарын, міндеттерін, жарғылық капиталының ұлғаю және азайту заңдылықтарын, пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз кезегінде зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмысының тақырыбын зерттеу кезінде ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қатар нормативтік құқықтық актілер де қолданылды.
Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде шаруашылық серіктестік және оның түрлеріне байланысты қатынастарды реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:
-Шаруашылық серіктестіктуралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;
-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;
Курстық жұмысқа жаңалық ретінде қосар ұсынысым былайша көрініс береді. Қазақстан Республикасындағы өндірістің дамуына орай жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоғамда ерекше орын алатындығы мәлім. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің көптігімен сипатталады.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімде серіктестіктің коммерциялық ұйым ретінде ұғымы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бойынша талқылау жасалды, құрылу, тіркелу, жарғылық капиталын, таратылу тәртібі зерттеледі.
Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А.ГДиденко, Ю.Г.Басин, Д,А.Колбасин, Ғ.Тулеуғалиев, Ғ.А.Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері қолданылды.

І. Жауапкешілігі шектеулі серіктестігінің ұғымы
.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұғымы және оны құрудың алғышарттары

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді жəне серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тəуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және ҚР-ның жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңында көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша əрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондайақ "жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздерді немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады.
Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын жəне оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға жəне серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) сəйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы. Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны жəне өкілдіктерін ашқаны туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру жəне өкілдіктерін Ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің атқарушы органы қабылдайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның қатысушылары болып табылады. Мемлекеттік кəсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уəкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. Мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы бола алады. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайының ерекшеліктері. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз қатысушы жеке-дара қабылдайды жəне олар жазбаша ресімделеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар құқықтары:
ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңында және серіктестік жарғысында көзделген тəртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға; серіктестік жарғысында көзделген тəртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік жəне өзге де құжаттамасымен танысуға; серіктестік қызметінен ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына жəне оның жалпы жиналысының шешімдеріне сəйкес табыс алуға; серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға; ҚР-ның жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңда жəне (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тəртібімен дау айтуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңында жəне құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері.
) құрылтай шартының талаптарын орындауға;
) құрылтай құжаттарында көзделген тəртіпте, мөлшерде жəне мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мəліметтерді жария етпеуге ;
) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда мəліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарында, осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін: бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тəртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда: жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нəтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық жəне өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы; Жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда, егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса, серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға себеп болған мəн-жайлар ескерілуге тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс -серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы жəне орналасқан жері, серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куəландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі, серіктестікті құру тəртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уəкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау, серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері, серіктестіктің жарғылық капиталына əрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мəліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тəртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары, құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тəртібі, серіктестік жарғысын бекіту, серіктестіктің таза табысын бөлу тəртібі. Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады.

1.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары және басқару органдары

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты əрбір құрылтайшының немесе оның уəкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады. Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды.
Құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға жəне құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуға тиіс. Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз əрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мəртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мəтінінде көрсетілуге тиіс.
Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады.
Жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктері:
- жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
- жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді.
- жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тəртіп бойынша жүргізіледі.
Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нəтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы Заңның ережелері бойынша құрылтай шартына қол қоюға міндетті.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушысымен (тiркеушiмен) серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы. Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.
Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уəкiлеттiк берген адам қол қояды. Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында, Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы Заңның 48-бабында белгiленген тəртiппен қабылданады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мəртебесін белгілейтін құжат болып табылады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн
жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi жəне жеке басын куəландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мəліметтер;
) серіктестік органдарын құру тəртібі мен олардың құзыреті;
) серіктестікті қайта ұйымдастыру жəне оның қызметін тоқтату ережелері;
) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тəртiбi ;
) серіктестікке қатысушыларға жəне үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тəртібі жəне мерзімі;
) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тəртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мəні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс жəне оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қол қояды.
Серіктестіктің жарғысын нотариат куəландыруға тиіс. Серіктестіктің нотариат куəландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейінгі өзгерістері туралы барлық құжаттар серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда сақталады. Барлық мүдделі адамдар серіктестік жарғысымен танысып шығуға құқылы. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту тəртібі:
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы Заңның ережелеріне сəйкес қабылданатын шешімі бойынша жүзеге асырылады.
-серіктестік жарғының өзгертілгені туралы серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға бір айдың ішінде хабарлауға міндетті. Бұл мерзім өткен соң кез келген мүдделі адам заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне жарғының өзгерістеріне сəйкес өзгерістер енгізуді сот тəртібімен талап етуге құқылы.
- серіктестік пен оған қатысушылар үшінші жақпен қатынастарында серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган хабарламаны алған кезден бастап не сот шешімі негізінде заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген кезден бастап он бес күн өткеннен кейін серіктестік жарғысындағы өзгерістерге сілтеме жасауға құқылы. Алайда үшінші жақ аталған мəн- жайлар мен мерзімдер басталмай тұрып та осы өзгерістерді ескере отырып іс-қимыл жасауға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқару органдары:
- серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс);
- серіктестіктің атқарушы органы (жеке-дара немесе алқалы) болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында серіктестіктің байқаушы (байқаушы кеңес) жəне (немесе) бақылау (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру көзделуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының құзыреті, сондайақ олардың шешім қабылдау немесе серіктестік атынан əрекет жасау тəртібі Заңмен, басқа да заң актілерімен жəне серіктестік жарғысымен белгіленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғары органы (жалпы жиналыс) қатысушылардың кезекті немесе кезектен тыс жалпы жиналысы ретінде шақырылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысқа қатысуға, күн тəртібіндегі мəселелерді талқылауға қатысуға жəне шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы бар. Серіктестік қатысушыларының аталған құқықтарын шектейтін серіктестік жарғысының жəне кез келген басқа құжаттардың, шешімдердің ережелері жарамсыз болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы жалпы жиналысқа жеке өзі немесе өкілі арқылы қатыса алады. Сенімгердің өзі тиісінше серіктестіктің атқарушы органының мүшесі немесе бақылау органының (тексеру комиссиясының) мүшесі болып табылатын жағдайларды қоспағанда,
атқарушы орган мүшелерінің жəне бақылау органдары мүшелерінің жалпы жиналыста серіктестік қатысушыларының өкілдері ретінде əрекет етуге құқығы жоқ. Серіктестікке қатысушының - жеке тұлғаның өкілі ретінде сенімхат негізінде өзге адамдар əрекет етуге құқылы. Өкілдің жалпы жиналысқа қатысуына жеке тұлғаның берген сенімхаты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 167-бабының 4-тармағында немесе 5-тармағында көзделген нысанда берілуге, не нотариаттық куəландырылуға тиіс. Серіктестікке қатысушының - заңды тұлғаның өкілі ретінде оның басшысы сенімхатсыз не өзге өкіл сенімхат негізінде қатысуға құқылы. Өкілдің жалпы жиналысқа қатысуына заңды тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер
Шаруашылық серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы жалпы ережелер
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
Шаруашылық серіктестіктің статистикасы
Шаруашылық серіктестіктің түсінігі
Пәндер